Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары



Кіріспе
1.тарау Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуының әдіснамалық негіздері
2.тарау Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері
3.тарау әл.Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларының қазіргі педагогикамен сабақтастығы
4.тарау әл.Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларын жоғары білім беру жүйесінде пайдалануды ғылыми.әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген.
Мемлекетімізде ұлттық маңызы бар бірқатар бағдарламалар болса, соның бірегейі «Мәдени мұра» бағдарламасы болып табылады. Ұлт тарихын түгендеу, ұлт руханиятын қайта түлету мақсатында жасалынған бұл бағдарлама ұзақ мерзімге бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың мазмұнын құрайды. Бағдарлама елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл мақсаттың тиімді шешімін табуда әлемдік ғылыми ой-сананың, ұлттық мәдениет пен өнердің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау міндеті қойылып отыр.
«Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: «Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек», – деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын. Біз ең алдымен, өзіміздің тарихымызды нақты айқындап алуымыз қажет, бұл - әрбір ғылымның саласына қатысты мәселе. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі саяси жүйеде қазақ ұлтының өткен тарихы, оның барлық кезеңдері мен іргелі мәселелері бұрмалауға ұшырағаны құпия емес. Кеңес дәуірі кезінде қазақ
1 Жоғары оқу орнының оқу процесінде тренинг технологияларын пайдалану // Академик Е.А.Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Т.І. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. - Б.519-522. (С.О.Темірғалиевамен авторлық бірлестікте).
2 Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық моделі // Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - 2-бөлім. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. - Б.57-60.
3 Ақпараттық телекоммуникациялық оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2005. - №4. - Б.182-189. (Е.Е.Омарбековпен авторлық бірлестікте).
4 Математика пәнінен ашық сабақтар. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №322, 14.10.2005 ж. (Қалимаш Сарбасовамен, А.И.Омарбековамен авторлық бірлестікте).
5 Оқыту теориясынан дәрістер. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №345, 27.10.2005 ж. (Е.Е.Омарбеков, А.И.Омарбековамен авторлық бірлестікте).
6 Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесін іске асыру нәтижелері // Қазақстан экономикасының индустральды-инновациялық даму жағдайындағы білім беру стратегиясы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. - Б.72-75. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
7 Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесі // Жас ғалымдардың қазіргі кездегі ғылыми еңбектері: жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Астана: АМУК, 2006. - Б.174-178.
8 Бастауыш сыныптарда проблемалық жағдаяттарды пайдалану // Жас ғалымдардың қазіргі кездегі ғылыми еңбектері: жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Астана: АМУК, 2006. - Б.178-182. (Ж.Ө.Дагаровамен авторлық бірлестікте).
9 Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. - 133 б.
10 Инновациялық педагогикалық технологиялар. - Алматы: Атлас-2001 баспасы, 2006. – 175 б.
11 Дүниетанудан дидактикалық материалдар. - Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2006. - 87 б. (А.И.Омарбекова, Г.М.Саменовамен авторлық бірлестікте).
12 Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру // Бастауыш мектеп. - 2006. - №4. - Б.11-13. (Е.Е.Омарбековпен авторлық бірлестікте).
13 Ақпараттық технологиялар негізінде өздігінен білім алу тиімділігін арттыру // Ұлт тағылымы. – 2006. - №2. – Б.51-55. (Е.Е.Омарбеков, А.И.Омарбековамен авторлық бірлестікте).
14 Білікті маман даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп. - 2006. - №7. - Б.11-13.
15 әл-Фараби – қазақ педагогика ғылымының негізін салушы // Қазақстан және Ресей: ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен білім беру интеграциясы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Т.1. – Көкшетау, 2006. - Б.201-205.
16 Ж.Баласағұни тәрбие мақсаты туралы // Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Т.2. – Тараз, 2007. - Б.42-46.
17 әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі негізгі ұғымдар // Қазақстан жоғары мектебі. - 2007. - №1. - Б.15-18.
18 Махмұт Қашқаридің педагогика ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі // Ұлт тағылымы. - 2007. - №1. - Б.29-32.
19 Махмұт Қашқари мұрасындағы жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2007. - №1. - Б.147-152. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
20 Педагогика тарихындағы зерттеу мәдениеті мәселесі // Шоқан тағылымы – 12: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Т.1. – Көкшетау, 2007. - Б.355-359. (Г.М.Саменовамен авторлық бірлестікте).
21 Headwaterses of the modern kazakh pedagogical science Headwaterses of the modern kazakh pedagogical science // Materials of the international scientific-practical conference “Kazakhstan and the World Languages”. – Pavlodar: PSU after S. Toraigyrov, 2007. – P.48-53.
22 Педагогика пәнінен білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері // Оралдың ғылым жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41.
23 Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегінің тарихи-педагогикалық мәні // Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана: ҚазМАТУ баспаханасы, 2007. – Б.32-35.
24 Қазақ ойшылдарының педагогикалық мұрасындағы патриоттық тәрбие мәселесі // Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана: ҚазМАТУ баспаханасы, 2007. – Б.35-38. (А.Ж.Бекмағамбетовпен авторлық бірлестікте).
25 Қайкаус «Қабуснамасындағы» адамгершілік идеяларының түрік ойшылдары идеяларымен үндестігі // Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана: ҚазМАТУ баспаханасы, 2007. – Б. 68-71. (М.А.Сарбасовамен авторлық бірлестікте).
26 Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы // Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Орал: «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 2007. – Б. 153-156.
27 Қайкаус «Қабуснамасы» мен ортағасыр ғұламаларының тәлімдік ой-пікірлерін пайдаланудың маңызы // Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Орал: «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 2007. – Б.150-153. (М.А.Сарбасовамен авторлық бірлестікте).
28 Истоки современной казахской педагогической науки // Непрерывное професссиональное образование: Международный сборник научных статей. – Новосибирск: СИФБД, 2007. – С.111-116.
29 әл-Фараби мен Махмұт Қашқаридің педагогикалық идеяларының үндестігі // Қазақстанның ғылыми әлемі. - 2007. - №1. - Б.145-149.
30 The main sourses of formation Pedagogics as a science // Материали за 5-а международна научна практична конференция, «Ставайки съвременна наука -2007». - Т.5. – София: «Бял ГРАД-БГ» ООД, 2007. – С.32-35.
31 М.Қашқари еңбегіндегі тәрбие беру мазмұны // Қазақстан қоғамының модернизациялау жағдайындағы педагогикалық білім: мәселелері мен болашағы: республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2007. - Б.54-59.
32 Методологический подход к развитию педагогической науки // Образование в период детства: традиции, реальность, инновации: материалы международной научно-практической конференции. – Москва-Шадринск: ШГПИ, 2007. – С.462-464.
33 Тарихи дәстүр жалғастығы // Қазақстан мектебі. - 2007. - №11-12. - Б.50-53.
34 әл-Фарабидің адамгершілік тәрбие туралы идеяларын іске асыру // ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы. - 2007. - № 2 (21). - Б.130-135.
35 Орта ғасыр ғұламаларының еңбектеріндегі дидактика мәселелері // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2007. - № 4 (48). - Б.87-93.
36 Significance Al-Farabi's pedagogical theory // Materialy IV mezinarodni vedecko-prakticka conference «Vedecky prumysl evropskeho kontinentu – 2007». – Dil 7. – Pedagogika: Praha. Publishing House “Education and Science’ s.r.o. – S.46-49.
37 Қазіргі педагогиканың мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары // Бастауыш мектеп. - 2008. - №1. - Б.16-18.
38 Педагогика тарихының көкейкесті мәселелері // Қазақстан мектебі. - 2008. - №5. - Б.63-67.
39 Қазіргі педагогика ғылымындағы жалпыадамзаттық құндылықтар // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2008. - №1 (49). - Б.80-83.
40 Қазіргі педагогика ғылымының қайнар көздері. Монография. - Алматы: Білім, 2008. - 243 б.
41 Ж.Баласағұни мен А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының сабақтастығы // Қазіргі заманғы маңызды проблемалар. – 2008. - №4 (17). – Б.246-250.
42 Алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің дамуы // Ғылым және білім - 2008: жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының материалдар жинағы. - 3-бөлім. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2008. – Б.233-235.
43 әл-Фараби мұрасындағы тәрбие мазмұны // Көпсалалы университет: болашақ мамандардың отансүйгіштігі, көпмәдениеттілігі мен бәсекеге қабілеттілігі: VІІІ Халықаралық Байқоңыров оқулары конференция материалдары. - Екінші кітап. – Жезқазған: ЖезУ АҚ, 2008. – Б.158-163.
44 Шығыс ойшылдары патриоттық тәрбие туралы // Шоқан тағылымы – 13: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Т.2. – Көкшетау, 2008. - Б.315-319. (М.А.Сарбасова, А.Ж.Бекмағамбетовпен авторлық бірлестікте).
45 Ж.Баласағұнидің педагогикалық теориясының мәні // 12 жылдық білімге көшу жағдайында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері: аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2008. – Б.95-97.
46 Адамгершілік, имандылық идеяларының рухани бастаулары // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2008. - №2 (50). - Б.127-132. (М.А.Сарбасовамен авторлық бірлестікте).
47 әл-Фараби педагогикасы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. - 126 б. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
48 Ж.Баласағұни педагогикасы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. - 124 б. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
49 М.Қашқари педагогикасы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – 96 б. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
50 «әл-Фараби педагогикасы» элективті курсы бойынша оқу-әдістемелік кешен. – Қарағанды: «Санат-Полиграфия» , 2008. – 66 б.
51 «Ж.Баласағұни педагогикасы» элективті курсы бойынша оқу-әдістемелік кешен. – Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2008. – 72 б.
52 «М.Қашқари педагогикасы» элективті курсы бойынша оқу-әдістемелік кешен. – Қарағанды: «Санат-Полиграфия», 2008. – 60 б.
53 әл-Фарабидің педагогикалық ілімі. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №366, 06.08.2008 ж. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
54 Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімі. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №365, 06.08.2008 ж. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
55 М.Қашқаридің педагогикалық ілімі. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №367, 06.08.2008 ж. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте).
56 Халықтық таным әліппесі. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №289, 02.07.2008 ж. (Д.С.Ешмұратовамен, Т.М.Абишевамен авторлық бірлестікте).
57 Нравственный идеал Махмуда Кашгари // Современный научный вестник. Серия: Педагогика. Психология. – Белгород: Руснаучкнига, 2008. - №20 (46). – С.68-74.
58 М.Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегіндегі тұлға мәселесі // Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – Б.101-104.
59 Использование идей воспитания личности Ю.Баласагуни в современной образовательной практике вуза // Совет ректоров: ежемесячный научно-практический журнал. – М.: ИД «Садовое кольцо», 2008. - №10. – С.67-71.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37.022:37.015 Қолжазба құқығында

САРБАСОВА ҚАРЛЫҒАШ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
тәлім-тәрбиелік идеялары

13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты

Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2008
Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған

Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Б.Әбдікәрімұлы

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ж.Ж.Наурызбай

педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор А.Н.Ильясова

педагогика ғылымдарының докторы
Р.Қ.Дүйсембінова

Жетекші ұйым: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы

Диссертация 2009 жылы______________сағат 10.00-да Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық
кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет
көшесі, 28-үй, бас корпус, 1- кеңейтілген дәрісхана).

Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады (Қарағанды қаласы,
Университет көшесі, 28-үй).

Автореферат 2008 жылы ____ _______________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Н.Ә.Мыңжанов

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел
болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы
жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен
білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі
таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық
ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі
туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына
келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу –
ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл
мәселелер Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында, Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында, Мәдени мұра бағдарламасында басты назарға
алынған.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің
басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және
әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың
басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап
көрсетілген.
Мемлекетімізде ұлттық маңызы бар бірқатар бағдарламалар болса, соның
бірегейі Мәдени мұра бағдарламасы болып табылады. Ұлт тарихын түгендеу,
ұлт руханиятын қайта түлету мақсатында жасалынған бұл бағдарлама ұзақ
мерзімге бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың мазмұнын құрайды.
Бағдарлама елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының
сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл
мақсаттың тиімді шешімін табуда әлемдік ғылыми ой-сананың, ұлттық мәдениет
пен өнердің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің
мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау міндеті қойылып отыр.
Мәдени мұра бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев
көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия
Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып:
Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық
деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек, – деді. Сондықтан халқымыздың
өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға
ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын. Біз ең алдымен, өзіміздің
тарихымызды нақты айқындап алуымыз қажет, бұл - әрбір ғылымның саласына
қатысты мәселе. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі саяси жүйеде қазақ
ұлтының өткен тарихы, оның барлық кезеңдері мен іргелі мәселелері
бұрмалауға ұшырағаны құпия емес. Кеңес дәуірі кезінде қазақ педагогикасы
жабық тақырып болғаны анық. Ол кезде Қазақстандағы педагогикалық ойлардың
қалыптасуы мен дамуы бойынша барлық ғылыми-зерттеу мен білім беру саласында
әл-Фараби, Шоқан, Ыбырай, Абай туралы ғана сөз болды. Ғылымдағы түрлі
тұжырымдамаларды қалыптастыруға тікелей ықпалы болған бұл идеологиялық
ұстанымның салдары қазақ ұлтының тарихи танымынан анық байқалды: ұлт өзін
өркениеттік құндылықтар жаратқан субъект ретінде сезінуден қалды, оның
көңіліне өзінің этностық болмысына қатысты күдікті ойлар ұя сала бастады.
Ал мемлекетіміздің тәуелсіздік алуының арқасында қазақ қоғамында мүлдем
жаңа жағдай қалыптасты. Оны біз жаңа рухани ахуал немесе жаңа рухани
күй деп атаған болар едік. Тұжырымдап айтқанда, заман талабына сай кезекті
сапалы өзгерістерге мұқтаж ұлт өз өткенін қайта қорытуға ден қойды.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын академик философ Әбдімәлік Нысанбаев
атап өткеніндей, түркілік кезеңнен бөліп қарастыруға болмайды. Сондықтан
ата тегіміз болып келетін түркі халықтарының ділі мен дінін, дүниетанымы
мен әлемді философиялық тұрғыдан игеру тәжірибесін қазіргі дамуымызда,
өркениеттік жолында және ел тәуелсіздігін нығайту тұрғысында толық
ескеруіміз керек. Рухани өмірдің бедерсізденуін еңсеру мен қазақ халқының
өзіндік санасын жаңғырту міндеттері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар,
әсіресе педагогика ғылымы саласында Шығыс, оның ішінде түркі өркениетінің
ерекшеліктері мен тарихи тамырларын дүниежүзілік мәдениетпен салыстыра
отырып, кешенді түрде зерттеулер жүргізу қажеттігін туындатып отыр.
Шығыстың бай педагогикалық және тәлім-тәрбиелік ой-санасы, оның ішінде
қазақ халқының педагогикалық дүниетанымы халық шығармашылығы мен ұлы
ойшылдардың тәлім-тәрбиелік идеяларынан құралады. Адам мен дүниенің
арақатынасын, адамның өзін-өзі тануын, сөйтіп өзін басқаға танытуын,
тұлғаның өмірдегі орны мен ролін әлеуметтік және этикалық тұрғыдан жан-
жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ педагогикасының ерекше сипаты болып
табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ педагогикасы – шығыстық
педагогикадағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын
қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен
байытқан педагогика болып табылады. Қазақ педагогика ғылымының
шоқжұлдыздары әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқариден басталып, олардың бай
мұрасы педагогика ғылымындағы ұлттық тарихымыздың бастау көздері болып
табылатындығын өркениетті ел болуға аяқ басқан қазіргі кезде батыл айтатын
уақыт жетті. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы тәлім-тәрбиеге қатысты
жинақтаған інжу-маржандарын әлем жұртшылығына танытып, әлемдік
педагогиканың қатарынан орын алуына күш салуымыз елдігіміздің басты белгісі
екендігін назарда ұстанған жөн деп білеміз.
Күні бүгінге дейін педагогиканың философиядан бөлініп шығуы мен оның
ғылыми жүйеге енуі чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский есімімен байланысты
болып келгендігі белгілі. Дегенмен де, тарих қойнауына үңіліп қарасақ,
мыңжылдық тарихы бар әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
еңбектерінде қазіргі педагогика ғылымының негізгі мәселелері қарастырылып,
оның ғылыми-әдіснамалық негіздері тұжырымдалғанын анық көруге болады.
Сондықтан ұлы ойшылдарымыздың еңбектерінің педагогикалық мәнін ашып көрсете
отырып, олардың қазіргі қазақ педагогика ғылымының өзінің зерттеу пәні бар
ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде қалыптасуының алғашқы көзі болғанын
әдіснамалық тұрғыдан айқындау және оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қолдану
бойынша нақты ғылыми тұжырымдалған ұсыныстарды жасау қажет.
Қазіргі кезде ұлы түрік ойшылдары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,
М.Қашқаридің бай мұрасы философтардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың,
әдебиетшілер мен педагогтардың басты назарында екендігі белгілі. Түркі
халықтарының педагогикалық ой-пікірлері мен қазақ педагогикасының
қалыптасуын зерттеу барысында әдіснамалық тұрғыдан А.С.Аманжоловтың,
Ғ.Айдаровтың, В.Бартольдтың, Э.Бертельстің, А.Валитованың, Л.Н.Гумилевтің,
М.Жолдасбековтың, О.Караевтың, С.Г.Кляшторныйдың, А.Кононовтың,
С.Е.Маловтың, Н.М.Мелиоранскийдің, В.Радловтың, т.б. еңбектерінің әсері
мол болды.
Ұлы әл-Фарабидің Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екендігін алғаш
дәлелдеп, кіндік Азияда фарабитанудың атасы атанған Ақжан әл-Машанидің
қазақ ғылымының дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өткен жөн. Қазіргі
таңда Ш.Абдраманның құрастырумен ғалымның фарабитану саласындағы мол мұрасы
жинақталып, халықтың рухани игілігіне айналып отыр.
Зерттеліп отырған мәселенің ғылыми-философиялық негіздері Ж.Алтаевтың,
Ж.Әбділдиннің, М.С.Бурабаевтың, Ғ.Есімнің, Ә.Нысанбаевтың,
А.Х.Қасымжановтың, А.А.Қасымжанованың, М.Орынбековтің, М.М.Хайруллаевтың,
т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Әдебиеттану және тіл білімі саласында да түрік ойшылдарының әдеби мұрасы
зерттеліп, олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесі
айқындалды. Көрнекті ғалымдар Ә.Дербісалиевтің, А.Егеубаевтың,
Н.Келімбетовтің, Ә.Қоңыратбаевтың, М.Мырзахметовтың, Х.Ш.Сүйіншәлиевтің,
т.б. қомақты еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Проблеманың көкейкестілігін педагогика ғылымында түркі тектес
халықтардың педагогикалық идеяларының қалыптасуы мен дамуын тарихи тұрғыдан
зерттеуге арналған Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының еңбектері нақтылай
түседі. Орта ғасырдағы шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері өзбек
ғалымдары Х.Х.Тллашевтің, У.Алеуовтің, түрікменстандық ғалым Г.О.Чарыевтың,
қырғыз ғалымы А.Э.Измайловтың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, А.К.Көбесовтің,
Ә.Н.Көшербаеваның, К.Ж.Ибраеваның, Т.Ә.Ахметовтың, У.Жамированың,
К.М.Калиеваның, А.Қ.Жұмабековтың және т.б. осы тақырып бойынша орындалған
еңбектерінің құндылығы өте жоғары. Бұл еңбектерде әл-Фарабидің,
Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық идеяларына теориялық негіздеме
мен жүйелі талдау жасалынған. Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев Қазақтың тәлімдік
ой-пікір антологиясын құрастыра отырып, ортағасырдағы түркі халықтарының
тәлімдік ой-пікірлерінің (Йоллығтегін, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері,
Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари және т.б.)
нұсқаларын ұсынады, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беру хақындағы
педагогикалық көзқарастарына сипаттама береді. А.Көбесов әл-Фарабидің
педагогикалық мұрасын зерттей отырып, әл-Фараби педагогикасының
философиялық және әлеуметтік-этикалық алғышарттары, жалпыпедагогикалық,
дидактикалық идеялары, әл-Фарабидің математикалық еңбектерінде
жалпыпедагогикалық идеяларды қолдануы және іске асыруы мәселелерін
қарастырады. Ж.Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары Ә.Н.Көшербаеваның,
Т.Ә.Ахметовтың, У.Жамированың еңбектерінің зерттеу арқауы болса,
М.Қашқаридің мұрасындағы педагогикалық идеялар К.М.Калиеваның зерттеуінде
жүйеленді. Аталмыш зерттеулермен қатар республикамызда педагогикалық ой-
пікірлердің қалыптасуы мен дамуы және ағарту ісінің тарихына байланысты
ауқымды зерттеулер жүргізілді. Қазақстанда педагогика және білім беру
тарихы бойынша орындалған Т.М.Әлсатовтың, К.Б.Бержановтың,
Қ.Б.Жарықбаевтың, А.Н.Ильясованың, И.Б.Мадиннің, К.Қ.Құнантаеваның,
А.И.Сембаевтің, Қ.Б.Сейталиевтың, Т.Тәжібаевтің, Г.А.Умановтың,
I.Р.Халитованың, Г.М.Храпченковтің, В.Г.Храпченковтің еңбектері мен
диссертациялық жұмыстары біздің қарастырып отырған тақырыбымызды зерделеуге
және педагогика тарихының даму бағыттарын айқындауға үлкен септігін
тигізді. Көрнекті ғалым Б.Әбдікәрімұлының ғылыми жетекшілігімен қазақ
педагогикасының тарихы бойынша орындалған Алашорда қайраткерлерінің, саяси
қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының, А.И.Сембаевтың
педагогикалық мұрасын зерделеуге арналған кандидаттық диссертациялардың да
қазіргі қазақ педагогика ғылымының мазмұнын жетілдіруде алатын орны ерекше.
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері қазақ халық
педагогикасы мен этнопедагогикасын зерттеу бойынша едәуір жұмыстар
атқарылды. Соның нәтижесінде докторлық және кандидаттық диссертациялардың,
монографиялар мен ғылыми-әдістемелік басылымдардың үлкен ерекше бір шоғыры
дүниеге келді. Олардың ішінде С.Қ.Қалиевтің, С.А.Ұзақбаеваның,
Ж.Ж.Наурызбайдың, К.Ж.Қожахметованың, Ә.Табылдиевтің, М.Х.Балтабаевтың,
Р.Қ.Дүйсембінованың, Қ.Бөлеевтің, С.Ғаббасовтың, Қ.Қ.Шалғынбаеваның,
Ш.И.Джанзакованың және т.б. еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болып
отыр.
Дегенмен де, жоғарыда көрсетілген зерттеулер мен ғылыми еңбектерді жан-
жақты оқып-үйрену және терең талдау оларда әлемдік педагогиканың құрамдас
бөлігі ретінде қазақ педагогикасының мазмұны анықталмағанын көрсетті.
Сондықтан қазақ ғарышында, оның ұлы даласында қалыптасқан тәлімдік-
тәрбиелік ойларды әлемдік педагогика тарихының мазмұнына енгізу үшін ғұлама
бабаларымыз әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерін қазіргі
қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретінде айқындау қажет.
Біз өз зерттеуімізде әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
педагогикалық ілімдерін талдаумен қатар, оларды білім беру іс-тәжірибесінде
пайдалану мәселелерінің тұжырымдамалық негізін қарастырдық. Бұл ғұламалар
еңбектеріндегі біз жаңадан ашып отырған және бұрыннан белгілі болған
тәрбиелік маңызы зор идеяларды қазіргі күн талаптарына сәйкес пайдаланудың
жолдарын айқындауға бағытталғандығын көрсетеді.
Зерттеу проблемасының теориялық және практикалық жағдайын талдау
бірқатар қайшылықтарды айқындауға мүмкіндік берді:
- қазақ педагогикасы тарихының зерттелуіне тоталитарлық жүйенің кері
әсері мен қазіргі таңдағы тәуелсіз елдің рухани ахуалына сәйкес
педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуын өркениеттік бағытта
қарастыруға жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттігі арасындағы қайшылықтар;
- әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік
идеяларының теориялық тұрғыдан негізделуі мен олардың қазіргі қазақ
педагогика ғылымының рухани бастаулары ретінде анықталмауы арасындағы
қайшылықтар;
- әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік
идеяларының тұлға тәрбиесіндегі маңыздылығы мен оларды іс жүзінде
пайдалануға жағдай жасайтын оқу құралдарының, электронды оқулықтардың және
ғылыми-әдістемелік ұсыныстардың жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар.
Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында қазақ педагогика ғылымының
қалыптасу тарихына жаңа көзқарас қалыптастырып, оның қайнар көздерін
анықтау және алынған нәтижелерді қазіргі заманғы білім беру жүйесіне
сәйкестендіріп пайдалануға ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау зерттеу
проблемасын айқындап, тақырыпты Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-
Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары деп
алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-
тәрбиелік идеяларын қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері
ретінде тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеу және оны жоғары білім беру
жүйесінде пайдаланудың мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен
дамуы.
Зерттеудің пәні: қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің,
Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларының жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-
Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларының
тұжырымдамалық негізі анықталса, онда педагогика ғылымының теориясы мен
тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік туады, өйткенi аталған ғұламалардың
еңбектері қазақ педагогика ғылымының дамуына жаңа бағыт беріп, жас ұрпақты
тәрбиелеу мен оқытудың тиімділігін арттыратын құнды идеяларды ұсынады.
Зерттеудің міндеттері:
1) әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қазіргі қазақ
педагогика ғылымының қалыптасуын көрсету және оның алғашқы рухани бастау
көздерін нақтылау;
2) түркі тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуының
әлеуметтік-мәдени алғышарттарын анықтау;
3) түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің даму
тарихын зерделеу және олардың мазмұндық сипаттамасын беру;
4) әл-Фараби педагогикасының қазіргі қазақ педагогика ғылымының негізі
ретіндегі мәнін айқындау;
5) қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы Ж.Баласағұнидің Құтты білік
дастанының ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
6) қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы М.Қашқаридің Түрік сөздігі
еңбегінің тұжырымдамалық мәнін анықтау;
7) әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық
теорияларының өзара ықпалдастығын және кейінгі дәуірлердегі педагогикалық
ойлармен тарихи сабақтастығын ашып көрсету;
8) қазіргі педагогика ғылымы мазмұнында әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,
М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларының алатын орнын анықтап, оны
жетілдірудің бағыттарын айқындау;
9) әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ілімдерін
жоғары білім беру жүйесінде пайдалануды ғылыми-әдістемелік және ақпараттық
тұрғыдан қамтамасыз ету жолдарын ұсыну.
Жетекші идея: әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-
тәрбиелік идеяларын қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі ретінде
тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеу қазақ педагогикасының әлемдік
педагогикадағы алатын орнын анықтап, оның дамуына жаңа бағыт пен тың серпін
берудің жолдарын көрсетуге ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара
бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік және мәдени ілімдер;
- тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуге аксиологиялық және
жүйелілік қатынас теориясы;
- қазіргі кездегі білім беру философиясы туралы ілім;
- тұлға дамуының жалпы диалектикалық принциптері;
- тарихи, ғылыми шынайылылық және тарихи шындықты анықтау қағидалары;
- тұлғаға бағдарланған білім беру және білім беруді ізгілендіру
теориясы;
- тарихи құбылыстар мен процестерді, фактілер мен оқиғаларды талдау мен
педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуын зерделеуге қатысты
ғалымдардың тұжырымдамалық зерттеулері.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Мәдени мұра
Мемлекеттік бағдарламасы, бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, әл-
Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектері, зерттеу проблемасына
қатысты философтардың, әдебиеттанушылардың, тіл білімі саласы мамандарының,
тарихшылардың, түркітанушылардың, психологтардың, педагогтардың,
әдiскерлердiң ғылыми-зерттеу еңбектерi.
Зерттеудің әдістері:
- философиялық: танымның диалектикалық әдісі; талдау және жинақтау;
- жалпығылыми: тарихи, жүйелілік-құрылымдық, логикалық талдау;
- тарихи талдау әдістері: тарихи-философиялық, тарихи-генетикалық,
тарихи-жүйелілік, мәдениеттану, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті;
- салыстырмалы-педагогикалық зерттеу әдістері: жүйелілік-құрылымдық,
жүйелілік-талдау, ғылыми зерттеулерді және мұрағат материалдарын оқып-
үйрену және теориялық талдау, жұмыс нәтижелерін болжау.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1) қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуының әдіснамалық және
функционалдық мәні негізделіп, оның әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі
ретіндегі орны ашып көрсетілді;
2) түркі тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына
ықпал еткен әлеуметтік-мәдени шарттар айқындалды;
3) қазіргі қазақ педагогика ғылымының рухани бастаулары ретінде түркі
тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің мазмұны анықталды;
4) ұлы түрік ойшылдары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
педагогикалық ілімдеріне қазіргі педагогика тұрғысынан салыстырмалы талдау
жасалынып, соның негізінде олардың қазіргі қазақ педагогика ғылымының
қайнар көздері ретіндегі мәні алғаш рет тұжырымдалды;
5) әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық
теорияларының өзара ықпалдастығы мен тарихи сабақтастығы ашып көрсетілді;
6) қазіргі педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,
М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеяларының алатын орнын айқындаудың негізінде
оның мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары анықталды;
7) әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ілімдерін
жоғары кәсіби білім беру жүйесінде пайдалану бойынша ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар жасалды.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы:
- жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындары мен жалпы бiлiм
беретiн мектептердiң оқу-тәрбие процесінде, мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн
арттыру iсiнде пайдалануға арналған оқу құралдары, электронды оқулықтар
және элективті курстардың оқу-әдістемелік кешендері дайындалды:
1. әл-Фараби педагогикасы оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы,
2008. – 126 б. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте);
2. Ж.Баласағұни педагогикасы оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы,
2008. – 124 б. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте);
3. М.Қашқари педагогикасы оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы,
2008. – 96 б. (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық бірлестікте);
4. әл-Фарабидің педагогикалық ілімі электронды оқулық (зияткерлік
меншік куәлігі №366, 06.08.2008ж.) (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық
бірлестікте);
5. Ж.Баласағұнидің педагогикалық ілімі электронды оқулық (зияткерлік
меншік куәлігі №365, 06.08.2008ж.) (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық
бірлестікте);
6. М.Қашқаридің педагогикалық ілімі электронды оқулық (зияткерлік
меншік куәлігі №367, 06.08.2008ж.) (Б.Әбдікәрімұлымен авторлық
бірлестікте);
7. әл-Фараби педагогикасы элективті курсы бойынша оқу-әдістемелік
кешен. – Қарағанды: Санат-Полиграфия, 2008. – 66 б.
8. Ж.Баласағұни педагогикасы элективті курсы бойынша оқу-әдістемелік
кешен. – Қарағанды: Санат-Полиграфия, 2008. – 72 б.
9. М.Қашқари педагогикасы элективті курсы бойынша оқу-әдістемелік
кешен. – Қарағанды: Санат-Полиграфия, 2008. – 60 б.
- зерттеу нәтижелерін Педагогика тарихы, Педагогика,
Этнопедагогика, Этнопсихология, Салыстырмалы педагогика курстары
бойынша типтік бағдарламалардың мазмұнын жетілдіру мақсатында дәріс
материалдары ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: автордың
педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара
байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылуымен, зерттеу мазмұнының
зерттеу мақсатына сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің
қорытылуымен, орта ғасырда педагогикалық ойлардың қалыптасуы мен дамуын
сипаттайтын тарихи-педагогикалық, мұрағаттық деректердің ғылыми-теориялық
тұрғыдан талдануымен және оларды қазіргі педагогика ғылымының мазмұнын
жетілдіру мақсатында пайдалану туралы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
жасауымен қамтамасыз етіледі.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуының
әдіснамалық негіздемесі.
2. Түркі тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуының
әлеуметтік-мәдени алғышарттары.
3. Түркі тектес халықтардың алғашқы педагогикалық ой-пікірлерінің
мазмұны.
4. әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік
идеяларының қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретіндегі
тұжырымдамасы.
5. әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік
идеяларының өзара мазмұндық үндестігі мен кейінгі жылдардағы педагогикалық
ой-сананың дамуымен жалғастығы.
6. Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,
М.Қашқаридің педагогикалық ілімдерінің алатын орнын анықтау арқылы оның
мазмұнын жетілдіру бағыттары.
7. әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ілімдерін
жоғары білім беру жүйесінде пайдалану процесін ғылыми-әдістемелік және
ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету шарттары (инновациялық оқыту
технологиялары, элективті курстар, оқу құралдары, электронды оқулықтар).
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1-кезеңде (2005-2006 ж.ж.) зерттеудiң теориялық-әдіснамалық негiздерi
анықталды, зерттеу тақырыбына сәйкес философиялық, психологиялық-
педагогикалық, ғылыми-әдiстемелiк еңбектер мен зерттеулер оқып-үйренiлiп,
теориялық тұрғыдан талданды, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды, әл-
Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектері оқып-үйренілді, орта
ғасыр тарихы бойынша материалдар жинақталды, түркі халықтарының
педагогикалық ой-пікірлері бойынша ғылыми зерттеулер, еңбектер мен
мақалалар талданды.
2-кезеңде (2006-2008 ж.ж.) әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
еңбектері ғылыми-педагогикалық тұрғыдан талданды, оның қазіргі қазақ
педагогика ғылымының қайнар көзі екендігі ғылыми-тұжырымдамалық тұрғыдан
негізделді, әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық
ілімдерін жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-әдістемелік және ақпараттық
тұрғыдан пайдалану үшін элективті курстардың оқу-әдістемелік кешендері, оқу
құралдары мен электронды оқулықтар дайындалды.
3-кезеңде (2008 ж.) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
қорытындыланып, жүйеге келтiрiлдi, зерттеу нәтижелері бойынша тұжырымдар
мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды, диссертацияның мәтіні өңделді.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің
негізгі қағидалары мен нәтижелері зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген
монография мен оқу құралдарында баяндалды, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым Министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
педагогика мамандығы бойынша бекіткен басылымдары мен шетел басылымдарында
жарияланды, Қазақстан (Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар,
Тараз, Орал, Жезқазған) мен алыс (Болгария, Чехия), жақын (Ресей)
шетелдерде өткен халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-
тәжірибелік конференцияларда баяндалды:
- Қазақстан және Ресей: ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен
білім беру интеграциясы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. –
Көкшетау, 2006 ж.;
- Жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлаудың өзекті
мәселелері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Тараз, 2007 ж.;
- Kazakhstan and the World Languages the international scientific-
practical conference. – Pavlodar, 2007;
- Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті
мәселелер: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Астана, 2007 ж.;
- Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция. – Орал, 2007 ж.;
- Көпсалалы университет: болашақ мамандардың отансүйгіштігі,
көпмәдениеттілігі мен бәсекеге қабілеттілігі: VІІІ Халықаралық Байқоңыров
оқулары конференция. – Жезқазған, 2008 ж.;
- Ставайки съвременна наука 5-а международна научна практична
конференция. – София, 2007;
- IV vedecko-prakticka conference “Vedecky prumysl evropskeho kontinentu
- 2007”. – Praha, 2007;
- Образование в период детства: традиции, реальность, инновации:
международная научно-практическая конференция. – Москва-Шадринск, 2007.
Зерттеу жұмысының мазмұны баспа беттерінде жарияланған 59 ғылыми еңбекте
көрініс тапты.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, төрт тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты,
нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдiснамалық және
теориялық негiздерi, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми
жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, практикалық маңыздылығы және қорғауға
ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі,
талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.
Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуының әдіснамалық негіздері
атты бірінші тарауда қазақ педагогика ғылымы әлемдік педагогика ғылымының
құрамдас бөлігі ретінде теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделеді, түркі
тектес халықтардың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуының әлеуметтік-
мәдени алғышарттары көрсетіліп, даму генезисі жасалады.
Қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері атты екінші тарауда
ұлы түрік ойшылдары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің
педагогикалық іліміне қазіргі педагогика тұрғысынан салыстырмалы талдау
жасалынып, олардың қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көзі екендігі
тұжырымдамалық тұрғыдан дәлелденеді.
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларының
қазіргі педагогикамен сабақтастығы атты үшінші тарауда әл-Фарабидің,
Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларының өзара
ықпалдастығы ашып көрсетіліп, кейінгі жылдардағы педагогтардың ой-
пікірлерімен тарихи сабақтастығы баяндалады, қазіргі педагогика ғылымындағы
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларының
алатын орны анықталып, оның мазмұнын ғұламалардың педагогикалық ілімдері
негізінде жетілдіру мәселелері қарастырылады.
әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларын
жоғары білім беру жүйесінде пайдалануды ғылыми-әдістемелік және ақпараттық
тұрғыдан қамтамасыз ету атты төртінші тарауда әл-Фарабидің,
Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теорияларын оқытуда
инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері ашып көрсетіледі және
әл-Фараби педагогикасы, Ж.Баласағұни педагогикасы, М.Қашқари
педагогикасы элективті курстарының оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұны
беріледі.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.
Қосымшаларда әл-Фараби педагогикасы, Ж.Баласағұни педагогикасы,
М.Қашқари педагогикасы элективті курстары бойынша студенттердің білімін
тексеруге арналған тест тапсырмалары мен қосымша материалдар беріледі.

Негізгі бөлім

Тәуелсіз Қазақстандағы жаһандану үдерісі әлеуметтік және гуманитарлық
ғылымдар алдына түбегейлі реформалау міндетін қойып отыр. Әлемдік
өркениетке ену жағдайында түбірлі әлеуметтік-экономикалық және саяси
өзгерістердің негізінде ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғыртудың
мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қажеттілігі туындап, педагогика ғылымын
әрбір халықтың ұлттық ерекшелігіне сай жетілдіру мәселесін қарастыру
көзделуде.
Кеңес дәуірінде педагогика ғылымы шектен шыққан идеологиялану
нәтижесінде үлкен дағдарысқа ұшырағанын жоққа шығаруға болмайды.
Педагогиканың идеологиямен етене теңестіріліп, түгелінен мемлекеттік бола
түсуі әлеуметтік шындықтың нақты қайшылықтарын сыни және объективті түрде
талдау мүмкіндігін шектеді. Педагогика ғылымының тұжырымдамаларын қоғамдық
өмірдің ағымын өзгертуге болатын әлеуметтік технология ретінде қолдану
бұрынғы кеңес заманындағы педагогикалық білімнің тиісті деңгейде дами
алмауына себепші болды.
Педагогика ғылымы саласындағы дағдарыстың себебі болатын тағы бір
құбылыс рухани мәдениеттің бедерсізденуі болып табылады. Бұл үрдістер қазақ
халқының ұлттық дүниетанымының өзіндік қайнар көздері мен түп-тамырларын
елемеуге әкеліп соқтырды. Педагогикалық ілімдер тәрбиенің абстрактылы,
қайшылықсыз үлгілері ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайлар ресми
мәдениеттің идеологияланған кеңістігінде ғана қалыптасуы мүмкін еді. Ал
нақты өмірде, әсіресе қазақ халқының бай рухани әлемімен және ұлттық
психологиясымен түйіскенде бұл теориялар әр түрлі қайшылыққа толы
қорытындылар жасайтыны айғақталды. Сырт көзге дұрыс болып көрінетін
абстрактылы қағидаттар халықтың тіршілік әлемінен, тәрбие ортасынан оқшау
тұрғандықтан, өзінің дүниетанымдық маңыздылығы мен әлеуметтік құндылығын
жоғалта бастады.
Педагогикалық теорияның мемлекеттік идеологияның ықпалында болуы, ұлттық
рухани мәдениеттің ерекшеліктерін елемеушілігі отандық педагогикалық
ілімнің әлемдік педагогикалық бірлестіктен оқшаулануына алып келді. Әлемдік
педагогикалық мектептердің негізгі бағыттарымен идеялық текетірестік
жағдайында болу өзара тиімді дүниетанымдық және әдіснамалық үнқатысуды
жүргізу мүмкіндігін шектей түскен болатын. Біздің педагогиканың томаға-
тұйықтығы тәрбие мен білім беру мәселелерінің практикалық шешімін іздеуде
догматизм мен әдіснамалық әлсіздікке әкеліп соқтырды. Екінші жағынан,
педагогика ғылымындағы осындай қайшылықтардың тамырлары әлеуметтік жаттану
үдерістерімен астасады. Бұл адамның меншіктен жаттануы, өзінің ұлттық
тарихы мен халықтық педагогикасынан жаттануы, тіпті адамның өз мәнін,
тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін жатсынуы болып табылады. Соның
салдарынан адамдар әлеуметтік үдерістердің қарапайым құралы мен объектісіне
айналды. Сондықтан қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында халқымыздың рухани
ахуалына сәйкес педагогика ғылымы өз мазмұнын әлеуметтік жаттануды еңсеру
жолдары мен ерекшеліктерін анықтауға бағыттауы тиіс. Мұның өзі біздің
ұлттық болмысымызға сай қазақ педагогикасының әдіснамасын жасауды қажет
етеді. Қазақ педагогика ғылымы әлемдік педагогика тұрғысынан қазақтың
ұлттық рухы, менталитеті мен тәрбие ерекшеліктерінің қалыптасуы мен даму
тарихын тұжырымдай отырып, өз бойында әлемдік мәдениеттің жетістіктерін
жинақтап, жалпыадамзаттық тәрбие тәжірибесін танытатын ғылым болуы тиіс.
Педагогика ғылымының әдіснамасы философия заңдылықтарына сүйенетіні
белгілі. Философиялық ғылымдар педагогикаға тәрбиенің мағынасы мен
мақсатын анықтауға, адамзат болмысы мен ойлауының жалпы заңдылықтарының
әрекетін дұрыс түсінуге көмектеседі, ғылым мен қоғамда болып жатқан
өзгерістер туралы шұғыл ақпарат бере отырып, тәрбиенің бағытын нақтылауға
жәрдемдеседі. Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын,
түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі
көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге,
айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Педагогика материалистік
диалектиканың қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің
сапа өзгерістеріне ауысуы және терістеуді терістеу сияқты негізгі заңдарын
тәрбие, білім беру және оқыту процестерінде шығармашылықпен пайдалануды
көздейді.
Қазақстанда қазақ философиясының әдіснамасы мәселесі еліміз тәуелсіздік
алғаннан бері ең көкейкесті мәселе ретінде көтеріліп, бүгінгі таңда
Ж.Алтаев, Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім сияқты көрнекті тұлғалар бұл мәселенің
түйінін шешу үшін қыруар еңбек еткенін айтқан абзал. Қазақ философиясы
туралы осы ғасырдың басында академик Ә.Нысанбаев былай деген еді: Қазақ
философиясы? Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана бұл термин ойдан алынған болып
көрінуші еді. Барлығымыз классикалық неміс философиясының идеялары мен
маркстік принциптерді дамытқан диалектиканың қазақстандық мектебін білдік
және құрмет тұттық. Норма мен үлгі ретінде ғылым тәріздес, жүйелі
философиялық хаттың батыстық түрі мойындалды, оның басында үздік шебер
Гегель тұрды. Қазақстан даласындағы Гегель мен Маркс – міне, кеңес
дәуіріндегі философия тарихындағы философиялық парадокстар осындай болды.
Әрине, дәуір тағдырын көп жағдайда анықтаған неміс ойшылдарын дала халқы
түсіне де, қабылдай да алушы еді, бірақ олардың өз дауыстары, өз үндері
болды. Міне, бүгін бұл дауыс, бұл үн естілетін уақыт жетті. Қазақстанда
бүгін ең көкейкесті философиялық тақырып көшпелі өркениеттің дүниетанымдық
сан-салалығы мен философиялық ой түйіндеуінің шығыстық ерекшеліктерін және
ғылымның шығыстық әдіснамасын тұтас тұжырымдамалық тұрғыдан саналы түрде ой
елегінен өткізу болып табылады.
Қазақ философиясының қалыптасуын докторлық диссертация көлемінде
зерттеген белгілі философ ғалым Ж.Алтаевтың Бұрын Қазақ әдебиеті, Қазақ
тарихы деген ұғымдарды білсек, енді Қазақ философиясы деген ұғымның
біздің санамызға кіре бастауының теориялық, практикалық маңызы зор деп
айтқанындай, педагогика ғылымында да бетбұрыс жасап, егемендік алғанымыздың
он жетінші жылында Қазақ педагогикасы ұғымын батыл енгізетін уақыт жетті.
Әрбір халық өз тарихын, философиясын білмейінше және оған белгілі бір
көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес - деген
болатын Л.Н.Гумилев. Қазақ педагогикасы ғылымының қалыптасуы мен дамуын
зерттеу болашақтағы ұлан-ғайыр ізденістердің бастамасы болуға тиіс.
Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен
парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай
халықтық педагогика мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз қазақ
педагогика ғылымын дамыту барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек,
қателесетініміз анық. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық
ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, қазақ
педагогикасын шығыс педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру
деңгейіне қол жеткізуіміз керек.
Қазақтың болмысы түрлі мәдениеттің тоғысында қалыптасқан, ал қазақ
педагогикасы рухани мәдениет дамуының қалыптасқан белгілі бір бағдары,
деңгейі болып табылады. Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын зерттеу
барысында мынадай екі талапты басшылыққа алу керек:
- тарихи-педагогикалық танымның әдіснамасы;
- тарихи-педагогикалық ілімнің құрылымы.
Осы уақытқа дейін қазақ педагогикасының әдіснамасының жасалмауы мен оның
теориялық деңгейде толық зерделенбеуі қазақ этнопедагогикасы мен қазақ
педагогикасын бір мағынада қабылдауға алып келгені ақиқат. Оған қазақ
педагогикасы нысанының, мазмұндық құрылымы мен пәндік ерекшелігінің
анықталмауы себеп болып отыр. Қазақ этнопедагогикасы өзіндік ұлттық сипаты
бар педагогиканың бір саласы болып табылса, қазақ педагогикасы адам
тәрбиелеудің жалпыадамзаттық құндылықтарын қамтитын әлемдік педагогиканың
құрамдас бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда қазақ педагогикасын бірден
ұлттық тарихтың немесе ұлттық сананың, тәжірибенің үлгісі ретінде
қараушылық айқын. Мұның өзі оның өз алдына дербес ғылым ретінде
қалыптасуына, әрі дамуына кедергі жасап отыр. Сондықтан қазақ педагогика
ғылымының әдіснамасын жасауда мынадай мәселелер өз шешімін табу керек деп
есептейміз:
1. Қазақ педагогика ғылымы қалыптасуының тарихи кезеңдерін, әлеуметтік
тегін талдау, оның басқа ғылымдармен өзара ықпалдастығы мен байланысын ашып
көрсету.
2. Қазақ педагогикасының негізгі идеялары мен рухани бастауларын
көркемдік – философиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан талдау.
3. Қазақ педагогикасының қайнар көздері көшпелілер мәдениеті мен түркі
өркениетінен нәр алатынын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
4. Қазақ педагогикасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің ұлттық
деңгейі мен көрінісін қамти отырып, жалпыадамзаттың рухани мұқтажын өтеуге
қызмет ететіндігін дәлелдеу.
5. Қазақ педагогикасы ғылымының әдіснамасы мен оның мазмұндық құрылымын
жасау.
6. Қазақ педагогикасының келешегін айқындау, яғни болашаққа қызмет етуін
қамтамасыз ету.
Қазақ педагогикасы тарих пен мәдениеттің өткен кезеңдерінің
мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі
бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да қамтып
тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Жасыратыны жоқ, қазақ
педагогикасы дегенде өткен тарихқа көңіл аудару, оның тарихи алғышарттарына
назар аудару басым. Қазақ педагогикасының әзірге болашаққа қызмет ететін
әдіснамасы жасалмағаны анық. Сондықтан да қазіргі кезде қазақ педагогика
ғылымын мойындамаушылар, оның табиғатына күмәндана қараушылар аз емес екені
шындық. Ұлттық ұстаным – халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін,
педагогикалық ілімін пайдалануға, оның өсіп-өркендеп дамуына еліміздің
тәуелсіздігі мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі қазақ педагогика
ғылымын өз деңгейіне көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау
және ұлттық тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды.
Қазақ педагогикасы ғылыми білімдер жүйесінде арнайы ғылым болып табылады
деуге толық негіз бар. Ғылым болу үшін оның зерттеу нысаны мен пәні,
зерттеу әдістері мен ұғымдық аппараты болу керектігі мәлім. Сондықтан қазақ
педагогикасын ғылымның басқа салаларымен тығыз байланыста қарастыра отырып,
оның дербес ғылым саласы ретінде орнын анықтаудың маңызы зор.
Қазақ педагогикасы ең алдымен, түркі өркениетінен бастау алатын қазақ
халқының ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселелерімен айналысады,
қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамалары негізінде
педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, бағыттары мен ағымдарын,
іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын айқындайды, сонымен бірге
қазақ халқының ұлттық болмысына сай педагогика ғылымындағы барлық ғылыми
жетістіктер мен педагогикалық мұраларды қоғамдық құбылыстармен,
ғылымдармен, идеологиямен, т.с.с. байланыста зерттейді. Басқа кез келген
ғылымдар сияқты, қазақ педагогика ғылымы да фактілерді тек ашып қана
қоймайды, оларды түсінуге мүмкіндік жасайды. Ғылымға тән нағыз шынайы
ерекшелік оның табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдарына қатысты
болуы, оларды ашу және танып-білу болып табылады. Философияда заң,
заңдылықтар деп объективті, мәнді, тұрақты және қайталанатын себеп-салдар
байланысты айтатыны белгілі. Осыдан қазақ педагогикасы көшпелі мәдениет пен
түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына,
халықтық тәжірибесіне сай балалар мен ересектерді тәрбиелеу, білім беру
және оқыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым деген қорытынды
жасауға болады.
Қазақ педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтары әлемдік
педагогикамен тығыз байланысты, мұнда тек ұлттық сана-сезім мен ұлттық
ерекшеліктерге байланысты тәрбиенің болмысында өзіндік сипат болады. Әрбір
заңдылықтардың арасында өзара мәнді байланыстар айқын көрінеді. Атап
айтсақ:
- мектеп пен педагогиканың арасындағы, бір жағынан, қоғамның
экономикалық деңгейі, екінші жағынан саяси даму деңгейі тұрғысынан;
- қоғамның саяси жағдайы мен қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар,
педагогикалық теорияның даму қарқыны мен тәжірибе арасындағы;
- қазақ педагогикасы мен басқа ғылымдар (әсіресе, қазақ философиясы,
қазақ психологиясы) арасындағы;
- қоғамның әлеуметтік құрылымы мен қазақ халқының тәрбие жүйесі
арасындағы;
- мектеп, білім беру мен тәрбие мазмұны және қоғамдық сананың басқа
формалары (мәдениеті, дін және т.с.с.) арасындағы;
- қазақ педагогика ғылымының жетістіктері мен білім беру міндеттері және
мазмұнының арасындағы;
- тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін факторлар арасындағы
және т.с.с.
Осы заңдылықтардың барлығы өзара тығыз байланыста не себеп, не салдар,
не байланыстырушы дәнекер ретінде әрекет етеді, жалпы алғанда, олар қазақ
педагогика ғылымының тұтас бірлігін құрайды.
Қазақ педагогика ғылымы басқа да кез келген ғылымдар сияқты өзінің
тарихымен тығыз байланысты, қазақ педагогикасының тарихы оның ажырамас
бөлігі болып табылады. Бұл тәрбие тәжірибесінен туындап, үнемі молаюдың
нәтижесінде алдымен педагогикалық ой-пікірлер, содан кейін тәжірибеге
күшті ықпал ететін ғылымның қалыптасатындығын айғақтайды. Осындай ұстаным
қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін бөліп
көрсетуге мүмкіндік береді (Кесте 1).
Қазақ педагогика ғылымы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ғасырлар
сынынан өткен халықтық тәжірибе негізінде қалыптасып, өзіндік дамуға ие
болды. Халық педагогикасындағы озық идеялар қазақ халқының тіршілік
тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырды. Өмірдің әлеуметтік жағдайларының
өзгеруімен, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуымен байланысты халық
тәжірибесіндегі педагогикалық құндылықтар қайта жасалып, жаңаша сипат алып
отырады. Педагогика тарихында алдыңғы теориялардың мазмұнының кеңейтіліп,
тың көзқарастар мен ағымдардың қалыптасуы заңды құбылыс, мұның өзі әлемдік
педагогика мазмұнын қазақ педагогика ғылымының жетекші идеяларымен
толықтыру қажеттілігін дәлелдейді. Өйткені құндылық бағдарлар тұлғаның ең
басты, ауқымды сипаттамасының бірі ретінде әрекет етеді, ал оларды дамыту
ізгілендіру педагогикасының негізгі міндеті және қоғам дамуының маңызды
жолы болып табылады.
Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, жеті атасын
білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз деген халық
даналығын санасына ұлы қағида ретінде түйген зиялы ойдың иелері қазақ
халқының этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті
бар екендігін барша әлемге мойындату үшін күш жұмсауда. Қазақ халқының арғы
тегі Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі түркі халықтарының әлемдік
руханиятқа үлес қосуына Еуразия құрлығындағы Ұлы даланы мекендеген
халықтардың көшпелі мәдениеті мен тәрбие тәжірибесі, ислам дінінің озық
тәрбиелік идеялары, ежелгі түрік, византия, араб, парсы, үнді, қытай
мәдениеттері тоғысқан Түркістан жеріндегі Қарахан мемлекетінің саяси-
экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлары әсер етіп, барлық адамзат
баласын талай ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан адам мен оның тәрбиесі
туралы ілімнің қыр-сырын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Кесте 1 – Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері

Тәрбие тәжірибесі Педагогикалық ойлар Педагогика ғылымы
Қазақтың халық Қазақ жеріндегі Қазақ педагогика ғылымы
педагогикасы алғашқы педагогикалықәлемдік педагогиканың
1. Қазақ ауызекі ой-пікірлер құрамдас бөлігі
шығармашылығындағы 1. Еуразия 1.әл-Фараби, Ж.Баласағұни,
тәрбие мазмұны: даласындағы алғашқы М.Қашқари педагогикалық
- ұлттық ойындар; қауымдық құрылыс ілімдері (ІХ-ХІ ғ.ғ.)
- мақал-мәтелдер; кезеңіндегі тәрбие 2. А.Иүгінеки, Қ.А.Иассауи,
- жаңылтпаштар; 2. Еуразия С.Бақырғани, Р.Хорезми,
- жұмбақтар; құрлығындағы Сақ С.Сарай педагогикалық
- шешендік сөздер; империясы дәуіріндегіілімдері (ХІІ-ХІV ғ.ғ.)
- ертегілер; тәлім-тәрбие 3. Ө.Тілеуқабылұлы,
- аңыз әңгімелер; 3. Ғұн империясы мен М.Х.Дулати, Қ.Қ.Жалайыр,
- батырлар жыры; Үйсін-Қаңлы мемлекет т.б. педагогикалық ілімдері
- эпос; дәуіріндегі (ХV-ХVІІІ ғ.ғ.)
- айтыс тәлім-тәрбие 4. Ш.Уәлиханов,
2. Қазақ музыкалық 4. Таяу және Қиыр Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
шығармашылығындағы Шығыс ежелгі Ш.Құдайбердиев, т.б.
тәрбие мазмұны: мемлекеттерінің бірі педагогикалық ілімдері
- халық әндері; – Шумер (ХІХ-ХХ ғ.ғ.)
- халық күйлері тәлім-тәрбиесі мен 5. Кеңестік дәуірдегі
3. Қазақтың мектептері педагогика ғылымы
сәндік-қолданбалы 5. Ұлы Түркі қағанатыС.Торайғыров, Ә.Бөкейханов,
өнеріндегі тәрбие және оның А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
мазмұны: тәлімдік-танымдық М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
- дәстүрлі қолданбалы мұралары - С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б.
өнер; Орхон-Енисей жазба С.Қожахметов, Т.Тәжібаев,
- ою-өрнектер ескерткіштеріндегі С.Балаубаев, Р.Г.Лемберг,
4. Салт-дәстүрлердегі (Күлтегін, Тоныкөк) Қ.Бержанов, Ә.Сембаев,
тәрбиелік мазмұн: тәлім-тәрбиелік т.б.
- бала тәрбиесіне ойлар, Қорқыт 6. Қазіргі кездегі қазақ
байланысты; тағылымдары (VІ-ІХ педагогика ғылымындағы
- тұрмыс-салт; ғ.ғ.) теориялар (1991 ж. кейінгі
- ата кәсіп; кезең)
- әлеуметтік-мәдени
5. Жыраулар мен
билердің, шешендердің
шығармашылығындағы
тәрбие мазмұны

Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ой-
пікірлердің дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың
алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата
тағылымдары, т.б.) болып табылады.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазбалардың жастарға, кейінгі өскелең
ұрпаққа лепті үнмен мәнерлеп ғибрат айту, көтеріңкі сарынмен үндеу тастау
түрінде берілуімен тәрбиелік мәні орасан зор. Олардың педагогикалық
мазмұнын талдай отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- бұл ескерткіштерде тотемдік дүниетаным мен мифтік ой-санамен қатар
тұлғаның адамгершілік бейнесінің қалыптасуын, адамның үйлесімді дамуын
дәріптейтін құнды педагогикалық идеялар айқын көрінеді;
- ескерткіштердегі жазулардың негізгі басты түйіні халқы, елі үшін адал
қызмет ету, қасық қаны қалғанша күресу, халқының бірлігін сақтап, елдігін
жоғары көтеру болып табылады, мұның өзі елінің қажетін өтейтін, халқына
қызмет ететін саналы азаматтың тұлғасын тәрбиелеу мақсатына бағытталады;
- Күлтегін мен Тоныкөк бейнесі арқылы ақылдылықты, батырлықты,
данышпандықты, қайсарлықты, адалдықты, табандылықты дәріптейді, бұл
ескерткіштердің мазмұны тұлғаның бойында адамгершілік сапаларды
қалыптастыруды қамтамасыз ететіндігін дәлелдейді;
- ескерткіштерде тәрбиенің мазмұнын адамгершілік, патриоттық, еңбек және
ақыл-ой тәрбиесі туралы ой-пікірлер құрайды.
Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы
педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. Қорқыт ата
кітабында ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан қорғап, қамал
бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге
ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады.
Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер,
қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба
кітабының тарихи-этнографиялық шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі
тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін
айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді.
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын
жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында
Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама
ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-
Фарабидің алатын орны ерекше. әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-
пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы
туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден
қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның
педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін
бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік
идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге
бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының
жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі
педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. әл-Фараби жетілген тұлғаны
тәрбиелеу үшін Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды.
әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның
еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым
нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен
тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: Оқыту адамдар мен халықтарда
теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген
өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз
арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге
негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру
үйретіледі.... Осы анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы
оқыту мен тәрбие ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара
байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. әл-Фарабидің мұрасында
педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын білім беру ұғымы да
қарастырылған. Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып
табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің
бастамасы мен құралы деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы
білім беру - оқыту нәтижесі, тура ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі
Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Бастауыш сыныпта ана тілі сабағы арқылы жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту
Ұлы педагог өсиетіне сипаттама
Қобдабай Қабдыразақұлы туралы
Пәндер