Лизингтік қатынастар туралы



1. Лизингтің теориялық негіздері

1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және пайда болу тарихы
1.2. Лизингтік операциялардың негізгі түрлері
1.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері


2. Әлем елдерінде және Қазақстанда лизингтік қатынастарға талдау

2.1. Халықаралық тәжірибеде лизингтік компанияларға талдау
2.2. Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде
2.3. Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері


3. Қазқстан Республикасындағы лизинг бизнесі

3.1. ҚР.ның қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың қызметіне талдау
3.2. ҚР.ғы лизинг бизнесін дамыту жолдары
3.3. ҚР.ғы лизнгтік бизнесті дамытудың перспективалары мен проблемалары
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі, экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральды тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржаландыру түріне айналады.
Осы курс жұмысында Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибесін; лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі факторларға талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ; екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.
Қазіргі экономиканың дамуы, шаруашылық өмірдің бар салаларына әртүрлі нысанда енетін несиемен байланысты болып келеді. Бұған себеп ретінде банктердің және қаржы-несие ұйымдарының үлкен (масштабты) операциялары, ақша қаражаттарын бөлу, несиенің жаңа нысандары мен түрлерінің пайда болуы, жаңа қатысушылардың бәрін несиелік операцияларға тартуды айтып кетуге болады.
Банктің қызметкерлері, қаржыгерлері лизингті капитал салымын қаржыландыру, негізгі капиталға инвестицияны салу нысаны, және де банктік, инвестициялық қызмет көрсетуге жататын соңғы жылдары индустриалдық мемлекеттерде үлкен дамуға ие болған несиенің (банктік, коммерциялық және сұраныс несиесі) жаңа нысаны деп қарастырады.
Кәсіпорындарда жабдықтың (моральді) ескіруі және (физикалық) тозуы, негізгі капиталды жаңалау үшін керекті қаржылық ресурстардың болмауы, Қазақстанды лизингтік бизнесті дамытудағы перспективті бөлік ретінде көрсетеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Лизингтің теориялық негіздері

1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және пайда болу тарихы
1.2. Лизингтік операциялардың негізгі түрлері
1.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

2. Әлем елдерінде және Қазақстанда лизингтік қатынастарға талдау

2.1. Халықаралық тәжірибеде лизингтік компанияларға талдау
2.2. Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде
2.3. Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың
ерекшеліктері

3. Қазқстан Республикасындағы лизинг бизнесі

3.1. ҚР-ның қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың қызметіне талдау
3.2. ҚР-ғы лизинг бизнесін дамыту жолдары
3.3. ҚР-ғы лизнгтік бизнесті дамытудың перспективалары мен проблемалары

Кіріспе

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық
салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында
нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде
өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық
қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның
өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт
төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі,
экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың
физикалық және моральды тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша
лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы
көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл
орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда
лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржаландыру түріне айналады.
Осы курс жұмысында Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың
тәжірибесін; лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін;
Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы
және кедергі факторларға талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан
Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ;
екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп
есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін
зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму
жолдарын іздеу.
Қазіргі экономиканың дамуы, шаруашылық өмірдің бар салаларына әртүрлі
нысанда енетін несиемен байланысты болып келеді. Бұған себеп ретінде
банктердің және қаржы-несие ұйымдарының үлкен (масштабты) операциялары,
ақша қаражаттарын бөлу, несиенің жаңа нысандары мен түрлерінің пайда болуы,
жаңа қатысушылардың бәрін несиелік операцияларға тартуды айтып кетуге
болады.
Банктің қызметкерлері, қаржыгерлері лизингті капитал салымын
қаржыландыру, негізгі капиталға инвестицияны салу нысаны, және де банктік,
инвестициялық қызмет көрсетуге жататын соңғы жылдары индустриалдық
мемлекеттерде үлкен дамуға ие болған несиенің (банктік, коммерциялық және
сұраныс несиесі) жаңа нысаны деп қарастырады.
Кәсіпорындарда жабдықтың (моральді) ескіруі және (физикалық) тозуы,
негізгі капиталды жаңалау үшін керекті қаржылық ресурстардың болмауы,
Қазақстанды лизингтік бизнесті дамытудағы перспективті бөлік ретінде
көрсетеді.
Қазақстан нарықтық қатынасқа терең дағдарыс жағдайында өтті, бұл кезде
сауда-экономикалық байланыстар үзіліп, өндіріс төмендеп, бағаның өсуі
инфляцияның ұшып кетуіне, ал ол инвестициялық белсенділіктің тез
төмендеуіне алып келді.
Қазақстан экономикасында және басқа да салаларда негізгі капиталдың
тозуы қиын проблемалардың бірі болып келеді. Бір жағынан Қазақстан
кәсіпорындары жақын және алыс шетелдерінен машина-техникалық импортты,
отандық өндіру-зауыттарынан техниканы жеткізуді қажет етеді, ал екінші
жағынан техника құнын төлеуде қаражаттар болмауынан және несие алуда
қиыншылық туып отыр.
Осы кездегі негізгі қорлар модернизациясын және құрылымдық дағдарысты
өтудің ең тиімді жолы, ол инвестициялар, капитал салымын қаржыландыратын
арнайы нысан лизинг болып табылады.

1. Лизингтің теориялық негіздері

1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және пайда болу тарихы

Көп жағдайда отандық әдебиеттерде лизингті жалға беру немесе ұзақ
мерзімге машина, құрал-жабдық, көлік жабдықтарын және өндірістік
құрылыстарын беру деп түсінеді. Бірақ бұл оның бар мәнін, анықтамасын
ашпай, тек тар мағынада ғана айтылып жатыр.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру”
дегенді білдіреді. Лизингтің жалдан айырмашылығы бар. Жалға алушыдан лизинг
алушының айырмашылығы, ол объектіні ұзақ пайдалануға алады, сондай-ақ
мүлікті төлеу, оның тозуын, жоғалуын өтеу, сақтандыру, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жүргізуде сатып алушы ретінде міндетін атқарады. Бірақ
мүлік иесі болып лизинг беруші қалады. Егер мүлік тозып немесе жұмыс
істеуге жарамаса, оның барлығына лизинг алушы жауапты болады. Лизинг
алушының жалға алушыдан айырмашылығы ол объектіні пайдалану құқығы үшін ай
сайын төлемін емес, бүкіл толық құнын төлейді. Пайдаланар алдында
объектінің бүлінген жерлері байқалса, оған жабдықтаушы жауапты болады, ал
лизинг берушінің бұған қатысы болмайды. Себебі лизинг беруші объектіні
лизинг алушының сұрауымен алады.

Жалға беруші жалға беру келісім-шарты Жалға алушы

Мұнда екі жақты, ал лизингтік келісімде үшжақты және көп жақты келісім
байқалады.

Өндіруші- сату-сатып алу Лизинг жалға беру Лизинг
жабдықтаушы келісім шарты беруші келісім шарты алушы

Лизингтің мәнін толығымен келесі анықтама ашады.
Лизинг- бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда- саттыққа және
қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шартын білдіреді.
Экономикалық мағынада лизинг – ол лизинг берушінің лизинг алушыға
мүлікті пайдалануға беретін несие деп түсінуге болады. Несиелік қатынастың
субъектілері болып, мұнда қарыз беруші-лизинг беруші және қарыз
алушы–лизинг алушы, ал ссуда объектісі –машиналар, құралдар, көлік
жабдықтары және басқа да негізгі жабдықтар элементтері.
Бұл мезетте лизинг сыртынан коммерциялық несиеге ұқсас, бірақ бұлардың
арасында айырмашылықтар бар. Коммерциялық несие кезінде, несие объектісі
несие алушыға беріледі, сонымен қатар оның тауарға деген меншік құқығы қала
береді.
Ал лизинг берілгенде лизинг берушінің объектіге деген иелік құқығы
өзінде қалады, ал объектіні пайдалану құқығы лизинг алушының меншігінде
болады. Осыдан кейін ол лизинг объектісіне төлем төлейді. Мерзім
аяқталғаннан кейін объект лизинг беруші меншігінде қалады. Лизинг алушының
лизинг келісім-шартының уақыты аяқталғаннан кейін (объекті құнын төлегеннен
кейін) объектіні сатып алуға және оған иелік етуге құқығы бар.
Коммерциялық несие кезінде сату-сатып алу келісім-шарты жасалады. Ал
лизингте мұндай келісім-шарт жоқ. Лизинг, мүлікті сатып алудан басталмауы
мүмкін, өйткені ол лизингтік компанияның меншігінде де болуы да мүмкін.
Коммерциялық несие қысқа мерзімді болады, ал лизинг көбінесе ұзақ
мерзімді, бірақ кейбір кезде орта және қысқа мерзімді де болуы мүмкін.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы
(жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті
келісім-шарттар жиынтығы.

Лизингтік мәміленің сызбасы

Суреттегі келтірілген белгілер:
1. лизинг алушы және лизинг беруші арасындағы лизингтік келісім шарт;
2. лизингтік компания және өнеркәсіп-жабдықтаушы арасында сатып алу-
сату келісімі;
3. лизинг беруші және банк арасында несиелік келісім-шарт жасасу;
4. лизинг алушыға өнеркәсіп-жабдықтаушының техниканы жеткізу;
5. өнеркәсіп-жабдықтаушыға лизинг берушінің техника құнын төлеуі;
6. сақтандыру компаниясы мен лизинг беруші арасында сақтандыру келісім-
шартын жасасу, сақтандыру салымын төлеу;
7. лизинг берушіге лизинг алушының лизингтік төлемдерді кезеңді түрде
аудару;
8. банктік несиені пайдаланғаны үшін лизинг берушінің пайыздарды өтеуі;
9. лизинг берушіге салықтық жеңілдіктер ұсыну және жергілікті бюджетке
салықтық төлемдерді төлеу.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды,
құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б.
тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи
ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:
- Лизинг беруші- лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті
немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып
алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар
негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе
ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға.

- Лизинг алушы- лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі
бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін
алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы)- лизинг берушімен сату- сатып алу шарты
негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта
лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме)- лизинг объектісін сатып алуға
қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг
нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:
- Сақтандыру компаниясы- лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда
болатын әр түрлі тәуекедерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез-
келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент
емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының
қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.

Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып,
лизингке берілетін объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:

- Көліктік (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол
вагондары және т.б.);
- Байланыс құралдары (радиостанциялар, спутниктер және т.б.);
- Ауыл шаруашылық құрал- жабдықтары;
- Құрылыстық топ (крандар, бетонараластырушылар және т.б.);
- Басқа да құралдар;

Лизингтің пайда болуы

Лизингпен байланысты бар экономикалық-құқықтық қатынастар шаруашылық
байланыстар тарихының жаңа кезеңі деп санаймыз. Бірақ ол бұлай емес.
Құжаттарға сай адамға жалға беру (лизинг) бұрыңғы уақыттан бері таныс.
Ерте кезде лизинг мүліктін кейбір түрлерін жалға берумен шектелген жоқ.
Тарихтан белгілі, ауыл шаруашылығында әртүрлі техникалар мен құрал-
жабдықтарға қоса, әскери техникаларда жалға берілді.
ХХғ. басында Ұлыбританияда өнеркәсіптін дамуына, әртүрлі жабдықтар
түрлерінің көбеюіне байланысты лизингке берілетін тауарлар көлемі дде өсті.
Мұнда теміржол көлігі және таскөмір өнеркісібінің дамуы басты рольді
ойнады.
АҚШ-та да әртүрлі техника мен жабдықтарды жалға беруді қаржыландыруға
сұраныс та белгіленіп отыр. Ең алғашқы тіркелген жалға беру келісім-шарты
ХІІІғ. Басында АҚШ-та пайда болды, онда гильдия мұшелері аттарды,
фургондарды және коляскілерді сол бойынша жалға алды. Ары қарай лизингтін
дамуы Ұлыбританияда теміржол көліктерінің дамуымен сипатталады.
ХХғ. басында көптеген теміржол лизингтік компаниялар, жіберілетін
жүктін өсуі ұзақ мерзімді басқаруды немесе вагондарды монопольды
пайдалануды қолдамайтынын білді, ол жабдықтарды трасты (сенімді)
пайдалануға алып келді. Оның орнына қысқа мерзімді пайдалануды сұрады.
Трастар қысқа мерзімде жұмыс істейтін контрактілерді ұсына бастады.
Контракт аяқталған соң вагондар жекеменшік құқығы бар жалға берушіге
қайтарылуы тиіс. Осындай жал келісім шарттары алғашқы лизингтін пайда
болуын тудырады.
Тарихта лизинге ұқсас операцияның б.э.д. 2000 жыл бұрын ертегі
Вавилонда жасалғандығы белгілі. Ағылшын авторы Т.Кларк б.э.д. 1760ж.
қабылданған Хаммурапи патшаның заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды
көрсеткен. Рим империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан
Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877ж. “Белл
Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейтс лизинг корп.” атты
алғашқы лизингтік компания 1952ж. Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Европада
1962ж. “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта
(Германия) пайда болыпты. 1972ж. бері европа лизинг нарығы дамып келеді.
АҚШ-тың коммерциялық банктері лизингтік операцияларға 60жылдардың
басында қатыса бастады. Лизингтік бизнестің дамуына 1971ж. Федералды резерв
жүйесін басқаратын Кеңес шешімі әсер етті, ол жабдықтарды, ал сосын
жылжымайтын мүлікті банктің еншілес фирмалары жалға бере бастады.
1991ж. маусымда құрылған, ал желтоқсан айынан бастап халықаралық
кеңестік-немістік “Евролизинг” лизингтік компания жұмыс істеуге кірісе
бастады. Оның құрылтайшылары болып кеңес жағынан КСРО Внешэкономбанк,
Совморфлот және Госснаб КСРО, француз жағынан Европаның ең ірі банктерінің
бірі “Банк Насиональ де Пари” (Bank National de Paris), ал неміс жағынан
Батыс Германияның ең ірі лизингтік компанияларының бірі –“Митфинанц ГмбХ”.
Сонымен қатар халықаралық операцияларда лизингті пайдалану өте маңызды
болған жоқ. 80 жылдардың аяғына дейін лизингтін дамуы толық жүзеге аспады,
себебі кеңес кәсіпорындарында шетел жабдықтарын сатып алуға шетел ақшасы
болмады. 1989ж. сәуір айынан бастап кәсіпорындар сыртқы нарыққа шығуға
жекеменшік құқығын алды, олардың көбісінде жеке ақша түсімінің қайнар
көздері пайда болды. Сонымен қатар, басқа жағдайда ақша ресурстары жоқ
кәсіпорындар шетел жабдықтарын және техникаларын пайдаланды. Бұл үшін осы
жабдықта өндірілген өнімді оларға жеткізілгенде төлем ретінде саналады.
Алғаш лизингтік операциялардың отандық нарықта дамуы 1989ж. ортасында,
шаруашылықтын жалға беру формаларына кәсіпорындардың өтуімен атап кетуге
болады.

Лизингті негізгі белгілері бойынша талдау

Негізгі белгілер“лизинг” түсінігін талдау
тар аралық кең
Бірмәнді Екімәнді Көпмәнді
анықтама анықтамалар анықтамалар

1.экономикалық а) жалға беру а) лизинг-несие а)капитал
мазмұндама және нысандары ә) несие-жалға салымдарын
лизингтік ә) ұзақ мерзімдіберу қаржыландыру және
келісім-шарттын жал беру б) жалға беру- өткізу белсенділік
құқықтық нысаны нысандары сату нысаны
б) қаржылық жал в) жалға ә) сатып алу-сату,
беру беру-амортизация қарыз және т.б.,
в) мүлікті және т.б. мұнда сатып алуға
жалдау нысаны опцион құқығы
г) немесе операция: кіретін, және жал
инвестициялар, а) берумен байланысты
капитал қаржылық-коммерциямүліктік қатынастар
салымдарын лық кешені.
қаржыландыру ә) несиелік-жалға
нысандыры беру
ғ) өнімді өткізүб) саудалық-жалға
нысандары беру, сатып алуға
д) сыртқы сауда опцион құқығын
нысандары қосу және т.б.
(экпорт, импорт)
Ұзақ мерзімді Орта және ұзақ Қысқа, орта және
мәміле мерзімді мәміле ұзақ мерзімді
мәміле
2. мерзім а) 3 жылдан аса а) 2 жылдан аса
(кезең) ә) ә) 2жылдан 3 жылғаа) 1жылдан аса
2.1. сапалы құрал-жабдықтың дейін ә) 6 айдан аса
мінездеме жұмыс істеу б) бірнеше
2.2. сандық мерзімі 75% аса сағаттан, күннен
мінездеме б) негізгі аса
кезең, алғашқы, в) құрал-жабдықтың
негізгі жалға пайдалы жұмыс
беру мерзімі істеуінің барлық
в) өнімнің мерзіміне
өмірлік кезеңі,
ал амортизацияны
шығару үшін
әртүрлі
мемлекеттердің
салықтық
заңдылығында
тіркелген,
өнімнің өмірлік
кезеңі
3. лизингтік
мәміледегі
объектілер
ортасы:
3.1. топтық а) жылжымалы а)жылжымалы және а) мүлік
сипаттама мүлік жылжымайтын мүлік ә) материалдық
ә) техникалық ә) негізгі құндылықтар
жабдықтар өндірістік қорлар б) инвестициялық
б) өндірістің тауарлар және ұзақ
негізгі жабдықтарыпайдаланылатын
в) инвестициялық тұтынушылар
тауарлар тауарлары
в) мүлік және
жұмысшылар, яғни
жұмысшы күші
а) машиналар, кіретін әртүрлі
құрал-жабдықтар, тауарлар
көлік жабдықтары
3.2. нақтылау а) машиналар менжәне өндірістік а) жер, құрылыстар
сипаттамасы құрал-жабдықтар құрылыстар мен ғимараттар,
ә) өндірістік ә) машиналар, көлік жабдықтары
құрал-жабдықтар құрал-жабдықтар, ә)машиналар мен
ЭВМ, қойма құрал-жабдықтар,
бөлшектері фабрикалар мен
электростанциялар
б) машиналар мен
құрал-жабдықтар,
“ноу-хау”, көптік
қызмет көрсету

Екі жақты мәмілеҮш жақты мәміле Көп жақты мәміле

4. лизингтік а) өндіруші а) өндіруші, а) 5 жақтын
мәміледегі (жабдықтаушы-жаллизинг беруші жәнеқатысуымен
қатысушылар ға беруші) және лизинг алушы 1. брокер (өзіндік
(субъектілер) жалға алушы қатысуымен лизингтік компания)
құрамы және саны(лизинг алушы) ә) лизинг беруші, 2.
қатысуымен лизинг алушы және трест-құрылтайшылар
немесе “тікелей қаржыландыратын ы
лизинг” жақтын (бөлгіш 3. сенімді меншік
ә) мүліктін лизингтің жай иесі
лизинг нысаны) қатысуымен4. қаржыландыратын
беруші-сатып мекеме
алушысы және 5. жалға алушы
лизинг алушы ә) 6 және одан да
–мүлікті көп жақтын
сатушысы немесе қатысуымен
“қайтармалы 1.өндіруші
лизинг” 2. жалға алушы
3. лизинг беруші
сенімгері
4.қарыз беруші
несиегер
5. лизинг беруші
акционерлер
6. несие беруші
сенімгері

1.2. Лизингтік операциялардың негізгі түрлері

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде
лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері
болып:
- Шұғыл лизинг;
- Қаржы лизингі;
- Қайтарылатын ( возвратный) лизинг;
- Үлестік лизинг;
- Тура лизинг;
- Сублизинг;

Қаржы және шұғыл лизингтер лизингтің негізгі түрлері болып саналады.
Шұғыл лизинг – жал төлемдері арқылы жабдықтар құнының жартысы ғана
амортизацияланатын қысқа- орта мерзімді мәміле. Бұл мәміледе лизинг беруші
техникалық қызмет көрсетуді, сақтандыруды, жекешелендіруге салықты төлеуді
және т.б. өз қарамағына алады.
Шұғыл лизинг- ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бұл келісімнің мерзімі
активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни келісім-шартта
көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді, сондықтан актив
лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі-лизинг алушының келісім-шартты
уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымен бірге бұл келісімде лизингке
берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсету және басқа қызметтер
түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моральді) құралдар
(компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және
техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк
автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан
бұрын келісім-шартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік
қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті
алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары
туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық
персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Шұғыл лизингке келесі негізгі қасиеттер тән:
1. Лизингтік келісім-шарт 2-5 жылға құрылады, ол жабдықтын физикалық тозу
мерзімінен әлдеқайда төмен және лизинг алушы шарты қалаған уақытта бұза
алады.
2. Объектінің тозу және жоғалу тәуекеліне лизинг беруші жауап береді.
Лизингтік келісім- нартта лизинг алушының жауапкершілігі көрсетілуі мүмкін,
бірақ оның өлшемі мүліктің алғашқы бағасынан әлдеқайда төмен.
3. Лизингтік төлем мөлшерлемесі қаржы лизингісіне қарағанда жоғары. Бұнын
себебі, лизинг беруші шығындарды өтеудің толық кепілдемесі болмауынан,
өзінің қызмет көрсетулеріне бағаны көтеру жолымен әртүрлі коммерциялық
тәуекелдерді білу қажет ( бүкіл жабдық көлеміне жалға алушыны таппау
тәуекелі, мәміле объектісінің бұзылу тәуекелі, келісім-шартты бұзудың ұзақ
мерзімділік тәуекелі).
4. Мәміле объектілері әйгілі машиналар мен жабдықтар болып келеді. Шұғыл
лизингте лизингтік компания нақты жалға алушыны білмей тұрып-ақ, жабдықты
алдын-ала алып қояды. Сондықтан шұғыл лизингпен айналысатын фирмалар жаңа
және бұрыннан қолданылып жүрген инвестицияның тауарлар нарығының
коньюктурасын білу қажет. Лизингтік компаниялар жалға берілетін мүлікті
сақтандырып, оның техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз
етеді. Лизингтік келісім-шарт мерзімінің алғанда лизинг алушының құқықтары:
а) лизинг берушіге жабдықты қайтару;
б) нарықтық құнға сәйкес сатып алуға опционның келісімімен лизинг
берушіден жабдықты сатып алу. Өйткені келісім-шарт жасалғанда объектінің
нарықтық құнын алдын-ала айту қиынға түседі, сондықтан лизингтік фирмалар
жабдықтың нарықтық коньюктурасын жақсы білу қажет.
Лизинг алушы мүліктін моральді ескіруінен, өндірілген өнімге сұраныстын
өзгеруімен рентабельділіктін төмендеуінен, жабдықтын салынуынан қашық
жүргісі келеді. Сол себептен ол шұғыл лизингті мына жағдайлар кезінде ғана
қалайды:
1. Жалға алынған жабдықты пайдаланудан түскен табыстар, алғашқы бағасын
өтемейді.
2. Жабдық қысқа мерзімге (мерзімдік жұмыстар немесе бір ғана
пайдалануға) қажет.
3. Жабдыққа арнайы техникалық қызмет көрсету қажет.
4. Мәміле объектісі жаңа, тексерілмеген жабдық болады.
Шұғыл лизинг көбінесе ауыл шаруашылық, транспорт, тау өндіру өнеркәсібі,
құрылыс, жаңалықты электронды өндіру салаларына таралған.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің жоғары
болуы;
- аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
- мүлік иелерінің тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да
шарттары;
Қаржы лизингі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын
мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан
бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің
құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық
шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді.
Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету
бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен
қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы
негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі
едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді
несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық
өтелуін, кезіңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз
міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын
қарастырады.
Қаржы лизингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен
құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып табылады.
Қаржы лизингінің келесі негізгі сипаттары бар:
1. үшінші жақтың қатысуы ( мәміле объектісінің жабдықтаушысы және
өндіруші);
2. жалға берушінің шығындарын өтеуге қажетті мерзім кезінде келісім-
шарттын бұзыла алмауы. Бұл тәжірибеде кейбір кездерде болады, сондықтан
лизингтік келісімде айтылып кетеді, бірақ мұнда операция құны жоғарылайды;
3. лизингтік келісімнің ұзақ кезеңі;

4. қаржы лизингі кезінде мәміле объектісінің құны жоғарылығымен
өзгешеленеді.
Шұғыл лизинг сияқты, контракт мерзімі аяқталған соң лизинг алушы мына
жағдайларға ие бола алады:
- мәміле объектісін қалдық құны арқылы сатып алады;
- жаңа келісім шартты қысқа мерзімге және жеңілдік мөлшерлемесі арқылы
жасайды;
- лизингтік компанияға мәміле объектісін қайтарады.
Өз қалауы туралы лизинг алушы лизинг берушіге 6 ай бұрын немесе келісім-
шарт мерзімі аяқталғанша айтады. Егер келісім-шартта мәміле затын сату
туралы келісім қарастырылсы, онда екі жақ объектінің алдын-ала қалдық құнын
анықтайды. Көбінесе ол алғашқы құннын 1-10% құрайды, ал ол лизинг берушіге
жабдықтын бар құнына амортизацияны аудару құқын береді.
Қаржы лизингі экономикалық белгілері бойынша капиталдық салымдарды ұзақ
мерзіммен банктік несиелеуге ұқсас, сол себептен қаржы лизингі нарығында
банктер, қаржы компаниялары және банктермен тығыз байланысқан арнайы
лизингтік компаниялар. Көп мемлекеттер қатарында банктерге тек қаржы
лизингісімен айналысуға рұқсат етілген. Қаржы және шұғыл лизингілерінің
арасындағы негізгі айырмашылықтар кестеде көрсетелген.

Қаржы және шұғыл лизингілері арасындағы негізгі айырмашылықтар

Шұғыл лизинг Қаржы лизинг
Мәмілелердің қысқа және орта Мәмілелердің орта және ұзақ
мерзімділігі мерзімділігі
Жылдың алғаш мерзіміндегі жабдықтын Алғашқы мерзімде жабдығының жарты
жиілігі. Контракт мерзімі аяқталған және толық құнының амортизациясы
соң жабдық қайта жалға берілуі
мүмкін
Лизингтік контрактіде лизинг Лизингтік келісім қаржыландыруға
берушінің жабдықта теникалық қызмет келеді, лизинг берушінің техникалық
көрсету, жөндеу және сақтандыруы қызмет көрсету және т.б.
қарастырылады міндеттемелері қарастырылмайды
Кез-келген кезде келісім-шартты бұзуНегізгі мерзім кезінде келісім-
шартты бұза алмау
Өндіруші компанияларға, олардың Банктермен және олардың еншілес
еншілес лизингтік фирмалары мен лизингтік компанияларымен ұсынылады
сауда компанияларының жабдықтарды
ұсыну
Инвестициялауға ұқсас Капитал салымдарының ұзақ мерзімді
несиелеуіне ұқсас
Лизинг беруші өзіне иеленуші Лизинг алушы иелік құқығын өз
жауапкершілігін алады және жал жауапкершілігіне алады (техникалық
келісім-шарт негізінде кепілдік, қызмет көрсету, бұзылу), ол көбінесе
жауапкершілік, тәуекел басқару сату-сатып алу келісім-шарты
құқығы жүргізеді. негізінде басқару құқығына ұқсас.

Левериджлизинг - лизингтік мәміленің қарыз қаражаттарын тартатын түрі.
Бұл категорияға қаржы лизингісінің мәмілелері жатады, олардың келесі
сипаттары болады:
а) мәмілеге үш жақ қатысады: лизинг беруші, жалға алушы және ұзақ
мерзімді несие беруші;
б) несие беруші лизинг берушіге қатысты айналымсыз негізде жабдықтар
құнының көп бөлігін қаржыландырады;
в) лизинг берушінің нетто-инвестиция көрсеткіші лизинг мерзімінің
соңында өсімі байқалады, ал қаражаттар қарызы төмендейді.
Қаражаттарды тарту лизингін басқаша бөлгіш лизингі деп атайды. Бұл
мәміле тағы да инвестициялық түрдегі жал немесе үш жақтын қатысуымен жал
деп те атайды.
Бөлгіш лизингтің жай нысанында лизинг беруші, лизинг алушы және
қаржыландыратын ұйым қатысады. Ал күрделі нысанда бес және одан да көп жақ
қатысады: брокер (үлкен жекеше лизингтік компаниялар); траст құрылтайшысы;
сенімді меншіктенуші (лизинг беруші); қаржыландыратын мекеме; лизинг алушы.
Бұл лизинг түрлерінің ішіндегі ең күрделілердің бірі, өйткені көпжақты
қаржыландырумен байланысты және қымбат жобалар өткізілімі үшін
қолданылады. Бөлгіш лизингтін басқаларынан айырмашылығы лизинг беруші
жабдықты сатып алғанда жарты ақшасын ғана төлейді (20%). Қалған сомасын
(80%) несие берушіден қарызға алады. Сонда да лизингтік компания мүліктін
толық құнына есептелетін салықтық жеңілдіктерін қолданады. Негізгі
тәуекелділікке несие берушілер, банктер, сақтандыру компаниялады,
инвестициялық қорлар немесе басқа да қаржылық ұйымдар жауап береді, ал
несиені қайтаруға лизингтік төлемдер және лизингке өткізілген мүлік жатады.
АҚШ-та 95% аса қаржылық лизинг бойынша жасалған мәмілелер бөлгіш лизинг
негізінде құрылады
Қайтарылатын лизинг
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға
болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол
сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына отырады. Бұл
кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық,
сақтандыру немесе лизингтің компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің
нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала отырып,
мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер негізінен
іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың қаржылық
жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Жабдықтың иеленушісі оны лизингтік фирмаға сатып, және де бұл жабдықты
одан жалға алады. Осылай сатушы лизинг алушы болып табылады. Егер объект
меншіктенушісінің ақша қаражатында сұранысы туып отырса, онда ол осы
операция түрін қолданады және өзінің қаржылық жағдайын жақсартады.
Вендор лизинг немесе сатушы лизинг. Ірі, қымбат жабдықтарды
өндіретін үлкен өнеркәсіп компаниясына, банктердің өнімді өткізуде қызмет
көрсетуі.
Сатушы лизингі сызбасы бойынша банк компаниядан өнімді сатып алып, ал
сатып алушылар бұл жабдықты банктен жалға алады. Осылай мәмілені
қаржыландыру жеңілдетіледі және өнімді өткізу үрдісі тез жүреді.
Банк жабдықты сатып алып жалға беруші ролінде қатысады, бұл сатып
алушыларға да, жабдықты өндіруші- компаниялары үшін тиімді. Мұнда:
• сатып алушы үшін мәміленің төлемін арзандатады, себебі оның
қаржыландыруы банк арқылы жүргізіледі;
• мәміле жабдықты өндіруші –компания үшін де тиімді, өйткені сатып
алушы төлеміне байланысты кепілдікке және мәмілені жасауға банк
өзі жауап береді. Тағы да өнеркәсіптік компанияда тауарды басқару
құқығы сақталады.
Жылжымайтын лизингінің өзінің ерекшеліктері бар. Жылжымайтын мүлікті
жалға беру операциясы, ұзақ мерзімге (10-20 жыл) және контрактінің үлкен
сомасына байланысты күрделілігімен ерекшелінеді. Операция объектілері болып
жер, құрылыс пен ғимараттар, байланыс жолдар жүйесі және жылжымайтын
жабдықтар. Заң актілерінде жылжымайтын заттарға мемлекеттегі тіркеудегі
ұшу, теңіздік және өзендік судалары жатады. 80 жылдары АҚШ-та жылжымайтын
лизинг зауыттар, атомдық электрстанциялары сияқты ірі объектілерін соғу
кезінде белсенді қолдана бастады. Мысалы, осы жылы АҚШ аймағында жапон
компанияларымен бірлесіп соғылған көлік зауыттары 400-500 млн$ бағаланды,
оның 13 бөлігін несиенің лизингтік нысаны есебінен төленді.
Үлестік лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бүл түрі 3
жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк,
сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді. Бұл келісім
кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-шартын жасап,
лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған
займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал
болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік
төлемдер есебінен өтеліп отырады. Сонымен қатар лизингтік компанияның
салықтық және зайымды өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі
туады.
Лизингтің бұл түрінің негізгі объектілеріне қымбат бағалы активтер
(пайдалы қазбалар кенорны, өндіруші салалар құрал-жабдықтары).
Тікелей лизинг. Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен
қажетті құрал-жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-
шарт жасасады. Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші
бір тұлға болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады.
Әлемдегі өз өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға IBM, Xerox,
GATX, көптеген әуекемелерін, теңізкемелерін және автокөліктерін өндіруші
компаниялар жатады. Мысал үшін, “Даймлер-Крайслер” және BMW концернлері ірі
лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар
арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг - сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін
пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипаталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін
лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3 тұлғаға уақытша
пайдалануға береді. №78-ІІ 05.07.2000ж. “Қаржы лизингі туралы” ҚРЗ-на
сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің
міндеттемелерін 3 тұлғаға аударуға тиым салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты
міндетті түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол да
халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық
сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-шартының
мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Бас лизинг. Жаңа контрактіні жасамай, жалға алынатын жабдықтар тізімін
толтыруға лизинг алушының құқығын қарастыратын, лизинг буруші мен лизинг
алушы арасында лизинг туралы бас келісім-шарт. Кейбір кездерде оны
лизингтік несие жолы деп атайды, және де банктік несие жолына ұқсас.
Қайта жаңалау лизингі. Лизингтік келісімде жалға алушының сұранысы
бойынша жабдықты жаңа түрлеріне ауыстыру. Жалға алушы жабдықты негізгі
келісімдерге сай, жаңа контрактіні жасамай, жалға алады.
Контрактілік жалдама. Бұл лизингтін арнайы нысаны, мұнда лизинг
алушыға көлік жабдықтарын, ауыл шаруашылық жол құрылыс техникаларын,
тракторларды жалға алуға болады. Ол шұғыл және қаржы лизинг элементтерін
қосады. Контрактілік жалдамада жалға алынатын мүлік 12 мен 36 ай арасында
пайдаланып, мерзім аяқталған соң қолданушы мүлікті меншік иесіне қайтарады.
Жал төлемі тіркелінеді және оған жөндеу мен қызмет көрсету шығындары кіріп,
меншік иесі өзі өтейді. Кейбір кездерде бұл жұмыстарды жалға алушының өзі
немесе оның контрактісін жасауын арнайы фирмасы өтейді.
Таза лизинг. Жабдыққа байланысты бар шығындарды лизинг алушының өзі
атқаратын мәміле. Сол себептен қызмет көрсету бойынша шығындар (салық,
сақтандыру самалары және т.б.) лизингтік төлемге кірмейді. Көп кезде
қаржылық лизингтін түрлі нысандары (мысалы, тікелей қаржылық пен капиталды
лизинг) таза лизингті береді.
Таза лизинг шарты бойынша лизинг беруші шизинг алушыдан жал мерзімінде
жұмысын істеп біткен жабдықты кепілді бағамен сатып алады. Келісім шартқа
сай лизинг алушы объектіні қайтадан сатқанда, толық кепілді бағаны алу
үшін, оны тамаша жағдайда үстап, техникалық қызметтерді көрсетеді.
Құрғақ лизинг. Бұл термин ұшу техникалары, су судалары және көлік
жабдықтарын жалға бергенде қолданылады. Жалға алушы жанармай, экипаж құнын
өзі өтейді.
Халықаралық лизинг. Ішкі лизингке қарағанда он жылға кеш пайданы
табады. Егер жабдықты өндіруші, лизинг беруші және лизинг алушы әртүрлі
мемлекеттерде тұратын болса, онда осы лизингтін түрі қолданылады. Лизинг
берушінің мемлекетіне, халық лизинг табысты шетел валютасымен алу
қызықтырады. Жалға алушыға бұл лизингті алудың пайдасы, ол жаңа шетел
жабдығын, әртүрлі валюталық, қаржылық және салық жеңілдіктеріне ие болады.
Халықаралық лизингтін дабл дип түрдегі мәміле, экспорт, импорт,
транзит лизингі, өтемдік лизингі сияқты әртүрліліктері және нысандары бар.
өтемдік лизингісінде жал төлемдері лизингтік мәміле объектісі болып келетін
жабдықта дайындалатын өнімді жеткізумен өтеледі.
Халықаралық сферадағы дабл дип түріндегі сублизингтік мәмілелер, екі
және одан да көп мемлекеттерде салықтық пайданы қолданады. Мысалы, 80
жылдардың басында Ұлыбритания арқылы АҚШ-қа самолеттер жіберілді.жоғары
тиімділік туралы айтсақ: Ұлыбританияда салық жеңілдіктерінен пайда көп
болады, егер лизинг берушінің меншіктену құқығы бар болса, ал АҚШ-та, егер
лизинг берушінің пайдалану құқығы болса. Ұлыбританиядағы лизингтік компания
самолеттері сатып алып, американдық лизингтік компанияға лизингке жібереді,
ал соңғылар оларды жергілікті ұшу компанияларына лизингке береді.
Көбінесе лизингтік компаниялар салықтық мақсатпен салық салу
жеңілдіктері бар аймақтарда өз еншілестерін ашады (офоршорн зоналары –
Сингапур, Гонгконг, Панама, Кайман және Багама островтары).
Халықаралық бірлестіктер тәжірибесінде, халықаралық келісімдердің екі
түрі айқындалады: тікелей шетел лизингі және жанама лизингі.
Тікелей шетел лизингі- әртүрлі мемлекеттердегі заңды тұлға құқығымен
мекемелер арасында операциялар орындалатын мәмілені көрсетеді. Шетел
лизингтік операциялар көбінесе топтық лизинг түрінде болады.
Жанама шетел лизингі- лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекеттін
заңды тұлғалары болып келетін лизингтік мәміле. Бірақ лизинг беруші
капиталы көп кезде шетел фирмаларының және қаржылық ұйымдардың (банк немесе
шетел лизингтік компания) иелігінде болады. Келісім-шарттынобъектісі болып
лизинг алушы мемлекетіне импортталатын жабдықтар саналады. Осы түрдегі
лизингтік операциялар трансұлттық банктер және корпорациялармен бақыланады.
Жанама лизинг соңғы жылдары халықаралық лизингтін ең көп таралған нысаны.

1.3.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

Лизингтің кеңінен тарауының басты себебі- оның қарапайым ссудалардан
келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
- лизинг көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды
несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына
лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы
банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
- лизинг 100 (-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа
мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-
жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда
табуға мүмкіндік береді;
- кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған
қолайлы, себебі, бұл жерде ол кепіл ретінде болады;
- құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты,
өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын
салықты жалға беруші өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық
жеңілдіктер алады;
- несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына
ешқандай да қадағалау болмайды;
Лизинг операцияларына тән кемшіліктері мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлауынан (әсіресе
инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын
ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін
коммиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтің түрлерін бөліп көрсету олардың жіктелу белгілеріне
байланысты болады. Олар келесідей сипатталады: жалға алынатын объектіге
қатысы бойынша; лизинг операциясын қаржыландыру түрі бойынша; лизингке
берілетін мүліктің түрі бойынша; лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамына
байланыста; лизингтік мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты; лизингтік
операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты; салықтық, кеден және
амортизациялық жеңілдіктер мен преференцияларға қатысына байланысты;
лизингтік төлемдердің ретіне байланысты. Жалға алынатын мүлікке қатысы
бойынша лизинг:
• Таза лизинг- бұл жағдайда мүлікті ұстау бойынша барлық
шығындарды лизинг алушы төлейді және ол лизинг берушіге тек таза
немесе нетто төлемдерді аударып отырады. Отандық лизингтік нарықтағы
қызметтердің көбісі таза лизинг болып табылады.
• Толық лизинг- бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау
бойынша барлық шығындарды қаржыландырады. Бағасы бойынша толық лизинг
ең қымбат лизинг болып табылады, себебі лизинг берушінің мүлікті ұстау
бойынша, қажетті шикізаттарды әкелу бойынша шығыстары өседі.
• Бөлшектік (частичный) лизинг- бұл жағдайда лизинг беруші
мүлікті ұстау бойынша тек кейбір қызметтерді ғана өзіне алады.
Қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:
- Мерзімді лизинг - яғни мүлікті беру бір рет қана жүзеге асырылады.
- Қайталанылатын лизинг - бұл жағдайда бір лизинг келісім-шартының
мерзімі біткен кезде, лизинг келісім-шарты жаңа кезеңге жасалады.
Сонымен бірге белгілі бір уақыттан кейін объектінің тозуына және
лизинг алушының қалауына байланысты жаңа мүлік берілуі мүмкін.
Қайталанылатын лизингтің тағы бір түрі Бас лизинг- лизингтің бұл түрі
лизинг алушыға жаңа келісім-шарт жасамай-ақ жалға алынатын мүлік
тізімін толтыруға мүмкіндік береді.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамы бойынша лизинг:
- Тура лизинг- бұл жағдайда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке
береді. Негізінен мұндай мәмілені классикалық лизингтік мәмілеге
жатқызуға болмайды, себебі лизингтік компания көрініс таппайды.
- Жанама лизинг- бұл жағдайда мүлік лизингке белгілі бір делдал
арқылы беріледі. Бұл мәміле классикалық лизингтік мәмілеге ұқсас болып
келеді, себебі мұнда лизинг алушы, лизинг беруші және жабдықтаушы
көрініс табады.
- Бөлек лизинг (көп жақты лизинг)- лизингтің бұл
түрі күрделі, үлкен объектілерге (әуетехникасы, теңіз кемелері,
теміржол техникасы, бұрғылау қондырғылары) қаржы салымдарын жасау үшін
қолданылады. Лизингтің бұл түрі топтық немесе акционерлік лизинг деп
аталады, себебі мұнда бірнеше лизинг беруші, банктер жұмыс істеуі
мүмкін.
Мүлік түріне байланысты лизинг:
- Жылжымайтын мүлік лизингі (ғимараттар мен құрылғылар;
- Жылжымалы мүлік лизингі (автомобиль, самолет, кемелер, техника, құрал-
жабдықтар);
Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг:
- Толық өтелетін лизинг (немесе толық өтелуге жақын) лизинг, яғни лизинг
келісім-шартының мерзімі аралығында мүліктің толық немесе толыққа
жақын амортизациясы есептеліп, лизинг берушіге мүліктің толық құны
төленеді.
- Толық өтелмейтін лизинг- бұл жағдайда лизинг келісім-шартында
көрсетілген мерзімде, мүлік тек белгілі бір дәрежеде ғана
амортизацияланып, оның тек бір ғана бөлігі өтеледі.
Өтеліну белгілеріне байланысты лизинг:
- Шұғыл лизинг- бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуімен
сипатталады. Қаржы лизингі- бұл уақытша пайдалануға берген лизинг
затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп
шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы
лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды
банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг:
Ішкі лизинг- бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен
байланысты сипатталады. Халықаралық лизинг- бір тарап немесе барлық
тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг- экспорттық
және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы
болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі және
субъектілері Қазақстан Республикасының резиденттері болады.
Егер де лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, яғни
лизинг объектісі Қазақстан Республикасының резидентінің меншігінде болса,
онда халықаралық лизинг келісім-шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттеледі. Ал, егер керісінше болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты
сыртқы экономикалық қызмет облысындағы заңдарымен реттеледі.

2. Әлем елдерінде және Қазақстанда лизингтік қатынастарға талдау
2.1. Халықаралық тәжірибеде лизингтік компанияларға талдау
Көптеген елдерде лизингтік компаниялар өздерінің құқықтарын қорғау және
бизнесін дамыту үшін Ұлттық лизинг ассоциацияларын құрды. Ресей
Федерациясында мұндай ұйым Рослизинг деп аталады Ресей лизингтік
компаниялардың лизингтік ассоциациясы.
Еуропада Leascurope - European ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау
Лизингтік қатынастардың экономикалық мәні
Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Банктік лизинг кезеңі
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТҮРЛЕРІ
Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Лизинг шартының мазмұны
Пәндер