Қазақ бөлiмiнде оқитын студенттердiң тiлдiк санасындағы неологизмдердiң идентификациясы (психолингвистикалық талдау).


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3-4
- ОТАНДЫҚ ЛИНГВИСТИКАДА НЕОЛОГИЗМДЕРДIҢ
ЗЕРТТЕЛУI . . . 5-8
- Неологизмдердi зерттеудiң психолингвистикалық аспектiсi . . . 9-16
- Неологизмдердiң тақырыптық тұрғыдан жүйеленуi . . . 17-18
- НЕОЛОГИЗМДЕРДI ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДI ЗЕРТТЕУ . . . 19-22Эксперименттi ұйымдастыру әдiсi . . . 19-22Зерттелген материалдың сандық қорытындысы . . . 23-27Неологизмдердi идентификациялау стратегиялары мен модельдерi . . . 28-34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35-37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 38-39
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Қазақ бөлiмiнде оқитын студенттердiң тiлдiк санасындағы неологизмдердiң идентификациясы (психолингвистикалық талдау) .
Жұмыстың құрылымы: Бiтiру жұмысы кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Жұмыстың көлемi: 39 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 35.
Тiрек сөздер: психолингвистика, неологизм, тiлдiк сана, идентификация, ассоциация т. б.
Зерттеу нысаны: Неологизмдерге берiлген ассоциациялар мен анықтамалар.
Зерттеудiң мақсаты мен мiндетi: Қазақ бөлiмiнде оқитын студенттердiң тiлдiк санасындағы неологизмдердiң идентификациясын анықтау.
Тiлдегi ассоциациялық құбылыс табиғатын анықтаған зерттеулердiң жетiстiгiне сүйене отырып, неологизм сөздер тудырған ассоциациялардың табиғатын зерттеу, ассоциативтi эксперимент нәтижесiнiң қажеттiлiгiн көрсету.
Жұмыстың мазмұны: Кiрiспеде жұмыстың өзектiлiгi, нысаны, жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi, әдiс-тәсiлдерi жайлы мәлiмет берiледi. Негiзгi бөлiм екi тарауды қамтиды. Мұнда отандық лингвистикадағы неологизмдер, олардың зерттелуiнiң психолингвистикалық аспектiсi, психолингвистикалық зерттеудiң қорытындылары берiледi. Қорытынды бөлiмiнде жалпы жұмыс барысы жүйеленiп, түйiн жасалады.
Жұмыста қолданылған дерек көздерi: Ғылыми еңбектер, түсiндiрме, лингвистикалық. философиялық, психологиялық, жаңа атаулар сөздiгi.
КІРІСПЕ
Адамзаттың ортақ бай мұрасы тіл феноменін зерттеу мәселесі қашанда өзекті болып табылады. Тіл - өмірмен өзектес жанды құбылыс болғандықтан, тілдегі өзгерістер мен жаңашылдықтар, бірінші кезекте, қоғамның дамуымен тығыз байланысты болады. Тіл - қоғамның дамуымен бірге үнемі өзгеру, жетілу үстінде. Сондықтан оның сөздік құрамы әрдайым толығып, дамып, өзгеріп отырады. Әр дәуір, әр қоғам, әр халық өзіне қажет жаңалықтарды туғызса, сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс - әрекеттердің өз атаулары пайда болады. Бүгінгі таңда саяси, мәдени, рухани, әлеуметтік өміріміздегі өзгерістер дүниеге әкеліп жатқан жаңалықтардың тілдегі көрінісі - неологизмдер.
Неологиз - тіл өміршеңдігінің бір айғағы. Олай дейтініміз, әр жаңалықтың өзі қозғалыстың, дамудың, яғни тіршіліктің белгісі. Ал қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілгенінен кейін дамуы үдей түсіп, жаңа серпіліс пайда болды. Қазақ тілінің қызмет өрісін кеңейтіп, барша байлығын сарқа, дұрыс пайдалануды күн тәртібіне қойды. Ол үшін ең алдымен көптеген ұғымдарды білдіруде қазақ тілінің өз мүмкіндігі бар екендігі көрінді. Ғылыми - техникалық революция дәуірі тек арнайы ғылыми терминдерді ғана емес, көпшілік қауым күнделікті өмірде жиі қолданатын сандаған сөздерді ұсынды. Олардың басым көпшілігі интернационалдық қордан орыс тілі арқылы қабылданды. Бұлар сан жағынан едәуір көп, бірақ оларды түгел тіркеп, қазақша түсіндіріп беру келешекте қолға алынбақ. Міне, осындай ізгі ниетпен қазіргі кезде БАҚ тілінде кездесетін және күнделікті тұрмыста қолданысқа еніп отырған неологизмдерді әлемдік лингвистикада қалыптасқан амал - тәсілдер арқылы зерттеуді қолға алдық.
Қоғамның дамуы қойған талаптарға сай болу үшін тіл жан-жақты дамып жатса, соған орай оны зерттейтін амал-тәсілдер де сан-қилы бағыт алуда. Тілдегі зерттеулердің ондай бағыттарының бірі - психолингвистикадағы ассоциативті эксперимент.
Психолингвистика - тіл білімінің ең жас салаларының бірі екені белгілі. Оның ғылым ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастау алады. Психолингвистиканың ғылыми негізін қалауға Г. Штейнталь, В. Гумбольт, А. Потебня, Ф. Фортунатов, И. А. Бодуэн де Куртенэ, Л. Щерба т. б. ғалымдардың еңбегі зор болды.
Психолингвистика - өткен ғасырдың орта шенінде американ лингвистерінің зерттеулері негізінде ғылыми пән ретінде қалыптасып, қазір тілдің практикалық мәселерін шешуде үлкен сұранысқа ие қолданбалы пән. Психолингвист ғалымдар тілді зерттеудің дәстүрлі, яғни тек құрылымдық жағын қарастыруды аз деп тауып, сөздің ішкі семантикасына ден қоя бастады.
Тілдік бірліктердің пайда болуын психологиялық тұрғыдан негіздеп, ассимиляция, ассоциация сияқты психологиялық заңдылықтарға сүйенген және бұл зерттеулердің мәні өте жоғары болып табылады. Себебі, қазіргі таңда психолингвистиканың қолданбалы сипаты жоғары мәнге ие. Ол тек шет тілдерін үйрену мен меңгеру тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар логопедия, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі, авиация мен космостық мәселелері және т. б. қарастырылады.
Психолингвистика - сөйлеу механизмдерін психикалық процестермен байланысты зерттейтіндіктен, психолингвистикалық зерттеулер үшін ассоциативті тәжірибенің алатын орны орасан зор.
Қазіргі қазақ тіл білімінде психолингвистикалық зерттеулер енді ғана қолға алына бастады. Осыған орай қазақ тілінде сөздердің ассоциативті топ құрайтыны туралы зерттеулер жоқтың қасы деуге болады.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақ тіліндегі неологизмдердің құрылысын, құрамын, жасалу жолдарын анықтап, студенттердің тілдегі неологизмдерді білу деңгейін тексеру. Психолингвистикалық зерттеудің өзекті мәселесі болып табылатын неологизмдерді идентификациялау стратегияларын бөліп көрсету.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ бөлімінде оқитын студенттердің тілдік санасындағы неологизмдердің идентификациясын анықтау. Осыған байланысты зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- тілдегі ассоциациялық құбылыс табиғатын анықталған зерттеулердің жетістігіне сүйене отырып, неологизм сөздер тудырған ассоциациялар табиғатын зерттеу, ассоциативті эксперимент нәтижесінің қажеттілігін көрсету.
-қазақ тіліндегі неологизмдердің идентификациясын ассоциат сөздер мен оларға берілген анықтамалар арқылы анықтау.
Зерттеудің нысаны: Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде алынған тілдік материалдар, яғни неологизмдер тудырған ассоциациялар мен жеке анықтамалар, зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Жұмыста статистикалық әдіс, яғни алынған нәтижелердің сандық және сапалық көрсеткiштерін анықтайтын әдіс қолданылды.
Зерттеудің тәсілі: Ассоциативті эксперимент.
Зерттеудің жаңашылдығы: Зерттеудің негізі болып табылатын неологизмдердің идентификациясын түрлі стратегиялар арқылы анықтау қазақ тіл білімінде алғаш рет қолға алынып отыр.
Жұмыстан күтілетін нәтиже: Қазақ тіліндегі неологизмдердің ассоциативті топтарын анықтап, ол ұғымдардың ұлттық танымдағы ерекшеліктерін көрсету. Анықталған түрлі идентификациялық стратегиялардың негізінде неологизмдердің жасалу уәжділігін, олардың жалпыхалыққа түсініктілік деңгейін анықтау. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі ассоциативті сөздікті жасаудың алғашқы қадамын жасау.
1 ОТАНДЫҚ ЛИНГВИСТИКАДА НЕОЛОГИЗМДЕРДIҢ ЗЕРТТЕЛУI
Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін саяси-әлеуметтiк, мәдени және ғылыми-техникалық салаларда ірі өзгерістер мен түрлі жаңалықтар болатыны заңдылық.
Жаңа зат, құбылыс пайда болғаннан кейін жаңа ұғымды білдіретін жаңа атаулар жалпы тіл ғылымында лексика бөлімінің, соның ішінде «неологизм» тармағының зерттеу объектісі болды. Неологизмдер (грек сөзі neos-жаңа, logos-сөз) қай тілде болмасын «жаңа сөз» ұғымының баламасы [1, 240] .
Жалпы тіл білімінде сөздік құрамдағы неологизмдер туралы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, лексиканың бір саласы ретінде қаралып келді. Қазақ тіл білімінде Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, Б. Әбілқасымовтардың еңбектерінде неологизмдердің ерекшеліктері туралы аталып өтеді. Ш. Бәйтікова, Р. Барлыбаева, А. Алдашевалардың зерттеу еңбектерінде неологизмдер арнайы түрде қаралды. Неологизмдерге анықтама беріліп, олардың жасалу жолдары көрсетілді.
Неологизмдердің соңғы бірнеше жылда тілімізден жиі көрініс тауып жүргені белгілі. Қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, еліміздің егемендікті иеленуі-осының басты себебі. Бұрын орыс тілінің ықпалымен лексикалық қорымыз молайып келеді деген түсініктен арылып, ана тіліміздің тазалығы үшін күресу жолында жаңа сөз қолданыстар дүниеге келді. Жаңа сөздерге жаңа баламалар іздеу, олардың бірнеше варианттарын ұсынып, кейін біреуін ғана таңдап алу-осының айғағы. Барлық зерттеу еңбектері мен оқулықтарда «неологизм» терминінің жалпы сипатта ұсынылып, іштей салаға бөлініп қаралауы немесе оның бір ғана саласының жеке зерттеу жұмысының объектісі болуы, қазақ тілі лексикасындағы неологизм тармағының әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететіндігін дәлелдейді.
Жалпы тіл білімінде неологизмді жаңа сөз немесе жаңа сөзді нелогизм сипатында қарастырады. Екеуіне де бір анықтама беруге ұмтылыс байқалады.
Л. И. Джоглидзе өзінің «Қазіргі орыс тіліндегі жаңа сөздер» атты еңбегінде: «Неологизмдер - тілдегі жаңа сөздер, тіл жүйесінің лексикалық бөлігі: Неологизмдер-сөйлеу тілінде дайын күйінде қолданылатын, бірақ салыстырмалы түрде жақында пайда болған сөздер», -деп тұжырымдайды [2, 33] . Ал Р. Ю. Намиткова: «Жаңа сөздер-тілде белгілі бір кезеңде пайда болған, бұрын болмаған және жалпы қолданысқа түспеген, сол тілде сөйлеушілер «жаңалық» сипатын сезінетін сөздер» екенін айтса, В. В. Лопатин «Тілімізге қатысты жаңа сөздер-неологизмдер», - дейді. Көріп отырғанымыздай, бұлардың біреуінде де жаңа сөз қолданыстары туралы сөз қозғалмайды. Енді қазақ тілі ғылымындағы жаңа сөз-неологизмдер туралы айтылған пікірлерге жүгінейік.
Неологизм деп бір тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтамыз [3, 87] .
Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпы халықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды білдіреді [4, 101] .
Неологизмдер-халықтың қоғамдық-саяси тұрмысындағы тарихи оқиғалармен байланысты мерзімдерде пайда болған әдеби тілдегі жаңа мағыналы, жаңа сөздер мен тұрақты сөз тіркестері [5, 66] .
Сонда жаңа сөз дегеніміз қандай сөздер? Қандай белгілеріне қарап оларды жаңа сөз-неологизмдер қатарына жатқызамыз? Орыс тіліндегі жаңа сөздерді зерттеушілер оның ең бірінші және ең басты белгісі ретінде уақыт өлшемінің нақтылығын алады. Неологизмдерді зерттеу барысында жаңадан пайда болған сөздердің уақытын белгілеу басты міндет. Кейбір ғалымдардың айтуынша жаңа сөздердің «туған күнін» анықтау мүмкіндігі бар секілді. Біздің ойымызша, жаңа сөздердің қолданысқа ену мезгілін нақты күнмен емес, белгілі бір кезеңмен өлшеген тиімді сияқты.
Тарихи лексикологияда жаңа сөздердің пайда болған күнін белгілеу мәселесі қиындық туғызады. Қазақ тіліне орыс тілінен көптеген сөздер ауысып ене бастады. Әрине, ондай ауысып енген сөздердің нақты уақытын белгілеп, қашан, қандай сөз ауысқанын білу мүмкін емес.
Сондықтан, жаңа сөздердің басты анықтаушы белгісі-тарихи кезең.
Тілімізге қаптап енген колхоз, совхоз, электр, трактор, радио т. б. сөздер де неологизмдер тобын көбейткен еді. Қазіргі таңда аталған сөздердің барлығы да жалпыхалықтық сипат алып, тілге әбден сіңісті де неологизмдердің қатарынан шығып қалды. «Бүгінгі неологизм деп таныған сөзіміз 5-10 жыл өтісімен-ақ, неологизмдердің тізімінен шығып, ең актив сөздердің қатарына барып қосылып жатады», - дейді Ә. Болғанбаев [3, 95] .
Неологизм туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды. Ш. Бәйтікова, Ә. Болғанбаевтар: «Неологизмдер жалпыхалықтық қолданысқа түссе, жаңалық қалпын жоғалтады» десе, А. Алдашева неологизмдерді термин мен терминологиялық сөз тіркесі аясында қарайтын ғалымдардың бірі. Бұл жаңа элементтер қайдан, қалай жасалады? Бұл жердегі «жаңа» деген анықтауыш шартты. Әдетте, «жаңа сөз» дегеніміз-тілде бұрыннан бар сөздердің (түбірлердің) жұрнақтар жалғауы, бір-бірімен қосақталуы (бірігуі, кірігуі, жұптасуы, тіркесуі, қысқарып барып бірігуі, аббревиатура), мағына ауыстыруы сияқты амалдардың бірі арқылы құбылған түрлері. Біздер теріп, тіркеп отырған «жаңа сөздер» де осындай бұрынғының «жаңғырықтары». Бірақ олар естіліп барып, өшіп кететін дыбыс жаңғырықтары емес, материалдық дүниелер-тіл единицалары, яғни белгілі бір ұғымды, білдіретін дербес сөздер, сөздік қазынаны молайтатын, тілдің ілгері даму процесін көрсететін бағалы «қазыналар».
Қазіргі жаңа сөздер негізінен мынадай жолдар арқылы жасалған:
1. Жұрнақтар жалғау арқылы. Бұл ретте кейбір жұрнақтардың активтенгені көзге түседі. Олар: -қар, -кер, -ғар, -гер (тәлімгер, білімгер, майдангер, ғарышкер, саясаткер, баспагер) ; -қы, -кі, -ғы, -гі (басытқы, құрылғы, жылытқы) ; -ым, -ім, -м (қойылым, басылым, ауысым, тіркелім) ; -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (айықтырғыш, желдеткіш, мұздатқыш) ; -ма, -ме (нұсқама, жариялама т. б. )
2. Түбірлерді біріктіру арқылы: ақжайма, аққайнар, түсқағаз, аяқдоп, аяқжол, желкөз, жеделсаты т. б. Бұл-жаңа сөз жасаудағы ең өнімді тәсіл.
3. Сөз қосарлау арқылы: ақылшы-ұстаз, таңдау-балама, күйме-бесік т. б. Бұл-өзгелерге қарағанда өрісі тарлау амал.
4. Сөз тіркесі арқылы: алтын кітап, қанаттас серік, қайта құру, қосалқы бөлшек т. б.
5. Бұрыңғы сөзге жаңа мағына жүктеу арқылы. Бұл амал көбінесе сөзге нақты терминдік мән беруде пайдаланылады. Мысалы, сапар сөзі қазір тек жай жол жүру дегенді емес, мемлекет, ұйым т. б. басшылардың өзге елдерге ресми түрде немесе арнайы шақырумен баруы (визит) деген саяси ұғымдағы саяси-қоғамдық терминді білдіреді. Сол сияқты салауаттылық, апталық, қоғамдастық, ілгерішілік сөздері де жаңа терминдік мағынаға ие болған байырғы элементтер.
Аталған сөздерді қалың жұртшылыққа паш етіп, жаңа ұғымдардың атауларының құрамын, құрылысын, қызметін зерттеуге мүмкіншілік жасаған 1992 жылы жарық көрген «Жаңа атаулар» сөздігінің авторлары-А. Алдашева, Ш. Сарыбаев.
Қазақ тілінің лексикография саласында бұл сөздіктің пайда болуы үлкен жетістік. Алайда, бір өкініштісі, бұл сөздіктің шыққанына 14 жыл болса да, көп сөздердің жалпы қолданысқа ене қоймағандығы және аталмыш сөздіктің осы жылдар аралығында толықтырылып қайта басылмауы. Біздің ойымызша, жақын арада осындай бағыттағы сөздіктердің шығуына қолдау көрсетілуі керек, себебі уақыт-тарихи процесс ретінде неологизмдердің ең бірінші анықтағыш белгісі. Ал осы жылдар аралығында тілімізге көптеген жаңа сөздер енді. Біз осы жағдайды ескере отырып, өзіміздің зерттеу жұмысымызға «Жаңа атаулар» сөздігінен және 2004 жылы терминком бекіткен терминдерден жаңа сөздерді таңдап алдық. Ұсынылып отырған жұмысымыздағы 30 неологизм-тіліміздегі жаңа бейне, жаңа мазмұн. Осы сөздерді күнделікті өмірімізде қолдану, сол арқылы ана тіліміздің құлаш-қарымын кеңейту-біздің басты мақсатымыз. Себебі тіл тазалығын сақтау үшін, оның қоғамдық қызметін жоғарлату үшін де тілдің кез-келген саладағы баламасын тауып, орынды пайдалану-әр тіл жанашарының негізгі міндеті.
Қазақ тілінің қолдану аясы бұрынғыдан әлдеқайда кеңейе түсті. Балабақшадан бастап, жоғарғы басқару органдарына дейін істі қазақша жүргізуге талпыныс жасалып отыр. Осының бәрі-ана тіліміздің тазалығын сақтау жолындағы іс шаралар. «Халықаралық терминді аудармау», «Орыс тілінің арқасында тіліміздің сөздік қоры баюда» секілді «саяси ережелер» заман ықпалымен қолданыстан шығып қалды. Ғасырымыздың 20-30 жылдарынан кейін қайтадан 80 жылдардың соңғы кезінде неологизмдер мерзімді баспасөз беттерінен жиі көрініс тапты. Әйтеуір, кім болса да басқа тілден енген сөздердің баламасын тауып, қазақ тіліндегі мағынасы сәйкес сөзбен ауыстыруға талпынды. Соның нәтижесінде бір жаңа сөздің бірнеше баламалары ұсынылып, қайсысының дұрыс, қайсысының бұрыс екендігін анықтайтын қағидалар мен шарттар қажет.
Қазіргі таңда жаңа сөздерді, яғни неологизмдерді қолданбай сөйлеу мүмкін емес. Себебі тіл-заман айнасы, ондағы барлық өзгерістер мен жаңашылдықтар тұтас бір дәуірдің сипаты. Ал біздің заманымыздың бірден-бір келбеті-неологизмдер. Осындай жалпыхалықтық сипат алып отырған неологизмдерді зерттеу 20-30 жылдардан басталғанымен, соңғы кездердегі жаңа сөздердің тұлғалануы, қолданылуы, аясы өзіндік ерекшеліктерімен бөлектенеді. Олардың синтаксистік қызметі, фонетикалық өзгерістерге түсуі әлі де толық зерттеуді қажет ететіні сөзсіз.
Қазақ тіліндегі неологизмдерді әлемдік лингвистикада қарқынды дамып жатқан амал-тәсілдер арқылы зерттеу - қазіргі заман талабы. Соған орай, тіліміздегі жаңа сөздердің түсінілу деңгейін, тілдік санада сәйкестендірілуін және т. б. құбылыстарды психолингвистикалық тұрғыдан қарастырдық.
- Неологизмдердi зерттеудiң психолингвистикалық аспектiсi
Тіл білімінде психолингвистика мәселесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қарастырыла бастады. Ал оның нақты ғылым ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастау алады.
Психолингвистика - психология мен тіл білімінің түйіскен шегінде арнайы ғылыми пән ретінде қалыптасып, қазіргі таңдағы тіл білімінің ең жас салаларының бірі болып отыр. Екі ғылымның одағынан пайда болған тіл білімінің бұл саласын дамытуға әлемнің көрнекті лингвистері Г. Штейнталь, В. Гумбольдт, А. Потебня, И. Сеченев, Ф. Фортунатов, И. А. Бодуэн де Куртенэ, Л. Щерба, Л. Блумфильд, Б. Скинер, Л. Выготский және т. б. ғалымдардың еңбегі зор болды.
Психолингвистика (грек. psyche-жан және lingua-тіл) -сөйлеу механизмдерін (сөзді қабылдау, оның санада тууы) психикалық процестермен байланысты зерттейтін, олардың тіл жүйесіне қатысын қарастыратын комплексті ғылым [1, 303] .
Психолингвистика тілдің психологиялық құбылыстарымен байланысын зерттейді. Психологиялық құбылыстар (түйсік, қабылдау, сезім т. б. ) сөйлеу процесіне тікелей қатысады. Адам ауызекі және жазба тіл арқылы қатынас жасағанда белгілі бір ұғымды білдірумен бірге сол ұғымға деген өзінің көзқарасын да қоса аңғартады. Демек, тіл ойды ғана емес, адамның сезімін, жан дүниесін де білдіреді. Психолингвистикаға берілген жоғарыдағы анықтамаға қоса, оның мәнін тереңірек ұғыну мақсатында әлемге аттары әйгілі психолингвистердің анықтамаларына тоқталайық.
«Психолингвистика - это прежде всего определенный ракурс в котором изучаются язык, речь, познавательные процессы. Это наука о том, какие психические процессы имеют место, когда мы порождаем речь и воспринимаем речь, т. е. говорим, слушаем и читаем, а также о том, как мы обладаем речью на родном языке и на иностранном» [7, 78] .
«Психолингвистика - это отношение между системой языка и языковой способностью, процессы или механизмы кодирования и декодирования при помощи языка» [8, 28] .
«Психолингвистика - это наука о специфике становления и функционирования языка как достояние индивида - личности, включенной в социум и шире - в культуру, в межличностные и межкультурные взаимодействия» [9, 56] .
Көріп отырғанымыздай, психолингвистикаға берген анықтамаларды әр тараптан, әр қырынан түсінуге болады. Себебі, психолингвистиканың зерттеу объектісі мен ауқымы өте кең.
Психолингвистика мәселелерін қарқынды зерттеу бұрынғы Кеңес Одағы мен алыс шетелдерде өткен ғасырдың 60-70 жылдарында қарастырылды. Тіл психологиясы тіл білімі мен психологияның тоғысында дүниеге келіп, бұл ғылымдардың одағы жүз жылдан аса жасап келе жатыр. Осы уақыт аралығында алыс-жақын шетелдік ғалымдар ғылымының бұл саласына қатысты ой-пікірлерін жан-жақты баяндап, психолингвистиканың ғылыми негізін қалауға барынша ат салысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz