Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
Министрлігі
ААҚ «Қазақ Гуманитарлық заң университеті»
Алматы заң академиясы
Халықаралық құқық және
халықаралық қатынастар
кафедрасы
Асқарова Әсем Қанатқызы
Бітіру жұмысы
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау
Ғылыми жетекші
аға оқытушы:
Жарасбаева Гүлмира Мәулетхановна
Алматы 2005 жыл
ЖОСПАР:
Кіріспе 4-8
I-тарау. Патент құқығы мен патенттің құжат ретіндегі құқықтық табиғаты 9-42
1. 1. Патент құқығының пайда болуы туралы ілімдер. 9-13
1. 2. Патент қорғау құжатының түсінігі мен мазмұны 13-17
1. 3. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері 18-42
II-тарау. Патент жүйесін халықаралық құқықтық реттеу
43-64
2. 1. Қазақстан Республикасының аумағында интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар 43-55
2. 2. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы қызметтестік бойынша Қазақстан Республикасы жасаcқан келісімдер мәні мен маңызы 55-56
2. 3. Патент жүйесін қалыптастыратын халықаралық құқықтық органдар 56-64
III-тарау. Қазақстан Республикасында патент қатынастарының реттелу ерекшеліктері 65-74
3. 1. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнама 65-69
3. 2. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар 70-74
Қорытынды 75-78
Қолданылған Әдебиеттер 79-82
Кіріспе
Өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық аренада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993-жылғы, одан кейін 1995-жылғы Конституцияларында бекітті.
Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Бұл елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және “Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын” іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зияткерлік1 меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият - бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте. 2
Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе - тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі таңда «ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау - өндірушінің өз қолымен» деген ұранның ұстауы - маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.
Ғылыммен айналысушылар, экономикалық реформаны теориялық жағынан зерттеушілер, үкімет мүшелері экономиканы дамыту жөнінде сөз қозғағанда дамудың инновациялық жолына ерекше көңіл аударып, технологиялық жаңарту және инновациялық факторлардың негізінде экономиканың өркендеу қажеттілігін көрсетеді.
1992-жылы 24-шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патенттік заңы қабылданды.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994-жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді.
Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, процедуралық төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен- ақ жағдай жасауда.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан- жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын-ала патент пен патент бар. 3
Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.
16 шілде 1999 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Патент заңы қабылданды. Бұл заң бойынша патент иеленуші бола алатын субъектілердің тізімі көрсетілді, бірақ бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға шарт және заң бойынша берудің кейбір сұрақтары қарастырылмаған. Мысалы, студенттер, аспиранттар жоғарғы оқу орнының тәжіребелік бөлмесі мен құралдарын пайдаланып техникалық жетістікке жеткен кезде олардың құқықтық жағдайы қандай болатындығы анықталмаған.
Тақырыпты зерттеу жағдайы. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде патент және патенттiк құқықтарға арналған бірнеше еңбектер жарық көрді. Ол еңбектердің авторлары болып Е. А. Богатых, В. И. Левченко, И. Э. Мамиофа, Б. С. Антимонов, Е. А. Флейщиц, П. А. Ярослав және т. б авторлар табылады.
Патент жүйесінің жаңа нысанына көшкеннен кейін А. П. Сергеев, В. И. Еременко, Б. А. Лобач, А. А. Пиленко, Ю. Н. Дрешер, М. М. Богуславский, Л. Борохович, И. С. Картавин, А. Минков, П. Б. Мэггс, ал Қазақстан Республикасынан Т. Е. Каудыров, А. А. Амангельды, Е. С. Асқаров секілді авторлардың осы салада еңбектері жарық көрді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының патент құқықтарын шетел патент құқықтарымен теориялық жағынан салыстыра отырып, тәжірибеде қолдану мәселесі мен заңнаманың одан әрі қарай халықаралық шарттарды ескере отырып жетілдірілуін қарастыру.
Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент алдына келесідей міндеттерді қояды:
- патенттік құқықтың пайда болуына әсер ететін фактілерді анықтау;
- Қазақстан Республикасының патент жүйесiмен барынша танысу, оның өзге жүйелерден айырмашылықтарын ашып көрсету;
- тәжірибеде көрініс алған патенттік заңнаманың кемшіліктеріне баға беру.
Ғылыми ұсыныстар:
- Өкінішке орай, ҚР Конституциясында “интеллектуалдық меншік” термині көрініс таппаған. Мысалы, 1993-жылдың 12-желтоқсанында қабылданған Ресей Федерациясы Конституциясының әдеби, көркем, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлеріне арналған 44-бабында “интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады” деген ережесі бар. Құқықтық жүйенің өзге бөліктерінің құқықтық саясаты мен дамуы үшін негізгі заңның фундаменталдық маңыздылығын ескере отырып, ҚР Конституциясы 20-бабының 1-тармағын “интеллектуалдық меншік заңмен кепілдендіріледі” деген сөздермен толықтыру қажет.
- Әрекеттегi заңнамада қорғау құжатын алуға үмiткер тұлға тиiстi органға белгiлi бiр құжаттарды тапсырады. Осы бiтiру жұмысын жазу барысында тапсырылатын құжаттың әр түрлi аталуына назар аудардым. Менiң ойымша, бұл патент қатынастарымен тiкелей айналысатын тұлғаларды шатастыруы мүмкiн. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнде бұл құжат атауы өтiнiм, Қазақстан Республикасының Патент заңының өзiнде өнертабыс пен өнеркәсiптiк үлгiге қатысты - өтiнiм, ал пайдалы модельге - арыз делiнген, Қазақстан Республикасының “Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы” заңда да өтiнiм сөзi қолданылған. Ескере кететiн жәйт, осы заңдардың орыс тiлiндегi мәтiнiнде екi түрлi термин кездеспейдi. Менiң ұсынысым - осы заңдарды бiрқалыптандыру мақсатында, бiр ғана терминөтiнiмсөзiн енгiзу, қолдану.
I -тарау. Патент құқығы мен патенттің құжат ретіндегі құқықтық табиғаты
§1. Патент құқығының пайда болуы туралы ілімдер.
Авторлық құқық сияқты патент құқығы мәнi бойынша адамның интеллектуалдық, шығармашылық қызметi нәтижесiнде қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бiрақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам шығармашылығының тек ғылыми-техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызмет өнiмдерi ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн қолданудың қолданбалы аспектiлерiне қатысты болғанда ғана, патенттiк құқық объектiсi бола алады. 4
Өнертапқыштық қызмет нәтижелерiн қорғау қажеттiлiгiн адамдар XVII ғасырда патенттiк жүйе бастаулары пайда болғанда-ақ түсiндi. Алғашқы патент заңы Англияда Яков Стюарт патшасы тұсында қабылданған. Англияда алғашқы патенттер 1623-жылы қабылданған “Монополиялар туралы статутпен” сәйкес берiлдi. Бұд заң техникалық жаңалықты жасаған және қолданған әрбiр адамның патша еркiмен мұндай жаңалық әкелетiн пайда мен артықшылықты айрықша және тәуелсiз құқығын 14 жыл бойы монополиялық пайдалану жарияланды. 5
XVII ғасырдың соңында патент құқығы пайда болған кезде табиғи құқық теориясы мен өндірістік меншік теориясы басшылықта болды. Табиғи құқық теориясына сәйкес өнертапқыштардың құқығы - ажырамас. Бұл құқықты мемлекеттік билік танымаса да, ол өмір сүреді. Бұл теорияны жақтаушылардың ойы бойынша патентті беру өнертапқыштардың табиғи құқықтарын тану деп саналады.
Өндірістік меншік теориясына сәйкес өнертапқыштардың құқықтары олардың рухани шығармашылығы нәтижесінде пайда болады деп көрсетеді. Бұл нәтижеге қоса материалдық заттарға деген меншік құқығы қоса беріледі. Осы теорияны жақтаушылар келесідей ойлайды: адамның еңбегі материалдық мүдделерді жасайды. Еңбектің нәтижелері оны жасаған тұлғаның меншігінде. Себебі меншік өнертапқыштың еңбегінің нәтижесінде пайда болады. Сондықтан да оның иесі өзінің затымен не істеймін десе де өз еркі: оны дайындайды немесе құпияда ұстайды, пайдаланады немесе пайдаланудан бас тартады немесе мүлдем жойып жібереді. Ешкім де автордың рұқсатынсыз өнертабысты пайдалана алмайды. Өнертабысты шығарушыны меншік иесі ретінде теориялық түрде негіздеу алғашқы рет француз заңнамасында: «Жариялануы нәтижесінде қоғамға пайдалы болуы мүмкін әрбір жаңа идея оны шығарған адамның меншігінде болады және де жаңа өндірістік өнертабысты автордың меншігінде деп санамау адамның құқығын шектеу болып табылады деп ұлттық жиналыс ойлайды» деп көрсетілді. Герман жүйесінде патенттік құқықтың пайда болуы мен дамуына Коллердің материалдық емес теориясы әсер етті. Бұл теория табиғи құқық және өнеркәсіптік меншік теориясын дамытты, толықтырды. Оның мазмұны бойынша адам кез-келген өнертабысты жасаған кезде өзін салады, сондықтан да өнертабысқа басқа адамдардың қол сұғуы, автордың жеке құқығына қол сұғу болып табылады.
Коллердің материалдық емес теориясының жалғасы болып патенттік шарт теориясы табылады. Бұл шарттық теорияның мәні келесідей: «идея» өнртабыс иесінің меншігі болып табылады, бірақ идеяны тек қана иемдену жеткіліксіз болып табылады, ол идеяны өмірге әкелуге мүмкіндік болуы қажет. Идея- зат емес. Егер оны жариялап қойса, ол бір-біріне тәуелсіз әр түрлі адамдармен пайдаланып кетуі мүмкін. Өнертапқыш оған деген құқықты тек өзі пайдалануы үшін басқаларға бұл идеяны пайдалануға тиым салатын құқық алуы қажет. Ол үшін өнертапқыш қоғаммен құпия ашу жөніндегі шарт жасасады. Айырбас ретінде ол монополиялық пайдалану құқығын алады. Қоғам атынан мемлекет қатысады. Бұл шарт екі жаққа да пайдалы болып келеді. Монополиялық құқық өнертапқышқа пайда әкеледі, ал қоғамға ғылым мен техниканы дамытатын жаңа білім әкеледі. Патенттің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, қоғамның пайдалануына ерік білдіріледі. Егер патенттік монополия болмаса, өнертапқыштар өнертабысты құпияда ұстайтын еді. Ондай жағдайда қоғамның жаңа білімге деген қол жеткізуі тежелер еді. Патенттік келісім шарт теориясы заңды қателерге толы екендігін көрсетуде. Тұлғаның жеке өзінің өнертапқыш болуы қазір сирек кездеседі, көбінесе өнертабыстар ұжымдық еңбек нәтижесінде пайда болуда. Мұндай кезде патентті кәсіпорындар алады. Кәсіпкерлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуден бас тарта алмайды, өйткені бұл оларға пайда әкеліп отыр. Басқа жағынан алып қарайтын болсақ, өнертабысты шығаруға үлкен топ қатысады.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың барлығы да патенттік монополияның мәнін ашпайды. Бірақ сонда да бұл теориялардың барлығы да патенттік-құқықтық қатынастардың мәніне тереңірек қарауға мүмкіндік береді6.
Кеңес үкіметі кезінде өнертабысқа деген құқықты куәландыратын «патент» деген құжат болған жоқ деп айтуға болмайды. 21 тамыз 1973 жылғы «Жаңалықтар, өнертабыстар және рационализаторлық ұсыныстар туралы» КСРО үкіметінің бекіткен Ережесінің 2-тармағында «өнертабысқа деген құқықтар мемлекетпен қорғалып, авторлық куәліктермен және патентпен куәландырылады» деп көрсетілген еді. Бірақ, патент алу мүмкіндігі жалпы ережеге бағынбайтын жағдай болып табылатын. Ереженің 24, 25- тармақтарына сәйкес «Өнертабыс кооперативтік, қоғамдық мекемеде жасалса, немесе осындай мекемелер авторларға көмектессе, немесе олардың тапсырысы бойынша жасалса патент берілмейді» деп көрсетілген. Кеңес социалистік республикалар одағының азаматтары шетел тұлғаларымен бірге өнертабыс шығарса, кеңес үкіметінің азаматы болып табылатын авторларға патент жалпы ережеге бағынбайтын ерекше жағдай ретінде берілетін. Бірақ патент иеленушінің құқықтары мен жеңілдіктері авторлық куәлік иесінің құқықтары мен жеңілдіктері секілді болатын.
Патенттелетін объектілерді өмірде біреу ғана деп қарастырғанмен, олар қайталама болып келеді. Мысалға, мыңдаған физиктер термоядролық реакцияның басқару мәселесін; ал мыңдаған медиктер, химиктер мен биологтар СПИД ауруының емдеу мәселесін шешумен айналысуда. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бірнеше тұлғалардың бір мезетте бір- бірінен тәуелсіз белгілі бір әдіс немесе дәрі-дәрмек түрін жасап шығаруы мүмкін. Мұндай жағдай туған кезде мемлекет өндірістік меншік объектілеріне берілетін құқықтың кімге тиесілі және кімнің атына бекіту қажеттілігі жөніндегі мәселені қозғайды.
Өндірістік меншік объектісін патенттеу процедурасы мен патенттеу ұзақ және көп еңбекті қажет ететін, біздің ойымызша - бюрократиялық әрекет. Схема түрінде патенттеу процедурасын келесідей көрсетуге болады: патенттік органға арыз беру-арыздарды қабылдау бөлімінде формальді сараптама жүргізу - өнертабыстар мен пайдалы модель бөлімінде формальді сараптама жүргізу- қорғау құжатын беру жөнінде шешім қабылдау- берілетін патент жөнінде мәліметтерді жариялау, патент иеленушіге қорғау құжатын беру.
Арыз беру немесе қорғау құжатын патент иеленушіге ұсынудың қайсысы құқықтық қорғаудың алғашқы кезеңі болып табылады? А. А. Амангельдінің көзқарасы бойынша қорғау құжатын ұсыну- құқықтық қорғаудың алғашқы кезеңі болып табылады. Себебі осы құжат негізінде ерекше құқық беріледі7.
Әрекет ететін барлық ұлттық жүйелерді зерттей келе патенттік құқықтардың пайда болуын екі негіз бойынша - патент иеленуші бола алатын оның субъектісі және соның негізінде патенттік құқықтарды беру жөніндегі мәселе шешілетін - патенттік сараптама процедурасы деп бөліп көрсетуге болады.
§2. Патент қорғау құжатының түсінігі мен мазмұны
Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға халықаралық, сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақтан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (ВОИС) Конвециясының 2-бабында “Интеллектуалдық меншік” әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциалық көрсеткіштерге, қара ниетті бәсекелестікке қарсы қорғану, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 961-бабында осы тақыметті, алайда анағұрлым жүйелендірілген тізілім берілген.
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа “интеллектуалдық меншік”, “өнеркәсіптік меншік”, “патент”, “патент иеленуші”, “айрықша құқық” ұғымдары етене енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез-келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.
Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қойылған. Бұл құқық “айрықша құқық” деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.
Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау принциптері түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті. 8
1992-жылы Ұлттық Патенттiк ведомство патенттеудiң бiрегей жүйесiн қалыптастырды (явончно-проверочную) және оның құқықтық реттелуiн Қазақстан Репсубликасының Патент заңында бекiттi. Бұл жүйенi кейiннен орталық Азия, Закавказьенiң көптеген тәуелсiз мемлекеттерi және Украина да қолдады. 9
Бұл патенттеу жүйесi бойынша қарапайым тiркеу мен сараптама элементтерi бiрiгедi. Бiздiң жүйенiң келiмдiк және тiркелiмдiк сипаты патенттiң формальдi сараптама жүргiзгеннен кейiн берiлетiндiгiнде көрiнедi. Қазақстан Республикасының Патент заңының 22-бабы формальдi сараптама кезiнде қажеттi дәлелдемелердiң болуы, оларға қойылатын негiзгi талаптардың сақталуы және өтiнiм берiлген ұсыныстың құқықтық қорғау берiлетiн объектiлерге жататындығы тексерiлетiндiгiн бекiтедi.
Патент мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi. Оның жүргiзiлу барысында өтiнiм берiлген шешiмнiң патентке қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгi анықталады. 10
Өнертабыс пен өнеркәсiптiк үлгiге алдын-ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсiнiгiмен бiрiгедi.
Қазақстан бiр өнертабысқа екi қорғау құжаты - заңды сарап қорытындысы бойынша алдын-ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсiптiк үлгi сараптамасы қорытындысы бойынша патент берiлуi мүмкiн екенi жөнiнде соны жүйе жасады.
Бұд қорғау құжаттары осы объектiлердi пайдалану басымдығын, авторлығын және айрықша құқықты куәландырады. Алдын-ала патент пен патент ұқсастығының басты элементтерi осылар. Бұл айрықша құқық құжаттары, берiлетiн және қорғалатын айрықша құқық көлемдерi бойынша айырмашылықтары жоқ. Өнертабысқа алдын-ала патентпен және патентпен, пайдалы модельге патентпен берiлетiн құқықтық қорғау көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге алдын-ала патентпен және патентпен берiлетiн құқық бұйымсыз, макеттiң, суреттiң фотосуретiмен көрсетiлген, оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады.
Бұл екi қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегi бар. Өнертабысқа алдын-ала өтiнiмнiң патент ведоствосына берiлген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz