Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Саяси -әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1 Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні . . . 7

1. 2. Саяси әлеуметтенудің институттары мен типтері . . . 12

ІІ. ТАРИХИ БІЛІМІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Ұлы ойшылдар шығармалары - тарихи білімнің

дерек көздері . . . 16

ІІІ. ТАРИХИ БІЛІМНІҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

2. 1. Қоғамдық -саяси өмірдің тарихи білімге тигізетін ықпалы . . . 23

2. 2 Қазіргі таңдағы тарихи білімнің тәрбиелік мәні . . . 39

2. 3 Қазақ жастарды саяси әлеуметтендіру мәселесі . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен қатар саясаттану ғылымында көптеген өзекті мәселелер зерттелуде. Диссертациялық жұмыс саяси - әлеуметтендіруде тарихи білімнің алатын орнына арналған. Қазақстанда өзіндік тәуелсіз тарих ғылымын қалыптастыру және тарихи білім арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Тарихи білім гуманитарлық пәндерден негізі болғандықтан, оның қоғам өмірінде алатын маңызы зор.

Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатды. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. .

Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орынын, атқаратын қызметін, баса да іс -әрекеттерін дәл анықай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған болатын.

Тарихи білім өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейтіндігі мәлім. Сондықтан да қазіргі таңда саяси әлеуметтендіру процесінің жүргізілуі барысындағы тарихи білімнің алатын орны күмән туғызбайды. Осы айтылғандардың бәрі біздің диссертациялық жұмысымыздың өзектілігін дәлелдей түседі.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Зерттеу тақырыбының өзектілігі оның жеткіліксіз қарастырылуымен арта түседі. Аталған тақырып бойынша ұсынылып отырған диссертация алғашқы ізденіс тәжірибесіне жатады. Әрине, зерттеу тақырыбы соны болғанымен, зерттеу объектісінің (студенттердің саяси құндылық бағдарлары) әр түрлі қырлары ғалымдар мен сарапшылардың назарында болған. Мысалы, кеңестік тарихнамада әлеуметтік -тарихи өзгерістер жағдайында тарихи білімнің жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне арналған бірнеше еңбектер жарияланған. Айтар болсақ, олар: Б. Г. Ананьев [1], К. А. Абульханова - Славская [2-3], Е. Ю. Боброва [4], Головаха Е. И., Кроник А. А. [5], А. А. Кроник [6], Н. А. Логинова [7] . Мұндай тарихи - психологиялық зерттеулер адамның көбінесе өз өмірінің әлеуметтік - тарихи болмысының тұжырымын меңгерілгеннін, құрылымы нашар екенін көрсетеді. Жастардың әлеуметтік және саяси ортаға әлеуметтендіруіне арналған еңбектерге келетін болсақ: И. В. Бестужев-Лада [8], А. А. Козлов, А. В. Лисовский [9], Р. Б. Абсаттаров, Б. К. Байлярова [10], М. Х. Титма, Э. А. Саар [11] . Осы сияқты еңбектерде тоталитарлық дәстүрлі қағидалармен қоса жастардың өмірлік құндылықтары туралы терең пайымдаулар да келтірілген.

Кеңес Одағы мен Ресейде студенттердің саяси құндылықтарын қалыптастыру мәселесіне арналған зерттеулер де жарияланған [12-14] . Бұл еңбектердің көпшілігінде студенттерде саяси құндылықтарды қалыптастыру мәселесі оларда маркстік-лениндік идеологияны теңестірілген.

Тарихи білімнің қоғамды әлеуметтендіруде алатын орны психологиялық тұрғыдан жазылған еңбектерде де өз көрінісін тапты [15-17] .

Саяси әлеуметендірудің ұғымына байланысты еңбектерде саяси әлеуметтендірудің мағынасына, оның түрлері мен институттарына, сонымен қатар бұл ұғымның тарихына шолу жасаған еңбектерде баршылық [18- 21] .

Зерттеу тақырыбының Қазақстанда қарастырылу деңгейіне келсек, онда бұл мәселенің соңғы жылдары әр түрлі бағытта жазылған еңбектерде қойыла бастағанын аңғаруға болады. Еліміздің саясаттанушылары Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жан-жақты талдау беріп, олардың студент жастардың құндылық бағдарларына тигізген әсерлерін анықтауға ұмтылады. Осы сипатта төмендегідей зерттеулерді атап өтуге болады [ 22- 34] .

Соңғы жылдары «Саясат» журналың беттеріне жастарды саяси әлеуметтендіру мәселесіне арналған ғылыми мақалалар жарық көруде. Бірақ бұл мақалаларда тарих білімнің жастарды әлеуметтендірудегі алатын орны қөрсетілмеген [ 35- 37] . Саясаттану оқулықтарында саяси әлеуметтендіру ұғымы нақты және қысқаша берілген [ 38- 39] .

Тарихи білімнің пайда болуын, оның қоғам дамуындағы орнын ұлы ойшылардың шығармаларынан аңғаруға болады [ 40- 49] . С. Г. Елисеевтың және Сыдықовтың көлемді мақалаларында адамның өзі тұратын ортаға тарихи - әлеуметтік жағдайына қарай бейімделуінің маңызды мәселелері қарастырылған [ 51] . Бұл жерде профессор Л. Ә. Байделдиновтың еңбегі саяси деректерді жинақтауда және қолдануда методологиялық негіз ретінде қолданылды [ 52] .

Зерттеу деңгейі мен қарастырылуы бағыттарынан төмендегідей тұжырымдар келтіруге болады:

1) саяси әлеуметтендіру мәселесі отандық және ресейлік әдебиетте белгілі бір дәрежеде қарастырылған, теориялық және эмпирикалық ақпарат жинақталған;

2) тікелей тарих білімінің саяси әлеуметтендірудегі орны ғылыми әдебиетте арнайы қарастырылмаған;

3) осы мәселелерге арналған қазақ тілінде еңбектер жарияланбаған. Мәселенің зерттелу деңгейі оң ары қарай қарастыруды қажет етеді.

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде саяси әлеуметтендіруде тарих білімінің орны мәселелері алынған.

Зерттеу пәні қоғамды саяси әлеуметтендіруде тарих білімінің ерекшелігін анықтау болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Магистерлік жұмыстың мақсаты саяси-әлеуметтендіруде тарих білімнің алатын орнын ашып көрсету. Осыған сай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:

  • саяси әлеуметтендіру ұғымының мәні мен мазмұның ашу;
  • саяси әлеуметтендірудің институттары мен типтеріне сипаттама беру;
  • тарихи білімнің пайда болуы және қалыптасу ерекшелігін жан-жақты қарастыру;
  • ұлы ойшылдар шығармалары - тарих білімінің дерек ретіндегі ерекшеліктерін анықтау;
  • қоғамдық - саяси өмірдегі тарихи білімнің ерекшеліктерін көрсету;
  • тарихи білімінің тәрбиелік мәнін ашып көрсету;
  • жастарды саяси әлеуметтендіруде тарихи білімнің маңыздылығын ашу;

- студент жастардың саяси процеске қатысу ерекшеліктерін айқындау үшін осы процестің бағыттық элементтері саяси мәдениет пен саяси құндылықтар ұғымдарына теориялық талдау беру. Бұл үшін студенттердің саяси әлеуметтену ерекшеліктеріне тоқталу қажет және оның факторлары мен тетіктерін нақтылы талдау қажет.

Зерттеудің теориялық - методологиялық негізі: Теориялық - методологиялық негізін анықтауда отандық және шетелдік саясаттанушылар мен тарих, психология ғылым өкілдерінің саяси процесті, жастардың саяси құндылықтарын зерттеуге арналған еңбектеріне сүйене отырып, зерттеу барысында нақтылы тарихи талдау, құрылымдық жүйелік талдау, салыстыру, институтционалдық сараптау (топтық және тұлғалық мүдделер теориясы), мәселелік -хронологиялық талдау, және т. б. тәсілдер мен әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі: Магистерлік жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, оны ішінара бірнеше топқа бөліп қарастыруды жөн көрдік. Негізгі дерек көзі Қазақстан Респулбликасының Конституциясы болып табылады [ 53] . Деректердің екінші тобын ҚР Перзидентінің еңбектері қалады [ 54-60] . Деректердің үшінші тобын үкімет тарапынан шығарған заң актілері құрайды. Мәселен, «Қазақстан Республикасында жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Болашақ» республикалық бағдарламасы, Қазақстан жастары бағдарламасы туралы ҚР Үкіметінің қаулысы. 17 ақпан 2001 ж. №249, Жастар саясатының 2003-2004 жж. арналған бағдарламасы туралы: ҚР Үкіметінің қаулысы. 13 ақпан 2003 ж. №155 /9/ қабылданды.

Біріншіден. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған. Екіншіден, Президент Н. Ә. Назарбаевтың инициативасымен қабылданған «2030» стратегиясында жастардың құндылық бағдарларын елдің түбегейлі міндеттерімен сәйкестендіру осы бағдарламаны орындаудың басты шарттарының бірі делінген. Үшіншіден, 1991 жылы республикада қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңнан бастап, соңғы мемлекеттік бағдарламаларға дейін студент жастардың саяси-әлеуметтік мәселелеріне қоғам тарапынан үлкен көңіл бөлініп келеді.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы: Магистерлік зерттеудіңғ ғылыми сонылығының қойылымдық және шешімдік қағидаларын атап өтуге болады. Біріншіден, қоғамды саяси әлеуметтендіруде тарих білімнің орны мәселесі отандық саясаттанулық және гуманитарлық ғылымдарда алғаш рет қойылып отыр.

Ізденістің теориялық және практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері Қазақстанда жүріп жатқан саяси реформаларды әлемдік тұтастық контексінде қарастыруға мүмкіндік беретін ғылыми саясаттанудың қалыптасуына себебін тигізеді деген үмітіміз бар. Қазақстан студент жастарында саяси құндылықтар бағдарларының қалыптасу ерекшеліктерін қарастыру мемлекетте өркениетті жастар саясатын жүргізу ісіне көмегін тигізе алады. Студент жастардың құндылық бағдарларын білу оқу орындарындағы саяси - тәрбие жұмысын пәрменді өткізуге әсерін тигізеді. Зерттеудің нәтижелері мен қағидаларын елімізде саясаттану пәнін оқытуда және арнайы курстар оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі және мақұлдануы: Магистерлік жұмыстың негізгі мазмұны, тұжырымдары мен қағидаларығылыми сәуір ғылыми конференциясында баяндалып, әл-Фараби атындағы тарих факультетінің Хабаршысында тарих сериясы 2006 ж. № 1 жарияланды.

Магистерлік жұмыстың көлемі және құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қолданылған деректер тізімі -69.

І. САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

  1. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні

Бүгінде жеке тұлғалардың саясатқа деген қызығушылығын арттыру, қоғамдық - саяси өмірге қатысуының ауқымын кеңейту, сондай-ақ, саясатқа ел жұрттың барлық жаңа топтарын тарту әлемдік дамудағы маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Саясатқа жаңа буын өкілдерінің қіруі олардың бойында қоғамдық жүйедегі саяси құндылықтар мен ұстанымдарға, саяси бағыт-бағдарлар мен дағдыларға деген белгілі бір қарым-қатынасты орнықтыруды қажет етеді. Қоғамға ұрпақтар алмасуы кезінде саяси даму мен тұтастықты сақтауға қол жеткізу маңызды жайт. Бұл үрдіс қоғамда «саяси әлеуметтену» деп аталады [38. Б. 176] . Яғни, адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі - өнегесінен үйреніп отырады.

«Әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға ХІХ ғасыр аяғында американ әлеуметтанушысы Ф. Гиддингс пен француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тард енгізді. Олар әлеуметтенуді «тұлғаның әлеуметтік табиғатының даму үдерісі», «әлеуметтік ортаның ықпалымен жеке тұлғаның қалыптасуы» деп түсіндіреді [37. Б. 43 ] . Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыпатасуын айтты.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды қалыптастырады, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды [37, Б. 45] .

Ал, әлеуметтену үдерісінің маңыздылығын атап көрсете отырып, үнді саясаттанушысы П. Шаран оны « қоғамды мәдениеттендіру үдерісі» деген анықтама берген [18, Б. 21] . Әлеуметтену ұғымы қоғамның толық мүшесі ретінде жеке тұлғаның белгілі бір ілімдерді, ережелер мен құндылықтарды меңгеруі деген түсінікті білдіреді. Әлеуметтену үдерісі қоғамдық өмірдің барлық салаларын соның ішінде саясатты да қамтиды. Әлеуметтену саяси салада жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына үлкен әсер етеді. Ол жеке тұлғаның саяси іс-әрекет пен саяси қатынастардың субъектісіне айналуының барлық үдерісіне негіз болды. Әлеуметтенудің нәтижесінде жеке тұлғаның саяси санасы мен мәдениеті қалыптасып, саяси-әлеуметтік белсенділігі артады.

Сонымен, ғылымда әлеуметтену нақты қоғамда қалыптасқан ілімдерді, бағыт-бағдарлр мен ұстанымдарды жаңа ұрпақ өкілдерінің өздеріне қабылдауы, оны сақтауы мен дамытуы турасындағы үдеріс деп қарастырылып жүр.

Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т. б. көбейді. ХХ ғасырдың 70-80- жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарды (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға ХХ ғасыр 60-жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал-шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық - тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т. б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын алу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталды:

- қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

- қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

- саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік - саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі

әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Ал, ХХ ғ. 50-60 жж. осы ұғым негізінде американ әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды негіздеді. Міне, осы кезден бастап саяси әлеуметтену тұжырымдамасы АҚШ-та белсенді түрде қолға алынып, жетілдіріле бастады. Бұған жоғары технологиялық өрлеуге байланысты қоғамда жаңа құндылықтар мен мұрат-мақсаттардың (мәселен, жеке тұлғаны еркін түрде дамыту, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті сақтауды қолға алу, жеке тұлғаның толықтай өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік беру және т. б, ) қалыптасуы себеп болды.

Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-жылдарының аяғына дейін «әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналды. Тек ХХ ғ. 90- жылдарынан бастап отандық саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Нәтижесінде саяси әлеуметтенуді жан-жақты дамыту мақсатымен көптеген саяси және әлеуметтік зерттеу орталықтары пайда болды [18, Б. 43] . Саяси әлеуметтену жеке тұлғаның балалық шағынан бастап оның бүкіл саналы өмірінде жалғасады. Саяси әлеуметтенуге жеке тұлғаның саясат әлеміне енуі, саяси санасы мен көзқарасының, саяси бағыт-бағдарлары мен ұстанымдарының қалыптасуы, саяси іс-шараларға қатысу дағдысының орнығуы, саяси белсенділігінің арттуы жатады. Ресей саясаттанушы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтену дегеніміз тұлғаның саяси санасы мен мінез-құдқының қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау мен атқару, саяси белсенділігін білдіру үдерістерінің біртұтас жиынтығы болып табылады деп тұжырымдайды [20, Б. 17] . Сонымен, Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғанның саяси санасы мен іс - әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау жәе орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуметтену қоғамның саяси құрылымына тән қоғамдық-саяси қатынастарды, оның әрі қарай дамуын жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз іс-әрекетінде осы қатынастарды жаңғыртып, қолдау көрсететін жеке тұлғаларды қалыптастыратын үдеріс болып табылады. Жеке тұлға саяси іс-қимылдарға араласып, өзінің саяси бағыты мен ұстанатын жолын анықтайтыны белгілі. Оның саяси мәдениеттің түрін таңдауы да саяси әлеуметтену арқылы жүзеге асады. Сонымен, саяси әлеуметтену үдерісі деп жеке тұлғаның қоғамдағы саяси ілімдер мен құндылықтарды, саяси ережелер мен мақсат-мұраттарды қабылдап, соның негізінде саяси санасы мен мәдениетін дамыту, белгілі бір саяси ұстанымдар мен міндеттерді жүзеге асыру, өзінің саяси-әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысу және өз тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу арқылы саяси-әлеуметтік тұрғыда қалыптасуын айтады.

Саяси әлеуметтену үдерісінің мәні мен оның кейінгі салдары мынадай құбылыстарымен тығыз байланысты. Біріншіден, саяси әлеуметтену үдерісі бүкіл әлемде мектепте білім беру жүйесінің кеңінен қанат жаюының арқасында қызу жүргізілетін болды. Осыған орай мектептерде халықтың әр түрлі топтпрының балаларын бір мезгілде саяси әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, саяси лидерлер жастардың көп бөлігіне қоғамдағы саяси құндылықтар мен мақсат-мұраттарды таратып, насихаттаумен белсене айналысуда. Ал, екіншіден, бүгінде саяси әлеуметтену үдерісі қоғамдық-саяси жүйедегі барлық топ өкілдерінің арасында саяси іс-шараларға «қатысу рухын» таратуға маңызды ықпалын тигізуде.

Қоғам өркениетті дамудың неғұрлым жоғары сатысына көтерілген сайын, білім беру, танымдық, саяси, мәдени, ақпараттық деңгейде көтеруге солғұрлым зор талаптың қойылатыны белгілі. Осындай маңызды бағдарламаны жүзеге асыруда саяси әлеуметтену үдерісінің орны ерекше. Бұл мақсатты орындау жолында саяси әлеуметтену үдерісі мынадай негізгі мәселелерді шешумен айналысады [37, Б. 44] :

  • қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениет пен сананың негізгі элементтерін жеткізуі;
  • қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибені алмасуға, саяси іс-қимылды жүргізу мен шығармашылықты дамытуға мүмкіндік жасау;
  • саяси мәдениеттің элементтеріне өзгерісткр енгізу.

Қоғам өмірінде саяси әлеуметтену процесі маңызды рөл атқарады. Оны жүзеге асыруға түрлі факторлар ықпал етеді. Олар саяси (мемлекеттік құрылымның түрі, саяси институттар, партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар) және саяси елге (отбасы, құрдастар тобы, оқу орындары, ұжым, әріптестер, мәдени, ғылыми, өнер орталары, ұлттық орталықтар, БАҚ, бір сөзбен айтқанда қарым-қатынас құралдары) деген түрлерге бөлінеді. Шынайы өмірде бұл факторлар бір-бірімен тығыз байланыста болып, жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуіне көп жақты, көп сатылы әсерін тигізеді. Саяси әлеуметтену үдерісі саяси жүйедегі барлық қоғамдық (саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психологиялық, рухани) қарым-қатынастарымен тығыз байланысты.

Бүгінгі күні қоғамның бүкіл салаларында жаңару үрдісін байқауымызға болады. Соған орай қоғамдық ғылым салаларының, олардың ішінде басқалармен қатар саясаттанудың да мәртебесі жоғарылауда. Саясаттану пәні адамдардың қазіргі қоғамдық-саяси жүйенің мән-мағынсын терең түсінуіне, олардың өмірде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауына, құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалана алуына, саяси іс-шараларға белсене қатысуына көмектеседі. Ал, саяси әлеуметтену осы саясаттану ғылымының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Оның зерттеу нысанасына: қоғамдағы саяси ілімдер, саяси бағыт-бағдардың құндылықтар жүйесі, дүниетанымдық көзқарастар жүйесі, саяси дағдылар мен іскерлік жүйелер және т. б. жатады. Өркениетті қоғам өз мүшелерінің саяси сауаттылығын арттыруға, олардың белгілі бір саяси рөлді атқарып, саяси-әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына мүдделі. Осыған байланысты саяси әлеуметтену үдерісі жеке тұлғалардың саяси санасы мен көзқарастарын жетілдірумен, саяси бағыт-бағдарлары мен ұстанымдарын айқындаумен, жалпы саяси-әлеуметтік сипаттағы сапа-қасиеттерін қалыптастырумен айналысып, қоғамда маңызды сипатқа ие.

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

1. 2. Саяси әлеуметтенудің институттары мен типтері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде
Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру процесіне білім мен саяси құндылықтардың ықпалы
Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге әлеуметтендіру
Әлеуметтендіру педагогикасындағы ата-ананың тарихи орны
Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары
Жеке адам әлеуметтануы
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Жастар тәрбиелеудегі саяси элитаның ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz