Білім беру қызметі дамытуының факторлары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Білім беру жүйесін дамытуда ғалымдардың теориялық көзқарастары . . . …. . 7
1. 2 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің модельі . . . 15
1. 3 Елдің білім беру саласы мамандарын даярлау мен оларды дамыту бағыттары . . . 25
ІІ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
2. 1 Қазақстан республикасында білім беру жүйесі саласын қалыптастыру деңгейі . . . 32
2. 2 Елдегі білім беру жүйесіндегі жаңашыл әрекеттер . . . 41
2. 3 Білім беру қызметін дамытудың әлеуметтік-экономикалық факторлары . . . 43
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …. 56
Зерттеу жұмысының тақырыбы : “Білім беру қызметі дамытуының факторлары”
Зерттеудің өзектілігі : Қазақстан Республикасындағы ғылым мен университеттік білімнің дамуының қарқындылық сипат алуы ХХІ ғасырдың мемлекеттік басты талаптарының бірі болып отыр. Бұл талаптар жоғарғы мектеп, әсіресе университеттегі маңызды сұрақтарды тереңірек әрі кеңінен қарастыру мүмкіншіліктерін туғызуда. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қоғамымызда жаңа заман талабына сай білікті мамандар даярлау талабы өсіп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында Қазақстанды жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдылықтарды саралап, отыз бағытты белгілеп бергені белгілі. Осылардың қатарында білім және ғылым саласына да баса назар аударылды. Білім беру реформасының басты өлшемі білім мен білік екенін атап өтіп, “парасатты экономиканың” негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды тиімді пайдалану, инновациялық экономиканың дамыту, білім беру қызметін әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру қажеттігі назарға алынды.
Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы, дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесі басқа материалдық-рухани тараулар сияқты өз дамуын қайта құруды бастан кешіруде. Ғылыми-техникалық прогрестің және өндіріс саласының қарқынмен дамуы ересектерден интеллектуалдық еңбекті, ал өскелең жас ұрпақтан жоғары дәрежелі кәсіби қабілеттілікті талап етті. Бүгінгі таңда еңбек рыногында бәсекелестікке төзімді мамандар даярлау талабы мемлекеттік ғылым және білім министрлігінің “Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейін білім беруді дамытудың бағдарламасында”, педагогикалық білім беру аймағында, сонымен қатар экономиканың өзекті мәселесі ретінде арнайы құжаттарда да көрсетіліп отыр.
Материалды және интеллектуалды құндылықтардың алмасуының кеңеюіне алып келген жаһандану өткен ғасырдан бастап экономикалық прогресске де ынта болып отыр. Жаһандану үрдісінің таралуы капитал, технология, тауар, еңбек нарықтарын тығыз байланыстырып, араластырып жіберген трансұлттық компаниялардың септігінен болып отыр. ХХ ғасыр аяғына қарай халықаралық экономикалық жүйе күрделі құрылымға айналды. Мұнда, әр ел жиынтық өнім өндіруге азды - көпті септігін қосып, ұлттық нарық шекараларын кеңейтуде. Сонымен қатар мамандардың және саясаткерлердің пікіріне сай, жаһандандыру бірқатар елдер үшін жағымсыз салдар әкелу мүмкін. Бұл әр түрлі елдердің бірдей емес даму деңгейінде болу себебінен. /11/
Халыққа жолдауында Н. Ә. Назарбаев әлемдік алдыңғы қатарлы дамыған және бәсекелестікке төзімді мемлекеттер қатарына қосылуды ұсынған болатын. Бұл мәселені шешуде ең маңызды жеті бағыт анықталды. Осындай кілттік басымдылықтардың бірі білім мен ғылымды дамытуды дұрыс жолға қою болды.
Халық алдындағы басты талап жаңа ғасырдың жаңаша өзгерістері мен бағыт-бағдарына әрқашан даяр болып, қатаң бәсекелестік сайысына бейімделу. Мен бүгінгі жастар жолдаудың мәні мен мақсатын түсініп, басты идеясына тереңнен көз жүгіртсе деймін. Бүгінде алдымызда тұрған тапсырмаларды жақсы меңгеріп, түсіну үшін қазіргі ғаламдық әлемді көре біл керек, - деген болатын Н. Ә. Назарбаев.
Бұл жүйе алдындағы мемлекеттік және әлеуметтік жайт, болашақ ұрпақты өркениетті азамат етіп тәрбиелейтін отандық білім ордалары мен әлеуметтік-экономикалық білім саласы мамандарына үлкен жауапкершілік жүктейді.
ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналған болса, осы заманның өз деңгейіне сай келерлік мамандар даярлау мәселесі отандық және шетелдік ғалымдарды толғандырып жүргені анық.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі ғылым саласындағы даму бағыттарына сүйенгенімен еліміздің білім беру жүйесінің отандық дәстүр мен үрдістеріміздің ерекшелігіне сай өзіндік жолы бар. Еліміздегі білім беру бағытының дамуы үшін оны дамытудың факторлары қажеттігі «Қазақстан Респуликасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген.
Бұл салада азды-көпті еңбек еткен ғалымдар болғанымен, нақтылы зерттеулер аз, сондықтан бүгінгі күні білім беру жүйесін дамыту факторлары теориялық негізін практикамен сабақтастыру негізгі мәселе болып отыр.
Білім беру жүйесін дамыту факторлары мен оны қалыптастыру саласында соңғы жылдарда Әубәкіров Я., Шеденов О. К., Жатқанбаев Е. Б., Ілясов Д. К., Күренкеева Г. Т., Досқалиев С. А. сияқты отандық экономист ғалымдармен қатар Қусайынов А. Қ., Ж. Р. Баширова сияқты бірқатар педагогтар да еңбек еткен. Дегенмен, бұл мәселені шешуде теорияның жеткіліксіздігі мен тәжірибелік қажеттілік біздің зерттеудің тақырыбын құрайды: “Білім беру жүйесін дамытудың басты факторлары”.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту үрдісі.
Зерттеудің пәні : Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың басты факторларын қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің болжамы : Егер білім беру жүйесінің моделін осы сала мамандарының әрекеттік біліктілігінің даму потенциалына негіздеп және отандық проблема негізінде құрсақ, онда болашақ білім беру жүйесінің даму факторлары жеткілікті деңгейде қалыптасқан болар еді, өйткені отандық білім беру жүйесінің дамуы деңгейі мен мазмұны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымына сәйкес жасалынған.
Зерттеудің мақсаты : Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың басты факторларын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері :
- Білім, біліктілік, білім жүйесі, білім жүйесі дамуының факторлары түсініктерінің мәнін ашу.
- Білім беру жүйесінің мемлекеттік моделін құру.
- Білім беру жүйесінің мемлекеттік моделінің талаптарына сай педагог мамандарды даярлау жұмыстарының даму потенциалын анықтау.
- Білім беру саласы дамуының моделінің апробациясы бойынша әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.
- Экономикалық ұсыныстарды даярлау.
Теориялық мәнділігі : Білім беру саласын дамытушы факторлардың мәні мен мазмұнын анықтау.
Практикалық маңыздылығы : Білім беру саласын дамытушы факторларды анықтауда теория мен практиканы сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық тұжырымдамасының жетекші идеясы: жоғары оқу орындары жүйесінің потенциалы мен ресурстарының түпкі нәтижеге бағдарлануы. Ол нәтиженің мәні сол, кәсіпті меңгеруде кәсіби міндеттерді теориялық және практикалық тұрғыдан шешуге дайын, осы үшін кәсіби іс-әрекеттерді ұйымдастырып, қолдана білетін, кәсіпті меңгеру барысы мен нәтижесін талдап, түзете алатын мамандардың кәсіби тұрғыдан жетілуі, өзін-өзі жетілдіруі, экономикалық факторларды бекіткендігі.
Күтілетін нәтиже :
1. Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
2. Білім беру жүйесінің даму потенциалына ықпал етуші факторларды анықтауда теориялық материалдарды жүйелеу.
Ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- білім беру жүйесін дамытудың басты факторларына байланысты теориялық негізі түзіледі, оның маңыздылығы, мазмұны мен құрылымдық компоненттері анықталады;
- білім берудің даму потенциалының моделі жасалды.
- білім беру жүйесінің дамуына тікелей әсер етуші факторлар жиынтығы анықталады.
Магистрлік диссертацияның құрылымы мен қысқаша мазмұны . Бұл зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, алты тараушадан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, негізгі мақсаты, нысаны, болжамы анықталып, оларға сәйкес зерттеу барысында шешілуге тиісті мәселелер белгіленеді, зерттеудің жаңалығы, теориялық құндылығы, тәжірбиеге енгізілуі туралы мәліметтер көрсетілді.
Зерттеудің “Білім беру жүйесін дамытуда экономист мамандардың теориялық көзқарастары” тарауында экономикалық, педагогикалық әдебиеттердегі білім беру жүйесін дамытудың факторларын анықтау мәселесі туралы зерттеулерге, көзқарастарға жан-жақты талдау жасалынады. Осы тарауда, еңбектерге сүйене отырып білім беру жүйесін дамыту мәселесін сипаттап, дамытушы факторларына және оның компоненттік құрылымы анықталады, қалыптасу деңгейлеріне, белгілеріне сипаттама беріледі.
“Білім беру саласының мамандары. Елдің білім беру саласы мамандарын даярлау мен оларды даярлау жұмыстарының даму потенциалы” атты тарауда еліміздегі жоғары оқу орындарында кәсіби мамандарды даярлаудың бүгінгі жағдайына да тоқталып өттік. Мемлекеттің білім саясатына сәйкес Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі жаңашыл әрекеттері мен әлеуметтік-экономикалық факторлар жағдайы жайында сөз қозғалды.
Қортынды бөлімінде жалпы зерттеу барысында алынған нәтижелер мен ұйғарымдардың маңыздылары іріктіліп, жүйеленіп қысқаша тұжырымдамалар түрінде келтіріледі.
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Білім беру жүйесін дамытуда ғалымдардың теориялық көзқарастары
Адамзат баласы қоғам дамуының соңғы он жылдық көрінісіндегі жетістіктердей құбылысқа ешқашан куә болған емес. Білім деңгейінің қарқынды қозғалысы адам әрекетінің барлық салаларын қамтып алды. Ғаламдастыру үрдісі әлеуметтік, мәдени және экономикалық шекараларды бірлесуіне себеп болды. Идеялардың, ойлау стереотиптерінің, өмір сүру тәсілдерінің алға жылжу темпінің ұлғаюына орай қоғамдағы білім берудің орыны мен рөлі өзшеге сипатқа ие болды. /1; 2/] ЮНЕСКО халықаралық ұйымы XXI ғасырдағы білім беру үрдісінде төрт нәрсеге ерекше тоқталған: бірлесіп өмір сүруге, білім алуға, жұмыс жасауға және өмір сүруге үйрену.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы халыққа жолдаған жолдауында “елдің бәсекелестікке төзімділік деңгейі оның білім сапасынан көрінетіндігін . . . Елімізге болашақты көздейтін жаңа білім бағдарламасы қажет екендігін тағы да атап өтті”
Еліміздің әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қарай жасайтын қарышты қадамын сөз еткен елбасы Н. Ә. Назарбаев ендігі жерде алдағы он жылдықта атқаруға тиісті жұмыстарды айқындауда ең алдымен білім, ғылымды өркендетуден бастайтындығын атап өтті. Бұл жолдауда көзделген мақсатымыз да, экономикалық өсудің көлденең тартар көрсеткіші де емес, бұл - қазақстандықтардың тұрмысын жақсарта берудің қолымызда бар нақты мүмкіндігі екендігін ескертті. Сонымен қатар ел президенті осы жолдауында біз мемлекеттің білімі мен ғылымын дамыта отырып, экономикалық дамуы жағынан Қазақстанды “аймақтық локомативке” айналдыруға мүмкіндігіміз бар деген еді. /1; 2/ XXI ғасырдың басындағы әлеуметтік-мәдени жағдайлар білім беру жүйесіндегі өзгерістерді көздеп қана қоймай, оның қалыптасу жағдайын да ұстанатын жаңа білім кеңістігінің орнығуына негізделген. XX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлеуметтік жағдайдың барлығы макромодельге: ғылым - өндіріс - білім жүйесіне негізделгендігі анық. Білім беруге деген жаңа көзқарас бұл жүйенің: мәдениет - білім - тарих деген мәдени макромоделінің қалыптасуына себеп болды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында Қазақстанды жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдылықтарды саралап, отыз бағытты белгілеп, осылардың қатарында білім және ғылым саласына да баса назар аударды. Білім беру реформасының басты өлшемі білім мен білік екенін атап өтіп, “парасатты экономиканың” негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды тиімді пайдалану, инновациялық экономиканың дамыту, білім беру қызметін әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру қажеттігі назарға алынды. Демек, әлемдік еңбек рыногында бәсекеге төзімді қызметкерлер қатарын қалыптастырамыз деген талпынысымызға жан-жақты қолдау көрсетуде талмай еңбек ету қажеттігі айқын. Бұл тұрғыдан Әубәкіров Я., Шеденов О. К., Жатқанбаев Е. Б. сынды экономист ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жүгенетін болсақ өркениетті экономикаға, дүние жүзілік бәсекелестікке сауатты білім арқылы жететіндігіміз деген пікірімізді әрі қарай нақтылай түседі.
Отандық экономикада ғалымдар бәсекені рыноктық тепе-теңдікті орнататын құрал ретінде қарастырады. Онда әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту болып табылады. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеп соғады. Егер қандай да бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылар арасында бәсекелестік күшейеді дейді, - экономист ғалым Е. А. Жатқанбаев өз еңбегінде. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды сатып алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ал тауарға ұсынысты ұлғайтады. /6; 118/ Демек, бүгінгі күні біздің білім саласындағы өндірісіміз осындай тапшы тауарлар қатарынан орын алуға тиіс.
Кесте 2 - Мемлекеттік және рыноктың экономикалық қызметі
▪ қалыпты бағаны қалыптастыру
▪ шығынға қарсы
▪ есептік
▪ негіздемелік
▪ салықтық
▪ бюджетті басқару
▪ экономиканы құқықтық қамтамасыз ету
▪ тауар-ақша айналым жүйесі
▪ сертификаттау және меншік құқығын қорғау
▪ бәсекелестікті қолдау
▪ тұтынушы құқығын қорғау
▪ экономиканы тұрақтандыру
▪ сыртқы ұстанымды компенсациялау
Дүние жүзінің еңбек рыногында қызмет ұсынысын нығайтып, бәсекелесті жеңіп шығуда аянбай еңбек ету еліміздің ертеңі десек артық болмас. Ал еңбек рыногындағы маманның жеке индивид ретінде тұлғааралық қатынастар жүйесінде өзін қоршаған орта адамдарымен бірлесе әрекет ете алу қабілеті, әлеуметтік жағдайға бағдар тұта білу, басқа адамдардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен эмоционалдық ахуалын дұрыс айқындап, кәсіби қарым-қатынаста тиімді тәсілдерді таңдап алу және оны бірлесіп әрекет ету үстінде жүзеге асыру, ұлттық және әлемдік мәдени ерекшеліктерді игеру, қоғамдағы ұстамдылық, тілдік этикетті сақтау сияқты қасиеттер тұтастығы кәсіби, қоғамдық-мәдени біліктілік дағдыларын көрсететін өлшем. Экономикада адамға тән бұндай сапа иеліктерін адам капиалы терминимен атайды. Жалпы бірқатар саяси экономиканың классиктері “капиталды” жинақталған еңбек деп қараса, енді біреулері оны өндіріс құрал-жабдықтары жеп қараған. Бұл қазіргі Е. Б. Жатқанбаев сынды отандық экономистердің еңбектерінде толық қарастылған.
Мемлекетіміздің алға қойған басты мақсаттарына үлкен мәдениет шыңына, өркениетті ел қатарына білім, ғылымды жетілдіру арқылы қол жеткізетіндігіміз анық. Мәдениет ұғымының өзін зерттеп қарар болсақ, адамзат «мәдениеті» («қоғам» ұғымы сияқты) экономика, психология және басқа да гуманитарлы ғылымдарда өте кең ауқымда қолданылады. Мәдениетті психология ғылымдарында белгілі бір топқа тән ерекше қасиет, әлеуметтік мұра, тарихи-қоғамдық, мәдени тәжірибе деп таниды. /18/ Э. Тайлор : мәдениет білім, өнер, таным, заңдылықтар, дәстүрлер мен адамның қоғам мүшесі ретінде игерген бірқатар дағдылары мен қабілеттіліктерінің тұтастығы, - деп тұжырымдайды. Бірқатар сөз шеберлерінің ойларына көз жүгіртетін болсақ көптеген ғұламалар сөзді қатынас құралы, мәдениеттің архетипі деп танығандығына куә боламыз. Оған дәлел ретінде Х. Ортега-и-Гессеттің «Человек в качестве человека не может существовать без культуры. Собственно культурным актом является созидательное действие, посредством которого мы извлекаем logos некого объекта, до этого момента являюшегося необозначенным» деген сөзін келтірсек болады.
Егер білім беру кеңістігін талдайтын болсақ оның үнемі динамикалық қозғалыста болатындығына көз жеткіземіз. Қоғам дамуы мен мемлекеттің ішкі қозғалысына икемделіп, оның қажеттіліктерін анықтап отырады.
Білім беру реформасын сөз етпес бұрын “реформа” деген ұғымның өзін талдап алсақ орынды болар. “Реформалау” - экономикалық жүйенің бір үлгісінен басқасына өтуі. Экономикалық реформа - экономикалық қатынастарды өзгертуге бағытталған саналы түрде жүзеге асырылатын өзгерістер. Білім беру жүйесін реформалау, басқару істерінің қызметін соңғы жылдары жаңаша “менеджмент” терминімен атан жүрміз. “Менеджмент” дегеніміздің - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындарды басқару нысаны, менеджменттің негізгі қызметі - шешім қабылдау және оны орындау.
Білім саласындағы бүгінгі жетістік, көтерілген биік, экономиканың қарыштап дамуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы 1997 жылғы қабылданған Елбасының “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағдарламасының алғашқы қорытындысының нәтижелі болғандығын білдіреді. Осыған қарап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының дұрыстығына көз жеткізіп, алдағы он жылда да Отанымыздың даму қарқыны еселеп артатындығына толық сеніммен қарауға болады. Мұндағы игілікті іс, батыл қадамдар білім мен ғылым саласының да дамуына кең жол ашты.
“Парасатты экономиканы” қалыптастыруда, экономикалық өсуде білім мен ғылымның, білікті кадрдың атқарар рөлі қашан да ерекше десек, соны жүйелілікпен жүзеге асыру жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр деп батыл айтуға болады. Экономикалық өсу дегеніміз - бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдіруі деп түсіндіреді отандық экономист ғалымдар. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты жалпы ішкі өнімнің артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму - бұл көп өлшемді процесс, оның құрамына техникалық, экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді. Білім саласын дамыту факторларын іздестіре келе біз Бальцеровтың мынадай пікіріне кездестік. Зерттеушінің пікірінше, экономикалық даму қарқынын анықтайтын басты факторлар төр топқа бөлінеді:
1. Экономикалық дамудың бастапқы деңгейі
2. Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі
3. Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс
4. Шаруашылық жүргізудің сыртықы шарттары, яғни әлемдік экономика конъюнктурасы. /4, 261/
Алдыңғы қатарлы елдердің білім беру жүйесі жүргізілген реформалар негізінде дамиды. Мемлекеттік-саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, сонымен қатар әлемде болып жатқан жаңа мәдени қозғалыстар оның жүзеге асыуна себепші болады. Бірақ нақтылы жағдайларға сай болашақ мақсат, міндеттері анықталады. Мысалы АҚШ-та ұлттық білім беру жүйесінің алғашқы масштабты реформалары Совет Үкіметінің мақтанышы болған технологиялық жетістігі - алғашқы жасанды спутнигінің шығарылуына жауап ретінде қолға алынған болатын. Осыдан соң кәсіби мамандарды даярлаудың сапасын арттыруды мықтап қолға алған.
Жапонияда алғашқы реформа ХХІ ғасырдың 70 жылдары басталды. Оның басты мақсаты ұзақ жылдық қорғауда қалған Жапонияның экономикалық жағдайын жақсарту, қажеттіліктерін қамтамасыз ету және озық мамандармен жасақтау саясаты болды. Қазіргі үшінші реформа сексенінші жылдардан бастау алады және жиырма бірінші ғасырдың бірінші он жылдығын қамтуды көздейді. Басты мақсат ашық қоғам азаматтарының тұлғасын қалыптастыру, эгализм мен бір беткейлікті игеру, массалық және унифициалды қалыптан тұлғалық даралыққа, ұлттық болмысқа көшу.
Біз кез келген саланы қарастырарда қашан да шет елдік немесе дамыган елдермен байланыста, салыстырмалы түрде талдайтындығымыз анық. Ендеше осындай алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне көз жүгіртетін болсақ Германияда білім беру жүйесі 1950, 1960, 1970, 1980, 1990 және 2000 жылдары алға қойылған. Соңғы реформаның міндеті - орта білім беру жүйесінің мақсат, міндеттерін қайта қарастыру, жоғары білікті жас мамандар қатарын даярлау, ғылым мен білімге сапалы стандарттарды енгізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz