Вилли Брандт - социал-демократ,теоретик,канцлер


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультетінің магистратурасы

Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

Магистрлік диссертация

Вилли Брандт - социал-демократ, теоретик, канцлер

Орындаған Е. К. Сейдахметов

Ғылыми жетекші Г. К. Көкебаева

т. ғ. к., доцент

Қорғауға жіберілді:

Шетелдердің жаңа және

қазіргі заман тарихы

кафедрасының меңгерушісі,

т. ғ. д., профессор С. М. Мәшімбаев

АЛМАТЫ 2005

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3

І тарау. Вилли Брандт-халықаралық социал-демократияның

теоретигі . . . 6

  1. Демократиялық социализм тұжырымдамасы және герман

социал-демократиясы . . . 6

  1. Вилли Брандтың демократиялық социализм теориясына

қосқан үлесі . . . 25

ІІ тарау. Вилли Брандт үкіметінің ішкі саясаты . . . 34

2. 1. Герман Федеративтік Республикасындағы алғашқы

социал-демократиялық үкіметінің құрылуы . . . 34

2. 2 . Вилли Брандт үкіметінің әлеуметтік-экономикалық

саясаты . . . 38

III тарау. Вилли Брандт үкіметінің сыртқы саясаты . . . 43

3. 1 . «Жаңа шығыстық саясат» және Вилли Брандтың

герман мәселесіне көзқарасы . . . 43

3. 2 . Вилли Брандт және Батыс Берлин мәселсінің шешілуі . . . 52

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Халықаралық социал-демократиялық ағымының көрнекті өкілі Герман социал-демократиялық партиясының теоретигі, мемлекет қайраткері Вилли Брандт (1913-1992 ж. ж. ) герман тарихындағы алатын орны ерекше. Саяси қайраткердің қалыптасқан демократиялық социализм тұжырымдамасын терең зерттей келе ел басқаруы, партиялық қызметкерлігі кезінде жиған-терген күш-жігерін іс-жүзінде өте ұтымды пайдалана білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «демократиялық социализм» тұжырымдамасы социал-демократиялық партиялардың бағдарламалық құжат-материалдарында ресми түрдегі саяси стратагиясы болып қалыптасты. Сол тұжырымның дамуына үлкен үлес қосқан азаматардың бірден-бірі Вилли Брандт.

Брандт өмір құндылықтары мен демократиялық принциптерді қоғам дамуы динамикасының негізгі жүйесі деп түсіндіреді. Социал-демократизм сол құндылықтар мен принциптерді идеялық позиция ретінде ұстанады. Оның бірнеше принциптерін атап кетуге болады:біріншіден, демокртиялық социализмге негізделген қоғамды жан-жақтыдамытудың ұзақ процессі болып табылатын идеялық бірлік; екіншіден, жергілікті ұлттық кәсіби одақ және жұмысшылар мен билік арсындағы үзілмейтін байланыс; үшіншіден, әрқашан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызы бар еңбекшілеаді әлеуметтік қамсздандыру тұжырымдамасы. Ал өзге мәселелер(рынок мәселесі, бағаның құрылуы, мемлекеттің экономикалық дамуды бақылауы т. б. ) белгілі-бір партиялардың арнайы бағыт-бағдарының ерекшелігі ретінде қарастырылады.

Вилли Брнттың социал-демократизмі тарихи дамудағы күш қолданбау контексіндегі адам табиғатын және оның мүмкіндіктері түсінігінен нәр алады:60-70 ж. ж. екі саяси жүйенің теке-тіресі- «қырғи-қабақ соғысы» тұсында соғыс қаупін тудырмау негізінде жүргізген халықаралық саясаты ұтымды болды. Бұл ретте Вилли Брандтың «жаңа шығыстық саясатын» айтуға болады:Герман Федеративтік Республикасының Кеңестер Одағы және Шығыс Еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынасын реттеу саясаты күні кешке Германия канцлері Г. Шредер мен Ресей Федерациясының президенті В. Путин кездесуінде Вилли Брандт өзінің канцлер қызметі тұсында әлеуметтік-эконмикалық реформалары үлкен нәтиже берді. Вилли Брандт реформаторлық өзгерістердің бұлжымау кепілдігін бірі деп түсінді. Сол уақыттағы қоғам өміріндегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жеңіп өту үшін халықтың тұрмыс жағдайын көтеркге бағытталған реформалық саясаттың өте керек екндігігін Вилли Брандт үкіметінің мемлекетті басқарып, билеу үлгісінің үлкен нәтиже бергені демократиялық социализм концепциясының өміршең екндегін тағы көрсетеді.

Екіші дүниежүзілік соғыстан «демократиялық социализм» тұжырымдамасы социал-демократиялық партиялардың бағдарламалық құжат-материалдарында ресми түрдегі саяси-әлеуметтік стратегиячы долып қалыптасты. Герман социал-демократиялық партиясының көрнекті өкілі, реформатор Вилли Брандт «демократиялық социализм» теориясының дамуына үлкен үлес қосты.

Мәселеніңң зерттелу деңгейі:

Негізінде Вилли Брандт нақты қызметкерлігіне байланысты арнайы зерттеу еңбегі болмаса да социал-демократизм, демократиялық социализм тұжырымдамасы, Германияның «шығыс саясатына» байланысты еңбектерден жанама ақпараттар алуға болады. 1992 жылы Вилли Брандтың еңбектері, хаттары, сөздерінен екі бірдей жинақ жарық көрді /1/. Оны құрастырушылар Б. С. Орлов пен Т. Н. Мацонашвили Вилли Брндтың өте актуальді еңбектерін жинаққа қосты. Демократия проблематикасы мен мемлекет теориясы тұрғысында социал-демократтар демократияны жалпылық принцип деп түсінеді. Вилли Брандт қоғамда демократия үнемі жаулап алушылық қасиетте болып тұруы қажет, әйтпсе ол өлуі мүмкін дейді. Демократияны дамыту ортақ жауапкершілікпен қаралуы керек Вилли Брандт қоғамдық саясаттың мәнін адамдарға «эконмикалық және қоғамдық процесстердің объектісі емес, субъектісі болуы керек» деген жағдай жасалуы керек. Оны жүзеге асыруда тәжірбиелісясат пен социал-демократиялық рефомалардың жобалары көмектеседіВилли Брандтың социал демократиясында тек мақсаттар мен жолдарды ғана көрсетпей, сонымен қатар әлеуметтік-рыноктық шарушылық және қоршаған ортаны қорғау дген сияқты маңызды салаларды қарстырады.

Соңғы кездері Германияның шығыстық саясатына байланысты Вилли Брандтың саясаты туралы ақпараттарды халықаралық интернет желісінен кездестувімізге болады. (Хайнс Дициг «Немецкая волна») . Сонымен қатар мерзімді басылымдар беттерінде де ол туралы материалдар көбейіп келеді. Ресей тарихшылары социал-демократиялық идеологияға байланысты қоғамдық пікір қалыптастыруда /2/, сонымен бірге социал-демокртия мұраттарына деген қызығушылық Қазақстанда да белең алуда /3. /

Брандт Шығыс Еуропа мемлекеттеріндкгі демократиялық құбылыстардың дамуы мен өзгеруне мұқият зер салады, себебі ол қоғамда демократиялық үрдістер қаншалықты дамыса, ондағы әділеттілік те соншалықты жоғары дәрежеде болады деген ұстаным ұстанады. Реформистік идеяларды қолдай келе, Эдуард Бернштейн дамытқан демократиялық социализм саясатын /4/ Вилли Брандт өзінің канцлер қызметі тұсында дұрыс қолданды. Кеңес Тарихнамасында демократиялық социализмді аңыз деп, коммунизм мен кпитализм арасындағы үшінші жолды ұсынған социал-демократтар қателеседі деп жазған еді және де социалистік жүйе капитализмге өте жат деп түсіндірді /5/.

Тақырыптың деректік қоры:

Зерттеу объектісі нақты бір адамның қызметкерлігіне байланысты болғандықтан Вилли Бранндттың естеліктері, оның Батыс Берлин бургомистрі, Герман социал-демократиялық қызметкерлігі тұсындағы, халықаралық социалистік интернационал президенттігі кезіндегі жылдарда, съездеріне сөйлеген сөздері мен бағдарламаларын тақырыптық түп-деректік қорына жатқызуға болады . /6/сонымен Батыс Берлинге байланысты халықаралық құжаттар, мемелекеттер арасындағы келісім-шарттарды да жатқыздық /7/ Вилли Брандт үкіметтік, партиялық бағдарламаларында «бостандық» «еркіндік», «ынтымықтық» құндылықтарын ерекше етіп көрсетеді . Вилли Брандт реформаторлық тұғырнамаға бағдар жасауы - қоғамдағы демократиялық өзгерістердің бұлжымаайтын кепілдігі деп түсінді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері:

Тақырыптың хронологиялық шеңбері социал-демократиялық Нақты ағым болып қалыптасуы, яғни 19ғ. аяғы мен Вилли Брандтың соңғы өмір сүрген 20ғ. 90-жылдарына және осы күнге дейінгі аралықты қамтиды, жалпы социал-демократияның идеологиясы әлеуметтік бағыттылығы, стратегиясы нарықтық қатынастарды мемлекеттің рөлін көтеруде өте маңызды болғандықтан олардың саясаты өте актуальді болды және келешекте де болады деп ойлаймын.

Мақсаты : Магистрлік жұмыстың алға қойған мақсаты-Вилли Брандтың саяси-әлеуметтік қызметкерлігін талдай отырып, ГСДП-ның стратегиялық мұраттарына сипаттама беру. Сонымен бірге социал-демократиялық ағымның идеологиясын жан-жақты зерттеуге тырысып, өзіндік тұжырым жасу.

Міндеті: Алға қойған мақсатымызға жету үшін төмендегідей міндеттерді айқындадық:

-«демократиялық социализм» тұжырымдамасына сипаттама беру;

-Вилли Брандт үкіметінің ішкі саясатындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларын қарастыру;

-Вилли Брандтың «жаңа шығыстық саясатын» қрсатыру;

-Вилли Брандтың Батыс Берлин мәселесін шешудегі рөлін анықтау.

Жұмыстың құрылымы: Магистрлік диссертация үш негізгі бөлімнен тұрады:кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан. Негізгі бөлім үш тараудан және алты тармақтан тұрады.

I ТАРАУ. Вилли Брандт-халықаралық социал-демократияның теоретигі

1. 1 Демократиялық социализм тұжырымдамасы және герман социал- демократиясы

Демократиялық социализм тұжырымдамасын айтқанда есімізге социал - демократиялық партияның доктриналары есімізге түседі. Қазіргі таңдағы социал - демократиялық партияларды идеологиясы ұзақ тарихи эволюциясының жемісі. ХІХ ғ. социал - демократиялы ағым марксизмнің идеялық теориялық негізінде қалыптасты. Көптеген Батыс Европалық социалистік және социал - демократиялық партиялар маркстік идеологиядан бас тартып ревизионистік ағымның негізін қалады. Социал-демократия марксизмнің ішінде тың реформалар жасауға. Мессиандық дәмегөйліктен, ақиқаттың түбіне жету пиғылынан арылуға барынша талпынды. Олар бұл тұрғыда либералдық-демократиялық тұжырымдамаға бір табан жақындады. Қоғамдық өмірдің барлық сасаларында әрқилы көзқарасты, оппазицияның қажеттігін мойындау, саяси рөлдерді әртараптандыру, саяси өкілдік пен саяси органдарды кеңінен дамыту сияқты бірқатар маңызды тармақтарды онымен толық үйлесім тапты. Мұндай ұстаным, әрине, қарсылық, тай-талас ауанын жоққа шығарады және өмір мен әлеуметтік тәжірибенің табиғи-тарихи нысандарының сан алуандығынақисынды үрдіс ретінде қарайды.

Қазіргі либерализмнің классикалық либберализмнен айырмашалағы - оның социал - демократия мен консерватизмнің бірқатар идеяларын қабылдап сіңіргендігі. Бұл ешбір күмәнсіз жайт. Осы пікірді ортодоксальдік марксизмнің көптеген кінәратынан арылған либерализмнің бірқатар идеяларын, әсіресе оның бүгінгі заман сипатына орайластырылғандарын екшеп қабылдаған қазіргі социал - демократия туралы да нық сеніммен айтуға болады. Әңгіме бұл арада, ең алдымен жеке адамның құқықтары мен бостандықтары әлеуметтік өмірдің кез-келген саласында монополизмге жол беруге болмайтындығы болып отыр. Қысқасы, социал - демократия либерализмнің іргелі принциптерін жеткілікті көлемде қабылдады. .

Бүгінгі таңда социал - демократия ретінде Социалистік Интернационалға кіретін саяси партиялардың теориясы мен практикасы, сондай-ақ осы партиялардың мүдделерін қорғайтын әлуметтік топтар қозғалыстары түсініледі. Социал - демократия - бұл саяси-әлуметтік қозғалыс және саяси-идеялық ағым. Саяси-идеялық ағым ретінде ол бір текті емес және бірқатар идеяларға, принциптер мен құндылықтарға негізделген «демократиялық социализм» деген жалпы атау аясында бірігеді/8/.

Социал-демократия әртүрлі нысанда өмір сүреді және қандай елде жүзеге састынына байланысты өз ерекшеліктері бар. Социал - демократияның тарихи жұмысша қозғалысының тарихы мен ажырағысыз байланысты. Ал жұмысшы қозғалысының ішінде ортодоксальді-комунистік бағыт сияқты өзге де ағымдардың болғандығы белгілі. Тарихи ақиқат үшін жұмысшы қозғалысының екі қанаты да марксизмнен шығып, оның ішіндегі қайшылықты көрсеткенін айта кеткен жөн.

Социал - демократия өнеркәсіп революциясына байланысты әлемдік өркениет дамуының жаңа сатынсында таптық ұстанымның жойылмаған күннің өзінде келесі қатарға сырғытылғанын дұрыс көрсете білді. Бұл - жалпыадамдық мүдделер мен құндылықтардың таптық, ұлттық, өңірлік мүдделерден, ал әлеуметтік мәміле идеясының егес және таптық күрес идеясынан мерейі үстем болатынын мойындағандықтың белгісі. Жұмысшы қозғалысының ішіндегі дербес саяси ағым ретінде социал - демократия революциялық және реформаторлық күштердің ұйымдық аражігі ашылғаннан кейін ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қалыптасты. Социал - демократияның ағым болып ұйысуы Э. Бернштейн, К. Каутский, Г. Клеханов және өзге де тұлғалардың есімдерімен байланысты.

Революциялық күштерді біріктірген Коминтернге қарсылық ретінде социал-демократтар Жұмысшы Социалистік Интернационалын құрды (1923-1940жж) социал-демократтардың комунистерден әуелден басты айырмашылығы социализмге деген негізгі көзқарасты қайта қарау идеясын ұстанғандығы еді. Ақиқатында, бұл үрдіс тым ұзаққа созылды, тіпті Франкфурт принциптері деклорациясында да социализмді түсінудің жаңа айқындамасына көшу ақырына дейін жеткізілмеді. Солай болса да революциялық принциптерден реформизмге қарай ойысудың ту бастан-ақ байқалғандығын атап өту қажет.

Алайда алғашқы сәтте социал-демократия капитализмге балама ретінде капиталзмді революциялық жолмен құлату және жеке меншікті жою, өндіріс құралдарын ортақтастыру, жалпы теңдікті орнату, яғни эголттаризм принципін жүзеге асыру негізінде қоғамды түбегейлі қайта құру қажеттігі туралы марксизмнің маңызды ұстанымын қолдады. Алайда социал-демократия саяси күрестің бел ортасында демократиялық қоғамдық-саяси институттарды және қолданылып жатқан саяси ойыедарды мойындайтын саяси-идеялық қозғалыс ретінде укөзге түсті және соның арқасында ортодоксальдік марксизмнен іргесін аулақтата түсті. /9/

Мүлдем жаңа айқындама барысында өмірдің өзі және саяси тәжірибе шешуші рөл атқарды. Сөйтіп, жаңа қоғамдық жүйеге революциялық жолмен көшудің дәйексіздігі анық байқалды және азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті бір арнада тоғыстыра отырып қалыптасқан жүйенің құндылықтарын, принциптерін, нормаларын және т. б мойындау қажеттігі туындады.

Социал-демократия өзінің әртүрлілігі мен несандарында жұмысшы табы мен көптеген талаптарымен таза бейбіт құралдармен мемлекетті ырықты баяу сарында реформалау жолымен жүзеге асыруға және осы үрдістің айтарлықтай дәрежеде азаматтық қоғамның және оның дербес құрылымдары мен институттарының бақылауында болатындығы басшылыққа алып отырды.

Ортодоксальдік марксизм ұстанымды жүзеге асырудың қайғылы салдарын, авторитарлық социализмнің пайда болу ықтималдылығын сезгендей-ақ, социал-демократия жетекшілері демоукратиялық социализм тұжырымдамасын ұсынды. Оның түп төркінінде социализм мен демократияның бір-біріне жат емес, қайта бірін-бірі толықтыратындығы, социализмнің өз табиғаиында демократиясыз бола алмайтындығы туралы идея жатқан еді.

Ортодоксальді марксистер К. Маркс идеяларын қорғайды. Бұл пікір таластардың барлығы қоғамды социализмдік жолмен дамытудың мақсат, міндеттері жолдары аясында болды. Ревизионистер революциялық емес реформалық жолды сынады. Олар жаңа социалистік қоғам құру кезіндегі социалистік жаңа қоғам құрудың қатаң жолдары емес деді. Олар қоғамды түпкілікті өзгерту емес, тек қоғамды нақиты жағдайда өзгертудің принциптері деді Э. Бернштейн ревизионизм ағымының негізін қалай отырып, социал-демократиялы партиялардың ең негізгі әлеуметтік-экономикалық стратегиясы болып табылатын демократиялық-социализм тұжырымдамасының негізін салушы.

Кеңестік тарихшылар Бернштейннің демократиялық-социализм тұжырымдамасын социализмге арналған реформалық және бурджуазиялық альтернатива деп бағалады. Сонымен қатар кеңес тарихшылары социал-демократиялық партиялары, соның ішіндегі герман социал-демократиясы демократиялық-социализмді социалистік лозунгілер арқылы өзіне таңып алғысы келеді деп жазды. Негізінде ол дұрыс социал-демократтар социалистік лозунгілер айтты, алайда шын мәніндегі демократиялы бағытқа сай әділеттілік, туыстық, ынтымақтасты құндылықтарын баса айтты.

Демократиялық-социализм теоретиктері ол тұжырымдаманы капитализм мен социализм арасындағы қолайлы қоғамға апаратын үшінші жол деп санайды. Социал-демократтардың екінші дүние жүзілік соғыстар арасына идеологиялық дамуы қатаң асяси және әлеуметтік-идеологиялық жағдайда болды. 1929-30жж экономикалық дағдарыс Батыс Европа мемлекеттерінің ХІХғ тән саясаттың модернизациялануы керек екендігіне көздері жетті. /10/

Кейбір социал-демократтардың өкілдері комунистердің әлемдік төңкеріс идеясын да қалады. Австромарксистер идеяны қолдағаны мен Ресей үлгісіндегі социализм дұрыс емес екендігі айтып, Ресейлік социализмнің демократиялық социализмге тым жат екендігін айтты.

Екінші дүние жүзілік соғыс көптеген жұмысшы және демократиялық ағымдар үшін тәжірибе болды және соғыстан кейін фашистік ұйымдармен күресу нәтижесінде комунистер мен социал-демократтардың ынтымақтасулары байқалды.

Ұлыбританияның лейбористік париясы Британияда социалистік қоғам құру туралы шешім қабылдайды. Герман социал-демократтары күн тәртібіне енгізді, тіпті нарықты қатынасты жоспарлы түрде саясатқа ауыстурады мақсат тұтты. 1946ж Франция социалистері революциялық мінездегі бағдарламаларды жоспарлап, коллективтік меншік құру идеясын айтып, яғни демократиялық социализмнің қысқаша уақыттағы әлсіздігін байқауға болады. сонымен бірге коммунистер Коминтерннің тарауынан кейін сөз жүзінде болса да, өзінің ескі сетандық догмаларынана бір ауыздан бас тартты/11/. Алайда социал-демократтар мен коммунистердің идеяларының синтезделуі ұзаққа бармады, оған қырғи-қабақ соғыс нүктесін қойды. Енді социал демократтар коммунистер деп саяси ғана емес, сонымен қатар идеялық түрде толық бөлінуді мақсат тұтты. Көптеген дискуссиялар мен қатар халықаралық социал-демократиялық ағымда ұйымдастыру идеялары да көп айтылды. Нәтижесінде 1951ж социалистік-интернационалдық деклорациясына социал-демпократтардың міндеті марксистік немесе өзге ағымдармен санасу емес, ең басты міндет деп қоғамда әлеуметтік әділдік, жақсы өмір, бостандық пен бейбітшілік орнату.

Міне осы уақыттан бастап социал-демократтардың негізі идеялы стратегия демократиялық-социализм деп танылды.

Демократиялық-социализм тұжырымдамасының нақты түсіндірмесі жоқ. Социал-демократиялы ағымнан түсінгені бойынша Демократиялы-социализм негізіндегі қоғам тек бір мемлекетте ғана орнауы мүмкін емес, ол бірте-бірте адамзат өркениетіні белгілі бір даму сатысы Социал-демократтарды осы аталмыш тұжырымдамасына қатысты ең негізгі түсінігі әлеуметтік, бостандық, ынтымақтастық, теңдік және туыстық атты құндылықтар мен принциптер бойынша қоғамды реформалаудың саяси әлеуметтік сатысы. Ондай саясат этикалық социализм идеяларымен тығыз байланысты.

Реформаторлық жол юойынша дамудың яғни құқықтық мемлекет пен биліктің демократиялық институттарының 1917 жылғы қазанға дейінгі және бүгінгі күнгі дамуының зор мүмкіндігінің социал-демократиялық теорияда пісіп-жетілгендігі даусыз ақиқат. Әлемдік социал-демократиялық ағымдағы демократиялық-социализм теориясын аса дамытқан Герман Социал Демократиясының рөлі үлкен. Өзінің тарихы бойынша Германияда социал-демократиялық партия ұзақтығы бойынша ерекшеленеді, жалпы Европадағы беделді партиялардың бірі. 1863ж бұл партияның ең алғашқы тасы - «Бүкілодақтық неміс жұмысшы одағы» негізінде қалыптасты. Ал, 1869ж «Социал-демократиялық жұмысшы партиясы» құрылды. Бисмарктің әлеуметтік қорғау заңынан кейін екі ағым 1875ж «Германияның социалистік жұмысшылар партиясы» болып бір қанат астына кіреді. 1890ж-дан аталмыш партия бүкіл халықтық масштабқа ие болады. 1912ж Герман рейхстагінде ең күшті фракцияны құрайды. Бірініш дүние жүзілік соғыстан кейін үлкен саяси күшке айнала отырып, Веймар Республикасының алдыңғы қатарлы паритясына айналды (1919-1933жж) . Партия басшысы Ф. Эберт империя ыдыраған соң демократиялық жолмен бірінші рейхспрезидент қызметіне отырады. Бірінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі кезеңде социалистік қозғалыстағы жіктеліс тек теориялық айтыс деңгейінде болды, ұйымдық жағынан бөліну болған жоқ. Бірінші дүниғе жүзілік соғыс басталған кезде социалистік париялардың алдына соғысқа көзқарасты теориялық тұрғыда емес, нақты саясат тұрғысынан анықтау міндетәі қойылды. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Герман Социал Демократиялық партиясы демократиялық социализм идеясын нақты саяси платформасы негізінде нық ала бастады. Негізінде демократиялық социл\ализм тұжырымдамасы көптеген социалистік және социал-демократиялық партиялардың ресми теориясына айналды. Демократиялық социализм теориясының идеялық бастаулары Э. Бернштейннің «Реформа немесе революция» қағидасындағы және «Демократия және диктатура» проблемасын қараған К. Кауцсикйдің саяси көзқарастарынан алуға әбден болады, «Демократиялық социализм» термині саяси айналымға екі дүние жүзілік соғыстар арасында Кеңес Одағында социализм моделіне антитеза ретінде кіре бастады. Алайда коммунистер мен социал-демократтардың социализм идеясына байланысты көзқарастыраның ұшы К. Маркс пен Ф. Энгельстің көзқарастарынан басталатынын мойындауымыз керек.

Демократиялық социализмді толық қолға алған уақыты төмендегі социал-демократтар мен социалистердің еңбектері пайда болған кез, яғни екіншің дүниежүзілік соғыс кезеңі: Англия лейбористік партиясының атқару комитетінің мүшесі Г. Ласктің «Размышления о революции нашего времени», Франция социалистік партиясының өкілі Л. Блюмнің «В человеческом масштабе» және Австрия социал-демократиялық партиясының басшысы К. Реннердің «Новый мир и социализм» атты еңбектері. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі батыс еуропалық қоғамдағы қалыпасып келе жатқан үрдістер теорияның ары қарай шапшаң дамып-жетілуіне тікелей қолайлы әсер әкелді. Тура осы уақыт аралығында демократиялық саяси институттардың жаңаруымен қатар оның әлеуметтену тенденциясы басты көтерді. Мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік рөлі маңызға ие болды. Сонымен қатар қоғамдық саяси ұйымдардың күрделенуі де әсерін тигізді. Осындай қалыптасқан тарихи жағдайлар социализмнің «Жетілген капитализм» немесе «Адамгершілікті социализм» (Гуманный социализм) модельдерін ізденуге объективті жағдай жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Герман Федеративтік Республикасы
Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы
Германияның салық жүйесі
Германиядағы қараша революциясы
Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару
Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы Германия
Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы
Германия революция қарсаңында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz