Экофилді және экофобты діндердегі экологиялық мәселелер


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Философия және ғылым методология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Экофилді және экофобты діндердегі экологиялық мәселелер»
Орындаған 1-курс магистрант
Альджанова Н. К.
Ғылыми жетекші философ. ғ. д., профессор
Байтенова Н. Ж.
Қорғауға жіберілді философия және ғылыми
метод. кафед. меңгерушісі
философ. ғ. д., профессор
Байтенова Н. Ж.
Алматы, 2007
Мазмұны
КІРІСПЕ
- ЭКОФИЛДІ ДІНДЕРДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР . . . Буддизм іліміндегі адам және табиғат біртұтастығыИндуизм дінінде қарастырылған адам және қоршаған орта мәселесіДжайнизм іліміндегі экологиялық аспектілерПұтқа табынушылық діндеріндегі адам және табиғат қарым-қатынасыКонфуций ілімі табиғат туралыДаосизм ілімі бойынша адам және табиғат қарым-қатынасыСинтоизм дініндегі қоршаған ортаны қорғау мәселесі
- ЭКОФОБТЫ ДІНДЕРДЕГІ АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ МӘСЕЛЕСІ…. . Ислам діні және қоршаған орта. Христиандықтағы адамның табиғатқа қарым-қатынасыИудаизм дініндегі адам және табиғат мәселесі
- ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ДІНІ. . Табиғатты қорғау дініҚасиетті орын және қасиетті күш. . Жабайы табиғатты қорғаудың діни қауымдастығы
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Терминдер сөздігі. .
Кіріспе
Бір ғылым немесе экономика табиғатты толығымен қорғай алмайды. Басқа да мәдени құндылықтарға жүгіну керек. Діни аңыздар, таңбалар және образдар көптеген адамдар үшін жақсылық пен жамандықты айырудағы басты құрал болып келеді. Егер біз табиғатты қорғағымыз келсе, біз діннен қашып кете алмаймыз. Дін - экология және философиямен қатар экологиялық этика көздерінің бірі. Дін тілі бәрінен бұрын өнегелік тіліне жақын. Өйткені әртүрлі діндер арасында едәуір метафизикалық, этикалық, антропологиялық және әлеуметтік айырмашылықтар бар, демек барлық діндерден алынған табиғатты қорғаумен байланысты концепциялар және қағидаларды талдау жаңа, мықты экологиялық идеалогияның негізі бола алады. Барлық діндерде экологиялық даналықтың белгілері бар. Әлемдік және жергілікті діндердің әрқайсысы моральдік құндылықтыр және экологиялық ережелердің таңғажайып жиынақтығын ұсынады. Дін, сонымен, бірге құдай құдыретінен жаралған табиғатты сыйламауға қатысты қатаң жазалауларын да пайымдайды.
Көптеген діндер тұрғысынан табиғатты аяламау - әділетсіздік, этикасыздық, өнегеліктен айырлу. Қарапайым адамдар көптеген істерін өздерінің діни сенімдері тұрғысынан құпталғаны бойынша жүзеге асырады. Сондықтанда табиғатты ғаламдық қорғау үшін көптеген діндерден экологиялық этиканы бөліп, оны әртүрлі қасиетті мәтіндер тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор. Бұл жерде тек Құран, Інжіл, Талмуд және т. б. негізгі мәтіндері ғана емес, сонымен бірге басқа да діни көздер де маңызды
. апоктифтер, қазіргі теолгтардың ойлары, халықтың діни сенімдері. Сонымен қатар осы көздердің экофилософиялық талқылануы да маңызды.
Дін адамдарда материялдықтан керемет сана тудыра алады. Дін адамның тірі және өлі әлемді бақылау шексіз екендігін түсінуге көмектеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты экофилді және экофобты діндерде қарастырылған экологиялық мәселелерің маңыздылығын көрсету болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті - аталған діндердегі адам және табиғат арасындағы қарым-қатынасын талдау.
Діни уағыздар табиғатты қорғауға бағытталған бағдарламаларға белсенді қатысуға күшті мотивация болып табылады. Әлемді діни тұрғыда түсіндіруге тырысудың күшті генетикалық құрам бөлігі бар.
Дін тікелей немесе жанама түрде табиғатты қорғаудың күшті көзі бола алады. Сондықтан бізге діннің күшті әсерін тигізетін экологиялық концепция емес, керісінше, одан барлық құндылықты шығаратын концепция қажет.
Барлық діндерді шартты түрде екі түрге бөлуге болады: экофилді және экофобты діндер. Экофилді діндерде: буддизм, джайнизм, пантеизм, пұтқа табынушы діндерде адам табиғатқа сыйынады, ал құдайлар адамдарға табиғатпен үйлесімді қалай тұру керек екендігін үйретеді. Экофобты діндер: ислам, хрисияндық, иудаизм - адамды табиғаттан жоғары қою жолын көрсетеді. Дегенмен, экофобты діндерде экологиялық кризистен шығуға қажетті бірқатар экологиялық ақиқат пен этикалық ережелер бар. Діннің ғылымға сәйкес келмейтін таңбалық және эстетикалық бейнелеу еркіндігі бар.
Дін табиғатпен үндесе алады, ал ғылым болса тек табиғат туралы пайымдай алады. Дін табиғатты қорғауға бірнеше әдістермен әсер етеді.
Әуелден ол табиғатты құрметтеп өмір сүру үшін этикалық және арнайы үлгілермен қамтамасыз етеді. Көптеген мәдениеттер үшін дін жақсылық пен жамандықты айырудың бірінші құралы болып табылады.
Екіншіден, дін көбінесе жабайы табиғатты тікелей қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені көптеген мәдениеттердің адамдар тек діни мақсатта жақындай алатын қасаиетті орындары бар. Сондықтан бұл табиғи обьектілер қорғалмаған күйінде қалады. Көптеген діни тыйым салулар, табулар арқылы флора және фаунаның жекелеген түрлері қорғалуда.
Үшішіден, әртүрлі діндер тірі нәрселерді құдіретті мағынамен байланыстырады. Бұл табиғатқа ешбір ғылым қамтамасыз ете алмайтын ерекше құндылық береді.
Әртүрлі діндердің өзіндік экологиялық құндылықтары бар. Алайда көбінесе бұл құндылықтар түсінілмей, практикада жүзеге аспай жатады. Сондықтан бұл құндылықтарды қайта бағалауға және оларды діни орталықтармен діни қадамдар халықтың ой -пікіріне әсер ететін барлық әлемде бекітуге әрекет ету керек. Кейбірден көшбасшылары бұны түсініп, экологиялық даналықты талқылау бойынша алғашқы қадамдарын жасады.
1980 жылдардың басында сауд ғалымдар тобы құранға негізделе отырып, «Қоршаған ортаны қорғаудың исламдық принциптерін» құрды. Джайдистер де бұл салада «Табиғат туралы джайнисттік декларация» шығарды. Патриарх Димит риос 1 әрбір жылдың 1 қыркүйегін жаратылу күні деп жариялады.
1986 жылдың қыркүйек айында жабайы табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік қорының ұсынысы бойынша, әлемдік діндердің өкілдері Ассизиде (Италия) - экологтардың қасиетті қамқоршысын Францикс Ассизкийдің туған жерінде - алғашқы рет табиғатты қорғау мәселелерін талқылау мақсатында бас қосты.
1985 жылы Нэнси Нэнс атты эколог «Табиғатты буддалық қабылдау» жобасын бастады. Жобаның мақаты болып буддизмді экологиялық түсінуді жақсарту, буддистердің табиғатты қорғауда белсенді атсалысуы табылады.
Экологиялық мәселеге байланысты әлемнің барлық діндері экофилді (табиғатқа жағымды әсер ететін) және экофобты (табиғатқа жағымсыз әсер ететін) діндер болып екіге бөлінеді. Экофилді діндерге шығыс діндері - индуизм, буддизм, жайнизм, даосизм, кофуцияндық жатады. Бұл діндерде адам табиғат бөлігі және ол табиғатты құрметтеп, үйлесімде тұру керек деп қарастырады. Экофобты діндерге иудаизм, ислам және християндық авраамдық діндер, Інжілге негізделген діндер жатады. Бұл жерде адам табиғат бөлігі емес, оның қожайыны. Бұл айырмашылықтар тіпті Батыс және Шығыс өнерінде де көрініс береді. Батыста бірінші кезекте адам, оның артында пейжаз тұрса, Шығыста адамға қарағанда пейжаздық маңызы зор.
Дін - адамды бағыттайтын идея. Негізінен экофобты діндер уағыздалатын мемлекеттер экофилді діндер елдеріне қарағанда ластанған атмосферадан зардап шегіп отырғандығын қалай түсндіруге болады? Бұл сұрақты дінмен бе, әлде климатпен түсіндіреміз бе? Дегенмен адамзаттың «техникалық жетістіктері» «экофобты діндерге» жататын жердің солтүстік жартышар халқымен жүзеге асырылған. Бұл «жетістіктерді» біз қолданамыз. Адамдардың техникалық жетістіктеріне діни сезімдермен ойлар әрекет етті деп ойламаймын. Дін адамның өнегелігін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, ол халық тәрбиесіне ерекше әсер етеді.
Көптеген пұтқа табынушылық діндер бұрыннан бері экологиялық қозғалысқа белсене араласуда, олар жаңа дін шығарып жатқан жоқ, олар көп сұрақтардың жауабын табуға болатын өз халқының ежелгі мәдениетін ұстанады. Өйткені пұтқа табынушылық ежелгі адамның жоюшы әрекетімен, дүниеқорлығымен туындаған. Сондықтан көптеген пұтқа табынушы діндерде табиғатты аялау нормалары бар. Пұтқа табынушы үшін табиғаттың өзі құдіретті болып табылады, ол оның құндылық құдіретті -құндылық.
Наным -сенімдер, ырымшылдық кез келген ғылым саласында да, соның ішінде экологияда да біраз кездеседі. Діндер өздігінен әсер етпейді, олар сәйкес конфессиялардың басқаруымен жүзеге асады. Табиғат қорғау саласындағы әртүрлі конфессиялар өкілдерімен араласпай ақ қойып, біз өзіміздің жасыл идиялогиямызбен кейбір діни жолдарды қолдана аламыз. Мысалы, кел келген тіршілік түріне қасиетті көзқарас немесе жабайы табиғат қасиетті кеңістік ретінде қабылдау. Өйткені иудаизм, християндық және исламның көптеген бағыттарында ағаш, жануар, жәндіктерді және жердің өзін қасиетті немесе құдыретті көрініс деп санау күпір, яғни діннен безгендік болып саналады. Пұтқа табынушылық, пантеизм және табиғатқа табынудың басқа формалары әлі күнге дейін келеке обьектілері болып табылады. Алайда табиғат әлемін құдыр жаратылыс деп қарастыру бұрыс емес. Әйтпесе табиғаттың десакрилизациясы қазіргі экологиялық дағдарыстың туындауына себепші болумен қалай келіспеуге болады? 1980 жылы заманымыздың 32 дарынды ғалымдары « табиғатты қорғау шараларын күшейтуде қасиеттілікті енгізу» шақыратын құжатқа қол қойғандығы тегіннен - тегін емес. (Вл. Бройко, Украйна) .
Материалистер пұтқа табынушылар секілді, бұл әлемді жалғыз деп есептеп, о дүниеге сенбейді, сондықтан ол әлемді өздері және ұрпақтарына сақтауға міндетті деп ойлайды.
2003 жылы 21 мамыр күні Уфа қаласында «Ляла - Тюльпан» атты кешенді мешіттің конференц - залында «экологиялық және руханилықтың жандануы» атты конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты рухани конфессия (мұсылмандық, православиялық, иудейлік) өкілдерінің қоғамдық экологиялық ұйымдарының мемлекеттік билік органдарының және қоршаған орта мәселелерін шешудегі жергілікті басқарудың күш салуларын біріктіру болды. Конференцияда бас мүфтий Шейх -уль -Ислам, Рессейдің мұсылмандарының Орталық Рухани Басқармасының өкілі Талғат Таджутдин («Экология және руханилық»), Башқұртстанның бас Раввині Дан Кричевский («Адам табиғатқа тән» баяндамасымен), православты шіркеудің дін қызметшісі Иерей Роман баяндамаларымен шықты. Конференцияның тыңдаушылары табиғат -ананы жақсы көру, құрметтеуге шақыратын рухани тұлғалардың пікірлеріне ерекше ықылас танытты.
Табиғат қорғау саласы төңірегінде әртүрлі конфессиялармен жұмыс жасай отырып, сол конфессиялардағы табиғатқа деген өздерінің экофилді қатынасымен атақты пайғамбарлар және қасиеттілер фигураларын қатыстыруға болатын сияқты. Бұл жерде Будда және Мұхаммед пайғамбарларының рольдері ерекше, өйткені олар тек табиғатқа этикалық қатнаспен атқарылған көптеген әрекеттердің авторы ғана емес, сонымен бірге көптеген экологиялық нақылдардың авторы. Оларды негізінен алғашқы табиғат қорғаушылары және экофилософтар деп атауға болады. Католицизмде осындай роль Ватикан экологтарының қасиетті қамқоршысы деп атаған Франциск Ассизскиге тиесілі. Православияда Сераарим Саровский атақты. Пұтқа табынушылық қанша сыналса да, ол өте қызықты және ерекше экологиялық жергілікті діндердің жинағы, табиғат қорғаушылары олардың жандануына мол үлес қоса алады.
Дін теорияға емес, діни, мистикалық сезімге негізделеді. Оны ойша құрға болмайды, ойша түрде шіркеуді, ритуалдар жүйесін және діни идеологияны, яғни ұйымды құруға болады. Діннің кездерінде тұрған халық әлемнің белгілі бір қырларын ерекше қабылдауын басқа халыққа бере алуға қабілетт болған. Алайда мұның өзі лоикалық қорытындылар арқылы емес, адамдар ес - түссіз сенетін пайғамбарлармен жүзеге асқан. Қазіргі « жасыл қозғалыста» сондай беделділер бар ма?
Табиғатты қорғау дінін құру идеясы тек бірінші көзқараста ғана радикалды болады. Мүмкін Христос және Алланың орнына жасыл Құдайдың келетін күнге көп қалмаған шығар. Діндердің пайда болу және жойылу үрдісі -текқана рухани және діни эволюцияның нәтижесі. Холмс Ролстон III пікірінше, адамадар 100 мың дін түрін қалыптастырыпты. Олардың көбі жойылып, жаңа түрлері пайда болған.
Табиғатты қорғау діні тек этикалық уағызға ғана емес, жабайы табиғат аясында кейбір адамдарды қалыптастыратын мистикалық, қасиетті сезімге де жүгінеді. Мысалы, қорықтық істің қазіргі заманғы атақты классигі Ф. Р. Штильмак былай деп жазады: « Жабайы табиғатты шын сүйетін адам християннан бұрын пұтқа табынушы болады. Таңертең мен ұйқыдан тұрғанда ауасы тығыз қолымда шаммен қырамда тұрғаннан гөрі жақын жердегі орманға барғым келер еді. Ескі ағаш түрі, таңғажайып жартас иконаға қарағанда көбірек таңдандырады». Шынымен де жабаиы табиғат аясында біз бір құдіреттілікті сезінеміз.
Этикалық уағыздар - дін емес, алайда оның атрибуты. Экологиялық білім және ағартудан басқан экологиялық тәрбиелеу де бар. Соңғысы көбінесе логикалық ойға емес, эмоционалдық қабылдауға жүгінеді.
«МИОП - 2-86» зерттеу материалдары бойынша, табиғатты қорғау қажеттілігін логикалдық және ғылыми қабылдау тек биологиялық жоғарғы оқу орнының студенттерінде ғана байқалған. Діндер дегеніміз - қоғамның әлеуметтік және интелектуалдық дамуна байланысты әлемнің орналасуын ойша сипатьтау формалары. Халықтың көпшілігіне табынуға міндетті жоғарғы күш болатын әлемді қабылдаудың қарапайым сызбаларын қолданған тиімді.
Прагматикалық көзқарас бойынша экологиялық тәрбиелеу мақсаттары үшін пұтқа табынушылыққа тән «табиғатты құрметтеу» сәйкес келеді. Пұтқа табынушылыққа «терең экология» жақын. Қоршаған ортаны қорғау қоғамында осы мәселелер төңірегінде Антон Лусберг айналысқан. Оның жұмысының нәтижесі «Тірі Жер» атты жастар тобы болды. Бұл бағыттың нәтижесінде рольдік ойындар қозғалысын кристаллизациялау орталықтарының бірі пайда болды. Ал А. Лусбергтің жастарды экологиялық тәрбиелеу үрдісін қалыптастыруда пұтқа табынушылық элементерін қолдану бойынша ұсыныстарын «қиын» жеткіншектеріне қысқа мерзімді экспедицияларды өткізуде қолданылған.
Діни ілімдерде қарастырылған табиғат қорғау мәселелерін талқылау маңызды, Мысалы:
- тек адамдар ғана емес, табиғат та құтқарылуға тиісті; табиғатты қорғау құдыретті іс болып табылады; жабайы табиғат Құдаймен жаралған; кез келген тіршілік - қасиетті; жабайы табиғатты қорғау біздің Құдайға деген махаббатымыздың көрінісі, адам жердегі құдайдың көмекшісі болып табылады және сондықтан ол жердегі тәртіпті сақтап отыруға міндетті.
Діни жүйелер өте күрделі жүйелер, әрбір адам одан қажеттілігін алады. Сондықтан, мысалы, өз міндеті табиғатты белсенді қорғау деп есептейтін християн, мұсылман және т. б кездеседі. Сонымен бірге табиғат қарғысқа ұшыраған ақырзаманнан қашып құтыла алмайтынына сенушілер де кездеседі, бұл жағдайда табиғатты қорғау - сенімсіз әрекет.
Бұл жерде діни ұйымдармен жұмыс жасау қандай болатындығы анық. Діни көшбасшылар және арнайы баспасөз қатнатарынан, сенушілерге арнайы әдебиеттің басып шығарылуынан олардың сана деңгейі тәуелді. Қоғамдық және діни ұйымдар бірлесіп әрекет ету керек. Діни ұйымдар адамадрды практикалық әрекеттерге апарып, оларды табиғатпен дұрыс моральдік қарым - қатнас орнатқан жағдайда өздерінің экологиялығы туралы айта алады. Практикалық қайраткерлер діннің ішкі құндылықтарын және рухани салт және ритиалдың әрекетілігіне сенімін ескеру керек. Дегенмен құдайы жоқ экология псевдоэкология.
Беларуссия Республикасының экологиялық және Табиғи Ресурстар министірлігі жергілікті халықты қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатыстыру мақсатында дін қызметкерлерінің көмегін қолданады.
Арнайы дайындықтан кейін, дін қызметкерлері халыққа табиғатты қорғауға қатысты саналылық сезімін оятуға тырысады.
Моральдік және рухани критериялар және адамзат құндылықтарының көздері болып табылатын діни көзқарастар адамның табиғатқа қатынасын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Осы көзқарас тұрғысында әртүрлі діни ілімдерде экологиялық аспектілерді зерттеу экологтар және философтар назарының обьектісі болып табылады. Осы мақсатпен Жабайы табиғаттың Бүкіләлемдік қоры бес негізгі діндердің (Ислам, християнық, буддизм, иудаизм, индуизм) экологиялық ілімдеріне негізделген даналық өсиеттер жинағын басып шығарды.
1. ЭКОФИЛДІ ДІНДЕРДЕГІ АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ МӘСЕЛЕСІ
1. 1. Буддизм іліміндегі адам және табиғат біртұтастығы
Буддизм - антропологиялық немесе теоцентрикалық емес, ол экоцентрикалық дін. Бұл дінге сәйкес табиғаттың көптеген бөліктері қасиетті болып табылады.
Буддизмнің жасы 2500 жылдан астам, оны ұстанушылардың саны 250 млн халық, олар 86 мемлекетте өмір сүреді, буддизмнің 18 бағыты бар. Буддизм идеологияларына сәйкес адам табиғат жүйесінің интегралды бөлігі болып табылады. Буддистер өздерін басым түр ретінде емес, қауымдастықтың мүшесі ретінде қарастырады. Буддизм қажеттілік пен сараңдықтың арасындағы фундаментальді айырмашылыққа сілтейді. Буддизм негіздері табиғаттың нағыз құндылығын түсінуге негізделген сенімде ғана емес, даналықта да көрініс табады.
«Будда» термині «жарқырау», «сергу», «жадырау» деген мағынаны білдіреді. Оның негізін қалаушы б. з. д. ҮІ ғ. шакья (сакья) тайпасыеае шыққан князьдің баласы Сидхарта Гаутама болған. Гаутама бала өзінің ықпалымен, қабілет-қасиетімен ерте көзге түскен, құрдастарынан көш артық озған. Қиыншылықты көрмей, тоқтықта, тамаша думанда жастығын өткізеді, үйленеді, ұл көреді. Бір кезде патшаның сарайынан шығып, ұзаңқырап серуен құрады. Ол серуенде денесі жара-жара ауруды, бүкірейген өлім алдындағы қартты, өлікті жерлеген көпті, өзімен-өзі тентіреген тақуаны көреді. Төрт кездесу - көрініс ер жеткен Гаутамаға үлкен әсер қалдырады, қамсыз принциптің дүниетанымында төңкеріс жасайды. Дүниеде қызықты тоқ өмірімен қатар, бақытсыздықтың, аурудың, өлімнің, қайғы-қасірет азаптың бар екендігін біледі. Күтпеген ауыр ойда қобалжудан арыла алмаған Гаутама әкенің жылы мекенін тастап, шашын алдырып, көне киініп, жер кезіп, ел қыдыра бастайды. Жеті жыл бойы, нағыз шындық дегеніміз не деген сауалға жауап іздейді, өзіне-өзі тыным бермейді. (Қасабек)
Бірде Бодхи ағашының көлеңкесінде қалғи есеңкіреп отырған Гаутама кенеттен «сергиді», «жадырайды». Ол өмір айналысының түп себебін, оның киелі төрт шындығын ұғады:
- азап қасіреті дүниеге жетекші екендігін;
- өмірдегі құмарлық, оған деген пиғыл қасіреттің бастауы;
- нирванаға шоғырланушы ғана азаптан құтыла алады;
- азаптан құтылудың, сөйтіп нирванаға жетудің амал-әрекеті бар (Қасабек) .
Буддалық ілім бойынша, өмір - қобалжу, азап. Өмірге келу, қарттық, ауру мен өлім, сүйгенінен айырылу мен сүймейтінмен бірге тұру, орындалмаған арман және қанағаттанбаған тілек - мұнда бәрі де азаптың көрінісі, әрі жалғасы. Артық қобалжу - тірлікте аңсаудан, қызықты, билікті, мәңгі өмірді көксеуден туындайды. Тойымсыз құштарлықты тоқтату үшін артық тілектен тартылу керек, жер бетіндегі әуре-сараңнан арылу дұрыс. Азаптан арылуда осындай жолын тапқан нирванаға жетпек. (Қасабек)
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындайдың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
- Шынай сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
- Тура, әділ шешімге ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолата айқындау;
- Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
- Дұрыс істер. Теріс ниетті, қса қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
- Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
- Дұрыс ой. Ойының бағытын саралай отырып, одан күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
- Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
- Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оны тереңдету қабілетін шыңдау (Васильев) .
Табиғат әлемінің қолайлығын аялау буддизмнің маңызды элементі болды. Буддизм әлем және ондағы барлық тіршілік табиғи теакция және өзара тәуелділікте әрекет ете отырып, ерекше даналық, махаббат күйін де болады деп пайымдайды. Көптеген этиктер буддалық сенімдерде адам және табиғат арасындағы өзара әрекеттесудің жұмсақ, терең және күшті үлгісін көреді.
Буддизмге сәйкес табиғат пен адамзат кіретін әлем қызмет ететін моральдық күшпен өзара байланысқан. Егер қоғамда өнегелікке қарсы әрекеттер жасалса, халық және табиғат деградацияға ұшырайды; егер өнегелік басым болса, адам өмірінің сапасы жақсарады. Сөйтіп, сараңдық, жек көрушілік және өтірік ластануды сырттан ғана емес, іштен де тудырады. Жомарттық, жан ашу және даналық тазалықты сырттан да, іштен де тудырады.
Адамдар өз қасиеттерін барынша қарапайым қанағаттандыруға үйрентіп, өз сараңдығын тию керек. Әлемдік ресурстар болса шектеулі, ал халық сараңдығының шегі жоқ.
Адам табиғат байлықтарын араның гүлден жинауы тәрізді алу керек. Өйткені ара гүлдің әдемілігі мен хош иісіне зиян келтірмейді, ол тәтті балға айналатын шырын жинайды.
Буддизм тек халық өмірін ғана емес, сонымен қатар жануарлар, өсімдіктер, минералды және жердің тіршілігін құрметтеуді үндейді.
Таңартең ұйқыдан тұрғанда,
Мен қуанамын,
Алдымда 24 жаңа сағат
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz