Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және
ҚР сыртқы саясаты кафедрасы
Омарбек Арай
ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ҚЫТАЙДЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
(бітіру жұмысы)
ғылыми жетекші: т. ғ. д. Идырышева Ж. Қ.
қорғауға жіберілді:
“”2007ж.
АЛМАТЫ 2007
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
3-9
І. ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Қытай революциясының жеңісі және ҚХР даму кезеңдері10-16
1. 2. 1949-1957 жж. ҚХР сыртқы саясатының негізгі қағидалары17-20
ІІ. ҚХР МЕН ІРІ ДЕРЖАВА ЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР: Қытайдың сыртқы саяси ұстанымы
2. 1. Екіжақты Қытай - КСРО қатынасының қалыптасуы және дамуы21-26
2. 2. АҚШ - Қытай әріптестігінің перспективалары27-30
2. 3. ҚХР сыртқы саяси тұжырымдамасының модернизациясы31-34
2. 4. Қытайдың Қазақстанмен геосаяси байланысының дамуы 35-48
ҚОРЫТЫНДЫ 49-55
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
56- 58
КIРIСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi.
Мемлекеттер арасындағы сыртқы саясат, дипломатиялық қарым-қатынастар - достықты, бейбiт мақсатты, өзара сенiмдi, тиiмдi, пайдалы келiсiмдi көздейдi. Мұндай игiлiк - саяси татулық, кең ауқымды мәдени тығыз байланыстар арқылы жүзеге асады.
Кез келген мемлекеттің сыртқы саясаты таптық сипатқа ие. Ол экономикалық мүдделер мен үстемдік етіп отырған таптың экономикалық жағдайына байланысты болады. Сол сияқты ол мемлекеттің ішкі саясатымен тікелей қатысты болады. Әлемдік шаруашылық талаптарымен байланысты болатын халықаралық қатынастар таптық, әлеуметтік - экономикалық факторларға жауап береді деп бір ойында В. И. Ленин айтқан еді.
Державалық елдерiнiң қайта қауышуына Азиялық мемлекеттерi мен АҚШ және Еуропа, КСРО мемлекеттерiнiң арасында орнаған дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени қатынастардың аса қарқынды қанат жаюы - тарихи құбылыс, ұлы үрдiс болды. Бұл байланыс осы елдердегi нарықтық экономиканың қалыптасуына өзiндiк ықпалын тигiзуде. Тек бұл жол бұрынғы Кеңес Одағы шеңберiндегi елдер үшiн оңайлықпен келген жоқ. ХХ ғасырдың екінші жартысы тарихи өзгерiстерге толы болды. Олай дейтін себебіміз, талай жылдан бергі болған соғыстардың нәтижесінде жер бөлу, оны қайта бөлу сияқты мәселелер туындай бастады. Осы турасында болған екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық арена шамалы өзгерді. Субъектілер екі топқа бөлінді. Ол сол мемлекеттердің даму бағыты бойынша саяси жүйе мен тәртіптің негізінде көрінді. Әмiршiл-әкiмшiлдiк жүйеде болған Шығыс Еуропа елдерi де, Балтық елдерi де КСРО ыдырағаннан кейiн ендi жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өте бастаған болатын. ХХ ғасыр екi үлкен экономикалық тәжiрибемен ерекшелендi. Олар соғыстан кейінгі келесідей екі жүйелердің пайда болуымен және олардың арасындағы күресімен ерекшелене бастады;
Бiрiншiсi:
- 1917 жылы Кеңес Одағында басталған социалистiк тәжiрибе. Оның нәтижелерi мен қорытындылары бәрiмiзге мәлiм.
Екiншiсi: социалистiк экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңестер Одағында басталған өтпелi кезең көп жылдан кейiн қандай нәтиже бердi? Қандай сабақ аламыз? Аталмыш елдер өздерінің коммунизмнен бет бұрғандарын жариялаған кезде, батыс уағыздаушылары да нарықтық экономикаға өту үшiн өздерінің сенiмдi ұсыныстарын ұсына отырып, бұл елдерге қадам басты. Бiрақ та нарықтық кезеңге өту мемлекеттердің бұрынғы экономикалық саясаттарын, мекемелерiн және тәжiрибелерiн де өзгертуге итермелейтіндігі сөзсіз. Бұл елдер нарықтық қағидаларға сәйкес, қызметтерінің тиiмдiлiгiн арттыру үшiн басқа елдермен де қарым-қатынасты қайта құрулары тиiс. Олардың нарықтық экономикаға өте бастағанына он алты жылдан астам ғана уакыт өтсе де, бұл елдердiң үлкен жетiстiктерге жеткендiгiнің куәсi болудамыз. Алайда нарықтық кезеңге өтудiң жылдамдығы, дәрежесi және жетiстiктерi жөнiнде де қайшы ойлар жоқ емес. Шығыс Еуропадағы Польша сияқты елдердiң кейбiр салаларында өту үрдiсi өте жақсы алға қарай iлгерiлесе, ал Орталық Азиядағы Өзбекстан, Тәжiкстан сияқты елдерде мұндай жедел iлгерiлеу болған жоқ. Тіпті Батыс елдеріндегі бiрқатар ғалымдар Шығыс Еуропа елдерi мен Кеңестер Одағында нарықтық кезеңге өту үрдiсiнiң сәттi болмағандығы жайында 1998 жылы өз сындарын айтқан болатын.
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейiн Кеңестiк шеңберде болған Орталық Азия елдерi және Қытай даму жолын өзгерте бастады. Бірақ социалистік елдердің ішінде ҚХР ғана толық өзгертпеді. Осы жолда тығыз халықаралық экономикалық қатынастар орнады.
“Елдер өздерiнiң экономикасын, қоғамын халықаралық қатынастарға ашып, тауарлар мен қызметтер және қаржы қорының халықаралық ауысуына рұқсат берумен қатар, дамыған елдердiң өндiрiс технологияларын, мекемелiк және ұйымдық тежiрибелерiн, бiлiм, денсаулық және әлеумелiк жүйелерiн және де олардың жалпы құндылықтары мен идеяларын да қабылдайды” - деп тұжырымдаған болатын Тодаро [4, 56] . Бұдан көрiп отырғанымыздай елдердiң халықаралық қатынастарын, нарықтық кезеңге өту кезiндегi экономикасын, оның өрлеуі мен даму үлестерiн, сондай-ақ Қытаймен халықаралық эқономикалық қарым-қатынастардың теориялық көзқараспен зерттелуі бүгінгі күннiң өзекті мәселелерінің бірі. Сонымен қатар қазіргі елде үлкен державаға айналып келген Қытайдың соғыстан кейінгі дамуы, олардың теориялық ерекшеліктері біз үшін маңызды.
1) Қытайдағы нарықтық қатынас Батыс елдерiнiң нарығынан әлдеқайда алшақ, сондықтан да оған өзiнiң сауда - саттығын тұспалдау өте күрделi;
2) Қытай ашық нарық экономикасының операцияларымен тәжiрибе жүзiнде аз таныс елдердiң бiрi;
З) Орта және Шығыс Еуропа елдерiнде бұл үрдiске өту Кеңес Одағы ыдырағаннан бұрын басталса, бұл үрдiс Қытайда кейiннен басталды;
4) Орта және Шығыс Еуропа елдерi сияқты Қытай Еуропалық Одаққа мүшелiкке үмiткер емес;
5
)
Басқа елдермен салыстырғанда Қытайда қазба байлықтары мол;
б) Орта және Шығыс Еуропа елдерi мен Балтық елдерiне қарағанда Қытай коммунистiк билiктiң шырмауында 20-ЗО жыл артық болды;
7) Бұрынғы Кеңестер Одағы елдерiне қарағанда Қытай жан басына шаққандағы табыс мөлшерi азырақ болды және өтпелi кезеңге өту кезiнде Орта және Шығыс Еуропа елдерiндегiдей дамыған өндiрiстiк мекемелерi болмады. [6, 56б. ]
Қытайдың социалистік дамуға өту үрдiсiнiң басқа елдермен болған экономикалық қарым-қатынастарына қалай әсер еткендігін айқындау өте күрделі. Сондықтан да социалистік қатынасқа өту үрдісіне Қытайдың басқа елдермен экономикалық қарым - қатынастарына тигiзген ықпалын немесе халықаралық экономикалық қатынастарға өту талаптарына қалай жауап бергендiгiн зерттеу өте маңызды да, өзектi меселе. Қытайдың социализмге өтуiн және әлемдiк социалистік қатынасқа қосылу деңгейiн толық түсiну және оның тәжiрибесiнен нәтиже шығару үшiн, нарыққа өтудiң халықаралық экономикалық қатынастарға тигiзген әсерiн зерттеу қажет. Себебi, Қазақстан өзінің экономикасында да және басқа елдермен қарым-қатынастарында да түбегейлi өзгерiстер жасады.
Сол ретте, Қытайдың халықаралық қатынастарының дамуындағы тарихы мен даму перспективаларын дамыту;
Қытай мен КСРО арасындағы ынтымақтастығының нығаюын көрсете отырып, аймақтық өзара әрекеттестіктің болашақ даму үрдiсiн айқындау өте өзектi меселе болып табылады.
АҚШ көп ғасырлардан бері әлемдегі ұлы держава елдер қатарынан орын алған елдердің бірі. Ол тек саяси дамуымен немесе әлеуметтік жағынан ілгері келе жатқан мемлекет ретінде танылып қоймай, сонымен қатар экономика саласында дүние жүзіндегі көшбасшы ел. Сол арқылы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін күшіне еніп, басқа, яғни социалистік дамудағы елдерге өз саясатын жүргізе бастады. Әйтсе де жаңадан тәуелсіздігін ала бастаған Қытай Халық республикасы да халықаралық қатынастар субъектісі ретінде өз мүддесін қорғай бастады. Осыдан кейін 1917 жылдан бастап, дамуды коммунистік жолмен теңестірген КСРО - да ұлы державалардың қатарында еді. Тек көрші немесе географиялық орналасуы ұқсас елдер ретінде ғана емес, тарихы байланысқан екі ел даму жолын бірдей ала бастады. Мінеки, сөз больш отырған Қытайдың сыртқы саясаты сол кезеңде қандай болды, оның астарындағы мәндері қандай, деген сұрақтар зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады. [4, 67б] .
ХХ ғасырдың 40 - жылдарының басында
КСРО
- ның, кейінен келе Қытайдың нығаюына байланысты өрiстеген саяси оқиғалар АҚШ-ты алаңдатпай қоймады. Сонымен бiрге Орталық Азияның кейбiр елдерi өздерiнiң тәуелсiздiгiн алу, сақтау, экономикасын күшейту және әлемдiк майданда беделiн одан әрі нығайту мақсатында бұрынғы кеңестiк шеңбердегi мемлекеттерден тыс елдермен қарым-қатынастар орнатуға тырысуда. Сондықтан да жоғарыда айтылған тарихи байланыстар осы Орталық Азия елдерiн алғашында Түркиямен, КСРО-мен, Батыс Еуропамен, содан соң АҚШ-пен қарым-қатынас орнатуға итермеледi. Байланыстар көпірі салынған беттен бастап осы күнге дейiн саясат, экономика, бiлiм беру, мәдениет салаларында қарым-қатынастар мен байланыстарымыз қарқынды түрде дамып келеді.
Тәуелсiздiктен кейiнгi жылдары Қытай мен КСРО арасындағы экономикалық қатынастар, саяси мәселелердің шешілуі, имперализмге қарсы іс-әрекеттер ерекше жетiстiктерге жете бастады. Олардың барлық барысы арадағы қатынастардың әр түрлілілінде. Бұл қатынастың негiзiн, болашағын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу өзектi меселелердiң бiрi болып табылатындығы сөзсiз.
Бітіру жұмысының зерттеу нысанына
екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі және 1991 жылға дейінгі Қытай халық республикасының сыртқы саясатының социалистік жүйені қалыптастырудағы мәселелері мен жетiстiктерiнің тарихи аспектiсi алынды. Сонымен қатар 3-әлем елдерімен жасаған Қытайдың қатынасы зерттелді.
Бітіру жұмысының пәні Қытай Халық республикасының сыртқы саясаты және оның халықаралық қатынастар жүйесі болып табылады.
Зерттеудің хронологиялық шеңберi
әрине, держава елі болып табылған Қытай Халық Республикасы дербес ел ретiнде таныған күнiнен бастап бүгінгі күнге дейiн, яғни 1945 - 2007 жылдар аралығын қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаты мен мiндеттерi
: Социалистік жүйеге толық өту тек iшкi факторларды тиiмдi қолдану арқылы iске асырылса да, өту үрдiсiнiң барлық салаларында әлеуметтiк, саяси, экономикалық сыртқы үлестердi елемеуге болмайды. Сол сияқты халықаралық аренада бірінші категорияға жататын ұлы державалардың да саясатын ескеру қажет. Сондықтан да осы
ғылыми зерттеудiң алдына қойылған басты мақсаты
Қытайдың басым бағыттарын, көп жақты келiсiмдердi, елдер арасында қабылданған заң актiлерiн, ортазиялық аймақтағы елдер арасындағы халықаралық саяси-экономикалық қатынастарды сараптау негiзiнде 1954-2007 жылдар аралығьндағы Қытай мен КСРО, АҚШ, Азия елдері арасында саяси- экономикалық ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуын және болашақта шешiмiн iздеген сыртқы саясат саласындағы меселелердi көрсету.
Осы алға қойған мақсатына жету үшiн келесi мiндеттердi шешу қаралады:
- ХХ ғасырдың 40-жылдарының басындағы Қытай халық республикасының саяси - экономикалық өзара әрекеттестiгiнiң алғы шарттарын айқындау;
- Қытайдың экономикалық мүмкiндiктерiн, сыртқы саяси-экономикалық бағыттарын, оның iшiнде КСРО мен АҚШ сияқты мемлекеттерге қатысты саяси ұстанымын зерттеу;
- Қытайдың АҚШ-қа қатысты сыртқы саяси - экономикалық ұстанымын нақтылау;
- Қытай мен 1991 жылы тәуелсіздігін алған Қазақстан арасындағы өзара қарым - қатынастардың құкықтық негiздерiн жан-жақты ашу;
- Аймақтық ынтымақтастың жүйесiндегi американ-қытай сыртқы саяси қарым-қатынастардың негiзiн айқындау.
- ЕХалықаралық саяси байланыс эволюциясының салыстырмалы ерекшелiктерi мен негiзгi кезеңдерiн көрсету;
- Қытай халық республикасы дамуындағы сыртқы саяси саласындағы қатынастарының негiзгi бағыттары мен болашақта шешiмiн iздеген халықаралық аренадағы мәселелердi қарастырумен зерттеу жұмысын аяқтау.
Бітіру жұмысының деректiк негiзi: Бітіру жұмысының алдына қойған мақсаты мен мiндетiн орындауда негiз болған деректердiң қайнар көздерiне қарай оларды бiрнеше топтарға бөлiп қарастырып отырмын. Ең алғашқылардың қатарында тұрғаны және ең маңыздысы болғаны бұл: заң актiлерi мен қаулылары, арнайы әдебиеттер, мемлекет қайраткерлерінің сұхбаттары мен еңбектерi, архив материалдары және мерзімді баспасөз материалдары т. б.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі . Бітіру жұмысын жазу барысында шетелдік авторлардың еңбектері жан-жақты қаралды. Атап айтсақ, В. Вильсон, К. Маркс, Энгельс сияқты ғалымдарға сүйене отырып, өтпелі кезең елдеріне ерекше назар аударған саясаткерлер мен тарихшылар атақты ғалымдар Вашингтон, Соловев, Мао Цзы-дун өтпелі кезендегі тарихты, саяси дамуды, соғыс пен бейбітшілік сияқты мәселелерді жан-жақты зерттеп талдаған. Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) мамандары мен өкілдерінің де еңбектері талданып шықты. Тодаро секілді экономистің Қытайдың соғыстан кейінгі сауда айналымын зерттеген еңбектерінен материалдар алынды және тағы басқаларының әсіресе КСРО өндірістерінің азаю себептерін іздеп, талдау жасауға тырысқан еңбектеріне сүйендім. Сонымен бірге, Халықаралық саяси-экономикалық қатынасын ашу үшін Қытайдың отарлық елден тәуелсіздікке қол тіреген кезеңінде әрқилы қиыншылықтарға тап болуының себебін айқындау қажеттілігі туды.
Ал, сол сәтте социализм бағытындағы теория әлі де болса дамымаған еді. Дегенмен де, бұл жаңа саланы жарыққа шығаруда бірқатар талпыныстар жасалуда, атап айтсақ, 1995 жылы саясаттанушы Дарендорф және 2000 жылы Г. Роланд өздерінің «даму экономикасы» деген еңбектерін шығарды.
Сонымен бірге, екінші дүние жүзілік соғыстағы жаңа саяси қатынасқа өту мәселесінде әскери күшею мәселесінің түп-тамырын айқындау, соның негізінде қоғамды дамыту үшін шетелдік әріптестерді тарту, оның ішінде Қытай мен КСРО тарапынан осы мәселелер қажетті деңгейде жүргізілді ме деген сауалдарды анықтауда да бірқатар авторлардың жұмыстарына көңіл бөлінді. Солардың ішінде П. Ревке, М. Чапай және Ә. Марғұланның еңбектерінде Қытайдың тарихы және олардың қазақ тарихымен байланысы жөнінде қарастырылған. Ал Ж. Алдабек атты тарихшы Қытай халықықынң ежелгі дүниеден бастап қазіргі заманға дейінгі тарихы, оның ішінде тұрмыс тіршілігі, сыртқы және ішкі саясаты т. б. мәселелерді қарастырды.
Бұл бағытта кейбір американдық ғалымдар, оның ішінде С. С. Тауэр АҚШ пен Азиялық мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарды қарастырса, өзге де ғалымдар АҚШ елінің ғаламдық интеграцияға ұмтылуының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ашуды көздеді.
Қазіргі таңдағы ТМД елдері ішіндегі Ресейдің мұнай мен табиғи газ байлығының қорын, соның негізіндегі ұстап отырған саясатын айқындаса, Қазақстанның белді оқу орындарының ұжымы халықаралық қатынастар саласын жан-жақты зерттеумен айналысуда. Оның ішінде еуропалық, азиялық интеграция мәселесіне, мемлекетаралық саяси-экономикалық қатынастарға, жеке елдердің сыртқы саяси ұстанымына, Қытайдың әлемдік жүйедегі орнын айқындауға көп көңіл бөлінген. Сондықтан бүгінгі күні Қытайда халықаралық интеграция мәселесін зерттеудің қандайда бір мектебі қалыптасты деп айтуға болады. Осы бағыттағы ғалымдар ұжымына жетекшілік ететін профессор Колосковтың ғылыми еңбектерінің маңыздылығы өте зор. Қытай мен кеңстік заманның арасындағы ынтымақтастықтың кейбір қырларын ашуға орыс ғалымдарының жеке еңбектері арналған. Қазақстан Республикасы мен ҚХР - ның екі жақты ынтымақтастығының жалпы мәселелері, батыс еуропалық интеграция үрдістері, қытай-қазақ қатынастарының мәселелері, Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасы ұжымының кейбір ғылыми мақалалары мен ұжымдық басылымдарында көрініс тапқан. Осы ұжымда қызмет жасаған кейбір шетелдік ғалымдар да өз еңбектерінде Қазақстанның саяси жағдайын жан-жақты ашуға талпынды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды бағдары мен бағыттарын геосаяси тұрғыдан зерттеуде тайваньдық ғалым Чжен Кун Фу еңбектерінің мәні өте зор. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының өкілі Сюй Хоэй-Фан еңбектері де Қазақстанның және ҚХР сыртқы саясаты мен қоғамдық пікір арасындағы өзара байланыстарына арналған. Орталық Азия аймағындағы интеграция үрдістері мен еуропалық интеграция және қауіпсіздік мәселелерін зерттеген Ж. О. Ибрашевтің еңбектерін атап өту қажет. Орталық Азия елдерінің еуропалық елдермен өзара қарым-қытынастарын, Қазақстанның Қытаймен және еуропалық елдермен орнатқан ынтымақтастығын зерттеуте бірқатар ғалымдар, атап айтқанда Г. Ш. Жамбатырова, Қ. Е. Байзақова, И. А. Черных, К. Н. Макашева, М. Ш. Губайдуллина, Ф. Т. Кукеева, И. Л. Бурнашов өз еңбектерін арнаған. Сол сияқты аталмыш тақырып жөнінде ҚР экс-сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев та біраз еңбектер жазды.
Осы еңбектердің негізінде Қытай халық республикасының өзге мемлекеттермен арадағы саяси-экономикалық және сыртқы саясаи байланыс пен ынтымақтастықтың аймақтық деңгейдегі мәнін ашуға мүмкіндік туды.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі:
- Көптеген елдер арасында ынтымақтастықтың, Қытай мен КСРО-ның әріптестік тарихы және имперализммен күресі турасындағы алғы шарттары мен салдары туралы тарихи-танымдық қағида.
- Кез-келген екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың салалар бойынша қалыптасуы мен даму дәрежесін нақтылап анықтауға негіз болатын жүйелік қағида.
- Халықаралық қатынастар жүйесінде екі мемлекеттің ұсыныстары мен тілектері жан-жақты сұрыптаудан өткізіліп, заманына сай қабылданған халықаралық құжаттарды талқылаудағы салыстырмалы-сараптамалық қағида.
- Бүкіләлемдік аренада екі елдің қарым-қатынасының сыртқы саясат саласындағы стратегиясын бейбіт жолмен қалыптастыруға бағытталған мемлекеттердің көзқарасының үйлесуін сипаттайтын қағида.
Бітіру жұмысынң құрылымы: Зерттеу жұмысы үш бөлімнен: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталу сәтіндегі мәселелер, Қытайдың сыртқы саясатының қағидалары және ерекшеліктері сөз болады, сол сияқты тақырыптың зерттелу деңгейі, методологиялық негізі және мақсаттар мен міндеттер жазылады.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады, олар:
1. Қытай халық республикасы сыртқы саясатының негіздері, оның ішінде Қытай революциясының жеңісі және ҚХР даму кезеңдері баяндалады. Сонымен қатар 1949-1957 жж. ҚХР сыртқы саясатының негізгі қағидалары басты мәселе ретінде алынады.
2. ҚХР мен ірі держава елдер арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынастар: Қытайдың сыртқы саяси ұстанымы, оның ішінде екіжақты Қытай - КСРО қатынасының қалыптасуы және дамуы және АҚШ - Қытай әріптестігінің перспективалары көзделеді. Осы тарауда басты назар Қытайдың Азия елдерімен геосаяси байланысының дамуы және қазіргі аманғы Қазақстанмен байланысы, ары қарай ҚХР сыртқы саяси тұжырымдамасының модернизациясы баяндалады.
Қорытынды бөлімде негізгі бөлімде баяндалған барлық ақпараттар талданып, зерттеу жұмысы аяқталынады. Сонан соң зерттеу жұмысында пайдаланылған әдебиеттер тізбектеліп, сілтемелерімен бірге жазылады. жазылады.
І. ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Қытай революциясының жеңісі және ҚХР даму кезеңдері
Қытай Халық республикасының сыртқы саясатын талдап, оны зерттеу - зерттеу жұмысының жалпы мақсаты болып табылды. Сонымен қатар халықаралық экономикалық және саяси қарым-қатынастарды қарастыру зерттеу жұмысынң міндеттеріне де кіреді.
Қытай Халық республикасының сыртқы саясаты социалистік мемлекеттердің қағидаларын, яғни Қытай Халық республикасы үкіметінің жалпы бағдарламасымен қолданған іс-әрекеттермен нақтылана түседі. Мәселен, 1949 жылы 19-қыркүйекте Халықтық саяси-кеңестік конференцияның нәтижесінде (ХСКК) және оның І сессиясында қабылданған нормалар бойынша қарастырылады.
Қытай Халық республикасының сыртқы саясатын қарастыру барысында қазіргі уақытқа дейін 5 үлкен кезеңді ескереміз, олар:
- 1949-1958 жж.
- 1958-1963 жж.
- 1963-1966 жж.
- 1966-1969 жж.
- 1969 жылдан кейін.
Аталмыш кезеңдер Қытай Халық республикасындағы болған негізгі саяси оқиғаларға, мемлекеттің құрылуына, мәдени төңкерістің болуына және реформа кезеңдерінің болуына байланысты жинақталып, топтастырылды.
1949-1958 жылдар аралығындағы Қытайдың сыртқы саясаты
Қытай революциясы жеңгеннен кейін 1949 жылы Қытай Халық республикасы социалистік әріптестік ретінде дами бастады. Сол яисқты көптеген көмектерді де қабылдай бастады. Бұл жағдай Америка имперализмінен кейінгі әрекеттерден кейін басталды. Әрине қырғи қабақ соғыстың нәтижесі және оның йымдастырушыларының бірі АҚШ-тың антикомунистік әрекетінен байқылды. Шығыс Азияда Қытай Халық республикасының пайда болуы осыған дейін өмір сүрген имперализмнің жеңілуінен келіп соқты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz