Банктік қызмет
Кіріспе. . . . . . . . . . . .3
1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет.
1.1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет. .5
1.2. Банктер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының ажырамас институты ретінде. . . . . . . . . . .21
2.Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және құқықтық қамтамасыз ету.
2.1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеудің түсінігі, түрлері. . .23
2.2. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы арнайы құзірлі мемлекеттік органдар. . . . . . . . . .37
Қорытынды. . . . . . . . . . . .49
Пайдаланылған әдебиеттер:
• нормативтік.құқықтық актілер. . . . . . .50
• арнайы әдебиеттер. . . . . . . . .51

Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады...»1.
Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады.
Аталмыш мәселе қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр, өйткені республикамызда банктік қызметтің дамуымен қатар жеке тұлғалардың салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі де өсу үстінде. Сонымен қатар, банктер мемлекеттегі төлем айналымының дамуына өз септігін тигізеді.
Бүгінде, Қазақстандағы банктік қызмет аясындағы мемлекеттік басқару процестері өтпелі нарықтық кезеңдегі аса күрделі реформалар мен ұзаққа созылатын әр қилы түрлендірулер ауқымында жүзеге асырылуда. Егемен елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан нарықтық түрлендірулерге орай нарықтық экономиканың аясындағы банктік қызметті басқару реттеуге айтарлықтай назар аударылып, тиісті заңдар шығару ауқымын кеңейту шаралары көзделіп отыр. Сонымен бірге банктік қызмет аясын мемлекеттік басқару мемлекеттік қаржы, валюта, ақша-кредит саясатын, оның ішінде монетарлық саясатын, оның ішінде монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғандықтан және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті проблемалары мен мәселелері көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ мемлекет пен қоғам мүдделері тұрғысынан алғанда қажеттілігіне байланысты қазіргі кезде алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан –– 2030» –– барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: «экономиканы ілгерілеті мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтаруға, фискальді және монетарлық
қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз»

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
2. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы.
3. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
4. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңы.
5. «Қазақстанның Инвестициялық қоры» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы.
6. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 5 маусым 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы.
7. «Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17 тамыз 2006 жылғы Жарлығы.
8. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы болып саналатын қор биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасының 2006 жылығы 8 қыркүйектегі № 8 Бұйрығы.
9. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 13 маусым 2005 жылғы Заңы.
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 заңы.
11. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және
қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Заңы.
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы.
13. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi туралы» Ереже.
14. “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің РЕПО операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы N 10 Қаулысы.
15. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2 Қаулысы.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерлерi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 Қаулысы.
17. Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 Қаулысы.
18. Банкті ашуға рұқсат беру, cондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9 қаулысы.
19. Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 Қаулысы.
20. Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 Қаулысы.
21. Банктердің пруденциалдық нормативтерді және активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы мәліметтерді (провизияларды қалыптастыру) орындау жөніндегі есебін жариялау нысандары мен мерзімдері туралы туралы Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 288 Қаулысы.
22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылєы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 146 Қаулысы.
Арнайы әдебиеттер:
1. А.И. Худяков. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть- Алматы, ТОО «Баспа», - 2001.
2. А. Г. Сайденов. Развитие финансового сектора Казахстана. // Банки Казахстана-№10, 2006.
3. Б. Абдуллин. Рост без првил ? // Континент - №10 (171), 2006.
4. Новые предостережения // Континент-№23(184), 2006. с.19. Материалы «Интерфакс Казахстан».
5. А. Иконников. Колосс на глиняных ногах.// Континент - №21 (182) 2006.
6. «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігі, 15.09.2006 жыл.
7. Сейтжанов А. А Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация – Алматы, 2005.
8. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2007 жылғы 28 ақпан. / Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2007 жыл.
9. Сейтжанов А. А. Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з.ғ. к. Ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация/ Автореферат. –– Алматы, 2005.
10. Аубакиров А. А., Бахаров В. А., Хамитов Н. Н., Ютиш В. М. Словарь банковских и финансово – экономических терминов. –– Алматы: Жеті жарғы, 1999 .
11. Благодатин А. А. , Лозовский Л. Ш. , Райзберг Б. А. Финансовый словарь – М: 2002.
12. Эриашвили Н. Д. Банковское право – М; 2000 г.
13. Найманбаева С. С. Финасовое право. –– Алматы: Дәнекер. 2004 г.
14. Абжанов Д. К. Государственно – прав/е регулир/не банковской деятельности в РК. Диссертация на соискание уч. степ. КЮН., – Алматы. 1998 г.
15. Найманбаев С. М. Банктік құқық: оқу құралы.-Алматы: Жеті жарғы, 2005.
16. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006 ж.
17. Абжанов Д. К. Государственно – првовое регулирование банковской деятельности в РК / Диссертация на соискание уч. степ. К.Ю.Н./ Автореферат – Алматы, 1998 г.
18. Олейник О. М. Основы банковского права: Курс лекций. –– М.:Юристь, 1997.
19. Найманбаев С. М. Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері // Ақиқат-2000 №5.
20. Пессель М. А. Проблема разделения власти и банковская система. // Деньги кредит. – 2000. -№1.
21. «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 заңы (2006-07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулар мен) – спарвочное правовая система ЮРИСТ, 12. 02. 2007.
22. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: жеті жарғы, 1998.
23. Н.Ю. Ерпылева. Российские банковское право: Механизм правового регулирования банковской деятельности. // Банковское право: - №1-2-1999.
24. Коньев В. В. Правовое регулирование банковской деятельности. – М., 1994.
25. Танкиева А. Жергілікті басқаруда экономикалық механизидерді қолдану жолдары // Қаржы-қаражат. – 2004.-№3.
26. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право РК: Учеб. пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2004.

1.2. Банктер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының ажырамас
институты ретінде. . . . . . . . . .
.21
2.Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және құқықтық қамтамасыз ету.
2.1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеудің түсінігі, түрлері. . .23
2.2. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы арнайы құзірлі
мемлекеттік органдар. . . . . . . . . .37
Қорытынды. . . . . . . . . . . .49
Пайдаланылған әдебиеттер:
• нормативтік-құқықтық актілер. . . . . . .50
• арнайы әдебиеттер. . . . . . . . .51
КіРіСПЕ
Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше.
Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4
шілдедегі Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және
қадағалау туралы Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа
жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша Бүгінде Қазақстан қаржы
жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор
табылады...1.
Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі
қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің
ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары
мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес.
Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз
салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша
негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен
клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда
қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады.
Аталмыш мәселе қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр,
өйткені республикамызда банктік қызметтің дамуымен қатар жеке тұлғалардың
салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі де өсу үстінде.
Сонымен қатар, банктер мемлекеттегі төлем айналымының дамуына өз септігін
тигізеді.
Бүгінде, Қазақстандағы банктік қызмет аясындағы мемлекеттік басқару
процестері өтпелі нарықтық кезеңдегі аса күрделі реформалар мен ұзаққа
созылатын әр қилы түрлендірулер ауқымында жүзеге асырылуда. Егемен елімізде
қарқынды жүргізіліп жатқан нарықтық түрлендірулерге орай нарықтық
экономиканың аясындағы банктік қызметті басқару реттеуге айтарлықтай назар
аударылып, тиісті заңдар шығару ауқымын кеңейту шаралары көзделіп отыр.
Сонымен бірге банктік қызмет аясын мемлекеттік басқару мемлекеттік қаржы,
валюта, ақша-кредит саясатын, оның ішінде монетарлық саясатын, оның
ішінде монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғандықтан
және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті проблемалары мен мәселелері
көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ мемлекет пен қоғам
мүдделері тұрғысынан алғанда қажеттілігіне байланысты қазіргі кезде алдыңғы
қатарға шығып отыр. Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің
Қазақстан –– 2030 –– барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында:
экономиканы ілгерілеті мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды
экономиканың нақты секторына, оны сауықтаруға, фискальді және монетарлық
қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз 1
А. Г. Сайденов. Развитие финансового сектора Қазахстана Банки
Казахстана № 10. 2006 г. стр 3.
деген болатын.
Орта ғасыр ойшылы Монтескье Мемлекеттерде адамдардың меншігі
қорғалатын болса, онда адамдарда түрлі кәсіптерге баруға тәуекел етеді.
Себебі олар өз меншігіне ешкім қол сұқпайды деп санайды және сондықтан өз
байлығын айналымға жіберуге қорықпайды, себебі олар сол тауар айналымынан
үлкен кірісті көздейді дейді.1
Қазіргі таңда мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар,
банк жүйесі мен банктік қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде.
1Сейтжанов А. А Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми
дәрежесін алу үшін жазылған диссертация – Алматы, 2005.
1.1.Мемлекеттің пайда болуының алғашқы кезеңінде қаржының ешқандай
бөлімшелері болмады және ол тек қазына деген жалпы түсінікпен
айқындалған. Мемлекет функциясының кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың және
әкімшілік аумақтық бөліністердің күрделенуіне байланысты мемлекеттің
қаржылық қызметінің шеңбері кеңейе бастайды, ал мемлекетті қаржы
құрылымдана және белгілі бір жүйеге топшылана түсті.
Материалдық мағынада қаржылық жүйе ақша қорларының жиынтығы
болып табылады.1
...экономикалық тұрғыда әрбір қор ақша қорын қалыптастыру,
бөлу және пайдалануды ұйымдастыруға байланысты қатынастар жиынтығын
құрайтын қаржылық-экономикалық институт болып табылады.
Қаржылық жүйе белгілі бір (анықталған) қаржылық-экономикалық
институттардың жиынтығы болып табылады.
Қаржылық жүйе туралы сөз қозғағанда қаржы ұғымының қай
мағынада қолданылып тұрғанын айқындап алу керек.
Егер ол кең мағынада қолданылса (яғни мемлекеттік қаржымен
қатар жекені де қамтыса), онда қаржылық жүйе, қаржыны осылай түсінуді
жақтаушылардың көзқарасы бойынша, институттардың үш тобымен айқындалады.
1. халықтың ақша –қаражаттары (олар қорға бірікпейді);
2. заңды тұлғалардың (мекемелердің) ақша қорлары;
3. мемлекеттің ақша қорлары.
Қаржыны тар мағынасында түсінгенде экономистер үш үлкен сфераны бөліа
көрсетеді.
1. кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қаржысы;
2. сақтандыру;
3. мемлекеттік қаржы
Белгілі ғалым А. И. Худяновтың пікірінше, бұл жүйеде банктік
кредит туралы мәліметтің болмауы белгілі бір түсінбеушілік жағдайға алып
келеді.
Көпшілік экономистердің және заңгерлердің пікірінше қаржылық
жүйе келесі институттардан тұрады.
1. бюджеттік жүйе;
2. бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3. кәсіпорындардыі, мекемелердің, ұйымдардың, халық шаруашылығы
салаларының қаржысы;
4. мүліктік және жеке сақтандыру;
5. кредит (мемлекеттік және банктік).
Қаржы жүйесін аталған институттарға бөлуге қазақстандық
ғалымдар тарапынан қатаң сынға ұшырады.2
... мемлекеттің қаржылық жүйесінің қалыптасуынегізінде қаржыны жеке
мемлекеттік деп бөлу жатыр. Сонымен қатар, жалпы елдің қаржылық жүйесін
және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу жүйесін
1 А.И. Худяков. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть- Алматы,
ТОО Баспа, - 2001. стр. 31.
2 Там же. Стр. 35.
және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу қажет ––
деп А. И. Худянов ой топшылайды. Біз өз тарапымыздан бұндай пікірге
толығымен қосылып құптаймыз.
Жеке қаржы келесідей негізгі институттардан тұрады:
1. ұйымдар қаржысы (коммерциялық және коммерциялық емес);
2. сақтандыру ұйымдарының қаржысы;
3. банктер қаржысы;
4. мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржысы (мысалы, мемлекеттік
емес зейнетақы қорлары).
Әлбетте жоғарыда атап өтілген жағдайларда мәселе өздеріне тиесілі
қорларды жеке меншік құқығында иемденетін мемлекеттік ұйымдар туралы болып
отырғандығы анық.
Мемлекеттік қаржы келесідей қаржылық-экономикалық
институттардан тұрады:
1. бюджеттік жүйе;
2. бюджеттен тыс мақсаттағы қорлар;
3. мемлекеттік сақтандыру қаржысы (егер мемлекетте мұндай сақтандыру
түрі болса);
4. мемлекеттік банктер қаржысы (егер осындай банктер болса);
5. мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің сондай-ақ шаруашылық жүйе,
орталықтарының (басқару органдарының мемлекеттік басқару
органдарының ) қаржысы.
Жеке және мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар елдің толық
қаржылық жүйесін құрайд, ал мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар
мемлекеттің өз қаржылық жүйесін құрайды.
Жоғарыда аталған институттарға жекелей тоқталатын болсақ, Сақтандыру
қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II
Заңының 4-бабына сәйкес, сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз
активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру
шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған
кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға
байланысты қатынастар кешенi.
Ал, сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты,
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның
лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы
заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.
Аталмыш заңның 11-бабына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының қызметi сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа
қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) инвестициялық қызметтi;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы
шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi өмірді сақтандыру саласында
қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру
үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және
сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын
жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды
немесе жалға берудi;
6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық
қызмет көрсетудi;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн
арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар
портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi ("өмiрдi сақтандыру" саласындағы
қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн) ;
11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен
ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен
қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге
асыруға құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде
осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен
операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда
сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру
төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қор құруға құқылы. Қордың құрылу
тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру
шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың)
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға сақтандыру
ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тағы бір кең таралып келе
жатқан институты инвестициялық қорлар болып табылады. Инвестициялық қорлар
туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
бюджеттен тыс инвестициялық қорларға байланысты туындайтын қатынастарды
реттейді. Осы заңның 1-бабының 10-тармақшасына сәйкес, инвестициялық қор -
осы Заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры, ал
инвестициялық пай қоры болып пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау
нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды
ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы
компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы табылады.
Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында
инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:
1) акционерлiк инвестициялық қор;
2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн
инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.
Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi осы қор акционерлерiнiң
немесе пай ұстаушыларының кiрiстер алуы және мұндай инвестициялау кезiнде
қауiптiң азайтылуын қамтамасыз ету мақсатында акционерлiк инвестициялық қор
тиiстi лицензиясы болған кезде дербес немесе қорды басқарушы компанияның
қор активтерiн инвестициялауынан тұрады.
Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.Егер инвестициялық
пай қорының ережесiнде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге
құрылады. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес
басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.Инвестициялық пай
қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан
үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.
Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерi пайлар
шығарылымын тiркеу күнi, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгiленген елу мың айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Бұнымен
қатар жинақтаушы зейнетақы қорларды қарастыруды жөн көрдік. Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан
Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңының 1-бабының 16-
тармақшасына сай, жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды
және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Заңның 33-бабына сай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және
тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды
жүзеге асырады.
3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы
қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше
ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын
бұзуы, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шартты бұзу, осы Заңның 23- бабы 1- тармағының 1) 3)
тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегі еңбек шарты бұзылған
жағдайлардан басқа реттерде, үшiн негiз болады.
41-бапқа сәйк жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес
берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн
дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот
органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды
жүзеге асыруға;
3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ
оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған зейнетақы
қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 50-
бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы
қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де
тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-
күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша
анықталады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында
ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шартта көрсетілген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы
зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры
салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі
туралы ақпарат жiберуді жүзеге асырмайды;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы
ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны
үшiн жауап беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір
жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық
есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен
өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы
зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған
ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым
салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға
тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) алып тасталды;
11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа мiндеттi зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен
жасасылған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiмет ұсынуға;
12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбiр жеке тұлғаның тұратын жерiне қарамастан, олармен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу және оны бұзу кепiлдігін
қамтамасыз етуге мiндеттi. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбiр филиалдың
және өкiлдiктiң осы қызметтердi көрсетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы
зейнетақы қорларына:
1. осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы
тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды
қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке;
2. өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға
беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен
мәмілелерді қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
3. сақтандыру қызметіне;
4. зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
5. акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
6. алып тасталды;
7. мыналардың:
қаржылық ұйымдардың;
акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын
қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген,
қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
жинақтаушы зейнетақы қорын автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып
алуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін
немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың 7) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың жинақтаушы
зейнетақы қорына тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесі және акцияларының
саны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген
мөлшерден аспауға тиіс.
4.Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем
қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық
нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың
нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік
нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5.Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен
аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен
қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу
шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған
негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және
зейнетақы активтері бойынша уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкiне бөлек қаржылық және статистикалық есеп
бередi.
Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы
жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган
белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс
жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке
зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған
қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге
қойылатын талаптар уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актiсiмен
белгіленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді
жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын
қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі
мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.( Қазақстан

Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңының 49-бабы).
"Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы негізінде
жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген
100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен "Қазақстанның Инвестициялық қоры"
акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) құрылған болатын.
Мыналар:
1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн,
қазiргі заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге
қабiлеттi әрi табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы
кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-
ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды
жүзеге асыру;
2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында
корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор
рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға
қатысуы есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын
арттыру;
4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк
кооперацияны қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту
үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн
арттыруға жәрдемдесу;
6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде
инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;
7) Қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау
Қор қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып белгiленді.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген
тәртiппен:
1) Қордың жарғысын және инвестициялық декларациясын бекiтудi, Қордың
әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш
миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы
төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80
орналасқан ғимаратты беруді;
3) "Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына
енгізудi;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге шаралардың қабылдануын қамтамасыз
етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қор
акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын
берсiн.
Барлық мемлекеттерде сияқты, Қазақстан Республикасының да қаржылық
жүйесінде банктер қаржысы ерекше орынға ие болады. Бұл мәселеге кеңінен
тоқталмастан бұрын, аталмыш институттың тәуелсіз Қазақстан Республикасында
даму аспектілеріне тоқталып кетуді жөн санадық.
1997 жылдың басымен салыстырғанда Қазақстан Респуликасында 1997
жылдың 1 шілдесінде қалыптасқан жағдайға байланысты: жеке тұлғалар
салымдары 19, 3 % -ға (1997 жылдың 1 шілдесінде олар 23, 1млд теңгені
құраған), заңды тұлғалар депозиттері 1, 09 %-ға (1997 жылдың 1 шілдесінде
53, 36 млд теңгені құрады) көбейген болатын.
Банктік жүйеге тек қана мемлекеттік әсер ету арқылы ғана
банктердің банкроттығының алдын алуға, олардың салдарын жеңілдетуге
болады. Бұл мәселе Қазақстан Респуликасында банктер санын қысқартуға
байланысты өзектілікке ие болған.
Осылайша, 1995 жылдың 1 қыркуйегінде қалыптасқан жағдайға
байланысты Қазақстанда 147 банк және 1043 филиал қызмет етсе.
1996 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 130 банк және 1036 филиал қызмет
еткен. 1996 жылдың 1 сәрінде олардың саны сәйкесінше 123 және 1009 – ды
құрады. 1997 жылдың 1 тамызында 98 банк қалды . 1998 жылдың
14 қантарында қалыптасқан жағдайға сәйкес банктер саны 77 дейін кеміді .
Тап соындай банктік лицензиялары қайтару тенденциясы Ресей
Федерациясында да байқалған. Екі жылдың ішінде шамамен 500 банк (Олардың
ішінде 334 – і 1997 жылы), 300 – і ірі банктерге қосылу арқылы
қызметтерін тоқтатқан болатын. Рсей Оралық Банкінің алдын ала болжамы
бойынша 1998 жылы 1702 тірі банктердің ішінен олардың 200 – нен
астамының лицензиялары кері қайтарылмақ болатын.
Қазақ КСР - інің 1990 жылдың 7 желтоқсанында қабылданған
Қазақ КСР – індегі банктер және банктік қызмет туралы банктердің жарғылық
қорын қалыптастыру тәртібінде мүлде ешқандай айрықша талап қоймаған.
Жарғылық қор банк құрылтайшыларының ( акционерлерінің ) қарызға алған
қаражаттарынан және де ақшалай емес құндылықтардан да құрала беретін. Бұл
жағдай банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға ешқандай да
шындыққа жанасатын кепілдіктер бере алмайтын.
1993 жыл 14 сәірдегі Қазақстан Республикасының Қазақстандағы
банктер туралы заңы кейбір түзетулер енгізді : жарғылық қорды
қалыптастыруға кредитке алынған және кепіл пұл ретінде алынған қаражаттарды
пайдалануға тыйым салынды.
Тек 1995 жылдың 31 тамызында шығарылған Қазақстан
Республикасындағы банкттер және банктік қызмет туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы банктің жарғылық капиталын
қалыптастыру тәртібіне қатаң талаптар белгіледі: банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылардың ( акционерлердің ) жеке қаражаты есебінен және тек ақшалай
түрде құрылуы бекітілді.
Осылайша, республикада банктік қызметті мемлекеттік реттеудің
жоқтығы немесе жеткіліксіздігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
төрағасы О. Жандосовтың айтуынша мынандай жағдайға алып келді: 1991 – 1993
жылдары өздерін банк деп санау және банктік қауымдастық атынан сөйлеу
құқығына заңды және жеке тұлғалардың кең шеңбері ие болды, шын мәнінде
қияр асқабақтан қалай алыс болса, олар банк ұғымынан солай алыс еді
деп ой топшылаған.
Кәсіпкерлік қызметке байланысты мемлекеттік органдармен
қабылданатын кез келген шешім бірінші кезекте қоғам мүддесін, екінші
кәсіпкерлер мүддесін және соңғы кезекте мемлекет мүддесін ескеруі қажет
деген пікірмен келіспеуге болмайды.1
Соңғы жылдары Қазақстан банктерінің сыртқы қарыздарының көлемі жыл
өте артуы құзіретті мемлекеттік органдарды алаңдатуда. Мынадай мәліметтерге
көңіл аударуды жөн санадық.
Жоғарыда Қазақстан респуликасы қаржы жүйесінің ең қарқынды дамып келе
жатқан сегменті болып банктік сектор табылатынын атап өткенбіз. Осы
мәселеге жеке тоқталып кеткенді жөн санадық. 2000 жылдың 1 қыркүйегінде
қалыптасқан жағдайға байланысты банктік жүйенің жеке капиталының жиынтығы
6, 9 млд АҚШ долларының активтер жиынтығын 50, 2 млд АҚШ долларын (шамамен
ВВП-ның 71 % ) құрайд. Халықтың банк жүйесіне сенімнің артуы банктердің
ресурстық базасының қарқынды дамуына негізделеді. Соңғы 5 жылда банктік
жүйедегі депозиттер 7 есе өсіп, 19, 3 млд АҚШ долларын құрады. (ВВП 27, 9
%). Халық салымы 5, 6 есе өсіп, 6, 3 млд АҚШ долларын құрады. Ресурстық
базаның инвистициялық өсімі банктерге экономиканы белсенді түрде несиелеуге
мүмкіндік береді. Соңғы бес жылдың ішінде экономикадағы банк кредиттері
510, 8 есе өсіп, 30, 3 млд АҚШ долларын құрады. Кредиттік қызметті
дамытуға байланысты банктер кредиттеудің әр түрін игеруде. Оның ішінде
тұтыну және ипотекалық несиелеуді, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесін атап
өтуге болады. Осылайша азаматтардың тұтыну мақсатына берілетін банктік
кредиттер соңғы 3 жылдың ішінде 10 есе, ипотекалық несиелер соңғы 2, 5
жылда 9, 5 есе өсті.2
Мемлекеттің сыртқы қарыз көлемін шектеуге бағытталған саясаты
банктерді қатты толғандыруда. Еске сала кетсек 2006 жылдың 21 сәуірінде
Ұлттық Банк өкілдері банктердің ішкі және сыртқы міндеттемелеріне екі түрлі
резервтік норматив енгізілетінін хабарлаған. Мемлекет бұны мемлекеттің
жалпы сыртқы қарызының экономикаға қауіпті ВВП-ның 70 % асып кеткендігімен
негіздейді.2
Fitch Ratings рейтингтік агенттігінің Қазақстандағы банктік
жүйе және пруденциялық реттеу: өсім тәуекелдері атты жарияланған есебінде
өзекті қауіптер кредиттеу көлемінің тез әрі қарқынды өсуі және банктердің
шетелдік қорларға тәуелділігі анықталған. Банктердің өздерінің болжамдарына
негізделе отырып берген Fitch аналитиктерінң кеңесіне сәйкес 2009 жылға
қарай активтер мен кредиттердің 3 еседен артық өсімі күтілуде, соның
ішінде, жеке тұлғаларды кредиттеу 5 есеге өскен. Елімізде орын алған
тұтыну жарылысын ескеретін болсақ, ол кредит көлемінің 2009 ж 72 % дейін
ВВП-ның өсуіне алып келеді. 2005 ж бұл көрсеткіш 40 % құраған.
1А. Г. Сайденов. Развитие финансового сектора Казахстана. Банки
Казахстана-№10, 2006. с.3.
2 Б. Абдуллин. Рост без првил ? Континент - №10 (171), 2006. с 18.
Банктер өз қарыз алушыларын қаржыландыруды негізінен
халықаралық нарықтан алынған міндеттемелер есебінен кеңейтуде. Шет елдік
қорландыруға (фондирование) тәуелділік қайта қаржыландыру тәуекеліне және
пайыздық тәуекелге әкеп соқтырады. Шетелдік валютада кредиттеудің
мөлшерінің ұлғаюы қосымша кредиттік тәуекелдің көзі болып табылады, –
Fitch аналитикалық тобының директоры Джеймс Уотсон санайды.1
Аталмыш мәселеге халықаралық қаржы ұйымдарының да назары
ауып отыр. Халықаралық валюта қорының сарапшылары мемлекеттің кредиттік
қаржылық жүйесінің проблемаларын көрсеткен болатын. Үстіміздегі жылдың 16-
қазанында ХВҚ таяу шығыс және орталық Азия елдері департаментінің аға
кеңесшісі Дэвит Оуэнның пайымдауынша, 2007 жылы үкіметтің міндеті болып
инфляция өсімін шектеу және соңғы кезде банктердің сыртқы міндеттемелерімен
қаржыландырылатын елдегі кредиттердің қарқынды өсуі мен кеңеюін ұстап тұру
бойынша іс-шараларды жүзеге асыру табылмақ. Оуэн мырза ақша-кредит
саясатын қатаңдату және қатаң пруденциалдышараларды қабылдау аса қажетті
болады, –– деп ой түйіндеген және бұл елдегі макроэкономикалық
тұрақтылықты сақтап тұрудың өзекті шарттарының бірі болып табылады.
Банкирлер ХВҚ-ны консерватизмі үшін сынға алады. Бірақ біз
қаржылық нарықтың дағдарысы алдында тұрмасақ та, бұл дағдарыс бізден алыс
емес. Кредиттік ұйымдар ел экономикасына сапалы түрде игере алмайтын ақша
мөлшерін тартты. Бұнымен кредиттік толтыру процесі кушею үстінде2 .
Кредиттік ұйымдар Ұлттық Банк енгізген жаңа минималды резервтік
талаптарға (МРТ) алаңдаушылық білдіруде. Ұлттық Банк жаз айларынан бастап,
жаңа шектеулерді қаржылық топтардың шетелден қарыз алуын шектеу мақсатында
кезең кезеңімен енгізе бастаған.
Ал үстіңгі жылдың қазан айында Ұлттық банк төрағасы Ә. Сайданов
МРТ-ның кезекті блогын енгізуді кейінге қалдыру туралы шешімін түсіндіре
отырып, банктер шілдеде енгізілген шектеулерді (лимиттерді) үлкен
қиындықпен орындап жатқандығын атап өтті.
... көшбасшы банктер резервтерге жаңа талаптар енгізілгеннен
кейін халықаралық рыногтан өзінің бұрынғы қарыздарын жабуға (қайта
қаржыландыруға) бағытталған кредиттерді белсенді тарта бастады. Осылайша
Тұран Әлем Банкі 2006 жылдың 13 қыркуйегінде 1, 111 млд. АҚШ доллары
көлемінде ірі синдициреленген (синдицированный) қарызды тартқандығы туралы
хабарлаған. Бұл қарыз екі трапшта, 18 ай және 3 жыл мерзімге тартылды.
Банктің баспасөз қызметі хабарлағанындай қарыз жалпы корпоративтік
мақсаттарға, сонымен қатар, 777 млн. доллар көлемінде алынған қарызды
қайта қаржыландыруға тартылмақ.
... үстіміздегі жылдың тамыз айында Казкомерцбанк 850 млн доллар
1Новые предостережения Континент-№23(184), 2006. с.19. Материалы
Интерфакс Казахстан.
2А. Иконников. Колосс на глиняных ногах. Континент - №21 (182) 2006 с.
30.
көлемінде синдициреленген қарызды, 18 айға тартқан. Ал қыркуйекте Thomson
Financia агенттігі хабарлағанындай, банк инвестициялық банктерге жаңа
синдицириленген кредитті ұйымдастыруға өтініш жіберген. Оның көлемі 800 млн
долларды құрап және ол алдыңғы тартылған кредитті жабуға бағытталмақ.
Ұлттық Банктің алпауыт банктерге қатысты жүргізіп жатқан іс-
шаралары кері әер беріп отырған сыңайлы: Батыстан қарыз алуды қысқартудың
орнына олар керісінше жаңа кредиттерді тартуда.
1998 жылы Ресейде бір күннің ішінде кәсіпорындар мен азаматтардың
ақшасы бірнеше есе құнсызданып, кредиттерді қайтармауға әкеліп соқтырды,
нәтижесінде оншақты банктік мекемелер құрдымға кеткен болатын. Бүгінгі
таңда Қазақстанда да 1998 жылғы дағдарысқа дейін орын алған белгілерді
көруге болады. Ең бастысы ақшаның шамадан тыс көптігі. 1998 жылға оқиғаға
дейін де осылай болған.
Сол кезде де белгілі әлемдік қаржыгерлер арзан ақша дәуірінің
келе жатқандығын айтқан болатын.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қолжетімді арзан ақшаның шамадан тыс
артуы оларды салудың сапалы құралдарының жеткіліксіздігімен суреттеледі.
Қаржылық жүйенің өсу ырғағы өткен жылдар рекордтарын жаңартуда. Тамыз
айында Қазақстан банктерінің жиынтық міндеттемелері жыл басымен
салыстырғанда 25,72 пайызға, ал бір жылдың ішінде 68, 59 пайызға өсті. Сол
жылы шетелдік кредиторларға жиынтық қарыз екі есеге артты. Банктердің жеке
және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы 2006 жылдың
басынан 40, 6 пайызға өсті.
Өткен жылдың күз айларына қарай қаржылық жүйедегі қаржылық
кредиттердің үлес салмағы 37,8 пайызға жетті, ал қайтарылмағандары шамамен
үш пайызды құрады.
Көптеген ірі банктер әртүрлі банкілік емес бағыттағы
құрылымдармен тарамдалып кеткен. Оларға лизингтік және инвестициялық
компанияларды, активтерді басқару компаниялары, клиринг, қаржылық
брокерлерді, сақтандыруды және т. б. жатқызуға болады. Бір жағынан бұның
барлығы көптеген ірі Қазақстандағы банктер осы статусқа талпынатын
қаржылық супермаркет атрибуттары болып табылады.Екінші жағынан еншілес
компаниялардың қызметі қаржылық топтарға қатаң банктік нормаларға суйенбей
тартылған активтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің кейбір банктер
қарыздарды өздерінің еншілес инвестициялық компаниялары арқылы тартатындығы
қызығушылық туғызады. Мысалы, Тұран Әлем Банкі өзінің рекордтық қарызын
еншілес Тұран Alem Finance В. V.-ге тартқан. Бұндай ойындардың мәні жай
бақылаушыға түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде тиімді жақтарының
бірі болып тартылған активтерді қаржылық топтың қызығушылығын туғызатын
проектілерге салу табылса, ал банк статусы мұндай инвестициялар жасауға
мүмкіндік бермейді.
Ипотекамен қатар банктер әр түрлі құрылыстарды қаржыландыруда. Бұған
кезекті Алматылық Apple Town мегапроекті мысал бола алады және оны
Казкомерцбанк оңтүстік кореялық Woori Bank –пен бірге кредиттейді.
... біздің жылжымайтын мүлік нарығы шамадан тыс қызу үстінде.
Егер сол 1998 жылды еске түсіретін болсақ, онда дәл сол Жапония мен
Оңтүстік Шығыс Азия жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс осы елдердің
алпауыт банктерінің күйреуінің себебіне айналған. Және де бұл жағдай
Ресейдегі қаржылық дағдарыстың негізіне айналды.1
Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы қабылданған
Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және
шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Қазақстан Респуликасы Азаматтық кодексінің 10-бабының 1-тармағына
сәйкес, кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жекеменшікке (жеке кәсіпкерлік) не
мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік
кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметті кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің
атынан оның тәуекел етуімен және мүліктік жауакершілігі мен жүзеге
асырылады.2
Бірақ кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретіндегі банктік қызметтің
өзінің ерекшеліктері бар, олар:
• банк тек өзінің қаражатын ғана емес тартылған қаражатты да пайдаланады,
сәйкесінше, салымшыларға да белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік қызметтің
тәуекелі жүктеледі;
• банктік операцияларды жүзеге асыру мемлекеттік ақша-кредит саясатын
жүргізудің қажетті элементі болып табылады. Осылайша, банктердің заңды
тұлғалар ақшасын есептік шоттар ашу жолымен тартуы мемлекет белгілеген
заңды тұлғалар ақшасын міндетті түрде банктік шоттарда сақтау ережесінен
туындайды;
• банктік қызметке ерекше құқықтық реттеу режимі қолданылады;
• банктік қызметті реттеуші заңнамаға банктік құқықтық қатынас
субъектілерінің жүріс-тұрысын қатаң және толық айқындау тән3.
Кәсіпкерлік қызмет ретінде банктік қызмет ерекше ережелермен жүзеге
асырылатын салық салынуға жатады4 .
Банктік қызмет –– коммерциялық банктер тарапынан барлық меншік
1А. Иконников. Колосс на глиняных ногах. Континент - №21 (182) 2006 с.
30.
2ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2006ж
3Абжанов Д. К. Государственно – првовое регулирование банковской
деятельности в РК Диссертация на соискание уч. степ. К.Ю.Н.
Автореферат – Алматы, 1998 стр 9.
4Олейник О. М. Основы банковского права: Курс лекций. –– М.:Юристь, 1997.
стр 28.
нысандарына негізделген кәсіпорындар мен барлық салалар мүдделеріне қатысты
жүзеге асырылатын әмбебап банктік операциялар, деп түсіндірген.
Н. Эриашвилли сол операциялардың ақша капиталын тарту және жұмылдыру,
кредиттеуге делдал болу.
Шаруашылықтағы есеп айырысулар мен төлемдері жүргізу, бағалы
қағаздар шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру, консультациялық қызмет
көрсету сияқты түрлерін атап көрсеткен1
С. М. Найманбаев қалыптастырған банктік қызмет ұғымы, біздің
ойымызша, бір жақты қоғамдық –– мемлекеттік сипатта көрініс тапқан
сыңайлы: Банктік қызмет деп қоғамдық – мемлекеттік материалдық мүдделер
мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Ұлттық Банкі мен басқа да
кредиттік ұйымдардың банк жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік банктердің
ақшалай ресурстарын қалыптастыруға және оларды мемлекеттің саудалық қорлары
ретінде пайдалануға бағытталған, банктер туралы заңдарда көзделген банктік
операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін айтамыз2
М. Пессель банктік қызметтің әр түрі мен тұстарын талдау нәтижесінде:
Банк ақша қаражаттарын (салымдарды) жинақтайтын, кредит (заем, сауда)
беретін, ақшалай есеп айырысуды жүргізетін, ақша, бағалы қағаздарды
шығаруды (эмиссиялауды) жүзеге асыратын, мемлекеттер, кәсіпорындар,
мекемелер және жеке есеп айырысулар кезінде делдал болатын айрықша
экономикалық институт деген анықтаманы қалыптастырған.
Сонымен қатар, ол нарықтық экономикада жұмыс істейтін әр
түрлі банк мекемелерін меншік нысандарына және қызметтерінің сипатына қарай
мемлекеттік банк, акционерлік банк, халықаралық банк, эмиссиялық банк,
сыртқы сауда банкі, депозиттік банк, жер банкі, ипотекалық банк,
инновациялық жинақ банкі, тұтынушылық кредит банкі3 деп бөлген.
Ал банктік құқық саласын жан-жақты зерттеуші ғалымдардың бірі
О. Олейник Банктік қызметті банктер тарапынан, сондай-ақ, басқа да
кредиттік ұйымдар арқылы күнделікті және нақтылы жүзеге асырылатын банктік
операциялардың жиынтығы деп түсіну қажет 4, - деген ой-пікірін айтады.
А. А. Сейтжановтың пікірінше ... тек жалаң банктік операциялармен
шектелі банктік қызмет ұғымының философиялық, экономикалық, құқықтық мәні
мен маңызын толық ашып көрсетуге жеткіліксіз болатын сияқты.Сонымен бірге,
банктік қызмет ұғымын банктік операция терминіне көп қырлы мағына беріп
байыту арқылы ғана дұрыс немесе ойдағыдай қалыптастыруға мүмкіндік
туындайды және тағы бір назар аударатын өте маңызды жайт банктік операция
банктік қызметтің өзегі
1Эриашвили Н. Д. Банковское право.-М., 2000 стр 45
2Найманбаев С. М. Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері Ақиқат-
2000 №5 44 бет.
3Пессель М. А. Проблема разделения власти и банковская система. Деньги
кредит. – 2000. -№1. стр 65. 4Олейник О. М. Основы банковского права. –М.;
1997. стр 7.
әрі темір қазығы болып табылады.1
Демек банктік қызмет ретінде жүзеге асырылатын банктік операциялардың
түрлерін толығымен қарастырып өткеніміз жөн болады. Қазақстан
Респуликасының (1995 жылғы 31 тамыздағы) Қазақстан Респуликасындағы
банктер және банк қызметі туралы заңында банк жүйесі ауқымында жүзеге
асырылатын банктік қызметтер (банктік операциялар) егжей-тегжейлі
айқындалып, белгіленген Аталмыш заңның 30-бабының 1-тармағында Банк
операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердің осы бапта белгілегне өзге
де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады деп айтылған.
Жоғарыда айтылған заңның 30 – бабының 2-тармағына сәйкес банк
операцияларына мыналар жатады:
1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу
және жүргізу;
2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу
жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және
бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта
санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда, осы тармақтың
1), 2), 6)-9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген банк операцияларының
бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және
ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері
мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды
ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және
(немесе) дилерге және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық
холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаға төлемділік,
мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер
беру;
9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау
және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг
қатысушылары - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
11) төлем карточкаларын шығару;
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
1Сейтжанов А. А. Банктік қызметті мемлекеттік басқару. з. ғ. к. ғылыми
дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. – Алматы, 2005. 19 бет.
13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша
міндеттемелерді орындау;
15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін
беруі;
16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін
банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
11.Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк
операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына
операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина,
платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы
металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу,
сақтау және сату;
2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды
сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға
қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету,
сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер
акцептін төлеу;
4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап
ету құқығын алу;
7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін
жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы
бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы
металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді
жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы
қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша
қызметтер.
12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең
төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы
қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы
қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz