Ақпарат



Ақпарат - маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді:
• бәсекеде басымдылықты алу,
• шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету,
• тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау,
• сыртқы ортаны терең бақылау,
• стратегияны дұрыстау,
• фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау,
• түтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру,
• тиімділікті көбейту.
Ақпаратты жіктеу
Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтан шығу мерзіміне, оған жүктелген міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.,
Шығу мерзіміне қарай мынадай акпарат түрлерін айыруға болады:
• түрақты ақпарат - маркетингтік ортаның үзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерін бейнелейді;
• айнымалы ақпарат - маркетинг обьектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетін ағынды сандык. және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;
• ауық-ауық ақпарат - керек кезде ғана анда-санда ғана жиналатын мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мэліметтер жинау).
Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:
• анықтамалық ақпарат - танымды сипат алады және маркетинг обьектілерінің біршама түрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйесі ретінде шығады;
• кепілдемелік ақпарат - арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады. Оған өнім өткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау фирмаларды талдау приоритеттері жүктеледі;
• нормативтік ақпарат - негізінде өндіріс саласында қалыптасады, өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады;
• хабаршы акпарат - маркетинг ортасы обьектілерінің іс жүзіндегі

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ақпарат
Ақпарат - маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің
жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді:
• бәсекеде басымдылықты алу,
• шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету,
• тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау,
• сыртқы ортаны терең бақылау,
• стратегияны дұрыстау,
• фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау,
• түтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру,
• тиімділікті көбейту.
Ақпаратты жіктеу
Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтан шығу мерзіміне, оған жүктелген
міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.,
Шығу мерзіміне қарай мынадай акпарат түрлерін айыруға болады:
• түрақты ақпарат - маркетингтік ортаның үзақ уақыт өзгермейтін
көрсеткіштерін бейнелейді;
• айнымалы ақпарат - маркетинг обьектілерінің өз мәніндегі іс-
әрекетін ағынды сандык. және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;
• ауық-ауық ақпарат - керек кезде ғана анда-санда ғана жиналатын
мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін
жаңа бәсекелес фирма туралы мэліметтер жинау).
Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:
• анықтамалық ақпарат - танымды сипат алады және маркетинг
обьектілерінің біршама түрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйесі ретінде
шығады;
• кепілдемелік ақпарат - арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері
қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады.
Оған өнім өткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау
фирмаларды талдау приоритеттері жүктеледі;
• нормативтік ақпарат - негізінде өндіріс саласында қалыптасады,
өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады;
• хабаршы акпарат - маркетинг ортасы обьектілерінің іс жүзіндегі
өзгеріс бағыты жоспарға үйлеспеген кезде пайда болады;
• реттеуші ақпарат - хабаршы акпараттың кемшілік себептерін жоюға
бағытталған әрекеттерді баяндайды.
Ақпаратты өңдеуге қарай жіктеу маңызды мағына алып, мына түрлеріне
бөлінеді:
• бастапқы ақпарат - нақтылы мақсатты көздей бірінші рет жиналған
мәліметтерді баяндау;
• екінші ретті акпарат - басқа мақсатпен бұрын жиналған қолда бар
мәліметтер;
• туынды ақпарат - басқа мақсатты шешу үшін бастапқы, екінші ретті
ақпараттың, немесе өзге ақпараттың мәліметтерін баяндау.
Ақпаратқа қойылатын талаптар
Ақпаратты ұйымдастыру алдында оған келесі талаптар қойылады:
1. Ақпараттың өзектілігі - маркетинг ортасының жағдайын әр мезгілде
шындықпен нақты бейнелеу. Сондықтан сақтайтын құнды коммерциялық мәліметтер
базаларын күнделікті жаңарту қажет.
2. Ақпараттың дәлме-дәлдігі - өндірістің, рыноктың, сыртқы
макроортаның нақты жағдайын және даму өзгерісін айнытпай көрсету. Бәсеке
күресі жағдайында ақиқат мәліметтері арнайы бүрмалануы мүмкін. Сондықтан
ақпаратты анықтау үшін мәліметтерді әртүрлі көздерден алып, оларды
салыстыру қажет.
3. Мәліметтердің релеванттілігі - алға қойылған мақсатқа сәйкес
қажетті мәліметтерді іріктеп жинау және іске қатысы жоқ мәліметтерді алып
тастау.
4. Толык бейнелеу - маркетинг ортаның жағдайына және оның даму
өзгерісіне әсер ететін барлық факторларды обьективті түрде есепке алу.
5. Мәліметтердің мақсаттылығы - тауарды өндіру, оны сыртқы және
ішкі рынокта өткізу арналары мақсаттарына сәйкес мәліметтер жинау.
6. Ақпараттың біртүтастығы және сәйкестігі - мәліметтер көрсеткіштері
жиынтығында өзара қайшылыктардың және мәліметтердің өзара сәйкессіздігінің
болмауы.
Маркетингтік ақпараттық жүйе.
Әр фирма өзінің менеджерлерін қажетті маркетингтік ақпаратпен
қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан компанияның арнайы қызметкерлері әр
денгейдегі басшыларға рынок туралы қандай мәліметтер керек екенін анықтайды
және маркетингтік ақпараттық жүйені болжамдайды.
Маркетингтік ақпараттық жұйесі тұлғалар, неше түрлі құралдар жөніндегі
және маркетингтік шешім қабылдауға қажетті сенімді акпаратты жинау,
сұрыптау, талдау, бағалау әдістерін қамтиды.(9 - сурет)
Талдау, жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру және бақылау мәселелерін
орындау үшін (9-суреттің сол жағы) маркетинг менеджерлеріне рынок
ортасындағы (9-суреттің оң жағы) өзгерістер туралы мәліметтер қажет.
Маркетингтік ақпараттық жүйесінің ролі маркетинггік басқару үшін ақпарат
қажеттілігін анықтаумен, оны жинап алумен және дер кезінде менеджерлерге
пайдалануға берумен анықталады. Қажет мәліметтер фирманың ішкі есеп
жүргізуден, маркетингтік бақылаудан, ақпаратты зерттеу арқылы және оны
талдау арқылы жиналады.

Ішкі есеп жүргізу жүйесі маркетингтік ақпараттық жүйенің негізі болады.
Оның ішінде тапсырыстар, сату көлемі, бағалар, қорлар туралы, т.б.
мәліметтер болады. Ішкі ақпаратты талдау арқылы маркетинг менеджері
компанияның мүмкіндіктерін және өзекті мәселелерін анықтайды.
Маркетингтік бақылау ісі рынок ортасында болып жатқан өзгерістерді
бейнелеу үшін менеджерлер қолданатын ақпараттар көздері және оларды жинау
процедураларының реттелген жиынтығы арқылы жүргізіледі.
Маркетинг зерттеулері
Кәсіпорынның өндіріс түріне, оның іс-әрекетінде шешілуге тиісті
мәселелеріне байланысты әр түрлі маркетинг зерттеулері жүргізіледі. Мысалы,
АҚШ фирмаларының басым көпшілігі келесі зерттеулермен айналысады: рыноктың
әлуетті мүмкіндіктерін бағалау - фирмалардың 93%, рыноктың негізгі сипатын
және фирмалардың рыноктағы үлесін зерттеу - 92%, түтынушылардың жаңа
тауарға деген ынтасын анықтау - 84%, бәсекелес фирмаларды зерттеу - 85%,
жарнама тиімділігін талдау - 67%, жарнамалық текстерді зерттеу - 49%
және т.б. Осы мәліметтерден көріп отырғанымыздай, маркетинг зерттеулері
фирмалардың маркетинг жұмыстарының ең негізгісі болып табылады.
Кәсіби білгірлікпен жүргізілген маркетинг зерттеулері фирманың
рыноктағы мүмкіндіктерін әділ бағалау және алдына қойылған мақсатына
минималды қауіп қатерсіз жету үшін тиімді бағыттарын белгілеу мүмкіндігін
жасайды.

Маркетинг зерттеулердің анықтамасы
және оларды жүргізу шарттары

Маркетинг зерттеулері дегеніміз маркетингтік дүрыс шешімдерін қабылдау
үшін және фирма әрекетіндегі мәлім-сіздік жағдайды төмендету үшін
мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады.
Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол
зерттеулер әлуетті түтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу,
нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ
сұранысты белгілеу болып табылады. Рынокты таңдап алғаннан кейін оның
ішінде болып жатқан өзгерістерге дер кезінде тиімді ықпал жасау үшін оның
құбылыс ағымында бақылау қажет. Рыноктың үзақ мерзімдегі даму бағытын
болжау үшін оны зерттеу керек. Белгіленген болжау фирманың мақсатын анықтау
жұмысына, отратегиясын және жұмыс жоспарын жетілдіруге негізі болады.
Әсіресе маркетинг зерттеулері рынокка жаңа тауарды дайындауда, оны
өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.
Маркетинг зерттеулері нәтижелі және тиімді болуы үшін келесі
шарттарды орындау қажет:
біріншіден, зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі
қажет;
екіншіден, жоғарыда айтылған ақпаратқа қойылған талаптарды ескере
отырып зерттеулерде ғылыми тәсілдерді қолдану қажет;
үшіншіден, халықаралық Сауда Палатасы және қоғамдық пікірді зерттеу
Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулері
практикасының Халықаралық Кодексіне сәйкес жүргізілуі тиіс;
төртіншіден, маркетинг зерттеулері жүмыстары мұқият жоспарлануы және
жүйелі сатылануы тиіс.
Маркетингтік зерттеу үдерісі.
Маркетингтік зерттеу үдерісі белгілі сатылардан түрады
(10-сурет).
Барлық жұмыстар белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі. Мысалы, екінші
ретті ақпарат фирма мәселелері мен мақсатын анықтамайынша зерттелмейді, ал
бастапқы ақпарат екінші ретті ақпаратты толық зерттегенге дейін жиналмайды.
Бастапқы ақпарат барлық жағдайда керек бола бермейді, егер фирма мәселесін
онсыз-ақ шешсе оның кажеті жоқ. Ал екінші ретті ақпарат сұрақтарға толық
жауап бермесе, онда бастапқы мәліметтерсіз мәселені шешу қиындайды.

10-сурет. Маркетингтік зерттеу үдерісінің сатылары.

Зерттелетін мәселені анықтау сатысы маркетинг зерттеулердің бастапқы
қадамы болады. Зерттелетін мәселені нақты белгілеу арқылы тек қажетті
ақпарат жинап, мәселені тиянақты шешу жолдары белгіленеді. Сонымен қатар
ақпаратты жинауға жұмсалған қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беріп,
белгіленген зерттеу мәселесін басқа мәселеден анық айыруға қамтамасыз
етеді. Сондықтан бүл зерттеу сатысының сапалы орындалуы зерттелген мәселе
бойынша неғүрлым аз шығынмен тез арада терең талдау жүргізіп, ұтымды шешім
қабылдауға мүмкіндік береді.
Кейбір жағдайда зерттелетін мәселенің өзін және зерттеу мақсатын
анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізіледі.
Екінші ретті ақпаратты жинап, талдау сатысы зерттеу мәселесі онсыз шешу
мүмкіндігі болса да міндетті түрде жүргізіледі. Екінші ретті ақпараттың
жалпы құндылығын бағалау үшін оның жақсы жақтары мен кемшіліктері
анықталады. Бұл бағалау жұмысы шамамен 5-кестедегі нүсқасындай жүргізіледі.
Екінші ретті ақпарат көп түрлі көздерінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ақпарат агенттіктерінің қалыптасуы
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері
Ақпарат және оның қасиеттері
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Журналистикадағы бұқаралық ақпарат ұғымы
Сымсыз желі
Информатиканың философиялық негіздері
Бұқаралық ақпарат - маңызды тәрбие құралы
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 –2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Пәндер