Әлеуметтік философиядағы қазақ ұлттық менталитетке көзқарасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3




I Тарау. Менталитет ұғымының философиялық мәні


1.1. Қазақ ұлттық менталитетінің бастау көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.16

1.2. Қазақ менталитетінің қалыптасу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.25



II Тарау. Қазіргі таңдағы ұлттық менталитеттің тенденциясы және атқаратын ролі.



2.1. Қазақ менталитетіне қоғамды демократияландырудың әсері ... ... ..26.34

2.2. Қазақ ұлттық идеясын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35.49




Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50.52

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53


Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54.55
Уақыт пен замана лебі қазақ халқының өркендеуіне тарихи мүмкіндіктерді беріп отыр. ¥лттық дәуірлеудің жаңа кезеңіне жол ашылған шақта осынау аумалы-төкпелі тегеурікіне төтеп беріп, айқайға емес, ақылға бой алдырып алды-артымызды бағамдап, болашақка бағдар жасайтың мезгіл жетті. Өзгелерге ұлт екенімізді білдіру үшін, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын іргелі дүниелерді, ұлттық қазыналарды есепке алып, оларды жан-жақгы дамытатын жаңа жағдайға сай қайта түлететін уақыт келгендей. Қазактың келелі келешегіне деген үміттің асқақтауымен қатар, ғасырлар бойы ұлттық дертімізге айналған кешшін тұстарымыз осынау аласапыран кезде орны толмас зардапқа ұласпас па екен деген күдікті ойлардың тайталасы біздің жадымызда әрдайым жүр.
Бүкіл әлемдік ірі саяси-әлеуметтік сілкіністер тұсында қазақ елі, қазақ қауымы өз бағытымен жеке ұлттың мәртебесін белгілей алды ма?
Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулар көп жағдайда ұлт менталитетіне байланысты болып отыр. Ұлт менталитетін жаңа қоғамдық қатынастарға бейімдеу, оны қоғамдық және рухани өмірдің өзегіне айналдыру- маңызды философиялық, дүниетанымдық мәселе. ¥лт менталитетінің бағыт-бағдарын, қалыптасу мен даму ерекшеліктерін зерттеу кезеңі күттірмейтін шаруалардың бірі. ¥лт менталитетінің өтпелі дәуірдегі қалыптасу тенденциясы, оның ішкі қайшылықтары, даму ерекшеліктері, оның жаңа қоғамдық қатынастарға әсері, өмірде болып жатқан өзгерістерді қабылдау мен таңдаулы, әлеуметтік философия тарапынан кең көлемді зерттеуді талап етеді.
Бірде бір адам басқа біреуге үқсамайды, әуелі егіздер де түр жағынан өте үқсас бола отырып, олар бірдей емес. Содықтан да әр халықтың және үлтың адамдары сырттай үқсас бола отырып, бір-бірінен мінезімен, сезімі және дүниені түсіну жағынан айырмашылықтары болады.
Менталитет деген сөздің бізге батыс елінен келгендігі белгілі, ол сөз ағылшынның «mentality» деген сөзінен шыққанымен, менталитет сөзі латын тілінен пайда болған. Олардың пікіріне сүйенсек, бүл ұғым жеке адамдардың немесе халықтың, топтардың «ақыл» сапасы мен сапаның қабылетін, күшін, ақылдық бастауын, айлау түрін, бағытын, мұмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық құбылыстардан немесе басқа халықтардан айырмашылықтарын, ерекшелігін ажыратып береді. ¥лттық менталитет, әр халықтың ұлттық менталитеті - бұл берілген тарихи, геосаяси, климаттық, этнографиялық, этникалық және күнделікті өмір сүру салтымен берілген халықтың психологиялық, ақылды, интеллектуалды мүмкіндіктерінің өзіне тән мінезіндегі жиынтығы болып табылады. Қазақ менталитетін батыстық үлгіде қалыптасқан өлшемдер арқылы зерттеуге болмайды.
1. Абай. Қалың елім қазағым: Шығармалары. Алматы: Жалын, 1995 ж.
2. Абильдин Ж., Нысанбаев А. Политика национальных отношений в Центральной Азии. Мысль, 1994 г, №2
3. Аженов М.С. Социальная структура Казахстана на современном этапе. Проблемы развития социальной и национальной структуры Казахстана. Алматы, 1990 г.
4. Ақатай С. Ұлттық діл деген не? Ақиқат, 1999 ж, №3
5. Ай, заман- ай, заман- ай ... (Бес ғасыр жырлайды): 2 томдық. 1 том- Алматы, 1991 ж
6. Асқаров Л.Ә., Исмағамбетова З.Н. Ежелгі Шығыстың рухани қайнарлары. Алматы, Қазақ университеті, 1999 ж
7. Аль- Фараби. Гражданская политика. Аль- Фараби. Социально философские тракты. А, 1973 г.
8. Амеркулов Н., Масанов Н., О диком национализме и подлинном патриотизме. Амресулов Н., Масанов Н., Казахстан между прошлым и будущим. А., 1994 г.
9. Баграмов Э.А. Национальный вопрос в борьбе идей. М., 1982
10. Байтенова Н.Ж. Межэтническая интеграция. А., 1998 г.
11. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. А., 2000 ж.
12. Гельнер Э. Нации и национализм. Вопросы философф. 1989 г. №7
13. Гурьевич П.С. Культурология. М, 1999г
14. Есім Ғ., Фәлсафа тарихы. А., 2000 ж.
15. Есім Ғ., Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар) Алматы, Ғылым, 1998 ж
16. Ишмухамедов А.Ш. Некоторые проблемы развития социальной и национальной структур Казахстана в условиях перестройки./Проблемы развития социальной и национальной структуры Казахстана/ А., 1990 ж
17. Кішібеков Д., Кішібеков Т., Қазақ философ халық. Ақиқат. 1994-№4
18. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, Ғалым, 1999 ж.
19. Қасымжанов А.Х., Атымтаева К.М. Идея национального самоопределения в общественной мысли Казахстана в начале XX века.
20. Конституция Республики Казахстан. А, 1995 г.
21. Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана: состояние и перспективы. А., 1996 г.
22. Қалмырзаев Ә. Біз, Қазақ, ежелден еркіндік аңсаған. Алматы: Ғылым, 1998 ж
23. Артықбаев Ж. Казахское общество: традиции и инновации. Караганда, 1993 ж
24. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе.- Алматы, Ер дәулет, 1994 ж.
25. Қасабек А.Қ. Философия тарихы және ұлттық философия. Адам Әлемі, 1999 ж. №2
26. Қасабек А. Ұлттың ділі. Ақиқат, 200 ж. №8-9
27. Қасымжанов А.Х. Самоопределение и духовное наследие. Саясат, 1999г
28. Масанов Н., Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. Алматы, 1995 г.
29. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. А., 1999 ж.
30. Орынбеков М. Основы исследования казахской духовности. КазМУ хабаршысы. Философия сериясы. №4. Алматы, 1997 г
31. Орынбеков М., Қазақ философиясының көк жиегі. Ақиқат, №6
32. Орынбеков М., Предфилософия протоказахов. Алматы, Өлке, 1994 г.
33. Орынбеков М., Основные универсали тюрского менталитета// Казахстанская философия в канун ХХІ века(материалы Республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 40 летию Института философии МН АН РК, 28 мая 1998). Алматы: Акыл кітабы
34. Оруэлл Д. Заметки о национализме.// Оруэлл Д. Эссе. Статьи. Рецензии.Т.2. Пермь, 1992г
35. О характере казахстанского патриотизма// Панорама. 1996 г. №33 август
36. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. Алматы: Санат, 1997ж.
37. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Алматы: Санат, 1997ж.
38. Сорокин П. Национальность, национальный вопрос и социальное равенство.// Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М.1992г.
39. Тасмагамбетов И.Н. обновление социально-политической жизни общества.//Саясат. 1995 г.№3
40. Тәтімов Мақаш. Қазақ әдебиеті. №49.8.12.2000ж.
41. Тофлер О. Раса, власть и культура.//новая технократическая волна на Западе. М.,1986 г.
42. Молдабеков Ж. Қазақтану.А2000

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті

Философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Әлеуметтік философиядағы қазақ ұлттық менталитетке көзқарасы

Орындаған:
4 курс студенті ______________________________ Ихсанов А.
(қолы, күні)

Ғылыми жетекшісі:
Ф.ғ.к.,доцент. ______________________________ Сүлейменов П
(қолы, күні)

Норма бақылаушы__________________________ ___ Мұқанова. З.
(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:
____ __________ 2007ж

кафедра меңгерушісі
Филос. ғ.д., профессор _________________________ Алтаев Ж.
(қолы, күні)

АЛМАТЫ, 2007
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Тарау. Менталитет ұғымының философиялық мәні

1.1. Қазақ ұлттық менталитетінің бастау
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-16

1.2. Қазақ менталитетінің қалыптасу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 17-25

II Тарау. Қазіргі таңдағы ұлттық менталитеттің тенденциясы және
атқаратын ролі.

2.1. Қазақ менталитетіне қоғамды демократияландырудың әсері ... ... ..26-
34

2.2. Қазақ ұлттық идеясын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35-49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 0-52

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54-
55

Кіріспе

Уақыт пен замана лебі қазақ халқының өркендеуіне тарихи мүмкіндіктерді
беріп отыр. ¥лттық дәуірлеудің жаңа кезеңіне жол ашылған шақта осынау
аумалы-төкпелі тегеурікіне төтеп беріп, айқайға емес, ақылға бой алдырып
алды-артымызды бағамдап, болашақка бағдар жасайтың мезгіл жетті. Өзгелерге
ұлт екенімізді білдіру үшін, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын іргелі
дүниелерді, ұлттық қазыналарды есепке алып, оларды жан-жақгы дамытатын жаңа
жағдайға сай қайта түлететін уақыт келгендей. Қазактың келелі келешегіне
деген үміттің асқақтауымен қатар, ғасырлар бойы ұлттық дертімізге айналған
кешшін тұстарымыз осынау аласапыран кезде орны толмас зардапқа ұласпас па
екен деген күдікті ойлардың тайталасы біздің жадымызда әрдайым жүр.
Бүкіл әлемдік ірі саяси-әлеуметтік сілкіністер тұсында қазақ елі, қазақ
қауымы өз бағытымен жеке ұлттың мәртебесін белгілей алды ма?
Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени
өзгерістер мен жаңғырулар көп жағдайда ұлт менталитетіне байланысты болып
отыр. Ұлт менталитетін жаңа қоғамдық қатынастарға бейімдеу, оны қоғамдық
және рухани өмірдің өзегіне айналдыру- маңызды философиялық, дүниетанымдық
мәселе. ¥лт менталитетінің бағыт-бағдарын, қалыптасу мен даму
ерекшеліктерін зерттеу кезеңі күттірмейтін шаруалардың бірі. ¥лт
менталитетінің өтпелі дәуірдегі қалыптасу тенденциясы, оның ішкі
қайшылықтары, даму ерекшеліктері, оның жаңа қоғамдық қатынастарға әсері,
өмірде болып жатқан өзгерістерді қабылдау мен таңдаулы, әлеуметтік
философия тарапынан кең көлемді зерттеуді талап етеді.
Бірде бір адам басқа біреуге үқсамайды, әуелі егіздер де түр жағынан
өте үқсас бола отырып, олар бірдей емес. Содықтан да әр халықтың және үлтың
адамдары сырттай үқсас бола отырып, бір-бірінен мінезімен, сезімі және
дүниені түсіну жағынан айырмашылықтары болады.
Менталитет деген сөздің бізге батыс елінен келгендігі белгілі, ол сөз
ағылшынның mentality деген сөзінен шыққанымен, менталитет сөзі латын
тілінен пайда болған. Олардың пікіріне сүйенсек, бүл ұғым жеке адамдардың
немесе халықтың, топтардың ақыл сапасы мен сапаның қабылетін, күшін,
ақылдық бастауын, айлау түрін, бағытын, мұмкіндігін бейнелеп, олардың басқа
физикалық құбылыстардан немесе басқа халықтардан айырмашылықтарын,
ерекшелігін ажыратып береді. ¥лттық менталитет, әр халықтың ұлттық
менталитеті - бұл берілген тарихи, геосаяси, климаттық, этнографиялық,
этникалық және күнделікті өмір сүру салтымен берілген халықтың
психологиялық, ақылды, интеллектуалды мүмкіндіктерінің өзіне тән
мінезіндегі жиынтығы болып табылады. Қазақ менталитетін батыстық үлгіде
қалыптасқан өлшемдер арқылы зерттеуге болмайды.
Бүл жайында Д. Кішібеков Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті
де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны европалық қалыпқа салып қарауға
болмайды. Оңың өркениеті де, өлшемдік түсінігі де басқа дейді. 1.
Менталитет қандай да болмасын ортаға сай қалыптасады. Осы
тұрғыдан келгенде, қазақ менталитеті өзінің қалыптасу барысында бірнеше
тарихи кезеңдер мен әлеуметтік сатыларда басынан көшірді. Солардың ішінде
ұлт менталитетінің дәстүрлі тұтастыгы мен бірігейлігіне, оның ішкі
құрылымының өзара байланысына қатты әсер еткен кешегі социалистік заман
еді.
Оның тек қана бір топтың көзқарасына негізделген саяси идеологиясы ұлт
менталитетінің өзіндік ерекшеліктерін бір қалыпқа салып, кеңестік
менталитетті қалыптастырды. Тоталитарлық жұйенің құндылықтарын зорлықпен
санаға сіңіру, оларды адамдардың іс-әрекеті мен дүниетанымының өзегіне
айналдыру жаппай етек алды. Бәрін бір идеологияға бағындыру нәтижесінде
ұлттар дәстүрлі өмір сүру тәсілінен, өздеріне тән ерекшеліктерінен
айырылудан сәл-ақ қалды. Бір ғасыр ішіндегі қоғамның саяси-экономикалық
негіздерінің жиі өзгеріске ұшырауы, 1929-1933 жылдары қолдан жасалған
аштық, саяси қуғын сүргіндер, орыстандыру саясатының нәтижесінде жазу
үлгілерінің өзгеруі, ұлт тілінің қолдану аясының тарылуы тағы басқа да
өзгерістер ұлт менталитетіне кері әсерін тигізді.
Тоталитарлық қоғам ұлт менталитетінің рухани тірегі болып
есептелетін, негізгі этномәдени архетиптерді жоюға тырысып бақты. Оларға
ескінің қолдағы деген көзқарасты қалыптастыра отырып, оларға сыңаржақты
көзқарастар мен түсініктерді сіңіріп бақты.Осындай ірілі-ұсақты зорлық-
зомбылықтар, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық эксперименттер ұлт
менталитетін өзгертуге ықпал етті. Нарықтық қатынастар жүйесін орнатуға
дайындықсыз кірген қазақ қоғамының менталитеті негізінде коммунистік
идеология мен тоталитарлық жүйе құрған көзқарастар жатты. Нарықтық
қатынастарды қалыптастырудың алғашқы жылдарындағы асыра сілтеулер,
әлеуметтік экономикалық саясатты жүргізудегі жалтақтық, ұлттық
ерекшеліктерді еске алмай аяқ асты ету, батыстық үлгідегі қалыптасқан нарық
қағидаларын ұлт санасына зорлықпен тану қоғамдағы дағдарысты күшейтті.
Қоғамда моральдік және рухани ауытқулар басталды.
Әлеуметтік сананы нарықтандырудағы жіберілген кемшіліктерді айтсақ,
олар негізінен білім мен мәдениет, ғылым және денсаулық салаларын қамтыды.
Негізсіз жүргізілген оңтайландыру саясаты, ауылдағы мектептер мен
балабақшаларды, десаулық сақтау орындарын айналып өтпеді. Олардың көбі
жабылып, олардың орнын сауда орны басты. Мәдени ошақтардың жабылуы елді
рухани жағынан жұтаңдатты.
Біз кімбіз ұлттық рухани бастаулары қандай деген сұрактар
туындай бастады. Осы тұста үлттық менталитетіміздің хал-жағдайы қалай деген
сұрақтар туындай бастады. Қазақ қоғамы бүгін де жаңа қоғамдық қатынастар
жүйесін құру үстінде. Нарықтық экономика ұлт өмірі мен тұрмысна бұрын -
соңды болмаған тың өзгерістер әкелуде. Адамдардың еңбекке деген қатынасы,
еңбекті ұйымдастыру формалары, жалпы психологиясы өзгеру үстінде. Бұрынғы
жүйе кезінде қалыптасқан түсініктерден бас тарту процессі жүріп жатыр.
Елтаңба, жалау, әнұран өзгергенмен санаға сіңген психологиядан арылудың
ұзақ екенін өмірдің өзі көрсетіп отырғандай. Дегенмен әлеуметтік -
экономикалық қатынастар жүйесінде жүріп жатқан оң өзгерістер ауқымы да
кеңейіп, ұлттық нарыққа бейімделуі, жаңа құндылықтарды қабылдауы тұрақтана
түсуде.
Осындай әлеуметтік-рухани, практикалық қажеттіліктен туындап отырған
мәселелерге философиялық тұрғыдан талдау жасай отырып, ұлт менталитетіндегі
өзгерістер бағыты мен әсерін тану бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі
болып отыр. Әсіресе қазіргі ұлт менталитетінің дамуы мен қалыптасуы
ерекшеліктері қандай, оның нарыққа бейімделуі қай деңгейде, қазақ
менталитетінің ішкі құрылымының ерекшелігі неде, оның бүгінгі ішкі
қайшылықтарын анықтау осы тақыраптың маңыздылығын көрсетіп отыр.
Осы кездегі қазақ менталитетінің әлеуметтік философиялық астарының
зерттелу деңгейіне тоқталатын болсақ, бұл мәселе әлеуметтіқ философиялық
тұрғыдан әлі де зерттеуді талап ететін тың топарықтардың бірі. Қазақ
философтары ішінде ұлттық менталитет мәселесін алғаш көтергендердің
қатарына мына ғалым-философтарды жатқызуға болады. Олар:
А. X. Қасымжанов, Ә. Н. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Ғ. Е. Есім, Ж. Алтаев, Т.
X. Ғабитов, М. С. Орынбеков, Ж. Ж. Молдабеков, Б. Қ. Құдайбергенов т. б.
Дәстүрлі ұлт менталитетін танып білудің тағы бір көзі, ол сол
ұлттың ғасырлар бойы жинаған, тарих сындарынан сүрінбей өтіп, халықпен
бірге келе жатқан оның ұлттық нышанын өзгеден ерекшелейтін салт-дәстүрі,
мақал-мәтелі, шежіресі, шешендік өнері, аңыз-ертегілері, фольклоры, діні,
айтысы, сөз өнері, жалпы мәдениеті. Бұл салада дәстүрлі ұлт менталитетінің
табиғатын ашуға үлкен септігін тигізіп, өзіндік үлес қосып жүрген ақын-
жазушыларымыз, мәдениет зерттеушілерінің еңбектерін жатқызуға болады.
Олардың қатарында Ғабитов Т. X., А. Сейдімбек, С. Қасқабасов, Р. Бердібаев,
Ә. Қодар т.б. бар. Менің зерттеу тақырыбым қазақ менталитетінің әлеуметтік
философиялық астары. Оның қоғамда болып жаткан әлеуметтік-экономикалық,
саяси өзгерістерге бейімделуі жайында.
Елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаның
деңгейі көп жағдайда ұлт менталитетіне байланысты.
Ұлттық менталитет ол - халықтың ғасырдан-ғасырға, буыннан-буынға тек
өзіне ғана тән салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктерін жоймай,
ұлттық санасын сақтап қалып отырған рухани болмыс.
Қазақтың ұлттық менталитетіне келсек дархан да қонақжай, жомарт та
жасампаз, қайсар да төзімді халқымыздың ұлттық қасиетін жоғалтпай, әлем
халықтарының ортасынан ойын орын алып келе жатқаны да үлттық сана-сезімнің,
дінінің, рухани байлығының арқасы.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Ұсынып отырған еңбек осы тақырыпта
жазылып жүрген зерттеу тәжірибелерінің бірі болғанымен, ол әртүрлі
теориялық тұжырымдар мен ұлттық мәдени қайнарларды арқау етті. Жұмыстың
ұғымдық және әдістемелік қаңқасы мәдениет философиясын, мәдениет теориясы
мен тарихын қолдану барысында қалыптасқанын айтып кеткені жөн.
Зерттеудің масқаты мен міндеттері: Көтерілген мәселелердің
өзектілігінен және зерттеу қажеттігі мен зерттелу деңгейлерінен жұмыстың
негізгі мақсатын айқындауға болады. Бүгінгі таңдағы қазақ менталитетінің
қай дәрежеде екенін, әсіресе, жас тәуелсіз мемлекетіміз үшін өзіндік үлттық
тұтастығымызды айқындау үшін, үлттық идеямызды, ұлттық рухымызды және
болмысымызды талдап, оны мәдениеттанулық аспектіде қарастыру мақсатын алға
қою. Бұл мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер
туады:
- ұлттық болмысты ұлттық санамен ұштастыру;
- тарихи-мәдени ретіндегі қазақ ұлттық болмысының кезендік, сатылық
сипатын ашу;
- қазақ ұлттық болмысын салт-дәстүрмен байланыстыру;
- қазақ менталитетінің қалыптасу ерекшеліктерін атап көрсету;
- ұлттық рухтың басты қасиеттерін анықтау;
- қазақ ұлттық идеясының қалыптасуын анықтау.
Диплом жұмысының жаңалығы; оның жас мемлекетіміздің ұлттық қасиеттерін
қалай сақтап қалуға және ұлт жадында мәңгі сақталып қалу ерекшелігін
анықтау, оларды түсіндіруге көтерілген мәселенің косар өзіндік үлесі аз
болмайды деген ойдамыз.
Тәжірибелік маңызы біздіңше, әр Қазақстандық азаматтың көкейінде тұрған
нәрсе - ұлттық рух деп аталатын, бірақ та анықтауы әлі де шешім таба алмай
жүрген мәселеге тұрақтандыру қажеттігі ретінде ұмтылыс болады деп
есептейміз.

I Тарау. Менталитет ұғымының философиялық мәні

1.1. Қазақ ұлттық менталитетінің бастау көздері

Осы бүгінгі күн талабына сәйкес толық қанды, жан-жақты қамтылған ұлттық
философияның бет-бейнесін жасау қажеттілігі өмірдің өзінен туындап отыр.
Қазақ ғүламалары осы салада ойдағыдай еңбек етуде. Мысалға алсақ А.
Қасабеков, Ж. Алтаев қазақ философиясын зерттеуді философия тарихынан
бастау керектігін айтады. Себебі онда ғылыми таным процесі мен халықтың
идеялық ізденістері, тарихы және ұлттық ойлау ойшықтары анық көрініс
тапқан. Осы саладан алғанда қазақ философиясы үлт менталитетінің тек рухани
негізі ғана емес, сонымен бірге оның реттелген, жинақталған құрылымдық
элементтерінің басты көрінісі, адамдардың ойлау ерекшелігінен тундайтын,
олардың күнделікті мінез құлықтарнда, қарым қатынасы мен табиғи болмысында
көрініс табатын рухани жиынтық десек, артық айтпаған болармыз.
Қазақ философиясын түсіну мен зерттеудің бір ұшы осы менталитетте
жатыр. Менталитетті түсіну арқылы ұлттық философияның даму деңгейін түсіне
аламыз. Яғни үлт менталитеті - қазақ философиясының мәдени коды. Осы
менталитетті ашып зерттеу арқылы қазақ философиясының қалыптасу
ерекшеліктерін түсінеміз. ¥лт менталитетінің бүгінгі заман талабына сай
бейімделуі, оның жаңа қоғамдық қатынастарды қабылдауы осы қазақ
философиясының терең зертелуімен байланысты.-Өткені тек философиялық
деңгейде бейнелеген құндылықтар ғана менталитет құрылымнда мәңгілік сипатқа
ие болады және оның қазіргі ерекшеліктерін аңғаруға мүмкіндік жасайды.
Тарихи сананы қалыптастыруға, қазіргі ойдың тұтастық желісін
қалыптастыруға өткенді зерттеудің маңызы өте зор.Өйткені өткенді ойға алып,
бүгінгі күннің сұраныстарын қанағаттандыра аламыз.
Менталитет буын-буынға ұжымдық бейсаналық түрде беріліп отырады. Осы
тұрғыдан алғанда қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан
құндылықтар жеткілікті.солардың бірі сөз өнері. Бұл жөнінде Д. Кішібеков
былай дейді: Қазақ не айтса да мәселенің байыбына жетіп барып айтатын,
сөздің түйеміне мән берген халық ... Біздің мақал-мәтелдеріміз тұнып
тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелдеуді, үәжді ету
үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асыл шешен, дәлелді, қисынды
сөйлеу қазақ халқы арасында өте ерте заманнан дәстүрге айналған - деп
жазады. Сөз өнері, шешендік дәстүр қазақ халқының дүниені, қоғамдық
қатынастарды танудағы өнердің бір түрі. Ол ұлттық ойлау ерекшелігінің биік
көрінісі, ажырамас түрі.
Сөз өнерінің бір түрі айтыс. Ал суырып салма ақындық өнердің жемісі,
сөз жарысы, өнер бәсекесі. Айтыс өнері шеберлікті, алғырлық пен тапқырлықты
қажет етеді. Қазақта өнер алды қызыл тіл деген қанатты сөз бар.

Көшпелі қоғамда айтыс тек ақындардың үйлесі ғана болмай, оған бүкіл ел
болып ат салысқан. Абайдың әркімнің өнерге бар таласыдеуі де сондықтан.
Ендеше, айтыс өнер қазақтың қанына сіңген қасиеттерінің бірі, менталитеттің
бір ұшы. Соңғы кезде осы айтыс өнеріне айрықша назар аударылып жүр. Бұл
өнердің жандануы қазақтың бойындағы өнерге деген шынайы көңілін оятуда.
Тоталитарлық заманда тұншаланып өнер сахнасынан құрып кете жаздаған
айтыстың қайтадан мәртебеге ие болуының астарында бейсаналық болмыс жатыр.
Айтыс өнері қазақ халқының өнерді танудағы, өмір мағынасын түсінудегі
адамгершілік пен азаматтықты бағалаудығы өнердің еңбір ерекше түрі.
Айтыс, шешендік өнер қазақ философисының негізгі бір бөлігін құрайды.
Бұларсыз қазақ философиясының дамуын елестету мүмкін емес. Шешендік өнердің
дүниетанымдық астары, ондағы көтерілген, даналық сөздер осы күнгі қазақ
философиясын қайта қалпына келтірудегі таптырмас рухани байлық. Өкінішке
орай шешендік өнер бүгінгі қазақ менталитетінде өзінің тұтастығын
жоғалтқан. Оның себебі тоталитаризм, орыстандыру саясаты, ана тілін қолдану
аясының тарылуы. Бұл ұлттық рухани болмысына түскен, оңайлыкпен жазылмайтын
жара. Қазақ философиясы туралы сөз өткенде тағы бір айналып өтуге болмайтын
мәселе - даналық. ¥лт менталитетінде даналықтың алатын орны ерекше. Даналық
қазақ философиясы мен ұлт менталитетінің арасында дәнекер болып тұрған
рухани байлық. Олай болса даналықты қарастыру арқылы біз қазақ
философиясның астарын ашып қана қоймай, сонымен қатар ұлт менталитетінің
даму ерекшеліктерін де байқаймыз.
Шығыс философиясында даналық мәселесі ерекше орын алған. Шығыс
философтарыныың түсінігінше даналық ақын да, білім де емес, ол - рухани
білім (Дхармма).
Даналықты тануда ақын шектіліксіз, логикалық ойлау шектеулі. Оны
танудың бірден-бір тәсілі - рухани тәжірибе. Осы рухани тәжірибе аркылы
адам жаман мен жақсыны, шындық пен жалғанды айырады. Қазақ жерінде ұлт
менталитетіне әсер еткен идеялар мен даналық ойлар көп. Солардың бірі Абай
философиясы. Оның Адам бол деп көтерген идеясының ұлт менталитетіне
тигізген әсері мол. Оның қара сөздерінде кездесетін есті адам, ойлы адам,
арлы адам, иманды адам, түзік адам, толық адам деп адамдарды даналық жолына
түсуге шақырады.
Даналықты үлт менталитетінің қайнар көзі дегенде, Батыс
философиясындағы даналық туралы айтылған ойларды саралаудың да маңызы зор.
Грек философиясында даналықты кұдайға тән қасиет деп қарастырған. Даналық
жеке қарапайым адамдар үшін түсініксіз деген ойлар да айтылған. Бірақ,
Фалестің айтуынша, даналық - әр нәрсенің шегін білу. Пифагор даналық
білімнің ең жоғарғы шыңы және онсыз өмірдің мәні жоқ деп пайымдаған. Оның
ойынша кез-келген білім даналық емес, тек заттар мен құбылыстардың
заңдылығын білу даналық. Гераклит болса даналыкты Логос деп атаған. Оның
ойынша даналық шындықты айту,

табиғат дауысына құлақ түру, соған сәйкес іс-әрекеттер жасау. Ал Сократтың
түсінігінде даналық білім мен адамгершіліктің жиынтығы. Егер білім
адамгершіліктен тыс тұрса, онда ол керісінше ақымақтық. Аристотель білім
мен даналықты бір деп қарастырған. Оның ойынша даналық дүниедегі әр
нәрсенің шығу тегін және басын білу. Даналық білімдердің ішіндегі ең
нақтысы деген ой айтқан. Қысқаша айтқанда, батыстық философияда даналықты
білімге теңеген. Даналық көріністері мен іздері ұлт менталитетінде тасқа
басқан таңбадай сайрап жатыр. Егер оларды түйелейтін болсақ олар адам мен
табиғат, қоғам мен адам, адам мен адамдар арасындағы қатынастарға жиі
кездеседі.
Даналық қашанда тұтастыққа негізделген. Тұтастық идеясы - ол тек
білім ғана емес, сонымен қатар адамгершіліктің ритуалдық, салт-дәстүрлік
қатынастардың ажырамас жиынтығы.
Қазақ халқы қашанда табиғатпен етене жақын өскен халық. Табиғат
қазақтың анасы мен атасы. Қазақ табиғатқа байланысты салт-дәстүр, тыйымды
одан қорыққанынан емес, терең түсінгенімен ойлап тапкан. Мысалы: суға
түкірмеу, себебі судың кір кетірер қасиеті бар т.б. Қазактың табиғаты
қандай бай, даласы қандай дархан болса, мінезі де сондай кең. Қазақ адам
сипатын осы табиғаттың қасиеттерімен көрсеткен: жызық маңдай, қыр мұрын,
ақша бет; мінез өзгерістерін: қабағы суық, күндей күлімдеген көзді,
жадыраған жаздай мінезді т. б. Абайдың қыс өлеңі де осы ойды дәлелдей
түседі. Бала ауырғанда жерұшық беріп жерге аунату да сол ұлт
менталитетіндегі адам мен табиғат арасындағы тығыз байланыысты білдіреді.
-Өкінішке орай бүгінде ұлт пен табиғат арасындағы гармониялык
катынастардың бұзылуы, табиғатқа деген агрессивтік көзқарас пен
менталитетінің қалыптасуында. Табиғатқа деген батыстық үлгідегі тутынушылық
көзқарас ұлт менталитетіндегі тұтастық идеясына, ғасырлар бойы қалыптасқан
даналығына кері әсерін тигізуде.
Қазақ философиясында даналық мәселесінің тамыры терең, желісі
ауқымды. Даналықты қазақтың рухани дүниесінің басқа да салаларынан
кездестіруге болады. Ол фольклорда, мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде,
салт - дәстүрлерімізде жиі кездеседі. Ұлттық ойлау жүйесін қалыптастыру
біздіңше менталететтен туындайды. Өйткені ұлттық ойлау жүйесінде ғасырлар
бойы жинақталған рухани болмыс, дүниені бейнелеу формалары, белгілі бір
ұғымдар, түсіндіктер қөрініс табады.
Бүгінгі қазақ менталитетіне тән нәрсе, ол ішінара қайшылықтар. Жаңа
мен ескінің күресі, жалпы мен жалқының, дәстүр мен жаңашылдықтың, ішкі және
сыртқы факторлардың қайшылықтары кейде тілмен ділдің арақатынасын бұзуға
әсер етуде. Оның басты себебі, батыс құндылықтары алдында бас ию, рухани
пратикада әлеуметтік процестерді бейнелеуде европоцентристік тәсілдің
басымдылығы қайшылықтар жүйесін күрделендіре түсуде.
Бүгінгі қазақ менталитетіндегі ең басты қайшылық батыстың рухани
құндылықтарын екшеусіз, талдаусыз қабылдау әлеуметтік әмірде кеңінен
орын алуда. Осының барлығы сайын келгенде ұлт менталитетінің әлсіздігінен
туындайды.
Нарық заманында батыстық технологиясын бүркеніп мәдени, діни ағымдар
тосқауылсыз, кедергісіз менталитетімізге сыналап кіріп жатыр. Демократия
атын жамылған миссионерлер ұлттық рухани өмірін лайлауда. Оған қарсы тұрар
рухани күш болғанымен, оларды нақты түрмыста пайдалану әзірге әлсіз.
Көпшілік ұлт рухының тазалығын емес, қалтасы мен және басын ойлауда. Бұған
себеп біздіңше болашаққа деген нық сенімнің әлсіздігінде. Болашағына
сенімсіздік білдіріп, күмән келтірген адамның бойын немкеттілік басып, ол
тіпті сатқындыққа баруы мүмкін. Онда ешқандай жауапкершілік жоқ- басты
себеп осында.
Қазақ менталитетінің тұтастығын оның күре тамыры болып табылатын
ұлттық ойларды философиялық деңгейге көтеру үшін рухани дүниеміз тегісінен
ұлттық сипатта болуы керек, оның түтастығын бүзып алмауымызды қазірден
бастап ойлануымыз керек. Бүл жөнінде А. X. Қасымжанов өте маңызды пікір
айтқан. Жалпы алғанда, бір халықтың өмір сүру салтын, заңдылықтарын,
екінші бір халыққа телу деген өте бір ауыр, киын құбылыс. Айталық, тірі
организмге екінші бір органды ауыстырып салу барлық жағдайда дүрыс нәтиже
бермейді, себебі оны организм жатсынады, ауырсынады, қабылдамай алмайды,
тіпті өліп кетуі мүмкін. Көнеден келе жатқан мынадай бір сөз бар: Өзіңе
жат әдет-ғұрыптарды калай болса, солай қабылдай беруге болмайды. Ұлы
тарихшы Геродот сақтардың өзге елдің әдет-ғұрып, салт-дәсүрлерін қабылдауға
қарсы болғанын атап көрсетеді. Түрік бабамыз Тоныкөк те өзі қытай білімін
ала тұра: өзге халықтардың құндылығын қабылдауға болады, бірақ ол үшін өз
әдет-ғүрпыңды сақтай отырып, өзге елдің жеріне түсіп кетуден аулақ болу
керек деген екен. Қысқаша айтқанда, ұлт менталитеті, оның ойлау жүйесі
тегінен нәр алу керек. Тексіз менталитет желмен ұшқан қаңбақ тәрізді.
Қонары да, ұшары да сыртқы күштерге байланысты. Тегіне тартсақ тозбайсың
деп қазақ бекер айтпаса керек. Тектілік тұтастықтың үлкен белгісі. Оның
өзегі сабақтастық, ұрпақ арасындағы рухани байланыс. Рухани байланыс пен
сабақтастың үзілген кезде ұлттық менталитеттік куаты келіп, сыртқы күштерге
қарсы тұра алмайды.Өзіңнің ата-бабаңның салып кеткен сара жолымен жүріп,
олардың қалдырған рухани байлығының иесімін деп, оны келер үрпаққа жеткізу
естілік пен тектіліктің белгісі. Тектілік бар жерде ғана иегерлік бар.
Қазіргі кездегі ұлт менталитетінің рухани жағынан әлсіреуі де осы
тектіліктің тұтастығының бұзылуында.
Тексіздік жалтақтық пен жағымпаздық психологияны
қалыптастырады.Өкінішке орай бұл жағымсыз қасиет қазақ зиялылары басында
әлі де бар. Бұл ойланатын шаруа. Әйтпесе, жер сатам деп шуылдап
жүргендерді, халқына топырақ шашып, сырттай абырой іздегендерді, ұлт
мүддесін қара басынық қамымен шатастырып жүргендерді, ақша мен билік
алдында құрдай жорғалап жүргендерді жасыруға бола ма? Осының барлығы
бүгінгі зиялы қауымның бұрын-соңды болмаған жаңа дүниетанымдық
принциптердің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Ж. Молдабеков бұдан
шығар жолды былай деп көрсетеді бөтеннің аруағына табынып тамсанбай, өз
тағдырыңның табанын құратын оң жолда тартынбай әрекеттену.-өзің бойыпты
болсаң, халқың құрметшіл болады: баланың парызын білсең, әкенің қарызын
ұқсаң, халқың ынталы болады; істеген ісін көрсең, жүрген жолын бақсақ,
көңіл ауаның бақсаң, көңіл ауаның тапсаң, ол адам қайда жасырынбақ? Тек
мәнді сөзбен кеңесті іждағатпен тыңда, ұқпағаныңды ішіңде бүк, көңілге
тоқығанды абайлап айт, кінәң кем болады; мүқият қадағала, алмағайыптан
сақтан, білген ісіңді аңдап бас, өкінішің кем болады; риясыздық әділетпен
үйлес болса, ұят, масқара аулақ тұрмақ. Тірек тұтқанын шын жанашыр болса,
ісің тиянақ таппақ.Өмір сабағыңды ойсыз оқу бекершілік, оқусыз ой
қателік2. Тексіздік надандықган шықса, тектілік даналықтан шығады. ¥лт
менталитетінің бетін даналыққы бұру тектілікке бас ұру. Сонда жалтақтық пен
жағымпаздыққа, көрсеқызырлыққа тосқауыл қойылады. Тектілікке бөлініс пен
алауыздық жоқ. Қазақ бөлінгенді бөрі жейді, төртеу түгел болса төбедегі
келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді дейді. Осы бір халық даналығының
маңызы осы кезде аса түскендей. Ұлт менталитетінің мұраты да осы болса
керек.
Кешегі тоталитарлық жүйе тұсында қазақ болмысының тіршілік
философиясының өзегін құраған осындай даналыққа сызат түсті. Оның ең басты
көрсеткіші тіл мен ділдің бір-бірінен алшақтауы, арақатынасының үзілуі.
Тілдің шұбарлануы дүниенің ұлттық бейнесін жасауға кедергі келтірді: тіл
негізінде жатқан рәміздер мен архетиптер, рухани дәстүрлер сабақтастығы
үзілді.
Ұлт менталитетіндегі жақсы қасиеттерді насихаттап, оған бүгінгі
жастарды тәрбиелеудің маңызы зор. Сонда ғана жастар өз ұлтынан жатсынбайды,
жүректерінде ұлтжандылық сезім пайда болады.Өз ұлтына деген құрмет пен
мақтаныш сезімі пайда болып, бойын жат қылықтардан аулақ ұстайды. Бөтенді
пір тұтпай, өзгеге жалтақтамай, өзін жоғары ұстауға тырысады.
Бүгінгі таңда қазақ болмысы, оның мәдени негіздері туралы сөз
қозғасақ ұлттық санамен бірге қарау негіз болар еді. Ұлттық сананың кейбір
еркшеліктері де қазақ болмысының құпиясы мен өміршек күштерін нұрландыра
алады. Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің
ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргі талай елін тоқ қалдыратын осынау
байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің
шеңберінде шектелмеген. Ал жаңашылдықтың жалынын лаулата түскен. Содан да
болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиет
жатыр. Сондықтан да қазақтың дәстүрін поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп
жатады. Қазақ даласында поэзия тек ақын жыраулардың ғана еншісі болып
қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына мәр берген. Қазақты
этномәдени тұтастық ретінде танып түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің
қүдыреті айырықша мәнді. Салиқалы сөз қазақылықты қүлпыртудың

кілті болған. Осылайша ғажайып үрдіс қалыптасқан - сан ғасырлар бойы рухани
төлтумалықтың темір қазығы тек зиялылар ған емес, қарапайым халықтың өзі
болып отырған. Халықтың әдеби тіліндегі демократизмнің де қорғасындай
салмақты латындық даналықтың да сыр-себебі осында. Кәсіби салалардың қатаң
заңына бейімделе бермейтін қазақ тілінің синкреттілігін де осы түрғыда
пайымдауға болады. Қазақ тілінің әдебиетшілдігі дегеніміз түптеп келгенде
ойлаудын ұлттық ерекшелігі болып табылады. Дауға салса алмастай қиған,
сезімге салса қырандай толқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің
кезкелген орайында әрі қару, әрі қалқан болған Ана тілінен артық қазақ үшін
бұл дүниеде не бар екен?! Әрине, одан қымбат ештеңе жоқ деп айтуға болады.
Ғасырлар бойы қазақтың үлт ретіндегі мәдени түтастығына ең негізгі үйтқы
болған -оның ғажайып тілі.
Қазақ ділінің тағы бір ерекшклігі - оның тарихшылдығы. Халықтың
тарихтан хабардарлығы мейілінше жоғары болған. Тарихи білімінің мүндай
жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи-мәдени оқиғалардың ағыны ретінде
бала кезінен сана- сезіміне сініп отырған. Қазақ даласының дүйім жүртында
кең құлашты тарихи сана болған, себебі бұл даладағы әрбір жұмыр баста
пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын кисапсыз мол дерекке әбден
жаттығып, көзі қанық болған. Қатардағы сахара қазағы өз халқының тарихымен
бітте қайнасқан. Ол өзін ұдайы халық тарихының бір бөлшегі ретінде
сезінген.
Сонымен бірге қазақ болмысының жаңалық
атаулыны
жатсынбайтынын да атап өту керек. Мұндай дүниетанымның негізі -сахара
тұрғыны күнделікті өмірде байтақ кеңістіктің табиғатымен және әр түрлі
адамдармен әр-түрлі байланысқа түскенде үнемі тыңнан туындап отыратын
ахуалға әмбебап кисынды тауып отырудың қиындығында болса керек. Осындай
жағдайға орай қазақтардың бұқаралық санасы ұдайы ақыл-парасатты басшылыққа
алып, әбден сыннан өткен аталы сөзге деп қойып отырған. Қазақ Аталы сөзге
арсыз тоқтамас деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, діні, фольклоры арқылы білдірген. Демек,
үлттық ойлауды зерттеу үшін негізгі сүйенетініміз - халықтың мәдениеті,
рухани мұрасы өмір сүру тәсілі, діни нанымы, күнделікті тұрмыстағы әдет-
ғүрып, салт-санасы, т.б. 3.
Қалың қазақтың көптеген күткені, бір жағы елдік, бірлік,
ынтымақтастық, екінші жағы тарих тағылымын жатырқамай, ұлтты өркендету, ел
егемендігі мен мемлекет тәуелсіздігін нығайту. Бірлік пен ынтымақтық
алғашқы, қарапайым сатысы табиғатпен тілдесуге және оған бейімделуге
қалыптасты.
Көшепенділер мінез- қүлықты табиғат пен тәңірге ғана тәуелді деп,
кісіні өз басынан аулақ қарастырды. Араны ашылғандар байлықты көргенде
құдайын да ұмытып кетті. Осылайша тектілер табиғилыққа бет бұрса, тексіздер
игілікті тек өз құлқына үшін жұмсады.
Қазақтың сана сезімі әр түрлі жағдайда қалыптасты. Бірде ол билік пен
байлыққа деп қойса, енді бірде адамдыққа үндеді. Өзін-өзі түсіне алмағандар
ортадағы өз орнын анықтауға құлшынбады. Түлғалар болса, әлгі жетілу
жақтарын болмысына таяныш етті, сол арқылы діттеген мүраттарына да жетті.
Тарихи түлғалар - киелі билер, қасиетті әулиелер, қол бастаған батырлар,
өнер шеберлері адам мен елді өзара жақындатты. Ел иесі, жер иесі
болғандар адамның қадыр-қасиетін тереңдетуге, рухани өрлеудің тетіктерін
іздестіруге күш салды. Елдік ұлығына лайықты ерлер қазақ халқын
біріктіруге, олардың батыраққылығын және трайболизмді жоюға тырысты.
Жұлдыздық көркі бола ма, ішінде бір ой болмаса (Нысанбай жырау) демекші,
халық батырлары - Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым сынды
батырлар сыртқы жаулардан елін корғап қана қоймай, көршілермен терезесі тең
таңдықты сақтауға белсене араласқан.
Кең далада көсілген қазақ қолындағы мүлкі мен малына, жайылым өрісіне
қанағаттанды. Табиғат әсемдігін тамашалай білген қазактың көңілі кең,
жүрегі сезімтал. Сезімтал жан қашанда ақығал, асау, кейде сенімшіл. Ол
қиялмен асылға ұшады. Мүндай жан досқа мейірімді, сатқындықка қатал.
Сезімталдықтың жоқтығы - адамға деген ілтипаты, жақынына деген ізетшілдігі.
Туысқа жанашырлық білдіру, көршімен тату болу, қонағын тік тұрып күту -
сезімі сергек жандардың мінез-ғұрпы. Бұл жерде қонақ күту дәстүрін айта
кетсек, қазақ қонақ ырысымен келеді деп түсінгендіктен, келген қонақтарын
төрге отырғызған, барын алдына жайып салып, қонағын құдайындай сыйлаған.
Қонақ келсе - жаңалық естиді, әнгіме тыңдайды. Егер қонақ өнерлі болса,
домбыра тартып ән айтатын болса, немесе ол жыршы, әңгімеші болса, қонақ
түскен үйге ауыл болып жиналып, ән-жыр тыңдап, жаңалық естіп, мәре-сәре
болып, біраз сергіп қалатын болған.
Қонақжайлық, қонақ күту дәстүрі - қазаққа ерте замандардан катты
жолға қойылған және борышқа айналған. Бұл салттың кейбір белгілері Махмұт
Қашқаридың Түркі тілдері сөздігінде орын алған. Мәселен, қонақ келсе құт
келер. Көркем тоныңды өзің ки, дәмді асыңды басқаға бер. Қонақты құрметте,
даңқың көпке жайылады 4 деген. Әрине қонақтың бәрі бірдей емес. Қазақ
елінде қонақтың мынандай түрлері бар: а) құдайы қонақ, ә) арнайы қонақ, б)
құрметті қонақ, в) қыдырма қонақ.
Дегенмен, қонақ жөнінде қазақтың пікірі көп. Ислам дініне дейін қонаққа
жақсы қарау керек деген ой тәңірлік діннен туындаыды. Сол қонақтардың
ішінде Қыдыр болуы мүмкін деп ойлаған. Қырықтың бірі Қыдыр деген мақал
содан қалған. Қыдыр Тәңірдің үәкілі, шарапат тигізетін қүдіретті күш, бірақ
адам бейнесінде көрінеді деп түсінген. Қазақта көп тілектердің бірі:
жорытқанда жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын! деп, ең жақын адамын
атандырған. Қазақтың сол ерте заманнан келе жатқан, әдетке айналған ғүрпы,
ол қонақ өз несідесімен келеді деген түсінігі. Әдет бойынша қонақ өзі
жеткенше үй иесінің толық қабылдауында және қорғауында болады. Үй иесі
қонақтың барлық жағдайын жасауға міндетті болған. Келген қонақ үй иесінің
жауы болса да қонақ жайлық жасайды. Үй иесі мейманнан ол өз үйінде болған
кезде өшін ала-алмайды, қайта үй иесі оны оның басқа жауларынан қорғауға
міндетгі болған5.
Еркіндік үшін, отбасы мен Отаны үшін күрескенде жауынгерлік пен
намыскерлік тез әлденді. Әрекеті мен орын жетілдіруге діттеген,
екіжүзділікті күтпеген, жатақтарды соңына ертпеген. Жеке кісі де, әр елде
тұлғаланып жатса, онда табыс пен татулық тұрақтамақ. Бірақ қүндылықтың
қадірі мен қажетін дұрыс қабылдап, пайдалану үшін уакыт. дайындық, сондай-
ақ жағдай керек. Қазақ менталитетінде бұл бастаулар қатар қалыптаспады.
Жаңа талап пен жаңа жағдай, ескі түсінік, ескі дәстүр ұстағандардың
әркітәркісін шығарды.
Қазақтың ата тегенің болмыс шындарына тікелей шыққан болды, -деп
жазды М. Орынбеков, - олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік
тұрғыдан жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы уақытты, кеңістікті,
адамның ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастуларын түсінуінен өз
көрінісін тапты6.
Қазақта өткен өмір - үміт пен үлгі бастмасы. Қазақ мал
шаруашылығындағы мүліктік қатынастың ішкі қажеттіліктеріне жалпы тұтастығын
тепе-теңдікте ұстаға ыңталанды.Өйткені ол өз мүлкінің иесі еді. Қазақтың
мінез-құлқы осы тепе-теңдікте қалыптасты. Сол тіршілік жағдайына
бейімделді. Мал шаруашылығына көндіккен қазақ өзінің тіршілік ортасынан
шеттеуге бара бермеді. Өзінік атамекенімен баска жерден тіршілік тірегін
іздестіре де бермеді. Әлкелік бағдар мен табиғатпен жарасымдылық дәстүрі
қазақ қанына рухын сіңірді. Дәлірек айтқанда, ел-жұрттағы бірлестік пен
туыстық туралы түсінікте табиғатпен қатынастағы үлгілер үстемдік етті.
Тіршіліктегі мүліктік қатынас бір текті, бірақ әр тармақты. Мал мен
жайылымды пайдаланудың бір жолы - барға қанағаттану, табиғатқа табыну;
екіншісі, оны сақтауда басты іс-әрекеттік ортақ өзегіне айналдыру. Өнер
таңдау ерікті іс, дегенмен ақыл-ойы өткір, қайрат-күші жетерлік және
табысқа жетпей тынбайтындардың үлесі.
Дүние малшы үшін әлі заттар жиынтығы емес, тірі табиғат. Тірі табиғат
пен адам қарым-қатынасында тіршілік мәнісі ашалмақ.
Қазақ адам мінез құлқын тіршілік мүліктерімен салыстырды, осы
тұрғыдан оның жағымды, ие жығымсыз жақтарын анықтады. Алайда мәдени
кеңістік тек бос, қуыс орта емес, ол мәдениет тұлғасы мен іштей бірігіп,
оның дүниетанымы арқылы көрініс табады7.
Адамда жетпіс түрлі қылық, алпыстан астам жаман мінез бар дейді Ы.
Алтынсарин адамның азғындауы, әрине осыншама жаман мінездерден, адам
құқығының сақталмауынан, елді ұйымдастыру тетігінің әлсіздігінен,
әлеуметтік қиыншылықтардан аскындамақ. Қазақ мазаққа, жау қысымына көне
бермесе де, өзінің ішкі жадының келемежіне лажысыз көніп жүрді.
Бабаларымыздың өсиетке бергісіз сөздерін қайта жаңғыртудағы мақсат,
біріншіден, жас егеменді еліміздің үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерін жас
ұрпақтық зердесіне сіңіре білу, олардың сана сезімін ояту,
пікіріне қозғау салу, басын қосу; екіншіден, қазіргі қауымды тектілердін
мұраларымен таныстыра отырып, оны халқымыздың тарихтағы орнымен, ортасымен
таныстыру, тұста өзіміздің кім екенімізді, қандай ел болуға тиісті
екендіміз білу. Тарихымызды да, тегіміздің де мықты екенін бүгінгі
замандасқа ұғындыру.
Жаңаруға кепілдік - қүлшыныста. Құлшыныс - өзі сақтай білетін
тұлғалар тұжырымдарын тіршілік тынысымен түйіждеу және толыктыру: тарихтан
тағылым апарлық, ес жию тәжерибесі, яғни ел-жұртты тұтастырудың тәсілдерін
мықтап ойластыру, оның өзара жақындатқызатын жөн-жобадан, салт-дәстүрден
ауытқымау. Сондықтан адамтануға, өнертабуға адамгершілік беделін
іздестіреге арналған құлшыныс тез танылды. Қай қазақ болсын жыршылар,
ақындар, күйшілер халық өнеріне тәнті болды, ел-жұрты мұны жүрегімен
қабылдады. Осы тұрғыдан зұлымдыққа, бойкүйездікке, есерсоқтыққа қарсы
тосқауылды көп болып қарастырды.
Қазақ санасы елі мен жерін қоғауда қалыптасты. Салт-дәстүр халықтық
сипатқа айналған сайын қазақтың бойында жақсылық, мейірімдік, парасат
жинақталды. Киелі қасиеттер көңілі ашық, қуатты жандарды жаңа ұмтылыстарға,
түсініктерге, күрестерге ұмтылдырды. Қазақ шаруашылықтың да, рулық
қатынастардың да болғыдан қалыптасқан бірсарынды тәжірибесіне көндікті. Өз
тарихына деген әлеуметтік-экономикалық көзқарас кемшін соқты.
Сондай-ақ табиғат заңын ашатын білім де, тарих мәніне тереңдейтін
ғылыми дайындық та жетіспейді. Ал адам көзқарасын оның әлеуметгік
ортасынсыз ұғыну қиын-ақ. Қазақ болмысы немесе ол туралы философиялық
көзқарастар бір кеністікте уақыттық бір тарихи өлшемінде, яғни тек қазақ
жерінде және қазақ елінде ғана қалыптаспады. Ол әртүрлі қеңістікте, әртүрлі
тарихи кезеңдерге өріс алған мәдениет түрлерінен нәр алды 8.
Адам негізінен әлеуметтік - экономикалық мәнге телінеді. Көшпелі
қазақ табиғаттық ғана емес, әлеуметтік ортаның тәртібіне де тікелей тәуелді
болды. Сыртқы болмыстық түрлері жекеленген адамдардан жоғары тұрды. Заттар,
тіпті адамның қасиеттері мүліктік қатынасы бір күнде, күнделікті
мұқтаждықтың бірқалыпты өлшемімен бағалынады. Қазак мәдениеттік түрін
тілдес халықтардан, мұсылман елдерден, қала беруі шығыс өркениетінен бөле-
жарып қарауға болмайды. Шығыстағы өркениет мүлде батыстық емес қауымдасу
әдісіне негізделген. Бұл бірінші кезекте адамдар арасындағы қатынастық
базастілігіне қатысты, атап айтқанда, ол мәдени байлықтардың молдығынан,
рухани реттеудің тұрақтылығынан көрінеді. Мұнжа адамдар арасындағы қатынас
сананың негізгі заттылығы ретінде бой көрсетеді.
Азаттық, бостандық, бірлесу қажетінен туындаған ұлы да үлкен идеялар
қазақтың рухани өрлеу және ағартушылық дәстүріне негіз де, демеу де болды.
Ол қандай идеялар еді? Бірінщіден, адамдық жолын
іздестіру. Ол үшін жыртқыштық пейілді баса білу керек болды. Бүл-
тыныштыктың кепілі.
Екіншіден, іргесі бекем, хакімдігі күшті билік құру арқылы өз ел-
жұртының иесі болу. Бұл өз дүние - мүлкін, мал - жаның қорғау өнерін
жетілдіріп, шебердің колын, шешеннің тілін ортақ мүддеге жүмсауға үндейді.
Үшіншіден, адам мұратын елдің, халықтың, қоғымның мүддесімен
ұштастыру идеясы. Әлгінде келтірген идеялардың бұл мәселеге қатысты екені
күмәнсіз. Қазақ ақиқатқа деген ұмтылысынан, адалдыққа деген антынан аутқи
бермеуі.
Табиғат аясындағы адамның белсенділігі де ерекше. Онда асығу деген
болмаған. Далада кездескен жолаушылар бір-бірімен тез амандасып, жөнімен
кету деген теріс қылық ретінде бағаланған. Олар үшін ең басты мәселе бір-
бірінің көңіл - күйін сұрау арқылы ерекше бір адамдық түсіну
еді.Қ.Нүрланова атап өткендей, қазақтың ұлттық идеясы адамның көнілін
табу. Оған қарым - қатынастың жоғары формасы іштесу арқылы жетуге
болады9. Сондықтан да жоғарыдаайтылып кеткен, сұқпаттасқан адамнаң жан-
дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой-сезіміне деген құлықтылық, сырлас
болу, мұң-сырына ортақтасуына бейім тұру қазақ болмысындаайқын көрініс
табады.
Қазақ үлттық менталитетіндегі ұлттық дәстүрді соқтап-сабақтастырып
отырған мәнді тетіп- ру болған. Тәңір алдында бәрі тең болғандықтан, рулық
ұжымда белгіленген қалып пен дәстүрлеп киелі де бұлжымас қағидаға айналған.
Ру дәстүрі адам санасына берік орныққан, себебі оның қауымдасқан арасында
басқаша тірлік құруына өмір - салттың өзі дос бермеген. Күні бүгінге дейін
рулық салт-дәстүрлер мен калып-қаридалардың қайран қаларлық тұрақтылықпен
сақталып келе жатқан да сондықтан.
Өзінің қазақ екенін білген соң, жеті атасын білген соң, одан әрі өзінің руы
мен жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез-келген шалғайында
туысқандарының ортасында жүргенін танып біліп, өзін анап жанұяның бір
мүшесіндей сезінген. Осынау ерекше мазмұндағы далалык білім, алып жанұялық
сана жай ғана жаттанды дерек болмаған. Мұндай білім көшпелілер санасына
мекен тұрақтап жай-жапсарынан бастап, бүкіл этнос аясындағы рулардық қарым-
қатынас ахуалына дейін орнығып отырған10.
Сөйтіп рулық байланыс, жеті ата ұстанымы әрбір қазақ пен бүкіл қазақ
халқын шындыққа, тәңірге және рухани біртұтастыққа бірте-бірте ынтызар
етіп, бір жола айнымастай ұйыта білген. Мұндай ұстаным халықтық өзін-өзі
шыңдау болмысында Сана, Сезім, Ар-ұят, және Махаббат сияқты мейлінше мәнді
төрт қасиетті дарытқан. Әрине, уақыт өте келе бұл қасиеттер елеулі
өзгерістерге түсіп, жаңа сапаға ұласты. Қортындылай айтқанда, қазақ
философиясын зерттеудің бір көзі ұлт менталитетін тануда жатыр. Ұлт
менталитетін тану арқылы қазақ философиясының даму ерекшеліктерін айқындай
аламыз.

1.2. Қазақ менталитетінін қалыптасу негіздері

Бірде-бір адам басқа біреуге ұқсамайды, әуелі егіздер де түр жағынан
өте ұқсас бола отырып, олар бірдей емес. Сондықтан да әр халықтың және
ұлттың адамдары сырттай ұқсас бола отырып, бір-бірінен мінезімен, сезімі
және дүниені түсіну жағынан айырмашылықтары болады.
Бір адамзат тамырынан болғандықтан, әр халық сырттай ұқсас болуы
заңдылық. Сонымен қатар белгілі бір айырмашылықтар халықтарда ғана емес бір
ұлт өкілдері арасында да болады.
Егер жалпы халықты алсақ, олар да бір-бірінен өзгешеленеді. Әрқайсысы
өзінің жеке менталитетіне ие. Егер халықтардың мұндай айырмашылықтары
болмаған болса, онда әлемде мыңдаған халықтар емес, бір ғана планеталық ел
- әлем халқы болар еді. Бұндай болмағаннан кейін, біз өз халқымыздың,
ұлтымыздың менталитетінің ерекше тұстарын айта кетпекпіз.
Тілімізге тиек, ойымызға өріс беріп отырған қазақтану -халқымыздың
тарихы мен мәдениетінің өзіндік бір жүйесі. Қазақтану мәселелерін көп болып
қолға алсақ, сонда ғана оның идеялық мазмұны байып, өмірлік құндылығы мен
әлеуметтік бағдары ұласа бермекші. Қазақтануды білімнің жүйесі ретінде
қалыптастыру қажеттілігі де туындай түспекші. Қазактанудағы көтеріліп
жүрген мәселелерді саралаған сайын ол ең алдымен халыктың тарихын
ғасырлар - мыңжылдықтар деңгейінде айқындауға, қазақ жасампаздығы мен
шығармашылығын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрлі өнерін, менталитетін
этнологиялық тұрғыдан кеңінен зерттеп білуте қолғабысын еске аламыз және
соған сенеміз.
Қазіргі танда қазақ мәдениеті мен тарихы түпкілікті зерттелуде, және
де қазақ тілі, қазақ әдебиеті қазақ менталитетіне деген әлеуметтік-
гуманитарлық көзқарастар қалыптаса бастады. Сондықтан да қазақ менталитеті,
ерекшелігі және ұлттық рух туралы біраз ойларды көпшілікке ұсынып отырмыз.
Менталитет деген сөздің бізге батыс елінен келгендігі белгілі, ол
сөз ағылшын тілінің тепЫігу деген сөзінен шыққанымен, менталитет сөзі
латын тілінен пайда болган.
Олардың пікіріне сүйенсек, бұл ұғым жеке адамдардың немесе халықтың,
топтардың ақыл сапасы мен сананың кабілетін, күшін, ақылдың бастауын,
ойлау түрін, бағытын, мүмкіндігін бейнелеп олардың басқа физикалық
құбылыстардан немесе басқа халыктардан айырмашылығын, ерекшелігін ажыратып
береді.
Ұлттық менталитет, әр халықтың ұлттың менталитеті - бұл берілген
тарихи, геосаяси, климаттық, этнографиялық, этникалық және күнделікті өмір
сүру салтымен берілген халықгың психологиялық, ақылды, интеллектуалды
мүмкіндіктерінің өзіне тән мінезіндегі жиынтығы
болып табылады.
Әрбір ұлт өз менталитетімен мінезделеді. Ол басқа этникадык
бірлестіктен ерекшеленуші ұлттық индивидуалды негіз болып табылады. Бір
ұлтты қарастыра отырып, зерттей отырып біз осы этностык индивидуалдығы мен
өзіндік тұрмыс-тіршілігінің көрінісі іспетті, менталитетіне жетеміз.
Ұлттық спецификалық менталдығы сол ұлттың тарихи қалыптасу кезеңінде
жинақталады. Менталитет - бұл белгілі бір халықтың сыртқы келбетіне
байланысты емес, яғни кавказ халқының үлкен мұрны, якуттардың сығыр көзі
тағы да басқа көріністері ұлттың менталитеті болмайды. Ұлттық менталитет
сыртқы атрибуттарына емес, керісінше, сол ұлттың терең-мән мазмұнымен
ерекшеленеді.
Американдық менталитетте тарихи-мәдениетгілік пен руханилық екінші
орында. Бүкіл эмигранттар отты қазанда қайта балқытылып жасалып шыкқан. АҚШ
президенті В.Вильсон (1915) былай деп бекер айтпаған: Америка топтардан
тұрмайды, өзін нақты бір ұлттық топтасуға жатқызатын американдық адам, ол
әлі американдық емес. АҚШ-та көптеген ұлт өкілдері тұрады, бірақ олар
барлығы да өздерін американдықпыз деп санайды. Олар өз отанын мақтаныш
тұтады. Социологиялық сұрау бойынша 87% американдық өздерінің отанына деген
мақтанышын білдірген болса, бұл көрсеткіш Үлыбританияда - 58%, Италияда -
44%, Францияда - 42%, ФРГ-де - 20% көрсеткен.
Американдықгардың сенімділігі, өзінің мүмкіншіліктеріне сенімділігі,
тікелей мемлекеттіқ мыктылығына, күштілігіне сенімімен байланысты. Айта
кететіні, АҚШ-тың азаматтары өз мемлекетімен мақтаныш тұтса, ал бізде,
Қазақстанда, азаматтар көбінесе жеке бір тұлғамен: ақынымен, ғалымымен,
әнші және спортсмені, яғни белгілі тұлғасымен ғана мақтана алады да,
мемлекетіне аса көңіл бөлмейді.
Шет елде жүрген қазақ ағайынымыз өз елі туралы айтқанда көбінесе
белгілі тұлғаға байланысты, мысалы, елбасы жайлы, немесе Медеу мұз айдыны
сұлулығын айта кетеді. Неге екені белгісіз өз елінің жалпы дамуы жайлы
айтқанда кідіріктейді. Бұл сонда қазақтардың менталдылығы ма, әлде
қарапайымдылығы ма? Әлде бұл халықтың ғасырлар бойы таптап-жаншылуы
салдарынан ба? Бәрі-бір де бұл күнделікті өмірдегі кездесетін даусыз мәселе
болып келеді.
Ұлттық менталитет бір кезеңде және мәңгілікке қалыптаса алмайды. Ол
ғасырлар бойы қалыптасып және салыстырмалы нақты күйде болады. Бірақ ол
нығая, дами алады. ұлы тарихи өзгерістердің салдарынан ол тек сапалы күйге
ауысу мүмкіндігіне ие. Өйткені менталитет -әлеуметтік-мәдени болмыстың,
шаруашылық, климаттық, этникалык, географиялық ерекшеліктерінің тікелей
әсер етуіндегі ұлттық тарихи жағдайдағы негізі.
Ол өзіне бүкіл позитивтілік пен негативтілікті бірге алып жүреді. Халық өз
менталитетіндегі кейбір консервативті өзгешелік тұстарынан,
элементтерінен айырылуға мүмкіндігі бар. Бірақ бұл өте тарихи ұзақ процесс.
Менталитет бұл халық қажеттілігінен, тілегінен қалыптаспайды, ол нақты
күйін және ұлттық болмыстың даму барысын, деңгейін көрсетеді және
нақтылайды. Менталитет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Мағжан ақынның дүниетаным әлемі
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА ЖӘНЕ ДЕНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Қазіргі қазақ менталитетінің ерекшелігі
Көзқарас және философия
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Пәндер