ХХ ғасырдағы Түрікменстан мәдениеті: әдебиет, сәулет, бейнелеу өнері, музыка, театр, кино


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. ХХ ғасырдағы Түрікмен әдебиеті

ІІ. Архитектурасы мен бейнелеу өнері

ІІІ. Музыкасы

IV. Театры

V. Киносы

ХХ ғасырдағы Түрікменстан мәдениеті

Әдебиеті. ХХ ғасырда түрікмендік Байрам Шаһир (1871-1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрт (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.

Совет дәуіріндегі Түрікмен әдебиетінің алғашқы үлгілері Көрмолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Әдет құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың «Сона» (1932) т. б. шығармалары әйелдер теңдігіне айналды. 1925 жылы Якуб Насырлының «25 жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың ІІ жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан Дурдыев жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Түрікмен әдебиетінде тұңғыш рет Ата Қаушутовтың «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың «Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов, Ч. Аширов, Алты Қарлиев, Таушан Эсенова колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. тарихи романдары жарияланды. Қысқа әңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың новеллалары басылды.

1934 жылы Жазушылар одағы құрылды. Түрікмен әдебиетінің творчестволық әдісі социалистік реализм болды. 1928 жылдан «Совет әдебиеті» журналы шығып, Түрікмен совет әдебиетінің дамып қалыптасуына ықпалын тигізді. 50 жылдары Түрікмен әдебиетіне Ата Атажанов, Мамед Сеидов, Аллаберды Хаидов, Шахер Боржақов және т. б. жас әдебиетшілер келді. 60-70 жылдары прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар», Клыч Куливтің «Қара керуен», Х. Дерьевтың «Тағдыр» романдары, Арап Құрбановтың, Ораз Ақмамедовтың т. б. повестері мен әңгімелері басылды.

Түрікмен әдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» (1952) повесі, «Алып адам» (1962-63) романы, Мақтымқұлының «Таңдамалы өлеңдері», «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен әңгімелері» (1969) атты жинақтар т. б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. ХХ ғасырдың басында Түрікмен өнеркәсіп құрылыстарының таңдаулы үлгісіне Ашхабад тоқыма ф-касы жатады. 1930 жылдары қала салу ісіне жергілікті архитекторлар елеулі үлес қосты. Респ. Табиғи жағдайына сәйкес келетін көп пәтерлі тұрғын үйлер жобасы жасалды. Тұрғын үйлермен қатар балалар бақшасы, мектеп, аурухана, клуб және дүкендер тұрғызыла бастады. 1930-40 жылдар архитектурасында орыс классицизмі элементтері мен Орта Азия сәулет өнері дәстүрі кеңінен қолданылды. 1948 жылы жер сілкінісінен кейін қайтадан жаңа жоба жасалды. 1950 жылдардың І жартысынан кейбір құрылыстарда орыс және түрікмен сәулет өнері дәстүрлері тоғыстық тапты. 1950 жылдардың ІІ жартысынан индустриялдық құрылыс әдісіне көшу басталды. Микроаудандар салынды. 1960-70 жылдардағы құрылыстар қарапайымдылығымен көзге түседі.

Түрікмен советтік бейнелеу өнерінің қалыптасуы Р. М. Мазель, А. П. Владычук творчествосымен байланысты. 1920 жылы Ашхабадта «Шығыс өнерінің екпінді мектебі» ұйымдастырылды. 1920 жылдардың аяғында Түрікмен кескіндемесінде Совет өкіметі тұсындағы түрікмен диқандарының өмірі мен санасындағы өзгерістерді бейнелейтін картиналар мен портреттер етек алды. Осы жылдары графика, мүсін көрініс берді. 1939 жылы Түрікмен Суретшілер одағы құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары суретшілер негізінен газеттік графика мен плакатқа аса назар аударды. Соғыстан кейін кескіндеме жанры қайта жанданды. Тақырыптық және тұрмыстық картина, портрет, пейзаж етек алды. Нұрали, Бабиков, Адамов, Қылышев, Хажиев, Кулиев, Аманкелдиев т. б. елеулі еңбек етіп келеді.

Музыкасы. Ұлы Октябрь революциясынан кейін Түрікмен профессионалды музыка өнері қалыптасты. 1925-29 жылдары композитор, этнограф В. А. Успенский «Түрікмен музыкасы» еңбегін жазды. Успенский жазбалары Түрікмен композиторларының симфониялық және камералық шығармаларында пайдаланылды. 1929 жылы Ашхабадта көркемөнер техникумы, 1935 жылы Москва консерваториясы жанынан түрікмен бөлімі ашылды. Төл композиторлық мектептің негізін салушылардың бірі Д. Овезов болды. 1941 ж. Түрікмен опера және балет театры құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары түрікменнің тұңғыш опералары - Шапошниковтың «Таһир - Зуһрасы», Шехтер мен Кулиевтің «Жүсіп пен Ахметі», Корчмаревтың «Алдар Көсесі» қойылды. 50 жылдары кантата-ораториялық жанр өріс алды. 60 жылдары замани музыка өнері жетістіктері мен ұлттық дәстүрді астастыруды көздеген композиторлардың жаңа буыны өмірге келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы орыс мәдениетінің алтын кезеңі: сәулет, бейнелеу өнері, театр, музыка, журналистика және әдебиет
ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті: кино, театр, білім мен ғылым, сәулет, қолөнер және спорттың қалыптасуы мен дамуы
1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы: әдебиет, бейнелеу өнері, музыка және театр
1920-1950 жж. Қазақ кеңестік өнері мен мәдениетінің дамуы: соғыс кезеңіндегі әдебиет, музыка, театр және кино
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы: музыка, театр, бейнелеу өнері және көрнекті тұлғалар
Қазіргі әлемдік үдерістер аясында қазақ мәдениетінің Қазақстандағы рөлі: кино, теледидар, әдебиет, сәулет және музыка
Романтизмнің музыка, театр, бейнелеу өнері және әдебиеттегі қалыптасуы мен ерекшеліктері
Орта ғасырдан Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі Италия өнері: сәулет, кескіндеме, музыка және театр
Театр және музыка өнері: Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі
Алматы - Қазақстанның мәдени орталығы: бейнелеу өнері, музыка, театр және киноның тарихи дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz