Маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістері


ЖОСПАР:
- Маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістері.
- Сыртқы рынокта маркетингтік зерттеулер жүргізу үрдісі мен ерекшеліктері.
- Халқаралық маркетингтік зерттеудің жобасын жоспарлау.
- Шетел рыноктарын кешенді талдау әдістемесі.
МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ.
Халқаралық рынокты кешенді зерттеу тауар ерекшеліктеріне, кәсіпорын қызметі сипатына, экспортталатын тауарды өндіру ауқымына және т. б факторларға байланысты.
Халқаралық рынокты зерттеудің келесідей әдістері қолданылады:
- Рынок сыйымдылығын және жекелеген сараланымдарын анықтау. Рыноктың сыйымдылығы -бұл белгілі бір уақыт аралығында (көбінесе 1жылдағы алынады) өткізілген тауар мөлшері болып табылады. С(рынок сыйымдылығы) = Р(ұлттық өндіріс) + R(тауар қоры қалдығы) - E(экспорт) + I(импорт) + D(тұтынушы мен сатушыдағы тауар қоры азаюы) - M(көбеюі) - E0(жанама экспорт) + I0(жанама импорт) .
- Рынок жағдаяты (конъюктура) мен өткізуді болжау. Ол 1-6 айдан 1, 5 жылға дейін созылады, және онда баға деңгейі, тауар қоры, тапсырыс, сұраныс пен ұсыныс көрсетіледі.
- Сатып алушылар мінез-құлқы.
- Бәсекелестер қызметтерінің тәжірибесі.
- Фирманың тауарды енгізуін алдын-ала шамаланған реакциясы (жауапты әсері) .
СЫРТҚЫ РЫНОКТА МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ ҮДЕРІСІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
«Сыртқы рынокты зерделеу» деген ұғымға жүйелі жинақ, жазба, тауар мен қызметтердің экспорты мен импорты туралы деректерді түсіндіру (интерпретация) және талдау, маркетингті ұйымдастыру жатады.
Шетел рыноктарының маркетингін зерттеу кезеңдері:
- Рыноктық проблемаларды анықтау;
- Зерттеулердің көлемі мен міндеттерін анықтау;
- Зерттеулердің жоспарын жасау;
- Деректер жинау;
- Нәтижелерді қорыту және есеп беруді дайындау.
Халқаралық рыноктарды зерттеуде рынок дамуының беталыстары мен жалпы жағдайлары туралы ақпарат қажет, олар мында қолданылады:
- Кәсіпорын шығаратын өнім жататын салада;
- Осы өнімді өндіретін және тұтынатын елдерде;
- Өнімді сатушы, тұтынушы және жекелеген өндіруші фирмаларда.
Шетел рыногын зерттеу принциптері:
- Нысаналық- зерттеу жұмыстары кәсіпорын міндеттері, мақсаттары, қызмет бағыттарымен тығыз байланыста болу;
- Кешенді тәсілдеме- зерттелетін рыноктың элементтерін зерделеу, талдау оған әсер ететін факторлармен байланыстыру;
- Жүйелілік- талдау, қадағалауды әрдайым және қалыпты жүргізу;
- Ақпарат көздері көптүрлілігі- бірнеше ақпарат көздерін зерттеу;
- Ғылымдық -зерттеулер әділдігі, дәлелдігі, дәлдігі болу.
Халқаралық маркетингтік зерттеудің үш негізгі талабы:
- Зерттеуде ең пайдалы жобаларды таңдау;
- Нәтиженің салыстырмалылығы;
- Зерттеуді үлкен ауқымда ұйымдастыру.
Маркетингтік зерттеу үдерісі:
Шешілуге қажетті міндет
Зерттеуге жататын қосымша тармақтар
Жобаларды таңдауда ең басты міндет - зерттеуде кететін ақталмайтын шығындарды бюджет қаржысынан алып тастау. Көптеген елдерде бұл міндетті фирмаларда орталық аппарат шешеді. Халқаралық фирмалар жобаларды таңдау үшін 3 тәсімді қолданады. Бұл тәсімдегі әр қуыс дербес жобаны көрсетеді, ал жобалардың жалпы саны а*b*c болады. Егер оған тарату жүйесі, қозғалу арналары, әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар т. б қосылса, жобалар саны көбейеді. Ең пайдалы жобаны таңдау үшін бақылау әдісі қолданылады. Онда алдын ала болжанған шығындар мен қайтып келетін пайда салыстырылады.
Зерттеу жобаларын таңдау өлшемдері:
- Экономикалық және саяси жағдайлары тұрақты елдерде жұмсалатын ресурстар жоғары деңгейде өтеледі;
- Тауарларды көп тұтынатын елдер таңдап алынуы керек;
- Рынок сыйымдылығына қатысты зерттеу құнына адам ресурстарының құны сияқты қаржылық сипаттарға мән берілу;
- Заң немесе, мемлекеттік реттеу шараларына байланысты шектеу факторлары ескерілу.
Таңдалған жобалардан бірінші кезектегісі алынады. Оны белгілеудің көрсеткіші - өнімді өткізудің қолайлы мүмкіншіліктері. Сөйтіп жобаларды таңдау кезеңдері: жобалар және егжей-тегжейлі зерттеулер деңгейінде.
Халқаралық маркетингтік зерттеулердегі негізгі проблемалардың бірі - зерттеу нәтижелерінің салыстырмалылығы. Рыноктардың әр алуандылығы, айырмашылықтары, қабылдамалар мен пікірлердің теңсіздігіне байланысты зерттеу нәтижелерін салыстыру мүмкін емес. Түрлі елдерде зерттеу нәтижелерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін келесі ерекшеліктерді есте сақтау керек: тілдер, мәдени құндылықтар, тұтыну үлгісі, мақсатты топтар мен рыноктардың саралымдары, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, маркетингті қоршаған жағдайлар, ақпарат көздері және валюта сипатындағы мәселелер.
Зерттеу қызметкерлерінің орны мен ролін анықтау үшін:
- Зерттеулердің орталықтандырылуы және орталықсыздандырылуы;
- Шекара бөлімшелеріндегі маркетингтік зерттеуді басқаруды ұйымдастыру;
- Орталыққа бағынатын зерттеушілер мен басқа да қызметкерлердің өзара байланыстарын қамтамасыз ету;
- Бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу және оның құндылығын бағалау;
- Маркетинг жоспарын әзірлеу ерекшелігі;
- Зерттеу жүргізілуін бақылау;
- Зерттеуге ресурстарды бөлісу;
- Зерттеу нәтижелерінің салыстырмалылығы.
ХАЛҚАРАЛЫҚ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ЖОБАСЫН ЖОСПАРЛАУ.
Жоба таңдалып, мақсаттары белгіленгеннен кейін жүзеге асыру бойынша жоспар жасау керек. Онда бірнеше маңызды сұрақтарға шешімін табу керек.
Ең алдымен шетел рыногының маркетингтік ортасын зерттеу нәтижелері, оны кешенді талдау және фирма мүмкіншіліктері мен бағдарын анықтау, маркетинг қызметінің рынокты қамту стратегиясын таңдап алу керек. Бұл сараланған немесе сараланбаған, шоғырланған стратегия болуы мүмкін. Қайсысын таңдау керек екенін рынок сыйымдылығының көрсеткіштері және фирманың ондағы үлесі көрсетеді.
Ағылшын экономисі С. Маджаро сұрақтар тізімін жасады, олардың жауаптары сыртқы рыноктың маркетингтік зерттеулерін жүргізудің жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Халқаралық рынокты зерттеудің жобасын жоспарлау бойынша сұрақтар тізімі:
Маркетингтік зерттеулерді басқарушы зерттеулерді жүргізетін қызметкерлермен белгілі бір орында кездескен дұрыс. Ондай кездесулерге шығатын шығындар жобаның жалпы құнының көп үлесін құрайды екен. Нәтижелердің сапасы, ондағы қателіктер одан да қымбатқа түсуі мүмкін.
Кездесу кезінде бағдарламаның әр бөлшегі, түпкілікті есеп берудің нысаны мен мазмұны талқылануы керек. Нәтижелердің бұрмалануына немесе дұрыс түсіндірілмеуіне алып келетін кез келген ой-пікір немесе әлсіздік жойылуы қажет.
Маркетингтік зерттеу жобасын жоспарлауда ақпараттың сенімді көздерден алынғанын анықтау өте маңызды. Қолддануға берілген ақпарат көздерінің деректері салыстырмалы болуы керек. Әсіресе, халқаралық зерттеулерде бұл - ең негізгі проблема. БҰҰ-ныңнемесе оның түрлі мекемелерінің статистикалық деректерінің біркелкілігі, салыстырмалылығы және әділдігіне қарай олар әрдайым ең шынайы болып есептеледі. Сондықтан ең бірінші, БҰҰ-ның және оның мекемелерінің, өзге де халқаралық ұйымдардың материалдарын мұқият зерттеп білген дұрыс. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- ЭСКАТО - БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы;
- ЭКЛА - БҰҰ-ның латын Америкасы мен Кариб айдынының елдеріне арналған экономикалық комиссиясы;
- ЭКА - БҰҰ-ның Африкаға арналған экономикалық комиссиясы;
- БҰҰ-ның Еуропалық комиссиясы;
- ОЭСР - экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;
- ВТО - Дүниежүзілік сауда ұйымы;
- ФАО - БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы;
- МБРР - Халқаралық жаңғырту және даму банкісі;
- ЕС - еуропа одағы және басқалар.
Халқаралық маркетингке арналған мына ақпараттарды қолдануға болады:
- Business International - АҚШ Сауда министрлігінің әлемдік сауда саласындағы ақпарат қызметінің бюллетені;
- Мерзімді баспасөз, ресми шығармалар, баспасөз хабарламалары, бюллетеньдер және т. б
- Биржадағы баға белгілеу;
- Сауда палаталарының статистикалық деректері, зерттелетін елдердің қауымдастықтары.
Сонымен қатар халқаралық маркетингте жабық ақпараттар да бар, олар да зерттеу жобасының нәтижесіне едәуір ықпал тигізеді. Елдер бағалар, жаңа технологиялар туралы ақпаратты құпияландыруы мүмкін. Шетел рыногында тауар айналымының және шетел инвестицияларының көлемі қаншалықты үлкен болса, мұндай аұпараттарға қол жеткізу соншалықты қиын болады. Маркетингте әр түрлі елдерде экономиканы мемлекет тарапынан реттеу, халқаралық қатынастарда тәуекелдерді сақтандыру, экспорт, импорт пен өзге де халқаралық сатып алу әрекеттерін несиелендіру туралы ақпараттардың маңызы өте зор.
ШЕТЕЛ РЫНОКТАРЫН КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ.
Шетел рыногын кешенді талдау үшін Л. Сабо (Венгрия маркетинг институты) әдістемесін қолдануға болады. Ең алдымен, маркетинг жағдайының сыртқы рыноктағы маңызды факторлары, сонымен қатар олардың сипаттамасы және салмақ коэфициенті анықталады.
Сыртқы рынокта маркетинг жағдайын талдау:
50-ден жоғары
30-50
15-30
8-15
2-8
8
16
24
32
40
-5 жоғары
+5 жоғары
-5 төмен
0 шамасында
+5 төмен
6
12
18
24
30
Өте жаман -40%
Жаман -10-40%
Орташа
Жақсы +10+40%
Өте жақсы +40% жоғары
Өте арзан болса
Әдеттегі баға
Әлі сатылмайды
Жоқ болса
Күнделікті сатылса
10
20
40
50
30
Өте қымбат
Қымбат
Жергіліктіге сәйкес
Жергіліктіге сәйкес емес
арзан
8
16
24
32
40
Өте жаман қарайды
Біраз түсініксіздікпен
Тек жастар жаман қарайды
Бейтарап
дұрыс
2
4
6
8
10
Аймақтың 75% жоқ
50%-да жоқ
25%-да жоқ
Барлық жерде оң
Барлық жерде қажет
4
8
12
16
20
Жылына 1 рет
Үш не одан да көп айда
Екі айда 1 рет
Бір айда 1 рет
1-3 жетіде 1 рет
6
12
18
24
30
Өте жағымсыө
Жағымсыз
Немқұрайлы
Дұрыс
Өте жақсы
12
24
36
48
60
Теріс
Біраз теріс
Немқұрайлы
Жағымды
қолайлы
12
24
36
48
60
Жаңа өзгеріс керек
Үлкен өзгеріс керек
Қайтадан жасау керек
Жазуын өзгерту керек
Өзгеріс керегі жоқ
10
20
30
40
50
Баға соғысы
Үш және одан да көп фирмалар жарнамалық шабуылы
2-3 бәсекелестер жағынан жарнамалық шабуыл
Жарнама белсенділігі төмен
Бәсекелестік мүлдем жоқ
10
20
30
40
50
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz