Ислам діні және мұсылман құқығы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3-4
I Тарау. Ислам діні және мұсылман құқығының пайда болуы және даму кезеңдері . . .
1. 1 Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбар және мемлекеттік қайраткер ретінде. . 5-12
1. 2. Мұсылман құқығының пайда болу тарихы, дамуы, түсінігі
және түрлері . . . 12-16
1. 3. Мұсылман құқығының негізі және қағидалары . . . 17-28
1. 4. Ислам ережелерінің қоғамдық қатынастарды реттеудегі орны
мен адам құқықтары . . . 29-36
II Тарау. Мұсылман құқығының қайнар көздері . . .
2. 1. Мұсылман құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері . . . 37-41
2. 2. Шариғат нормалары және қазақ әдет-ғұрып құқығының
ара-қатынасы . . . 42-48
2. 3. Шариғаттың құқықтық сана мен құқықтық мәдениетке
тигізген әсері . . . 48-51
III Тарау. Мұсылман құқығының қазіргі кездегі жағдайы . . .
3. 1. Мұсылман құқығының қазіргі мемлекеттерге тигізген әсері . . . 52-53
3. 2. Мұсылман құқығының діни жүйемен ара-қатынасы . . . 54-55
3. 3. Дүниежүзілік халықаралық мұсылман ұйымдары
және олардың құқықтық жағдайы . . . 55-57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58-59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
Реферат
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Мұсылман құқығының жүйесіне» арналған. Аталған тақырыпты қолға алудағы негізгі мақсатым мұсылман құқығының жүйесін, оның басқа құқықтардан ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады. Мұсылман құқығын өзге құқықтардан аз зерттелген деп ойлаймын. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында - ислам діні және мұсылман құқығының пайда болуы және даму кезеңдері, осыған Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбардың тигізген үлесі, сондай-ақ мұсылман құқығының жүйесі мен қағидалары, ислам ережелерінің қоғамдық қатынастарды реттеудегі орны мен адам құқықтары қарастырылады.
Жұмыстың екінші тарауында - мұсылман құқығының қайнар көздері болып табылатын Құран, Сүнне, Иджма, Қияс, Фетва көрсетіледі. Сонымен бірге Шариғат нормалары мен қазақ әдет-ғұрып құқығының ара-қатынасы қамтылады, шариғаттың құқықтық сана мен құқықтық мәдениетке тигізген әсері қарастырылады.
Жұмыстың үшінші тарауында - мұсылман құқығының қазіргі кездегі жағдайы, қазіргі мемлекеттерге тигізген әсері қарастырылады, сонымен бірге мұсылман құқығының басқа да діни жүйелермен ара-қатынасы зерттеледі, дүниежүзілік және олардың құқықтық жағдайы көрсетіледі.
Жұмыста қолданылған терминдер:
Сүнне - жол, нұсқау, бағыт.
Иджма - білікті заңгерлердің ақыл-ойға салған шешімдері.
Қияс - аналогияға байланысты талқылау.
Фетва - бұл муфтидің белгілі бір сұрақтарға қайтарған жауабы.
Фикх - мұсылман құқығының доктринасы және нормалары.
Муътамат - мұсылмандардың өзара және мұсылман еместердің қатынасы.
КІРІСПЕ
Мұсылман құқығы Шығыс елдері мемлекетінің тарихи дамуы мен құқығының дамуына өте үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар мұсылман құқығының заңи және идеологиялық жағынан әрекет етуі, ислам дінімен тығыз байланыстылығы, оның біздің өміріміздегі кең ауқымдылығын білдіреді. Дүниежүзінің басқа діндеріне қарағанда ислам діні мемлекет және құқықпен тығыз байланысты болып келеді. Яғни бұл жерде ислам дінін тығыз байланыстыратын ол мұсылман құқығы және исламдық құқық идеологиясы болып табылады. Ислам мемлекеттері бір-бірінен әлеуметтік-экономикалық және саяси жақтарынан, сонымен қатар ислам мен мұсылман құқығының мемлекеттік-құқықтық даму жағына әсер ету денгейімен ерекшеленеді. Жалпы бұрынғы шығыстанушылар мұсылман құқығын «заң архиологиясы» деп атап кеткен. XIX ғасырда әсіресе XX ғасырдың бірінші жартысында орта шығыс елдеріндегі капиталистік қатынастардың пайда болуымен дамуына байланысты феодалдық мұсылман құқығы өзінің универсалдық мағынасын жоя бастады, оның орнына буржуазиялық құқық нормалары пайдалана бастады.
Мұсылман құқығының Қазақстандағы даму денгейіне келетін болсақ яғни, қазақ халқының әлемдік жүйеде алатын өз орны бар, өйткені қазақтар түркі тектес туыстар халықтар арасында өз ерекшелігімен көзге түсетін мол рухани мұраларға ие.
Рухани - діндік, тектік ерекшеліктерін мығым ұстаған ата-бабаларымыз қоғамды басқару мен реттеуде аса көрегенділікпен әдет-ғұрып заңдарын құрған. Біздің қазақ халқының - мұсылман діні ислам екенінде ешқандай дау жоқ.
Мұсылмандық құқық - шариғат Шығыстағы мұсылман елдерінің көпшілігінің мемлекет және құқық тарихының өркендеп өсуіне де ерекше әсер етті. Тәуелсіз, Егеменді Қазақстан Республикасында жүзден аса ұлт өкілдері тұрады. Олар Қазақстанға әр түрлі себептермен келген. Сол үшін олардың баршасының ар-ожданы, өмірі және мол мүлкі мемлекет тарапынан қорғалады. Өз кезегінде олардың да мемлекетіміздің дамып, гүлденуіне атсалысулары шарт. Ал Қазақстан негізінен қазақ халқының Отаны. Бұл жайлы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «…Өзге ұлттар қазақ ұлтының ұлт ретіндегі ұмтылысына түсіністікпен қарауы қажет.
Қазақ ұлтының жалғыз Отаны - Қазақстан, ол өзінің жойылып кетудің аз-ақ алдында қалған мемлекеттік тілі мен оны дамыту туралы, өзінің мәдениеті, тарихы, ұлттық үрдістері жайлы айтуға хақылы » - деуінде үлкен мән жатыр.
Жалпы Қазақстанда халықтың жартысынан көбі ислам дінін ұстанушылар және Меккеге қажылыққа барушылар саны көбеюде.
Мұсылман құқығының заңдық және идеологиялық әсер ету факторының шеңбері өте кең болып, елдердің қалың жұртшылығының сана-сезімі мен көзқарасының қалыптасуына себепші болды. Оның үстіне, әлемдегі барлық діндерге қарағанда ислам діні мемлекет және құқықпен өте тығыз байланысып тұр. Осыларды байланыстырушы күш ретінде мұсылмандық құқық пен исламдық құқықтық идеология күшті қызмет атқарды. Әлемдегі мұсылмандар саны 1, 6 млрд-тан астам екен. Ал қырыққа жуық елдерде ислам діні мемлекеттік дін болып саналады. Жүз жиырма елде мұсылман қоғамдығының алар орны басым. Бұл елдерде ең соңғы тарихи жағдайларға қарамай, ислам діні белсенділікпен өркендеп өсуде. Яғни ол белгілі бір мемлекеттердің жиынтығы болып табылады. Осының бәрі қазіргі кезде зерттеліп ашылуда және заң оқу орындарында және халықаралық-құқықтық оқу орындарында оқытылып жатыр. Мұсылмандық құқық құқықтық өмірде, саясат пен идеологияда көрнекті қызмет атқару үстінде.
Мұсылмандық құқық негізінен әділдік, қайырымдылық, адамгершілік қағидаларын бірінші кезекте ұстанып отырған. Олар: ата-ананы сыйлау, үлкенді құрметтеу, кешірімді болу, жылағанды жұбату, қысылып-қиналған адамдарға жәрдемдесу т. б. Мұсылмандақ құқықтың басқа құқықтардан ерекшелігі, ислам ешбір саясатқа бағылып ешкімнің қолшоқпары болмайды. Мұны жақсы түсінген басқа діндер де, оған қолпаш көрсетіп отырған саясатта Ислам дініне кедергілер келтіруде. Бірақ алтынды еш уақытта тат баспайды демекші, қайта жан-жақтан қысым түскен сайын, Ислам дінінің жарқырай түсетінін ұмытпағанымыз жөн. Құранның әрбір тылсым аяттары игеріліп нақтылана түскен сайын, Ислам діні салмақтана береді. Құран қай дәуір, қандай жүйеде болса да, құран сол дәуір мен жүйеге оп-оңай жеңіп сіңісіп, қайта оған жан-жақты күш береді, толықтыра түседі. Мұның басты себебі сонда - Ислам ешқандай формацияға, билік түріне қарсы емес, тек билік пен саясаттың әділетті болуын талап етеді. Сондықтан да қәзіргі заманда мұсылмандық құқықты оқып үйрену маңызды болып табылады.
I Тарау. Ислам діні және мұсылман құқығының пайда болуы және даму кезеңдері
1. 1 Мұхаммед (с. ғ. с. ) пайғамбар және мемлекеттік қайраткер ретінде
Аллаһтың Елшісі, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, рабиул-әууәл айының дүйсенбі күні қасиетті Мекке қаласында, "Дару-л-маулид" атты үйде, піл жылы (Христиан күнтізбесі бойынша 571 ж. ) дүниеге келген. Оның әкесі -Абдуллаһ бин Абд әл-Муталиб, ал анасы - Әмина бинт Уақб. Әкесі дүниеден өткенде іште қалған баланы атасы Мұхаммед деп атаған. Мұхаммед құрайыш тайпасының хашым руынан шықты, ол өзінің рулық шежіресі бойынша Мекке қаласының негізін қалаушылармен байланысы бар еді. Мұхаммедтің өмір баяны туралы деректер Құранда, хадистерде, ҮІІ ғасырдың соңында араб тарихшылары жаза бастаған, “Алла елшісінің өмірбаянында” қысқартып айтқанда сүреде, ат-Табаридің “Тарихында”, Вакыдидің “Әскери жорықтар кітабында” кездеседі. Мұсылман тарихнамасында исламға дейінгі араб тарихы жахилия, яғни надандық кезеңі деген ат алды. Мұхаммед арабтар арасындағы надандықты жаңа дін уағызы арқылы жойып, тайпалық алауыздықты, қанды экономикалық және саяси себептерден басқа, идеологиялық факторлар да қолайлы жағдай туғызды. Бұл қалада арабтардың аңызы бойынша, аспаннан түскен “қара тас” жатқан Қағбаның орналасуы оған ерекше діни мән берді. В. В. Бартольд былай деп көрсетеді: “Меккеде өмір сүретін құрайыш тайпасы, өзінің храмының арқасында тынымсыз ауданда ерекше жағдайда тұрды” өйткені “харам қажылық орны болды, …ол орналасқан қала әскери шаралар үшін жабық саналды”. Қағбаны құрмет тұтудың белгісі ретінде, тайпалар мен рулар өз құдайларының идеаларын әкеліп қойды, оның саны 360-тай болды.
Күшті әлеуметтік жіктелулер нәтижесінде құрайыш тайпасы арасынан омайя руы ерекше орын алды, себебі бұлар Қағбаның маңайындағы үйлерде өмір сүріп, оның кілтіне ие болған, оларды “орталық құрайыштары” деп құрметтеген. Бұл әлеуметтік қайшылықтар кедейленген бөліктің наразылығын тудырды.
Сөйтіп, Ү-ҮІІ ғасырларда Арабстан саяси, әлеуметтік, идеологиялық дағдарысты бастан кешірді. Елде жалпы жұрт таныған саяси орталық болмады, ал көшпелілердің рулық құрылысы ыдырап жатты. Тайпа ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар әсіресе, қала халқының, мысалы Меккеде қатты өршіді. Жекелеген тайпалық культтер тайпаларды бір халыққа біріктіруге кедергі келтірді. Бұл дағдарысты тарихшылардың дәлелдеуіне қырқыстарды тоқтатып, исламның аясында жалпыарабтық бірлікті орнатқысы келді. Жахилия кезеңінде пұтқа табынушы, көпқұдайлы Арабстан түбегі монотеистік діндердің жинақталған жері сияқты болды. Христиандықты тек Месопотамия, Ирак, Сирия және Палестина жерінде орналасқан араб тайпалары ғана емес, сол сияқты Солтүстік-Батыс Арабстан тайпаларының арасында да ұстанушылар болды. Иудаизм христиан дінінің бақталасы бола отырып, Иасрибте және Солтүстік-Батыс Арабстанның кейбір оазистеріне таралды. Ал, Йеменде ҮІ ғасырдың басында иудаизм мемлекеттік дін болып жарияланды. Осы діндердің ықпалымен, екінші жағынан араб тайпаларының саяси бірігуге ұмтылуы нәтижесінде Арабстанда ҮІ ғасырдың өзінде бір құдайлықты насихаттаушылар-ханифтер пайда болған еді. Бұлар бір құдай Рахманға бас иді. Мұхаммед исламды уағыздаудың бастапқы кезеңінде ханифтерден айырмашылығы аз болып, тыңдаушыларды арабтардың ежелгі діні-Ыбырайым дініне оралуға шақырды. Құранда “…бір бағыттағы Ыбырайым (Ғ. С) жолына еріңдер, ол ортақ қосушылардан емес еді” делінген /19/. Кейіннен Мұхаммед Ыбырайымды Қағбаның негізін қалаушы деп есептеді, американдық шығыстанушы Массэнің атап көрсеткеніндей, “…бұл негізгі идея, исламды тудырған идеялардың бірі болды, өйткені ол жаңа діннің иудаизмнің пұтқа табынушылығына қатынасына мынадай тәуелсіздік орнатты”/5, 79/. Бір құдай Рахман есімін Мұхаммед бір эпитетіне айналдырады.
Әрбір уағыз енді “бисмиллахи-р-рахмани-рахим”, “Аса мейірімді, рахымды алланың атымен” сөзімен басталады. Арабтарды монотеизмге жақындатқан тағы бір жағдай болды, ол олардың түсініктерінде бейнесі әлі айқын қалыптаспаған, жоғары құдай Алланың өмір сүруі еді.
631 жыды, немес хиджраның 9-жылын тарихшылар “елшілік жылы” деп атайды. Мұсылмандыққа бағынған тайпалары елшілері Мұхаммедке үздіксіз келіп жатты. Пайғамбардың қуаты күннен-күнге арта түсті. Мұхаммедтің сол кезеңдегі Арабстандағы тарихи рөлі туралы француз ғалымы А. Массэ былай деп жазады: “Мұхаммедтің діни және саяси көрегендігінің, адамдарды біріктіре алатын қабілеттілігінің арқасында, арабтар өзін өзі танып, надандық, анархия жағдайынан шығып, әлемдік өркениет жағдайында өз орнын батыл түрде алуға дайын тұрды”.
Жаңа дін исламның негізін қалаушы Мұхаммед болды. В. В. Бартольд көрсеткендей, “Мұхаммед тек діннің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де негізін қалады, және ислам өзінің негізін қалаушының көзі тірісінде буддизм Шакьямуниден Ашокаға, христиандық Христен Ұлы Константинге (дейінгіні басынан кешкен) даму процестерін басынан кешірді1 /3, 64/. Мұхаммедтің діни қызметінің басталуы 610 жылға, оған қырық жас толған кезге жатқызылады. Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болған.
Қоғамның әлеуметтік теңсіздігі жағдайында бір рулар байып, қуаты арта берді, ал екіншілері кедейленіп, басқаларға тәуелді бола бастаған еді. Бұдан олардың арасында өздерінің әлеуметтік жағдайларына наразылығы күшейді. Бұл наразылықты Мұхаммед жақсы түсініп, қолдау көрсетті. Сондықтан да, ол бастаған ислам туы арасындағы қозғалысты “Мұхаммедтің діни революциясы” деп атады.
Мұхаммедтің өз миссиясын қалай түсінгенін өзінің алдына қойған міндеттерінен аңғаруға болады: ол-өз халқына күнәдан арылу жолын, елес түріндегі шындықты көрсету болды. Бұл жағдай Арабстан түбегіндегі ҮІІ ғасырдағы діни дүниетаным үстем болған білім деңгейімен түсіндіріледі.
Мұхаммед өз қауымына құдай идеясының бетбұрысы болды. Бұл бетбұрыстағы Мұхаммедтің атқарған рөлі туралы австриялық белгілі шығыстанушы Г. Э. фон Грюнебаум былай деп жазды: реформалаудан басқа ешнәрсе ұсына алмады, бірақ сол идеяның өзі арабтардың өміріндегі маңызды тарихи болды “Мұхаммедтің пайда болуындағы терең мағына жаңа түсініктегі құдайды жасауы болды. Бұл оны қолдаушыларды жаңа үлгідегі қауымдастыққа біріктіреді. Ең маңызды қорытынды мынада: Мұхаммед ұстаған құдай туралы ұғым оның замандастарының ойынан шықпаған жағдайда, оның жолын қуушылар болмас еді және құдай туралы жаңа ойлар айтқан басқалар сияқты көп ұзамай-ақ Пайғамбар да, оның уағызы да ұмыт қалған болар еді. Алайда, Мұхаммед және оның ісі мұндай сынға төтеп берді, себебі ол, егер осылай айтуға болса, құдай атынан ғана емес, сонымен бірге арабтар атынан немесе, өзі айтқандай, ол өз халқына араб пайғамбары ретінде келді”.
Араб руларын біртұтас мұсылман мемлекетіне біріктіру ісіндегі Мұхаммедтің өзі мақсат етпеген саяси біріктіру идеясын оның саяси табыстары деп айту орынсыз, өйткені Мұхаммед бұл жөнінде ойлаған жоқ. Оның ойында басқа мақсат-барлық араб тайпалары үшін ортақ бір дін жасау мақсаты болды. Халықтық салт-дәстүрлерді пайдалана білген Мұхаммед өз идеологиясын белгілеуде жаңашыл болды: ол мемлекет басшысы және діни ұстамдылық сияқты Арабстан үшін мүлдем жаңа міндетті өзіне ала отырып, бұрындары жекелеген адамдар арасында бөлініп атқарылған қызметті өз қолына шоғырландырды. Жаңа мұсылмандық нанымға назар аударуы оның барлық өмірлік проблемаларды шешуге тиісті беделді көреген адам екенін мойындатты. “Мұхаммедтің арабтардың пайғамбары бола алуының, өз соңынан бүкіл Араб түбегінің халқын ерте білуінің себебі, -деп жазды М. Б, Пиотровский, -жергілікті салт-дәстүрлерден не сақталып қалған болса, солардың арасынан нені алуға болса, соның бәрін де пайдаланды… Салт-дәстүрлерге сүйене отырып, Мұхаммед өзінің бүкіл қызметі арқылы қоғамдық дамудың жаңа сипаттарын бейнеледі, білдірді және өмірге енгізді. Ескі мен жаңаны шебер үйлестіре отырып, ол көпшілік таныған “Алланың елшісі” болды…”.
Ислам Арабстанда өршіген әлеуметтік қайшылықтарды жұмсарта алды, ол барлық мұсылмандардың Алла алдындағы теңдігі және әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы көрінді. Әділеттілік принцип шеттен тыс байлықты айыптаумен ғана емес, Ұмманың ауқатты бөлігіне ерекше салық салумен де жүрді. Сонымен қатар ислам өзінің партиархалдық-феодалдық қанау системасын құрды, ол алдымен Арабстанда кейін жаулап алынған Таяу Шығыста болды Мұсылмандар Аллаһтың Елшісіне түскен Құран кітабына сәйкес өмір сүріп, мінез-құлықтарымен Мұхаммед Пайғамбарға, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, еліктеуге тырысуы қажет. Өзіне жүктелген істі бір Аллаһқа сиынуға үндеуден бастаған Мұхаммед Пайғамбар сияқты, мұсылмандар да осы іске аса көңіл бөлуі керек. Аллаһ Та'ала Өз елшісіне: "Оларға былай де: "Шындығында мен Жаратушы иеме ғана жалбарынамын, оған еш уақытта серік қосқан емеспін!" - деген. «АллаҺ тағала» құлшылық етушілерді мейірім-шапағатына бөлеп, олардың арасынан өз Елшісін таңдады. Бұрындары шынайы дін жолынан адасып жүрген оларды Елші, Аллаһтан түскен аяттар арқылы рухани жаңғыртып, Қасиетті Құран кітабын оқыту арқылы даналыққа бастады) . /7/ 1. Құранда: "Оларға былайша айт, шындығында мен өздерің сияқты ет пен сүйектен жаралған адаммын. Маған жаратқан Иеміздің жалғыз екені уәхи етілуде . . . ", -делінген. (Каһф 18:110) . Аллаһтың Елшісіне, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, дүйсенбі күні ұсталатын ораза туралы сұрақ берілгенде, ол: "Бұл күні мен өмірге келдім, адамдарға елші ретінде жіберілдім және маған дәл осы күні Құран тусті", - деп жауап берген. (Муслим) . Аллаһ Та'ала былай деген: "Мұхаммед - Аллаһтың Елшісі . . . " (Фатх48:29) .
Аллаһтың Елшісі, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, былай деген: "Менің бес есімім бар: Мен - Мұхаммедпін, Ахмадпын, мен АллаҺтың сенімсіздікті өшіретін өшіргішімін (Әл-Махи), мен адамдарды өз жаныма топтастарып жинаушымын (өл-Хашир), мен артынан пайғамбар болмайтын соңғы ізбасармын (әл-Ақб) ". (Әл-Бухари, Муслим) . Сонымен бірге Аллаһ оны жұбатушы (Ра’уф) және Рақымды (Рахим) - деп те атаған. Оның бір сахабасы былай деген: "Аллаһтың Елшісі, өзінің түрлі аттарын атап бізге былай дейтін: "Мен -Мұжаммед, мен Ахмад, мен - Әл-Мүкаффи', мен тәубеге келу Пайғамбары және Рахмет пайғамбарымын" (Муслим) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz