Қылмыстың түсінігі және белгілері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Заң факультеті
Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: Қылмыстың түсінігі және белгілері
Орындаған: Ходжамұратов Е. Н.
Ғылыми жетекшісі: з. ғ. д.
профессор А. Н. Ағыбаев
Жұмыс қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының
докторы профессор А. Н. Ағыбаев
Алматы 2005 ж.
Жоспар:
Кіріспе . . . 3-6
І-Тарау. Қылмыстық ұғымы және белгілері . . . 7-13
І. 1. Қылмыстың басқа құқық бұзкшылықтардан айырмашылығы . . . 13-15
І. 2. Қылмыстың белгілері бойынша топқа бөлу . . . 16-17
І. 3. Қылмыстық жауаптылық түсінігі және оның негіздері . . . 17-21
І. 4. Қылмыстың ұғымы және белгілері . . . 21-27
І. 5. Қылмыс және қылмыс құрылымы . . . 27-30
ІІ-Тарау. Қылмыстың құрамы, оның түсінігі және маңызы . . . 31-33
ІІ. 1. Қылмыс құрамының түрлері . . . 33-35
ІІ. 2. Қылмыстың обьектісінің түсінігі және оның қылмыстық құқықтағы маңызы . . . 35-40
ІІ. 3. Қылмыстың заты . . . 40-42
ІІ. 4. Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы . . . 42-47
ІІ. 5. Қылмыстық заңдардың түсінігі және оның түсінігі . . . 47-50
ІІ. 6. Себепті байланыс және оның қылмыстық құқылық маңызы . . . 50-52
ІІ. 7. Қылмыстың субьектісі . . . 52-61
ІІ. 8. Қылмыстың субьективтік жағының түсіні және оның маңызы . . . 61-80
Қорытынды . . . 81-83
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 84-85
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта құқық мәселелерінің бірінші кезекке шығуы - елімізде рухани мәдениеттілік пен өнегеліктің елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанына байланысты. Бұл процестің маңызы әсіресе Қазақстан Республикасы құқықтық және демократиялық мемлекет құру жолында арта түседі, себебі демократиялық мемлекетте азаматтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуіне қатысуы нақты сипатқа ие болады.
Сондықтан құқықтық қоғам құруға бет бұрып келе жатқан тәуелсіз мемлекет тұрғысынан нақты жағдайын ескеруіміз қажет.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылданған 2003-2004 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстылықпен күрес Бағдарламасында: «Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқару органдарының қабылдап жатқан шараларына қарамастан қылмыстылықпен күрес жүйесінде соңғы жылдары терең өзгеріс байқалмайды» [1]
Өкінішке орай, республикамызда әлі де болса азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бағаламау көріністері орын алып отыр. Осы келеңсіз жағдайлар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне үлкен зиянын келтіретіні сөзсіз. Сондықтан, әсересе сотқа дейінгі өндірісте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту қажет.
Қылмыс қоғамға қауіпті, қылмыстық заңғы қайшы, кінәлі түрде істейтін және Қылмыстық жазамен жазалауға іс-әрекет. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстық белгілері осы айтылған төрт белгіден құралады.
Ал Қылмыстық Кодексте қылмыстың белгісіне: қоғамға қауіптілік, қылмыстық заңға қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық жүреді деп көрсетілген. Өйткені қылмыстық ұғымы жазадан кең ұғым. қылмыстың барлығына бірдей жаза қолданыла берілмеуі де мүмкін. Өйткені жаңа Кодексте қылмыстық жаза болып табылмайтын қоғамдық ықпал ету шараларында кең орын берілген.
Зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері қылмыстың түсінігіне маңызды ережелерін одан әрі дамыту жөніндегі ғылыми-теориялық негіздер ұсыну, соның нәтижесінде жетілдіру бағытындағы ғылыми-тәжірибелік тұжырымдарды негіздеу, тиімді жолдарын анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер алға қойылды:
- талдау жасау және құқықтық мемлекет құру бағытында келе жатқан Қазақстан Республикасы үшін оның маңызын ашып көрсету;
- қылмыстық түсінігіне құқық тұрғысынан анықтама беру;
Магистерлік диссертация осы күрделі ұғым қылмыстың түсінігіне арналған. Осыған орай Пиотковскийдің, Куриновтың, Дурманов-тың, Поленовтің, Баймурзиннің, Ағыбаевтың, Нуртаевтың т. б. ғалымдардың еңбегін зерттей отырып, тақырып бойынша өз ойымды толық жеткізуге барынша күш салдым.
Магистерлік диссертация қылмыстың құқық бойынша “Қылмыстың түсінігі” деген тақырыпқа арналған.
Жұмыс кіріспеден, қорытындыдан және үш тараудан тұрады. Олар:
1) Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері.
2) Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың құрамы мен түрі;
3) Қылмысты топтастыру; Қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде пайдаланылған әдебиеттер тізіміне шолу жасалған.
Бірінші тарауда қылмыстық құқық бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілеріне анықтама берілген.
Екінші тарауда қылмыс құқы бойынша қылмысты топтастыру туралы айтылады. Қылмысты жіктеуде оның қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне және 20, 21 баптар бойынша кінәсінің түріне қарай қарастырылады.
Қылмыс түрі 4 топқа бөлінген: 1) онша ауыр емес; 2) ауырлығы орташа; 3) ауыр; 4) ерекше ауыр қылмыс. Мұнда қылмыстың басқа тәртіп бұзушылыққа қарағанда қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен мәні айтылған.
Қорытында бөлімде қылмыстың алдын алу мәселелері сөз болады.
Магистерлік диссертация қылмыстың саласындағы ғылыми зерттеулерге, соңғы жылдардағы негіздеуді басты мақсат еткен.
Зерттеу еңбектер:
1. Прохорова В. С. Монография. Қылмыс және жауапкершілік. Ленинград университі баспасы, 1984. 135б. Бұл еңбек қылмыстық-құқықтық категориясы - қылмыс пен жауапкершіліктің іргелілігін зерттеуге арналған.
Бұл еңбекте қылмыс күрделі әрі жан-жақты әлеуметтік құбылыс ретінде қаралып, оның бір жағынан әлеуметтік-құқықтық мәні мен мазмұны, екінші жағынан, құқықтық түрі талданады.
2. Кривоченко Л. Н. Қылмысты жіктеу. Хорьков. Жоғары мектеп. 1983ж. 130бет.
Бұл монографияда қылмысты жіктеу мәселесі оның қоғамдық қауіптілігінің мәні мен дәрежесі қылмыстың, құқықтың жалпы бөлігіндегі олардың орны зерттеледі. Мұндай жіктердің материал-дық және формальды белгісін, нақты қылмыс категориясының жалпы және өзіндік ерекшелігін, оның заңды қылмыстық-құқықтық зардабын зерттейді.
3. Сахаров А. Б. КСРО қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен қылмыстық себептері. М. Заң әдебиеті, 1961ж. 277б.
Сахаров еңбегінде қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен оның қоғамға қарсы қылықтарыныі себебі тураы мәселе әлеуметтік жағынан зерттеледі.
Автор соттау кезіндегі сот тәжірибесін пайдалана отырып, қылмысдің мінезінің негізіне жататын оның жеке көзқарасы мен қылмысқа түрткі болушы жағдайдың себебін талдайды.
Қылмыскердің іс-әрекет жасауының субъективті және объективті жағдайы, жеке тұлғаныі адамгершілігінің қалыптасу жайы қандай болатыны да сөз етіледі.
4. Дурманов Н. Д. Қылмыс туралы түсінік. М. ; Л. ; КСРО ҒА баспасы, 1948ж. 311б.
Профессор Дурмановтың монографиясы бұл күнде де өзнің ғылыми және практикалық құндылығын жайған жоқ.
Бұл жұмыстағы басты ой - қылмыс заңдылық ұғым бола отырып, қоғамдық өмірдегі белгілі бір құбылыс ретінде қоғамның өзімен тығыз байланыста болатынын, содан негіз алатындығын айту.
Мұнда алғашқыда қылмыс нақтылы жасалған объективті өмірдегі адамның іс-әрекеті ретінде анықталады (І бөлім) .
Келесі бөлімде қылмыстық материалдық белгілерінің ерекшелігі анықталады (ІІІ, ІV, V бөлімдер) . Одан кейінгі екі бөлім қылмыстық заңға қарсы әрекет-әрекетсіздік екендігін заң жүзінде анықтауға арналған (VІ, VІІ бөлімдері) .
VІІІ бөлімде қылмыстық әрекеттің моральға қатынасын айтады.
ІХ бөлімде жоғары бөлімдерде айтылғандарға талдау жасайды, қылмысқа жалпы анықтама береді.
Соңғы Х бөлім қылмыс пен тәртіпті бұзушылықтың өзгешелігін бір-бірінен шектеу туралы айтылған.
5. Саркисов Г. С. Қылмысты ескертудің әлеуметтік жүйесі. Ереван “Аэастан” баспасы, 1975ж. 157 бет.
Монография қылмысты ескертудің проблемаларына арналған. Мұнда қылмысты жоюдың міндеттері мен шаралары қаралады, әлеуметтік жүйесіне талдау беріледі. Яғни, оның ұғымы, мазмұны, субъектісі, жіктелуі, бұл жүйе құрылысының кейбір ерекшеліктері, оның тиімді болуына жасалатын жағдай айтылған.
6. РСФСР-ға еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымының докторы, профессор М. И. Ковалевтің монографиясында (“Қылмыс ұғымы мен белгілері және оның жіктеудегі мәні”, Свердловск, 1977ж. ) кеңестік қылмыстық-құқықтық ғылымдағы негізгі пробле-малардың бірі ретінде қылмыс туралы түсінік зерттеледі. Автор бұл тақырыпта қылмыстық жауапкершіліктің заңды негізінде қылмыс-тық белгілері мен құрамын анықтауға байланысты көптеген сұрақ-тар төңірегінде сөз еткен. Сондықтан қылмыс туралы Қазақстан Республикасы криминалист-ғалымдардың, оның ішінде профессор Г. Ф. Поленовтың, профессор Жекебаевтың, Ағыбаевтың, Нұртаев-тың, Баймурзиннің ғылыми еңбектерінде де айтылған. Қазақстан Республикасы жаңа қылмыстық кодексінде Қылмыс туралы мүлдем жаңа анықтама берілген. Мұнда “қылмыс жазамен қорқытып тыйым салынған адамның жеке басының, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс болып табылады” деп көрсетілген. [2] Бұл жерде қылмыстың негізгі белгісі қоғамға қауіптілік деген сөз бар. Ал жобада айтылған зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупі деген сөз жоқ. Яғни қоғамға қауіптілік қылмыстың ұғымының негізгі белгісі болып қарастыры-лады. Ал, магистерлік диссертацияда қарастырылатын мәселе қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша қылмыстың түсінігіне тоқталу болып табылады
І-Тарау. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ.
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмысты 11 ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттін (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстын әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді. «Қылмыстық құқық бір жағынан қоғамдағы адамның тиісті орнына байланысты қатынастарды қорғайды және қамтамасыз етсе, екінші жағынан-құқықтық тиымдарды бұзғандарға белгілі бір салдарды белгілейді, яғни жеке адамның қоғамдағы орнын, бірақ ендігі қылмыстың субьектісі ретінде орнын белгілейді» [3]
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұскаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы онын ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамнын ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстын мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрыңғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1991 жылы РСФСР-дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап) ; «Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез-келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардын қылмыстық заңдарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғым арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі (1 -бап) . Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға кауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық заңдардың негізінде «Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік құқыіқ тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық кауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады» делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлык республикалардың, оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жана ұғымы берілген. Онда «жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап) . Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылықпен атау қалыптаскан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін онын мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда накты нормада көрсетілген қылмыстық құқылык санкция белгілеген жазаңын. белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқықка қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттер мен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күш жойылған қылмыстық-құқылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.
«Қылмыстық негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуынын, өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді» [4] . Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде, қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-6абында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамда қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайыма байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (288-бап 1-бөлігі) . Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (335-бап) . Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.
Қоғамдық және жеке мүдделерінің айырмашылығы қоғамдық мүдде жеке маңызды деп қабылданбайтындықтан немесе ол индивидпен осындай деп қабылданбауының салдары болуы мүмкін.
Ал, жеке мүдде мен қоғамдық мүдденің айырмашылығының болуы жеке мүдделер партикулярлы-жеке мүддеге айналғандықтан немесе қоғамдық мүдделер жеке адамның индивидуалдық қасиеттерінің көрінуінің мүмкіндік бермейтіндіктен болуы мүмкін [3]
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып белінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, «б» тармағы, т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істелді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайда қорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерле қоғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігіне де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеттер оны істеген адамның жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап) . Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік Қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz