Арнайы миссиялар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
М А 3 М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ3
I. Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері…. . 8
1. 1 Мемлекеттердің сыртқы байланыстары мен сыртқы байланыстар құқығы. . 8
1. 2 Сыртқы байланыстар қүқығы аясындағы арнайы миссиялар институтының жалпы сипаттамасы 12
1. 3 Қазіргі дипломатиядағы арнайы миссиялардың орны мен олардың қызметін халықаралық-құқықтык реттеу . . . 16
II. Арнайы миссиялардьң қазіргі замаңғы халықаралық құқықтық мәртебесі. . . 22
- Арнайы миссиялар туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының жалпы сипаттамасы. . 22
- Арнайы миссиялардың иммунитеттері мен артықшылықтары30
- Арнайы миссиялардың бір түрі ретіндегі халықаралық кездесулер мен конференциялардағы делегаттардың құқықтық жағдайы. 34
- Халықаралық ұйымдардың немесе олардың маманданған мекемелерінің тікелей ұйымдастыруымен шақырылған халықаралық конференциялардағы бақылаушылар мен делегаттардың құқықтық мәртебесі - арнайы миссиялардың кең ауқымды категорияларының бірі ретінде41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 58
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қатынастардың маңызды және өзекті мәселелерінің бірі болып - дипломатиялық байланыстар және оларды халықаралық реттеу табылады. Дипломатиялық қатынастар-халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің сыртқы қыры болып табылады және оларды реттейтін дипломатиялық құқық нормалары халықаралық ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытудың жалпы саяси және құқықтық негізін құрайды.
Мемлекетаралық қатынас және бірінші кезекте әртүрлі мемлекеттер арасындағы барлық қатынастар негізі болып табылатын-олардың бейбіт қатар өмір сүру қағидасы - дипломатияның әртүрлі нысандарын қолдану арқылы жүзеге асады. Дипломатия халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидалар мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылғанда ғана мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бейбіт қатар өмір сүруінің шынайы құралына айналады.
Дипломатиялық қатынастарды дамытудың мақсаты мемлекеттердің қауіпсіздігі мен бейбіт қатар өмір сүру жағдайында олардың арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту және ұлғайту, ал мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу қызметі ретіндегі дипломатияның өзі қазіргі халықаралық құқықпен күш қолдануға тыйым салынған жағдайда, мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. 1960-1980 жылдары БҰҰ-ның жетекшілігімен мемлекеттердің сыртқы байланысына қатысты халықаралық құқық нормаларын жүйелеу мен жедел дамыту бойынша орасан зор жұмыс жұргізілді. Осы жұмыс нәтижесінде қабылданған 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1969 жылғы арнайы миссиялар туралы конвенция, 1973 жылғы дипломатиялық агенттерді қоса алғанда халықаралық қорғауға ие түлғаларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын-алу және жазалау туралы конвенция, 1975 жылғы мемлекетттердің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастардағы өкілдік етуі туралы Вена конвенциясы тиісті сыртқы қатынас органдарының көмегімен жүзеге асырылатын мемлекеттер арасындағы ресми қатынастардың берік халықаралық негізін құрады.
Дегенмен аталған конвенцияларды қабылдағаннан кейін де негізінен нормативтік реттелгендігіне қарамастан ұлттық және шетелдік халықаралық құқық әдебиеттерінде жеткіліксіз зерттелген дипломатиялық қызмет саласы бар. Бұл - арнайы миссиялардың дипломатиясы саласы.
Халықаралық құқықта арнайы миссия деп бір мемлекетпен екіншісіне арнайы мемлекеттер арасындағы келісім бойынша анықталатын міндеттерді орындау үшін жіберілетін өкілдерден тұратын сыртқы қатынастың уақытша органын түсінеміз. Халықаралық құқық ілімімен мемлекеттер тәжірибесінде дипломатияның осы нысанын белгілеу үшін ертеден "аd hoc " дипломатиясы атауы, яғни мемлекеттердің шетелдегі әрбір жеке жағдайы бойынша құрылатын уақытша дипломатиялық органдар қалыптасқан.
Халықаралық құқықта ежелден келе жатқан институттарының бірі - арнайы миссиялардың болуымен кейбір авторлар дипломатияның барлық тарихының негізгі екі кезеңге бөлінуін байланыстырады: біріншісі - ХVғ. аяқталатын ежелгі және орта ғасырларға тән аd hoс миссиясы сипатындағы тұрақсыз елшіліктер кезеңі, екіншісі - алғашқы кезде Италиядағы ХVғ. қала-мемлекеттер арасындағы қатынастарда пайда болған тұрақты миссиялар кезеңі (сноска) .
Бірақ тұрақты дипломатия кезеңінің пайда болуына қарамастан (ХVІ-ХVIII ғ. ғ. ) арнайы миссиялар өзінің өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Дегенмен, ерте және орта ғасырларда олар мемлекеттер арасындағы дипломатиялық байланыстың бірден-бір нысаны болып табылса, қазіргі кезде арнайы миссиялар тұрақты елшіліктермен қатар қызмет атқарады.
Дипломатияның классикалық деп аталатын кезеңінде (ХІХ-ХХ ғ. ғ. басы) арнайы миссиялар өздерінің функциялары бойынша тұрақты елшіліктерді ауыстырған жоқ, тек ерекше жағдайларда жіберіліп отырды. Толық негізде тек арнайы миссияларды ғана төтенше миссиялар деп атауға болады. Бұл мұндай миссиялардың аз болғандығын білдірмейді, дегенмен олардың саны қазіргі кезде байқалып жүргендей арнайы миссиялар дипломатиясына жаңа сипат бермейді. Арнайы миссиялардың бір жолғы, аморфтық сипаты ұзақ уақыт бойы дипломатияның осы нысанына қатысты қандай да бір тұрақты, нақты аталған халықаралық-құқықтық нормалар кешенін жасауға кедергі болып келді. Бұрынғы кездерде мемлекеттер тәжірибесінің әртүрлігіне байланысты сол кезеңге тән қандай-да бір жалпы заңдылықтар болған жоқ және осыған байланысты арнайы миссияларға қатысты халықаралық құқықта берік қалыптасқан нормалар жоқ.
Қазіргі кезде халықаралық өмірдің қажеттіліктері мен оның даму перспективалары арнайы миссиялардың теориялық мәселеріне, оған қатысты нормаларды жүйелеуге байланысты қызығушылық тудыруда.
Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық халықтардың теңдік және өзара тиімділігі негізінде кең халықаралық ынтымақтастығы қажет. Бұл әдеттегі дипломатиялық жолдармен қатар саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және т. б. сипаттағы мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін дипломатия нысандарын кең қолдануға алып келеді.
Бұған көптеген жағдайда, шынымен, "мамандар дипломатиясы" болып табылатын арнайы миссиялар дипломатиясы көбірек деңгейде сай келеді, дегенмен бүл институттың негізінде басқа негізгі белгі - бұл миссиялардың уақытша табиғаты жатыр.
Осыған қарамастан дипломатияның бұл нысанының ерекшелігі дипломатиялық қатынастардың дамыған кезеңіндегі сыртқы саяси қызметінің ұлғайған көлемін реттеу де септігін тигізіп қана қоймайды, "ең жоғарғы -бағдарламасын" орындай отырып олар қалыпты дипломатиялық қатынастар болмаған жағдайда, сонымен қатар мемлекеттерді танымаған жағдайда да өз қызметін атқара алады. Бұл жағдайда арнайы миссиялар тек дипломатияның "ең төмеңгі - бағдарламасын" орындай отырып егеменді мемлекеттің халықаралық қарым-қатынасқа түсудегі құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдайда арнайы миссиялардың "жоғары дипломатия", жоғары деңгейдегі дипломатия сияқты түрі аса маңызды роль атқарады. Олардың ішінде мемлекеттік визиттер, ресми кездесулер, тікелей келіссөздер жүргізу мен қол қоюдың мәні зор.
Дегенмен, арнайы миссияларды ұйымдастыру мен олардың қызметін құқықтық реттеумен байланысты көптеген сұрақтар жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл біріншіден, арнайы миссиялардың мемлекеттің сыртқы қатынастарын жұзеге асыру құралдарының жалпы жүйесіндегі ролі мен орны, осы қызмет түрінің халықаралық қарым-қатынас негізі, екіншіден, осы институттың мүмкіндіктері анықталған жоқ.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Арнайы миссиялардың құқықтық табиғатына, халықаралық-құқықтық мәртебесіне арналған әдебиеттердің басым көпшілігі кеңес дәуірінде жарық көрген. Бұл, осы тақырыптың негізінен кеңестік заңгер-ғалымдармен зерттелгендігін білдіреді. Атап айтқанда, К. К. Сандровский, Л. Б. Левин, И. П. Блищенко, В. В. Ганюшкин, Л. А. Моджорян, А. В. Сабакин, Г. И. Тункин, С. В. Черниченко, Ю. Г. Демин және т. б.
Ал Қазақстандық заң ғылымына келер болсақ, арнайы миссиялардың халықаралық-құқықтық мәртебесіне тікелей қатысты жазылған және жарық көрген еңбектер жоқ. Бірақ, жалпы дипломатиялық құқыққа қатысты МА. Сарсембаевтың еңбегі бар.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысының мақсаты болып-тиісті халықаралық-құқықтық құжаттар мен шарттарды зерттеу мен жинақтаудың негізінде халықаралық құқықтағы арнайы миссиялардың құқықтық табиғатын, құқықтық мәртебесін айқындайтын нормаларды талдау және оның негізінде оларды жетілдіру бойынша өзіміздің ұсыныстарымызды жасап шығару табылады. Аталған мақсатқа жету үшін автордың алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
- Қазіргі халықаралық құқықтағы мемлекеттердің сыртқы байланыстар құқығының түсінігі мен жалпы сипаттамасын анықтау.
- Сыртқы байланыстар құқығы аясындағы арнайы миссиялар институтының жалпы сипаттамасын көрсету.
- Қазіргі дипломатиядағы арнайы миссиялардың орны мен олардың қызметін халықаралық-құқықтық реттеудің жай-күйін анықтау.
- Арнайы миссиялар туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының ережелеріне талдау жасау.
- Арнайы миссиялардың иммунитеттері мен артықшылықтарын сипаттап, қазіргі жай-күйін талдау.
- Арнайы миссиялардың бір түрі ретіндегі халықаралық кездесулер мен конференциялардағы делегаттардың кұқықтық жағдайын анықтау.
- Халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдері мен тұрақты бақылаушылары арнайы миссиялардың кең ауқымдағы бір категориясы екенін талдап көрсету.
Диплом жұмысының объектісі мен пәні. Осы зерттеу жұмысының негізгі объектісі болып категория ретіндегі арнайы миссиялардың халықаралық мәртебесі және оның саяси-құқықтық қырлары табылады.
Диплом жүмысының нақты пәні ретінде арнайы миссиялардың халықаралық-құқықтық мәртебесін анықтаумен байланысты теориялық мәселелер танылады.
Зерттеудің әдістері. Диплом жұмысын жазу барысында автор мынадай танымдық зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолданды: диалектикалық, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелі саралау және т. б. Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:
- Арнайы миссиялар институтын мемлекетаралық қатынастардың әртүрлі жағдайларында кеңінен қолданудың себебі, олардың жіберілуі мен қабылдануын де-юре нысанында тануға қатысты конклюдентті фактілер ретінде түсіндіріледі деп ойлаймыз. Мемлекеттер мұнда арнайы миссиямен байланыстыларын қоспағанда, қандай да бір өзге міндеттемелерге тәуелді емес. Сол себептен, біз арнайы миссиялар туралы конвенцияға "арнайы миссияларды жіберу немесе қабылдау мемлекетті тануды білдірмейді" деген ережені енгізген жөн депесептейміз.
- Арнайы миссиялардың халықаралық-құқықтық мәртебесін айқындауда тек әмбебап сипаттағы нормалар мен ережелерді ғана емес, сондай-ақ аймақтық сипаттағы халықаралық-құқықтық нормаларды да ескерген жөн. Өйткені аймақтық сипаттағы нормалар мен ережелер, тарих көрсеткендей, тек аймақтық деңгейде қалып қоймай, әмбәбаптық сипатқа айналған жағдайлар жиі кездеседі. Тіпті, қазіргі дипломатиялық құқықтағы институттар мен кейбір ережелер алдымен аймақтық деңгейдепайда болып, дамыған десек артық айтқандай болмас деп ойлаймыз.
- Қазіргі дипломатиялық қарым-қатынастарда арнайы миссиялар институтын одан әрі жетілдіру мен соған қатысты нормаларды прогрессивті түрде дамыту әмбебап сипаттағы және аймақтық деңгейдегі халықаралық ұйымдар шегінде жүзеге асырылуға тиіс. Өйткені халықаралық ұйымдар қазіргі уақытта тек дипломатиялық құқыққа қатысты емес, сондай-ақ жалпы халықаралық құқықтың одан ары кодификациялануы мен прогрессивті түрде дамытылуының негізгі орталығы болып отыр.
4. 1969 жылғы Арнайы миссиялар туралы Вена конвенциясындағы арнайы миссияның анықтамасын өзгерткен жөн. Себебі, қазіргі кезде арнайы миссияларды мемлекеттермен қатар халықаралық құқықтың басқа да субъектілері, атап айтсақ, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан ұлттар да, жібере алатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Яғни, арнайы миссияның анықтамасында мемлекеттермен бірге халықаралық құқықтың басқа да субъектілері ескерілуге тиіс.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі бет.
I. Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық негіздері
1. 1 Мемлекеттердің сыртқы байланыстары мен сыртқы байланыстар құқығы
Мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық құқық мемлекеттердің өздерімен жасалады және ол өздерінің сыртқы функцияларын жүзеге асыру жөніндегі осы мемлекеттердің қызметтері нәтижесінде дамытылатыны белгілі. Сыртқы функциялар мемлекеттің сыртқы байланыс органдарымен жүзеге асырылады және ол тиісті мемлекеттің халықаралық аренада қызметінің басты бағыттарының мазмұнын құрайды. Сыртқы функцияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметті былай анықтауға болады: мемлекеттер өздерінің өмір сүруі барысында халықаралық деңгейде әртүрлі қатынастарға, соның ішінде - саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және т. б қатынастарға түседі, олар өз кезегінде халықаралық құқық нормаларымен реттеледі. ¹
Кез-келген дербес, тәуелсіз мемлекет белгілі бір деңгейде даму үшін басқа мемлекеттермен қарым-қатынасқа түсекді. Онсыз мемлекеттің дамуы, өсіп өркендеуі, белгілі бір экономикалық мәдени ғылыми-техникалық табыстарға жетуі мүмкін емес. Басқаша айтсақ, сыртқы байланыстар орнатпай, сыртқы функцияларды жүзеге асырмай, бір де бір мемлекет мемлекет ретінде өмір сүре алмайды. Яғни, мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі объективті қажетті сипатқа ие деуге болады. Салыстырмалы түрде мынадай формула келтіруге болады: «Адамдар мемлекетте өмір сүреді, ал әрбір мемлекет мемлекеттер жүйесінде өмір сүреді». Халықаралық қатынастардың басты алғы шарты болып экономикалық тәртіп факторлары табылады. Соның ішінде, еңбек пен әлемдік нарықтың халықаралық бөлініске түсуін жатқызуға болады. Көп жағдайда халықаралық экономикалық қажеттіліктер түбінде мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы саяси, ғылыми техникалық, мәдени мүдделерін анықтайды. Экономикалық өмірдің одан ары интернациялануы, сонымен қатар ғылыми-техникалық қарқынды дамуы мен жалпы әлеуметтік прогрес мемлекеттер арасындағы байланыстар мен қатынастардың көпқырлы және жан-жақты сипатқа ие болуына алып келеді.
Мемлекеттердің кез-келген сыртқы байланыстарында саяси астар болады деп күмәнсыз айтуға болады. Яғни мемлекетаралық қатынас қай салада болмасын (экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және т. б) өзінің саяси сипатын, саяси мүддесін жоғалтпайды. Кезінде кеңестік бір ғалым айтқандай «саяси қарым-қатынастар арасында ынтымақтастық элементіне қарағанда конфликтіге түсу элементі басым тұрады»¹
¹Ф. М. Бурлацкий. О системном подходе к исследованию внешней политики. -Мех. отношения, политика и личность. »Наука», 1976. с. 29.
Мемлекеттердің сыртқы байланыстары осы мақсатта құрылған тиісті сырқы байланыс органдарымен белгіленіп, жүзеге асырылады. Сыртқы байланыстардың түпкі мақсаты болып тиісті мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа да қажетіліктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға ұмтылуы табылады. Осыдан келіп, сыртқы байланыстарды былайша анықтауға болады: -бүл өздерінің сыртқы функцияларын бейбіт құралдармен жүзеге асыру мақсатында мемелекеттер арасындағы және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында ерекше мемлекеттік органдармен орнатылып, жүргізілетін ресми байланыстар мен қатынастарды қамтитын мемлекеттердің халықаралық қызметінің бір бөлігі. Сипаты бойынша дипломатиялық нысандар мен әдістер арқылы жүзеге асырылатын, мемлекеттердің сыртқы байланыстар аясындағы қызметі әрқашан да халықаралық маңызға ие екені сөзсіз. Сыртқы байланыстар процесі барысында ғана тиісті мемлекеттер арасында ресми қарым-қатынастар бекітіліп, ресімделеді. Ал сыртқы байланыстар органдарының іс-әрекеттері заңдық тұрғыдан тиісті мемлекеттердің өздерінің іс-әрекеттері ретінде бағаланады және оларға халықаралық-құқықтық мағынада сәйкесінше міндеттер жүктеп, құқықтар береді. Бүл қатынастарға құқықтық нормалардың белгілі-бір кешені сай келеді, өйткені солардың негізінде осындай ресми қатынастар жүзеге асырылады. Сыртқы байланыс органдарының қарауына жататын мәселелер аясы мемлекетаралық сипатқа ие. Сол себептен бірінші кезекте бұл жерде халықаралық құқық нормалары тұрады, бірақ сыртқы байланыс органдарын құру туралы және олардың өкілеттіктерінің көлемі туралы мәселелер әр мемлекеттің ішкі құқығымен шешіледі. Сыртқы байланыстарды құқықтық реттеудегі халықаралық құқық нормаларының басты рөлін көрсете отырып, белгілі кеңестік ғалым-заңгер Д. В. Левин былай деген: "Мемлекеттердің сыртқы байланыстары, әдетте, халықаралық құқық нормаларымен реттеледі"²
Мемлекеттердің сыртқы байланыстар аясындағы қызметі - бұл оның халықаралық аренадағы барлық байланыстары мен қатынастарын қамтитын кең мағынадағы дипломатиялық қызметі. Осы қызметті мемлекеттер арасындағы келісімдер негізінде реттейтін құқықты қазіргі таңдағы әдебиеттерде, әдетте, дипломатиялық және консулдық қызмет деп атайды, ол өз кезегінде жалпы халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады. Дипломатиялық құқықты екі мағынада түсінуге болады. Кең мағынада дипломатиялық құқық барлық сыртқы байланыс органдарының (атап айтқанда, елшіліктер, консулдық мекемелер, арнайы мисииялар, халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктер, сауда өкілдіктері және т. б. ) қызметін қамтиды. ³ Ал, тар мағынадағы дипломатиялық құқық тек дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналдарының құқықтық жағдайы мен мәртебесіне қатысты нормаларды қамтиды.
²Д. Б. Левин. Принцип невмешательства в современном мире. Н. « международной жизни» 1966. №11 с. 31. ³ Курс международного права. В шести томах, т. І. М., " Наука", 1967.
Әдебиеттерде халықаралық құқық пен дипломатиялық қызметтің ара қатынасына қатысты мынадай ой бар: "халықаралық құқық мемлекеттің бүкіл дипломатиялық қызметінің құқықтық негізі болып табылады" Қазіргі заманғы халықаралық құқық мемлекеттердің дипломатиялық қызметін жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді және олардың қорғалуына барлық көзделген құралдармен кепілдік бере алады.
Дипломатиядағы кұқықтык бастаулар тек жалпы көпжақты шарттармен ғана емес, сондай-ақ екі жақты (мемлекеттер арасындағы) және арнайы шарттармен де (мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы) қолдау тауып отырады. Сыртқы байланыстар аясындағы арнайы шарттарға мыналарды жатқызуға болады деп ойлаймыз: 26 маусым 1947 ж. БҰҰ мен АҚШ арасындағы келісім және сол сияқты әмбебап ұйымдар мен жекелеген мемлекеттер арасындағы тиісті ұйымның штаб-пәтерінің орналасуы мен оның мәртебесі туралы келісімдер. Сыртқы байланыстар құқығы аясында халықаралық әдет-ғұрып нормаларының да маңызы өте зор. Жалпы, егер тарихқа көз жүгіртсек, сыртқы байланыстар құқығы, соның ішінде дипломатиялық кұкьіқ, консулдық құқық, арнайы миссиялар құқығы мен халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер құқығы, XX ғасырдың ортасына дейін негізінен халықаралық әдет-ғұрып нормалары ретінде пайда болып өмір сүрді. Яғни, сыртқы байланыстар құқығының негізгі қайнар көзі әдет-ғұрып нормаларымен байланысты болған. Бұл байланыс бүгінгі таңда да сақталып отыр. Дегенмен, бұл салада көптеген нормалар кодификацияланып, халықаралық-шарттық нысанға айналғаны белгілі. Нақты айтар болсақ, осы саладағы халықаралық-құқықтық нормалардың кодификациялануы мен прогрессивті дамуының нәтижесінде төмендегідей әмбебап сипаттағы халықаралық-құқықтың құжаттар дүниеге келді.
- 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;
- 1963 жылғы консульдық қатынастар туралы Вена конвенциясы;
- 1969 жылғы арнайы миссиялар туралы Вена конвенциясы;
- 1975 жылғы мемлекеттердің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарменқарым-қатынастағы өкілдігі туралы Вена конвенциясы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz