Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

1. 1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы

1. 2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты

2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың ролі мен орны

2. 2 Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың құрылымы

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ

3. 1 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудегі күтілетін жағдайлар

3. 2 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудегі дамытатын негізгі бағыттар

КОРЫТЫНДЫ

КОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

20 ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты немесе көп жақты қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағаныңың куәсі болып отырмыз. Бұл процестер сыртқы сауданың тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономиканың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаныңанкөрінеді.

Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қөзғалыс, құбылыстарға толы процестер.

Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ", "қара" деп жіктеп, оған "капитализм", " социализм" сияқты атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антоғанизмдерде келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр.

Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудын қазіргі кезені сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде - тарихи өлшеммен алғанда қас қағым ғана уақыт аралығында елде де әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде нарықтық шаруашылық жүйесіне өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа жүзеге асырылып жатыр. Жана бағытта қиындыктар мен қайшылықтар жеткілікті болатыныңа қарамастан, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады. Бұл жетістік болашақта халықтың ал аухатын көтеруге үміт сенімін ұлғайтумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономиқамен үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика муддесіне халықаралық еңбек бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Республиқамыз жылдан жылға дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы экономикалық саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды дамыта жүргізіп келеді.

Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да көп өзгерістер болды. Социалистік мемлекеттер блогы ыдырап, сонымен бірге ССРО-ның әскери күшімен саяси- экономикалық қолдауымен өмір сүрген "әлемдік социалистік шаруашылық жүйесі" де өмір сүруін тоқтатты. ССРО-ның өзі де тарих сахынасынан өтті. Оның орныңа жана егеменді мемлекеттер ту көтеріп, қазіргі заманның өте күрделі әлемдік шаруашылық жүйесінен өз орындарын іздеуде. Бұл окиғалар халықаралық саудаға өз ықпалын тигізді.

Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы халықаралық саудада ең елеулі орынды алып отыр. Қазақстан ендігі халықаралық сауданы дамыту жолында, сонымен қатар, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мақсатында көптеген еңбектер жұмыстар жасауда және сол бағытта көптеген жолдаулары бар.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудегі мәселелері қазіргі кезде ең актуалды проблема болып отыр. Өйткені ДСУ-на кіре отырып Қазақстан қандай жағдайларға ие болады және қандай жеңілдіктер берілетінін толық біле қойған жоқ. Сондықтан мен осы жұмыссымда қандай да болсын қиындыктарға кездеспес үшін және экономиканы сол қалпынан түсірмес үшін не істеу керек екенін айтуға тырыстым.

Осы жазылған жұмыска келетін болсақ мен өзімнің осы жұмысымның ең бірінші бөлімін халықаралық саудаға толық анықтама беруге арнадым. Толық айтатын болсақ;

1 бөлім; Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда туралы болып отыр. Мұнда мен Халықаралық сауданың мәні, маңызы және атқаратын қызметтері туралы айтып өттім. Сонымен қатар Халықаралық сауданың құрылымы туралы, яғни оның дамыған, дамушы және дамымаған елдердегі рөлі, олардағы және Қазақстандағы халықаралық саудадағы ең қаркынды жолмен экспортталатын және импортталатын тауарлар мен қызметтер туралы, жазып көрсеттім.

2 бөлім; Қазақстан экономикасындағы халықаралық сауданың маңызы туралы. Бұл бөлімде мен Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың орны мен ролі және Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың құрылымы туралы жаздым. Қысқа түсініктеме беретін болсам осы бөлім Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданы дамыту жолдары, оның қандай қарқынмен дамып келе жатканы, және Қазақстандағы экспортталатын және импортталатын тауарлар ерекшелігі мен көлемі, оларды экспорттайтын және импорттайтын елдер туралы айтылады. Қазақстандағы халықаралық сауданың орны, яғни қандай орында және экономиканы дамытуда қандай ролі бар екені туралы айтылады.

3 бөлім; Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге байланысты мемлекет саясаты туралы. Мұнда Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты жүргізіп жаткан реформалары мен бағыттары туралы, алға қойған мақсаттары туралы, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудегі ішкі жағдайын, яғни ішкі нарықты, халықтын жағдайын жақсартудағы саясаттары туралы айтылады.

Осы жұмысты оқи отырып қазіргі кездегі халықаралық сауданың жағдайын біліп сол жағдайларға байланысты жұмыстар жасауға болады.

Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алғалы бері халықаралық саудада көптеген өзгерістер болды.

Қазақстан Республикасы халықаралық сауданы дамыту мақсатында алдына көптеген мақсаттар мен міндеттер қойды. Алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеністікте өз орның табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтын тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, және т. б. қол жеткізу.

Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың дамуы ежелден келе жатыр. Оны Жібек жолы бойындағы сауда жолдарының қызметінен көруге болады. Міне сол уақыттан бері Қазақстандағы халықаралық саудада болып жаткан өзгерістерді анық көруге болады, яғни ол кезде Қазақстан Республикасы аз ғана елдермен сауда қатынасына түскен болса, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 120 елмен халықаралық сауда қатынастарына түсуде. Сонымен қатар қазір халықаралық сауда қатынастарын жақсарту жөнінен көптеген зандар мен жолдаулар қолданылуда, яғни халықаралық сауда саясатын белгілі бір жүйеде жүргізуге бағытталған .

Халықаралық сауданы реттеп оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді шешуге бағытталған саясаттар жүргізілуде. Олар протекционизм мен еркін сауда саясаттары болып табылады. Осы саясаттар көмегімен ел өз өндірушілерін сыртқы тауарлардан қорғау үшін және өндірушілерді ынталандыру үшін, халықтың жағдайын жақсарту үшін, экспорт пен импортты тұрақтандыру үшін қолданады.

Осы жұмысты оқи отырып сізде өздерінізге қажетті өте көп жаналықтарды ашарсыздар деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес қызмет атқара отырып ел өзінің жағдайын барлық елдер арасында жақсарта алады. Осы көрсетілген бағыттарға байланысты жұмыс аткара отырып Қазақстан Республикасы өзінің жағдайын дамушы елдер қатарына дейін көтере алады және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ене отырып барлық кедергілерден қиындыксыз өте алуына жағдай жасалады.


1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

1. 1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы.

Халықаралық экономикалық қатынастардын дәстурлі және ең кен дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзі елдерінің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Сакстын пікірінше "қандай да бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алмайды". (1 С. 27)

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардын нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми техникалық прогрестін ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардын қарым- қатынасын күшейтеді. 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен дамып келеді.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті дамуы;

2. экономикада жана салалардын пайда болуына және негізгі капиталды жанартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардын белсенді қызметі;

4. тарифтер сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5. Көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып кеден бажының төмендеп еркін экономикалық аймақтардын құрылуы;

6. Сауда экономикалық интеграция процестері дамып жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

7. Сыртқы рынокка бейімделген экономикасы бар жаңа индустриялды елдердің пайда болуы; (1 С. 28)

Халықаралық сауда- дүние жузі елдері арасындағы төлемді жиынтық тауар айналымы.

Халықаралық сауда - халықаралық тауар ақша қатынастарының сферасы, ол әр түрлі елдердің сатушылары мен матып алушылары арасында жүреді. Халықаралық сауда әлемнің барлық елдерінің сыртқы саудасының жиынтығы болып табылады. (2. С. 80)

Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын қарастыру қажет. Халықаралық сауданың формалары:

1 Аукциондар және аукциондық сауда;

2 Биржалық сауда;

3 Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;

4 Машиналар мен құрал- жабдықтар арендасы;

5 Қарама- қарсы сауда;

6 Шекаралық сауда;

Аукциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардын төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғарғы денгейіне дейін көтеріледі. (1. С. 42)

Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардын өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға қолайлы жағдай жасайды.

Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырады, осының нәтижесінде шикізаттын жекелеген түрлері бойынша турақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.

Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, ең алғашқылары 17 ғасырда Еуропада пайда болды.

Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 турі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауылшаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%- ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.

Сонымен, биржалық сауда - биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы. (1. С. 44)

Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.

Биржалардың бірнеше турі бар:

1 тауар биржасы;

2 қор биржасы;

3 еңбек биржасы;

4 валюта биржасы.

Тауар биржасы- сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдаскан нарықты қамтамасыз ететін сауда.

Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәләндырылады.

Қор биржасы- таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.

Валюта биржасы- бұл валюта нарығы.

Еңбек биржасы- жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер - тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады. (1. С. 45)

Жәрменке- бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын- оқтын отіп тұратын нарықтың түрі.

Машиналар мен жабдықтардың арендасы

Аренда - бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.

Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рухсат беріледі және мүлік жөніңде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.

Жалға берушілер- меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мумкін.

Жалгер - заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т. б.

Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:

1 лизинг- ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін)

2 Хайринг- орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан 1 жылға дейінгі мерзімге)

3 рейтинг- қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі мерзімге)

Қарама -қарсы сауда- экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы туралы қарсы міндеттемесі. (12. С. 283)

Қарама -қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:

1 Бартерлік келісімдер

2 Қарама- қарсы сатып алу келісімдері

3 Клирингтік келісімдер

4 Лицензиялық келісімдер

5 Компенсациялық келісімдер

Шекаралық сауда - сауда, төлем және жыл сайынғы карар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу турі.

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.

Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау халықаралық экономикалық қатынастардын жетекші формасы болып саналады.

Осыған қарамастан халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде манызды орынга ие болып отыр, яғни баскаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.

Халықаралық сауда - әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді. (3. С. 86)

Ғылыми-техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардын өзара әсерлесуін күшейтеді. (2. С. 36)

Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы дүниежүзілік нарықты құрайды.

Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар - ақшаа қатынастарының даму процесі кезінде қалыптаса бастады.

Жалпы алғанда дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.

Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек.

- біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде карастырылады.

- Екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде карастырылады.

Сыртқы сауда дегеніміз- белгілі бір елдің баска елдермен сауда жасауы. Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі турі бар:

1 Экспорттық операциялар - шетке шығару арқылы шетелдік контингентке тауарды сату;

2 Импорттық операциялар - шеттен әкелу арқылы шетелдік контингенттен тауарды сатып алу;

3 Реэкспорттық операциялар - бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату.

4 Реимпорттық операциялар - бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу. (2. С. 38)

Сыртқы сауданың дамуын анықтайтын факторлар:

1 Тенгенің тұрақтылығы

2 Инфляцияның денгейінің томендеуі

3 Өндірістін құлдырауының тежелуі, макроэкономикалық ахуалдың барынша тұрақтануы

4 Экспорт өнімдерінің тұрақты түрде ұлғаюы.

Сыртқы саудада негізгі операцияларды бірнеше субьекттер қамтамасыз етеді. Олар: брокер, дилер. маклер, коммивояжер, комиссионер, бонус, консорциум және т. б. Осыларға түсініктеме беретін болсақ:

Брокер - сауда делдалы, ол сату-сатып алу келісімдеріне белгілі бір жақ ретінде қатыспайды, тек ғана қызығушы екі жақ - сатушы және сатып алушы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. (1. С. 48)

Брокер бір реттік тапсырма негізінде және өз клиенттерінің инструкциялары шегінде әрекет жасайды.

Брокердің негізгі артықшылығы - келіссөз жүргізу барысында брокер өз клиентінің атын жасыруына яғни конфеденциалдылықты сақтауына болады. Сондықтан кейбір клиент брокерді делдал өтіп алу себебі - олар өз операцияларының кең таралмауын, яғни жасырын болуын қамтамасыз етеді.

Брокер делдалдыкпен қатар баска қосымша қызметтерді де көрсетеді, мысалы, нарықты зерттеу жарнама жоніңдегі акпараттар несие беру. Брокер қызметін жеке адамдар, фирмалар мен ұйымдар жүргізеді.

Дилер- өз атынан және өз есебінен тауарларды кайта сатумен айналысатын жеке тұлға немесе фирма. (1. С. 49)

Дилердің пайдасы тауарларды саткан және сатып алған багалардын айырмасынан турады. Тауарларды откізу жүйесінде дилар өз қызметінде сонгы тутынушыларға жақын болады.

Коммивояжер - бұл сауда окілеттілігін жүзеге асыратын сауда касіпорныңын қызметкері.

Коммивояжер касіпорынмен жедел немесе жедел емес еңбек квлісімдері негізінде әрекет етеді. Коммивояжердің функциясы - белгілі бір аймакта касіпорын тауарларының откізілуін қамтамасыз ету. Коммивояжер өнімге деген тапсырысты жинап, сатып алушылыр шенберін курады, бұл кезде ол келісім жасауга өкілетті емес. Ол қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбекақы алады, немесе орындалған тапсырыстар сомасынан алынған процент мөлшерінде сыйақы алады.

Комиссинер - сауда келісіміндегі делдал; белгілі мөлшердегі сыйлық үшін, комитент пайдасы үшін соның есебінен, бірақ та өз атынан делдалдық жасайтын адам. (1. С. 50)

Тауар нарығында тауарды сату кезінде комиссионер оның меншік иесі бола алмайды.

Бонус - бұл көрсетілген комиссиялық қызметтер үшін төленетін комиссиялық сыйақы. Бонус мөлшері сатылған ( айырбасталған немесе сатып

алынған ) тауарлардын құнына қатысты процентпен - анықталады және мыналарға қатысты өзгеріп отыруы мумкін;

• Тауарлардын күйіне қатысты;

• Оған деген сұранысқа;

• Сату каналдарына ( дүкен немесе тікелей сату арқылы) ;

• Комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстын арақатынасына;

• Комиссионерлер арасындағы бәсеке денгейіне.

Бонустың нақтыы мөлшері мен есептеу жолдары комиссиялық келісімдерде анықталады.

Консорциум - бірнеше банк немесе өнеркәсіп касіпорындарының арасындағы бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы каржылық немесе коммерциялық операцияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім. (1. С. 50)

19 ғасырдың аяғында - 20 ғасырдың басында қосымша пайда табу мақсатында заемдар мен бағалы кагаздарды тиімді түрде орналастыруды жүзеге асыратын бірнеше банктердің банкирлер уйінің және каржыландыру когамдарының бірлестігі турінде әрекет етті. Қазіргі танда халықаралық консорциумдар оте кен түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында касіпорындар курған.

Консорциум ұйымы қатысушылар арасындағы келіссөз арқылы ашылады.

Консорциумға кіретін қатысушылар өзінің зандылық және шаруашылық еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатына қатысты қызмет бөлігінде олар бірлесе отырып сайланған жетекшіге бағынады.

Консорциум лидері басқа мүшелердің оған берген өкілеттілігі шегінде әрекет етеді. Халықаралық саудада консорциум тапсырыстарды алуда бірлескен курес жүргізу үшін және оларды бірлесе отырып орындау үшін курылады.

Консорциум тапсырыс беруші адам алдында бірлескен жауапкершілікте болады.

Консорциумга қатысушы көп жагдайда өзінің тапсырыстағы 10% улесі шегінде муліктік жауапкершілікте болады, ал қалған сома баска қатысушылардын тапсырыстағы улесі бойынша өзара пропорционалды түрде болінеді.

Сауда уйі- курделі кубылыс болып табылады. Сондыктан оның манің ашу үшін ен алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына токталып оту керек: 1. Ірі сауда уйінің типі, оның негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:

• Тауар өндірісі сферасына белсенді түрде енуі;

• Өндіріс кооперациясын ұйымдастыру;

• Несие - каржы операцияларына қатысуы.

Дуние жузінде қызмет ететін сауда уйлерінің негізгі мақсаттарына жататындар:

• Делдалдык операцияларды концентрациялау есебінен сыртқы экономикалық қызметтІ белсенді түрде жүргізу;

• Дүниежүзілік тауар нарықтарының өзгермелі конъюктурасына жедел түрде жауап кайтару;

• Өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік кабілеті бар тауарларды откізу;

• Усак және орташа фирмаларды біріктіру және олардын откізу қызметін каржыландыру;

• Айналым шығындарын, маркетингтік зерттеу және жарнама куның томендету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық ұғым заңдылықтары. халықаралық сараптаудың теориялық негіздері. халықаралық жүйелер. халықаралық қатынастар
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық валюталық қатынастар
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі
Халықаралық валюталық қатынас
Халыққаралық валюта табыстары
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz