Мұнай өндіру



КІРІСПЕ
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Кен орнының физикалық . геологиялық сипаттамасы
1.2 Тектоника
1.3 Мұнайгаздылық
1.4 Өнімді деңгейжиектердің коллекторлық қасиеттері
1.5 Гидрогеологиялық сипаттама
1.6 Мұнай қоры
1.7 Өнімді деңгейжиектердің мұнай беруінің проектілік коэфици.ентін
негіздеу
2 ТЕХНИКА.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Қазіргі өндіру жаңдайын анализдеу
2.1.1 Қабаттардың геологиялық . физикалық сипаттамалары
бойынша экспериментальды объектілерді бөлуді негіздеу
2.1.2 Өндіру варианттарын негіздеу
2.1.3 Өндіру варианттарының технологиылық көрсеткіштері
2.1.4 Өндіру варианттарының экономикалық көрсеткіштері
2.2 Көтеру құбырларының және ауыздық қондырғылардың
конструкциясы
2.2.1 Эксплуатация кезіндегі қиыншылықтарды болдырмау
шаралары
2.2.2 Мұнайды жинау, тасымалдау және өнеркісіптік дайындау
жүйесі бойынша мәліметтер
2.3 Мұнай өндіруде штангалы сорапты қондырғыны пайдалану
жұмысын зерттеу және оның құрал.жабдықтары
2.3.1 Штангілі тереңдік сорапқа газдың әсері
2.3.2 Қорғаныш құрылғы
2.3.3 Тереңдік сорапты ұңғыаны зерттеу
2.4 Құрал.жабдық және штангілі сорапты қондырғы жұмысының
параметрлерін анықтау
2.4.1 Сорапты штангілердегі келтірілген кернеуді анықтау
2.4.2 Қарапайым қатардағы негізгі тереңдік сорапты құралды таңдау
және сораптың жұмыс режимін орнату
2.4.3 Есеп
2.4.4 Сорапты штангінің сатылы тізбегінің есебі
2.4.5 Штангі калоннасының құрлысын таңдау
2.4.6 Штангілі сорап қандырғысының алым коэффициентін
анықтаймыз
2.4.7 Штангі ілмесіне түсетін салмақ нүктесін анықтаймыз
және теңселмелі станок таңдаймыз
3 ЭКАНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Негізгі тәсілдері мен рұқсаттар
3.2 Эксплуатациялық шығындар
3.3 Салықтар мен аударымдар
3.4 Жобаны жүзеге асырудың тиімділік көрсеткіштері
3.5 Жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі
4 ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Еңбекті қорғау
4.1.2 Қорғау шаралары
4.2 Кәсіпорын үшін шекті мүмкін қалдықтарды орнату
ұсыныстары
4.2.1 Шекті мүмкіндік қалдықтары нормативтерінің сақталуын
бақылау

4.3 «ККМ Operating Company» АҚ.ң инженер.техникалық
қызметкерлерге және қоғамның кіші қызметкерлеріне арналған
еңбекті қорғау ережелері
4.3.1 Жұмысты бастар алдындағы қауіпсіздік талаптары
4.3.2 Электр жабдығымен жұмыс кезінде авариялық
жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
4.3.3 Өнеркәсіптің өндірістік объектілеріін аралау кезіндегі
қауіпсіздік талаптары
4.3.4 Өрт қауіпсіздігі талаптары
4.3.5 Дәрігерге дейін көмек көрсету
4.4 Мұнайды дайындау қондырғысы
4.5 «ККМ Operating Company» АҚ апатты жою жоспары
4.5.1 Күкіртсутекті ортада жұмыс істеу кезіндегі техника
қауіпсіздігінің жалпы талабы
4.5.2 Объектідегі өртке қарсы шаралар
4.5.3 Мұнай ұңғысын өрттен сөндірудің есебі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
а) Ұңғының өнім беру диограммасы
ә) Жылдық өнім алу диограммасы
б) Ұңғының саға жабдық схемасы
Көкжиде мұнай кен орны 1959 жылы ашылған және Ақтөбе облысының Темір ауданында Кеңқияқ кен орнына жақын орналасқан.
Көкжиде кен орнында жүргізілген карталау, құрылымдық - іздеу, барлау жұмыстарының нәтижесінде 6 өнімдік горизонттар анықталды: 5 мұнайлы және бір газды.
1981-1982 ж.ж ҚР Минло және Он «Гурьевнефтегазгеология» ПГО-ң орталық геологиялық - іздеу экспедициясы мұнай қорын бағалады, С1 категориясы бойынша мұнай қоры келесідей болды: геологиялық-2732,176 мың т.; өндірілетін – 546,4 мың т. ; С2 категориясы бойынша геологиялық 44768,5 мың т; өндірілетін 8953,7 мың т. Газ қоры аз болғандықтан саналмады.
1991 жылы 23 сәуірде 126 номермен «бақылау-тәжірибелік меңгеру үшін Қаз ССР Ақтөбе облысының Көкжиде кен орнының жоғарғы тұтқырлы мұнайын қабылдау - тасымалдау бойынша комиссиясының мекеме аралық актісіне» сәйкес «Қазнефтебитум» балансына берілді.
1992-1995 жыл периодта «Мұнай» АҚ 1081, 1082,1095,605,606 ұңғылар қатарын бұрғылады, олар триас және юра горизонттарының мұнайлылығын, Көкжиде кен орнының геологиялық құрылымын және мұнай қорының бар екенін дәлелдеді.
С1 категориялы мұнайдың өндірілетін қорының өзгеруіне байланысты осы жұмыс орындалды. Жұмыста эксплуатациялық объектілердің бөлінуі, өңдеу варианттарын таңдау негізделді, өндіру варианттарының технологиялық және экономикалық көрсеткіштері есептелді, технико-экономикалық көрсеткіштердің анализі жүргізілді, олардың негізінде Көкжиде кен орнын өндірудің тиімді варианты ұсынылды.
Кен орнын өнеркәсіптік өндіру триастық өнімдік горизонттар үшін батырылатын тереңдік сораптарының көмегімен және Юра өнімдік горизонттары үшін түптік электрлі қыздырғышы бар винтті сораптардың көмегімен контур ішілік суландыруды пайдалана отырып өндірудің механикалық тәсілімен байланысты.
Ұсынылатын әдістерді жүзеге асыру өнеркәсіптік бақылау жұмыстарының алдында 3 жыл бойы жүргізілуі керек, оның нәтижелері бойынша барлық кен орнын өндіру кезіндегі қолданылатын әдістердің тиімділігі және оларды енгізу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.
Бұл жұмыс «Мұнай» НПЦ АҚ-да НТС-ң 26.08.96 ж. Шешімі негізінде орындалды, көктемде кен орында тәжірибелік - өнеркәсіптік жұмыстарды ұйымдастыруды қарастырды.
1. Иванова М.М., Дементьев Л.Ф., Чоловский И.П. Нефтепромы-словая геология и геологические основы разработки месторо-ждений нефти и газа. –М., Недра, 1985
2. Ибрагимов Г.З. и др. Применение химреагентов для интенси-фикации добычи нефти - М., Недра, 1991
3. Гиматудинов Ш.К. Справочная книга по добыче нефти - М., Недра, 1974
4. Грищенко А.И. и др. Метод повышения продуктивно-сти газокондесатных скважин - М., Недра, 1997
5. Гурвич С.М., Кострикин Ю.М. Оператор водоподготовки - М., Энергия, 1974
6. Беззубов А.В. и др. Машинист рабочих станций по закачке рабочего агента впласт. - М., Недра, 1988
7. Технологическая схема разработки нефтегазоконденсатно-го месторождения Жанажол – Самара, Гипровостокнефть, 1986
8. Амиян В. А. Применение пенных систем в нефтегазодобыче -М., Недра, 1987
9. Метод обнаружения сульфатовосстановливающих бак-терий в водах нефтепромыслов. ГОСТ 39-15-1-83
10. Халимов Э.М. Технология повышения нефтеотдачи пластов - - М., Недра, 1984
11. Муравьев И.М. Абдулин Ф.С. Освоение и исследо-вание нагнетательных скважин - М., Недра, 1963

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
АНДАТПА
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Кен орнының физикалық – геологиялық сипаттамасы
1.2 Тектоника
1.3 Мұнайгаздылық
1.4 Өнімді деңгейжиектердің коллекторлық қасиеттері
1.5 Гидрогеологиялық сипаттама
1.6 Мұнай қоры
1.7 Өнімді деңгейжиектердің мұнай беруінің проектілік коэфициентін
негіздеу
2 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Қазіргі өндіру жаңдайын анализдеу
2.1.1 Қабаттардың геологиялық - физикалық сипаттамалары
бойынша экспериментальды объектілерді бөлуді негіздеу
2.1.2 Өндіру варианттарын негіздеу

2.1.3 Өндіру варианттарының технологиылық көрсеткіштері

2.1.4 Өндіру варианттарының экономикалық көрсеткіштері

2.2 Көтеру құбырларының және ауыздық қондырғылардың

конструкциясы

2.2.1 Эксплуатация кезіндегі қиыншылықтарды болдырмау

шаралары

2.2.2 Мұнайды жинау, тасымалдау және өнеркісіптік дайындау
жүйесі бойынша мәліметтер

2.3 Мұнай өндіруде штангалы сорапты қондырғыны пайдалану
жұмысын зерттеу және оның құрал-жабдықтары
2.3.1 Штангілі тереңдік сорапқа газдың әсері
2.3.2 Қорғаныш құрылғы
2.3.3 Тереңдік сорапты ұңғыаны зерттеу
2.4 Құрал-жабдық және штангілі сорапты қондырғы жұмысының
параметрлерін анықтау
2.4.1 Сорапты штангілердегі келтірілген кернеуді анықтау
2.4.2 Қарапайым қатардағы негізгі тереңдік сорапты құралды таңдау
және сораптың жұмыс режимін орнату
2.4.3 Есеп
2.4.4 Сорапты штангінің сатылы тізбегінің есебі
2.4.5 Штангі калоннасының құрлысын таңдау

2.4.6 Штангілі сорап қандырғысының алым коэффициентін
анықтаймыз
2.4.7 Штангі ілмесіне түсетін салмақ нүктесін анықтаймыз

және теңселмелі станок таңдаймыз
3 ЭКАНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Негізгі тәсілдері мен рұқсаттар
3.2 Эксплуатациялық шығындар
3.3 Салықтар мен аударымдар
3.4 Жобаны жүзеге асырудың тиімділік көрсеткіштері
3.5 Жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі
4 ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Еңбекті қорғау
4.1.2 Қорғау шаралары
4.2 Кәсіпорын үшін шекті мүмкін қалдықтарды орнату

ұсыныстары
4.2.1 Шекті мүмкіндік қалдықтары нормативтерінің сақталуын

бақылау

3. ККМ Operating Company АҚ-ң инженер-техникалық

қызметкерлерге және қоғамның кіші қызметкерлеріне арналған

еңбекті қорғау ережелері

4.3.1 Жұмысты бастар алдындағы қауіпсіздік талаптары

4.3.2 Электр жабдығымен жұмыс кезінде авариялық

жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

4.3.3 Өнеркәсіптің өндірістік объектілеріін аралау кезіндегі

қауіпсіздік талаптары

4.3.4 Өрт қауіпсіздігі талаптары

4.3.5 Дәрігерге дейін көмек көрсету

4.4 Мұнайды дайындау қондырғысы

4.5 ККМ Operating Company АҚ апатты жою жоспары

4.5.1 Күкіртсутекті ортада жұмыс істеу кезіндегі техника

қауіпсіздігінің жалпы талабы

2. Объектідегі өртке қарсы шаралар
3. Мұнай ұңғысын өрттен сөндірудің есебі
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
а) Ұңғының өнім беру диограммасы
ә) Жылдық өнім алу диограммасы
б) Ұңғының саға жабдық схемасы

Кіріспе

Көкжиде мұнай кен орны 1959 жылы ашылған және Ақтөбе облысының Темір
ауданында Кеңқияқ кен орнына жақын орналасқан.

Көкжиде кен орнында жүргізілген карталау, құрылымдық - іздеу, барлау
жұмыстарының нәтижесінде 6 өнімдік горизонттар анықталды: 5 мұнайлы және
бір газды.
1981-1982 ж.ж ҚР Минло және Он Гурьевнефтегазгеология ПГО-ң орталық
геологиялық - іздеу экспедициясы мұнай қорын бағалады, С1 категориясы
бойынша мұнай қоры келесідей болды: геологиялық-2732,176 мың т.;
өндірілетін – 546,4 мың т. ; С2 категориясы бойынша геологиялық 44768,5 мың
т; өндірілетін 8953,7 мың т. Газ қоры аз болғандықтан саналмады.
1991 жылы 23 сәуірде 126 номермен бақылау-тәжірибелік меңгеру үшін Қаз
ССР Ақтөбе облысының Көкжиде кен орнының жоғарғы тұтқырлы мұнайын қабылдау
- тасымалдау бойынша комиссиясының мекеме аралық актісіне сәйкес
Қазнефтебитум балансына берілді.
1992-1995 жыл периодта Мұнай АҚ 1081, 1082,1095,605,606 ұңғылар
қатарын бұрғылады, олар триас және юра горизонттарының мұнайлылығын,
Көкжиде кен орнының геологиялық құрылымын және мұнай қорының бар екенін
дәлелдеді.
С1 категориялы мұнайдың өндірілетін қорының өзгеруіне байланысты осы
жұмыс орындалды. Жұмыста эксплуатациялық объектілердің бөлінуі, өңдеу
варианттарын таңдау негізделді, өндіру варианттарының технологиялық және
экономикалық көрсеткіштері есептелді, технико-экономикалық көрсеткіштердің
анализі жүргізілді, олардың негізінде Көкжиде кен орнын өндірудің тиімді
варианты ұсынылды.
Кен орнын өнеркәсіптік өндіру триастық өнімдік горизонттар үшін
батырылатын тереңдік сораптарының көмегімен және Юра өнімдік горизонттары
үшін түптік электрлі қыздырғышы бар винтті сораптардың көмегімен контур
ішілік суландыруды пайдалана отырып өндірудің механикалық тәсілімен
байланысты.
Ұсынылатын әдістерді жүзеге асыру өнеркәсіптік бақылау жұмыстарының
алдында 3 жыл бойы жүргізілуі керек, оның нәтижелері бойынша барлық кен
орнын өндіру кезіндегі қолданылатын әдістердің тиімділігі және оларды
енгізу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.
Бұл жұмыс Мұнай НПЦ АҚ-да НТС-ң 26.08.96 ж. Шешімі негізінде
орындалды, көктемде кен орында тәжірибелік - өнеркәсіптік жұмыстарды
ұйымдастыруды қарастырды.
Мұнай НПЦ АҚ-ы 2001 жылы ЖШС Көкжиде Мұнай деп аталды. Қазір
өндіріс орны үлкейіп, жаңадан кен орындарын ашып ККМ Operating Company АҚ
болып құрылды.

Кен орны туралы жалпы мәлімет

Көкжиде кен орны Ақтөбе облысының Темір ауданында орналасқан.
Ауданының жер бедері жатық жазықтық болып келеді. Су айырық
кеңістіктеріндегі беткей жатық, өзен аңғарларының формасф тік беткейлі,
жәшік тәрізді. Ұсақ сайлар мен су ағындарының аңғарларының формасы У
тәрізді. Су айырықтарының белгілері 250м-ден аспайды. Су айырықтарының
аңғар түбінен биіктігі 50-60м-ді құрайды. Ауданның Оңтүстік бөлігінде
Көкжиде массиві құмдары аудан ашылмалығы төмен. Тек сайлар мен өзен
аңғарлары жиектерінде бор түзілімдері шығымы кездеседі.
Аудан климаты континентті, қысы салқын жазы құрғақ, ыстық. Ең
салқын кездегі минимальды. температура - 330с, жазғы максимальды
температура +35,70с. Аймақ жауын- шашын көлемі 180-200 мм. Қар жамылғысының
сақталу ұзақтығы 130-150 күн.
Өсімдіктерден дала, шөл, шөлейт жердің шөптері кездеседі. Орман
өсімдіктері жоқ. Тек өзен жағалауларында жиде бұталары кездеседі. Аймақтың
негізгі бөлігі шөл ландышафты түрінде, жер беті әлсіз жынысты өсімдікті
қабатпен жабылған. Сіңіруі жақсы.
Аудан гидротізбегі Темір өзенінің Ембі өзені бассейініне қарасты
бүйірлін су ағымдарымен көрсетілген. Темір өзенінде үнемі су ағымы болып
тұрады. Жылдық ыстық және құрғақ мезгілінде аңғарлардың кей бөліктерінде су
ағымы тоқтайды және тек арналы аллювиде кездеседі. Ұсақ сайлар мен
арналардың аңғарлары құрғақ, олардағы су ағымы тек қар ерігенде немесе
жаңбырда байқауға болады. Өзендер атмосфералық жауын- шашын арқылы
толығады. Темір өзені суы әлсіз минералданған.
Құрғақ қалдық көлемі 500ден 600гл дейін. Су техникалық сумен
жабдықтауға қолданылады. Ауыз сумен жабдықтау көзіне Темір өзені
аңғарындағы жоғары альб түзіліміндегі қабат суын пайдалануға болады.
Аудандағы ірі елді мекендерге мыналар жатады: Ақтөбе , Алға,
Қандыағаш, Ембі. Жұмыс орны мен облыс орталығы арасы –250км. Алғаға дейін
200 км, Қандыағашқа дейін- 140км, Ембі-70 км. Аудан орталығы Шұбарқұдыққа
дейін –140км.
Көкжиде кен орнына жақын Кеңқияқ, Жаңажол поселкелері орналасқан.
Аудан тұрғындары ауыл шаруашылығы және мұнай өндірумен айналысады.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1Кен орнының физикалық - геологиялық сипаттамасы

Жұмыс орнында бұрғыланған ескі түзімдердің шегіндегі ең терең Г- 41
ұңғысымен жоғары пермь түзілімдерінің палезойдың төменгі түзілімдерінің
және төменгі карбон түзілімдерінің қуатты келгені (инт 650-3000м) ашылды
және Кенқияқ дөңісінде бұрғыланған терең ұңғылар арқылы зерттеледі. Олардың
ішінде зерттеліп отырған аймақта орналасқан ұңғылар NNГ-96, Г-99, Г-100, Г-
106, Г-107, Г-110, П-89 (Бұлақсай).
Зерттеу ұңғылары арқылы тек жоғарғы палезонды ашқандықтан жоғарғы
перьмнен бастап төменгі карбонға дейінгі түзілімдердің сипаттамасы кең
түрде алынбайды.
Мезозой түзілімдері көптеген құрылымдық зерттеу, барлау ұңғыларымен
зерттелген, сондықтан бұрғыланған ұңғылардың каротажды диаграммаларының
нақты корреляциясы бойынша, керннің литологиялық сипаттамасы жайындағы
мәліметтерді пайдалана отырып микрофауналық полинологиялық және т.б. талдау
жүргізу ұңғылармен ашылған түзілімдерді сенімді стратификациялауға
мүмкіндік береді.

Палеозойлық эротема

Аймақтағы палеозой эротемасының ашық тілігі пермь және таскөмір
түзілімдерінің жүйесімен көрсетілген.

Таскөмір жүйесі (С)
Таскөмір жүйесі төменгі және ортаңғы бөліктерімен көрсетіледі.

Төменгі бөлім (С)
Сұр, қара сұр, дстритті, солитті, кей жерлерде доломиттенген
әктасымен аргиллиттің жарық қуаты аз қатпаршалармен белгілі. Түзілімдердің
қуаты 270м.

Ортаңғы бөлім (С)
Ұсақ кристалды қара сұр, эктасымен құмтас, алеврит аргилит
қатпаршаларымен белгілі Башқұрт және Москва Ярустарымен көрсетілген.

Түзілімдердің қуаты-140 м (П- 89).

Пермь жүйесі (Р)
Жоғарғы және төменгі бөліктері мен көрсетіледі.

Төменгі бөлім (Р1)
Төменгі пермь түзілімдері Ассель, Сакмара, Артин және Кугур
ярустарына бөлінеді.

Ассель ярусы (Р1а)

Көптеген терең ұңғылар арқылы ашылған түзілімдер орта карбон
жыныстарында жатыр және кезектескен аргиллит, алевролит, тастүйнек және
эктастармен көрсетіледі. Тілектің жоғарғы бөлігінде терригендік және
карбонаттық қатпаршалармен сазды жыныстар. Ассель ярусындағы П-89
скважинасы 4340-4290 интервалында белгіленіп, қара сұр, қатты тастектенген
және деломиттенген эктастардан құралған. П-89 ұңғысындағы ассельдің қуаты-
50метр.

Сакмар ярусы (Р1S)

П-89 ұңғысында 4290-3920 интервалында белгіленеді. Керн бойынша
ашық сұр, қара сұр алеврит қара аргиллит қабаттамаларының бір түрлі
қалыңдамасы түрінде көрсетіледі. Жоғары бөлігінде мерген қабатшалары
байқалады. Қуаты –370метр.

Кунгур ярусы (Р,К)

Ярус түзілімдері күмбез арасындағы аймақтарда және көршілес тұзды
күмбезді дөңестегі көптеген ұңғыларда зерттелген. Түзілім құрамында 3
қалыңдама көрсетіледі: төменгі- сульфат терригенді галогенді және жоғарғы-
сульфат терригенді төменгі сульфат- терригенді қалыңдама сұр, қара сұр
аргименттен ангидрид қабатшалы алевролиттен құралған.

Галогенді қалыңдамаға сәл кальций және магний қоспасы бар тұз
тастар тән. Тұзы ақ, кристалды.

Жоғары сульфат терригенді қалыңдама қара сұр ангидрит ақ гипс
қабаттары мен көрсетіледі. Кенгур қуаты –123м (Г-110), күмбездерде-3211мге
дейін (П-89).

Жоғарғы бөлік (Р2)

Аумақта Уфа, Қазан, татар ярустарымен көрсетілген.

Уфа ярусы (Р2 U)

2900-3000 м интервалындағы Г-41 ұңғысы тіліндегі ярус түзілімдері
яитологоиялық сипаттамасы бойынша белгіленген. Бұл аргиллит, алевролит және
құмтас будаларының қабаттары. Аргиленттер қоңыр, кейде сұр. Алевролиттер –
қара қоңыр, сазды, эктасты тығыз. Құмтастар- қара қоңыр, кварцты. Қуаты-
100м (Г -41).

Қазан ярусы (Р2KZ)
Қара сұр аргиллиттер, кварцты құмтастар қабаттарымен көрсетілген
терригенді тәсілдерден құралған. Қазан ярусы Г-41 ұңғысында ашылған және
1750-2900м интервалында белгіленеді. Қуаты –1150метр.

Татар ярусы. (Р2t)
Қазан ярусы түзілімдері татар ярусының қызыл түсті түзілімдерімен
жабылады. Г-41 ұңғысы бойынша татар ярусының төменгі шекарасы шартты түрде
1750 м тереңдікке өткізіледі. Төменгі шекара төменгі триас конгломеративті
қабатының табаны бойынша жүргізіледі. Төменгі бөліктегі татар ярусы
түзілімдері құмтастан, алевролиттен, саздан және аргиллиттен құралған. Саз
бен аргиленттер – қоңыр, қызғылт- қоңыр, кей

Жерлерде алевролитті, эктасты, ангидрит қосылған. Тіліктің жарғысына
қызғылт қоңыр түс және жоғары карбонаттылық тән.

Алевролиттер жасыл- сұр, кірпіш қызыл, тығуз, әкті. Құмтастар -
қоңыр және сұр, қатты, эктасты.

Татар ярусының жоғары бөлігі жоғары пермь тілігінің анағұлым көп
зерттелген бөлігін құрайды.

Мезозой тобы (МZ)

Жұмыс алаңындағы мезозой тілігі триас, юра, және бір жүйесі
жыныстарынан құралған.

Триас жүйесі (Т)

Триастың контиентельды түзілімдері төменгі бөлімге жатады. Жоғары
және ортаңғы бөлімдер жоқ.

Төменгі бөлім (Т1)

Минералогиялық ерекшеліктері, кәсіптік- геофизикалық мәліметтер,
сонымен қатар көршілес мартук, Шеңгелши, тасши, Кенқияқ аудандарындағы
ұқсастықтары бойынша төменгі трас ветлужский, бускунчак серияларына сәйкес
өленек және инд ярустарына бөлінеді. Ауданда өленек ярусының түзілімдері
жоқ.

Инд ярусы (Т11)

Инд ярусы ветлуж сериясымен көрсетіледі.

Ветлуж сериясы (Т1V)
Кезекпен бір- бірін алмастыратын Саркөл, Көкжиде ақжар
тастопшаларымен белгілі.

Сакөл тастопшасы (Т1VSvC)
Татар түзілімдерінде стратиграфиялық келісімсіздікпен бұрыштай
жатады. Литологиясы жағынан тастопша аргиллит секілді жасыл, кірпіш қызыл,
алевриттес сазбен, ашық жасыл, кірпіш қызыл, сазды құмымен, кірпіш-қызыл,
қатта құмтастарымен белгілі. Тастопша негізінде конгломерат жатыр.Қуаты 78
мге дейін.

Көкжиде тастопшасы (Т1V kgd)

Саркөл тастопшасында жатыр. Литологиясы тұрғысынан сазбен керпіш
қызыл, сұр құмтас қабаттарынан тұрады. Максималды қуаты -80мге дейін.

Ақжар тастопшасы (Т1 VAKg)

Көкжиде тастопшасы жыныстарында жатыр, көкшіл сұр, шие қызыл
құмымен белгілі. Қуаты 0 ден 80мге дейін.

Юра жүйесі (j)

Юра түзілімдері Триас түзілімдерін кемірілу және бұрышты
сәйкессіздігімен жабады. Континенталды қалыңдамады төменгі және ортаңғы
бөлім түзілімдерін бөліп көрсетеді.

Төменгі бөлім (J1)
Төменгі бөлім түзілімдері құнымен, сазымен құмтасымен белгілі. Сазы
сұр, қара сұр. Құмы сұр жасыл сұр. Құмтастары сазды, сұр. Қуаты ден 59м.д.

Ортаңғы бөлім (J2)
Ортаңғы Юра жұмыс орнының барлық аумағын жайлаған. Литологиясы
тұрғысынан құмтас қатпаршалары қосылған құмды- сазды қалыңдамамен
көрсетіледі. Құмы жасыл сұр, полиликті. Сазы сұр, кейде қара құмды, ақшыл
сұр құм және алеврит қабаттарыгнан тұрады. Құмтастары сұр, жасыл сұр,
полимикті, сазды эктасты. Қуаты 50 ден 130м.д.

Бор жүйесі. (К)
Бор жүйесі төменгі және жоғарғы бөлімдерге бөлінеді.

Төменгі бөлім (К1)
Готерив, Барреви, Апт және Альб ярустарымен көрсетіледі.

Готерив ярусы (К,д)
Юра түзілімдерінде жатыр және құмтас, жасыл сұр, перемикті құм және
ашық жасыл, әкті саз қабаттарынан тұрады. Қуатты сз, жасыл сұр сазды әктас
сирек қосылады. Сазды тығыз ойынды сынығы өзіне тән. Қуаты 0 ден 80м.д.

Баррем ярусы (К1вч)
Континентальды ала жыныстар: жасыл, қызыл, қоңыр, теңбіл, майлы
құмды және карбонатты сазымен, кальций және эктасты түзілім қабаттарымен
белгілі. Қуаты 25 тен 270мге д.

Апт ярусы (К1а)
Алеврит және сұр, полимикті құм қабатшалы қара сұр және қара теңіз
сазымен көрсетіледі. Сазды майлы, тұтқыр, тіліктің төменгі бөлігінде және
табанында кварцты, ұсақ құрамды құмның деңгейжиегі белгіленген. Қуаты
30дан 75мге д.

Төменгі альб жікқабаты (К1а1)

Төменгі альб жікқабатының төменгі шекарасы дәл көрсетілмеген.
Жұмыстарында саз қабаттарының қуаты азайып, құм қабаттарының қуаты
көбейеді. Жікқабат негізін апттың қара сұр сазым жабатын глауконитті құм
құрайды. Жоғары қарай кварцты малтасты; алевритті, қара сұр, әксіз, жұқа
қабатты саз жатыр. Саз полимикті , қара сұр, сазды құммен қабатталады.
Жікқабат тілігі сұр түсті полимикті құмтастармен аяқталады.

Қуаты –28-38м.

Жоғарғы бөлім (К2)
Сантон және кампон ярустарына бөлінеді.

Сантон ярусы (К2St)
0.2 – 0.3 м қуаты бар фосфорит қабаты негізін құрайтын ярус
түзілімдері жоғары альб құмында жатыр. Фосфорит қабатынан жоғары қарай сұр
құмды саз қабатымен алмасып келетін әкті, сазды, сарғылт сұр құм жатыр.
Тіліктің ортаңғы бөлігінде ақ – сарғыш әкті құмнан тұратын екінші фосфорит
қабаты бөлінеді. Қабат қуаты 0,15 – 0,30 м. Фосфоритті деңгей жиектен
жоғары қарай әкті, сазды құм , алевритпен, мергелмен алмасып келетін қоңыр
карбонатты құм жатыр. Сипатталған түзілімдердің қуаты 3–4 м.

Кампан ярусы (К2км)
Жасыл сұр, сұр түсті, карбонатты, жұқа қабатты, саз қалыңдамасымен
белгілі. Қуаты 60 – 80 м.

Палеогон жүйесі (Р)
Жүйе тізімдері кең таралмаған және жоғарғы эоценнің ортаңғы және
төменгі бөліктерімен көрсетіледі.

Неоген жүйесі (N)
Неоген түзілімдері кең таралмаған, ауданның оңтүстік батыс
бөлігінің кішкене аумағын жабады.
Төрттік жүйесі (Q)
Түзілімдері 4 бөліммен көрсетіледі.

2. Тектоника

Көкжиде кен орны өзі аттас күмбезаралық құрылымға жатады.
Тектонкасы тұрғысынан Көкжиде күмбезаралық құрылымы Кенқияқ,
Мортық, Бәшенкөл, Саркрамабас тұзды күзбездері мен Құмсай және Луговской
күмбезаралық дөңесінің арасында орналасқан. Жұмыс орны аймағында П1 деңгей
жиегі түзілімдерінің тереңдігі шығыста 3560 м-ден бастап, батыста 4200 м-ге
дейін жетеді.
Түзілімдердің тұз түсті кешенінде күнгур – жоғары пермь, және триас
– палеоген құрылымдық қабаттары бөлінеді. Жоғарғы қабат триас, юра– бор
және палеоген құрылымдық қабаттарына бөлінеді.
Жоғарғы пермь түзілімдері бойынша теңгермелі мулда және тұз
күмбезаралық дөңестер түзілуіне жағдай жасайтын гидрохимиялық шөгіндінің
активтілігі кунгур – жоғарғы пермь құрылымдық қабатының ерекшелігі болып
табылады.
Кунгур – жоғарғы пермь қабатының құрылуы Д, У1, УІІ сейсмикалық
деңгей жиектерінде талас туғызады.
Тұзды қалыңдаманың төменгі бөлігінде кейде кунгур түзілімдерінің
төменгі сульфат – терригенді қалыңдамасымен байланысқан УІІ деңгей жиегі
байқалады. Сульфат – терригенді қалыңдама түзілімдері қуатының күмбезаралық
аймаққа қарай өсуін көрсететін П1 және УІІ деңгей жиектері арасындағы
бұрыштық сәйкессіздік байқалады.
Деңгей жиекті көрсететін тұз төбесі көршілес тұзды күмбездерде де
байқалады. Зерттеліп отырған аумақта кунгурдың тұз түзілімдері жатқан
тереңдік (скв. Г-106) – 3634м, (скв. Г – 110) – 3681 м. және қуаты – 123 м.
Кенгур – жоғары пермь қабатының неғұрлым көп зерттелген бөлігі Д
деңгей жиегіне сәйкес жоғары пермь төбесі болып табылады. Жоғары пермь
төбесінде күмбез аралық Көкжиде дөңесі созылымның брахиантиклинальды
қатпары түрінде көрінеді және оның күмбезі аумақтың шығыс бөлігінде
орналасып, 300 м тұйық изогипспен жиектелген. Күмбез өлшемі 30 м
амплитудада 315 м изогипс бойынша 6,3х4,4 м.
Жоғары құрылымдық қабат түзілімдері жоғары пермь түзілімдерінің
төбесінде жатыр, жалпы төменгі түзілімдердің құрылымдық жобасын қайталайды.
Жоғарыда айтылғандай, қабаттың өзі бірнеше қабаттардан тұрады.
Триас қабаты Саркөл, Көкжиде, Ақжар тастопшалары жынысынан тұрады.
Ара атты Көкжиде тастопшасы түзілімдері жақсы электрокаротажды белгі
болып табылады. Ара белгісі күмбезінің құрылымдық жобасы, негізінен,
төменгі жоғары пермь түзілімдерінің құрылымына сәйкес Батыс переклинальды
күрделендіретін құрылымдық кеңдеу, ал оның анағұрлым биік бөлігі 2 км
ұзындықпен көлденең жатыр.
Юраға дейінгі уақытта Мартук күмбезінің шығыс қанатында және
Көкжиде дөңесінің шығыс переклиналы интенсивті шайылу жағдайында болған,
осының нәтижесінде күмбез төбесі түзілімдері шайылып кеткен.
Қанаттағы жыныстардың құлау бұрышы өте жатық және 1 градусқа
жетеді.
Юра – бо жоғары қабатының құрылымы төменгімен салыстырғанда
жыныстардың жатық жатыстарымен сипатталады. Құрылымдық картада, готерив
ярусы табаны бойынша дөңесті жатық қанатты 80 м. изогипспен жиектелген
солтүстік – батысқа қарай сәл созылған қатпар түрінде көрсетеді.
Анағұрлым көтеріңкі бөлікте түзілімдердің жатық жерінде көтеріңкі
бөлімдер байқалады. Аймақтың батыс бөлігінде өлшем 5 м. амплитудада, 100 м.
тұйық изогипс бойынша 5х1,5 км болатын кішкене көтеріңкі бөлім байқалады.
Дөңес қанатындағы жыныстар 1 градус бұрышқа түседі.
Алдыңғы зерттеулерге қарағанда Көкжиде күмбезінің төбесі, жоғары
пермь төбесі бойынша Көкжиде тұз күмбезаралық дөңесінің батыс переклиналы
мен Кенқияқ тұзды күмбезі тұзды күмбезі доға түріндегі лықсыма арқылы
бөлінеді.

3. Мұнайгаздылық

Іздеу – бақылау жұмыстары Көкжиде күмбезаралық құрылымындағы триас
және юра түзілімдерінде мұнайлы деңгей жиектер тапты.
Құрылымның батыс бөлігіндегі төменгі триаста 4 мұнайлы деңгейжиек
табылды : Т – ІІІ, Т – 1, Т – 1а; юрада 3 деңгей жиек : мұнайлы (төменгі
юра Ю – ІІІ, Ю – ІІ) және 1 газды.
Т – ІІІ жеңгей жиегі Соркөл тастопшасы табанына бекітіліп, мына
ұңғылар арқылы ашылған : 300, 310, 311, 318, 319, 320 Г – 43, Г – 44, Г-46,
Г – 50, Г – 52, Г – 57, Г- 58, Г – 74, Г – 75, Г – 75, Г – 79, Г – 81, Г
–83, Г – 96, Г – 107, К – 106, К – 143, К – 204, 606, 605. Деңгейжиекке
бақылау 13 ұңғы бойынша жүргізілген : 310, 311, 318, 319, 320, 322, Г – 46,
Г-49, Г – 51, Г – 52, Г – 57, Г – 58, 605. 318 ұңғыда 592 – 588, және 570-
574 интервалдарына сынақ жүргізіліп орта есеппен 269,5 және 303,5 м-де
мұнай ағыны алынған. 605 ұңғыда деңгейжиеке 1995 жылы 576 – 579
интервалында сынақ жүргізілген. 15 тс шығыммен мұнай ағыны алынған.
Мұнайдың меншікті салмағы : 0,8436 – 0,8470 гсм3. Басқа скважиналарда
деңгей жиекке сынақ жүргізу барысында 7,5 масут. Қабат суы алынған.
Жоғарыдан триас деңгейжиегі газды цементтегі тығыз құмтас қабатшасы
қосылған саз бумасы түрінде көрінеді.
Т – ІІ триас деңгейжиегі соркөл тастопшасы күмбезіне бекітілген.
Қалыңдығы – 6 м. шоғыр аумағы үлкен емес мұнайлық контур ішіндегі ұңғылар :
312, Г – 5, Г – 59, 606, 1082, 1095. Деңгей жиекке 12 ұңғыда сынақ
жүргізілген : 312, 319, 322, Г – 46, Г – 51, Г – 52, Г – 57, Г – 59, Г –
115, 606 1081 1095. 312 ұңғының 536 – 542 интервалында мұнай табылған. Г –
51 ұңғының 535 – 542 интервалында 1,62 м3сут мұнай ағыны табылған, Г – 59
ұңғының 518 – 524 м. 5,36 м3сут мұнай ағыны табылған. 606 ұңғының 539 –
543,5 интервалында 14,4 тс шығыммен мұнай ағыны табылған. 1081 ұңғысында –
16 тс. Басқа 6 ұңғыда 3,5 м3сут-ден 80 м3сут. Дейін шығыммен қабат суы
табылған. Мұнай тығыздығы 0,8520 гсм3 шамасында, мұнайлық ауданы – 268,4
га, қуаты – 4 м.
Т – 1 жоғары триас деңгей жиегі Ақжар тастопшасы деңгейжиегі
негізіне бекітілген. 310, Г – 56, Г – 46 ұңғыда Т – 1 деңгей жиегінен
жоғары орналасқан тағы бір мұнайлы қабат зерттелуде.
Деңгейжиек жыныстарының жамылғысы болып 83 – м-ге дейін Көкжиде
қыртысы табылады.
Т – 1 деңгейжиегі 2 мұнай бөлімімен белгілі. Батыс бөлігінің
контурындағы 12 ұңғыда жүргізілген : 312, Г – 51, Г – 59. 312 ұңғыда
тығыздығы 0,910 гсм3 болатын мұнай ағыны табылған. Г – 51 ұңғының 430 –
439 м интервалында мұнай және қабат суы ағыны табылған.
Шығыс бөлігінің конурындағы ұңғылар : 320, Г – 1, Г – 23, Г – 46, Г-
52, Г – 53, Г – 58, Г – 1, Г – 46 скважиналарында мұнай жамылғысы бар су
ағыны, Г – 58 ұңғысының 412 – 417 м интервалында 6,5 м3 сут. мұнай ағыны
табылған. басқа ұңғыда су ағыны табылған несесе құрғақ болған. Мұнайдың
меншікті салмағы – 0,8705 – 0,9166 гсм3 . Негізгі Батыс бөліміндегі мұнай
ауданы – 140 га, шығыс – 51 га. Қуаты-3м
Деңгейжиек сазды құмтастар және 100 м. қалыңдықтағы құм қабаты
қосылған саз қабатшасымен белгілі.
Т – 1а деңгейжиегі 31, 31, 320, Г – 46 ұңғыларыда зерттелді. 310
ұңғысының 406 – 409 м интервалында 5,93 м3сут мұнай ағыны алынды.
Г–46 ұңғысының 414 – 416 м және 419 – 421 м интервалында қабат суы алынды,
312, 320 ұңғысында құрғақ. Т – 1а деңгейжиегіндегі мұнайдың тығыздығы –
0,8796 гсм3, ауданы – 48,8 га, қуаты – 3 м.
Т – 1а деңгейжиегінің жамылғы қабаты 30 м қуаты бар құмды – сазды
түзілімдерден тұрады.
Ю – ІІІ орта юра деңгейжиегі ортаңғы юра ниваларына бекітілген.
Деңгейжиек 380 – 375 м тереңдікте, құрылымның ортаңғы бөлігінде орналасып,
23 ұңғыларда зерттелген : 321, 322, 323, 329, 330, 331, 335, 335, 368, 386,
340, 345, 351, 353, 360, 368, 373, 377, 379, 386, К – 206, К-23,
Г–52, Г – 53, Г – 54, Г – 115. 7 ұңғыдай (329, 373, 376, К – 206, Г – 23,
Г – 52, Г – 53) тығыздығы 0,8842 – 0,9501 гсм3 болатын мұнай ағыны
алынды. Қалған ұңғылардан қабат суы алынған немесе құрғақ болып табылған.
Мұнай аудан – 62,5 га, қуаты – 7 м.
Деңгейжиек саз бумасымен жабылған.
Ю – ІІ орта юра деңгейжиегі байос – батский түзілімдерінің ортаңғы
бөлігіне бекітілген, құрылымның батыс бөлігінде 300 – 356 м тереңдікте
жатыр, 26 ұңғыда зерттелген : 300, 301, 302, 305, 309, 310, 314, 315, 317,
318, 319, 320, 322, 323, 326, 333, 338, 366, 376, Г – 46, Г – 49, Г – 51,
Г – 53, Г – 52, Г – 57, Г – 59, 1082. Зерттеу кезінде 6 ұңғыдан мұнай
алынған : 300, 310, 320, 323, Г – 46, Г – 52. 300 ұңғының 332 – 336 м
интервалында 2,4 м3сут. мұнай ағыны алынған. 310 ұңғының 300 – 314 м
интервалында 2,4 м3сут. мұнай ағыны, 320 ұңғының 310 – 317 м интервалында
1,4 м3сут. мұнай мен су ағыны алынған. Мұнай ағымы - 1,2 – 1,6 м3сут. су
– 0,04 – 0,06 м3сут. 326 скважиналарында 304 – 311 м интервалында 0,04
м3сут. мұнай ағыны, Г – 52 ұңғының 331 – 340 интервалында 1,2 м3сут.
мұнай ағыны, 1082 ұңғының 318 – 328 м. интервалында 4,6 тсут мұнай, 6
м3сут. су ағыны алынған. Қалған ұңғыдан қабат суы табылған, немесе құрғақ
болған. Мұнай тығыздығы–0,8971–0,9485 гсм3, ауданы–219 га. қуаты–5 м.
Деңгейжиек 30 – 35 м-ге дейін аргиллий және саз бумалымен жабылған.
Ю – І орта юра газды деңгейжиегі ортаңғы юра қалыңдама төбесіне
бекітіліп, 270 – 310 м тереңдікте жатыр. Деңгейжиектегі мұнай және газ
белгілері келесі ұңғыларда белгіленген : 317, 318, 321, 326, 340.
Деңгейжиек 2 бөлімде : құрылымдардың орта және батыс бөлігінде
қадағаланған. 13 ұңғыда зерттелген : 300, 309, 310, 317, 318, 335, 338,
333, 367, 368, 379, Г – 52, Г – 57. Батыс бөлігіндегі 4 ұңғы (309, 310,
318, Г–57)
11,71 мың м3сут. дейін газ ағыны алынған. Шығыс бөлігінде 335, 368 ұңғыда
қабат суы ағыны алынған, 333, 338, 367 ұңғыларында обьекті құрғақ болып
табылған.
Кейда қабат суы ағынның алынуы сынақ тәсілі мен пайдалану құбырын
цементтеу сапасының төмен болуымен байланысты екенін атап көрсету керек.
Ауа қысу процесі кезінде табан суы бұзылуына немесе тығындар пайда болуына
әкеп соғатын жоғары қысым пайда болады.
Бұл түйінді былай бекітуге болады : зерттеу жұмысында тереңдік
сорап қолданылған жағдайда мұнай шығымы бірден өседі. (605, 606, 1081,
1095)
Әктастың аз қуатты қабатшаларымен, тығыз сазбен көрсетілген готерив
түзілімдері Ю – І деңгейжиегінің жамылғысы болып табылады. Жамылғының
жоғарғы бөлігінде сазды алевриттер мен, жарықшақтары кальцитпен толтырылған
тығыздалған сазды құмтастар пайда болады.

1.2 Мұнай және газдың құрамы мен қасиеттері

1.2.1 Өнімді деңгейжиектердің коллекторлық қасиеттері

Триас мұнайы тығыздығы Т – ІІІ деңгейжиегінде 0,8438 гсм3-ден
бастап, Т – І деңгейжиегінде 0,9166 гсм3-ге дейін.
Юра мұнайы тығыздығы сәл жоғары : 0,8842 ден 0,9501 гсм3-ге дейін.
Триас мұнайында сонымен қатар жоғары мұнай құрамы 13,4 тен 28,5 %-ке
дейін.
Қазіргі кезде Көкжиде мұнайының зерттелуі : терең химия –
технологиялық талдау жасауға жеткіліксіз.
Ю – І деңгейжиегіндегі газ жиынының зерттелуі мұнайдан төмен екені
белгілі болды. 310 ұңғы газына талдау жүргізу барысында оның құрамы оттегі
– 0,17, азот – 7,94, метан – 80,14, этан – 5,45, пропан – 5,02, изо – бутан
– 0,51, бутан – 0,44 тұратыны анықталды. Ауаға қатысты газдың меншікті
салмағы 0,6840 гсм3. Құрамындағы гелий- 0,0085 %.
Т – ІІІ деңгейжиегі құммен, әлсіз цементтелген құмтастармен
көрсетіледі. Газ өткізгіштігі – 3,26-дан 51,61-ге дейін.
Т – ІІ деңгейжиегі литологиялық тұрғыдан саз қабатшаларымен
кезектескен құм және құмтастармен көрсетіледі. Деңгейдиек қуаты 0,5-тен 3 м-
ге дейін жететін 3 –4 қабаттан тұрады. Масимальды қуаты – 4,5 м. (ұңғы
1082, 1081, 1095, 6061). Орташа қуаты – 4 м. коллекторлар жынысының
кезектілігі – 6,19 – 26,51 % шамасында, толық кезектілік – 6,90 – 35,4 %.
Т – І және Т – Іа деңгейжиектері саз қабаттарымен кезектесіп құм
және құмтастармен көрсетіледі. Олардың толық кеуектілігі : 4,96 – 32,40 %,
ашық кеуектілігі : 4,32 – 30,84 %, газ өткізгіштік : 0,41 – 33,4104.
Ю – ІІІ орта юра деңгейжиегі ортаңғы юра түзілімдері түбіне
бекітілген құммен көрсетіледі. Ашық кеуектілік : 1,71 – 41,4 %, толық
кеуектілік : 41,75 – 2,66 %, газ өткізгіштік : 0,28 – 2642,62 милидарси.
Ю – ІІ деңгейжиегі бат – байос түзілімдерінің ортаңғы бөлімдеріне
бекітіліп, сазбен, құммен, алевритті материалдармен көрсетіледі. Ашық
кеуектілігі : 7,16 – 38,12 %, газ өткізгіштік : 0,77 – 686,3 милидарси.

1.3 Гидрогеологиялық сипаттама

Көкжиде кен орнының гидрогеологиялық ерекшелігі мұнайға жүргізілген
зерттеу жұмыстарымен зерттеу қатар жүргізілді. Арнайы гидрогеологиялық
жұмыстар тек оңтүстік бөлігінде жүргізілді.
Көкжиде кен орны аймағында қабат суы мен грунт суы таралған.
Грунт суы жоғары бор және альб түзілімдеріне төрттік жүйесі
түзілімдеріне бекітіледі. Көбінесе олар 10 – 15 м құдықтарда ашылады. Судың
дәмдік сапасы жақсы, минералдылығы төмен.
Деңгейжиек бойынша қабат суы сипаттамасы зерттеу барлау
ұңғыларындағы зерттеу мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Төменгі триас түзілімдері тілігінде 3 сулы деңгейжиек бөлінеді :
үшінші төменгі триас деңгейлері, ІІ т. т. д. Және І т. т. д.
Үшінші төменгі триас деңгейжиегі Соркөл тастопшасында жатыр және
құмды конгломератты түзілімдерге негізделген. Тереңдікке қарай берілген
сулы деңгейжиек минералдануы шығыстан оңтүстік – батысқа қарай өседі.
Сонымен қатар осы бағытта су түрі мен тұз құрамы да өзгереді. Деңгейжиектің
жату тереңдігі 550 м (ұңғы Г – 58) – 600 м (ұңғы 311)
Қабат суы меншікті салмағы 1,049 – 1,058 гсм3, тұздылығы 3,06 –
8,8 Ве, шығымы 6,9 м3сут-ден – 163,2 м3сут-ге дейін қабат қысымы 52,8 –
59,8 атм. Болатын хлор кальций түрінде.
Ұңғыдағы судың статистикалық деңгейі сағадан 34 – 92 м тереңдікте
анықталады. Судағы микроэлементтер концентрациясы төмен (мгл) : иод –3,75,
бром – 27,82 – ге дейін, аммоний – 0,03-ке дейін.
Судың кермектілігі : жалпы – 142,1 мг-эквл, тұрақты – 140,9 мг-
эквл. құрғақ қалдық – 92,9 гл-ге дейін.
ІІ төменгі триас деңгежиегі Соркөл тастопшасының жоғарғы бөлігінде
жатыр.
Сулы деңгежиектің жату тереңдігі : 515 – 543 м, қуаты – 5-9 м.
Су хлоркальцийлі, кейде хлормагнийлі, меншікті салмағы 1,014 –
1,0443 гсм3, тұздылығы 2 – ден 6,1 дейін Ве.
Судың минералдануы шығыстан оңтүстік – батысқа қарай өседі,
күмбездерде төбеден қанатына қарай.
Су шығымы 24м3 сутге жетеді(сквГ-115) қабат қысымы-59,42 атм,
микроэлементтер концентрациясы төмен (мгл): иод-6,47 ге дейін, бром-
17,7ге дейін, бор қышқылы-10,1ге дейін, аммоний-0,05;
Судың керментігі (мг-эквл) жалпы - 99,3 , тұрақты-98,3. Құрғақ
қалдық 59,3кедейін гл
Аумақтағы Юра түзілімдері 4 сулы деңгей жиектен ұрады: төменгі Юра,
ІІІ, ІІ және І орта Юра.
Төменгі Юра деңгейжиегі 3 ұңғы (336,345,351) бойынша зерттелген.
336 ұңғы зерттеу жүргізу барысында 361-365 м. интервалында объект құрғақ
болып табылады. 365-370м интервалында 0,74 м3сут шығымымен қабат суы
алынды.
345 ұңғыда 345-352 м интервалында 1,36м3сут шығыммен қабат суы
алынды, қабат қысымы-32,94 атм.
351 ұңғыда 343-350м интервалында 0,26м3сут шығыммен қабат суы
алынды, меншікті салмағы:1,001-1,007 гсм3;
ІІІ ортаңғы Юра деңгей жиегі ортаңғы Юраның төменінде жатыр, саз
бумасымен жабылатын құм қабатнасына негізделген. Деңгейжиектің жату
деңгейі: 302-378м.
Қабат суы хлормагнийлі кейде хлор кальцийлі, сульфат- натрийлі және
гидрокарбонаты- натрийлі және гидрокарбонатты- натрийлі. Су тұздылығы -
0,06дан 1-ге дейін Ве. Меншікті салмағы: 1,001-1,006 гсм3. Қабат қысымы-
25,10-34,6 атм. Микрокомпонеттер құрамы төмен (мгл):
иод-1,1ге дейін. бром- 13,48 ге дейін, бор қышқылы-4,9 аммоний-0,03; Су
кермектілігі(мг-эквл); жалпы-24,6, тұрақты-18,6. Құрғақ қалдық9,64 гл.
ІІ ортаңғы деңгейжиегі банос- батс түзілімдеріне негізделеді. Жату
деңгейі 300-356м интервалында. Қуаты 15м-ден 49м-ге дейін.
Минералдану Елек өзенінің солтүстігінен оңтүстігіне қарай, солт-
шығыстан оңт- батысқа қарай өседі. Сонымен қатар осы бағытта су құрамындағы
макро же микроэлементтер өсіп, гидрокарбонаттар кемиді.
Қабат суы хлормагнийлі 351, Г-49 ұңғыдағы су гидрокарбонат-
натрийлі. Су тұзыдылығы 0,09 дан - 0,62 ге дейін ВЕ, меншікті салмағы 1,0-
1,0060гсм3. Қабат қысымы –22,5-37,4 атм.
Су құрамындағы микрокомпоненттер: иод-1,7, бром-4,4 бор қышқылы-
6,5, аммоний-0,1;
Су кермектігі (мг-эквл) – жалпы: 0,98-6,6, тұрақты 0,40-2,7.
Құрғақ қалдық 6-57 гл.
І ортаңғы Юра деңгей жиегі 285-318м тереңдікте жатыр. Су
хлормагнийлі. Меншікті салмағы – 1,003гсм3, тұздылығы –0,19 -0,58 Ве.
Ұңғыдағы шығым 2,65 м3 сутден 585,0м3сутге дейін қабат қысымы-
24,7-30,60 атм.
Су кермектігі (мг-эквл) жалпы; 0,98.1,36 тұрақты 0,12-0,49. Құрғақ
қалдық –6,01гл.жоғарыдағы сипаттамадан шығатын түйін: триас жәнеюар
түзілімдерінің суы мұнай және газ кен орнына тән суға жатады.
Гатерив сулы деңгейжиегі құмды- сазды тастопшаның табанына
бекітілген, қуаты-6м, тереңдігі 245-286м.
Деңгейжиек 6 скв бойынша зерттелген; 300,303,304,318,316,319
олардан шығымы 9,64 м3 сут-128,8 м3 сут болатын қабат суы ағыны алынды.
Судың меншікті салмағы 1,005 тұздылығы –0,2Ве. Қабат қысымы;21,5-29,0атм.
Су карбонатты натрийлі.
Су құрамындағы микрокомпоненттер (мгл) иод-1,5, бром-25,0, бор
қышқылы-2,0-2,4, аммоний-0,05;
Судың керментігі (мг-эквл) жалпы-3,4, тұрақтылығы 3,03. Құрғақ
қалдық-2,27гл.
Коллекторлық қасиеттері: ашық кеуектілік:31,75% - 4,84% жыныстардың газ
өткізгіштігі:202,32 - 44,70 мд.
Баррем сулы деңгейжиегі 180 – 200м тереңдікте жатқан ярус
негізіндегі құмға бекітілген. Сулы баррем деңгейжиегі 12 скважина бойынша
зерттелген: №302,303,304,305,307,309,319,320,32 1,326,333,338. Бұларда
шығымы 0,74 м3 сут тен 166,17 м3 сут-ге дейін қабат суы алынған. Қабат
қысымы: 18,5-21 атм.
Суы хлормагнийлі, кейде гидрокарбонатты – натрийлі (ұңғы Г – 54).
Меншікті салмағы : 1,01 гсм3, тығыздығы 0,36 Ве.
Су құрамындағы микрокомпонентер : (мгл) иод – жоқ, бром – 0,57,
бор қышқылы – 1,6 аммоний – 0,03.
Су кермектігі (мг – эквл) : жалпы – 2,4, тұрақты – 1,78. Құрғақ
қалдық – 4,1 гл. баррем деңгейжиегі коллекторының кеуектілігі : 33,17% -
4,24%, газ өткізгіштігі : 961,57mg – 5,08mg.
Апм сулы деңгейжиегі ярус негізіндегі құмды деңгейжиекке
бекітілген, 150 – 210 м тереңдікте жатыр. Деңгейжиек 302, 305, 319 (ұңғы
ұңғылары бойынша зерттелген, оларда шығымы 40 – 96 м3 сут болатын қабат
суы алынған. Қабат қысымы 14,40 – 17,65 атм. Суы – карбонатты – натрийлі.
Меншікті салмағы – 1,002 гсм3 тұздылығы – 0,08 Ве.
Су кермектілігі (мг-эквл) : жалпы – 1,16, тұрақты – 0,96. Құрғақ
қалдық – 1,29 гл. ашық кеуектілігі : 28,67% - 6,6%, газ өткізгіштігі :
822,74mg – 206,78 mg.
Альб сулы деңгейжиегі саз линзасы мен құмының қуаты бумасынан
тұратын бір жүйені құрайды. Түзілімдердің сулы бөлігінің қуаты – 150 мге
дейін.
Альб түзілімдеріндегі №№ 318, 319 скважина зерттеу жүргізудешығымы
120 м3 сут болатын су ағымы алынды қабат қысымы – 14,9 атм.
Суға химиялық талдау жүргізілмеген, сондықтан сипаттама №58 ұңғы
бойынша берілген. Суы сульфат натрийлі, құрғақ қалдық : 144 – 150 мгл, су
кермектігі : жалпы 2,35 – 35,75 мг-эквл, тұрақты 0,47 – 28,35мг – эквл.
судың дәмдік сапасы жақсы,мөлдір, жұмсақ..

1.4 Мұнай қоры

1981 – 1982 жылы алғаш Көкжиде кен орнының мұнай қорына өндірістік
бағалау жүргізілді. Оны ПГО Гурьевнефтегазгеология орталық геологиялық
зерттеу экспедициясы мен ОНРК жүргізген, осыған сәйкес С1 категориясы
бойынша мұнай қоры : геологиялық 2732,176 мың т. алынатын қор – 546,4 мың
т. С2 категориясы бойынша : геологиялық – 44768,5 мың т. алынатын қор –
8953,7 мың тонна.
1996 жылы 1081, 1082, 1095, 605, 606 зерттеу ұңғыларына 1992 –
1995 жылдары жүргізілген бұрғылау нәтижелері бойынша мұнай қорына есептеу
жүргізілді.
30.08.96 жылы ЦКЗ ГХК Мұнайгаздың № 24 протоколы бойынша Көкжиде
кен орнындағы мұнай қоры : С1 категориясы бойынша геологиялық – 4857,052
мың т. алынатын қор – 1654,919 мың т. С2 категориясы бойынша : геологиялық
– 46708,489 мың т. алынатын қор – 14420,392 мың т.
С1 категориясы бойынша мұнайдың алынатын қорының деңгейжиек бойынша
бөлінуі :
Юра деңгейжиегі : Ю – ІІ – 623,717 мың тонна.
Ю – ІІІ – 239,983 мың тонна.
Триас деңгейжиегі: Т – 1а – 73,467 мың тонна
Т – 1 – 287,439 мың тонна.
Т – ІІ – 381,224 мың тонна.
Т – ІІІ – 49,089 мың тонна.

1.5 Өнімді деңгейжиектердің мұнай беруінің
проектілік коэфициентін негіздеу

Мұнай беру коэфициенті коллектордың әртүрлі үшін, жекелеген
кеніштер үшін бағаланады.
Мұнай бергіштік кофициенті қолданылатын әдіске сәйкес 3 коэфицент
қосындысынан тұрады :
КНО = К1 х К2 х К3
Мұнда, К1 – скважина сеткасының коэфиценті.
К2 – мұнайды ығыстыру коэфиценті.
К3 – су айдау коэфиценті.
Алғашқы 2 коэфицент ұңғы пайдаланыла бастағанда және итеру жағдайы
жақындағанда болатын жағдайды көрсетеді. Осы коэфиценттер көмегімен
мұнайдың барлық баланстық қорының ішінен қозғалмалы қорларды бөлуге болады.
Өзгерістерді сипаттайтын К1 мәндері 100 гaскв. Сетка тығыздығы –
К1 = 0,852, 64 гаскв – 0,903, 32 гаұңғы – 0,95, 20 гаұңғы – 0967
және тағы басқалар. (Мұнай тығыздығы : 0,829 – 0,845 гсм3, кеуектілігі :
12,9 – 24,1).
Қабылданған технологиялық схема бойынша триас деңгейжиегіндегі
скважинаның сеткасы тығыздығы – 16 гаскв. Триас деңгейжиегіндегі мұнай
тығыздығы : 0,845 – 0,889 гсм3, орташа кеуектілік : 13 – 18 %.
Юра деңгейжиегіндегі скважина сеткасының тығыздығы – 16 гаскв.
Мұнай тығыздығы – 0,92 гсм3, орташа кеуектілік – 26 – 27 %.
К2 мұнайды итеру коэфициенті басқа кен орындарымен салыстыра отырып
қабылданады.
Көкжиде кен орны үшін, триас және юра деңгейжиектерінің
литологиялық және коллекторлық қасиеттерінің күрделілігіне байланысты К2 =
0.5.
К3 мұнайдың қозғалмалы қорын пайдалану коэфициенті су айдаудың
қабылданған схемасының тиімділігіне байланысты болады. Өзіндік энергиясы
қорындағы айырмашылықты есепке ала отырып, К3 = 0,83 триас деңгейжиегі
үшін, юра деңгейжиегі үшін К3 = 0,63.
Нәтижесінде триас үшін мұнай беру коэфициенті =0,4, юра үшін= 0,3.

2 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Қазіргі өндіру жаңдайын анализдеу

Қазіргі уақытта Көкжиде кен орны бақылау-өнеркәсіптік өндірудің
бастапқы сатысында. 1959-н 1981 жылға дейін кен орнында іздеу - барлау
жұмыстарын жүргізу процесінде 150 ұңғы бұрғыланған, олардың бәрі
жойылған. Концервцеленген жеке ұңғылар мұнайлылық контурасынан тыс
орналасқан.

Мұнай НПЦ АҚ өнеркәсіптік бақылау эксплуатациясына 5 ұңғы енгізді.
1992 ж.-1081 ұңғы, 1993 ж.-1082 , 1095; 1995 ж.-605, 606 ұңғы 1082 басқа
барлық ұңғылар кен орнының солтүстік бөлігіндегі триас горизонттарында
өндіріледі.
1082 үңғы юра горизонттарында эксплуатацияланады. Триас горизонттарында
эксплуатацияланатын ұңғылардың орташа шығымы мұнай бойынша 14-16 т
тәулігіне құрайды. Ұңғылар судың аз мөлшерімен жұмыс жасайды, өнімнің
қазіргі сулылығы 0,25-6,6 %.
1999 жылы мұнайдың жылдық өндірілуі 0,8 мың т. құрайды, 2000 ж-5 мың т,
2001 ж-7200 т, 2002 ж. –8507 т, ал қазіргі 2003 өндіру 15000 т құрайды деп
күтілуде.

2.1.1 Қабаттардың геологиялық - физикалық сипаттамалары
бойынша экспериментальды объектілерді бөлуді негіздеу

Геологиялық - физфикалық және геологиялық өнеркәсіптік мәліметтерді,
мұнайдың физикалық - химиялық қасиеттерін және қорды есептеу нәтижелерін
анализінің негізінде, қор концентрациясына, эксплуатациялау мен
бұрғылаудың экономикалық өнімділігін қамтамасыз ету жағдайларына
байланысты барлық горизонттарды өндірудің екі объектісіне бөледі:

1) объект-юра горизонты Ю-ІІ
2) объект-триас горизонттары Т-1+Т-1а; Т-ІІ, Т-ІІІ

Горизонттар мен кеніштерді өндіру объектілеріне біріктіру келесі
негізігі принцептерге негізделді:
1) Мұнайлықтың бір қабаты
2) Жақын коллекторлық қасиеттері
3) Мұнайдың физикалық - химиялық қасиеттерінің жақындығы.
4)Кеніштердің жұмыс режимдерінің ұқсастық өндіруші ұңғыға мұнайдың
меншікті қорының қамтылуы.

2.1.2 Өндіру варианттарын негіздеу

Кеніштердің геологиялық құрамына, мұнайының физикалық-химиялық
қасиеттеріне, мүмкін жұмыс режимдеріне байланысты өндірудің үш варианты
ұсынылады.

Өндіру варианттары бір-бірінен ұңғылардың орналасу торының
тығыздығымен, сұйықты көтеру техникасымен ерекшеленеді.
1 вариант. Өндірудің екі объектісі бойынша С1 категориялы мұнайлылық
ауданда өндіруші ұңғыларды 400 х 400 м тор бойынша бұрғылау қарастырылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай кен орнын игеруге енгізу
Көрсеткіштер өндіру жылдары
Мұнай - газ кеніштерін газ арынды режимінде игеру
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері
Құмкөл кен орнынның технологиялық сызбасы
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Республикада мұнай және газды өндірудің қазіргі және болжамдық көлемі
Пәндер