Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру барысында жоба әдісін қолдану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Бірінші тарау:
I. Коммуникативтік іскерліктер шет тілінің комуникативтік біліктілік ядросы ретінде
1.1 Шетел тіліне оқыту процесіндегі шетел тілінің коммуникативтік
біліктілігінің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Коммуникативті біліктілік ұғымы және оның негізгі құрамдас бөліктері ... 11
1.3 Лингвистикалық біліктілік . коммуникативтік біліктіліктің жетекші компоненті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Екінші тарау:
II. Шетел тілін оқыту барысында жоба әдісін қолдану технологиясы
2.1 Шетел тілі сабақтарында жоба әдісінің рөлі мен алатын орны ... ... ... ...26
2.2 Шетел тілін оқытуда жоба әдісін қолдану тенологиясының психологиялық . педагогикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3 Сөз іскерлігін қалыптастыру мақсатында жоба әдісін қолданудағы үлгінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
2.4 Шетел тілін оқытуда жоба әдісін қолдануға арналған әдістемелік нұсқаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Үшінші тарау:
III. Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру мақсатында жоба әдісін қолдануды тәжірибе жүзінде бақылау
3.1 Жоба технологиясын қолдану арқылы лингвистикалық біліктілікті қалыптастыруға арналған оқу материалдары мен тапсырмаларын іріктеу және жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
3.2 Тәжірибелік эксперименталдық оқыту, оның нәтижелері ... ... ... ... ... ...62

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
Халықаралық ақпарат алмасудың үнемі артуы, мемлекеттер арасындағы қарым – қатынастардың өсуі және халықаралық қоғамдық ұйымдардың әрекеттесуінің артуы - мұның бәрі шетел тіліне оқытудың практикалық мақсатын қазіргі лингводидактикадағы басты мақсат ретінде анықталады. Оны іске асыру арқылы оқушы шетел тіліндегі коммуникативтік біліктіліктің белгілі бір деңгейіне жетеді.
Әдістемелік әдебиетте коммуникативтік біліктілікті шетел тілін коммуникативтік бағытталған, дұрыс меңгеру ретінде түсіндіріледі, бұл тілдік бірліктердің формасын, қызметін, мағынасын ғана білу емес, сондай – ақ оларды контекстке, жағдаятқа және қарым – қатынас мақсатына сай қолдану болып табылады.
Шетел тіліне оқытуда окоммуникативтік біліктілікті қалыптастыру күрделі процес, сондықтан әрекет түрі ретінде сөз қарым – қатынасының ерекшеліктерін ескеру қажет.
Қазіргі кезде сөз қарым – қатынасы “ өз әрекеттерін бір – біріне белгіілер арқылы (соның ішінде тілдік белгілер де) ұйымдастыратын және ықпал ететін адамдардың белсенділігі ретінде” қарастырылады. [1]
Қарым - қатынас – белгілі бір мақсат көздеген ақпарат алмасу ғана емес, сондай – ақ “ тілдік емес ” сипаттағы мақсат көздеген қатысушылардың өзара белсенді әрекеттесуі болып табылады.[2]
Шетел тіліне оқытудағы басты мақсат мәдениетаралық қарым – қатынас қабілеттілігін дамыту осындай жағдайда ғана мүмкін болады. Қарым – қатынас оқу, ойын, еңбек сияқты әрекеттің бір түрі, бірақ оның өз ерекшеліктері бар:
- қарым – қатынас басқа әрекет түрлері үшін қажетті жағдай ( ойын, еңбек, таным);
- қарым –қатынас тек қана өзара әрекеттесу формасында болады, ол субъект – субъект қарым – қатынасына, санадағы әлеуметтік алмасу ұстанымына негізделеді;
- қарым – қатынас сөз құралдары арқылы іске асады, олар өз кезегінде қарым – қатынас жасаушы жақтардың санасына, ойына, мінез – құлқына ықпал етеді;
- бұл әрекеттің дұрыс өтуі үшін адамның танымдық, эмоционалдық, ұйымдастырушылдық жақтарына талаптар қойылады.[2;86]
Жоғарыда айтылған оқу процесіндегі сөз қарым – қатынасының ерекшеліктерін ескеру бұл процестің нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді.
Кез – келген тіл, ана тілі болса да, шетел тілі болса да қарым – қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Ол адамдар арсындағы әрекеттестікті, әлеуметтік өмір жадайында ықпал етуді іске асырады.
Шетел тілі қазіргі әлем мәдениеттерінің диалогының қарым – қатынас құралы ретінде де және халықаралық қарым – қатынас құралы ретінде оқушыдан шет тілінің коммуникативтік біліктілігін меңгеруді қажет етеді.
1. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения инотранным языкам. Пособие для учителя. – М.:АРКТИ, 2000.- 165бет
2. Касымова Г.М. Коммуникативная компетенция в обучении иностранному языку./ Актуальные проблемы профессиональной подготовки личности будущего специалиста (материалы междун. Научно- практич. конференции). Алматы, 2001ж.
3. Әлсейіт Д.А. Жоба технологиясы Маг. Дис. 2005ж
4. Бим И.Л. Теория и пракрика обучения немецкому языку в средней школе. М.:”Просвещение”, 1988-343б.
5. Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения.//Высшее образование в России- 2001ж., №6.
6. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иностранному общению.М.: Руский язык, 1989ж.
7. Изаренков Д.Н. Базисные составляющие коммуникативной компетенции и их формирование на продвинутом этапе обучения студентов- нефилологов.//Руский язык- 1990-.,№4.
8. Мрякина Ю.В. Формирование и развитие коммуникативных особенностей у студентов в процессе дифференцированного обучения:Дис.кан.пед.наук.-Самара,1997
9. Бим И.Л. Методика обучения иностранному языку как наука и проблемы школьного учебника.М.: Русский язык,1997
10. Вайсбурд М.Л., Кузьмина Е.В. Роль индивидуальных особенностей учащихся при обучении иноязычному устноречевому общению.//ИЯШ 1999г.,№1
11. Гез Н.И. Формирование коммуникативной компетенции как объект зарубежных методических исследований.//ИЯШ- 1999., №4
12. Симкина В.Н. Современные языки: изучение, обучение,оценка. Общеевропейская концепция.//ИЯШ- 1998г.,№3
13. Елухина Н.В., Тихомирова Е.В. Контроль устного неофицального общения на ИЯ.//ИЯШ-1996.,№4
14. Щукин А.Н.Обучение ИЯ.Теория и практика.М.,2004г.-416б.
15. Мильруд Р.П. Компетентность в изучении языка.//ИЯШ-2004.,№7
16. Миролюбов А.А. Методика обучения ИЯ в средней школе. М.,1991
17. Мильруд Р.П. Компетентность в изучении языка.//ИЯШ-2004.,№7
18. Кузовлев В.П. Мотивационная основа коммуникативного метода обучения говорению.1981
19. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иностранному общению.М.: Руский язык, 1989ж.
20. Сакиева Г. Развитие коммуникативной компетенции студентовмладших курсов языкового вуза при использовании парной и групповой работы. А. 2003.
21. Жусупова Р.Ф.Методика формирования коммуникативной компетенции у студентов агроинженерных специальностей.Караганда-2003 Докт.дисс.
22. Мильруд Р.П., Максимова И.Г. Современные концептуальные принципы коммуникативного обучения ИЯ//ИЯШ-2000., №4
23. Утебалиева Г.О. О месте сратегической компетенции при усвоении неродного языка.//Вестник КазНУ. Серия филологическая. 2003.,№59
24. Кольшанский Г.В. Лингвокоммуникативные аспекты речевого общения//ИЯШ-1985.,№1
25. Казарян Г.В. Формирование лингвистической компетенции как компонента иноязычной коммуникативной компетенции.www.doclad.ru, 2004
26. Тер- Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация.М.: Слово/ Slovo, 2000.-624c.
27. Овчинникова И.Г. О программе развития лингвистических способностей в онтогенезе. www.doclad.ru.,2004
28. Иванюшина Э.Б. Формирование лингвистической компетенции студентов младших курсов в процессе самостоятельной работы.www.mail.vis.ru
29. Витлин Ж.Л. Навыки и умения в психологии и методике обучения языкам.//ИЯШ-1999г.№1
30. Мильруд Р.П. Навыки и умения в обучении иноязычному говорению.//ИЯШ-1999.,№1
31. Соловова Е.М. Подготовка учителя ИЯ с учетом современных тенденций обновления содержания образования// ИЯШ.-2001.,№4.
32. Адамбаева Ш.О. коммуникативный аспект процесса обучения практической грамматике ИЯ//ИЯШ –2003№6
33. Городникова М.Д., Д.О. Доброволский. Межличностное речевое общение (лингвистические аспекты)//ИЯШ-1992, №3-4
34. Душейна Т.В. Проектная методика на уроках ИЯ//ИЯШ-2003, №5
35. Брейгина М.Е. Поектная методика на уроках испанского языка. ИЯШ.-2004, №2
36. Нурбекова Г.Ж., Сакиева Г.О. Шете тілін оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар.// Языковая политика и философия иноязычного образования в РК. А. 2006.
37. Жусупова А.Т. Жоба технологиясы негізінде III-курс студенттерінің тілдік қарым- қатынастағы іскерліктерін қалыптастыру// А.2005 Маг.дисс.
38. Губаева М.М. Жаңаша оқыту технологиясы.//ИЯШ-2003.№6
39. Байдурова Л.А., Шапошникова .Т.В. Метод проектов при обучении учащихся двум ИЯ//ИЯШ-2002., №1
40. Полат Е.С. Метод проектов на уроках ИЯ // ИЯШ-2001.,№1
41. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектный метод обучения английскому языку//ИЯШ-1991.,№3.
42. Фазлова Р.Л. Неміс тілі сабағындағы жобалар// ИЯШ-2003,№1
43. Ломов Б.Ф. Познания и общения.//М., “Наука”-1988
44. Жарыкбаев К.Б.Психология.// Алматы, “Мектеп”- 1982
45. Леонтьев А.А.Основы теории речевой деятельности. //М., “Наука”-1974
46. Зимняя И.А. Иноязычная речевая деятельность как объект обучения и психлогические и психолингвистические проблемы обучения говорению на ИЯ.//Психологические основы обучения ИЯ в языковом вузе.// Научные труды МГПИИЯ им. М. Тореза.-1974
47. Alan Maley, Diana L.F.B. Projekt work. //Resource book for teacher.- Oxford. Oxford University Press.-1993
48. Тәжібаев Т. Жалпы психология.//- Алматы, “Қазақ Университеті”- 1993
49. Петровский А.В. Введение в психологию.//М., Издательский центр «Академия»,1995
50. Зимняя И.А. Психология обучения ИЯ в школе.// М., Просвещение, 1991
51. Лисина М.И.Проблема онтогенеза общения// Науч.- исслед.ин-т общей и педагогической психологии Акад.пед.наук СССР.- М., Педагогика, 1986
52. Леонтьев А,А. Деятельность. Сознание. Личность.//М., “Наука”,1974
53. Полат Е.С. Метод проектов на уроках ИЯ//ИЯШ-2000,№3
54. Полат Е.С. Метод проектов на уроках ИЯ.//.ияш-2000,№2
55. Комаров А.С. Творческий подход к планированию английского языка.// ИЯШ. 2003№4
56. Алдамуратов А. Жалпы психологя.//Алматы, “Білім”-1996
57. Венедикова С.Л. Проектная деятельность учащихся на уроках немецкого языка.// ИЯШ.2002,№1
58. Атаханова Р.Проектік сабақ -берері мол сабақ.//Поиск/ Ізденіс,2002 №4
59. Гаипов Д.Э.Формирования коммуникативных умений у студентов вуза на основе проектной технлогии.//-Маг.дисс. Алматы,-2003
60. Ломакина О.Т. Проектирование как ведущее направление модернизации современного педагогического образования.//-Вестник высшей школы, 2004, №1
61. Горбенко А.Ф. Методические основы активизации процесса обучения ИЯ студентов первог курса языкового факультета: дисс.канд.пед.наук Алматы, 2002
62. Гез И.Н. Ляховицкий М.В., Миролюбов А.А., Фоломкина С.К., Шатилов С.Ф. Методика обучения ИЯ в средней школе.- М.,1982
63. Рогова Г.В.,Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е. Методика обучения ИЯ в средней школе. – М., 1991
64. Цукерман С.А. Методика преподавания ИЯ. М., 2002- в двух томах.
65. Формирования лексических навыков//Учебное пособие под ред. Е.И. Пассова, Е.С. Кузнецовой.- Воронеж: НОУ, Интерлигва, 2002
66. Штульман Э.А. Основы эксперимента в методике обучения ИЯ. Воронеж,1971
67. Штульман Э.А. Методический эксперимент в системе методов исследования. Воронеж. Воронежский университет,1976
68. Кунанбаева С.С. Современные иноязычное образование: методологии и теории. Алматы, 2005-264б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ
ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Қолжазба құқығында

Божбанова Толғанай Есмырзақызы

Лингвистикалық біліктілікті ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ЖОБА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Мамандық: 6N0119 шет тілі: екі шет тілі

Академиялық магистр атағын алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:педагогика ғылымдарының
кандидаты, профессор Абдығали С.А.

АЛМАТЫ, 2007

ДИССЕРТАЦИЯ ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Бірінші тарау:
I. Коммуникативтік іскерліктер шет тілінің комуникативтік біліктілік
ядросы ретінде
1. Шетел тіліне оқыту процесіндегі шетел тілінің коммуникативтік
біліктілігінің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Коммуникативті біліктілік ұғымы және оның негізгі құрамдас
бөліктері ... 11
1.3 Лингвистикалық біліктілік – коммуникативтік біліктіліктің жетекші
компоненті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Екінші тарау:
II. Шетел тілін оқыту барысында жоба әдісін қолдану технологиясы
2.1 Шетел тілі сабақтарында жоба әдісінің рөлі мен алатын орны ... ... ... ...26
2.2 Шетел тілін оқытуда жоба әдісін қолдану тенологиясының
психологиялық – педагогикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
2.3 Сөз іскерлігін қалыптастыру мақсатында жоба әдісін қолданудағы үлгінің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
2.4 Шетел тілін оқытуда жоба әдісін қолдануға арналған әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .54

Үшінші тарау:
III. Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру мақсатында жоба әдісін
қолдануды тәжірибе жүзінде бақылау
3.1 Жоба технологиясын қолдану арқылы лингвистикалық біліктілікті
қалыптастыруға арналған оқу материалдары мен тапсырмаларын іріктеу және
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
3.2 Тәжірибелік эксперименталдық оқыту, оның нәтижелері ... ... ... ... ... ...62

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

Кіріспе

Халықаралық ақпарат алмасудың үнемі артуы, мемлекеттер арасындағы
қарым – қатынастардың өсуі және халықаралық қоғамдық ұйымдардың
әрекеттесуінің артуы - мұның бәрі шетел тіліне оқытудың практикалық
мақсатын қазіргі лингводидактикадағы басты мақсат ретінде анықталады.
Оны іске асыру арқылы оқушы шетел тіліндегі коммуникативтік
біліктіліктің белгілі бір деңгейіне жетеді.
Әдістемелік әдебиетте коммуникативтік біліктілікті шетел тілін
коммуникативтік бағытталған, дұрыс меңгеру ретінде түсіндіріледі, бұл
тілдік бірліктердің формасын, қызметін, мағынасын ғана білу емес,
сондай – ақ оларды контекстке, жағдаятқа және қарым – қатынас
мақсатына сай қолдану болып табылады.
Шетел тіліне оқытуда окоммуникативтік біліктілікті қалыптастыру
күрделі процес, сондықтан әрекет түрі ретінде сөз қарым –
қатынасының ерекшеліктерін ескеру қажет.
Қазіргі кезде сөз қарым – қатынасы “ өз әрекеттерін бір – біріне
белгіілер арқылы (соның ішінде тілдік белгілер де) ұйымдастыратын
және ықпал ететін адамдардың белсенділігі ретінде” қарастырылады. [1]
Қарым - қатынас – белгілі бір мақсат көздеген ақпарат алмасу ғана
емес, сондай – ақ “ тілдік емес ” сипаттағы мақсат көздеген
қатысушылардың өзара белсенді әрекеттесуі болып табылады.[2]
Шетел тіліне оқытудағы басты мақсат мәдениетаралық қарым –
қатынас қабілеттілігін дамыту осындай жағдайда ғана мүмкін болады.
Қарым – қатынас оқу, ойын, еңбек сияқты әрекеттің бір түрі, бірақ
оның өз ерекшеліктері бар:
- қарым – қатынас басқа әрекет түрлері үшін қажетті жағдай (
ойын, еңбек, таным);
- қарым –қатынас тек қана өзара әрекеттесу формасында болады,
ол субъект – субъект қарым – қатынасына, санадағы әлеуметтік
алмасу ұстанымына негізделеді;
- қарым – қатынас сөз құралдары арқылы іске асады, олар өз
кезегінде қарым – қатынас жасаушы жақтардың санасына, ойына,
мінез – құлқына ықпал етеді;
- бұл әрекеттің дұрыс өтуі үшін адамның танымдық, эмоционалдық,
ұйымдастырушылдық жақтарына талаптар қойылады.[2;86]
Жоғарыда айтылған оқу процесіндегі сөз қарым – қатынасының
ерекшеліктерін ескеру бұл процестің нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді.
Кез – келген тіл, ана тілі болса да, шетел тілі болса да қарым
– қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Ол адамдар арсындағы
әрекеттестікті, әлеуметтік өмір жадайында ықпал етуді іске асырады.
Шетел тілі қазіргі әлем мәдениеттерінің диалогының қарым –
қатынас құралы ретінде де және халықаралық қарым – қатынас құралы
ретінде оқушыдан шет тілінің коммуникативтік біліктілігін меңгеруді
қажет етеді. Шетел тілін өз бетінше және үздіксіз оқуға
қабілеттілік пен дайындықты дамыту мен тәбиелеуде, әрі қарай өз
бетінше білім алуда басты рөлді лингвистикалық біліктілік атқарады:
- белгілі бір сөз әрекетіндегі қажетті дағдылар мен
іскерліктерді қалыптастыру үшін әр оқушыға белсенді ауызша
практика қажет;
- тілден тыс ортада лингвистикалық біліктілікті қалыптастыру,
коммуникативтік жаттығуларды қолдану жеткіліксіз;
- оқушылар тілді мәдениетаралық әрекеттестік құралы ретінде
қабылдау үшін оларды елтану тақырыбымен таныстыру ғана емес,
белсенді мәдениеттер диалогына кірістіру қажет, өйткені олар
практикадаолар үшін жаңа тілдің қызмет ету ерекшеліктерін
білулері тиіс.
Оқушыларға ойлануға, белгілі бір проблемаларды шешуге мүмкіндік
беру қажет, өйткені оқушылар өз сөз айтылымдарының мазмұнына көңіл
бөлулері тиіс, ой маңызды нәрсе болуы керек, ал тіл болса тура
өз қызметін, яғни ойды құру қызметін атқаруы тиіс. Осылайша,
оқушылардың лингвистикалық біліктілігін қалыптастыру мақсатындағы
әдістемені дамыту мен бұл мәселенің теориясы мен практикасының
жеткіліксіз зерттелуі біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін
көрсетеді
Қазіргі таңда экономикалық саяси және мәдени қарым-
қатынастың мемлекеттер арасында өсуіне байланысты шетел тілін
бүгінігі күннің талабына сай оқыту керектігі ешкімді де күмәндандырмайды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологияларын таңдауда нұсқау болар көп қағида берілген. Бұл
білім мекемелерінің мұғалімдеріне оқытудың оңтайлы, жаңашыл үлгісін
қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың
білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу
арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дәстүрлі оқыту оқушыларға дайын
белгілі білімдерді беру процесіне негізделген болса, жаңаша оқыту
технологиясы- оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау болып
табылады.
Қазіргі кезде оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу мұғалімге
оқушыларды біліммен қаруландырып қана қоймай, сондайақ тәрбиелеуге де үлкен
әсерін тигізеді. Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың
коммуникатвтік, шығармашылық қасиеттерінің дамуына үлкен жағдай жасалады.
Жаңа технологиялар оқу процесін оқушылар үшін әртүрлі ұйымдастырып,
тілге деген қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырады.
Қазіргі кезде жаңа технологялардың ішінде жоба әдісі мұғалімдер мен
әдіскерлер арасында кең өріс алып, жиі қолдануда. Жоба дегеніміз – бұл
өткен материалдың жайғана нәтижесі емес, сонымен қатар бұл танымдық
әрекеттің жемісі мен әдісі болып табылады. Бұл оқушылардың жан-жақты
ұйымдастырылған, үлкен ізденушілікті талап ететін зерттеу әрекеті. Аталған
тәсіл оқушылардың белсенділігі мен өзбеттілігіне бағытталып, алған білімді
практика жүзінде қолданудың бірден бір мүмкіншілігі.
Бұл әдіс-тәсілді қолдану барысында интерактивтік, когнитивтік іс-
әрекеттерді оқушылардың жеке басының мүмкіндіктерін белсендіру мақсатымен
жүзеге асыру көзделеді.
Жоба әдісі оқушылардан бірлескен жұмысты талап етеді. Бірлескен
жұмыс барысында оқушылардың арасында өзара түсіністік арта түсіп, оқушы
тек қана өз жұмысы үшін ғана емес, бүкіл топ ұжым істеп жатқанжұмыс үшін
жауапкершілікті сезінеді.[3]
Әрбір жобаның негізінде белгілі бір шешімді талап ететін проблема
жатыр. Ғылымиәдістемелік әдебиеттерде шетел тілі сабақтарында жаңа
технологияларды, оның ішінде жоба әдісін қолдану жөнінде көптеген
мақалалар жазылған. Мысалы, Зимняя И.А, Полат Е.С., Макаревич И.Г.,
Фазлова Р.Л., т.б. сияқты әдіскерлердің жұмысын атап айтуға болады.
Бүгінгі таңда шетел тіліне үйрету жайында сөз қозғасақ бұл
процесті мәдениаралық коммуникация процесінен бөлек қарастыру мүмкін
емес екендігін түсінеміз.
Тілдік, яғни шетел тілдік коммуникация процесі күрделі де,
көпаспектілі құбылыс. Лингвистикада коммуникативтік компетенцияны
лингвистикалық компетенцияға ие болу деп түсінеді.
Осыған орай бұл салада жұмыс істеп, осы мәселемен шұғылданған
көптеген әдіскерлердің еңбектерін атауға болады. Оның ішінде: Гез
Н.И., Бондаренко О.Р., Голованова И.А., Тарасов Е.Ф., Дульянинов А.Г.
Біздің жұмысымыздың зерттеу объектісі болып тілдік сынып
оқушыларын шетел тіліне үйретудегі оқу процесі болып табылады.
Осыған орай зерттеудің пәні – жоба әдісін қолданудың негізінде
оқушылардың лингвистикалық компетенциясын қалыптастырудың әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты оқу процесінде жоба әдісін оқушылардың
лингвистикалық компетенциясын қалыптастырудың теориялық негіздемесі
және соның негізінде сабақтар сериясының үлгілерін құрастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Диссертациялық жұмыстың тақырыбына байланысты теориялық сұрақтарды
зерттеу;
- Оқушылардың шетел тілі сабақтарына анализ жасау;
-Оқушыларда лингвистикалық компетенцияны жоба әдісін қолдана отырып
қалыптастырудың жаңа сабақ үлгілерін құрастыру, бұл сабақтардың
нәтижелігін тәжірибелік-эксперименталдық оқытуда тексеру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылардың шетел тілі сабағында
лингвистикалық компетенцияны қалыптастырудағы жоба әдісін тиімді
пайдаланатын болса, онда лингвистикалық компетенцияға қойылатын
талаптар нәтижелі орындалады, өйткені оқу процесінде жоба әдісін
қолдану оқушыларда лингвистикалық компетенцияны қалыптастырудың бірден
бір көзі ретінде пайдаланылады.
Зерттеу тәсілдері:
- зерттеу тақырыбына ғылыми әдістемелік еңбектерді оқып, сын көзбен
талдау;
- оқу процесіне бақылау жүргізу;
- жаңа технологияларды қолданудағы озат тәжірибелік оқытуды
жинақтау;
- тәжірибелік- эксперименталдық оқыту жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Лингвистикалық компетенцияны қалыптастырудағы кездесетін
қиыншылықтар;
- Жоба әдісі негізінде лингвистикалық компетенцияны қалыптастырудың
тиімді жолдары;
- Оқушыларда лингвистикалық компетенцияны қалыптастыруда, жоба әдісін
қолданып құрастырылған сабақ жоспарларының үлгілері;
- Жоба әдісін қолдана отырып, оқушыларды лингвистикалық компетенцияны
қалыптастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар;

I. Коммуникативтік іскерліктер шетел тілінің коммуникативтік
біліктілік ядросы ретінде

1.1 Шетел тіліне оқыту процесіндегі шетел тілінің коммуникативтік
біліктілігінің рөлі.

Бүгінгі күнгі шетел тіліне оқыту әдістемесінде үстемдік етіп
отырған оқытудағы комуникативтік бағдарлылық ең алдымен тілдің
негізгі мақсатына, яғни қарым – қатынас құралы ретіндегі қызметіне
және оның коммуникативтік қызметіне байланысты болып отыр. Шетел
тіліне оқытудағы коммуникативтік бағдарлылық “ оқытудағы әрекетшілдік
тұрғының әдістемелік ойластырылу қорытындысы және шетел тіліне
оқытуда қолданылу нәтижесі ” болып табылады. [4]
Яғни, тіл құралдарын, лексикалық, фонетикалық, грамматикалық
құралдарды меңгеру оларды сөз әрекетінде тәжірибе жүзінде қолдануға
бағытталады.
Сөз әрекеті оның түрлері ( жазу, оқу, сөйлеу, тыңдау ) – олар
табиғи қарым – қатынасқа жақын жағдайларда іске алатын қарым –
қатынасты іске асыру жолдары. Басқаша айтқанда, оқушылар
коммуникативтік міндеттерді шешулері үшін қажетті мотивті сөз
әрекеттерін меңгерулері тиіс, мысалы контакт жасау, сөз нысанына
ақпарат беру немесе алу және т. б.
Коммункативтік біліктілікті қалыптастыру мақсатында оқу процесін
құруда ең алдымен “коммуникативтілік” ұғымын ашу қажет.

Өз еңбектерінде Е. И. Пассов “коммуникативтілікті” былайша анықтайды:
- коммуникативтілік оқу процесіндегі сөзге, сөз әрекетіне
бағыттылықты ажет етеді;
- коммуникативтілікке сөз әрекетіне оқытудағы
индивидуализациялау жатады, я,ни әр оқушының жеке тұлға
ретінде қабілеттіліктері, сөз және оқу әрекеттерін іске
асыруы, жеке қасиеттері кіреді;
- коммуникативтілік функционалдық ұғымымен байланысты, кез-
келген сөз бірлігі, тілдік форма коммуникация процесінде
белгілі бір сөз қызметін атқарады, кері жағдайда сөз
әрекеттесуі мүмкін болмайды;
- коммуникативтілік оқытудағы жағдаяттылықты қажет етеді;
- қарым – қатынас процесінде үнемі сөз тақырыбы, жағдайы,
шарты, міндеті т.б. ауысып отырады. Яғни қарым – қатынас
бөліктері, олардағы жаңалық ауысады.[6]
Л. С. Смирнова коммуникативтік әдістемені сипаттайтын мынадай
анықтама береді: коммуникативтік әдістеменің басты мақсаты қарым –
қатынасқа үйрету немесе коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру
болып табылады. Оқытудың ұстанымдары мен тәсілдерінің жиынтығы
коммуникативтілік арқылы анықталады.[7]
Шетелдік әдістемеде коммуникативтілік ретінде барлық талаптарға
сай әрекет түрін анықтайды. Біріншіден, бұл әрекет түрін
ұйымдастыруда коммуеиканттардың білім деңгейлерінің әртүрлілігі
ескеріледі. Екіншіден, коммуниканттарда белгілі бір ақпаратты жеткізуде
тідік форманы немесе құрылымды таңдау мүмкіншілігі болуы тиіс.
Үшіншіден, қарым – қатынас мақсаты орындалғанын анықтау үшін қажетті
кері байланыс болуы тиіс.[11,121]
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, коммуникативтілік шетел
тілін белсенді оқу процесінің барлық жақтарына қатысты екенін
қорытындылай аламыз.
Шетел тілін белсенд меңгеруде сөз серіктесіне бағыттылық,
тиімді ықпал ету маңызды.
Осылайша, бүгінгі күнгі қоғам иалабын ескере отырып, қоғамдағы
жаңа халықаралық – экономикалық қарым – қатынатарды ескре отырып жаңа
оқу парадигмалары, шетел тіліне оқытудың жаңа жолдары жайлы сөз
қозғауға болады. Мұнда шетел тіліне оқытудың басты практикалық
мақсаты ретінде шетел тілінің коммуникативтік біліктілігті
қалыптастыру қарастырылады, бұл сөзсіз өзекті.
Шетел тілін меңгеру деңгейін сипаттаған кезде әдістемеде
“біліктілік” термині кеңінен қолданады. Бұл терминді ғылыми тілге
алғаш енгізген америкадық тілші ғалым Н. Хомский, мұны ол адамның
белгілі бір әрекетті әске асыру ерекшелігін сипаттау үшін қолданды.
Басында бұл термин көбінесе ана тілінде белгілі бір әрекетті
орындауға қажетті қабілеттілікті көрсету үшін қолданылды.
Коммуникативтік біліктілік ұғымын Д.М. Изаренков нақтылай түсті:
коммункативтік біліктілік – бұл сөз әрекетінің бір түрлері арқылы
немесе барлық түрлері арқылы адамның қарым – қатынас жасауға
қабілеттілігі, бұл жеке тұлғанығ күрделі іскерлігі, ол белгілі бір
тілдік ортаның өмір жағдайына табиғи бейімделу процесінде немесе
арнайы оқыту арқылы қалыптасады.[8]
Кейбір ғалымдар коммуникативтік біліктілікті “ бөліктен: қарым-
қатынас әрекет процесінде жинақталған сөз тәжірибесінен және қарым –
қатынас барысында жиналған тілдік білімдерден құралған психологиялық
жүйе” ретінде анықтайды.[9]
Н. Д. Гальскованың айтуынша, коммуникативтік біліктілік немесе
сөз қарым – қатынасына қабілеттілік әрекетшілдік теориясының
мағлұматтары арқылы (сөз актілері теориясы, дискурстік анализ саласы)
толықтырылады, өйткені қарым – қатынас бұл тек қана ақпарат беру
ғана емес, сондай –ақ сөз серіктерінің қарым –қатынастарын реттеуі
болып табылады.[1]
Н. И. Гездің көзқарасы бойнша, коммуникативтік біліктілік белгілі
бір қоғамда өз қабілеттіліктері шеңберінде және әлеуметтік
статусына сай жеке адамның басқалармен әрекеттесуге үйретілу деңгейі
қарастырылады.[14]
Жоғарыда аталған авторлар сияқты біз коммуникативтік біліктілік
ретінде оқушының шет тіліндегі қарым – қатынасқа қабілеттілігі мен
дайындығы деп түсінеміз.
Коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда оқушылардың жеке
ерекшеліктерін ескеру аса маңызды.
М.Л. Вайсбурд Е. В. Кузьминамен біріге отырып оқушыларды табиғи
коммуникацияға дайындауға қажетті тиімді жағдай ретінде оқушылардың
жеке ерекшеліктерін ескертуді көрсетеді.

Мұндай ерекшеліктердің ішінен олар мыналарды көрсетеді:
a) жеке тұлға бағыты (мотивтері, қызығушылықтары,
бейімділіктері), өйткені оларға сүйену оқу деігейі мен
коммуникативтік мотивация деңгейінің жоғары болуын
қамтамасыз етеді;
б) әлеуметтік- мәдени, жас ерекшеліктері, сондай –ақ
эмоционалдық, экстраверттілік, интраверттілік, оқушы статусы, өзін - өзі
бағалауы.[13,6]

Н. В. Дружинина болжауынша, оқушы ауызекі сөзде тілек, пікір,
сезімін білдіре алу, талап, өтініш айта алуы, пікір алмаса алуы,
пікірталасқа, әңгімеге қатыса алуы тиіс. Сөз интенциялары іске
асыру табиғи, сенімді, басқаларға түсінікті болулары тиіс; жазба сөзде
оқушы ресми немесе жеке хат жаза алуы, оны тілдік және мазмұны
жағынан дұрыс құра алуы тиіс.[23,68]
И.Л.Бим шет тіліндегі қарапайым біліктілікті меңгеруін
көрсететін іскерліктер мен дағдылар қатарын көрсетеді:
1) қарым- қатынастың стандарт жағдаяттарында тіл өкілдерімен
ауызекі және жазба түрлерде түсінісу іскерлігі;
2) әртүрлі жанрлардағы және түрлердегі күрделі емес аутентті
мәтіндерді көрнекі немесе тыңдау арқылы қабылдау
іскерлігі;
3) оқу іскерлігі;
4) қиындықардан өту компенсаторлық іскерлігін дамыту, мысалы
сөз айтылымдағы перифраза, тыңдап – түсінудегі қосымша
ақпарат сұрау.[10,7]
Н. Хомский бойынша біліктілікті сқйлеуші немесе тыңдаушы
үлгілерге қарай көптеген сөйлемдер құра алулары, түсіне алулары
тиіс, екі тілдегі ұқсастықтар (айырмашылықтар) жайлы ойлары болулары
тиіс. Шетел тілін оқытуға байланысты бұл ұғым шетел тілін меңгеру
деңгейін анықтау үшін Еуропа Кеңесі өткізген зерттеулер шеңберінде
детальды түрде нақтыланды. Бұл ұғым оқу барысында алынған білімдер,
іскерліктер негізінде белгілі бір әрекетті іске асыруға қабілетілік
ретінде анықталады.
Соңғы жылдардағы әдістемелік әдебиеттерде екі ұғымды бөліп қарастыру
талаптары жасалды: біліктілік пен біліктік. Соңғы термин
әдебиеттерде әртүрлі сөз тіркестерінде кездеседі: жалпы білім
біліктілігі, кәсіби біліктілік және т.б. Кең мағынасында қарастырғанда
“біліктік” белгілі бір әрекет түрінде және белгілі бір тапсырманы
орындағанда қойылатын талаптарға, крийтерилер мен стандарттарға сәйкес
келу, қажетті белсенді білімдер болуы, нәтижеге сенімді түрде жету
қабілеттілігі болуы және жағдаятты меңгере алу болады.[19]
Тар мағынасында қарастырғанда, бұл термин белгілі бір әрекетті,
соның ішінде сөз әрекетін орындауға қабілеттілікті білдіреді, ал
біліктілік оқу процесінде алынған білімдер, дағдылар мен іскерліктер
түрлеріндегі қабілеттіліктің мазмұндық бөлігі болып табылады.[17,139]
Сонымен , жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып мындай қорытынды
жасауға болады: біліктік бұл жеке тұлғалық категория, ал біліктілік
болса бұл оқу бағдарламасының бір бөлігі және де біліктік
“анатомиясын” құрайды.[21]
Біліктікті біліктіктер кешені ретінде, яғни жетістікті
продуктивтік әрекеттің кешені ретінде қарастыруға болады.

1.2 Коммуникативтік біліктілік ұғымы және оның негізгі құрамдас
бөліктері

Шетел тіліне оқыту әдістемесінің қатынасы бойынша лингвистика базалық
(негізді) ғылым болып табылатыны баршаға мәлім.Сондықтан, шет тілінде
оқытудың кез келген әдістемелік жүйесі тілдік қалпында құралады.
Адамдардың тіршілік ету қызметі үрдісіндегі өзара іс әрекетінің
өзгешілігі тілдік қолданыстан тұратындығы, тіл адамдардың қарым
қатынасының маңызды құралы ғана емес, ойлау мен танымның да құралы болып
табылады. Осылайша, “тіл рухани жағынан жан жақты қалыптаса түседі” деп
санайтындығымыз табиғи жәйт.Тілдік қарым қатынастың басты мақсаты- алуан
түрлі ақпарат алмасу.[22]
Бұл жерде әңгіме арқауы адам қызметіне тән сән қырлы, үзіліссіз
және ұзақ сонар коммуникация (қатынас туралы болып отыр )
“Коммуникация” дүниежүзінің барша халқына ортақ сөз және ол
латынның “communico”, яғни, “жалпылама істеймін, байланыстырман, қарым
қатынаста боламын” деген мағынаны білдіретін сөз тіркесінен шыққан.
“Коммуникация” сөзінің басқаша мағынасы қатынас жолдары көлік және
байланыс дегенді білдіред. Біздің зерттеуімізде “комуникация” термині оқып
үйрену нысаны адамдар арасындағы қарым қатынас болатындықтан, әрине
бірінші мәнінде қолданылатын табиғи құбылыс.О.Я.Гойхман мен Т.М.Нодеина
осы мен арқылы лингвистикалық энцеклопедиялық сөздіктен алынған
“коммуникация” ұғымда байланыстыра отырып, ағылшын анықтамасын былайша
береді: “Коммуникация” адамдардың танымдық еңбек қызметі үрдісінде
олардың өзара іс - әрекетінің өзгеше формасы. Сонымен қатар, С.Г.Тер -
Минасова әр түрлі энсиклопедиялық сөздіктен алған “коммуникация”
ұғымының бірнеше анықтамасын береді, солардің бірі “Коммуникация -
адамдар арасында ақпаратты берудің әр алуан әдістері, бұл сонымен
бірге, осы тәсілдердің көмегімен адамдар бір - біріне қатынасын
құрып, бір - біріне деген сезімін түсіндіреді”.[23]
Адамдардың өзара қарым- қатынас үрдісінде ақпаратты беру және
қабылдау ғана деп саналмайды, сондай – алуан түрлі өзара іс- әрекетті
белгілеу мақсатымен қарым- қатынас жағдайына баға беру, талдау нәтижесінде
қажетті шешім қабылдау арқылы коммуникативтік біліктілік түсінігінде
белгілі бір ережелер енгізіледі, яғни, тілдің диалектикалық сөз түріндегі
ережелерді айтылатын ойды құру, әңгімелеуші мен байланысты, адамдардың
шартты түрдегі мәдени нормаларымен тілдесу этикетін қолдау. Шетел тілін
оқып үйретуші тұлға бір тілдің құралынан басқасына өтуге әрдайым дайын
болады. Ол оқып үйрететін тіл өкілдерінен тән сипаттарды неғұрлым тез
меңгерсе, соғұрлым коммуникация табысқа жетіп, екінші тіл тұлғасының
пайда болуы туралы мүмкіндігі туады. Екінші тілдік тұлға
дегеніміз басқа мәдениеттер өкілдерімен бірдей өзара іс- әрекеті мен
түсіндірілетін халықаралық деңгейіндегі шетел тіләнде адам
қабілетінің жиынтығы. Ол оқып – үйренетін тілдің ауызекі айтылатын
сөз мағынасы кодын меңгеруден құралады, яғни,осы тілді жеткізуші
“әлемдік тіл көрінісі” мен әлемнің ғаламдық көрінісі, мұның өзі
адам үшін әлеуметтік ақиқаттың жаңа қырын түсінуге жол ашады”.
Шетел тілін оқытудың әдісі ретінде коммуникацияны анықтаудың
қазіргі заманғы жай- күйін анықтауды іс- әрекеттегі, яғни қарым –
қатынаста басты нысаны тіл болып табылатындықтан, әдістеме мен
лингвистика арасындағы байланыстырушы буыны болып саналатын
танымдық теория мен функционалдық лингвистикаға сүйенбей жүзеге
асыру мүмкін емес. Соған орай, коммуникативтікті әдіс емес, оқыту
тәсілі деп санайтын пікірмен келісуге тура келеді.
XX- ғасыр лингвистикасының маңызды жетістіктері ретінде сөз
қарым – қатынасының сәтті болуы Н. Д. Гальскованың пікірінше,
коммуниканттардың қарым – қатынастың адекваттық мақсаттарына сай бір
– біріне ықпал жасау немесе әсер ету және осыған байланысты сөз
айтылымдарын қолдануға байланысты. Соңғысын қалыптастыру шетел
тілін оқытудағы коммуникативтік ыңғайлы тәсілдің басыңқы міндеті
болып шығады.
Аталған бөлімде шетел тіліне оқыту процесінде оны
қалыптастырудың кейбір жолдарын анықтау және коммуникативтік
компетенцияның құрылымы, сондай – ақ , мәнін теориялық тұрғысынан
түсіндіруге талпыныс жасалатын болады. Шетел тілін оқытудың мақсаты
оқушыларды осы ұғымның толық көлемінде коммуникативтік біліктілік
шетел тілін қалыптастыру болып табылады. Коммуникативтік компетенция
ұғымы және оны анықтау, әзірше, қазіргі зерттеушілер біржақты
анықталмағанына қарамастан лингвистика, психолингвистика және
әлеуметтік лингвистикада негізгі базасының бірі болып табылады,
яғни коммуникативтік компетенцияның әдістемелік теориясы қалыптасу
кезеңінде және дамушы қызықты проблемаларға толы.[24]
Біздің елде ( Құнанбаева С. С., Козлов П. Г.), сонымен қатар,
шет мемлекеттерде ( Зимняя И. А., Бим И. П., Томсон Г., W. Littlewood,
H. Widdowson., C. Michael, B. H. Douglas ) басым көпшілік жұмыстар
аталған проблемаға арналған.
Жетпісінші жылдарда зерттеушілердің көпшілігі шетел тілдерін
коммуникативтік – бағытта оқыту жолына үлкен көңіл бөлді, яғни, мұндағы
ана тілінде емес, үйреніп жүрген тілде сол тіл өкілімен қарым –
қатынас жасау іскерлігін қалыптастыру болып табылады.
Ең бірінші американдық ғалым Н. Хомский (1965) ”тіл
қабілеттілігі” {linguistic competence} мен “ тіл белсенділігі ” {
linguistic performence} ұғымдарының байланысын анықтауды қолға алды.
Осы ұғымдардың біріншісі екінші ұғымды анықтай отырып, соған
байланысты бірінші болып қала бермек. Н. Хомский В. Гумбольдттің
еңбектеріне сілтеме жасай отырып, генеративтік грамматиканың
проблемасын зерттей келе, біліктілік терминін [ латынның
competere деген сөзінен шыққан – ол бір нәрсеге қабілетті болу деген
мағынаны білдіреді ] көбінесе ана тілінде нақтылы тілдік іс -
әрекеттерді орындауға қажетті, қабілеттілік ретінде анықтады.
Н. Хомский біліктілікті грамматикалық білімді жете білу деп
анықтайды, соның негізінде сол тіл өкілі грамматикалық дұрыс
сөйлемдердің тууына себепкер болады және сонымен қатар ол кейбір
сөз айтылымдарды оның тіліне жатады ма немесе жатпайды ма соны
талқылайды. Сөзді тудыруға грамматикалық білімді қажет екенін
ескеру қажет. Бірақта сөз жағдаяттары да жоққа шығарылмайды оның
дәлелдемесін А. Р. Лурияның көзқарасында орын алады: Тілдегі “
біліктілікпен ” [ тілдік қабілеттілік] және тілді “ қолдану” [
тілдік белсенділік] бірден пайда болған жоқ және тәуелсіз екі
құбылыс болып табылмайды .
Осыған ұқсас ойды Ю. А. Сорокин мен Е. Ф. Тарасовта білдіреді,
онда сөз қарым – қатынасына грамматикалық дұрыс сөйлемдерді тудыру
ережесін меңгеру жеткіліксіз, сонымен қатар, қарым – қатынас құру
барысында әңгімелесушіге әсер ете отырып және осыған байланысты сөз
айтылымдарын орынды қолдану, себебі тілдік қабілеттілік дегеніміз –
бұл коммуниканттардың қарым – қатынастың адекваттық тапсырмаларына
байланысты өздерінің сөздік және сөздік емес мінез құлықтарын
ұйымдастыру қабілеттілігі.
Сөз іс - әрекетінде өзін көрсетуші және “ білімнің белгілі
бір жиынтығы мен ұсынылуыныың ” меңгеруші тілдік тұлға ұғымының (
Ю. Н. Караулов ) енгізілуі, біліктілік ұғымын тілдік тұлғаның
онтогенезде иемденген және оқу процесінде меңгерген мағлұмат
жиынтығының нақтылы реттік жүйемен біріккен эктралнгвистикалық және
тілдік білімнің жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді, сонымен
қатар, санада жинақталған индивидтің есте сақтау бір бөлігін
құратын және сол индивидтің негізгі мәліметі болып табылады.
Соған сәйкес, коммуникативтік біліктілік - бұл жеке адамның
шетел тілін үйрену процесінде меңгерген білімі, жеке адамның сөзді
тудыру барысында ақпараттың қажетті мазмұнын беру үшін немесе
қабылдау кезінде ақпаратты түсіну үшін жеке адамның меңгерген және
қолданатын сөз іс - әрекетінің барлық түрлерінің іскерлігіне
нысандандырылған білім.
Басқа сөзбен айтқанда - бұл шетел тілі арқылы коммуникативтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеке адамның біліктілігін сөз
іс - әрекетінің төрт түрінде де қолдану іскерлігін меңгерген \
қалыптастырылған болып табылады.[25]
Лингвистика мен психолингвистиканың тоғысуында коммуникацияның
проблемаларын қарастыру коммуникативтік біліктілік туралы екі түрлі
пікірдің пайда болуына себепкер болды, дәлірек айтқанда :
лингвистикалық және коммуникативтік [Хаймс 1967, Паулстон
1974]. Бірінші жағдайда
тіл ережелерінің білімінің айырмашылықтары туралы,
екінші жағдайда осы білімдерді қолдану формалары туралы сөз болып
отыр. Бірақ 1978 жылы Г. Уидоусон тіл жүйесінің және оның сөз
айтылымдарын құру үшін коммуникативтің маңыздылығының заңдылығы
туралы өз көзқарасын ұсынды. Аталған автордың неғұрлым қызықты
дерегі тек тілдің теориялық білімдері ғана емес, сондай - ақ сол
немесе басқа жағдайларда сөйлеуді еркін меңгеру дағдысының
коммуникативтік біліктілік ұғымын бөліп көрсету болып табылады. [26]

Алайда, коммуникативтік сатылық пен оның компоненттерінің
әдістемелік түсіндірілуі проблемасы жоғарыда аталған авторларда
күрделі міндеттер түрінде қалып отыр. Біздің жағдайымызда оны шешу
қажеттілігі тілді оқытудың түрлі кезеңдері үшін оқыту мақсаттары
өзгешілігінде.
1980 жылы Канадалық ғалымдар М. Канале мен М. Суэйн
коммуникативтік біліктілікті құрастырушы төрт компонентін бөліп
көрсеткен:
- грамматикалық;
- дискурсивтік;
- әлеуметтіклингвистика;
- стратегиялық;
Коммуникативтік біліктіліктің әрбір компонентін неғұрлым кеңірек
қарастырып көрелік.
Грамматикалық біліктілікке Н. Хомский лингвистикалық біліктілік
деп, ал Д. Хаймс “ формальді мүмкіндік ” – деп атаған, яғни,
лексика, грамматика және фонетика саласындағы білім.
Әлеуметтіклингвистика біліктілік ең алдымен, қарым – қатынастың
әлеуметтік түсінігін, оның ішінде әңгімеге қатысушылардың өзара
қатынасын және олардың өзара әрекеттестігінің коммуникативтік
мақсаты.
Дискурсивтік біліктілік – хабарламаның жекелеген элементтерін
түсіндіру. Коммуниканттар әңгіменің қысқаша мазмұнын өздерінің
көзқарастарымен береді.
Стратегиялық біліктілік – бұл сол немесе түгелдей айту үшін
әңгімеге қатысушылардың бастамашыл іс - әрекеті.[26]
Әдістемеде коммуникативтік біліктіліктің бөліктерін анықтау
күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
Оқушылардың коммуникативтік біліктілігінің құрамына не кіретіні
жайлы әртүрлі пікірлер бар.
Коммуникативтік біліктіліктің тағы бір үлгісін неміс
лингводидакты П. Дуайе ұсынды. Бұл үлгі мына компоненттерден құралады:
- сөйлеу біліктілігі (лексикалық, грамматикалық, дыбыстау);
- жазу біліктілігі (лексикалық, грамматикалық, орфографиялық);
- оқу біліктілігі (графикалық белгілерді айыра білу,
грамматикалық, лексикалық);
- тыңдау біліктілігі (дыбысталатын белгілерді айыра білу,
грамматикалық, лексикалық).
Өз кезегінде, И. Л. Бим әлеуметтік мәдени және компенсаторлық
біліктіліктерді айыруды ұсынады, олар коммуникативтік біліктілік мақсаты
және оқытудың жоспарлы нәтижесі болып табылады.[10;17]
В. Н. Симкин коммуникативтік біліктіліктің тағы бір компонентін
ұсынады. Оның ойынша, “коммуникативтік біліктілік үш қрамдас
бөліктерден: лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық және прагматикалық
бөліктерден құралады”.[15;82]
Әдіскерлер Н. В. Елухина мен Е. В. Тихомиров коммуникативтік
біліктілік ретінде “коммуникативтік іскерліктердің тұтас кешенін
меңгеруді” түсінеді. Бұл күрделі коммуникативтік іскерліктер қаоапайым
жеке іскерліктер негізінде қалыптасады, бұларды меңгеру оқыту
процесінде бірізділікпен іске асады.[16;15]
Осы қағидаға сәйкес олар коммуникативтік біліктілік дамуының
төрт деңгейін ұсынады:
1) оптималды деңгей: оқушы қойылған міндеттерді аталған
критерийлерге сәйкес шешеді; оның тілдік және тілдік емес
мінез- құлқы қарым – қатынас жағдаятына және
коммуникативтік ниетке барабар; ол өзінің сөз серіктесінің
сөзін дұрыс түсінеді және оның коммуникативтік ниетін
интерпретациялайды; қарым - өатынасты икемді жүргізеді; сөз
серіктесінің позициясына жауап береді; сөз серіктесіне
қажетті тұрғыдан ықпал ете алады; тілдік және тілдік емес
мінез – құлықтың ұлттық мәдени шарттарын сақтайды; оның
ойлары тілдік жағынан дұрыс құрылған; өз ойын логикалық
тұрғыдан қысқа әрі нұсқа жеткізе алады.
2) Жеткілікті деңгей: оқушы қойылған міндеттердің көбін
аталған крийтерилерге сәйкес шешеді; ол қажетті іскерліктер
мен білімдерді меңгерген, бірақ олар жеткіліксіз түрде
қалыптасқан, сондықтан ол қарым – қатынас процесінде
қиындыққа ұрынады; ол сөз серіктесінің сөзін жалпы
түсінеді, бірақ жеке сөз айтылымдарды түсінбейді. Сө
серіктесінің коммуникативтік ниетін түсіне отырып өз
тілдік мінез –құлқын соған сәйкестендіреді, бірақ әрқашанда
дұрыс нұсқаны қолдана бермейді. Ол этикет ережелерін
сақтайды, бірақ кейде оларды бұзады, қате жібереді, бірақ
олар коммуникацияға нұқсан келтірмейді. Ол түсінікті түрде
сөйлей алады, бірақ кейде анық емес логикалы емес болуы
мүмкін.
3) Қанағаттанарлық деңгей: оқушы коммуникативтік міндеттерді
орындауда қиындықтарға кездеседі, бірақ оқушы негізгі
қиындықтарды шеше алады. Ол қажетті іскерліктер мен
білімдерді толық меңгермеген. Сөз серіктесінің сөзін
түсінуде қиындықтар туындайды, коммуникативтік маңызды
қателер жібереді, бірақ оның сөзі жалпы алғанда түсінікті.
4) Қанағаттанарлықсыз деңгей: оқушы көптеген коммуникативтік
міндеттерді орындай алмайды, сөз серіктесін түсінуде, өз
ойын жеткізуде қиындықтар туындайды, бұлар оған қарым –
қатынасқа қатысуға кедергі келтіреді. Оқу мақсатында
қарастырылған іскерліктер мен білімдерді меңгермеген.
Көптеген коммуникативтік маңызды қателер жібереді, өз ойын
анық және түсінікті жеткізе алмайды.[16;16]
Бірақ, коммуникативтік біліктіліктің толық суреттемесін Л.Ф. Бахман
берді. Автор мұнда тілдік (лингвистикалық), дискурсивтік, прагматикалық
(практикалық), әлеуметтіклингвистика, стратегиялық және ой
біліктіліктерін кіргізеді.
Коммуникативтік біліктілік бөліктерін нақтырақ қарастырайық:
Лингвистикалық біліктілік – бұл тіл жүйесі жайлы білімдерді
меңгеру, тіл бірліктерінің сөздегі қызмет ету ережелерін білу, осы
жүйе арқылы басқалардың ойын түсіне алу және өз ойын ауызша және
жазбаша түрде білдіре алу.
Әдіскерлер атап көрсеткендей, коммуникативтік бағдарлы оқыту
формаға емес, мазмұнға бағытталады. Сондықтан да дискурс деп аталған,
“ не айту керек” және “қалай айту керек” дегендерді қамтыған
коммуникативтік мазмұн формасы қызығушылық тудырады. Дискурс бұл
біртұтас мәтін, фразадан жоғары бірлік.[27;13]
Осылайша, дискурсивтік біліктілік - әртүрлі дискурстерге тән
ерекшеліктерді білу, сондай – ақ қарым – қатынас процесінде дискурс
туындатуға қабілеттілік. Қарым – қатынас оқу – кәсіби салаларында кеңінен
қолданылатын дискурстер түрлері – баяндама, хабарлама, талқылау,
сұрастыру және т.б.
Ғалымдардың пікірінше, коммуникативтік біліктіліктің маңызды құрамдас
бөлігі прагматикалық біліктілік, бұл қарым –қатынас жағдаятында
коммуникативтік мазмұнды жеткізуге дайындықты білдіреді. Бұл
қабілеттілік оқушының қаншалықты түрде сөз айтылымының
коммуникативтік стратегиясын меңгергеніне байланысты.
Коммуникативтік стратегия – нақты сөз жағдаяты жағдайларына сөз
–ойлау процестерін бейімдеу.
Л.Ф. Бахман өз зерттеу жұмысында стратегиялық біліктілікті
коммуникативтік тілдік қабілеттіліктің аяқталған элементі ретінде
қарастырады. Л.Ф. Бахман анықтауында страегиялық біліктілік – жеке
адамның ақпарат алмасу процесінде тілдік біліктіліктің барлық элементтерін
қолдана алу ақыл –ой қабілеттілігі.
Біздің түсінігімізде, стратегиялық біліктілік – коммуникативтік
біліктіліктің бір бөлігі, бұл танымдық механизм, оның көмегімен
экстралингвистикалық және тілдік біліктіліктер арасында байланыс іске
асады, тілдік мінез –құлық стратегиясын таңдау арқылы жеке адамның
жағдаятқа қажетті тілдік және түпкі білімдері іске асады.
Сөз біліктілігі – тіл арқылы ойын құрастыра білу, ол арқылы сөз
әрекеті ұйымдастырылады және де іске асады (коммуникативтік ниет іске
асады), сондай –ақ бұл басқа адамдардың ойын түсіну және өз ойын жеткізе
алу қабілеттілігі. Бұл сонымен қатар сөз актісінде тілді қолдана алу
қабілеттілігі. Біліктіліктің бұл түрін кейбір ғалымдар әлеуметтік
біліктілік деп атайды.
Коммуникативтік біліктіліктің келесі бөлігі - әлеуметтік мәдени
біліктілік. Әдіскерлердің ойынша, біліктіліктің бқл түрі оқушылардың
тіл өкілдерінің әлеуметтік және сөз мінез –құлықтарының ұлттық мәдени
ерекшеліктерін білу болып табылады. Олардың дәстүрлерін, этикеттерін,
әлеуметтік жақтарын, тарихи мәдениеттерін білу, қарым –қатынас
процестерінде білімдерді қолдана алу да жатады. Шетел тілі
сабақтарында мұндай біліктілікті қалыптастыру мәдениеттер диалогы
контекстінде әлемді қабылдаудың әлеуметтік мәдени ерекшеліктерін ескере
отырып өткізіледі және “ екінші тілдік тұлға” қалыптасуына ықпал
етеді.[28;139]
Тіл коммуникативтік мақсаттарда ой құралы ретінде ғана
қолданылады, өйткені қарым – қатынас процесінде коммуникативтік мазмұн
беріліп қана қоймайды, сонымен қатар сөз – ойлау әрекеті нәтижесінде
жасалады.
Шетел тілі сабақтарында оқушылардың сөз –ойлау қабілеттіліктері
мына жағдайларда белсендіріленеді:
- ақпараттық мәтінмен жұмыс істегенде;
- бір проблема бойынша жұмыс істегенде;
- ойын міндетін орындау кезінде.
Сөз –ойлауды қажет ететін кез –келген жағдаятқа, әдетте, ұш
құрамдас бөлік қатысады: шешілетін проблема, білімдер, зерттеу
әрекеттері.
Оқушылардың сөз –ойлау әрекеті мәтінді түсінумен байланысты
болады. Бұл процесс мына стадиялардан құралады:
- мәтін мазмұнының интенсификациясы (мазмұн маңызын анықтау, сыни
қабылдау, басты мен қосалқыны айыру);
- мәтін мазмұнын ойластыру (ассоциациялар, интерпретация, жалпылау);
- мәтін мазмұнын қайта құру (компрессия, реорганизация, қажетті
мазмұнды іріктеу).[27;14]
Тәжірибе көрсеткендей, практикада оқушылардың мәтінді түсінумен
байланысты сөз –ойлау әрекеті оның мазмұнын анықтаумен шектеледі.
Коммуникативтік біліктіліктің танымдық білігін қалыптастыру әлі
шешілмеген мәселе, бқл жалпы коммуникативтік біліктілікті
қалыптастыруды қиындатады.
Әдіскерлердің ойынша, коммуникативтік біліктіліктің басты бөлігі
ақпараттық біліктілік, яғни қарым – қатынастың мазмұндық жағын меңгеру.
Оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыра отырып, біз оларда
мыналарды қалыптастырамыз:
- ақпараттық “фреймдер”, яғни белгілі бір жағдаятты
суреттейтін қажетті ұғымдар жиынтығы;
- шетел тіліндегі әлемнің тілдік суреттемесін, яғни
қоршаған ортаны білу, оны суреттей алу шет тілдік
формада оған қарым –қатынас қабілеттілігі;
- түпкілікті білімдерін, яғни нақты қарым –қатынас жағдаятын
түсінуге қажетті ақпарат;
- жалпы ой - өрісін, я,ни атауларды, даталарды, оқиғаларды
білу, биографиялық, тарихи, басқа арнайы білімдерді.[14;15]
Бұл ақпарат қарым –қатынас процесіне кірісуде маңызды рөл
атқарады. Оқушының сабақта үнемдеуін, оның әңгіме тақырыбын білмеуімен,
талқыланған проблемаға қатысы болмауымен, лексика мен грамматиканы
меңгергенімен мінез –құлық жолдарын меңгермегенімен байланыстыруға
болады. Оқушыларды лексика, грамматикаға оқытумен қатар, коммуникацияға
үйрету қажет, яғни коммуникативтік біліктілікті және оның құрамдас
бөіктерін дамыту қажет. Бұл өте маңызды, өйткені коммуникативтік
біліктілікті оның бөліктерінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Егер оқушы
қарым –қатынас тақырыбының мазмұнын білсе де, сөз айтылымның
коммуникативтік стратегиясын меңгермесе коммуникация іске аспайды.
Яғни, коммуникативтік біліктілікті оның құрамдас бөліктерімен бірге
дамыту қажет.
Егер біліктілік пен біліктік терминдерін бөліп қарастыратын
болсақ, біліктілік- бұл жақсы хабардар, танымы, тәжірибесі бар
мәселелер шеңбері. Біліктік – бұл біліктілікке негізделген жеке тұлға
қасиеті. Жоғарыда айтылғандай, лингвистикалық біліктілік коммуникативтік
біліктіліктің маңызды бөлігі. Лингвистикалық біліктіліктің мәнін
түсіну үшін оны нақтырақ қарастыру қажет.

Жоғарыда аталғандарды біз келесі кестеде көрсетуге
тырыстық:
1- кесте

Біліктік
тұлғаның қасиеті

Біліктілік
қабілеттіліктің маңызды компоненті

Лингвистикалық
біліктілік-шетел
тілін сөз-ойлау іс
-әрекеті ретінде
қолдану даярлығы

Сөз біліктілігі- тіл
арқылы ойлауды
қалыптастыру және
тәсілдерді қалыптастыру
білімі

Дискурсивтік біліктілік-
қарым –қатынаста
дискурстарды
тудыру қабілеттілігі
Прагматикалық
біліктілік- қарым
–қатынас жағдаятында
коммуникативтік
мазмұнды жеткізу
даярлығы

Ойлау біліктілігі-
коммуникативті -ойлау
әрекетіне дайындық
Стратегиялық
біліктілік-
стратегия арқылы
қатынас жасау
қабілеттілігі

Ақпараттық біліктілік
– қарым –қатынастың
мазмұндық жағын
меңгеру

1.3 Лингвистикалық біліктілік – коммуникативтік біліктіліктің жетекші
компоненті.

Қазіргі лингводидактика шетел тіліне оқытудың басты мақсаты
ретінде коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруды көрсете отырып
лингвистикалық біліктіліктің де маңызын атап көрсетеді. Коммуникативтік
біліктіліктің маңызды бөлігі бола отырып лингвистикалық біліктілік шет
тілін сөз –ойлау әрекетінің құралы ретінде қолдануға даындық болып
табылады.
Кейбір әдістемелік еңбектерде лингвистикалық біліктілік ретінде
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық біліктіліктердің қалыптасуы
қарастырылады. Лингвистикалық біліктілік шет тілі формаларының дұрыс
танылуы мен қолданылуы. Ол өз ойын құру мен қарым –қатынас
серіктесінің ойын түсінуде тілдік формалар мен құрылымдардың
ережелерін білу және продукция мен рецепция мақсаттарында қолдану болып
табылады.
Лингвистикалық біліктілік, бқл ің алдымен, коммуникативтік әрекет
актісі ретіндегі сөз айтылымды құру және түсінуге қызмет ететін тіл
аспектілерін білу болып табылады.[30]
Қазақстандық әдістеме бқл мәселеде біраз тәжірибе жинақтаған,
тілдік, яғни фонетикалық, грамматикалық, лексикалық біліктіліктерді
қалыптастыру тәжірибесі бар, бірақ шетел ілінің лексикасы мен
грамматикасын меңгеру ғана маңызды емес, сонымен қатар лексикалық
бірліктерді тіл нормасына сйкес біртұтас, синтаксистік дұрыс құрылған
сөз айтылымға біріктіре алу іскерлігін меңгеру қажет. Шетел тілін
оқыту практикасында лексика – грамматикалық материалдың тіркесуі және
комбинаторкасы, сөз үлгілерінің синонимдік ауыстырылуы өзекті әселе болып
отыр.
Лингвистикада шек келтірілмей отырғандай, кез –келген сөз мағынасы
–бұл зат туралы жалпылама білім. Сондай –ақ сөз мағынасы –бұл
байланыстар жүйесі және дискурсивтік қарым –қатынастар, оларды сөз
қамтамасыз етеді және олар сөдің жағдаяттық мағынасына ықпал етеді.
Шетел тілі оқушының лингвистикалық біліктілігінде әртүрлі
дискурстерде бір сөздің семантикалық жылжымалылығы жайлы білім болуы
тиіс. Сөз семантикасы тіл диахрониясында ғана емес, синхрониясында да
жылжымалы, бұл лингвистикалықжәйт шетел тілін оқитын адамға белгілі
ьолуы қажет.[29;11]
Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыруда аса маңызды рөл алатын
лексикалық материалды меғгеру кезеңдері: танысу, бекіту және практикада
қолдану. Коммуникативтік тапсырмалар жүйесіндегі сөз жаттығулары басыңқы
орындалады. Әдіскерлер атағандай, лексикалық материалды белсенділендіруді
лексика –грамматиклық белсендіру деп атаған дұрыс, өйткені лексика
изоляцияланған түрде тек сөздікте кездеседі. Осылайша грамматика
лексикамен байланыстырыла оырып бірнеше рет жаттықтырылады.
Әдетте лингвистикалық біліктілік вербалдық ( мәтіндік негізде
дамытылады). Лингвистикалық материалды меңгерудің соңғы кезеңінде, яғни
сөз әрекетінде қолдануға шығу кезеңінде, вербалдық емес құралдар:
суреттер, фотосуреттер қолданылатын жаттығулар өте тиімді. Мұндай
жаттығулар лингвистикалық және ой болжамы механизмдерін дамытуда өте
тиімді болады.
Шетел тілі оқушы үшін лингвистикалық біліктілік шеңберінде
грамматикалық біліктілік аса маңызды, бұл яғни грамматикалық
элеметтерді білу және оларды шетел тіліндегі сөз әрекетінде қолдану
іскерлігі.
Лексикалық біліктілікке оқытқандай, грамматикалық біліктілікке
оқытқанда да тілдік материалды минимизациялау аа маңызды сондықтан да
грамматиканы ауызекі сөз грамматикасына және оқылым грамматикасына
бөлеміз. Жоғарыда айтылғандай, грамматикаға шетел тілі лексикамен
байланыссыз оқыту мүмкін емес, өйткені грамматика тілдік бірліктердің
мағыналық қатынатарын ұйымдастырудың және іске асырудың тармақталған
жүйесі болып табылады. Басқаша айиқанда, грамматика сөз бен сөзді
байланыстырады. Шетел тілі грамматкасына үйретуде әсіресе маңыздысы –
грамматикалық жаттығулардың шынайы коммуеикация жағдайларына жақын
болуы.
Э.Б. Иванюшина атап көрсеткендей, шетел тілі грамматикасы саласы
бойынша оқушының лингвистикалық біліктілігін дамыта отырып біз
оқушыда ана тілімен салыстырмалы түрде шетел тілінің грамматикалық
жүйесі жайлы ұғым қалыптастырамыз.[32]
Лингвистикалық (тілдік) қабілеттіліктер шетел тілін жеткілікті
меңгерудің, коммуникативтік дағдыларды дамытудың, тілдік интуицияны
дамытудың басты шарты болып табылады. Лингвистикалық қабілеттіліктер
вербалдық интеллектімен, яғни тілдік материал арқылы міндеттерді
шешумен тығыз байланысты. Шетел тілін меңгеру дегеніміз тілде
берілген ақпаратты өңдеу және өз әрекетін жоспарлау ( өңделген
ақпарат негізінде тілдік және тілдік емес әрекеттерді).
Лингвистикалық біліктілікті қалыптастыруда лингвистикалық
ұстанымдарды да ескеру маңызды.
А. Н. Щукин “оқыту ұстанымы” терминіне анықтама берді. Оқыту
ұстанымы –жалпы оқу процесіне және оның құрамдас бөліктеріне (
мақсаттарына, міндеттеріне, әдістеріне, құралдарына, ұйымдастыру
формаларына, оқыту процесіне) қойылатын талаптарды жинақтайтын
қағидалар, Оқыту ұстанымдары табиғи заңдылықтарды бейнелеу және
жалпылау болып табылады.[17;147]
Кейбір әдістемелі еңбектерде сипатталған лингвистикалық
ұстанымдарды қарастырайық.
Жүйелілік ұстанымы тілді әртүрлі деңгейдегі элементтерден
құралған, бітұтас болып біріккен жүйелі құрылым ретінде қарастырады.
Бұл ұстанымның сабақтарда іске асуы:

1. тіл бірліктері әртүрлі мағыналарды беру үшін
коммуникативтілік және функционалдық жақтарынан
қарастырылатындай жағдайда тілдің оқу мақсатындағы
суреттелуі;
2. оқушы санасында тіл туралы әртүрлі тілдік және сөз
элементтерінен құралған және оларды сөз әрекетінде қолдану
ережелерінен құралған біртұтас жүйе ретінде ұғым
қалыптастыру;
3. грамматиканы лексикамен тығыз байланысты оқыту, тілдік
бірліктердің қызмет ету барысында лексика –семантикалық
ерекшеліктерін табу;
4. морфологияны синтаксистік негізде оқу, қарым –қатынас
жағдаятына байланысты аяқталған сөз бірліктерін кіргізу.

Концентризм ұстанымы бойынша лекика –грамматикалықматериал бірнеше
рет қайталана отыратындай және біртіндеп тереңдетіле және дамытыла
отыратындай іріктеледі және таныстырылады. Бұл ұстанымды сақтай
отырып:

1. оқытудың бастапқы кезеңдерінен –ақ сөз қарым –қатынасына
қатысу мүмкіншілігіне байланысты коммуникативтілік пен
жоғары мотивация;
2. шамаға лайықтылықты, өйткені материал “жеңілден ауырға
қарай”, “ меңгерілгеннен жаңаға қарай” беріледі;
3. оқыту мазмұнын құрайтын тақырыптар мен жағдаяттар бойынша
сөз айтылымдар құру үшін жеткілікті;
4. сабақ мазмұнына сай бұрын өтілген материалды толықтыру үшін
ашықтықты қамтамасыз етеміз.
Тіл құбылыстарын тіл және сөз деңгейлерінде шектеу ұстанымына
қарай тіл және сөз аспектілері үшке бөлінеді: тілдік (тіл жүйесі),
сөз (тіл арқылы ой құру жолдары), сөз әрекеті (қарым –атынас процесі іске
асады). Жеке аспектілердің өзара әрекеттесу сипаты оқыту мақсатымен
кезеңіне қарай анықталады.
Функционалдылық ұстаным бұл сабақтарда тілдік материалдың сөз
айтылым мазмұнына сәйкес енгізілуі болып табылады. Практикалық курста
бұл ұстаным грамматикалық құбылыс формасы мен мағынасын бірге
қарастыруы арқылы көрініс табады. Тілдік маериал берілуінің екі жолы
бар:
a) жүйелілік –құрылымдық, мұнда материал логикалылық –мазмұндық
категория негізінде, яғни сөз айтылымының логикалық негізін құрайтын
синтаксистік қатынастарды (қызметтерді) ескере отырып енгізіледі;
б) функционалдық –мағыналылық, грамматикалық материал сөз айтылымның
мазмұнына (интециясына) сәйкес іріктеледі және беріледі. Функционалдық
ұстанымын іске асыру жолы оқыту мақсатына сәйкес таңдалады.
Стилистикалық дифференциация ұстанымы оқыту процесінде әртүрлі сөз
стильдеріне тән тілдік және сөз ерекшеліктерін ескере отырып
оқытудың маңызын білдіреді. Қысқа мерзімді курстарда басты назар
ауызекі стильге аударылады, қарым – қатынастың оқу және тұрмыс
салаларындағы сөз әрекеті меңгеріледі. Белгілі бір стильдегі мәтінді
таңдау, оның көлемі мен мазмұнын тереңділігі оқу мақсаты мен мерзіміне
байланысты болады. Оқушылар өз кәсіби дайындық мідеттерінесәйкес өз
таңдауларын түсіндіре алулары тиіс.
Тілді минимизациялау ұстанымы сабақтардағы тілдік және тілдік емес
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Жоғары буында ағылшын тілін оқытуда біліктілік-бағыттаушы амал
Жобалау мен шығармашылық
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Пәндер