Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және Саясаттану факультетінің Магистратурасы
Саясаттану кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған Қарғаев Қ. А.
“ ” 2007
Ғылыми жетекші Лұқпанов А. И.
ф. ғ. к., доцент
“ ” 2007
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі Иватова Л. М.
с. ғ. д., профессор
“ ” 2007
Алматы-2007
РЕЗЮМЕ
Феномен демократии в основном является выборы и его технологии. Институт выбора является основным определителем механизмов общества. Выборные технологии являются основным определяющим фактором института выборов. Названные механизмы, в Казахстанском обществе действует со дня приобретения независимости. В первые годы независимости обществу внедрялись новые понятий и одним из них являются понятия «выборные технологии». В условиях Казахстана выборные технологии считается одним из мало изученных тем. Поэтому эта проблема остается в поле зрении многих ученных.
И так выборные технологии это - совокупность приемов и методов который используется при борьбе за власть через выборы, чтобы получит больше голосов избирателей.
Тема выборных технологий меня интересует как и других ученых политиологов. Поэтому я выбрал эту проблему темой свой магистрской диссертации.
Целью исследования является дать новое определения понятию «выборные технологии» и «института выбора», на основе исследования зарубежных авторов.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4-10
1 САЙЛАУ ИНСТИТУТЫ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ НЕГІЗІН АНЫҚТАУШЫ ФАКТОР . . . 11-49
1. 1 Сайлау институты және оның технологиялары: мәні мен мазмұны11
1. 2 Сайлау технологияларының қалыптасуы мен дамуы36
1. 3 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің сайлау науқаны мен технологиялары44
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ИНСТИТУТЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 50-73
2. 1 Қазақстан Республикасы саяси жүйесіндегі сайлау институты мен технологияларының қалыптасуы мен дамуы50
2. 2 Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының қолданылуы мен дамуының өзекті мәселелері69
Қорытынды 74-79
Қолданылған әдебиеттер тізімі 80-83
Кіріспе
Қоғамдық саяси өмірде жетпіс жылдан аса үстемдік құрған кеңестік идеология, алып саяси жүйе КСРО ның ХХ ғасырдың аяғына қарай саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени тағы басқа дағдарыстарды, тоқырауды бастан кешіп нәтижесінде оның қоғамның бетінен кетуіне әкеліп соқты. Әлемның саяси сахнасынын жоғалуына әкеліп соқты. Бұл оқиға қоғамдағы болып өткен соңғы ірі оқиғалардың бірі болып тарих бетінен орын алды. Кеңестік жүйенің ыдырауы нәтижесінде қоғамдық саяси өмірдің бос қалған кеңістігінде жаңа саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Жаңа қоғамдар тарих сахнасынан орын алды. Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттердің алдында бұрынғы кеңестік жүйеден мұраға қалған саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени тағы басқа салаларды қамтитын проблемаларды шешу міндеті тұрды.
Қордаланып қалған проблемаларды шешу жолында бұрынғы кеңестік елдер қоғамда түрлі бағыттарды қамтитын реформалар жүргізе бастады. Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің басым көпшілігі қазіргі қоғам дамуының озық үлгісі, адамзаттың дамуының мақтанышына айналған идеялар жиынтығы болып есептелінетін «демократиялық қоғам» құру жолына қарай бұрылды. Бұрынғы кеңестік саяси жүйелер демократиялық саяси даму, нарықтық қатынастар жолын қалап алды. Басқа да елдер секілді, жалпы әлемдегі өз тәуелсіздіктерін алған мемлекеттердің көпшілігі секілді Қазақстан Республикасы да өркениетті даму жолына апаратын, негіздейтін демократиялық даму бағытын елдің, қоғамның болашақ дамуының кепілі ретінде басым бағыт деп таңдап алды. Демократиялық даму жолына түскен Қазақстан мемлекеті бұл жолда үлкен кедергілер мен қиыншылықтарға тап болды. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйеден қалған саяси, әлеуметтік, мәдени т. б. мәселелер, идеология, психология демократиялық мақсат жолына түскен Қазақстанның жолына кедергі болып табылды. Және кеңестік идеологиядан, психологиядан әлі де арыла алмаған халықтың мәселесі тағы да алдымыздан шықты. Кеңестік жүйеден қалыптасып, тамырын тереңге жайған рухани өмір, тұрмыстық ақуал, ауа -райы Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне үлкен кедергілердің бірі болып табылды. Жалпы алар болсақ кеңестік мұра басқа посткеңестік елдер секілді Қазақстанда да тамырын аса тереңге жайған еменге айналған болатын.
Дегенмен мұндай қиыншылықтар мен кедергілерге, ауыртпалықтарға қарамастан Қазақстан қоғамында барлық сфераны қамтитын үлкен ауқымдағы реформалар тізбегі басталды. Қазақ қоғамында демократия дәндері себіле басталды, демократия механизмдері орныға бастады. Социалистік базар нарқынан нарықтық қатынастарға біртіндеп көшу процесі басталды. Қазақстанның қоғамдық саяси жүйесінде демократияның принциптері, нормалары, ережелері болып табылатын көппартиялық жүйе, көппікірлік, түрлі ұйымдар мен қозғалыстардың жұмыс істеу еркіндігі, ой-пікір білдіру бостандығы, ар-ұждан бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, сайлау жүйесі, Парламент, тәуелсіз Сот билігі, адам құқықтарының қорғалуы, еркіндік, теңдік принципіне негізделген азаматтық қоғам институттары тағы басқа механизмдер орныға бастады. Сонымен Қазақстан қоғамы жаңа қоғамдық дамуға, коммунисттік кезеңнен демократиялық кезеңге көше бастады. Жаңа даму, жаңа өмір процесі басталды.
Демократиялық қоғам құруды басты бағыт-бағдар ретінде негізге алған Қазақстанда демократиялық институттар қалыптасқанымен оның механизмдерінің, функцияларының қалыпты жұмыс істеуіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбеді. Барлық мәселелер заңдық негізде шешімін тапқанымен әлі де болса шешімін таппаған мәселелер жетерлік деңгейде. Сондықтан демократия механизмдерінің жаңа қалыпқа енуі үшін атқарылар қызметтер жетерлік деңгейде. Жалпы алғанда Қазақстан тәуелсіздігін, дербестігін қалыптастырып, қоғамның барлық саласын жаңа заман дамуының жаңа талаптары негізінде қайта қалпына келтіріп жаңа мемлекеттілігін құру үстінде. Бұл мемлекеттілік 1991 жылдан қалыптасты деген ой туындамаса керек. Біздің мемлекеттілігіміздің түп тамыры өте тереңде. Дегенмен де саяси тәуелсіздігімізді 1991 жылдан ала бастағанымыз ақиқат. Саяси тәуелсіздік барлық тәуелсіздіктің атасы. Сондықтан да Қазақстанның қоғамның барлық саласын қайта құрып мемлекеттілігін қалыптастыру процесі қиыншылықпен жүзеге асты. Іштен де, сырттан да мемлекеттілігімізге қауіп тудыратын процестер болды. Байронның-“Бір мемлекетті құру үшін мың жыл да аздық етуі мүмкін, ал оны жоюға бір сағат та жеткілікті” дегеніндей мемлекеттілік құру процесі қиын, ал оны қорғай, сақтай білу механизмі одан да қиын міндет болып табылады.
Диссертация жұмысы тақырыбының өзектілігі. Тоталитарлық идеология жүйесінен шыққан Қазақстан демократиялық қоғам құруды, нарықтық қатынастар кезеңіне көшуді мемлекеттің, қоғамның дамуының ұзақ мерзімдік бағдарламасы, мақсатты тұғыр ретінде халықаралық қауымдастыққа жария етті. Бұл игі шаралар Халықаралық қауымдастық тарапынан қызу қолдауға да ие болды. Дегенмен Қазақстанның кеңестік жүйеге және кеңестік бұғауға дейінгі ресейлік патшалық жүйесіне тәуелділікте болуы яғни ұзақ мерзімдік тәуелділік кейпінде болуы Қазақстанның алға қойған мақсаттары мен мұраттарына жетуіне зор кедергі келтірді. Демократиялық қоғам құру идеясы Қазақстанда басқа посткеңестік елдер секілді аса қиыншылықтарға ұшырап, оның механизмдерінің баяу дамуына, қалыптасуына әкелді. Кеңестік идеология шеңберінен, психологиясынан шыға алмаған, әлі де болса тәуелді Қазақстанның саяси элитасы демократиялық институттардың дамуына жағдай жасамады. Әсіресе қоғамның саяси келбетінен, қоғамның дамуы бағытынан хабар беретін демократиялық механизм болып табылатын сайлау институтына мемлекеттік басқару жүйесі тарапынан аса көңіл бөлінбеді. Сайлау жүйесі жөніндегі мәселелер тек екінші орындағы мәселелердің қатарынан орын алды. Бұл түсінікті жағдай ретінде де көрсетуге болады. Өйткені Қазақстан қоғамында орасан зор өзгерістер тізбегі жүріп жатқан тұс болатын. Бұрынғы қалыптасқан қоғамдық саяси ойдан, пікірден, көзқарастардан, дамудан екінші саяси ойларға, пікірлерге, көзқарастарға, дамуға ауысу процесінің басталған ауыр тұсы болатын. Сондықтан демократияның негізгі феномені болып саналатын сайлау институтына және оның технологияларына жоғары деңгейде аса көңіл бөлінбеді. Қоғамның басқарушы элитасы 90-шы жылдардан бүгінгі кезеңге дейін тек алдымен «экономика-саясат» деген принципке сүйеніп барлық реформалар сол принципке сүйеніп келді. Өйткені сол уақыттағы қоғамдық жағдай, саяси ақуал талабы алдымен экономика болды. Ал бүгінгі қоғамдық саяси ақуал басқаша сипатта. Өткенгі мен бүгінгінің қоғамдық саяси ақуалдың арасында айырмашылық жер мен көктей арасында деп көрсете аламыз. Сондықтан қоғамның негізін анықтаушы механизмі болып табылатын сайлауларға аса көңіл бөлінген жөн. Бұл бүгінгі жағдайдың талабы болып келеді. Сондықтан қоғамды демократияландыру үшін ең алдымен сайлау механизміне баса көңіл аудару қажет. Ал сайлау механизмінің сәтті, табысты, жоғарғы деңгейде жұмыс істеуі үшін оның қолданылатын технологияларына аса назар аудару қажет. Яғни сайлау институтының демократиялық формада іске асуы оның технологияларының қалай жүргізілуіне де байланысты болмақ. Осы жағдайлардың барлығы қоғамда сайлау институтының, сайлау технологияларының терең зерттелуін, назарға алынуын, олардың қызметіне қандай факторлардың әсер ететіндігін, ыпал жасайтындығы жөніндегі мәселелердің және оның халықаралық қауымдастықтағы үздік түрлерінің зерттелуін қажет етеді. Дамыған елдердің сайлау механизмдерін Қазақстан саяси жүйесіндегі сайлау механизмімен салыстыра отырып саралауды, жүйелеуді, елдегі жүзеге асуындағы ерекшіліктерін айқындап, анықтауды қажет етеді.
Жалпы қоғамдағы соңғы болып жатқан өзгерістерге орай қоғамымызға жаңа сөздер, ұғымдар, терминдер қорын әкелді. Соның бірі “сайлау технологиялары” ұғымы болып табылады. “Сайлау технологиялары” ұғымы тек сайлау институтымен тығыз байланыста әрекет етеді. Қоғамдағы сайлау институтының жетілгендігінен, дамығандығынан сайлау технологиялары хабар береді. Сайлаулардағы қолданылған технологиялар-сайлау технологиялары болып табылады. Қоғамда сайлаулардың қандай көлемде, принципте өткендігін және сайлаулардың қоғамның талабына, тілегіне сәйкес дамығандығынан, жетілгендігінен сайлау технологиялары хабар береді. Қоғамдағы әрекеттегі басқарушы элитаның, қоғамның саяси мәдениетінің көрсеткіші болып табылады.
Жалпы алар болсақ сайлау технологияларының дамуын анықтаудың ерекше мәні бар деп атап көрсете аламыз. Өйткені, сайлау технологиялары қоғамдағы өмір сүретін алуан түрлі саяси, әлеуметтік т. б. топтардың, жеке тұлғалардың және сол қоғамның саяси нарқы жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Қоғамның саяси мәдениеті деңгейінен де хабар береді. Қоғамдық қатынастардың саяси мәдениеті қай бағытта?, қандай мөлшерде?, қандай деңгейде? жүріп жатыр деген сұрақтарға дер кезінде жауап беретін сайлау институты болып табылады. Ал сайлау технологиялары сол сайлаудың өзінің деңгейі қандай? деген сұраққа жауап береді. Сайлау институты қоғамдағы билікті алмастырудың өркениетті саяси технологиясы болып табылады. Яғни қоғамдағы басқарушы элитаның, қоғамдық саяси ортаның алмастырылуына, қалыптастырылуына негіз болатын, әсер ететін басты факторлардың бірі болып табылады. Қоғамдағы биліктің тиімді әрі дау- дамайсыз өтуі үшін сайлаулар әділетті түрде өтулері тиіс. Ал сайлау технологиялары бұл сайлау институтының негізгі көрсеткіші болып табылады. Сайлаудың әділетті түрде өтуі үшін ең бастылардың бірі ретінде сайлау технологияларына аса көңіл аудару қажет деген пікірдеміз.
Сайлау технологиясы сайлау науқаны барысында қоғамға беймәлім тұстардың бетін ашып көрсетудегі аса қажетті технологияларының бірі болып табылады. Яғни сайлау кезінде сайлауға қатысушылардың (үміткерлердің) белгілі бір ережелер, принциптерге, заңдарға негізделген сайлау технологияларын қолдануы барысында қарсыластарының қоғамға «тұманды» болып келетін тұстарын айқара ашып көрсете алады. Демек сайлау технологиялары қоғамда «тазалаушы» рөліне ие болып келеді. Сайлау технологияларының ең жетілген, дамыған түрлерін қолдануы арқылы адал, қоғам ұшін өз жауапкершілігін түсіне алатын, парасатты, мемлекетшіл, халықшыл үміткерлердің қоғамды басқару жүйесіне өтулеріне мүмкіндіктері бар. Қоғамның басқару жүйесіне таза емес адамдардың өтулеріне мүмкіндік бере қоймайтын механизмдерінің бірі болып табылады.
Тәуелсіздігін алғанына он алты жылға қараған қазіргі Қазақстан жүйесінде де демократия принциптері аталған қиыншылықтарға қарамастан орныға түсуде, даму үстінде. Соның ішінде сайлау институтының және оның технологияларының дамуы эволюциялық көлемде жүруде. Сайлау институты мен оның технологиялары Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаны тұсынан бастап қоғамға бірте-бірте ене бастады. Қазіргі уақытта сайлау мен оның қолданылатын технологиялары бір кезеңнен өтті. Бұл онбес жылдық кезең болып табылады. Енді сайлау технологияларының екінші кезеңі басталды. Бұл мәселе қоғамның негізін анықтаушы басты фактор болып табылатындығымен өзекті. Сондықтан аталған мәселе және оның қалыптасуы мен дамуы үрдісі біздің тәуелсіздігін алғанына көп уақыт өте қоймаған Қазақстан қоғамы үшін өте өзекті әрі өз шешімін таба қоймаған мәселелердің бірі болып табылады.
Диссертация жұмысы тақырыбының зерттелуі деңгейі. Қазақстан Республикасының саяси дербестігін қалыптастырғандығына он алты жылға жуықтады. Қазақстанның саяси тәуелсіздігін алған жас мемлекет ретінде, демократияның негізгі ірге тасы болып саналатын сайлау механизмі мен оның технологиялары тақырыбының зерттелуі деңгейі жас болып табылады. Сайлау институты мен сайлау технологиялары отандық зерттеушілердің, ғалымдардың зерттеу тақырыптарына тың тақырып болып табылды. Және бүгінгі уақытта бұл тың тақырып отандық зерттеушілердің зерттеу жұмыстарына негіз болуда. Жалпы Қазақстан қоғамында сайлау мәселесін қарастыра отырып сайлау технологияларына алғаш тоқталып өткен болып белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ермұханбет Ертысбаев болып саналады. Ол бұл мәселелер жөнінде өзінің “Генезис выборной демократии в современном Казахстана: проблемы и перспективы 1990-2000” деп аталынатын ғылыми зерттеу монографиясында тоқталып өтеді. [1] Сайлау технологияларына нақты тоқталып өткен ғылыми зерттеу жүргізген болып Шырын Құрманбаева болып саналады.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бастап демократия мен оның негізгі институттары, сайлау механизмі, сайлаулардағы сайлаушылар мәдениеті, мінез құлқы, сайлаулардағы баспасөздің рөлі, сайлауға азаматтардың қатысушылығы, сайлау мәдениеті, сайлаулардағы саяси партиялардың рөлі, әлемдегі сайлау жүйелері т. б. салаларына ғылыми зерттеу жүргізген, көңіл аударған отандық ғалымдар, зерттеушілер Е Ертысбаев, Е. Б. Саиров, Т Исмағанбетов, Л. Ф Адилова, М Машан, Ғ Ибраева, А Болатбаева, А Сапиева, Е. Ж Бабакуманов, С Байбеков, Л. М Иватова, Г. Ө Насимова, С. Ю Петренко, С Платонов, С. Т Сейдуманов, А. И Лаврентьев, Т Бекниязов, Г Нұрымбетова, Р Салықжанов, тағы басқа болып саналады.
Демократиялық саяси процестер мен олардың механизмдеріне, саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуы бағытында, Парламент, саяси жүйелер т. б. мәселерге көңіл бөлгендер, зерттеу жүргізгендер Ә. Н. Нысанбаев, Б Аяған, К. Н. Бұрханов, Л. А. Байдельдинов, И. Н. Тасмағамбетов, Д. К. Кішібеков, А. С. Балғымбаев, Л. С Ахметова, Ж. Х. Жүнісова, Е. М. Абен, А. В. Соловьев, М. Ж. Абдиров, К. Л. Сырожкин, Н. Ж. Байтенова, Р. Қ Қадыржанов, К. У. Биекенов, А. Х. Бижанов, С. З. Нарматов, Л. М. Иватова, М. Б. Мухамедов, Ә. Қ. Бәкір, М. Х. Қасымбеков, Н. Р. Жотабаев, Н. А. Қазбеов, Б Дәрімбе, Б Масатов т. б. болып саналады.
Демократия және оның механизмдері, сайлау жүйесі, саяси партиялар, Парламент, тәуелсіз Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлаулардағы рөлі және тағы басқаларды қамтыған ресейлік зерттеушілер, ғалымдар А. И. Ковлер, С. В. Устименко, А. А. Вешняков, В. Н. Амелин, А. А. Максимов, В. Я. Гельман, Р Агеев, И. Б. Левин, В. И. Борисюк, С. П Перегудов, А. Н. Балашова, М Кошелюк, А Цуладзе, А. А. Джаббасов, В Васильева, М Афанасьев, В. П. Даниленко, Г Голосов, А Постников, Г. Г Дилигинский, С. Ф Лисовский, А Кулик, А Салмин, В. Г. Мошняган, В Васильева және тағы басқалар болып табылады.
Демократия мен оның механизмдері, саяси процестер жөніндегі мәселелерді қозғаған, зерттеген шетелдердің ғалымдары, ойшылдары, зерттеушілері Р Арон, С Верба, А Токвилл, М Крозье, Ф Фукуямо, Г Алмонд, ш Монтесье, С Хантингтон, М Липит, Дж Колеман, Б Пауэлл, И Шумпетер, Р Даль, Дж Локк, Ж. Ж Руссо, Г Ласки, Д Трумэн, Е Фраэнкель, Б Констан, Н Лумканн, К Дойч, Э Лейкман, О Доннель, М Оукешоут, Р Нойштадт, Ж Сегал, Р Мерфин, тағы басқа болып келеді. Ал партиялар мен оның қалыптасуы тағы басқа мәселерді зерттеген, көңіл аударған Дж Паломбары, М Вейнера, М Дюверже, К Бейме, Ж Шарло, Дж Сартори, Р. Ж. Шварценберг, Холкомбам, Энштейн, Н Макиавели, Дж Ламбард және тағы басқа саналады.
Диссертация жұмысының негізгі мақсаты. Қоғамдағы сайлау институты мен оның технологиялары жөніндегі әдебиеттерге, оқулықтарға, еңбектерге, ғылыми зерттеу жұмыстарына шолулар жасай отырып және халықаралық деңгейде өз орнын тауып басқа аймақтарға, тараптарға үлгі болып табылған саяси жүйелердің тәжірбиелеріне көңіл аударуды жөн көрдік. Сайлау институты мен сайлау технологияларының анықтамаларына, ұғымдарына, мағыналарына тоқтала отырып өз тарапымыздан жаңа тұжырымдама жасау мақсаты қойылды. Қазақстанның жас дербес мемлекет ретіндегі қалыптасып жатқан орнын негізге ала отырып, зерттеу жұмысының негізін, мәселесін кең түрде ашу мақсатында халықаралық қауымдастыққа танымал болған сайлау институты мен сайлау технологияларының негізгі орталықтарына және оның Қазақстанның сайлау жүйесімен салыстыра отырып саралауды жөн көрдік. Халықаралық қауымдастыққа танымал сайлау жүйесінің Қазақстандағы бейнесін алу мақсаты қойылды.
Диссертация жұмысының негізгі міндеттері. Зерттеу жұмысының міндетін кеңірек ашу мақсатында мәселелердің рет-ретімен қойылуын жөн деп таптық. Мәселелер тізімдеме бойынша мынадай болып құрылады:
1. Сайлау институты мен технологияларының дамуы мен қалыптасуының алғышарттары;
2. Сайлау институты мен сайлау технологиялары ұғымы, мәні, мағыналарына шолу жасай отырып оларды жаңадан жүйелеу;
3. Сайлау институты мен сайлау технологияларының атқаратын қызметтері; (функциялары)
4. Сайлау институты мен сайлау технологиялары жүйесінің дамыған орталықтары болып есептелінетін шетелдің демократиялық саяси жүйелеріне тоқталу;
5. Қазақстандағы сайлау институты мен технологияларының даму ерешіліктерін көрсету;
Сайлау институты мен технологияларының электораттың мінез құлқы мен жүріс тұрысына әсер етуі мен ықпалын зерттеу;
6. Демократия мен сайлаудың өзара әрекеттесуі мен қарым қатынасына тоқталу;
7. Сайлау институты мен сайлау технологияларына саяси жүйенің әсері мен ықпалын зерттеу;
8. Посткеңестік мемлекеттердің сайлау институттары мен технологиялары мен оған қоғамдық жағдайдың ықпалы мен әсерін зерттеу;
9. Қазақстан саяси жүйесіндегі сайлау институты мен сайлау технологияларына әлеуметтік, саяси, қоғамдық жағдайлардың әсері мен ықпалын ашып көрсету;
Диссертация жұмысының негізгі деректемелік көзі болып саяси процестерді, демократиялық жүйелерді, әлемдегі қалыптасқан сайлау жүйелері мен сайлау технологиялары, демократия мен сайлаулардың өзара қарым қатынасына тоқталған, зерттеу жүргізген алыс, жақын шетелдік және отандық зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектері, монографиялары, зерттеу еңбектері, теориялар және БАҚ беттерінен, ғылыми журнал беттерінен жарық көрген ғылыми мақалалар, ой-пікірлер, көзқарастар, ұстанымдар болып табылады. Және интернет беттерінде көрініс тапқанғылыми зерттеу, статистиалық мәліметтер, деректемелік материалдар тізбегі құрайды. Сондай ақ дамыған демократиялық саяси жүйелердің сайлау институттары мен технологиялары, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің сайлау мәселесін қамтитын заңдары, нормалары, ережелері, Қазақстан Республиасының сайлау заңдары мен нормалары, мемлекет басшысының еңбектері, Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері, бақылаушы топтардың, ұйымдардың сайлау науқаны жөніндегі талдау материалдары құрайды.
Диссертация жұмысының негізгі обьектісі негізінен әлемдік қауымдастыққа танымал және үлгілі модель ретінде сипатқа ие дамыған демократиялық батыс елдерінің сайлау институттары мен сайлау технологияларының тәжірбилері және саясат сахнасына ресми түрде көтерілген бұрынғы кеңестік елдердің қалыптасып жатқан сайлау институттары мен сайлау технологияллары және Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау науқанында қолданылатын технологиялары болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz