Тұрлан геофизикалық экспедициясы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
АНДАТПА
Дипломдық жобада Ақтөбе облысында орналасқан Егізқара алаңы бойынша жиналған материалдар, осы алаңның мұнай және газ іздеу жұмыстарының геологиялық, техникалық және экономикалық бөлімдерін жазуға негіз болып отыр.
Жобаланған алаңның өнімді қабаттары жоғарғы пермь түзілімдерімен байланысты.
Зерттелу алаңында жобалық тереңдігі №1 ұңғыма 1800 метрге дейін, №2 ұңғыма 3000 метрге дейін және №3 ұңғыма 2200 метрге дейін үш ұңғыма салу ұсынылып отыр. Жобаланған горизонт VI
С 3 категориясы бойынша есептелген болжамдық алынатын мұнай қоры 21705832 тонна.
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на нефть и газ, основывается на геолого-геофизические материалы, собранные по площади Егизкара, расположенной в Актюбинской области.
На проектируемой площади продуктивны верхнепермские отложения.
Проектируется заложение трех поисковых скважин, с проектными глубинами №1 скважина до 1800 м, №2 скважина до 3000 м, №3 скважина до 2200 м. Проектный горизонт VI.
Предполагаемые извлекаемые запасы 21705832 тонна, запасы подсчитаны по категории С 3 .
КІРІСПЕ
Қазақстан мұнай мен газдың қоры бойынша бай мемлекеттердің қатарына жатады. Өлкеміздің басқа мұнайлы - газды алаптарымен қатар, Каспий маңы ойпатының территориясындағы мұнай мен табиғи газдың геологиялық барлау жұмыстарын жеделдету мақсаты алға қойылған. Оның негізгі перспективасы тұзүсті және тұзасты палеозой және мезозой кешендерімен байланысты және бұл кешендерге мұнай қорының айтарлықтай үлесі тиеді. Егізқара құрылымы тұзүсті кешенінде орналасқан.
Тұрлан геофизикалық экспедициясы Каспий маңы ойпатының шығыс ернеумаңы бөлігі, әсіресе Ақтөбе - Астрахан күмбезінің іргетасында 1987 ж бастап сейсмобарлау жұмыстарын МОГТ жүргізген. Алдымен сейсмикалық зерттеулер тербелісті жарылыс көзін пайдалану арқылы тудырған, кейін сонымен қатар жармайтын құрылғы СВ-5150-ді пайдаланған. Диплом жобасы сейсмикалық материалдардың көмегімен құралған. Онда сейсмикалық толқындарды жаратын және жармайтын әдістермен тудырған.
Әкімшілік тұрғыда жобаланып отырған алаң Ойл ауданы, Ақтөбе облысында орналасқан. Бұл диплом жобасын құрастыруға ертеректе жүргізілген іздеу жұмыстары негіз болды. Осы процесте тұзастындағы Жақсымай, Шелекті және тұзүстіндегі Кенжалы, Жаманағаш локальді антиклинді кұрылымдары мұнай мен газ шоғырларын іздеуде тәжірибелік қызығушылық тудырды.
Шелекті с/п 7/91-92 жобасы бойынша МОГТ сейсмобарлау жұмыстары вибросейсмикалық әдіс негізінде жүрген. Осы жұмыстардың негізгі мақсаты локальді Шелекті мен Жақсымай тұзасты құрылымдарының шағылу горизонттарын анықтау және терең мұнайгазды іздеу, бұрғылау жұмыстарына беру.
" 1986 - 1990 жж. және 2000 жылға дейінгі кезеңде ТМД - ның негізгі бағытта экономикалық және әлеуметтік дамуында" елдің жаңа ірі мұнайшығару кешенінің біріктілуі алдын ала ескеріледі, өзінің мағынасы бойынша тең Батыс-Сібір, ашық базада Каспиймаңы ойпатының аймағында Астрахан, Тенгиз, Қарашығанақ және Жаңажол кенорындарында. Осылармен байланысты Каспиймаңы ойпаңыңда геологиябарлау жұмыстарының көлемінің елеулі өсуі алдын ала қарастырылады.
Cоңғы болжамды бағаларға сәйкес бұл ауданның жоғарғы болашағы бар мұнайгаздылығы Қарашығанақ, Жаңажол, Кеңкияқ, Урихтау және т. б. аудандарында мұнай және газ кенорындарының ашылуымен тұжырымдалатын, бортты аймақтардың тұзасты түзілімдерімен байланысты.
Көмірсутектердің негізгі қорларымен келтірілген карбонатты түзілімдер бірінші ретті объектілер ретінде қарастырылады.
Турлан геофизикалық экспедициясымен МОГТ және ОГИ МПВ сейсмобарлау жұмыстары орындаған, ауданның карбонатты түзілімінің кеңінен дамуы Темір кенорнының фундаменті болып табылады.
Сонымен бірге қосымша пермь - триас түзілімдерін сипаттайтын “D” шағылу горизонтының құрылымдық картасы, VI - тұздың таралу картасы тұрғызылған. Алаңның перспективтілігі түзілімдердің тұзүсті кешенімен, юра түзілімдерімен байланысты.
Бұл дипломдық жобада 3000 м-ге дейінгі 3 ұңғымаларды бұрғылау көзделіп отыр.
Бұрғылаудың мақсаты - пермь шөгінділеріндегі мұнай мен газ шоғырларын анықтау, осы ашылған қимадағы мұнай мен газдың перспективасын айқындау, литологиялық - стратиграфиялық қима және жыныстардың жинауыш қасиетін зерттеу.
Бұл алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұнай іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайтуға көмектеседі және бұл аймақ бойынша жоспарланған мұнай мен газ қорларының өсуіне жол ашады.
Диплом жобасын құрастыруға диплом алдындағы өндірістік практикада және геологиялық фондыдан жиналған мәліметтер негіз болды.
1. Геологиялық бөлім
1. 1. Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары
Әкімшілік қатынастарда жұмыс ауданы Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында орналасқан.
Жұмыс жасайтын аудан негізінен далалық аумаққа жатады. Аумақ өзеннің жағалауларындағы жыра сайларында тоғайлы бұталар мен шөпті өсімдіктер кездеседі.
Ауданның гидрогеографиялық жағдайы негізінен Ойыл өзенімен көптеген жыралармен ағатын Қиыл, Қайынды т. б. өзендермен байланысты, сейсмикалық профиль жұмысын жүргізген кезде, үлкен ауытқулар алып келеді.
Ауданның жергілікті рельефі - негізінен жазық тегістік далалық, жиелілі, сайлы аралық. Абсолюттік биіктіктер батысында 160м. ал периферилік аумақтың шығыс бөлігі +190м.
Аудан климаты - кенет континентальды, жазда құрғақ ыстық және қысы қатал, ауа температурасы жазда +40° С, ал қысы -35° С, қатты желдері солтүстік тен оңтүстіке қарай бағытталған. Жауын - шашынның орташа жылдамдық мөлшері 150-230мм, әсіресе күзгі - қысқы кезеңдер көп болады.
Жергілікті тұрғындардың негізгі айналысатын шаруашылығы болып мал шаруашылығы және егін шаруашылығы табылады. Аудандағы көптеген жерлер егін шаруашылығына бағытталған.
Жұмыс ауданының территориясындағы елді мекендер: Ойыл, Саралжын, Қараой, Қараталда орналасқан, олар өзара асфальті және топырақ жолдар арқылы байланысқан. Техникалық сумен жабдықтау үшін Ойыл өзенінің суын пайдалынылады, ал ішетін суды тасиды
1. 2 Геологияалық-геофизикалық зерттелуі.
Жұмыс ауданы кең геолого-геофизикалық зерттелген тіректі, параметрлі және терең, құрылымды - іздестіру бұрғылауымен геологиялық түсіру масштабы 1:2 аэрофототүсіріліммен гравиметрикалықпен, аэромагниттік түсірім масштабы 1:2, 1:1 және 1:5, модификациядағы ТТ, МТЗ, ЗСТ электр барлаумен МОВ, КМПВ, МРНП, ГСЗ және МОГТ, космо түсірумен зерттелінген.
Геологиялық зерттеулер.
Бұрынғы орындалған геологиялық зерттеулер бойынша мағлұмат кестеде көрсетілген.
Осы кезде бүкіл қарастырылып отырған территория геологиялық түсіру масштабы 1:2 жабындалған ( Садовникова Т. К., Белкин О. А. және т. б. ) . Әртүрлі жылдары ойыстың әртүрлі бөлігінде геологиялық түсіру масштабы 1:5 өткізілген ( Журавлёв В. С., Тунгатаров К. Б., ВдовиченкоЕ. В., Кравчук В. Н., Жаденов В. Д. және т. б. ) .
1967-1970жж. Телсу, Шыңғыс, оңтүстік Шыңғыс, Құбасай бекет мұнай және газ алаңдарында құрылым іздестіру бұрғылау жұмыстары және 1970 жылы оңтүстік Шыңғыс алаңында карталау бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
1968 - 1971жж. «Казмұнайгазбарлау» басқармасымен Гурьев облысының Кенен, Шағанкөл, Қуылчинский аумақтарында және Сауырбай, Ойыл құрылымында және Ақтөбе облысының Байған аудандарында карталық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындылары арқылы геологиялық масштабы 1:5 картасы құрылды, 1990 ұңғымалары бұрғыланды, орташа тереңдігі 203м.
1979-1980 жж. Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы Қаракемір Қосбатыр алаңында тереңдігі 370-870м., жалпы метражы 23565м., 35 ұңғымалары бұрғыланды, Жұмашев И. Е. және т. б. геологиялық масштаб 1:25000 картасы құрастырылды.
Геологиялық түсіріммен және карталық бұрғылаумен тұзүсті шөгінді жыныс кешені зерттелді. Тұзасты түзілімнің мұнайгаздылық болашағы бар екендігі туралы мағлұматтар көрші аудандағы терең іздеу бұрғылау жұыстарынің нәтижесінде параметрлік ұңғымаларда алынған. Осыған байланысты тұзасты түзілімінің құрылымы негізінен геофизикалық соның ішінде бірінші орында сейсмобарлау нәтижелерінде көрсетілген ( аумақтық профилдер МОГТ, КИПВ) .
1960-1970жж. Жүргізілген негізгі геолгиялық - геофизикалық жұмыстар кешені құрылымдық жағдайдағы мұнай газ жиналымдары туралы растайды. Құрылымдық іздеу бұрғылау жұмыстар нәтижесінде триас, юра, бор түзілімдерінен көптеген мұнай газ белгілері байқалды.
Геофизикалық зерттеулер .
Каспий маңы ойысында мұнай және газ кенорындарының геофизикалық барлау және іздеу әдістері 1930 жылдың басынан бастап қолданылады. Алғашқы кездері гравиметриялық, магнитометрикалық, сейсмикалық және электробарлау зерттеулері шектеулі мұнай кәсіпшілік аумақтарында, сондай - ақ бағыттарға тән болады.
1960 жылдан бастап өндірумен ғылыми зерттеулер ауқымды жоспар базасында және өндірістік ұйымдарда, жоспарлы геофизикалық зерттеулер жұмыстары басталды.
Магниттік барлау және аэромагниттік түсіру.
Жұмыс аудан шегінде әртүрлі масштабтағы жерде және аэромагнитті қима және алаң түсірулері жүргізілді. Магниттік алаңға негізінен кристалды іргетас жыныстары әсер ететінін анықтаған, анамальды аймақ картасы. Осыған байланысты магнитомерия материалдары қолданылды, негізінен тектоникалық аудандастыру территориясы үшін - тұзды күмбезді аймақтардың ірі тектоникалық элементтердің және т. б., жалпы жобасы немесе нұсқасын бөліп шығырғын. Аэромагниттік барлау әдістері Каспий маңы ойысының іргетас жасының және заттық құрамын анықтау мүмкін болды.
Электро барлау.
Каспий маңы ойысында алғаш рет электро барлау жұмыстары 1929-1934 жылдары ВЭЗ әдістері арқылы тұзды күмбез морфологиясын түзүсті қалыңдықта түсірілісін зерттеу мақсатында бөлек аймақтарда жүргізілді.
50 жылдар аяғында теллурлық тоқтар және магнитотеллирикалық - МТЗ әдісі енді. ТТ модификациясын қолдану негізінде 1, 5 -2. 0км. дейін тереңдікте құйылған шөгінді - галогенді бетінің рельефі туралы сапалы көрсеткішке әкеп соғады. МТЗ көмегімен 10-18км дейін тереңдіктегі тұзасты түзілімдердің бетін қадағалайды. Белгілі мұнайлы құрылым алаңдарында ( КЕНКИЯК, ҚҰМСАЙ ҚАРАТӨБЕ және т. б. ) ВЭЗ-ВП әдісі қолданылады. Сонымен қатар мұнайгаздылы контурларынан алынған аномалиялық басымдылық фоны 1, 5 - 1, 7 есе көп, осы әдіс негізінен мұнайды тіке іздеумен куәландырады.
Гравибарлау.
Алғаш рет гравиметриялық жұмыстар 1930 жылы Мортук алаңында жүргізілді. 1952 жылы Каспий маңы ойыс территориясында гравиметрикалық түсіру масштабы 1:2 қамтиды, изоаномаль жармасы - 4 мгл. ( Тушканов А. ) . Нәтижесінде үлкен мөлшерде минимумды ауырлық күші айқындалған, тұзкүнбез көтерілімімен сәйкес келеді.
60 - жылдары Каспий маңы ойысының шығыс бөлігі жармасы 2 мгл түсіру масштабы 1:2 жабылып түсті ( В. А. Найденов, Н. А. Попов және т. б. ) . Қазіргі уақытта есеп беру жұмыстарындағы бүкіл алаң ауқымды түсіру масштабы 1:5 жабылып түсті.
Гравиметрикалық зерттеулер Каспий маңы ойысының геологиялық құрылуын зерттеуіне үлкен үлес қосты және олардың нәтижелері аумақтардың сонымен - қатар құламалы беткейлерді және тұзды денелердің морфологиясын зерттеу барысында іздеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Каспий маңы ойысының гравитациялық алаңы магниттікке қарағанда үлкен дифференциясымен өзгешеленеді және жағымсыз ауырлық - күші маңызды басымшылықпен, көптеген жабық локальды аномалиге сипатталады. Каспий маңы ойысы шығыс бөлігінің гравитациялық алаңының жағымсыз фонында аумақтың Хобда ауырлық - күші максимум түрде нақты оқшауланады, ол оңтүстік - шығыстан гравиатациялық көтерілімімен шектеледі.
Сейсмабарлау.
Каспий маңы ойысында сейсмабарлау қолдану барысында үш кезеңді бөліп шығаруға болады. Бірінші (1931-1969жж) бірдей жүйелерді бақылау МОВ және МПВ - ні қолданумен сипатталады, олар дөңбек күнбездің бөлігінің тұзды күнбез құрылымын ғана жарықтандыруды қамтамасыз етті, ал төменгі бөлігінің тұзүсті қалыңдығын және тұзасты түзілімдері тіпті жарықтандырылмай қалды. Жұмыс ауданының тектоникалық құрылымы жалпы сипатта зертелді.
1965 - 1969 жж. аралығында сейсмабарлаудың тиімді елеулі артқанын сипаттайды, МОВ, МРНП арқылы Ақтөбе Орал маңы тектоникасының қиын жағдайында қолдану барысында геологиялық қима детальды түрде жарықтандыруға әкеліп соқты, бірақ жұмыс нәтижесі маңызды емес. Бір мезгілде МОВ - тың әдістемесі және техникасы дами бастады.
МОВ - МРНП іздестіру түсірулер әртүрлі ұжымдар қатар 1957 жылдан бастап КМПВ, МОВ, МРНП аумақтық жұмыстар жүргізіле бастады. Осының нәтижесінде кристалданған іргетасты және тұзасты түзілім бетінің құрылысы туралы деректер алынды ( Пилифосов В. М., Смирнов О. К., Комаров В. Н. және т. б. ) .
КМПВ аймақтық жұмыстары Мингео КазССР бөлімшелері - ИГФЭ, ТГФЭ, АГФЭ күштеп орындатқызды, тресто "спецгеофизика" ВНИИ Геофизика КМПВ толқынды алаңының күрделілігі, әдістемесіндегі материалдарының интерпретациялығына әр түрлі ұйымдардың ерекшелігіне себеп болды.
Әртүрлі жылдары қарастырып отырған аудан туралы жиналған материалдар КМПВ, МОВ, МОГТ арқылы жинақтау және олардың біріңғай әдістеме бойынша интерпретация жүргізілді ( ЖалибинФ. И. 1969ж; Чистяков В. Г. 1976ж; Волож Ю. А. 1980ж. ) . Осы жұмыстар нәтижесінде рельефтің үстіңгі іргетасының кестесі құрастырылған. Іргетас бойынша мағлұмат дифференциалды рельеф және ондағы кеңінен дамыған тектоникалық өзгерістер байқалған. Іргетастың ауытқу тереңдігі 7 - 21 метр шегінде өзгереді.
Екінші кезең (1970-1980жж. ) сейсмобарлаудың дамуында сапалы жаңа кезең сипатталады. Сейсмостанциямен қатар " Поиск " деген магнитті аралық жазу бар және аналогтық жабдықтардағы машинді тәсіл арқылы далалы материалдарды өңдеу ( ПСЗ-2, ПСЗ-4) .
1973-1974 жж. бастап сейсмобарлаудың жаңа әдістері енгізілді (МОГТ, ВСП және т. б. ), яғни атылмайтын желіктің қайнар көзі. Далалы материалдарға өңдеу күрделінген прцедураны қолдану арқылы сандық есептеуіш машиналарында жүргізеді. Күрделінген әдістеме бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ауданның тереңдік құрылысы анықталған, тұзасты көтерілімінің локальды қатары осының шегінде көрсетіледі. Сондай-ақ құрылымдық құрылыс 3 - 4 тұзасты горизонттары бойынша жүзеге асырылады.
Үшінші кезең 1980 жылдан бастап сейсмобарлау жұмыстары заманға сай сандық сейсмопикеттерді практикаға қарқындылықпен енгізу деп сипатталады ( СЦС-3, "Прогресс" ) . Бұл МОГТ ақпаратты нәтижелі материалдарды ЭВМ де күрделі процедураларымен өңдеуді қолдануды айтарлықтай көтеруге септігін тигізді. МОГТ нәтижесі жалпы жоғарғы қазіргі заманға сай тиімді техникалық - әдістемелік амалдардың тұзасты түзілімдердің зерттеуін куәландырады.
Геофизикалық жұмыстар туралы материалдардың жиналу шегінде жинақтау және олардың біріңғай әдістеме интерпретациясы жүргізілді. ( Огай Б. А. 1988 ж; Гущин Е. С. 1985 ж; Комаров В. Н. 1987ж) .
1976 жылдан бастап 1987 жылдар аралығында әртүрлі ұйымдармен Каспий маңы ойысының орталық және щығыс бөлігі шегінде МОГТ аймақтың профильде 7302с. км. өңделді, сонымен қатар есеп беру алаңда A - IV, V, VIII, XI, XII, XIII профилдері. Осы жұмыстардың нәтижесі бойынша П 3 горизонт бойынша ірі көтерілімдердің бар екенін мақұлданды ( Темір, Жарқамыс, Еңбек, Қоскөл, Қобланды ), карбонаттық түзілімнің қайрандық түрдегі және шекарадағы көп тараған тереңдік депрессиалдық жағдайдағы түзілімдерді, даму алаңның шекаралары бекітілген. Ірі құрылымдар ұзақтығы және өсиетке алынған даму шегінде мұнайгаз жиналымдар белдемінің бар екенін анық көрсетеді.
1979-1980 жылдары Гурьевтік ГФЭ субмеридиандық бағыттағы Биікжал - Құбасай ( профилі 01) Каспий маңы ойысының шығыс бөлігі шегінде екі МОГТ региональды профильдері өңделді. Ол есеп беру алаңының батыс бөлігі бойынша қиып өтеді, және субкөлденен бағыттағы Молдабек - Санқыбай ( профиль 04) . 1983 жылы Оралдық ГФЭ XIII региональды профиль бойынша МОГТ жұмыстары жүргізілді, ол шығыс бортына шығатын Г-1 Қобыланды ұңғымасы арқылы субкөлденен бағытта өтеді. A-XIV профилі арқылы субмеридиональдық бағытта өтеді, ол УГФЭ ( с\п 86 - 87 ) партиясымен өңделеді. 1984 жылы ( ГЭПР ) НПО " Нефтегеофизика " іздеу жұмыстарымен айналысатын геофизикалық экспедициясы К-3 профилі бойынша ( МОГТ ) регионалды жұмыстары жүргізілді, ал 1985-1987 жж. бұл экспедиция арқасында ГСП Шалқар - Волгоград регионолдық профилі бойынша МОГТ жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңде ГЭПР IX НГ, профилін өңдеді, ал солтүстік - батыстан солтүстік бортқа кесіп өтті, яғни Каспий маңы ойысы Қарашығанақ мұнайлы кенорындары ауданына шығатын А-IX профилін кесіп өтті.
Сейсмикалық жұмыстары арқылы жүргізілген әдістемесі 1986 жылдан бастап күрделене түсті. Жұмыстар флангты түрде де ( ГПЭР, АГФЭ), сондай - ақ орталық жүйелермен жүргізілген. Тіркеу ұзақтығы 8 - 10 сек. ( ГЭПП, АГФЭ ) .
1989-1991жылдардан бастап Іле геофизикалық экспедициясымен сейсмобарлау жүргізілді, ол іздеу - сипатталады, құрылымдық картасы және сызбасы құрылды, онда 2 - 4км арқылы профилдер желісі, ал бөлек реконосцирондық профилдері бойынша (9001, 206, 9001206 А ) тек сейсмогеологиялық қималар құрылды.
1991-1993 жылдардан бастап Алматы геофизикалық экспедициясымен Каспий маңы ойысының орталық бөлігінде Ойл ауданында МОГТ сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді. Орындалған жұмыстар нәтижесінде Ойл аумағының тереңдік геологиялық құрылысы анықталды; онда болашағы бар мұнайгаздылы түзілімдердің 9 объектісін, 10 объектісінің деталін анықталды. Орындықты объектісі іздеу бұрғылыуға дайындалды. Алынған нәтижелеріне қарай Ойл ауданын болашақта зерттеуге кепілдеме берілді.
Егізқара құрылымында МОГТ сейсмобарлау жұмыстары негізінен 162 км, көлемінде жоба алаңның периферий бөлігі бойынша жүргізілді, сонымен қатар ауқымды түрде гравибарлау жұмыстар масштабы 1:5 және жоғарғы анықталған аэромагниттік масштаб түсіру 1:5.
1. 1 Кесте. Ауданның геологиялық және жалпы геофизикалық зерттелуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz