Төрелік шешім


Жоспар

Кіріспе. 2

  1. Шетелдік төреліктер шешімінің түсінігі

1. 1. Ішкі және шетелдік төреліктердің шешімдерінің түсінігі мен айырмашылығы. . 6

1. 2. Төрелік шешімдегі азаматтық құқықтық қорғау құралдарының ұғымы мен түрлері. 15

1. 3. Төрелік шешімнің жарамдылығының ұғымы және оның салдары. . 23

2. Нью-Иорк конвенциясы бойынша төрелік шешімді тану және орындау тәртібі.

2. 1Шетелдік төрелік шешімді тану мен орындау тәртібі………. 28

2. 2. Тану мен орындау ұғымы. . 33

3. Қ. Р. заңнамасы бойынша төрелік шешімді тану және орындау тәртібі.

3. 1. Төрелік шешімді тану мен орындаудағы ұлттық заңнамалық мәселелер. . 56

3. 2. Аралық соттардың шешімдерін тану мен орындаудың ұғымы мен процессуалдық ерекшеліктері. 61

3. 3. Аралық соттардың шешімдерін тану мен орындаудағы мемлекеттік соттардың құзіреті. . 67

3. 4. Аралық сот шешімін атқарудың ерекшеліктері. . 72

Қорытынды. 80

Нормативтік актілер. . 87

Соттық статистикалық мәліметтер . . . 89

Ғылыми әдебиеттер . . . 90

Кіріспе

Соңғы он жылдықта Қазақстан Республикасында көптеген жаңа Заңдар түрлері қабылданылуда, соның ішінде ең өзекті де маңыздысы Қазақстан Республикасының Конституциясы, соның ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ҚР АК) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңы, Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңы. Қабылданылған заң актілері аралық соттар мен халықаралық төреліктердің ақиқатты түрде субьективтік құқықтарды қорғау механизмімен заңды түрде азаматтар, ұйымдар және олардың бірлестіктерінің мүдделерін қорғайтындай болуын қажет етеді. Сонымен қатар сот ісін жүргізу мәселелерін қарастыратын заңдар да қабылданды.

Мысалы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне заңмен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» Азаматтық іс жүргізу кодексі және Қылмыстық іс жүргізу кодексі т. б.

Юриспруденция ғылымында аралық соттар мен төреліктер туралы оқу, көптеген ғалым цивилист - іс жүргізушілердің зерттеу жұмыстарында қарастырылатын мәселелердің бірі болып табылады. Аралық соттар мен төреліктер туралы пайымдау теориялық қарама-қайшылықты туғызатын мәселеге жататынына қарамастан, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің түпкі және маңызды көздейтін мақсаты - құқық қорғау және азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғайтын заң түрі болғандықтан, талап қою құқығы институтында өз ғылыми және тәжірибелік мағынасын төмендетпейді.

Әр азамат, ұйым, өндіріс, мекеме, күллі мемлекеттің мүддесін заңды түрде қорғайтын, тиісілі құқықтарымен қамтамасыз ететін және де заңға тарту іс әрекетіне қатаң түрде қойылып отырған қоғамдық талаптардың өсуіне байланысты, әсіресе қоғамда болып жатқан өзгерістер кезінде сот органдарының қызметі өте маңызды болып табылады.

Демек, аралық соттар мен төреліктер, шешімдерінің орындалуының мәселері туралы білім алу - бір жағынан азаматтар мен ұйымдардың мүддесінің заңды түрде қорғалатындығын және азаматтық құқықтың іске асатындығын, екінші жағынан азаматтық іс жүргізу бойынша әділ соттың нәтижелілігінде позитивтік көрініс табатын тамаша сот ісін жүргізудің қорытындысын анықтайды.

Осылайша пайда болған проблеманың теориялық құндылығы түсінікті болады. Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанда тұратын азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтары заңды түрде , оның практикалық маңыздылығын да түсіну қиынға соқпайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша талап қою институтының зерттелуі мен анықталуы үлкен тәжірибелік маңызды нәрсе болып табылады. Құқық және заңды мүдделерді қорғау ісін орындауға байланысты ғылыми зерттеулердің бір қорытындыға келмеуінің әсерінен соттық реформаны іске асыру барысында қайшылық пайда болуы мүмкін.

Аралық соттар мен төреліктер мәселесінің рөлі мен маңыздылығы туралы, шешімдерінің орындалуының мәселері туралы айтылған ақиқат - Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша зерттеу жұмысының тәжірибелік және теориялық мағынасын ашу керектігін ұйғартады. Диссертациялық жұмыстың тақырыптық маңыздылығының тезисі осындай мәселелерге байланысты құпталады.

Ғылыми зерттеу бойынша проблеманың жағдайы

Осылайша жалпы теориялық деңгейде халықаралық төрелік пен олардың шешімдерінің мәселесі туралы әйгілі отандық ғалым цивилист-іс жүргізушілердің жұмыстары бойынша зерттеледі. Соның ішінде М. К. сүлейменов, - академик, заң ғылымының докторы, профессор, - З. Х. Баймолдина - заң ғылымының кандидаты, З. К. Абдуллина - заң ғылымдарының кандидаты, Ю. Г. Басин - заң ғылымдарының доктыры, Т. Е. Каудыров және А. Ж. Қасенова, сонымен қатар басқа да шетел заңгерлері М. А. Гурвич, Н. Б. Зейдер, В. М. Гордон, А. А. Добровольский, С. А. Иванов, П. М. Филиппов, М. А. Викут, Р. Е. Гукасян, П. Ф. Елисейкин, М. С. Шакарян, О. В. Иванов, А. Ф. Клейнман, К. С. Юдельсон, К. И. Комиссаров, С. В. Курылев, Д. М. Чечот, Г. Л. Осокин, В. Н. Щеглов, Н. А. Чечин, А. А. Мельников, Е. А. Крашенинниковтың, және т. б. сонымен қатар құқық теоретиктері - Н. В. Витрук, В. А. Кучинский, Н. И. Матузов, О. А. Красавчиков, Л. С. Явич, В. Е. Гулиев, Ф. М. Рудинский, Д. А. Каримов, Р. О. Халфин, және т. б.

Берілген зерттеулер талап қою мәселесіне ерекше маңыздылық береді. Барлық субьективті азаматтық құқық немесе заңды мүдделерді қорғау мәселесі бойынша талап қою іс әрекетін пайдалану және көптеген сол сияқты тәжірибелік мәселелерді дұрыс түсінудің бірден бір жолы болып табылады.

Осыған орай, талап қою түріне байланысты көптеген монографиялық зерттеулер жазылған. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша талап қою түрлері және оның маңыздылығы мәселесі бойынша тәжірибелік және теориялық үлкен маңызын қосқан авторлардың материалдары дипломдық жұмыста орын алатын болады.

Таңдалынып алынған диссертациялық жұмыстың жан жақты зерттелініп, көркемді етіп жазылуы үшін, монографиялық зерттеулерден басқа, заң оқу орындарында пайдаланылған еңбектер, азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша ғылыми әдебиеттер, түрлі газет журналдарда көрініс алған құжаттар мен материалдар қолданылды.

Диссертациялық жұмысты зерттеудің мақсаты мен міндеті

Монографиялық әдебиеттер мен Қазақстан Республикасы шеңберінде қолданыста жүрген азаматтық іс жүргізу заңына, отырып, халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңнамаға сүйене отырып төреліктің және шешімдерінің орындалуының мәселелерінің мән мағынасын, пайда болу табиғатын анықтау және тәжірибелік, теориялық проблемасын ашып көрсету, логикалық құпталған шешімдерді біріктіре отырып пайда болған қорытынды жұмыстарды өзгерту туралы ұсыныстар мен мінездеме енгізу, шетелдік төреліктердің шешімін орындаудың теориялық мәнін аша отырып құқықтық кемшіліктерге талдам жасау, ұсыныстар енгізу диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты блып табылады.

Осы мақсатқа жетуді көздейтін теориялық және қолданбалы жұмыстар нәтижесін келесі мәселелер анықтайды:

шетелдік төреліктердің шешімдерінің құқықтық табиғаты мен мәртебесіне талдам жасау.

шетелдік төрелік шешімдерінің аумақтық ықпал ету салдары мен құқықтық қайшылықтарды ашып көрсету.

шетелдік төреліктердің шешімдерінің орындалуының негізгі жүйесіне талдамм жасау және ұсыныстар енгізу

төреліктер шешімінің ұғымына талдау жасау және оның мазмұнын ашу;

төрелікке талап қою құқығының мазмұндық анализін анықтау;

азаматтық сот ісін жүргізуде, құқық және заңды мүдделерді қорғауда, талап қою формасында іске асатын құқық нормаларын күшейтуге бағытталған заң шығару ұсыныстарын туғызу.

Диссертациялық зерттеу жұмысының методологиясы мен әдісі

Диссертациялық жұмыста қарастырылатын мәселелерді зерттеу және анализдеу үшін, ғылыми зерттеудің түрлі әдістері қолданылады. Мысалға: диалектикалық, статистикалық, тарихи, формальды ойлау түрі, салыстырмалы құқықтық, жүйелі құрылымдық, құқықтық нормаларды танып білудің ерекше жолдары немесе әдісі қолданылады. 1

Диссертациялық жұмыстыңың құрылысы

Диссертациялық жұмыс - кіріспе, бірнеше параграфтан тұратын, төрт бөлімге бөлінген - негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

  1. Шетелдік төреліктер шешімінің түсінігі

1. 1. Ішкі және шетелдік төреліктердің шешімдерінің түсінігі мен айырмашылығы.

Халықаралық төрелікте қаралатын істер көбіне сауда қатынастарынан туындайтын мемлекеттердің азаматтары мен сол елдерде тіркелген коммерциялық ұйымдары арасындағы даулы мәселелер болып табылады. Саудагердің кәсібі әлемдегі ең ежелден келе жатқан кәсіптердің бірі болып табылады. Адамзат қауымында өркениет қалыптасқалы бері пайда болған қатынастардың бірі халықаралық сауда қатынастары. Ұлы Жібек жолы бойымен жүргізілген шығысы Қытайдан басталатын сауда қатынасының келесі шеті Индия, Греция және Рим мемелкеттері болды. Сауда жасаумен бірге одан туындайтын дауларды да шешу халықаралық қатынастар үшін аса маңызды болды. Халықаралық сауда қатынастарында өзге елдің адамдары болғандығы одан туындаған дауды қарау кезінде көптеген келеңсіз жайттардың орын алуына, өзге елдің сотына сенімсіздікпен қарау сол кезеңдегі ксенофобия2 құбылысының салдарынан да болып отырды. Көптеген елдерде өз соттарының ішкі дау-дамайды қараудан қолы босамайтын еді. Осының салдарынан дау тараптары елге сыйлы азаматтарды өздері сайлап алып төрелігіне жүгінетін еді. Дегенмен ол тұлғалар көбіне тиісті дәрежеде қызмет көрсете бермеуші еді. Олардың қызметінде көптеген қиындықтар болып тұратын еді. Бірақ та төреліктер ел арасында өз беделін сақтап тұруға талпынатын, әрі бұл оларға деген халықтың сенімін арттырды. Соның нәтижесінде көптеген ғасырлар бойы төреліктер қызмет атқарып келеді және бүгінгі күнгі төреліктер қызметіне де үлгі ретінде қолдануға лайық әдіс-тәсілдері жетерлік.

Халықаралық шаруашылық қызметте дау туындауы қалыпты жағдай. Тіпті тараптар өте жоғары деңгейде қамтамасыз ету мәселесін шешкен күннің өзінде орындамау орын алады. Сол кезде өзіне қатысты міндеттеме орындалмаған тарап компенсация алуға ұмтылары сөзсіз. Көптеген мемлекеттерде «ішкі» соттық жүйеде бұл мәселені шешу жақсы жолға қойылған. Ал халықаралық коммерциялық даудан туындайтын сұрақтың маңызы өзгешелеу болып табылады. Халықаралық сауда кең әрі тұрақсыз кеңістікте жүзеге асып келеді. Жалпы ешқандайц ерекше халықаралық сот та халықаралық процедура да жалпы жұрт таныған құқық жоқ деуге болады. Біз білетініміздей бірнеше ғана халықаралық сауда қатнастарына байланысты конвенциялар бар әрі оларды көп мемлекеттер ратификацияламаған.

Осы тұста тақырып ұғымды болуы үшін алдымен мемлекеттік деңгейдегі «төреліктер» аралық соттар туралы қарастырып өтуіміз керек сияқты. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабына сәйкес заң актілерінде тыйым салынбаған кезде азаматтар мен занды тұлғалар мүліктік дауларын аралық соттардың қарауына бере алады. Аралық сот өзара мүліктік дауларды шешу үшін тараптардың өздерімен олардың келісімі бойынша құрылған сот болып табылады. Аралық сот - үшінші тұлғаның соты, делдалдың немесе делдалдардың соты, дауласушы тараптар өз ісі бойынша шешім шығаруды ерікті түрде үшінші тұлғаға сеніп тапсырады және алдын-ала осы шешімге бағынуға міндеттенеді. Аралық соттың билігі жалпы заңға емес, шарттық бастауға, жеке тұлғалардың еріктеріне негізделеді және бұлар оның ерекшелігін көрсетеді. 3

Аралық соттар мемлекеттік сот жүйесіне кірмейді. Дау аралық сотта шешілген жағдайда аралық соттың шешімі мемлекеттік соттың шешімімен бірдей заңды күшке ие болады және мәжбүрлеп орындала алады. Мемлекеттік соттар аралық соттардың қызметіне араласпайды және керісінше аралық соттар мемлекеттік соттардың сот төрелігін жүзеге асыруына араласпайды. Мемлекеттік соттар аралық соттарға заңда белгіленген реттерде және шектерде көмек көрсетеді. Әдебиетте мемлекеттік соттарға балама болып табылатын аралық соттар арқылы құқықтарды қорғаудың мемлекеттік және аралық соттардың жеке-құқықтық сұрақтарды шешу аясындағы бәсекелестігіне, аталған соттардың құзыретіне, сондай-ақ олардың өзара ықпалдасуына қатысты көптеген сүрақтардың пайда болуына әкелетіні жөнінде дұрыс атап көрсетіледі] . Аралық соттардың азаматтық істерді қарауға байланысты қүзыреті заңдық тұрғыдан реттелген. Аралық сотқа жүгіну үшін тараптар істі аралық сотқа беру туралы келісім жасауы керек. Бұл келісім жекелеген қүжат түрінде жасалады (кейде ол аралық жазба деп аталады) немесе негізгі шарттың ішінде (төрелік ескертпе түрінде) көзделуі мүмкін. ҚР-ның аумағында аралық соттар мемлекеттік соттарға айрықша ведомствалық бағынысты істерден басқа жеке және заңды тұлғалардың арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын кез-келген істі қарай алады, оның ішінде шетелдік элементі бар дауларды қарай алады. Қазақстан Республикасында "аралық сот" және "төрелік" немесе "төрелік сот" деген терминдер синоним ретінде қолданылады және бұлар терминологиялық әртүрлілікке қарамастан сол бір сот болып табылады. М. Сулейменовтың айтуынша, бұл соттардың арасында құзырет даудың сипатына байланысты ажыратылады, яғни кез-келген төрелік (аралық) сот мемлекеттің ішіндегі, сондай-ақ халықаралық дауларды шеше алады, оларға кез-келген жеке және заңды тұлға жүгіне алады (резидент те, резидент емес те) . Бұл жағдайда даулардың сипатына қарай аралық сот туралы заң немесе халықаралық коммерциялық төрелік туралы заң қолданылады. Құзыреттің ажыратылуы "егер тараптардың ең болмаса бірі Қазақстан Республжасының резиденті емес болса"4.

Елімізде аралық соттардың және халықаралық коммерциялық төреліктердің қызметін келесі арнайы заңдар реттейді: 2004 жылы 28 желтоқсанда қабылданған "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық қоммерциялық төрелік туралы" Заңдар. ҚР ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің бірқатар нормалары да аралық сотқа қатысты мәселерді реттейді, 2004 жылдың 28 желтоқсанында Бұл заңға да "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ақтілеріне аралық соттар және төреліқ қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Заңмен тиісті толықтырулар енгізілді.

2004 жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасында аралық соттардың қызметін және олардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуды белгілейтін арнайы заң болмаған еді. Ал бұл іс жүзінде аралық соттардың өз қызметін

жүзеге асыруына және олардың шешімдерінің мәжбүрлеп орындалуына байланысты қиындықтарға әкелді. Аралық соттардың өзекті проблемалары мен қиындықтары туралы мақалалар жарияланып, арнайы ғылыми конференциялар өткізілді . Сондай-ақ, ҚР Әділет министрлігінің өкілдері, ҚР Бас Прокуратурасының өкілдері, соттар заңнамада көзделген аралық соттарға қатысты кейбір мәселелерді түсіндіруді сұрап, ҚР Конституциялық Кеңесіне бірнеше рет жүгінді. Осыған байланысты ҚР Конституциялық Кеңесі бірнеше қаулы қабылдады. Бұл қаулылардың мазмұны аралық соттар сот төрелігін жүзеге асырмайды, тараптардың дауды аралық сотқа беру туралы шарт жасауы кейіннен бұл даудың ҚР-ның сот жүйесіне кіретін соттарда қаралу мүмкіндігін жоққа шығармайды, сондай-ақ сол кездері күшінде болған 04. 05. 1993 жылғы "Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы" ереженің көптеген тармақтары қолданыстағы заңдарға қайшы келеді дегенге саяды. ҚР Жоғарғы соты тарапынан да аралық соттардың шешімдерінің орындалуын құқықтық реттеуге байланысты туындаған проблеманы шешуге бағытталган шаралар қабылданды. 5 Бас Прокурордың наразылық қелтіруіне байланысты 28. 06. 2002 жылы ҚР Жоғарғы Соты "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы № 14 қаулысына қелтірген наразылығы туралы" № 15 нормативтік қаулы қабылдап, онда аталған қаулының қүші сәйкес заң актісі қабылданғанға дейін тоқтатыла тұратынын көрсетті. Сондай-ақ, бұл акт аралық соттар мен шетелдік төрелік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындауға қатысты екі түрлі тәртіпті бекітті. Ішкі дауларды шешетін аралық соттардың шешімдері тек заңда көзделген жағдайларда ғана мәжбүрлеп орындалатын болды. Шетелдік төреліктердің шешімдері ҚР АІЖК-нің 425-бабына, Қазақстан Республикасы 04. 10. 1995 жылы қосылған "Шетелдіқ арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы" 10. 06. 1958 жылғы Нью-Иорқ Конвенциясына және ҚР бекіткен өзге де халықаралық қонвенцияларға сәйкес таныла және мәжбүрлеп орындала алды. Шетелдік төреліктердің шешімдерін орындау тәртібі жөнінде ҚР Жоғарғы Сотының 11. 06. 2003 жылғы № 5 "Сот шешімі туралы" нормативтік қаулысының 30-тармағында да көзделген . Ендігі уақытта орын алған проблемалар жаңа заңдардың қабылдануымен шешімін тапты. ҚР Жоғарғы сотының 23. 12. 2005 жылғы № 10 "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың қейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы" нормативтік қаулысымен 19. 10. 2001 жылғы № 14 және 28. 06. 2002 жылғы № 15 қаулылардың қүші жойылды.

Тараптардың өзара дауды аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық төреліктің шешуіне беруге келісуі мемлекеттіқ сотқа бұл дау бойынша талап қою құқығына әсер етеді. Бұл мәселені түсіндіру үшін теориялық ойлар мен заңнамалық материалдарға шолу-талдау жасау қажет.

Іс жүргізуші-ғалымдардың арасында аралық жазбаның немесе дауды аралық соттың шешуіне беру туралы келісімнің болуы жөнінде әртүрлі пікірлер орныққан. Ғалымдардың бір тобы өз еңбектерінде осы мән-жайды талап қою құқығының алғы шарты ретінде қарастырады. Ғалымдардың екінші тобы мұндай пікірмен келіспейтіндіктерін білдіреді. Біздіңше, бұл мәселеде екі ұғымды ажырату керек: дауды аралық соттың шешуіне беру туралы келісімнің болуы және аралық сот шешімінің болуы. Енді осы екі ұғымның айырмашылығын және салдарын анықтау үшін заңдық тұрғыдан талқылайық.

Сот тәжірибесінде егер тараптардың арасында істі аралық сотқа беру туралы келісім болса, соттар ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасын басшылыққа алып, талап арызды қабылдаудан бас тартып, тұлғаларға бұл талаппен аралық сотқа жүгіну қажеттігін түсіндіреді. Ал іс сотта қозғалып қеткеннен кейін тараптардың арасында аралық келісімнің бар екені белгілі болса және заңнамалық актілерде өзгеше көзделмеген жағдайда, егер жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе, сот ҚР АІЖК-нің 249-бабының 5-тармақшасына сәйкес талапты қараусыз қалдырады. Тараптар аралық келісімді іс апелляциялық немесе қадағалау сатыларында қаралып, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберген кезде де жасап, дауларын аралық сотқа бере алады, өйткені іс бірінші сатыдағы сотта қайтадан мәні бойынша жалпы тәртіппен қаралады.

ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасында көрсетілген "арыздың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпауы" істің өзге сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуы тиістігіне қоса ведомствалық бағыныстылық ережесінің сақталмауын, яғни істің сот қарауына жатпауын білдіреді. Істі аралық соттың қарауына беру туралы тараптардың өзара келісуі істің сотқа ведомствалық бағыныстылығының өзгертілгенін білдіреді. Даудың аралық сот қарауына жатуы шарттық ведомствалық бағыныстылық болып табылады. Олай болса, сот тәжірибесінде аталған жағдайға ҚР АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасының қолданылуы дұрыс сияқты болып көрінеді. Бірақ бұнымен келесі дәлелдерге байланысты келісуге болмайды. Талап арызды қабылдаудан бас тарту осы талаппен сол тұлғалардың сотқа қайтадан жүгіне алмайтынын білдіреді. Бірақ мынадай жағдайлардың салдарынан мүдделі тұлға мемлекеттік сотқа сол талаппен жүгінуі мүмкін: дауды аралық сотқа беруге келіскен тараптар іс аралық сотта қаралмай жатып, араларындағы аралық келісімді бұза алады немесе аралық келісім жарамсыз болуы не ҚР-ның "Аралық соттар туралы" Заңының 19-бабының 5-тармағына6 сәйкес талап арыз берілген аралық сот құзыретті болмауына байланысты бұл дауды қарай алмауы мүмкін. Сондықтан тараптардың арасында дауды аралық сотқа беру туралы келісімнің бар екендігі анықталса, судья талап арызды қайтарса дұрыс болар еді. Өйткені талап арызды қайтару ұқсас талаппен мемлекеттік сотқа қайтадан жүгінуге кедергі келтірмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арбитраждық шешімнің жарамсыздығы
Аралық соттардың құзыретін шектеу
Төрелік келісім – дауды шешудің негізі ретінде
Төрелік талқылау
Банкроттық туралы істер бойынша төрелік соттың актілері
Аралық соттар: түсінігі, азаматтық юрисдикция жүйесіндегі орны, маңызы, мүмкінділігі, артықшылықтары
Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Дауларды БҰҰ шегінде бейбіт жолмен реттеу
Істі аралық соттың қарауына беру
Сот ұғымы, түсінігі, шешімі, айырмашылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz