Мәдениетаралық қарым-қатынас


Кіріспе
Қазақстан өз алдына егемендік алғаннан бері болып жатқан өзгерістер білім беру саласын да айналып өткен жоқ. Оның бір көрінісі орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары мен жоспарларының да өзгеруіне ықпал етті. Ол үшін бұрынғы оқыту тәсілдері мен қазіргі оқыту тәсілдерін салыстыру қажет болды. Себебі бірнеше мәдениет тоғысында өмір сүріп жатқан қазақстандықтар үшін басты құндылық- татулық, өзара сыйластық, қарым-қатынас.
Шетел тілін оқытудың негізгі және басты мақсаты қарым-қатынас болып табылады. Біз студенттерді қарым-қатынас жасауға үйретуіміз керек. Қарым- қатынас- бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған немесе сол мақсатқа жетудегі ақпарат алмасу ғана емес, осы процеске қатысушылардың іс-әрекеті. Оқытудың негізгі мақсатына жетудің өзі студенттердің бойында мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыруда жатыр.
Сондықтан әрбір тілді үйренушілер тек қана жаңа жүйемен емес, сондай-ақ басқа елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшелікке жолығады. Мәдениетаралық қарым-қатынас ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну болып табылады. Бір сөзбен айтқанда мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету - жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеттері мен сөздерін түсіне білу. [3; 4]
Ол үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білу. Екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол әрине тілдегі ерекшеліктер ғана емес мәдениетке де байланысты болып келеді. Мысалы: Италяндық жанұя чернобылдық баланы асырап алады. Түнде Римдегі Украина елшілігіне телефон соғылады. Телефондағы әйел көмек сұрайды. Ол баланың ұйықтамай жатқанын, айқайлап көршілердің мазасын алып жатқанын айтып, тезірек келіп көмектесулерін сұрайды. Оқиға орнына аудармашымен елшілік машинасы келеді. Аудармашыға байғұс бала ұйқысының келіп тұрғанын және олар оған көйлек кигізіп қойғанын айтады. Ұйқыға жату бала үшін “шешіну” дегенді білдіреді. Себебі оның мәдениетінде “ұйқыға жатарда киетін көйлек” деген болмаған. Осындай мәдениетаралық сәйкессіздік екі ұлт өкілінің арасындағы түсініспеушілікке әкеледі. “Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бір-бірін дұрыс түсіне бермейді, оған себеп мәдениет сәйкессіздігі” деп көрсетеді Е. М Верещагин. [11; 12]
Ол үшін алдыңғы теорияларға сүйене отырып, оларды саралай, салыстыра келе, инновациялық технологияларды енгізу, оқыту құралдарының дәстүрлі және жаңа түрлерін шығармашылықпен пайдалану, студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынасты үйренуге деген икемдігін қалыптастыру үшін, білім, білік, дағдыны дамыту қажет. Бұл мәселеге байланысты ғалымдар: Н. Д Гальскова, С. Г Тер-Минасова, Littlewood W, Widdowson H, И. Л Бим, Е. М Верещагин және т. б шұғылданды.
Сонымен зерттеудің өзектілігі мынада: мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуде лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану мәселесі толықтыруды, зерттеуді қажет етеді. Қоғам дамуы, оның басқа елдермен саяси және басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсатын анықтап берді. Шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас барысында үйрену студентті сабақ барысында ұшырасатын жат әлемді жақсырақ түсінуге төсілдіруі керек. Осы қарым-қатынас барысында студенттер өз әлемін, тілін өзге әлеммен салыстыруға, оның маңыздылығы туралы ойлануға, және соған бейімделуге тырысады. Оқып үйреніп жүрген тілдің, сол елдің мәдениетін білмей, оны үйренбей сол тілде қарым-қатынас біліктігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, ортада өз орнын таба білу үшін, сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру қажет. [3; 5]
Сондай-ақ студенттер жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынасқа, қарама- қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Мұның барлығы лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану барысында мүмкін болады. Лингвоелтанымдық ақпарат - тілін оқып жатқан ел мол деректер алуға мүмкіндік береді. Лингвоелтанымдық ақпарат - сол елге тән елтанымдық ақпаратпен жұмыс жасауға және оларды білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Сонымен лингвоелтанымдық ақпараттар студенттердің қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқыту процесінің нәтижелілігін көрсетуге септігін тигізеді. Сондықтан мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуде лингвоелтанымдық ақпараттарды ескерген жөн. Және де оқу процесін белсенді етуге арналған зерттеу жұмыстарының көптігіне, жаңа инновациялық тәсілдердің пайда болуы мен мұндай тәсілдердің оқу процесіне енгізілуіне қарамастан, мұндай ақпарат көздері ағылшын тілі сабақтарында өз алдына жеке қаралған жоқ. Аталған қайшылықтың шешімін табу біздің жұмысымыздың өзектілігін көрсетті де, зерттеу тақырыбын : Екі елдің лингвоелтанымдық ақпараттары негізінде студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету әдістемесі деп алуға негіз болды.
Зерттеу нысаны: студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету процесі.
Зерттеу пәні: лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану негізінде студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету әдістемесі.
Зерттеу мақсаты: студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуде лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану әдістемесін теориялық негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері: «мәдениет», «қарым-қатынас», «лингвоелтаным», «ақпарат» ұғымдарының мәнін анықтау;
- мәдениетаралық қарым-қатынастың лингвистикалық, психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуде қолданылатын лингвоелтаным ақпаратқа сипаттама беру;
- лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану жолдарын көрсетіп, әдістемелік модель жасау;
- шетел тілі сабақтарында лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану негізінде тәжірибе жасау;
Зерттеу әдістері:
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау;
- лингвоелтанымдық ақпаратты қолданудағы педагогикалық тәжірибені бақылау;
- салыстырмалы, жүйелі талдау;
- оқу процесін бақылау және саралау;
- эксперименттік-тәжірибелік жұмыс жүргізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: Мәдениетаралық қарым-қатынасты үйретуде студенттер оқып жатқан тілдің тек лингвистикалық бірліктерімен қаруланып қана қоймай, әртүрлі деңгейдегі басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасай алу қабілетін де дамытуы қажет және оған дәлірек айтқанда лингвоелтанымдық ақпарат негіз болады.
Зерттеудің методологиялық негізі: Шетел тіліне оқыту әдістемесі мен лингвистиканың негізгі категориялары, (Н. Д Гальскова, А. А Залевская, М. О Фаенова, И. Л Бим, Brumfit C J) педагогикалық процесс теориясы, (Н. Д Хмель, К. С Успанов, В. П Кузьмин) тілдік іс-әрекет теориясы, (Л. С Выготский, И. А Зимняя, А. А Леонтьев) психология теориясы, (Б. В Беляев, Т. М Дридзе, В. Г Каменская) мәдениет және лингвоелтанымдық ақпарат теориясы(А. Н Леонтьев, В. С Мерлин, Е. М Верещагин, Б. С Гершунский, Д. Томахин) .
Зерттеу болжамы: егер оқыту мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының заңдылықтары мен таным процесін ескеріп жүргізілсе, мәдениетаралық қарым-қатынасқа оқыту бірлігі ретінде лингвоелтанымдық ақпарат ерекшеліктері ескерілсе, мәдениетаралық қарым-қатынасты ортақ мақсатқа бағытталған процесс деп қарастырса екі елдің лингвоелтанымдық ақпараттары негізінде студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету тиімді болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану барысында студенттің тұлға ретіндегі даму деңгейінің әдістемелік моделі жасалады және тәжірибелік тұрғыда оларды мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуде негіз болатындығының дәлелі келтіріледі.
Зерттеудің теориялық құндылығы:
- мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретудің психологиялық, лингвистикалық ерекшеліктерін ескерудің теориялық негіздері беріледі;
- лингвоелтанымдық ақпаратты қолдану жолдары көрсетіледі;
- мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретудің әдістемесі беріледі;
- арнайы жаттығулар кешені жасалады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйене отырып, мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуге берілетін нұсқауларды оқу үрдісінде қолдануға болады;
- жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері тілдік жоғары оқу орындары мен арнайы мамандандырылған мектептерде ағылшын тілін оқытуда қолдануға болады;
- зерттеудің материалдары мен нәтижелері шетел тілін үйренушілер үшін бағдарламалар мен оқу құралдарын жасау үшін пайдалы болады.
І тарау. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретудің теориялық негіздері.
Соңғы жылдардағы халықаралық қатынастардың дамуы мен әлемдік өркениетке қол жеткізуге деген ынта мен ықылас ғылым саласын да айналып өткен жоқ деуге болады. Соның негізінде әртүрлі мәдени топқа жататын адамдардың тілдік санасының ұлттық ерекшеліктерін зерттеп оны оқу саласына енгізу зерттеушілердің басты назарын аудартып отыр. Бір жағынан, халықтардың миграциясы мен олардың көшіп-қонуы, әлемдік деңгейдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістер мәдениеттер соқтығысына алып келеді. Екінші жағынан, ғылыми техникалық прогресс мүмкіндіктері қарым-қатынас жасаудың жаңа формалары мен түрлерін ашуда. Мұның басты шарты мен тиімділігі өзара түсінушілік, мәдениеттер диалогы, шыдамдылық, қарым-қатынасқа түсетін серіктестерді сыйлау болып табылады.
Қазіргі замандағы қоғамның талабына сай шетел тілдерін оқып үйрену-адам білімінің тек ағартушы тәрбиелік компоненті ретінде ғана қарастырылып қоймай, адамның кәсіби және жеке тұлғалық тұрғыдан қоғамда лайықты орын алуға ұмтылысын да қарастырады. Халықаралық қатынастардың да кеңеюінің нәтижесінде және халықаралық байланыстардың даму жағдайында әртүрлі тілде ақпарат алмасу кеңінен жолға қойылып отырғандығы мәдениетаралық қарым-қатынастың Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көрсетеді. Қарым-қатынассыз адамның өмір сүруі мүмкін емес, яғни ол үздіксіз процесті көрсетеді. Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсінісу, бір-біріне әсер ету, ақпарат алмасу кезеңдерінде негізгі қызмет атқарады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас қағидаларына сай шетел тілін оқып үйрену студентті өзі сабақ барысында ұшырасатын жат әлемді жақсырақ түсінуге жағдай туғызу қажет. Мәдениетаралық қарым-қатынаста ұлттық мінез ерекшелігін, олардың көңіл күй өзгешелігін және ұлттық ойлау негізінің ерекшелігін ескерту қажет.
Қазіргі таңда Қазақстанда шетел тілін оқытудың негізгі міндеті-тілді шынайы және толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту және сол тілде еркін қарым-қатынас жасауға бейімдеу болып табылады. Әрбір шетел тілінің сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі шетел тілінің әрбір сөзі сол ел жайлы әне сол мәдениет жайлы мол түсінік береді деп айта аламыз. Әрбір сөз сол ұлтқа тән өзіндік ерекшелік пен өмір жөнінде мағлұмат береді. Сондықтан әрбір тілді, сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін кең этнографиялық мағынада, ұлттық мінезін терең және мұқият оқып үйрену қажет.
Мәдениетаралық қарым-қатынас ұлттар мен мәдениеттер арасындағы түсінісу құралы болып келеді. Өзге тілге үйрету студенттердің сол тілде оқып, жазу және мұғаліммен, оқулықтан алған білімдері өзге ел жайлы жарнама емес, керісінше студенттердің сол тілде сөйлейтін елдің көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады.
Мәдениетсіз тіл өмір сүре алмайды. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін сөздің мағынасы және грамматикалық ережелерін біліп қана қою жеткіліксіз. Мәдениетаралық қарым-қатынас ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну құралы ретінде қарастырылады. [1; 14]
Осындай мәселелердің барлығы мәдениетаралық қарым-қатынасқа баса назар аударуға, белгілі бір орта жоқтығына қарамай қарым-қатынасқа түсу тәжірибесін қалыптастыруға, әртүрлі мәдениетті айыруға алып келеді.
Жиі ұшырасатын мәдениетаралық қарым-қатынас деген ұғымға мынадай анықтама беруге болады. "Мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсінушілік. "
Толық анықтаманы атақты лингвист ғалым И. И. Халеева береді: " мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі тілдер мен мәдениетке жататын адамдар іс-әрекетінің ерекше жемісі. Бұл тек қана әртүрлі мәдениет пен тілге жататын адамдар арасындағы іс-әрекет емес, сонымен қатар олардың бір-бірін "жат" ретінде қабылдайтындықтарынан да байқалады. "[23; 45]
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз қажырлы еңбек пен үйренуге деген нақты дайындықты қажет ететін қиын да қызықты процесс. Басты назар мәдениетке аударылады. Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаров көзқарасы бойынша екі ұлт өкілінің қарым-қатынас жасау барысында өзара түсінісуі мәдениетаралық қарым-қатынас болып табылады. [11; 32]
Мәдениеттерді өзара салыстыру арқылы мынаны көруге болады; белгілі бір тілде сөйлейтін белгілі бір мәдениеттің өкілі басқа тіл мен басқа мәдениет өкілдерінің арасында белгілі дәрежеде қиындықтарға душар болады. Бұл қиындықтар тілдердің айырмашылықтарымен қатар мәдениеттердің де ерекшеліктеріне байланысты.
Осыған бірер мысал келтірейік. Ана тілін меңгеру кезеңінде ағылшын тілді студент “foot” және “leg” сөздерінен екі затты көрсе, қазақ тілді студент тек бір ғана «аяқ» деген мағынаны түсінеді. Студент жаңа шетел тілін өз санасына қабылдау барысында жат өмірдің бір бөлігін қабылдай отырып, өзге ел өмірі мен мәдениеті жөнінде түсінік қалыптастырады.
Тағы бір мысал. Орыстың «черная кошка» сөз тіркесі ағылшын тіліндегі «black cat» деген сөз тіркесімен мағыналас болып келіп, үй жануары мысықты және оның қара түсті екендігін білдіреді. Бірақ орыс мәдениеті мен дәстүрі бойынша «черная кошка» бақытсыздықты, жолы болмаушылықты білдіреді. Ал ағылшын салт дәстүрі бойынша «black cat» күтпеген бақ пен бақыттың белгісі. Осы және басқа да мысалдар әртүрлі мәдениет өкілдері белгілі бір жағдайда әртүрлі әрекет ететінін көрсетеді.
Бұл берілген сұрақта маңызды орын " мәдениетке" беріледі. Ғылыми әдебиеттерде " мәдениет" ұғымының жүздеген анықтамасы кездеседі. Кейбір авторлар үшін "мәдениет"- бұл үйретуге болатын жүріс-тұрыс мәдениеті, ал басқа біреулер үшін абстракциялы ұғым. Тастан қашалған балталар мен керамикалық ыдыстар біреулер үшін мәдениет болса, енді біреулер үшін материалдық заттар мәдениет бола алмайды.
Батыста көптеген уақыт бойы Э. Б. Тейлордың көзқарасы ұзақ пікірталасқа ұласты. Оның ойынша " мәдениет өз кезегінде адамның қоғам мүшесі ретінде қалыптастырған білімі, сенімі, нанымы, салт-дәстүрімен басқа да қабілеттері негізінде қалыптасады. " Ал Дейл Хаймс мынадай анықтаманы тұжырымдайды: " мәдениет дегеніміз қоғам мүшелерімен қарым-қатынасқа түсу үшін қажет және білуге және түсінуге тиісті барлық нәрсе. "
Біз осы айтылған көзқарасты қолдаймыз. Себебі әңгіме мәдениетаралық қарым-қатынас жайлы болып отыр. Көптеген мәдениетаралық қарым-қатынас барысындағы жайттар өз елінде болсын, шетелде болсын кейбір келіспеушіліктерге алып келіп жатады. Соның негізінде әр елдің мәдениеті мен тіліне байланысты қалжыңдар мен әзіл әңгімелер туындап жататыны айдан анық. Тіпті мұндай жайттар трагедияға алып келіп соқтыруы да ғажап емес. Өйткені "мәдени" қателіктер тілдік қателіктерге қарағанда ауыр қабылданады. Оларды кешіру қиынға соғады және кері әсерлер қалдырады. Ал тілдік қателіктер жеңіл қабылданып, оларды әзілмен қабылдайды.
Дегенмен, бұл мәселе адам іс-әрекетінің барлық түрінде кездеседі және басқа мәдениетпен қарым-қатынас жасау барысында байқалады. Мысалы: шетелдік әдебиеттерді оқу барысында, шетелдік өнер, театр, кино, баспасөз, радио және теледидармен танысу кезінде, және т. б.
Сонымен біз оқытудың басты міндетін шешу жайлы сұрақтың жауабын қорытуға жеткен сияқтымыз. Әртүрлі мәдениет пен әртүрлі ұлттың өкілдері арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде көрінетін шетел тілі мәдениетпен қоса оқытылуы тиіс. Мәдениет компонентіне өзіне тән ұлттық бояуға ие төмендегі ұғымдарды жатқызуға болады.
1. Салт-дәстүрлер (мәдениеттің тұрақты элементтері), әдеттер ( әлеуметтік нормативтік элементтер), ғұрыптар ( сол мәдениетке бағынатын, орындауға тиісті нормативтік шарттар жүйесі) .
2. Тұрмыстық мәдениет. Ол салт-дәстүрлермен тығыз байланысты болғандықтан, оны жиі тұрмыстық салт-дәстүр деп те атайды.
3. Күнделікті жүріс-тұрыс, яғни белгілі бір әлеуметте қабылданған сол мәдениет өкілінің қарым-қатынас нормасы мен әдеті. Бұған мимикалық және пантомимикалық, яғни лингвомәдени топтар өкілдері қолданатын кодтарды енгізуге болады. ( Ол вербальді емес код деп аталады. )
4. Этностың мәдени салт-дәстүрін білдіретін көркем мәдениет.
5. “Әлемнің ұлттық суреті”. Қоршаған әлемді қабылдаудың ерекшелігін, өз және өзге мәдениет өкілдерінің ойлау ерекшеліктерін, олардың эмоциональді мінез-құлықтары мен өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктерін білдіреді. [2; 11]
Нақтылай айтқанда, әңгіме үйреніп жатқан тіл өкілінің әлемін терең және тиянақты зерттеу керектігі жайлы болып отыр. Сонымен қатар, оның мәдениетін, өмір сүру жағдайы мен деңгейін, ұлттық мінез-құлқын, менталитетін және т. б. оқып үйренген де жөн. Ол үшін өз мәдениетінің салыстырмалы, салғастырмалы элементтерін тарту керек.
Басқаша айтқанда шетел тілін оқытудың екінші мақсаты туындайды. Яғни, үйреніп жатқан тілдің мәдениетіне оқыту- қарым-қатынасқа түсушілерді білу, түсіну, үйрену және оларды бағалау, басқа халықты мәдениет пен тіл арқылы тану, сонда ғана біз өзімізді тереңірек танитын боламыз. Мысалы үшін барлық мәдениетте сол мәдениет өкілімен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылушылық бар. Және де ең маңыздысы жақсы қарым-қатынас - бұл әрине мәдени құндылық. Бірақ әртүрлі мәдениет бұл мақсатты әрқалай түсініп, соған сай әрекет етеді. Ағылшын мәдениетінде эмпатия, басқа адамға деген құрмет, ұстамдылық және турашылдық бағаланады. Бұл әсіресе сыпайылықты білдіру кезіндегі көптеген сөздер мен сөз тіркестерінің көптігімен байқалады. (кешірім сұрау, өкініш білдіру, алдын-ала рахмет айту т. б. ) Американдықтарда айтарлықтай дәрежеде барлық адамға деген достық қарым-қатынас дамыған, бірақ ол белгілі бір адамға бағытталмаған. Ал орыс мәдениетіне жылылық, шын жүректілік тән және ол белгілі бір адамға бағытталады. Қазақ мәдениетіне тән басты құндылық-ол қонақжайлылық. Міне сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынас міндетті түрде тілде көрініс табады. Ал кез келген тіл мәдениет пен менталитеттің қолтаңбасы болып табылады.
Тіл- адамзат өмір көріністері топтасқан сиқырлы айна. Тіл- мәдениет қазынасы. Тіл- мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді. [4; 14]
Мәдениетаралық қарым-қатынас барысында мәдениетаралық қабілеттілік өте маңызды. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындаудың көптеген факторлары бар. Мысалы: мәдениетаралық тоғысу тренингтарын ұйымдастыру үлкен роль атқарады. Бастапқы сатыда қатысушылар шындығында мәдениеттер арасындағы ерекшеліктердің бар екендігін сезінуі қажет. Келесі сатыда қатысушылар осы мәдениетаралық өзгешеліктерді түсіну мақсатында ақпараттармен қамтамасыз етіледі. Осы сияқты тренингтер мәдениетаралық келіспеушіліктерді жою дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Американдық мәдениетаралық қарым-қатынас маманы Э. Холл " мәдениет-қарым-қатынас, ал қарым-қатынас мәдениет" деп - дәлелдейді. Осы дәлелден кейін көптеген батыс ғалымдары мәдениетті негізінде "адамзаттың мәдени құндылығы мен мөлшері жатқан айсберг" кейпінде бейнелейді, ал адамның бір-бірімен қарым-қатынас кезеңіндегі мінезі оның шыңы болып табылады. Әрбір адам қарым-қатынас жасай отырып мәдениетаралық қарым-қатынасқа бейімделеді және өз халқы мен мәдениетінің өкілі болып қалыптасады. Сонымен мәдениетаралық қарым-қатынас негізінде шетел тілін оқыту кезеңінде мынадай қағидаларды ескерген жөн:
- Студенттердің тілін оқып жүрген елдегі құрбыларының өмір тәжірибесімен танысуға мүмкіндік беретін деректермен қамтамасыз ете оқыту.
- Шетел тілін оқыту арқылы өз мәдениетінің ерекшеліктерін, өзгешеліктерін, тіл структурасын салыстыру тәсілін қолдана оқыту. [5; 8]
Сонымен, шетел тілін оқып үйрену нәтижесінде мәдениеттерді салыстыру, одардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау қажет. Тіл, ойлау және мәдениеттің тығыз байланыстылығы сондай шетелге жиі іс-сапармен шығатын туристер, ғалымдар және бизнесмендер шетел мәдени ерекшеліктеріне қалыптасу қажеттігін байқайды. Міне осы секілді қиыншылықтар мен келіспеушіліктерді жою мақсатында мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру әдістемесі ең маңызды мәселелердің қатарында тұр. Шет елден ақпарат алмасу жағдайында кейбір келеңсіз жағдайлар туындайды, сірә ол мәдени көріністердің алшақтығынан болар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz