Жоғарғы мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбие дәстүрлерін пайдалану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Қазіргі таңда жоғары мектеп студенттеріне патроиоттық тәрбие
берудің ғылыми.теориялық негіздері
1.1 Патриоттық тәрбие беру мәселесінің педагогика ғылымында
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Жоғары мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық дәстүрлерді пайдаланудың тарихи педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..




1.3 Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық негіздері арқылы патриоттық тәрбие беруді қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекетіміздің өркендеп өсуі. Халықтық әлеуметтік – экономикалық жағдайын көтеру.
Осыған байланысты жоғары мектеп студенттерінің патриоттық тәрбиесі педагогикадағы аса бір күрделі де көпжақты мәселе.
Қазақстанды «Отаным» деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы, патриоттық тәрбиенің, ұлттық сана-сезіммен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалармен сабақтас болып отыр.
Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеаларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «Біздің балаларымызбен немерелеріміз, бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» – деп қазіргі жастардан үлкен үміт артып отыр [1].
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері азаматтық пен елжандылыққа , өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген [2].
Жаңа ғасырдың объективті даму ерекшеліктері қоғамның әртүрлі кезеңдердегі педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып патриоттық тәрбиенің мазмұнын, оның оқу тәрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтап, міндеттерін нақтылады.
Мемлекетіміз егемендігін алған жылдарында –ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікір талас жүріп келеді. Патриотизм, патриоттық тәрбие мәселелері жөнінде «Қазақстандық патриотизм», «Ұлттық патриотизм», «Ұлтжандылық» деген ұғымдардың мазмұндық құрылымы туралы жарық көрген Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді мерзімді педагогикалық басылымдарды, ғылыми еңбектерді зертеу, педагогика тарихында жоғары мектеп студенттерін патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеуде айтарлықтай тәжірибе жинақталғанын көрсетеді.
Студент жастардың патриоттық тәрбиесінің теориясына В.А.Сухомлинский, А.В. Луначарский, С.Т.Шацкий, Ю.К. Бабанский, Э.И.Моносзон т.б. зерттеулерде дәлелденген.
Жастарды патриоттық тәрбиенің ғылыми теориялық, және әдістемелік негіздерін Б.Т.Лихачев, Н.И.Болдырев, Э.Г. Абрамян, В.Ф.Фарфоровский, М.Г.Агаев, Н.Н.Агеенко, С.М.Ахмедов, О.Бозоров, С.Дустов, С.А.Каримбеков, т.б зертеу жұмыстарында қарастырылған.
Қазақстанда ұлттық тәрбие дәстүрлері мен білім беру саласының әр-түрлі проблемаларына қатысты М.Н.Сарыбеков, А.Табылдиев, Б.А.Әлмұхамбетов, Т.Тәжібаев, Қ.Құнантаева, А.Сембаев т.б. қарастырған.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Қазақстан халқына ел Президентінің Жолдауы.-Алматы., Білім, 1998
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» // Егеменді Қазақстан, 11 маусым 1999.
3. Қазақстан мектебі, №3, 2001.17б.
4. Момышұлы Б. Шығармалар. 1,2 том.Алматы, Жазушы, 1968-318б.
5. Бес ғасыр жырлайды 1 кітап 1989 жыл 59-81б.
6. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғ.ғ) Алматы, Ана тілі1991.-288б.
7. Назарбаев Н.Ә. Заманның сыншысы да, тарихы да бүгінгі жастар. «Егеменді Қазақстан», 2001. 3 ақпан,-Б.1-2.
8. Төгісов Ә. Тәрбие арқауы-қазақстандық патриотизм./ Қазақ батыры, №4,1998.-2б.
9. Педагогическая энциклопедия .1-4том.-М.:Сов. Энцик., 1964-1968.
10. Б.Тлепов Қазақстан жастары және патриотизм// Ішкі саясат, 2005. 12б.
11. Словарь современного литературного языка .- М., Л., 1959, т.9.-296с
12.Филосовский словарь /Ред. И.Т.Фролов -М., 1986.-358с.
13.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.-Алматы, 2005.т.7- 218б.
14.Қазақстан энциклопедиясы. Алматы, 2004.т.3-158б.
15.Ә.Қалмырзаев «Біз,Қазақ, Ежелден Еркіндік аңсаған»Қазақстан 2030, Алматы, 1998
16. Иманбаева С.Т. Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы баулудың педагогикалық негіздері: 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы , этнопедагогика . Пед. Ғыл. Канд..дисс. - Алматы, 1999-122б.
17. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, «Блім», 2003 -280б.
18. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.Алматы, 1996.-3б.
19. Табылдиев А. Методика преподования эпический произведений в казахской средней школе. Дисс...кан. пед. наук Фрунзе ,1967,-52с.
20. А.Саханова Жастар тәрбиесіндегі -патриоттық тәрбиенің қоғамдағы алатын орны// Білім 2005 №3 8б.
21. Сухомлинский В.А. Дума о человеке.-М., Политизд.1963.-75с
22. Ушинский К.Д.Собрание сочинений. М.,1990, т.2.-160б.
23. Бес ғасыр жырлайды 2-ші кітап 1989.
24. Қазақтың тәлімгерлік ой- пікір антологиясы./ Құрас. Қ.Жарықбаев., С.Қалиев.- Алматы: Рауан, 1994 32-44б.
25. Ұзақбаева С.А., Мұқанова Б. Қазақ этнопедагогикасының тәлімдік-тағылымдары. // Бастауыш мектеп 2005№6 13б.
26. Назарбаев Н.Ә. Заманның сыншысы да, тарихы да бүгінгі жастар. «Егеменді Қазақстан», 2001. 3 ақпан,-Б.1-2.
27. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Алматы, «Ғылым», 1995-232б.
28. Заман-Қазақстан 9 шілде, №13, 1993.
29.Агаев А. Патриотизм и интернацинализм советского человека.-М.,1985. -14с.
30. ТөлеубековаР.К. Бастауыш класс оқушыларн адамгершілікке тәрбиелеуде халықтықпедагогиканың озық түрлерін пайдалану:пед.ғыл. Канд. Дисс. Автореф. Алматы,1994.-55б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП СТУДЕНТТЕРІНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ
ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Орындаған
І курс магистранты
А.А.Ишанходжаев

Ғылыми жетекшісі
п.ғ. к., доцент Ж.Р.Баширова

Рецензент
п.ғ.к., доцент


Норма бақылаушы
жалпы және этникалық А.С.Сатывалдиева
педагогика кафедрасының
оқытушысы




Қорғауға жіберілді



2007 ж.


Жалпы және этникалық педагогика З.Ә. Исаева
кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.д.,профессор




Алматы 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1 Қазіргі таңда жоғары мектеп студенттеріне патроиоттық тәрбие
берудің ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Патриоттық тәрбие беру мәселесінің педагогика ғылымында
зерттелуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2 Жоғары мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық
дәстүрлерді пайдаланудың тарихи педагогикалық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . .
1.3 Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық негіздері арқылы
патриоттық тәрбие беруді қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өзінің
тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты
міндет – осы мемлекетіміздің өркендеп өсуі. Халықтық әлеуметтік –
экономикалық жағдайын көтеру.
Осыған байланысты жоғары мектеп студенттерінің патриоттық тәрбиесі
педагогикадағы аса бір күрделі де көпжақты мәселе.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес
қосуы, патриоттық тәрбиенің, ұлттық сана-сезіммен құндылық бағдарды, арман-
тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалармен сабақтас болып отыр.
Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеаларын Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 Қазақстан халқына жолдауының Қазақстан
мұраты деп аталатын бөлімінде: Біздің балаларымызбен немерелеріміз,
бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика
жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу
үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады – деп
қазіргі жастардан үлкен үміт артып отыр [1].
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында Білім беру
жүйесінің міндеттері азаматтық пен елжандылыққа , өз отаны Қазақстан
Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық
дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу деп атап көрсетілген [2].
Жаңа ғасырдың объективті даму ерекшеліктері қоғамның әртүрлі
кезеңдердегі педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып патриоттық
тәрбиенің мазмұнын, оның оқу тәрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтап,
міндеттерін нақтылады.
Мемлекетіміз егемендігін алған жылдарында –ақ патриотизм ұғымы, оның
мазмұны төңірегінде пікір талас жүріп келеді. Патриотизм, патриоттық тәрбие
мәселелері жөнінде Қазақстандық патриотизм, Ұлттық патриотизм,
Ұлтжандылық деген ұғымдардың мазмұндық құрылымы туралы жарық көрген
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді мерзімді педагогикалық
басылымдарды, ғылыми еңбектерді зертеу, педагогика тарихында жоғары
мектеп студенттерін патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеуде
айтарлықтай тәжірибе жинақталғанын көрсетеді.
Студент жастардың патриоттық тәрбиесінің теориясына
В.А.Сухомлинский, А.В. Луначарский, С.Т.Шацкий, Ю.К. Бабанский,
Э.И.Моносзон т.б. зерттеулерде дәлелденген.
Жастарды патриоттық тәрбиенің ғылыми теориялық, және әдістемелік
негіздерін Б.Т.Лихачев, Н.И.Болдырев, Э.Г. Абрамян, В.Ф.Фарфоровский,
М.Г.Агаев, Н.Н.Агеенко, С.М.Ахмедов, О.Бозоров, С.Дустов, С.А.Каримбеков,
т.б зертеу жұмыстарында қарастырылған.
Қазақстанда ұлттық тәрбие дәстүрлері мен білім беру саласының әр-
түрлі проблемаларына қатысты М.Н.Сарыбеков, А.Табылдиев, Б.А.Әлмұхамбетов,
Т.Тәжібаев, Қ.Құнантаева, А.Сембаев т.б. қарастырған. Олар тәрбие
жұмыстарының мазмұнына, жастардың патриотизмін халық педагогикасының тәрбие
дәстүрлері негізінде, майдангер жазушылардың еңбектері негізінде
қалыптастыру мәселелері зерттеледі. С.Иманбаева, Е.Жұматаева, Т.Тұрлығұлов,
А.Бейсембаева т.б.
Еліміздің тәуелсіздік алуы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайдың
түгелімен өзгеруіне ықпал етуде. Сондай-ақ халқымыз өз ерекшелігін атап
айтқанда тілін, дінін, салт-дәстүрін, отанын қорғап, рухани мұраларын
сақтауы педагогикалық білім беруді талап етеді. Патриотизм мәселесі өзекті
мәселелердің бірі болған және қашанда өзектілігін жоймақ емес. Адам баласы
қандай да болмасын тәрбие түрлерінің негізгі мазмұнын,бағытын отбасынан
алатыны анық. Отбасы кішкене мемлекет деген ұғым бар. Бұл кішкене
мемлекеттің негізгі қызметі -осы мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық,
саяси жағдайын реттестіріп отыру және оны қорғау. Демек, өмірге ұрпақ
әкеліп, оны қоғамдық ортаға сай,ақылды, парасатты, адамгершілікті, отан
сүйгіштік қасиетін бойына сіңірген тұлға ретінде тәрбиелеу ең алдымен
отбасының және оқу орындарының міндеті.

Патриоттық тәрбиенің мазмұны Кеңес Одағы тұсында (әскери( патриотизмге
негізделіп, ( ұлттық патриоттық сана-сезім ( ескерілмеген болған. Қазіргі
таңда тәрбиенің мақсаты, мазмұны әдіс-тәсілдерін өзгертіп, жаңартуды талап
етеді.

Арнайы бір пәндер негізінде патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін А.К.Ахметов,
К.Г.Қожабаев, Е.Жұматаева, ал жеке тұлға негізінде патриоттық тәрбие беру
С.Ешімхановтың, С.Т.Иманбаеваның (Әлия мен Мәншүк ерліктері арқылы),
Д.С.Құсайынованың, Н.Ә.Түйебақованың (М.Ғабдулиннің ерлігі арқылы) ғылыми
зерттеу жұмыстарында талданған. Оқушыларды әлеуметтік-азаматтық және
интернационалдық тәрбие беру мәселелерін Ж.Мақатова, Н.И.Қойшыбаева,
И.А.Меликова қарастырған болса, әскери –патриотизмге тәрбиелеудің дамуын
С.Нұрмұқашева, кеңес дәуіріндегі патриотизмнің дамуына ақпарат құралдарының
әсерін Л.С.Ахметова зерттеген.
Жоғарыдағы ғылыми талдаулар арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеудің
кешегісі мен бүгінгісінің арасындағы өзгешелік пен ғылыми-әдістемелік
ұсыныстардың аздығы арасында және патриотизге тәрбиелеудің құндылықтар
компонентінің мазмұнынының ашылмауы арасында қарама-қайшылық туындайды.
Бірақ бұл еңбектерде орта мектеп оқушыларымен жоғары мектеп
студенттерін патриотизмге тәрбиелеудің кейбір тұстары мен кезеңдері
ашылғаны мен жалпы Қазақстандық оқу орындарында студенттерді патриотизмге
тәрбиелеудің даму тарихы толық зерттелмеген. Нақтырақ айтқанда қазақ
халық тәрбие дәстүрлерінің студенттердің патриотизмін қалыптастырудағы
мүмкіндіктері анықталмағанын, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығын
көрсетеді.
Осындай мүмкіндіктердің шешімін табу мақсатында студенттердің
адамгершілік қасиеттері мен отан сүйгіштік сезімдерін қазіргі заман
талабына сай тәрбиелеу мәселесін айқындау мақсатында зерттеу тақырыбын
Жоғары мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбие
дәстүрлерін пайдалану деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты:Жоғары мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие
берудегі. Халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде тарихи-педагогикалық
сипаттама беріп, теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасап,
студенттерді отаншылдыққа, ұлтжандыққа, патриотизмге тәрбиелеудің жаңа
мазмұнды бағыттарын анықтау.
Зерттеу объектісі: Жоғары мектептердің оқу тәрбие процесі. Зерттеу
пәні: Жоғары мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие беруде халықтық тәрбие
дәстүрлерін пайдаланудың тәрбиелік процесі.
Міндеттері:
– студенттерге патриоттық тәрбие беруде халық тәрбие дәстүрлерін
пайдаланудың бағыт-бағдарлары мен мәнін, мазмұнын анықтау.
– патриотизм, ұлтжандылық, ұлттық патриотизм, Қазақстандық
патриотизм ұғымының теориялық мәнін айқындау.
– жоғары мектеп студенттерін халық тәрбие дәстүрлерін пайдалану
негізінде Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік
үлгісін жасап ұсыну.
Зерттеу болжамы: Патриоттық мазмұндағы халық тәрбие дәстүрлері
арқылы жоғары мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудің тиімділігі
артады, егерде патриоттық тәрбие беру мазмұнында халық тәрбие дәстүрлерін
пайдалануды студенттерге сабақтан тыс іс-әрекеттерде жүйелі бірізділікте
меңгертілсе, және негізгі Патриотизм, Ұлттық патриотизм, Қазақстандық
патриотизм ұғымдарының мәні, мазмұны анықталса, онда жастарды
ұтжандылыққа, ұлттық құндылықтарды бағалауға, патриоттыққа тәрбиелеу
бағыттарын, мазмұндарын айқындауға мүмкіндік беріледі.
Өйткені бұның бәрі, студенттердің патриоттық мазмұндағы халықтық
тәрбие дәстүрлерін пайдалану көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, ұлттық
сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастыру жолдары анықталып, үлгісі
жасалады.
Теориялық мәнділігі:
1. Студенттерге патриоттық тәрбие берудегі халық тәрбие дәстүрлерін
пайдаланудың педагогикалық негізін анықталды;
2. Жоғары мектеп студентеріне патриоттық тәрбие беруде халық тәрбие
дәстүрлерін пайдаланудың ғылыми
– теориялық негіздерін анықтау.
3.Студенттерге патриоттық тәрбие беруде халық тәрбие дәстүрлерін
пайдаланудың үлгісін жасау және оны жүзеге асыру.
Зерттеудің практикалық мәні: Жоғары мектеп студенттеріне
Патриоттық тәрбие беруде халықтық тәрбие дәстүрлерін пайдалануды анықтауда
зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдамалары жоғары мектептерде
қолдануға болады.
Зерттеуден күтілетін нәтиже: Жоғары білім беретін мектептерде
студенттерге патриоттық тәрбие берудегі халық тәрбие дәстүрлерін
пайдаланудың негіздерін қалыптастыру, оқу-тәрбие жұмысына пайдалану.

1 Қазіргі таңда жоғары мектеп студенттеріне патроиоттық тәрбие берудің
ғылыми-теориялық негіздері

1.1 Патриоттық тәрбие беру мәселесінің педагогика ғылымында зерттелуі
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында жастарға білім және тәрбие
беретін жоғары оқу орындарының алдына қойылатын ерекше талап-еліміздің
ертеңін ойлайтын қасиетті азамат қалыптастыру. Студенттердің сана – сезімін
ұлттық патриотизмін ояту қазір қоғамдағы тәрбиенің алға қойған негізгі
мақсаты болуы қажет. Бұнда ұлттық құндылықтарды студенттердің бойына
сіңіріп тәрбиелеу екендігінде ешқандай күмән жоқ.
Адамға ең бірішінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –
азаматтың қас жауы , ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі ,-
депті Әл-Фараби бабамыз [3,17]. Осыдан өз тағдырын өзі шешуге қолы енді
жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет
екендігін байқаймыз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының
Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде – еліміздің тұтастығын , оның
тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі
және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі , жастарымыздың отаншылдық,
елжандылық , патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді [1]. Қазақ халқының
біртуар ұлдарының бірі- Бауыржан Момышұлы : Патриотизм Отанға деген
сүйіспеншілік, жеке адамның аман саулығы , қоғамдық, мемлекеттік
қауіпсіздікке байланысты сезіну , әр адам өзінің мемлекетке тәуелді екенін
, олай болса мемлекетті нығайту жеке адамдарды күшлейту екендігін
мойындау,- деген болатын [4, 318]. Міне осылай жас ұрпақ, оның ішінде
студент жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру , ол үшін
патриоттық іс – әрекет ұйымдастыру , бұл шараны іске асыру үшін оқу –
тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру қажет. Осылайша студенттердің
бойына ұлттық патриотизмді қалыптастыруға болдаы.
Ұлттық патротизм - жеке адамның өз халқына деген сүйіспеншілігі.
Ерекшелігі, тегі, территориясы, тарихи дәстүрі т.б. жағынан дербес
белгілеріне байланысты. Патриоттық сезім тәрбие арқылы қалыптасады, ол
жетіліп патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам ө ұлтына тән
ерекшеліктерді түсініп , сезініп, өз ұлтының бабаларының қаиеттерін бойына
жинақтайды.
Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған егеменді елімізді
дамыту мен қорғау міндеттерінің тереңдей және күрделене түсуіне байланысты,
патриоттық тәрбие мәселелеріне басты назар аударудың қажеттігі артып отыр.
Патриоттық тәрбиенің мақсаты – халық педагогикасы негізінде тұлғаның
немесе әлеуметтік топтың патриоттық іс- әрекетке саналы түрде ұмтылысын
сипаттайтын саяси- моральдық, кәсіби, психологиялық және дене қасиеттерін
қалыптастыру болып табылады.
Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі - бүгінгі күннің
білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Халқымыздың
отансүйгіштік , патриоттық туралы мұрасының даму тарихына үңілер болсақ,
ХV – ХVІІ ғасырлардағы Асан қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз,
Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзиларындағы тәлімгерлік ой-
пікірлерінен көреміз [5,59]. Халқының қаситтерін ардақтайтын сезім өзі
келмейді, жоқтан жаралмайды. Туған жерінің топрағынан, ана сүтінен, тәрбие
арқылы ұйыған ұлтжандылықтың арқасында қалыптасатын сезім.
Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекешеліктерде, халықтық педагогика
құндылықтарын есекере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен
ғасырдағы көрнекті ағартушы - педагогтардың , соның ішінде Ш.Уәлизанов,
А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның,М.Жұмабаевтың жжәне тағы басқалардың да
маңызды ой – пікірлері , отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары
қазіргі кезде өз жалғасын табуда.
Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, өз
Отанына , ана тіліне, еліне, жеріне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген
сүйіспеншілік , жалпы ұлттық мақтаныш , өз халқының тағдыры үшін жоғары
жауапкершілік , туған Отанының экономикалық , ғылыми , моральдық – саяси
және әскери элементтерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси
жағынан қорғауға даярлық қалыптасады.
Егеменді елдің қуатты өндірістік күштері және өндірістік қатынастарын
дамыту патриоттық тәрбиенің экономикалық негізін құрайды. Әлеуметтік –
саяси негізге тқоғамдық және мемлекеттік құрылыс,қоғамның әлеуметтік –
саси және идеялық бірлігі, шетел халықтарымен интернацоналистік және достық
қарым-қатынас жатады. Тұтастай алғанда, үкіметтің ұлттық патриотизм туралы
идеологиясы, дүниежүзілік және қазақ классиктерінің патриотизм ұлттық
патриотизм туралы идеялары потриоттық тәрбиенің әдіснамалық негізі болып
табылады.
Патриоттық тәрбие педагогика, этнопедагогика, психология,
этнопсихология, әскери ғылымдардың ғылыми теориясына сүйенеді, олар жеке
адамның патриоттық тәрбиелілігінің мінсіз үлгісін жәнеоған қажетті қасиетті
қалыптастырудағы негізгі принциптерді , нысандар мен әдістерді айқындауға
мүмкіндік береді. Патриоттық тәрбиенің құралдары болып халықтың , нақты
ұлттың және оның қарулы күштерінің еңбек , ұлттық дәстүрлері табылады.
Патриоттық сананы қалыптастыру барысында жеке әңгімелесу мен тағы
басқа да әлеументік зерттеулер арқылы қажеттіліктерді зерттеу және оның
дамуына жәрдемдесу маңызды, себебі, мұның өзі патриоттық тәрбие мәселелерін
тиімді шешуге көмектеседі.
Патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, өз Отанына, ана
тіліне, еліне, жеріне, мәдениеті мен салт- дәстүріне деген сүйіспеншілік,
жалпы ұлтқа мақтаныш, өз халқының тағдыры үшін жоғары жауапкершілік, туған
Отанының экономикалық, ғылыми, моральдық- саяси және әскери әлеуеттерін
дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жағынан қорғауға даярлық
қалыптасады [6,31].
Патриоттық тәрбие ең алдымен өз Отанының құндылықтарын танудан
басталады. Тәрбие жұмысы барысында өз халқының, ұлтының ұлылығын, олардың
тіршілік салтының артықшылық- жетістіктерін , халық саясаты мен жауынгерлер
қызметінің прогресшілдігін терең ашып көрсету, студент жастарды ерлік-
патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерді, халықтың Отанын қорғау туралы
ілімін насихаттау, өмірдегі жағымсыз салттарды, шовинизмді, вигилизмді
және т.б. келеңсіздіктерді дәлелді сынап отыру қажет.
Біздің пайымдауымызша , тәрбие жүйесінде студент жастарымызды
халқымыздың рухани және ұлттық құндылықтарын дұрыс бағалауға тәрбиелеу осы
білімдерді пайдалануға бағытталуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен
айтқанда, патриоттық тәрбие процесінде әрбір адам біздің мемлекетімізге ,
оның бай және даңқты тарихына , оның болашағына өзінің сқатысты екенін
мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін жасауы қажет. Елдің
проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс.
..әрбір адам бала кезінен Қазақстан- менің Отаным, оның мен үшін жауапты
екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей істеген жөн [7,27].
Патриотизмге берілген анықтамалардан, оның жалпы негізгі “Отан“
ұғымында жатқандығын көреміз. Олай болса, қоғамдағы жеке адамдар санасында
“Отан“ тусінігінің әртүрлі деңгейде орнығынуына байланысты, патриотизмнің
екі деңгейін көреміз:
1.Отан туралы жалпы түсінік. Ол халқының тарихы, дамуы, қорғаныс
тәсілдері, патриоттық пікірлер, көңіл-күйі мен салт-дәстүрлері мен саналы
сезімі кіреді.
2. Патриоттизмнің теориялық деңгейі. Оған Отанның құрылуы, сақталуы,
дамуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете
меңгеру жатады. Отанға қызмет ету жөніндегі патриоттық идеялар, патриоттық
мінез-құлық нормалары осы теориялық деңгейді сипаттайды.
Отан халық топтары өмір сүріп еңбек ететін белгілі бір саяси, мәдени
әлеуметтік және аумақтық орта. Ғалымдар Отан құрылымы үш элементттің берік
байланысы ретінде түсіндірілуге тиіс деп, былай көрсетеді.
1. Халық тарихымен ұштасқан, сол халық субъект ретінде тарихты жасаушы
ретінде көрінетін туған жері этностық аймағы.
2. Өзінің тілі ұлттық мәдениеті, дәстүрлері бар белгілі бір халық .
3. Мемлекет түрін анықтайтын қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік-саяси
құрылыс.
Қазақстан ғалымдары патриоттық тәрбие мәселесінде жазған еңбектерінің
маңызы зор. Оларға Е.Жұматаеваның “Қазақ майдангер жазушыларының
шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру”, С.Иманбаеваның
”Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық
негіздері”, Н.Түйебақованың, Л.Сайдахметованың еңбектерін алуға болады.
Е.Жұматаева Ұлы Отан соғысына қатысып, халқымыздың ерлік дәстүрінен нәр
алған Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Қ.Қайсенов, т.б. майдангер жазушылардың
өнегелі өмірі мен ерлік істерінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың
жолдарын көрсетеді. Ғылыми еңбегінің құндылығы- халықтық педагогика
негізінде жазушылар еңбегін пайдалану арқылы оқушыларды отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
С.Иманбаеваның ғылыми еңбегінің құндылығы- ғылыми тұрғыдан “батырлық”,
“батыр”, “ерлік” ұғымдарына анықтама бере отырып, оқушыларда ар-намыс,
парыз, борыш, әділдік, адалдық, т.т. қасиеттерді санасына сіңіру көздерін
көрсетеді.
Н.Түйебақованың кандидаттық дисертациясында және әдістемелік құралында
патриоттық тәрбиенің мәні, мазмұны, құндылығы Қобыланды, Алпамыс батыр
жырларындағы патриоттық тәрбие мен Кеңес Одағының батыры, ержүрек, азамат,
әрі ғалым, педагог, академик фольклоршы М.Ғабдуллин Отан үшін отқа түскен
ерлігі үлгі ретінде берілген.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап іріктеп алған озық тәжірибесі
мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүниетанымын, өмірге
көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру болса, ал патриоттық
тәрбие жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы
түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік
психолоиялық, дене шынықтыру сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Тәрбие халықтың өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, әлемдік тәрбие
жүйесімен кіріктірілу жағдайында іске асырылғаны абзал. Осыған байланысты
тәрбие тұжырымдамасында: (Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз
Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты
болатынын есте ұстап және рухани мұраға ие болуы керек( деп қортынды
жасаған. Демек, қоғамның рухани объективтік сұранысы қанағаттандырылуы
қажет.
Патриотизмді қазіргі көзқараспен ұлтжандылыққа, елжандылыққа
сыйғызамыз. Олай болса, патриотизм- қоғамдық сананың бір формасы, ол тарихи
және топтық категория бола отырып, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа
мағынаға, мазмұнға толықтырылып отырады. Патриотизм -әлеуметтік, тарихи
қалыптасқан сезім- ол Отанға деген сүйіспеншілік сезім, олай болса ол да
Отанға қызмет көрсетуден басталады. Халқымыздың патриоты Б.Момышүлы
“Біздің тарихымыз, батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп,
азамат пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Сондай-ақ оның "Отан үшін
отқа түс күймейсің" – деген өсиетінің жас ұрпаққа берер тәлімі мол.
Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала
бермек. Өткенін білмеген, тәлім- тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы
тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық.”
Ғалымдар “Ұлттық патриотизм- өз ұлтының салт- дәстүр, қадыр
қасиетін бойына сіңіруі және оны қастерлеп қорғауға дайын болуы, бұл
туғаннан ата тегінен қанмен беріліп, тәлім- тәрбие арқылы жетілетін ұлттық
сипаттағы саналы әрекет пен мінез-құлық. Қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесіндегі
патриотизмнің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени мұралар негізінде
жасөспірімдердің бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, ұлттық намысын оятып,
сана – сезімін қалыптастыру және рухани байлығын дамыту. Патриоттық тәрбие
ұлттық намыс, ұлттық сана сезім және рухани байлықтан көрініс табады. Олай
болса, рухани байлыққа ең алдымен – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді
жатқызсақ, тіл- қазақ болуымыз үшін, дін- адам болуымыз үшін, салт-дәстүр-
ұлт болуымыз үшін қажет.
Қойшығара Сайғараұлының “Ертеңі бар ел боламыз десек” деген
еңбегінде “Ұлттық сана деген абстракты ұғым емес, ол ұлт тірлігінің
тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл
ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің,
өнерінің, тұрмыс тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни халықтың өзін-
өзі жете танып, түсінуі”. ( )Ұлттық сана ұлттық дүние танымға негізделеді.
Ал ұлттық дүниетаным – дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр
нәтижесінде өз болмысын танытады. Ұлттық салт сананың қалыптасуының екі
негізі бар, игі әдеттер көп қолданыстан әдет-ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына
айналады да, ол ұлттық әдеп болып қалыптасады. Бұл халықтың рухани
өміріндегі мәдени іргеге негіз болып табылады. Халық қалыптастырған әдеп
ұлттық қолданысқа айналады да, ол дәстүр болып қалыптасады. Мұның бәрі
бабалардың ұлттық сана сезімін ояту үшін ұлтжандылық сезіміне түрткі болуға
бағытталған іс-әрекеттер.
Ғалым Құбұғыл Жарықбаев айтқандай “Отансүйгіштік – кісінің бойындағы
күш- қуатын білімі мен тәрбиесін халық мүддесін оның игілігіне, яғни
адамның кір жуып-кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы, оның
кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.”
Отаншылдық ата мекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны да,
патриоттық құндылықтың басты белгісі, басты өлшемі.
Қазіргі кезде мен патриотпын деген замандастарымыздың бойынан нағыз
ұлтжандылық сезімнен гөрі, мендік патриотизм өріс алғанын байқаймыз. Яғни,
олар өзінің бас мүддесін бірінші орынға қояды, ұлттық, елдік мақсат
келесі орынға қалады. Сондықтан әр адамның бойынан өзімшілдік, менмендік,
тек өз пайдасын көздейтін пиғылдан арылту үшін, ұлтжандылық тәрбиесіне
баулу керек. Ол ата бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен,
батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өздерін солардың
ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктету арқылы іске асыруға болады.
Сондықтан әр адамның бойында Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата
салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.
А.Байтұрсынов “ Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады, бірінші- бай
тілі, екінші- байтақ жері.”
Философ А.Айталының “Ұлттану” оқу құралында “Ұлтжандылық -
халық рухы және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты.
Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар
жолындағы абзал істің иесін айтамыз.Ұлы ұлттар осындай ұлтжандылығымен
мықты.”
Патриоттық тәрбеинің обьектісі мен қайнар көзі – Отан десек,
оның мазмұны- оның байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескеркіштері, туған
өлкедегі киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық,
туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар
көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса,
патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше.
Қазақстандық патриотизм-халықтық болмастан бойға дарып, ой-сананы
жетілдіретін құбылыс. Ал осы Отансүйгіштікті сақтай білу, Қазақстан
мемлекеттілігін нығайту жолындағы үрдіспен оны үйлестіруге үлес қосу әрбір
алаш азаматының парызына айналуына тиіс. Бұл ретте қазақстандық ғалымдар
Р.Айтқалиевтің, Л.Ахметованың, Б.Әбдіғалиевтың, А.Бижановтың,
Б.Берлібаевтың, Ә.Қалмырзаевтың, С.Қозыбаевтың, Қ.Меңлібаевтың, Д.Раевтың,
т.б. еңбектерінде патриотизм ұғымының мәнін ашып, оның қазақ елі тарихынан
алар орны хақындағы осы ғалымдардың зерттеу жұмыстарының маңызы ерекше.
Ә.Қалмырзаев патриотизм отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың
құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси
әлеуметтік құбылыс.
Қазақстандық патриотизм –тарихи тамырлы терең әлеуметтік саяси,
психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық дүниетанымға,
адамгершілікке, бөтенді жақтырқамайтын қазақтың ұлттық менталитет пен
дәстурге негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттар шынайы Отанына айналдыру,
тілін, дінін дамытып, өркениет жолына салатын идеология мен саясат.
Сондықтан да, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру процесінде жоғарыда
аталған патриотизмнің ерекшеліктерін есте ұстап жүргізу қажет. “Қазақстан
-Қарашаңырағым!” деген ұғымның астарында көп мән жатыр. Бұл ел иесі
қазақтардың ғана емес, осы жерді мекен еткен барлық ұлттар мен ұлыстардың
айтар сөзі болуға тиіс. Олай болса, қазақстандық патриотизм сөз бен істің
ажырамас диалектикалық бірлігінің баламасы болуға тиіс. Қазақстанның дамуы
жолында әркім өз мүмкіндігіне қарай үлес қосып, іс-әрекет етсе, онда оның
патриот болғаны деп түсіну керек.
Ұлттық патриотизм – белгілі бір ұлтқа тән, өз тілі , мәдениеті, салт-
дәстүрі мен ділі, діні арқылы танылады.Ұлттық патриотизм -ұлттық мақтаныш,
Отанға деген, ұлт мәдениетімен,тіліне, т.б.деген сүйіспеншілік арқылы
көрініс береді.
Тарихта отаршыл күйретуші күштің ықпалынан көптеген мәдениеттер өшіп,
жер бетінен жоғалып кеткені мәлім. Ал қазақ ділінің, қазақ менталитетінің
осы күнге дейін қатардан қалмай, өрбіп, дамуы – оның тарихи тамырларының
тереңде жатқандығында.
Ұлтжандылық патриоттықпен, ұлтқа деген сүйіспеншілікпен
мәндес, ұлттық тұтас идея мен мемлекеттің ұлт ретінде алға дамуының басты
бағдарының қозғаушы күші. Басқаша айтсақ, жалпы азаматтық құндылықтарды
игерудің, өркениеттік үрдістердің ұлттық жолы мен үйлесімді жетістіктерін
жинақтау мен жүйелеудің бағдары, серпілісті қозғалыстық мақсатты кезеңі.
Тағдырымызбен тамырлас, тарихымызбен тағдырлас, тау суындай арынды да
сарқылмас құдіретті күш бар, - ол- ұлтжандылық.
Тарихшы ғалым К.Нұрпейісов “Ұлттық рухты бейнелейтін жоғарыда аталған
қасиеттерді санасына сіңірген адам рухы биік тұлға болмақ.”
Ата-бабаларымыздың негізгі құндылықтары (“еркіндік”, “азаттық”) қазіргі
ұрпақтар өз әнұрандарында “біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған”, немесе
“азаттық жолында жалындып жаныппыз” , “ еркіндік қыраны шарықта” деп
жырлауы кездейсоқ емес., бұл ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын жәй сезімдер
емес, өмірлік маңызды құбылыстар, маңыздылықтар, әрі өмір шындығы.
Көшпелі қазақ қоғамындағы “еркіндік”, “азаттық” құндылықтары бүкіл
қазақ ұлты еркіндігі мен бостандығын қастерледі, аңсады, онда жеклеген
адамдар еркіндігі мен азаттылығы басымдық танытпады.
Ұлтты біріктіретін де, ұлтты ұлтынан айыратын да белгі - ұлттық сана
–сезім. Ол “біз” және “олар” деген әлеуметтік-психологиялық терең тамырлы
келелі құбылысқа негізделген. “Бізді” “олардан” айырып, “бізді”-“оларға”
қарсы қою, салыстыру арқылы ұлттық сана қалыптасады. Саналы түрде өзін
өзгемен салыстыра келіп, ғасырлар бойы айта қаларлықтай өзіндік тарихи
құндылықтардың негізінде ұлттық психология қалыптасады.
Ұлттық сана- тарихи себептардің ықпалымен қалыптасатын субьективті
құбылыс. Ал сана үстіртін, тайыз болған жерде шындығында да ұлт бар деу
қиын.
Патриотизм -Отаншылдық. Шынайы патриотизм- туған жеріне, ұлтына деген
адал ниет, мемлекеттің күш-қуатын, өміршеңдігін тұтастығын қорғайтын рухани
тірек.
Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар
бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру
қажеттігі туындауда. Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі де білім
беруде ұлттық сипатты сақтап қалу. Қазіргі көпқатысымдық ортада оқушылардың
рухани-адамгершлік тұрғыдан дамуы жалпы адамзаттық және ұлттық білім беру
жүйесіне кіріктірілуі қажет.

Патриоттық іс әрекетке қосу арқылы білім мен бағаны тәрбиеленушінің
жеке сеніміне түпкілікті айналдыру процесінде жүріп, патриоттық мінез-
құлыққа ұмтылыс, мемлекеттің әскери қуатын дамытуға, Қарулы күштерде қызмет
етуге, өз Отанын қолға қару алып қорғауға және т.б. даяр болуы
қалыптастырады.
Соңғы уақыттарда басылым беттерінде патриоттық тәрбие, азаматтық
тәрбие ұғымдары қатар қолданылып келеді. Біздің көзқарасымызша азаматтық
тәрбие мен мен патриоттық тәрбие ұғымдары бір- біріне келмейді,
керісінше бірін- бірі толықтырады. Патриоттық тәрбие азаматтық
тәрбиенің бір бөлігі болып табылса оны нақтыдай және тереңдей түседі, жеке
тұлғаның Отанды сүю, өз халқының өткеніне сыйластықпен қарау сияқты ,
азаматтың адамгершілік негізін құрайтын қоғамдық мәнді қасиеттірінің
қалыптасуына септігін тигізеді. Патриоттық тәрбие ұрпақтар сабақтастығының
жалағасуына ықпалын тигізуде де үлкен мәнге ие. Бұл бірінші кезекте жеке
тұлғаның әлеуметтенуіне көмектеседі және әлеуметтік тұрғыдағы
қабілеттіліктерінің дамуна да тигізер ықпалы ол мол. Патриотизмнің
адамгершілік жақтарын борыш, саналылық, жауапкершілік сезімдері құрайды.
Бұл – азаматтық қоғамының құқықтық мәдениетінің маңызды компоненттері.
Қазақстанда азаматтық қоғамының қалыптасуы жағдайында жеке тұлғаның
құқықтық мәдениетінің маңызы зор, ол азаматтық және патриоттық тәрбиенің
өзара байланысының нәтижесі болуы тиіс.
Патриоттық тәрбиенің жүйелілік сипатына келер болсақ, ол ең алдымен ,
тәрбие мен патриоттық сана – сезімнің жүйесі арқылы айқындалады.
Білім алушыларға патриоттық білім берудің іс – тәжірибелерін анықтаған
зерттушілер олардың әдістері , формалары мен мазмұнын анықтауда
(С.Ешімханов , С.Иманбаева, Л.Сейдахметова, т.б.) ғалымдардың еңбектеріне
сүйене отырып, патриоттық тәрбиені қалыптастырудың төмендегідей бағыттарын
белгіледік:
1. Патриоттық білім.
2. патриоттық сана.
3. патриоттық іс- әрекет [8,2].
Патриоттық іс- әрекет – тұлғаның және әлеуметтік топтың әрекетінің
әлеуметтік жағымды себептерімен сабақтас және Отанның прогресшіл
элементтерін қорғауға бағытталған кез-келген түрі. Отан элементтері – жеке
адамның, әлеуметтік топтың ұмтыолысы мен іс- әрекеттері прогресшілдігінің
өлшемі, ол қоғамдығы прогресшіл топтар мен таптардың мен күштердің
мүдделері тұрғысынан алғанда, тарихтың объективтік барысында, қоғамдық
прогреске сәйкес келуі болып табылады. Демек, патриоттық іс- әрекет
дегеніміз – патриоттық сана -сезімнің көрінісі ғана емес, сонымен бірге
тәрбиелеуші фактор болып табылады.
Жүйелі патриоттық сана тұрғысынан алғанда, патриоттық тәрбие
тәрбиенің идеялық -саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және т.б.
элементтерінсіз өмір сүре алмайды, патриоттық сана өз Отанына өркендету
жолындағы күресте, он нығайту және қорғау жолындағы қызметтеі көрініп,
өлшенеді, сөйтіп, сол арқылы тиісті ерлік, жауынгерлік және ұлттық
дәстүрлер түзе отырып олар кейінннен тәрбиелеуші факторға айналды.
Патриоттық тәрбиенің жүйелілігі , біріншіден , тәрбие объектісі –
жеке адамның біртұтастығына [9].
Патриоттық сезім адамдардың, халықтардың өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық әсерлердің жағдайымен пайда болды. Бұл жағдайлардың өзгеруі
патриотизмның мазмұнының өзгеруіне алып келді.
Патриот пен патриотизм ұғымы алғаш рет 1789- 1993 жылы Ұлы Франсуз
революциясы кезеңінде алғаш қолданыла бастады. Сол кезде монархистер
лагерінен шыққан сатқындар мен Отанға опассыздық жасағандарға қарсы халық
ісі жолында күрескен республиканы қорғаушылар өздерін патриот деп атаған.
Сонда бұл ұғым нені білдіреді.
Патриот -деп жазды В.И.Даль – Отанын сүюші, оның игілігін қыу
қолдаушы, Отансүйгіш, Отандастар [10,12].
Патриот деген екінші бір сөздікте ,- өз Отанын сүйетін, өз халқына
берілген, өз Отанының мүдделері жолында құрбандыққа дайын, ерлік жасайтын
адам [11, 29].
Философиялық түсіндірмеге жүгінсек: патриотизм (грекше раtris -Отан)
– мазмұны , оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін
мақтаныш , Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын, адамгершілік
және саяси принцип, әлеуметтік сезім[12,35].
Лексикалық мағынасын алғанда, патриотизм -Отанға сүйіспеншілікті, өз
Отанына ,өз халқына берілгендікті білдіреді. [13, 218]
Ұлттық энциклопедиялық сөдікте патриотизм- адамның Отанына, туған
еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезім
деп қарастырылады.
Патриотизм ұғымы азаматтық қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және
басқа да компоненттеріне деген идеолгиялық қарым-қатынасын білдіреді.Әрбір
адам осы бір ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі , біреулербұл
ұғымды өз отбасы , істеп жүрген жұмысы, туып өскен және мекен ететін
жерімен астарласа, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам,
қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым.
Патриотизм жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал жекелей алғанда,
саяси мәдениеттің элементі болып табылады.
Патриотизм мазмұнын былай сипаттауға болады Патриотизм – жас
тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу процесінің негізгі факторы болып , еліміздің
ұлттық тұтастығын бірегейлендіретін қоғамынң негізгі белгісі. Бұл термин
философиялық сөздікте патриотизм (грекше Ра tris отан) адамгершілік және
саяси принцип , әлеуметтік сезім , отанға деген шынайы берілгендігі ,өткені
мен болашағына алаңдауы, Отанының тұтастылығын қорғауға деген қорғауға
деген құлшынысы деп берілген [14,158] .
Қазіргі жастардың , студенттердің Отан алдындағы жауапкершілігі
мүлдем жоқ деп айтуға келмейді. Оларға ата – бабларынан ұлан ғасыр байтақ
территориясы , тереңге тамыр жайған төл тарихы мәдениеті өшпес мұрасы
болып қалып отыр.Патриоттық тәрбие жүйесін , оның қызметін ұйымдастыру,
тиімділігін және соңғы нәтижесін бақылауды қамтамассыз ететін негізгі
институты Қазақстан мемлекеті болуы тиіс.
Қазіргі қоғамының әлеуметтік сұранысын қойып отырған талап тұрғысынан
қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды болып отыр. Патриоттық білім
ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда.
Өйткені студенттердің жоғары мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына
болмайды.
Әр студент білімді өздігінше ізденіп, ғылыми және техникалық
ақпараттардың ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл
патриоттық білім үрдісін студаент тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін
қажет.
Патриоттық білім – студенттердің іс- әрекет тәсілдерді меңгеруі мен
білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.Патриоттық білім
қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу үлгісінің қарқындығымен
байланысты. Патриоттық білім тұлғаны жан-жақты дамыту, патриоттық сана мен
сезім қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырамыз. Қазақстандық патриотизм
өткен заманғы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер
бетіндегі бейбітшілік.
Бүгінгі таңда патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам
құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты
нысаны – Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих,
әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне
баурап, патриоттық сезімнің қайнар көзі болады. Ал Қазақстандық патриотизм
дегеніміз Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері, яғни қазақстандықтардың
Отанымызға, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігі. Отанды сүю әркімнің
сана-сезіміне байланысты, қасиетті сезім. Бұл сезім әркімді, әркезеңде,
оянып, кейін кәмлетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен,
уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық,
әлеуметтік институттардың әсерімен қалыптасады. ,- деп көрсетеді Ә.
Қалмырзаев [15,25].
Отанға деген сүйспеншілік , туған жерге құрмет, патриотизм – тұлғаның
дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктерінің
бірі. Ол адамның отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат
жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді.
Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам : әрбір адамның жеке басы мен
бостандығы құрметтейтін, өзін-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды
қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін ана мен баланы
қорғайтын , зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен Отан
қорғашыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз.
Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзіміз қоршаған
ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын,
рухани дүниесі бай, интелект деңгейі жоғары, білімі де білікті жаһандану
заманына сай болуы қажет.
Қазақ халқы Отан ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысқан., оны
туған жер, ата – мекен , ел – жұрт ұғымдарымен байланыстырған. Қазақ
баласы үшін Отан – отбасынан , ата -жұртынан , туып өскен топырақтан
басталады. Бұны қазақ халқының мына мақалынан айқын аңғаруға болады Малым-
жанымның садағасы , жаным – арымның садағасы. Осылайша халық ар – намысты
жоғары қойған. Ұлттық тәрбиенің ең бір биігі – ата – анасын, үлкенді
құрметтеу т.б. ұғымдар қабысып – отаншылдық, елжандылық ұғымдарына алып
келеді. Мұндай ұғымдар негізінде тәрбиеленген ұрпақта патриоттық сезімді
қалыптастыратыны анық. Бүгінгі ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан осыпатриоттық тәрбиені , отаншылдықты , елжандылықты
жас ұрпақ бойны сіңіру бүгінгі күннің көкейкесті талабының бірі болып отыр.
Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегелілігі бүгінгі таңда студент
тұлғасын тәрбиелеуде негізге айналуы – ел мүддесі, заман талабы. Ертеректе
халқымыздың арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса
да өз ұрпағын бесікте жатқан кезнен бастап – ақ өлең, жыр, ертегі, асыл
сөздері арқылы тәрбиеге баулыған. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне өз ұлтына
тән қағидалар мен ережелерді дүниеге келтіріп ұстанған.
Кез- келген халық немесе ұлт өзінің тек экономикалық, әлеуметтік,
даму дәрежесімен ғана емес , сонымен қатар өмір сүру салтымен, тұрмысымен,
тіл дәстүрімен, өзнің мәдени байлықтарымен, психологиясымен, мінез-құлық
қалыптастыру мәселесінің негізгі бастауы халықтық педагогика.
Азаматтардың мақсатты топтарының бойында мiндеттерi байыпты
азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар
арасындағы өзара түсiнiстiк сезiмiн қалыптастыруға ықпал ететiн
ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесiн құру; қазақстандық
патриотизмдi, төзiмдiлiктi, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудi
тәрбиелеу жөнiнде iс-шаралар кешенiн еткiзу кезiнде тұтастай алғанда
мемлекет пен қоғамның, жеке алғанда, мемлекет пен оның азаматтарының өзара
iс-қимылын қамтамасыз ету; өркениеттi азаматтық және
тұлғааралыққатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтiк алғышарттар
жасау;мiнез-құлықтың жағымды үлгiлерiн қалыптастыру және жастар арасында
бүгiнгi заман қаhарманының бейнесiн танымал ету арқылы патриотизмдi
тәрбиелеу жөнiндегi жұмысқа жәрдемдесу
Ел өмiрiндегi бiрқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық
қоғамның даму деңгейiне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз елiне
деген мақтаныш сезiмге, Отанының мүдделерiн қорғау жөнiндегi азаматтық
борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.
Патриоттық тәрбие жүйесi бiлiм беру мекемелерiнiң барлық типтерi мен
түрлеріндегi оқыту мен тәрбиелеу процесiнде әлеуметтiк маңызды
құндылықтарды, азаматтылық пен патриотизмдi қалыптастыру мен дамытуды;
еңбек ұжымдарында, әскерде, қоғамдық ұйымдарда бұқаралық саяси-тәрбие
жұмысын жүргiзудi; бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтарға патриоттық
тәрбие беру тақырыптарын талдауға, зерделеуге және көрсетуге бағытталған
қызметін жүзеге асыруды көздейдi.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын
зерделеуге ерекше мән берiледi. Республика рәмiзiнiң саяси және рухани
мәнiн пайымдау үшiн жастардың азаматтық мiндеттерi туралы дүниетанымы
кеңейтiледi және тереңдей түседi. Азаматтық өзiндiк сана-сезiмге тәрбиелеу
мақсатында халықтың көптеген мақсатты топтарында ұлттық рәмiздiң мәнiн
қабылдау мен түсiну, ар-намыс, ождан, борыш, елiмiздiң болашағы үшiн
жауапкершiлiк сияқты жалпы адамгершiлiк нормалар қалыптастыру жөнiнде
пiкiрсайыстар өткiзiледi. Әлемде азаматтардың бойында ұлттық нышандарға -
Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезiмдi, оларға
құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отырған дамыған елдер аз
емес. Көптеген елдерде мемлекеттiк нышандар мемлекеттiң оң бейнесiн
жасаудың негiзi ретiнде пайдаланылады, ұлттық мақтаныштың белгiсi болып
табылады, патриоттық сезiм мен ерiк-жiгердi танытудың нысанасы ретiнде
пайдаланады. Мұндай елдердiң қатарына Америка Құрама Штаттарын жатқызуға
болады. Бiз үшiн олардың тәжiрибесi мемлекеттік нышандарды насихаттау мен
халықты патриотизмге тәрбиелеу тұрғысынан қызығушылық тудырады.
Американдықтардың денi елдiң әнұранын бiледi және салтанатты iс-шараларда
айтады. Америка туының барлық мекемелер мен көптеген жеке меншiк үйлерде
болуы олар үшiн өмiрлiк норма болып табылады. Ұлттық нышандары бар бұйымдар
халық арасында аса қызығушылықпен қолданылады. Бұл олардың баспа және
электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрi - БАҚ), кiтаптарда,
көркем фильмдерде тым белсендi насихатталуымен түсiндiрiледi. Мемлекеттiк
нышандардың көмегiмен азаматтар бойына елiне деген мақтаныш пен патриоттық
сезiм дәйектi де табанды тәрбиеленедi.
Бiздiң елiмiзде жастарға патриоттық тәрбие беру қазiргi уақытта 2005-2007
жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасының шеңберiнде жүзеге
асырылады. Әлеуметтiк маңызды жобаларды қолдау мақсатында жастар
ұйымдарының патриоттық тәрбие саласындағы бiрқатар бастамаларын iске
асыруға қаражат бөлiнедi. Әскери-патриоттық тәрбие жастардың бойында
патриоттық сезiм мен азаматтықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Әскери-патриоттық тәрбие жөнiндегi жұмыстың пәрмендiлiгiн арттыру үшiн
әскери бөлiмдер жеке құрамының Ұлы Отан соғысы ардагерлерiмен және
жергiлiктi соғыстар ардагерлерiмен кездесулерi өткiзiлiп тұруы керек.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қызметiнiң негiзгi мақсаты
жеке тұлғаны өзiн-өзi айқындауына және қалыптасуына жәрдем көрсету болып
табылатын балалардың және жастардың қоғамдық қозғалыстары мен ұйымдары,
шығармашылық одақтары айрықша рөл атқарады.Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін
бағалай отырып , өткен өміріне көз салу , тарихи тәжрибеден сабақ алу,
мәдени дәстүрлерін, озық әдет-ғұрпын, өмір салтын зерттеу , оларды ұрпақтан
ұрпаққа мұра етіп жеткізу мәселерімен ұстаздар қауымы да мұқият шұғылдана
бастады.Халықтың тірнектеп жинаған оқу-тәрбие ісінің бай тәжрибесін аса
тиімді, шығармашылықпен қолдана білу- әрбір ұстаздың міндеті.

Халықтық педагогиканың негізгі көздер мақсаты-өзінің бай тарихи
тәжрибесіне сүйене отырып , келер ұрпақты еңбекке , өнер –білім машықтарын
меңгеруге , отбасы , ауыл-аймақтың , Отанын сүюге ,ар-намысын қорғауға және
т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы- жас жеткіншектер. Оларды халықтық салт-
дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге , құрметтеуге үйреткен абзал. Өз
халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына
берер пайдасы зор.Оқушыларды ұлтжандылыққа , халқын қастерлеп, оған
қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке , қайырымдылыққа баулу
мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканың
тағылымдарын енгізу кең өріс алып келеді [16,122].

Міне ,өз ұрпағының өнегелі өнерлі , еңбексүйгіш , абзал азамат болып
өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді
пайдалану әрбір ұстаздың міндеті блып табылады.

Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну , ілгерілеу жоқ.
Халықтық оқу-тәрбие ісінің негізгі мақсаты – жалпы адамды, ең алдымен
баланы сұлулық хабардар ете отырып тәрбиелеу. Оқу мен тәрбие алдында ата-
ана да, тәрбиеші мен ұстаз да, адамды қоршаған ұжым да, тіпті көшедегі
кездейсоқ халық та жауап береді. Сол себепті пәндерді оқытуға мысалды
алыстан іздемей-ақ халқымыздың пайдаланып келген ұлттық құрал-саймандарын ,
ұлттық атауларын қолдануға болады.

Қазіргі қолданылып жүрген оқулықтарымыз орыс оқулықтарының аудармасы.
Олардың көбінде ұлттық психологияға сай келе бермейтін мысалдар
келтірілген. Ұлттық мектеп пен ұлттық ерекшелікке , ұлттың тарихына ,
мәдениетіне , өнеріне , салт-дәстүріне , тұрмыс-тіршілігіне , халықтың
ұлттық ойындары мен отбасы тәрбиесіне сай құрастырылған оқулық – ұлттық
педагогиканың ықпалы мен әсерінен жасалатын және дамитыны дүниежүзілік
тәжрибеден белгілі [17,280].
Халықтық педагогика мен халықтық психология тағылымдарын пайдалану
түрлі пәндерде әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге
қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы
өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге оқушы ойын
дамытып , өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыны құрғақ жаттандылықтан
аулақтатып , дербес ойлап , әрекет етуге жетелейді.Халық педагогикасының
тағылымдарын сабақтарда қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын
жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды
ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Президентінің лауазымына
кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде әрбір түйінді ойының орамын “Қымбатты
отандастар!” “Қадірлі отандастар!” “Қымбатты отандастарым!” деп бастады.
Өткен өмір үдерістерінен құлаққа сіңген “жолдастар” деп келетін қаратпа
сөздердей емес, “отандастар” деген сөз ресми рәсімді салтанаттандырып,
Елбасының лебізіне киелі сипат дарытып, тыңдаушы көпшілікті рухтандырып
отырды [18]. Себебі, “Отан” сөзін өзінің барша мән-мазмұнымен еркін айта
алу, түптеп келгенде, елдің тәуелсіздігі мен ұлттың еркіндігіне
мерейленудің нышандық айғағы деген сөз. Біз “менің Отаным” деген сөзді өз
Отанымыз – Қазақстанға қаратып айтуға жасқанып, қорғалақтап өскен ұрпақпыз.
Тарихқа кеткен есеміздің орнын толтырудың ең бір жанды тетігі – бүгінгі
және болашақ ұрпақ бойына отаншылдық сезімін орнықтыру болса керек. Бұл
ретте отаншылық – ең алдымен білім мен тәрбиенің тұғыры болуға тиіс.
Біз “отансүйгіштік”, “патриотизм”, “ұлтжандылық” деген сөздерді
тәуелсіздік алғалы жиі қолданамыз. Мұндай асқақ та азаматтық сезімді
жасқанбай емін-еркін сыртқа шығара алатын күнге жеткенімізге шүкіршілік
етеміз. Осы орайда “отаншылдықтың” жөні бөлек екеніне мән бере
бермейтініміз де рас. Байыптап зейін қойсақ, “отансүйгіштік”, “патриотизм”,
“ұлтжандылық” сөздерінің өзіндік мән-мазмұны бір бөлек болса, “отаншылдық”
сөзінің де өзіндік дербес мән-мағынасы бар екенін аңғарту қиын емес.
Отаншылдық – Отанын жан-тәнімен сүйіп, оған қалтқысыз қызмет ету ғана емес.
Отаншылдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы
Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Пәндер