Тақырлардың қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайлары


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География факультеті
Физикалық география кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ТАҚЫРЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Орындаған : 2-курс магистранты Дүйсебай Алмагүл
Ғылыми жетекшісі: б. ғ. д., проф. Ж. Ү. Мамытов
Бақылаушы: аға оқытушы К. К. Мақаш
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: г. ғ. к., доц Ж. Н. Мұқашева
Алматы 2006
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Тақырларды зерттеу тарихы
1. 2 Тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасу үрдістеріне әртүрлі
көзқарастар
- Тақырлардың қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайына
арналған зерттеулер
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2. 1 Зерттеу нысандары
2. 2 Зерттеу әдістері
3 ТАҚЫРЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
3. 1 Тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуына жайғасқан жерлерінің геологиялық жасының әсері
3. 2 Тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуына жер бедерінің әсері
- Тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуына климаттық фактордың
әсері
- Тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуына жер бетінің, топырақ
асты және жер асты суларының әсері
- Тақырлардың пайда болып, дамып, қплыптасуына өсімдіктер мен
Жануарлардың қатысы
- ТАҚЫРЛАРДЫ ИГЕРІП, ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ
МЕЛИОРАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДРАРЫ
4. 1 Тақырлардың тұзын кетіру үшін сулық мелиорацияны пайдалану
4. 2 Тақырларды игеру үшін химиялық мелиорацияны пайдалану
- ТАҚЫРЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОРЫСША-ҚАЗАҚША
АТАЛЫМДАРДЫҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Тақырлар, негізінен, Орталық Азия мен Қазақстан территориясында пайда болып, дамып, қалыптасқан. Олар біздің елде Бетпақдала мен Үстіртте және Сырдарияның бойында жайғасқан. Бұл топырақты зерттеушілер (Ө. О. Оспанов, 1; Н. Н. Болышев, 2; И. П. Герасимов, 3; В. А. Ковда, 4; Базилевич Н. И, 5; Е. Н. Иванова, 6, т. б. ) көбінесе Түркіменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан жерлеріндегі тақырларға баса көңіл аударып, Қазақстандағыларын жалпы есепке алғанымен, жете зерттеуді іске асыра қоймаған. Өте-мөте бұл топырақтың қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайлары онша талданбай, морфопедагенез тұрғысынан толығырақ сипатталған. Сондықтан бұларды игеріп, мелиорациялық жолдарын анықтау тұзданған топырақтардың басқа типтерімен салыстырғанда кешеуілдеп қалды. Негізгі себебі, бұлардың табиғи шығу тектеріне сараптама жасап, әсер еткен факторларды анықтап, антропогендік ықпалдардың нәтижесінде даму бағытын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге жету тақырларды зерттеудің өзекті міндеттері болып есептеледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының мақсаты - тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайларын зерттеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілуі тиіс болады:
- тақырлардың қалыптасуын зерттеу тарихы;
- ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, оларды талдай келе, тақырлардың шығу тегі туралы пікірлерді өзара салыстырып, ақиқатты анықтау;
- тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуына әсер еткен физикалық-геграфиялық жағдайларды (климат, геологиялық жасы, жер бедері, жер үсті және жер асты сулары, өсімдіктері, жануарлары, т. б. ) анықтау;
- осылардың жиынтық қорытындылары ретінде физикалық-географиялық болмыстың тақырлардың қалыптасуына әсерін сипаттау.
Теориялық маңыздылығы. В. В. Докучаевтің топырақтардың қалыптасуы туралы теориялық негізіне сүйеніп, әлемдегі топырақтардың барлық дерлік типтері зерттелген. Ал, осы негізде топырақтардың қалыптасуларын түсіндірудің теориялық маңызы өте зор. Себебі, тұзды топырақтардың пайда болып, дамып, қалыптасуының өз ерекшеліктері бар. Бұларды жете зерттеу және табиғатын танып-білу, тақырлар сияқты өте күрделі тегі бар нысандарды зерттеу арқылы түсінуге болады. Сондықтан, тақырлардың табиғатына физикалық-географиялық жағдайлардың әсерін зерттеудің теориялық маңызы өте зор.
Ғылыми жаңалығы. Қазақстан территориясындағы тақырлардың көлемі, орналасқан территориялары интразоналық жайғасуының белдеулік сипаттары әлі толық зерттелмеген. Сондықтан, біздің жұмысымыздың нәтижелік қорытындыларының ғылыми жаңалық белгілері бар.
Практикалық маңызы. Тақырларды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу бараысында әлемдегі ғалымдардың осы топырақтарды игеру және құнарлылығын арттыру жолдары жүйеленеді. Сол сияқты, бұлардың қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайын зерттеу біздің білімдік толығуына мүмкіндік берді.
Нәтижелі ақпарат. Нәтижелі ақпарат көздері жарық көрген ғылыми әдебиеттер арқылы жүйеге келтіріліп, сипатталады.
Зерттеу әдістері. Картографиялық, статистикалық, әдістер салыстырмалы сипаттау, геохимиялық, гидрологиялық зерттеу әдістері.
Күтілетін нәтижелер. Зертеулер нәтижесінде тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайлары анықталады. Және оларды игеру жолдары сарапқа салынып, тиімділері көрсетіледі.
Жарияланаған мақала. «География Казахстана - содержание, проблемы, перспективы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, студенттердің 60-ғылыми-практикалық конференциясы.
Қорғауға қойылатын қағидалар.
1. Тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасуының физикалық-географиялық жағдайлары.
2. Осылардың әсерінен қалыптасқан тақырлады игеру жолдары.
3. Тақырлардың құрамы мен қасиеттерінің басқа тұзды топырақтардан ерекшеліктері.
Ғылыми болжамдар. Тақырлардың қалыптасуына әсер еткен физикалық-географиялық жағдайлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, мелиорациялық бағыттарды белгілеу мүмкіндігі туындайды.
Зерттеудің іс-жосығы. Зерттеу тақырыбына сай ғылыми әдебиеттерді сараптап, кейінгі мәліметтермен салыстырып, болашақта болатын кері әсерлердің алдын-алуға мүмкіндік жасау.
Зерттеу нәтижелерін қысқаша талдау. Жиналған мәліметтерді камералдық талдаудан өткізіп, нәтижелерін жүйелеп, қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды жасау.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Тақырларды зерттеу тарихы
Географиялық және топырақтық-геологиялық әдебиеттерге «тақыр» термині, біздің білуімізше, Түркістанның, оның ішінде сол уақытқа дейін әлі таныла қоймаған Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінің физикалық-географиялық жағдайларын жете зерттеу басталған ХIХ ғасырдың 70-жылдары алғаш келген болатын. Дегенмен, бұдан едәуір ертеректегі саяхатшылардан, олар бұл терминді қолданбаса да, күмәнсіз тақырларға тән көрсеткіштерді кездестіреміз. «Николай Муравьевтің 1819-1820 жылдардағы Түркістан мен Хиуаға саяхаты» атты екі томдық кітапта (1822) «құмды және құнарсыз далаларды» сипаттауда автор: «Құмдары жоқ, құрғақ, қатты және бозарған түс беретін жерлер» туралы айтады. Ары қарай ол «Туерде алты құдық бар . . . жеті жерде жер мүлде жалаңаш, бүкіл жол бойына көк мүлдем көрінбейді, мұнда, тіпті, қураған шыбық та болған жоқ»-деп келтіреді /7/.
Тақырлар туралы айқын суреттеулерді табиғаттанушы Т. Базинердің еңбектерінен табуға болады: «600 футтай келетін қыраттың биігіне жеткенде, мен алдымнан тура бір үтікпен үтіктеп тастағандай, соншалықты тегіс, біртекті жерді көрдім. Тастай қатты, тіпті ат тұяғының ізі қалмайтын сазды топырақ бүкіл жаз бойы оңтүстіктің қайнаған күнінің аптабымен шыжғырылуына ұшыраған» (71-72б. ) /1/. Бұл жерде әңгіменің сөзсіз тақырлар жөнінде болғаны белгілі.
Тақырлар туралы жекелеген үзінділер А. П. Федченконың еңбектерінде кездеседі. Ол «құмдардың арасындағы сазды шұңқырларда» жергілікті халық пайдаланатын, қардың «тұщы сулары» жиналғанын көрсетеді /8/.
Кавказдың танымал картографы И. И. Стебницкий Красноводск - Қызыл-Арват бағытымен 1870-1872 жылдары Түркменстанға барып, құмды қырқалардың арасында «балшықты-сазды, қатты, кебір топырақтардан тұратын, ендік жазықтықта созылып жатқан жерлер бар, құрғақ мерзімдерде лолар мүлдем қатты, тіпті, тағалы ат та ізін қалдыра алмайды; олар ақшыл, лас түсті және өздері құрғап қалған көлді көз алдыңа елестетеді» - деп суреттейді және оларды «сазды топырақтарда жаңбыр суынан пайда болған шалшықтар» деп келтіреді /9/.
Я. Малома 1873 жылы Красноводскіден (қазіргі Түркіменбашы қаласы) Қаплан-қыр табанындағы Декч құдығына дейінгі жол бойындағы «қырғыздардың жаңбыр суын жинау үшін жасаған жасанды құдықтарын», яғни шұңқырларды сипаттайды. Я. Маломаның айтуынша, бұл «жаңбырлы көлдерде» суларды ұзақ сақтау «топырақтың су өткізбейтін қасиетімен», яғни оның өте тығыздылығымен байланысты. Автордың байқауынша, бір жаңбырлы көлдің түбі, бар болғаны 2, 5 - 3 дюйм тереңдікте болған /10/.
Бұл авторлар «сазды шұңқырларды» және жалаңаштанған жазықтарды кезінде «тақыр» деп атамаған және олардың пайда болуы жөнінде түсініктер бермеген. Бірақ бұл айтылып жатқан «жалаңаш, қатты, тегіс, балшықты-сазды, су өткізбейтін алаңдардың тақарлар екені күмән туғызбайды.
Хиуа әскери жорығының басты мүшелерінің бірі Каульбарс 1873 жылы өзінің танымал «Амударияның сағалары» атты еңбегінде Дәу-қара елді мекенінен Перовск портына (қазіргі Қызылорда қаласы) дейінгі жолды суреттеуде ол былай дейді: «Шығысқа жақындаған сайын құм үйінділері сирексіп аз кездеседі, және сонымен бірге, біз мүлдем жалаңаш, тегіс және тіршіліксіз шөлдерге тап болдық. Бұл шөлдердің сазды-кебірлі топырақтарының түсі сұр түсті; жыл сайынғы еріген қар суымен шайыла отырып олардың беті жылтырланған; олардың қаттылығы соншалық, үстінен өтіп бара жатқан ауыр артилерия өзінің әзер-әзер байқалатындай ғана ізін қалдыра алды» /11/.
Бұл суреттемеде тақырлы жазықтар туралы жалпы алынған әсер өте айқын берілген. Автор кітабында «тақыр» терминін қолданбайды. Бірақ Каульбарстың кітабына тіркелген картада бұл « сазды-кебірлі далалар» дәлдегендей сарғыш-сұр түспен боялып, дәп бір тақырлар секілді белгіленген.
Тақырлардың ғылыми анықтамасын беруге деген алғашқы талпыныстарды, тақыр дегеніміз - түбі тұзды-батпақты бұрынғы және қазіргі құрғап қалған көлдердің тағандары деп санайтын И. И. Стебницкидің /9/, Н. А. Маевтің /12/, М. Н. Богдановтың /13/, А. М. Коншиннің /14/, Г. П. Леонвтың /15/ еңбектерінен кездестіреміз. Бұл анықтаманы басқа да зерттеушілердің жұмвстарвнан кездестіруге болады. В. А Обручевтің айтуынша, тақвр - «көктемгі мол судың ойпаңдарда жиылуынан басқа ештеңе де емес» /16/. Тақырлардың бұл анықтамасы немесе, нақтырақ айтқанда, тақырлв ойпаңдардың аналық жыныстарының түзілуін түсіндіру әдебиеттерде нық орын алджы. Бұл, мысалы, И. П. Герасимовтың, Е. Н. Ивановтың еңбектерінде көрініс табады, сонымен қатар энциклопедиялар мен бірқатар оқулықтарға енгізілді. Н. И. Андрусов В. А. Обручевтің көзқарастарын тақырлардағы жыныстардың шөгу үрдістеріне тарата отырып, мұны геоморфологиялық пішіндер - ағынсыз көлдер ретінде қарастырады /17/. Тақырларға жер бедерінің теріс пішіндері ретінде қарстырылған мұндай көзқарасты ары қарый Д. И. Щербаков /18/, С. С. Неуструев /19/, А. Д. Нацкий /20/, Б. А. Феодорович /21/, П. С. Макеев /22/ және тағы басқалар таратады.
Топырақтанушвлар тақырларды топырақтың өзіне тән ерекшелігі бар, ерекшеленген типі ретінде қарастырады. Шындығына келгенде, әрбір зерттеуші бұл терминді өз бетінше түсінеді және оны жеке қабылдайды. Бұл мәселенің жағдайы адасушылыққа әкелуі мүмкін. Дегенмен, жалпыға бірдей қабылданған, дұрыс «тақыр» термині дүниеге келді. Дәл түсінікті қалыптастырудың қажеттілігі, тақырлардың үлкен кеңістікті алып жатуы мен сұр және қоңыр топырақты зонаның суармалы шаруашылығында пайдаланылатын негізгі объеті болуымен байланысты. Мысалы, Копетдаг маңы жазығындағы тақырлар үшін үлкен кеңістікті алып жатыр және суармалы шаруашылықта қолдануға жарамды.
Қоңыр топырақтар зонасында тақырлардың болуы жоққа шығарылып, көптеген зерттеушілер оларды сорлы- қақтарға жатқызды. Тақырларды сорлардың тобына жатқызу, олардың кейбірінде жаңбырлы кездерінде сорларға тән өсімдіктердің пайда болуымен байланысты. Бұдан басқа, тақырлардың өлкелік бөліктерінде топырақ беттерінде тұзды қабықшадан кейде көмкермелер бөлінеді, сонымен қатар аздаған тереңдікте тұзды жолақтар байқалады. Тақырларды шөлді-далалы топырақтардың тұзданған бір түрі ретінде көрсету Димоның /23/, Никитиннің /24/, Виленскидің /25/ еңбектерінде орын алды. Бірақ бұл анық емес күйде айтылған жекелеген ойлар болды. Бұл көзқарасты белгілі тұжырымға келтіру Герасимовтың /26/ және Ивановтың /27/ еңбектерінен орын алды, алайда бұл мәселе әлі де соңғы шешімін таппаған болатын.
Тақырлардың қалыптасуы мен қасиеттері жөнінде Ковданың /28/, С. В. Зонның, Беловтың, М. Н. Воскресенскидің /29/, Д. И. ТарАсов, М. Е. Беляковтың еңбектерінде қарастырылды. Бұлардың кейбірі тақврлардың қасиеттерін айтса, екінші бірі оның жаралуын, үшіншілері жайғасуларын айтып жатты.
Тақырлар туралы толық және жан-жақты мәлімет Ө. Ө. Оспановтың еңбегінде /1/ жарық көрді. Оспанов өзінеть ді\ейінгі зерттеген ғалымдардың барлығының еңбектерімен дерлік жете танысып, өзінің де көрген - білгендерін қағазға жүйелі етіп, біршама толық түсіре алды. Оның Көнедария жазығының (Түркіменстан) тақырлары туралы берген сипаттамалары, жалпы барлық тақырларға тән сипаттарды беретін. Ол осы Көнедария жазығының тақырлары жөнінде берген мәліметтерінде олатдың барлық қасиеттерін, сипаттарын көрсетіп берген.
Оспановтан кейінгі тақырларды зерттеушілерге Т. И. Евдокимов (1944), А. Н. Розанова (1951), Е. В. Лобова, С. А. Шувалов (1952), Н. И. Базилевич, М. М. Голлербахты (1953) және Л. Е. Родин мен М. К. Граве (1954), тағы да басқа ғалым зерттеушілерді атап өту керек.
Тақырлардяың қалыптасуы жөнінде өз зертттеулерін жүргізіп, тың ойлар айтқан, яғни олардың қалыптасуының биологиялық факторларын, оның ішінде, жасыл диатомды балдырлардың рөлін дәлелемен көрсеткен Н. Н. Болышев өзінің еңбегеінде /2/ жариялады. Ол негізінен, тақырлардың қалыптасуындағы биологиялық факторлардың рөлін ерекше атап, сыңаржақ кетеді. Алайда, оның осы көзқарасының соңынан да бірталай зерттеушілер еріп, өздерінің еңбектерін осы салаға арнады. Оған мысал ретінде Е. В. Лобова, С. А. Шувалов, И. П. Герасимовты айтуға болады. Осы Болышевтің зерттеулерінен кейін тақырлар балдырлы және қыналы болып бөліне бастады. «Тақырлардың кепкен қабығының көлденең кесіндісінен жұқа ақ талшықтарды қиналмай-ақ байқауға болады» деп жазады Болышев пен Евдокимов.
Тақырларды зерттеген Русанов 1930 жылы Іле өзенінің аңғарында, 1934 жылы Коровин Мұрғаб өзенінің атырауында тақырлардың өсімдіктер қаымдастығының ұқсас этаптарында алмасу жүретіндігін айтады. Е. П. Коровин Сырдария өзенінің маңында негізінен топырақ суы деңгейінің төмендеуі мен аллювиальды жазықтардың құрғауына байланысты өсімдіктердің өзгерісін зерттеді.
1946 жылы В. А. Ковда шөл зоналарында аңғарлық-аллювиальды облыстардың құрғауымен тақырлардың пайда болуын байланыстырады.
1949 жылы Л. М. Пахроменко Амударияның төменгі бөлігінде өз зерттеулерін жүргізіп, ондағы ежелгі жыртылған жерлерде, ең алдымен, топырақ суы деңгейінің төмендеп кетуін есепке алды. Осыған байланысты ол өсімдіктердің ауысуының сипаттамасын берді /30/.
1954 жылы В. Богдановтың Қарақұм аймағына жүргізген зерттеулерінің нәтижиесінде тақырлардың ылғалдылық дәрежелері мен оларда тұздардың жиналуы көрсетілді.
1955 жылы Н. Н. Болышевтың, негізінен өз зерттеулері нәтижиесінде жазып шығарған көлемді еңбегі жарыққа шықты. Онда ол тақырлардың қалыптасуының биологиялық факторларын талдап көрсетіп берді.
1956 жылы Н. И. Базилевич пен Л. Б. Родиннің Батыс Түркіменстанның тақырларын зерттеулері де бұл салаға үлкен үлес қосты. Олар тақырларды ауыл шаруашылығына игеру жолдарын қарастырды /31/.
Соңғы уақытта тақырларды зерттеу ісі жүргізіліп жатқан жоқ.
1. 2 Тақырлардың пайда болып, дамып, қалыптасу үрдістеріне әртүрлі көзқарастар
Тақырлардың шығу тегін алғашқы зерттеушілердің түсіндіруі. Тақыр дегенде, кең, ашық, жазықты, жайпақ, жоғарғы сатылы өсімдіктері жоққ тән, беті тілімденген кеңістік деген түсінік қалыптасқан. Тақырлардың беткі қабаты ерекше тығыздылығымен, қабықтылығымен ерекшеленеді. Тақырлар мынадай факторлардың: шұғыл аридті климат жағдайлары, жер бедерінің жазықтығы, топырақ суларының терең орналасуы, аймақты жер беті суларының мезгіл-мезгіл басып отыруы, жоғарғы сатылы өсімдіктердің нашар дамуы немесе мүлдем жоқтығы және төменгі сатылы өсімдіктерінің синузиясының болуы салдарынан пайда болады. Тақырлардың сипаттамалық белгілеріне: оның бетерінің көптеген ұсақ бөліктерге шытынап жарылуы (мұнда олардың көлемі15-20-25см), қатты қабықшалық қабатының болуы (қалыңдығы 1-8см) және ол қабаттың кеуекті-ұялы құрылымды болып келуі жатады.
«Тақыр» түсінігінде барлық зерттеушілер ортақ түсінікке келе бермейді. Геологтар мұны геологиялық жасалу деп, тақыр жасалу үрдісінде бәрінен бұрын ең сазды шөгінділердің қабатталын айтады; геоморфологтар, осыған ұқсас, тақырларды жер бедерінің пішіні іспетті қарайды. Тек топырақтанушылар ғана тақырдың құрылуына алып келген аналық жыныс болып саналатын шөгінділердің жиналу үрдісін айыра бастады, бұл шөгінділерде нағыз тақыр түзілу үрдісі соңғысымен байланысты.
Тақырлар мен сорлардың және қақтардың пайда болуын алғашқы түсіндірулердің біршама қателескендерін біз топограф Н. А. Маевтың еңбектерінен көреміз. Ол Жетісу облысының Бетпақдаласының топографиялық жағдайын былай сипаттайды: «Сазды немесе құмды топырақты тегіс жерлер кей жерлерде тұзды топырақтармен алмасып отырады, жергілікті халық оны «тақыр» деп атайды. Бұл бұрын бір кездері осында болған көлдер мен басқа да су бассйіндерінің орны болып саналады. Жылдың жаңбырлы кезеңдерінде тақыр немесе тұзды топырақтар қызыл - қоңыр сулы шалшықтармен жабылған ылгалды, терең батпаққа айналады» Н. А. Маевтың түсінігіндегі тақыр - ол құрғақ тұзды топырақ, оның пайда болуын автор былайша түсіндіреді: «Өзендердің құрғап қалған арналары суға толған иірім немесе қолатқа ұқсайды. Қатты ыстықтарда бұл иірімдер кеуіп кетеді де, тұзды топырақтардыа өзінің ылғалды немесе құрғақ ізін қалдырады . . . Мұндай тұзды топырақтар ссорлар деп аталады, егер ол батпақты, түбі құрғақ және қатты болса - тақыр, ақырында, беткі қабатында су сақталып, жазда едәуір кеуіп кеткен көлшік немесе иірім - қақ деп аталады» /12/.
Тақырлардың, анығырағы, тақырлық шөгінділердің шығу тегі жөнінде Хиуа жорығының мүшесі, зоолог М. Н. Богданов едәуір толық түсініктер береді. Ол тақырларды тегіс, түгелдей жатық, сортаңды-кебірлі топырақты құрғақ кезеңдерде тастай қатты деп сипаттай отырып, тақырлар даланың кез-келген жерінде емес, негізінен, құммен жабылмаған сазды топыроақтарда кездеседі деп түйді. Тақырлардың саздары суды нашар өткізеді деп көрсетеді. Сол кездегі даланың теңіздік сазды шөгінділері беткі, едәуір балшықты қабаттарының суды өз бойынан еркін өткізетіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан жаңбыр және қар сулары тақырдвың суды нашар өткізетін беткі тығыз қабатымен жылжи отырып, оның жайпақ үңгілген жерлерінде жиналып, сол жерлерде шалшық немесе қақ пайда етеді. Мұнда тақырладың негізгі қасиеті - саздылығы мен суды нашар өткізгіштігі өте жақсы көрсетіәлген және «тақыр» мен «қақ» түсініктері айқын ажыратылған.
Бұдан ары қарай, Богдановтың пікірінше, тақырлар қазіргі көлдік жаратылысқа ұқсайды. Тақырдың қалыптасу төркінін автор былайша түсіндіреді: «Көл бетіне желмен әкелінген құмдар мен сазды бөлшектер оның түбіне шөгеді: ағзалардың қалдықтары өз ішінде құмды және сазды бөлшектерді қатайтады, олардан көл түбінде тығыз батпақты қабат пайда болады, ол уақыт өткен сайын біртіндеп ұлғайып, көл қазаншұңқырын толтырады. Көл біртіндеп таяздай отырып, құрғайды да, тұзды батпақтарға (қырғызша - сор) айнлады. Уақыт өте батпақтар да ылғалвынан айрылып, кебеді де, осындай тақыр деп аталатын тығыз да, қатты, сазды, тегіс алаңға айналады. Жаңбырдан кейін тақырлы жермен жүріп өтсе, аяқ батып, оған ақ балшық жабысып, терең із қалады. Бұл тақырлы шор мен сордың белгісі /13/.
Тақырларды геологиялық құрылым ретінде түсіндіру. Тақырлар мен олардың шығу тегіне сипаттама беру, бәрінен бұрын, геологтар мен географтардың еңбектерінде жақсы кездеседі.
1847 жылы Барбот-де- Марни өзінің Маңғышлақ пен Үстірт арқылы Түркістанға саяхаты кезінде өз күнделігінің «жекелеген қыраттардың арасындағы ашық далаларда атмосфера сулары мен топырақтың шайылуынан пайда болған үлкен қазаншұңқырлар бар . . . Олар паркет сияқты тегіс, түбі тығыз ақшыл саздардан тұрады. Осындай сазды алаңдарға қазақтар «тақырлар» деген атау берген» /32/. Бұл тақырларды жер беті суларының делювиальды әрекеті нәтижесінде болатын таза геологиялық қазіргі құрылымдар ретінде түсвіндірудің алғашқы бастамасы болды. Тақырлар мен олардың шығу тегі туралы мұндай түсініктер бұдан кейінгі де авторлармен дамыды және бұл геолготар арасында әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz