Материалдық емес активтер аудиті



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. Материалды емес активтерді кіріске алудың толықтығы мен дұрыстығын тексеру
2. Материалды емес активтердің қозғалысын тексеру ерекшеліктері
3. Материалды емес активтерді кіріске алу мен қозғалысын тексерудегі ақпарат көздері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Материалдық емес активтер – бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер.
Жалпы материалды емес активтер шартты түрде 4 топқа бөлінеді: өндіріспен байланысты материалдық емес активтер, коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер, қолдану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер, материалдық емес активтердің басқа да түрлері.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Олардың келіп түсуі мен есептен шығарылуы "Материалдық емес активтерді қабылдау-беру" актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы, түрі дәл аталады, кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және қажетті мәліметтер көрсетіледі. Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше тектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, олардың пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысымен бекітіледі. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 10 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша – материалдық емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша – материалдық емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Бюлитень бухгалтера №12 2004
2. Бюлитень бухгалтера №21 2004
3. Бюлитень бухгалтера №19 2004
4. Т.Ә. Абдіхалықов – Аудит және бухгалтерлік есеп

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Материалдық емес активтер аудиті.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. Материалды емес активтерді кіріске алудың толықтығы мен дұрыстығын
тексеру
2. Материалды емес активтердің қозғалысын тексеру ерекшеліктері
3. Материалды емес активтерді кіріске алу мен қозғалысын тексерудегі
ақпарат көздері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Материалдық емес активтер – бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану
үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуға, әкімшілік мақсатқа
және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес
активтер.
Жалпы материалды емес активтер шартты түрде 4 топқа бөлінеді:
өндіріспен байланысты материалдық емес активтер, коммерциялық қызметпен
байланысты материалдық емес активтер, қолдану құқықтарымен байланысты
материалдық емес активтер, материалдық емес активтердің басқа да түрлері.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны
бойынша бағаланады. Олардың келіп түсуі мен есептен шығарылуы "Материалдық
емес активтерді қабылдау-беру" актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық
емес активтердің түсуі мен шығарылуы, түрі дәл аталады, кәсіпорынға
берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның
бастапқы құны, амортизация нормасы және қажетті мәліметтер көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір
данадан толтырылады. Бірнеше тектес материалдық емес активтерді қабылдау
жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің
объектісі, олардың пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік
құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас
бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысымен бекітіледі. Материалдық
емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана
етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 10
Материалдық емес активтер бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы
шоттардың дебеті бойынша – материалдық емес активтердің келіп түскен айдың
басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша –
материалдық емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі.

1. Материалды емес активтерді кіріске алудың толықтығы мен дұрыстығын
тексеру
Материалдық емес активтер танылған кезінен бастап бастапқы құны бойынша
бағаланады. Материалдық емес активтердің құны олардың алынған тәсіліне
байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар
бірлестігінің күшімен айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидиялардың
көмегімен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі күшімен жасаса. Құн
қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны
бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық
шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны
және т.б. Егер де материалдық емес активтер бартерлік негізінде алынса,
онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес
активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтердің
бастапқы құны несие есебінен алынса, онда ол несие үшін төленетін пайыз
бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады. Егер
материалдық емес активтердің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін
алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтердің
тап осы түрінің құны бойынша танылады.
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығарылуы "Материалдық
емес активтерді қабылдау-беру" актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық
емес активтердің түрі дәл аталады және ол кәсіпорынға берілген күні,
объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа
да қажетті мәліметтері көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөнідегі акті әрбір объектіге
бір данадан толтырылады. Бірнеше тектес материалдық емес активтерді
қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес
активтердің объектісі, олардың пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның
мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған
бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысымен бекітіледі.
Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде акт екі дана етіп
жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
10 Материалдық емес активтер бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке
алу Материалдық емес активтердің мүліктік карточкасында жүргізіледі.
Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін
есепке алу үшін қолданылады. Материалды емес активтердің әрбір жеке
объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық
емес активтерді қабылдау-беру актісінің", техникалық және басқа
құжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын
растайтын құжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді
басқа кәсіпорынға берген кезде оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін
негізгі "Материалдық емес активтерді қабылдау-беру" актісі болып табылады.
Материалдық емес активтерді есепке алудың мүліктік карточкасы "Материалдық
емес активтерді есепке алу тізімдемелерінде" топтастырылады. Тізімдемелерде
материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, бір
айдағы қозғалысы көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің өз күшімен де
жасалуы мүмкін, ол кезде оның құны нақты тікелей шығысымен де және үстеме
шығысымен де танылады. Бұл шығындарды есепке алу үшін 10 "Материалдық емес
активтер" шоттарының бөлімшесіне, жеке "Материалдық емес активтерді жасау
шығындары" деп аталатын субшоты ашылуы мүмкін. Бұл шотқа келесідей шығындар
енеді:
1) Материалдық емес активтерді жасауға қатысқан еңбеккерлердің
еңбекақысы
2) Заң бойынша белгіленген еңбекақыдан жасалатын аударымдар
3) Несие үшін төленетін төлемдер
4) Басқа да шығындар
5) Үстеме шығындар.
Салық кезеңі ішінде салықтар бойынша ағымдағы төлемдер сомасын есептеу
және бюджетке төлеу мәселесі шаруашылық жүргізуші субъектінің салық
міндеттемелерін орындауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Активтердің рентабелділігі Таза табыс активтердің жалпы орташа құны
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
«Шенгел и К» ЖШС
«Metrocom Service» ЖШС
Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
РПК Бектау ЖШС
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының есебі
Материалдық емес активтер аудиті туралы
Пәндер