Магия – наным сенімнің ерекше формасы ретінде


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Магистрлік диссертация

ТАҚЫРЫБЫ: МАГИЯ - НАНЫМ СЕНІМНІҢ ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ.

Орындаған Дінтану бөлімінің

2-курс магистранты Кенжегулов Н.

Ғылыми жетекшісі филос. ғ. д.,

профессор Құдайбергенов Б. К.

Қорғауға жіберілді “” 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі филос. ғ. д.,

профессор Байтенова Н. Ж.

Алматы 2007 ж.

Реферат.

Магистерская диссертация состоит из введения, двух разделов, каждый из которых делится на два подраздела, заключения и списка использованных источников. Общий объем работы страниц.

Магические предметы знакомы большинству людеи; о них знают все, кто слышал хоть что нибудь о магии. Описание ритуалов содержиться во многих работах, написанных самими «адептами» и в комментариях их оппонентов.

Магия продолжает жить и деиствовать как в Европе так и в Азии. Исследовать широту ее распространения не наша задача.

Магия играла особую роль в истории человечества. Иногда эта роль становилась решающей, иногда второстепенной. Но в любом случае игнорировать значение магии было бы недопустимо.

На протежени столетий а возможно и тысячелетий магия медленно но верно овладевала умами человечества. Ее наиболее ритуализованная форма постепенно распространялась с Востока все дальше на Запад.

Иногда новые религии относились терпимо к древним магическим обычаям и даже включали их в свою систему. Возможно, представители более древних культов действительно обладали тайным знанием и сверхьестесвенной силой, которую человечество могло поставвить себе на службу.

У магии гораздо больше обшего с религией чем принято считать.

Большинство людей задаются вопросом: «Что же стоит за магией?» Дело в том что «за магией » много чего стоит. Задача исследователя раскрыть суть этого явления и его скрытые возможности

Магистрант Кенжегулов Н.

Мазмұны

Тақырыбы: «Магия - наным сенімнің ерекше формасы ретінде».

Кіріспе . . . 4-8

  1. Магия халықаралық құбылыс ретінде . . . 9-201. 1. Магия және дін . . . 21-331. 2. Магия және ғылым . . . 34-38
  2. Этнографиялық әдебиетте магиялық салттарды классификациялау . . . 39-432. 1. Магияның типтері мен түрлері . . . 44-802. 2. Қазақстан жерінде магияның алатын орны . . . 81-85

Қорытынды . . . 86-89

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 90-91

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Жұмыстың өзектілігі Ежелгі заманнан адамдардың ішінде ырымға сену, тылсымға сену, құдайдың көзге көрсетпей істегеніне сенбей, сиқыршылардың адам көзін еліктіріп істеген сиқырлары, өткен өмірін баяндап беруі, келешек өмірін алдын ала білгісі келу мақсатымен адам магиялык рәсімге кезігеді. Ертенгі куннің ашықталмауынан өтіп кете қоймайтын ішкі қорқыныш; құдіреті кушті құдайға сенімнің жоғалуы, рационалды білімнің жоқтығы, өзінің куш-жігерінің жоқтығын сезінуі, осылардын себебінің барлығын басқа бір тылсым куштің әсері арқылы іздейді. Осы өзін мазалайтын сұрақтармен адам сиқыршының көмегіне келеді, оның айткан рәсімдерін жасауда бірақ осыны өзі жасай отырып оның түпкі мақсаты не? және қайдан шығатына өзі көз жеткізе алмайды. Осы рәсімдерді жасай отырып адам магиялык рәсімдерді көп жағдайда дін ғұрыптарымен шатастырып алып жатады. Негізінде бұл құбылыстың көмегін діннен жақсы хабары жоқ және магияның шынында не нәрсе екенін білмейтін адам пайдаланады.

Магия - бұл тек кәзіргі кезде орын бермейтін, өткен заманның бір ұшқыны емес. Ол қазыргі кезде теледидар, радио т. б арқылы болуы мүмкін. Адамның қалауы мен арманы бар кезде біздің өмірімізде магияға орын бар. Шын мәнінде қарасақ газеттердің қызмет көрсету бөлімін ашсақ 100 паыз магия, африкалық магия, қара магия, ақ магия, магияны үйретемін, жол ашамын, бизнесті алға жұргіземін деген жарнамаға көзіңіз түседі.

Шын мәнінде осы магия дегеніміз не? Ол шынында адамға көмек бере алады ма? Көбіне адамдар бұл сұраққа бас қатырмайды. Біздің осы магияға байланысты дисертациялық тақырыпты алуымыз осы сұрақтарға жауап беріп оның не құбылыс екенін білу.

Магия мен айналысу үшін сиқыршы, иудей, христиан, мұсылман немесе т. б болу шарт емес. Магия ол дін емес, ол практика, бірақ дегенмен көптеген діндердің бір бөлігі. Магия мен әркім айналыса алады.

Бұл қалағанына жету өнері. Физикалық шындыққа сөз және әрекет арқылы жету. Адам күшімен жүзеге асқан ғажайып оқиға.

Бірақ біздің көбіне білетініміз ақ магия мен қара магия, ол шынында магияның қандай түрлері бар және қандай болып бөлінеді.

Магия деп әр түрлі бағыштаулар арқылы жеткен рухани күшті практикалык түрде қолдану. Ежелгі ғалымдар өмірлік күшті қолдануды іздеу кезінде еріктің де әсер ететінін байқады.

Осы магия түсінігінің астында адамның ырымшыл іс-әрекеттерін пайымдауға болады, яғни табиғаттан тыс түрде материалды затқа немесе құбылысқа әсер ету мақсаты. Магиялық әсер шексіз түрде әр-түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірінен қиындық жағынан қарапаиым жартылаисанасыз ишараттан қиын және салтанатты магиялық рәсімдер арқылы көп адамдардың қатысуымен аиырмашылығы бар. Олар мақсат жағынан : емдік магия, қорғаушы магия, зиянкелтіруші магия, кәсіптік магия болып бөлінеді. Діндер тарихында магиялық рәсімдер және оиындар жоғарғы дәрежедегі маңызды роль атқарды және атқарып жатыр.

Магия немесе сиқыр түсінігінің астында адамның ырымшыл іс - әрекеттерін пайымдауға болады, яғни табиғаттан тыс түрде материалды затқа немесе құбылысқа әсер ету мақсаты магиялық (сиқырлық) әсер шексіз түрде әртүрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірінен қиындық жағынан - қарапайым жартылай санасыз ымнан қиын және салтанатты магиялық рәсімдер арқылы көп адамның қатысуымен айырмашылығы бар

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Бұл диссертациялық еңбектің негізгі мақсаты адамға магияның тарихы мен оның түрлерін, әсер ету тұрғысынан зерттеу.

Осы негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін диссертациялық зерттеуде төмендегі міндеттер қойылды.

  • Магияның шығу тарихын қарастыру, ежелгі адамдардың магиялық рәсімдерін талдаудан өткізу.
  • Магияның дінмен, ғылыммен өзара ұқсастықтары мен аиырмашылығын қарастыру.
  • Магия рәсімдерінің ежелгі түрлері мен қазіргі замандағы түрлеріне талдау жасау.
  • Магияның классификациясын қарастырып, оның типтері мен түрлеріне талдау жасау.

Диссертацияның құрылымы

Жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда магияның шығу тарихын, оның адамзатта алатын орнын, ежелгі адамдарда магия сенімдері мен рәсімдердің қандай болғанына, сол адамардын магиясы қалай болғанын оның не мақсатта қолданғанына тоқталдық.

Бірінші тарау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде магиямен мен діннің байланысымен айрмашылықтарын жаза отырып магияны, діннің бір бөлігі ретінде қарастырдық. Дін мықты орнаған жерде магия құлдырайды, ал егер дінде сенім әлсізденгенде магия өзін жақтастыратын жинап күштенеді.

Магия, дін сияқты эмоционалды стресс арқылы пайда болады. Дінде бұл сала рухпен және жанмен, көрумен оның құпиаларын жеткізушілермен және рудың табиғаттан тыс арбаушылармен магияда сиқырлы қарғыстын құпия сырына алғашқы сеніммен толықтырылады. Магия да, дін де тікелей мифологиялық дәстүрге, өзінің таңқаларлық күшін алудын тамаша күту атмосферасына сүйенеді. Магия да, дін де түсінбегендер өздерін қалай ұстайтынына байланысты олардын әрекеттерін ерекшелетін табу мен салт жүйесімен қоршалған.

Магияны, діннен не ажыратады? Барынша анықталған және көзге түсетін ерекшеліктен бастайық: сакралды соларды магия әрбір белгілі мақсатқа жету құралы болып табылатын әрекеттерді орындауға қызмет ететін, қандай да бір мақсат болатын әрекеттер жүйесі ретінде көрінеді. Бұл айырмашылықты барынша терең денгейлерде қарастыруға тырысамыз. Магияның практикалық өнері қатаң шекараларда анықталған. Және қолданылатын орындау техникасына ие: арбаушылық қарғыстар, жоралар және орындаушының жеке қабілеттілігі тұрақты үш бірлігін құрайды. Аспектілер мен мақсаттарының барлық көп түрлілігінде діннің техникасы қарапайым емес; оның бірлігі формальды әрекеттер жүйесіне де, оның идеялық мазмұнының әмбебептылығына да келмейді, ол орындалатын функциясымен және сенім мен салт жораның барлық мәнімен қорытындыланады. .

Біз бірнеше рет көрсеткен дәстүр алғашқы қауымдық қоғамда басымды, ол магиялық жоралар мен дінде шоғырланған әрекет жөнінде болғанда біз бұл әрекеттің болуын түсіендіретін оқиғаны табамыз. Бұл оқиғада берілген магиялық салт-жора адамзат қоғамының, қауымның жанұя және әулеттің тұрмысының бөлігі болғандықтан көрсетеді. Бірақ бұл баяндау сиқыршылық шығатын көзді ешқашан көрсетпейді; мұндай көз жоқ - сиқыршылық құрылмайды және жасалынбайды. Барлық магия ең басынана адамның тіршілік мүдделерінің шеңберіне кіретін процестер мен барлық заттардың толықтырылуы болды. Арбаушылық, магиялық салт, олар неге жетуге бағытталса уақыт бойынша болады

Екінші бөлімін магия мен ғылымның ара қатынасына орын бердік. Осы уақытқа дейін біз негізінде жергілікті тұрғын ойлармен және магиялық жөніндегі ұғымдармен жұмыс істедік. Олар соңында магиялық адамға белгілі бір заттарға билік етуді береді деген жабайыларға тән қарапайым нанымға саяды. Енді бұл нанымды бақылаушы - әлеуметтанушының көзқарас тұрғысынан қарау қажет.

Біз енді магия мен ғылым арасындағы қатынастарды толық сипаттай аламыз. Магиялық ғылымға екеуі де адамзат табиғатымен, адамдардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарымен тығыз байланысты белгілі мақсаттарға бағытталғандығымен ұқсас. Магиялық өнер практикалық мақсаттарға жетуге бағытталған. Басқа да өнерлер сияқты практикалық сабақтар белгілі жүйеге жинақталып барынша тиімді деп саналатын әрекеттер әдісін тыңдайтын принциптерге бағынады. Принциптердің мұндай жүйелері магиялық салттарды, арбаушылық қақтығыстарды және магия арсеналын құрайтын заттарды талдау барысында кездеседі. Магиялық ғылым сияқты жеке техникалық түрде рәсімделеді. Басқа өнердегі магияға баратын адам қажеттілігінен өзінің

Диссертацияның екінші тарауы екі бөлімнен тұрады. Екінші тарауда Этнографиялық әдебиеттерде магия салтының классификациялануы қаралды.

Магиялық салттарды классификациялау мәселесі дін тарихының кезекті және маңызды міндеттерінің бірін білдіреді. Бұл мәселенің мәні қарапайым жіктеудің мақсаттарымен тәмамдалмайды. Нақты материалды дұрыс топтау зерттеушіні магиялық салттар мен ұғымдардың генезисі сұрақтарына тікелей әкеледі, сонымен бірге діннің пайда болу түсінігін жеңілдетеді.

Қазіргі ғылыми әдебиетте магияны классификациялау мәселесі лайықты орын алмайды. Мұндай классификациялаудың әрекеті көп емес, мұнда оларадың бірі де сәтті деп саналмауы мүмкін, әрқайсысында пайдалануға болатын бағала ойлар болса да. Қазіргі классификациялаудың дерлік бәрі сиқыршылықтың бір жағынан - психологиялықтан шығады.

Магияны классификациялаудың жоғарыда келтірілген барлық әрекеттері тұтасымен алғанда, немесе бірінші кезекте бір принципке: психологиялық жағынан талдауға, яғни магиялық сенімдердің өзінің мазмұнына негізделген. Бұл магиялық әрекеттерді техникалық классификациялау.

Екінші тараудың бөлімдерінде магияның типтері мен түрлері жайында сөз қозғалады. Біз білетін магия түрі екеу ақ және қара магия, ал шынында магияның тек екі түрде шектеліп шектелмеитіндігін қарастырамыз . Осыған дейін айтылған магиялық салттарды типтер мен аспектілер бойынша топтау онымен байланысмты ұғымдардың психолгиялық мазмұнынан шығады және формалды - логикалық сипатқа ие. Бұл топтау сиқырлық сенімдердің психолгиясын түсінуге көмектеседі, арбаушылық салттарында магиялық ойдың жүрісі қаншалықты көрінгенін байқау үшін пайдалы. Бірақ мұнымен аталған психологиялық маңызы тамадалады. Ол зерттеушіні сиқыршылық тамырына әкелмейді. Сиқыршылық салттың психолгиялық мазмұны олардың негізінде қозғаушы күшінде құрамайды. Оның өзі басқа факторлармен жанамаланған.

Магиялық түрлерде атама алатын магиялық салттардың келесі түрлеріне бөлеміз:

  1. Зиян келтіруші магия;
  2. Әскери магия;
  3. Жыныстық (махаббат) магия;
  4. Емдік және сақтану магиясы;
  5. Кәсіпшілдік магиясы;
  6. Метеорологиялық (табиғат) магиясы;
  7. Басқа магияның қосалқы түрлері.

Біз келтірілген түрлердің әрқайсысын жеке қарастырамыз. Қарау рубрикалар жорамалдық белгіленбегенін олар материалдық кездейсоқ емес және формальды бөлінуін білдіреді, іс олардың мәнінің өзінен шығатын құбылыстарды топтау жөнінде. Сондықтан магияның түрленің әрбірін қарау бізді бізді олардың тамыры, гензисін түсінуге яғни зерттеудің негізгі мақсатына әкелуі тиіс

Магияны ғұрыптық тұрғысынан карастыра келіп, ғальмдар әсер ету тәсіліне карай: 1) тікелей әсер ету, 2) инициалды (қол жетпейтін объектіге әсері), 3) парциалды (тамакта, тағы баска нәрселер арқылы әсер ету), 4) имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету) деп жіктелді.

Осы жоғарыда аитылғандар туралы төменде оқып толыққанды малімет ала аласыз деп ойлаимын.

  1. Магия халықаралық құбылыс ретінде.

Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғүрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі - магия немесе тылсым ("ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады" деп те атайды) . Бұл да анимизм және тотемизм қатарлы дүниеге келген құбылыс. Оның негізінде де рухқа, жанға иланым жатыр.

Магияның тарихи және дұниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж. Фрезер. Ол өзінің "Алтын бұтақ" атты көлемді еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным түрі деген тұжырым жасайды. Оның ойынша, магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды. Дін қүдіретке сенім, соған тәуелділік арқылы адамның өзін өзі тануына мүмкіндік ашады.

Ал Леви-Брюль адамның ой қабілеті, әсіресе қауымдык құрылыс кезінде, логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, біріншісі логикалық ойлау заңдылықтары бойынша дамиды, екіншісі кездейсок және мүмкін болатын жаратылыс, әлеуметтік құбылыстарымен байланысты, ойлаудың осы екінші бөлегі жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалык магиялық ойлаудың тууына негіз болды, осылай әлемді діни тұрғыдан зерделеудің тағы бір ізі салынды, деп санайды.

Осы мәселемен шұғылданған ғалымдардың тағы бірі -Б. Малиновский бастапқы қауымдық құрылыста адамдар өз мүмкіндіктері көлеміндегі істерге катысты ұғымды ойлауға кабілетті болды. Бірақ, өз мүмкіндіктерінен тысқары нәрселер алдына келгенде тосылып, осыдан тылсым ұғымы қалыптаса бастаған деген тұжырым жасайды. Ғалым өзінің "Магия, ғылым және дін" (1926) атты еңбегінде магияның коғамға ыкпалы жаратылыс құбылыстарың таным дәрежесіне байланысты, оның әлеуметтік қызметі - адамның саналуан жағдайларда шешім табу мүмкіндігінде, деген байлам жасайды. [1] ., 405-406 б

Магияны ғұрыптық тұрғысынан карастыра келіп, ғальмдар әсер ету тәсіліне карай: 1) тікелей әсер ету, 2) инициалды (қол жетпейтін объектіге әсері), 3) парциалды (тамакта, тағы баска нәрселер арқылы әсер ету), 4) имитативті (ұқсас нәрсеге әсер ету) деп жіктеңді. Ол сонымен бірге мақсатына карай:

1) әскери, 2) кәсіптік, 3) емдік сияктылар болып бөлініп кете береді.

Осылайша алғашқы адамдардың ойы мен санасында адамның болмыс шындығының көрінісі болып табылатын көне діни түсініктердің тұтас кешені жасалған. Олардан адамзаттың неолиттен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолын көреміз. [2] ., 29 б

Франкфурттық мектеп классикалық емес философиялық бағыттың негізгі ықпалдыларының бірі болып табылады. Бұл бағыт бәрінен бұрын марксистік емес философия ретінде танымал. Сондықтан оны Кеңес уақытында жоққа шығаруға тырысып, барынша терістеп жазды. Істің шын мәніне тоқталатын болсақ, франкфурттықтар (ХХ жүзжылдықтың 30 жылдарындағы франкфурттық Институттың әлеуметтік зерттеу аумағына бір топ зиялыларды біріктірген) өз алдарына адамзат үшін иігілікті мақсат қоя білді: К. Маркстың теориясына сүйенумен қатар, Хайдеггер мен З. Фрейдтің идеясын негізге ала отырып, ХХ ғасырдағы адамзаттың ең қайғылы оқиғаларын, оның әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірін барлық жағынан тұтастай алып, қайта қарастыруды көздеді. Сонымен бірге теоретикалық ой барысы әлеуметтік зерттеулердің мәліметтеріне байланысты іске асырылды. Дегенмен көпшілікті үміттендіретін жоспар толықтай өз мақсатының шеңберін қамти алмады. Ұлтшылдардың уақтысында ғалымдар алғашқыда Еуропаға, сосын Америкаға көшуге мәжбүр болды. Сол себептен олардың ілімі екі құрлыққа әсер ете алды.

Америкадағы іргелі неміс ойшылдарының көпшіл мәдени жағдаймен немесе әлеуметтік жобалардың тапсырысын орындаумен өзінің өмірін қамсыздандыруды қажет ететін “мәдени индустрия” толық іске асқан үрдісі алғашында үрей туғызды. Мұнда Макс Хоркхаймердің (1895-1975) және Теодор Адорноның (1903-1969), неомарксизмді тарихи талдау негізінде батыс мәдениетінің онтологиялық негіздерін тұтастай сынау бағытын айқындайтын “Ағартушылық диалектикасы” - атты көлемді шығармасы жасалды.

“Ағартушылық диалектикасы”, батыстық мақсатшылдықты түбірімен трансформациялауға шақырушы “дәуір ұраны” ретінде қабылданатын болды. Жер аударылған ғалымдар, гитлеризмнің жан түршігерлік әрекеттерінен үрейлене отырып, бүкіл адамзатқа шығармашылықтың қайталанбас рухын сыйлаған Германия баскесерлерінің өзінің миллиондаған құрбандарына: “ертең сен мына мұржаның түтінімен шығатын боласың” деген келемеждеудің және т. б. зұлымдықтардың себебін түсіну үшін басынан бастап тарихты қайта қарастыруға бел буды. Франфурттықтар бүкіл батыс тарихын және дәстүрлі бағытын, билік етуге мақсатшыл ұмтылыс ретінде түсіндірді. Осыған байланысты олар екі негізгі бағытты бөліп қарастырады. Біріншісі - адамның тірі қалу үшін магия мен сиқырлыққа табынуға мәжбүр болған сәттегі табиғаттың адамға билік жүргізуі. Екінші - адамның еңбегімен ере жүретін, оның интеллектуалды және технологиялық ақыл-парасаттылығы арқылы табиғатқа билік жүргізеді. Бұл кезеңді олар ағартушылық дәуір деп атай отырып оның олимпиялық мифологиядан бастап заманауи индустриалды қоғамға дейінгі тарихи уақытын белгілеп шығады.

Ағартушылық диалектикасының мәні ғылыми жаңалықтарды ашу барысында техникалық жетістіктерге жетіп, адам өміріндегі табиғатқа - билік жүргізу принциптері басымдылық жасайтын мақсаттарға бағдарланады. Сол сәттен бастап адам жай ғана көзге “кемел” болып көрініп, табиғатты өзіне бағындырып, аянбай тұтынуда. Керек болса адамның жаратылысынан берілетін өлу құқығының өзі жатталынатын Освенцимде билік жүргізу тарихта мәңгі теріс түсініктемеге ие болып, іске асырылуына өкініш білдіре келе Адорно мына бір өшпес қанатты сөзді айтты: “Освенцимнен кейін өлең жолдарын жазу мүмкін емес” . . .

Танымал ғалым М. Вебердің әлемдік шаруашылық тарихына деген методологиялық көзқарасы өзінің тереңдігімен және бірегейлігімен ерекшеленеді. Вебер шаруашылық тарихын экономикалық рационализм жеңісінің тарихы ретінде қарастыратынын айта кету керек. Бірақ, мұнымен қоса, тарих экономикадан тыс тәртіптің діни және магиялық, саяси, жіктік және басқа да элементтерімен байланысты. [3] 153-154 б

Қытай туралы айта отырып, М. Вебер осы елдің мандариндер делінетін шенеуніктері, гуманитарлық білім алған, бірақ басқару істеріне даярланбаған адамдар болып табылатынына назар аударады. Мұнда барлық әрекеттер діни-магиялық сенімге негізделген. Мысалы, Қытайда алғаш рет фабрикалар салынып, темір жолдар төселе бастаған кезде, геомантияға сай даулы жағдай туындады: соған байланысты рухтардың наразылығын тудырмау үшін белгілі бір ормандарды, тауларды, бейіт бастарына тиіспей, сол қалпында қалдыруға мәжбүр болды. Магия мен сиқырлыққа сенім Қытайда кәсіби істің пайда болуы мен қалыптасуын тежеді. М. Вебердің пікірі бойынша, ғалым-конфуцийшілдердің осы дүниеге бағдарланулары қытай қоғамының өзгерістерге деген төмен қабілетін тудырды. Себебі мұнда қалыпты жағдайларда патшаханым мен оның шенеуніктерінің игілігі барлығын толық дерлік тәртіпте ұстай алады деп саналды. Ал ауыртпалық түскен кезде, өлең жазу өнері бойынша сынауда қатаңдықты күшейту мен іс-қағаз жүргізуді жылдамдату туралы жарлық қабылданатын болған, олай істемеген жағдайда, тұрақталып қалған пікір бойынша, рухтар абыржулары мүмкін. [4] 62-63 б

М. Вебердің пікірі бойынша, ырымшылдық пен магияның жойылуының тек бір ғана жолы - ұлы рационалдық сәуегейлік жолы болды. Қытайда мұндай жағдай қалыптаспады, ол батыс-еуропалық капитализм жағдайында орын алды. Және мұндай сәуегейлік жасаулар мұнда қазіргі замандық ғылым мен техниканың іргетасын қалады. М. Вебер дәл сол протестанттық, пуритандық рационалдық этика өзінің жер бетіндік бағдарымен экономикалық рационализмді логикалық соңы - капитализмге әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін. Діннің құрылымы мен элементтері
Тас дәуіріндегі наным-сенімдер
Теориялық дінтану
Мәдениет семиотикасы және анатомиясы туралы деректер
Діндердің классификациясы
Магия және дін
Діннің әлеуметтік мәні
Діни наным-сенімдердің бастауы
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Діннің тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz