ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіздігін алысымен пайда болған негізгі мәселе елді саяси және экономикалық дамытудың анағұрлым тиімді жолдарын таңдау, ТМД-ның халықаралық құқықтағы мәртебесі және оның ролін анықтау мәселесін шешу тұрды.
Бұл жұмыс КСРО-ның таралуы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ролі мен құқықтық мәртебесін және экономикалық интеграциядағы халықаралық құқықтың жүзеге асырылуының кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастырады. Әсіресе бұл дамушы зиялы мемлекеттің экономикалық негізін құрушы және қазіргі халықаралық қанынастарға барған сайын қарқынды тартылып отырған Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ТМД-да ынтымақтастықтың толықхұқықты мүшесі ретінде қатысуының өзінде саяси және экономикалық негізі бар.
Қазақстан Республикасы халықаралық хұқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап бұрынғы одақтық республикалар арасындағы жаңа экономикалық байланыстарды құру мен іздестіруге белсенді түрде араласты.
Қазақстан Республикасы КСРО мұрагер мемлекеті ретінде қарусыздану, қару-жараққа бақылау орнату және басқа да сенімді нығайту шаралары салаларындағы маңызды келісімшарттардың қатысушысы болды. Бұл Қазақстанның халықаралық құқықтық қағидаларын жүзеге асыру міндеттілігінің орындауын көрсетеді. Сонымен қатар, осы халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция, ынтымақтаса отыра әрекет етуі қарастырылады.
Проблеманың зерттелу деңгейі: ТМД елдерінің экономикалық интеграциялық процесі тарих ғылымында әлі толық зерттелмеген мәселелердің бірі.
Халықаралық құқықтық тарихнамада мемлекеттер арасындағы өзара құқықтық қатынас көбіне халықаралық келісімдер мен шарттарды, дипломатиялық келіссөздер мен көпжақты конференцияларды талдау арқылы жүзеге асырылады.
ТМД мемлекеттері де халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция саласындағы өзара ынтымақтасу арқылы нақты осы жүйеде халықаралық құқықтың, жоғарыда аталған құжаттардың тәжірибе мен теорияда қолданылу мәселесі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жүйелі түрде, посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграциялық процестерді зерттеу және олардың халықаралық құқықтағы проблемаларын жан-жақты ашып, талдау.
Диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін туындайтын бірқатар міндеттер:
- ТМД экономикалық интеграциясының идеялық негізін зерттеу;
-Экономикалық интеграция процестерін зерттеудің теориялық аспектілерін қарастыру;
-Экономикалық интеграция дамуының Еуропалық Одақтағы тәжірибесініңмаңызын зерттеу;
-ТМД-ның қалыптасуын қарастыру;
-ТМД экономика интеграциясының құқықтық негізінің жасалу процесін саралау;
-ТМД-ғы интеграцияның факторлары, өзекті проблемалары;
-ТМД экономикалық интеграция болашағының дамуын қарастыру.
Зерттеудің объектісі мен пәні: ТМД-ның құрылу тарихы, оның идеялық негізі, құқықтық жағдайы, саяси-құқықтық базасы. Жұмыста, ТМД-ғы экономикалық интеграциялық даму процестерінің тәжірибесін зерттеуге де көңіл бөлінді. Демек, ТМД-ның экономикалық интеграциялық процесті ғылыми және объективті негізде қарастыру зерттеудің объектісі болып келеді.
Зерттеудің әдістері : ТМД-ның қалыптасуы мен дамуын, құқықтық мәртебесін анықтап, экономика интеграциялық процесті ғылыми және объективті түрде қарастыру мақсатында жүйелілік, талдаудың тарихи-анықтамалық әдісі, функционалдық-құрылымдық талдау, құқықтық реттеу, оған байланысты заңдар кешенін зерттеу, талдау.
Сонымен қатар, салыстырмалы құқықтық, жүйелі, тарихи және ғылыми әдістерді қолдану болып табылады.
Қорғауға шығарылған ережелер: 1. ТМД экономикалық интеграция ынтымақтастығының мәселелері экономикалық дамуының аспектілері қарастыра келе қайта реформалауға әкелген көкейкесті жағдайлардың макро және микро экономикадан туындайтын, еркін сауда аймағындағы саудадағы тариф пен шектеулерді алып тастау, Кеден Одағының халықаралық - құқықтық субъектілігі туралы және Ортақ Кеден территориясын құруын ұсынуға болады.
2. Өркениетті стандарттарға сай келтіру мақсатында бюджет пен банк жүйелерінде реформалар жүргізу. Бұл валюта мен несиелік капитал нарықтарында тез құрылу, еңбек және басқа нарықтарында өз көлеміндерін ұлғайтуда.
3. ТМД елдер арасындағы экономикалық бағыттағы сұрақтардың шешімін табу тиісті деңгейдегі өкілеттікке ие саяси институттарды құру қажеттелігі мәселесін қарастыру.
4. ТМД кеңістігіндегі экономикалық интеграциялық процесстерінің халықаралық-құқықтық мәселелердің ықтимал жолдарын табу. Жетілген, мықты экономикалық интеграция механизмін өндеу.
Демек, аймақтағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті проблемаларын, келтірілген фактілердің экономикалық дамытудың аспектілерін қайта реформалауға итермелейді.
Елдің әл-ауқатының жақсаруы - экономиканың өркендеуімен тығыз байланысты. ЕО -тың нақты осы экономикалық бірлесуінен келе, интеграциялық дамуы өрбіді.
ТМД аймағында да, экономикалық кеңістікке, лайықты құқықтарының жүзеге асуы, бұлжытпай орындалуы мен тиісті түрде тәжірибеде қолданылуын қадағалау.
Теориялық және тәжірибелік маңызы: ТМД жүйесіндегі ынтымақтастығының даму болашағы мен экономикалық қиыншылықтарын зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор екендігі анық. Ең алдымен, экономикалық жақындасу аспектілері көзделген болатын, одан әрі осының негізінде экономикалық интеграцияның мәні мен мақсаттарын жете дайындау болды.
ТМД мемлекеттері халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция саласындағы өзара ынтымақтасу арқылы нақты осы жүйеде халықаралық құқықтың, құқықтық құжаттардың тәжірибе мен теорияда қолданылу маңыздылығы.
ТМД негізіндегі интеграция бұрынғы Одақты қайта құру дегенді білдірмеуге тиісті. Экономикалық дағдарыстардан бәріміз " бірге және тең дәрежеде ", болашақты ойлай отырып, өзара тиімді интеграцияны тереңдету жолын ұстана отырып, соның ішінде ең әуелі экономикалық интеграцияны бірінші орынға қойып, Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру және әлемдік аренаға шығу керектігі барлығымызға белгілі.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Осы жұмыс кіріспеден, үш тараудан, жеті бөлімнен, қорытындыдан, библиография тізімінен тұрады. Көлемі 60 бет.
ЕО-тың тарихи мәліметтері және даму сатылары. Экономикалық дамудың - экономикалық интеграция жолымен келуі.
1. ТМД - ң құқықтық мәртебесін анықтау
1. 1 ТМД- халықаралық аймақтық ұйым .
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі туралы әртүрлі ойлардың айтылатынын білеміз. Халықаралық саясатты ТМД мүшелері бір жинақтағы мемлекеттер ретінде қарастырылады. ТМД - ң құқықтық мәртебесіне байланысты әртүрлі көзқарастар мен ойлар бар. Мысалы, В. А. Ржевский, С. Шахрай ТМД - ны - конфедерация, Л. В. Гречко, Г. Г. Шинкарецкая Достастықты - конфедерация және халықаралық ұйым деп есептейді. Біздің ойымызша, ТМД - аймақтық халықаралық ұйым болып табылады. Бұлай деуімізге бірнеше негіз бар. Біріншіден, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет аралық (яғни, халықаралық) келісімдер негізінде дүниеге келді. 1986 жылы қабылданған «Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқығы туралы» Вена конвенциясының 3 бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады. 1 Бұл тұрғыдан келгенде, ТМД-ны халықаралық құқық субъектісі деп есептеуге болады. ТМД-ның құрылтай құжаттары да мемлекеттер арасындағы келісімдер негізінде қабылданды. Бұлар: 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы Келісім, 21 желтоқсандағы бұл Келісімге деген Хаттама және осы күні қабылданған Алматы Декларациясы. Бұлардың қатарына ТМД Жарғысын да қосуға болады. Бұл құжаттардың барлығы да халықаралық сипаттағы және мемлекет аралық қатынастарды реттеуге бағытталған актілер. Екіншіден, ТМД құжаттарында көп жағдайда, аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылған. Іс жүзінде де (мысалы, Тәжікстан шекарасындағы жағдайда, Қырғызстандағы халықаралық терроршылдық топқа қарсы) аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТМД-ның бейбітшілік мақсаттағы біріккен күштері жұмыс істеуде. ТМД елдерінің бұл ұстанған бағыты БҰҰ Жарғысының 52 бабына да сәйкес келеді. Үшіншіден, 1993 жылғы қаңтар айында жарық көрген Ресей Федерациясының сыртқы саясат концепциясында да «ТМД-ның аймақтық халықаралық ұйым болуы үшін, оның шарттық-құқықтық негізін жетілдіруге және кеңейтуге ұмтылу қажет» делінгенді. Ресей Федерациясы - ТМД-ға мүше-мемлекеттердің ядросы ретінде қарастырылатыны түсінікті. Төртіншіден, ТМД халықаралық ұйымдар тарапынан мойындалуда, яғни ТМД аймақтық халықаралық ұйым ретінде БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие. Бесіншіден, ТМД аймақтық халықаралық ұйым ретінде достастық шеңберінде де, оның тысында да әртүрлі құрылымдар (Кеден одағы, Орталық Азия мемлекеттерінің бірлестігі, Шанхай бестігі) құруда. Және бұл құрылымдардың мақсаттары мен мүдделері ТМД құрылтай құжаттарының мазмұнына қайшы келмейді, қайта, оны толықтыра түседі. Бұл айтып өткен негіздердің барлығы да ТМД - ның аморфты құрылым (бірлестік) емес, керісінше, эволюциялық жолмен дамып келе жатқан аймақтық халықаралық ұйым екенін көрсетеді. Тіпті, қазіргі Европалық Одақтың өзі ХХ ғасырдың елуінші жылдардың басында құрылып, яғни жарты ғасыр тарихымен қазіргі атау мен мазмұн, сипатқа ие болып отыр.
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының жарғысы және басқа да құрылтай құжаттарымен таныса, зерттей келе ТМД-ның халықаралық аймақтық ұйым екеніне көз жеткізуге болады. Халықаралық ұйымдар мемлекетаралық келісімдер негізінде дүниеге келетіні де жасырын емес. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 500-ден асып жығылады. Және 1986 жылы қабылданған «Мемлекеттер халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқығы» туралы Вена конвенциясының 3 бабында олардың бәрі де халықаралық құқық субъектісі ретінде қарастырылатыны айтылған. Бұл ойды дамыта отырып, ТМД-ның халықаралық аймақтық ұйым екенін көруімізге болады. Себебі, ТМД-ның құрылтай құжаттары да мемлекет аралық келісімдер негізінде қабылданды және халықаралық мәртебеге ие. 1993 жылдың қаңтар айында жарияланған Ресей Федерациясы сыртқы саясатының концепциясында да «Достастықтың аймақтық халықаралық ұйым ретінде қалыптасуы үшін құқықтық негізін қалау және дамыту керек . . . » делінген. 1993 жылдың желтоқсан айында Ашхабатта өткен ТМД кездесуінің шешіміне сай, біріккен ұлттар Ұйымына Достастыққа халықаралық аймақтық ұйым ретінде бақылаушы мәртебесін беру туралы Ресей ұсыныс жасаған болатын. Украина ТМД-ға халықаралық аймақтық ұйым ретінде бақылаушы мәртебесін беруге қарсылығын білдіре отырып, мұнай Достастық бейбітшілік мақсатта операциялар жүргізетініне келіспейтінін анық байқатса да, ТМД Біріккен Ұлттар Ұйымынан бақылаушы мәртебесін алды. Бұл арада айтып өтетін тағы бір нәрсе, мұнай бақылаушы мәртебесіне үш халықаралық аймақтық ұйым ие: Европалық одақ, Араб мемлекеттерінің лигасы және Африкалық бірлесі одағы. Бұдан басқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 52 бабына сай, аймақтық халықаралық ұйымдар, сол кеңістіктегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылады. ТМД - ның құрылтай құжаттарының қайсысына көз салмасақ та, Достастық кеңістігіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері алдыңғы қатарда тұрғанын байқаймыз. Тіпті іс жүзінде ТМД елдерінің бейбітшілік мақсаттағы біріккен күштері Достастық кеңістігін (мысалы, Тәжікстан шекарасын қорғау, Қырғызстандағы халықаралық терроршыл топқа қарсы ұйымдасқан әрекет) бейбіт және қауіпсіздік мақсатында қорғауда. ТМД эволоюциялық жолмен дамып келе жатқан аймақтық халықаралық ұйым ретінде Достастық мақсаты мен мүдделеріне қайшы келмейтін құрылымдар (Кеден одағы, Ортақ экономикалық кеңістік, Орталық Азия мемлекеттерінің одағы т. б. ) құруда.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құқықтық негізін қалайтын құрылтай құжаттары құралына: «ТМД құру туралы Келісім», осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын Хаттама және Алматы Декларациясы жатады. Сонымен бірге, кез - келген құрылымның (халықаралық ұйымдардың, заңды тұлғалардың) алғашқы және негізгі құрылтай құжаты ретінде оның жарғысы табылатындықтан, ТМД - ның да Жарғысы да, құрылтай құжаттары қатарына кіреді.
Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина басшылары 1991 жылдың 8 желтоқсан жұлдызында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Келісімге қолдарын қойды. ТМД құру туралы Келісімнің кіріспесінде, «1922 жылғы Одақ шартына қол қойған КСРО - ның құрылтайшы - мемлекеттері Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина (ілгеріде - жоғары келісуші тараптар) - КСРО - ның халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде өз тіршілігін тоқтататынын»2 мәлімдеді. Бұл келісім 14 баптан тұратын құжат болып табылады. Келісімнің 1 бабында, жоғарғы келісуші тараптар ТМД - ны құрғандарынан хабардар етсе, келесі бапта, осы мемлекеттер азаматтарына тең құқықтар мен бостандықтарды, басқа тараптар (мемлекеттер) азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға, олардың ұлттарына немесе басқа да айырмашылықтарына қарамастан, азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтарды адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей танымал халықаралық нормаларға сай кепіл беретінін мәлімдейді. Дегенмен, бұл бапта, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қандай саяси құқықтары мен бостандықтарына кепіл беретіндері жайында айтылмаған. Бұл құжаттың 3 бабына келетін болсақ, тараптар, өз территоряларында тұрып жатқан ұлттық азшылықтардың этникалық, мәдени, тіл және діни әдет - ғұрыптарының сақталуы мен дамуы үшін өз қорғауына алатындарын білдіреді. Келісімге алғашқы қол қойған мемлекеттер, өз территорияларында орналасқан халықтардың саяси, экономика, мәдениет, білім, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, сауда, гуманитарлық және басқа да салалар бойынша тең құқықтық және өзара пайдалы ынтымақтстықты дамытуға күш салатындарын, сонымен қатар, өз араларында қабылданатын міндеттемедерді адал да мүлтіксіз орындайтындарын, Келісімнің 4-ші бабына бекіткен.
1991 жылдың аяғында Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы туралы Келісімге қол қойған мемлекет 11 болса, кейіннен бұл тізімге Грузия қосылып, барлығы 12 мемлекет болды. Қазіргі кезде ТМД - ға мүше болып табылатын мемлекеттер мыналар: Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина және Грузия. 3
1993 жылдың 22 қаңтарында Минск қаласында ТМД жарғысына қол қойылды. Бұл жарғы Достастыққа мүше - мемлекеттер тарапынан бекітіліп, оған заңды күш берілді. Жарғыны Қазақстан Ресупуликасы 1993 жылдың 31 наурызында бекіткенді. Достастық жарғысы 45 бапты қамтитын 9 тауардан тұрады. Алғашқы тарау ТМД мақсаттары мен қағидаларына арналған. Біріншісі, баптың өзінен-ақ байқайтынымыз, Достастық елдерінің дербес, тәуелсіз және тең болып табылатындығы. 4
Кеңес Одағы ыдыраған соң ұлттық бөліну, территориялық бөліну сұрақтарының шиеленісуі қарастырылды. Мұндай аймақтық қақтығыстар мен дауларды шешуде де ТМД халықаралық аймақтық ұйым ретінде өзінің жағымды лебін қосады деп сенгіміз келеді.
Достастықтың мақсаттарына жету үшін оған мүше - мемлекеттер өз қатынастарын халықаралық құқық нормалары мен Хальсинск қорытынды актісіне сай қағидаларды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Достастықтың құрылтай құжаттарын зерттей келе ТМД - ны конфедерацияға жатқызуға негіз жоқ екені байқалынды. Және ТМД-ға мүше елдердің халықаралық қызметі де соны аңғартады. Тіпті, тарихта белгілі болған конференцияларға (Швецария конференциясы 1929 - 1948 ж. ж. ; АҚШ 1781 - 1787 ж. ж. ; Германия одағы 1815-1866 ж. ж. т. б. ) 5 ортақ сыртқы саясат тән болғанды. Ал, ТМД-ға мүше -мемлекеттерінің «ортақ сыртқы саясаты» бар деп ешкім де айта алмас.
Кеңес Одағы ыдырағаннан соң дүниежүзі саяси аренасына шыққан тәуелсіз мемлекеттер саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелермен жалғыздан жалғыз бетпе - бет қалды. Бұл кезеңде бұрынғы Кеңес Одағы Республикасының қайсысы болмасын «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегенді сезген дейдің. 1991 жылдың 8 желтоқсанында үш славян республикасы (Беларусь, Ресей, Украина) басшыларының ТМД құру туралы Беловеж келісіміне қолдарын қойғанда, кейіннен он үш күн өткен соң бұл ұйымға мүше мемлекет ретінде кірген басқа да 8 республика қуаныштан, тойғандықтан емес, керісінше, сол кезеңнің өзінде - ақ жинақталып қалған мәселелерді одақтасып шешу «жабылып көтерген жүк жеңіл» деп қимылдау үшін біріккен еді. Қазіргі ТМД-ға мүше-мемлекеттер сол кезде де Төле би айтқандай «бірліксіз бірде-бір істің мәні болмайды» немесе «бірліксіз тірлік болмайды» деген халық мәтелінің маңыздылығын ұққандайды. Егер, қазіргі ТМД мемлекеттері Достастығы сияқты ұйымға мүше болмаған болса не болар еді? Біздің түсінігімізше, республикадаға саяси экономикалық ахуал қуанатын деңгейде көрінбесті. Және бұл кеңістікте орналасқан республикалар ерте ме, кеш пе бір одаққа бірігер еді. Себебі, дүниежүзі көлеміндегі болып жатқан оқиғалар мен құбылыстар, тіпті олардың экономикалық жағдайының өзі - ақ мұндай бір жақындасудың керектігін алдарына әкелері сөзсізді. ТМД мемлекеттерінің бірігіп қазіргі аймақтық ұйымға мүше болулары объективті де заңды құбылыс. Біріншіден, Достастыққа мүше-мемлекеттердің территориялары шекаралас орналасқан болса, екіншіден, 70 жылдың үстінде жинақталып, қалыптасқан ортақ шаруашылық байланыстар жүйесі бар. Үшіншіден, осы уақыт ішінде республикаларда тұратын халықтардың ортақ дүниетанымы, түсініктері, көзқарастары қалыптасты. Экономикалық және саяси жағдай да барлық республикаларда жобамен алғанда бір деңгейде болатын. Ортақ білім беру, құқық жүйесімен әлеуметтік ортада ұқсас болатын. Басқа тұрғыдан келгенде, КСРО заманында көптеген республикаларда білім, ғылым ордалары ашылып халық білім нәрінен ақысыз сусынданғанды. Яғни, сол заманның өзінде-ақ қол жеткізген баршылық тұрған. Бұл ортақ жайлардың бәрін бір мезетте сызып тастау да мүмкін емес. Және осындай ортақ тарихы бар және бір аймақтық кеңістікте орналасқан республикалар, бірігіп ортақ аймақтық ұйымға мүше болғаны, біздің ойымызша, құба - құп қуаттайтын жағдай.
1. 2 ТМД-конфедерация ретінде
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы - егемен мемлекеттердің бірлестігі екені айдан анық және құрылтай құжаттарында белгіленген мақсаттарға жету үшін құрылған бірлестік. Бұл бірлестіктің құқықтық табиғаты қандай деген сұраққа зерттеушілер ойлары саналған болып шықты. Мысалға, Ржевский В. А. ойынша ТМД - ның құқықтық нысаны ретінде тек қана конфедерация болуы мүмкін болса, Пустогаров В. В. ТМД - ны халықаралық, мемлекет аралық ұйым деп қарастырады. ТМД - ны конфедерация және халықаралық ұйым деп санайтындар да бар. ТМД - ны конфедерацияда емес, ол бір аморфты құрылым ғана деушілер де табылды.
Конфедерация дегеніміз - белгілі мақсаттарға жету үшін мемлекеттердің уақытша бірігетін одағы. Дегенмен, кофедеративтік нысанда біріккен мемлекеттердің, тарих тұрғысынан алғанда, тең және бір - біріне лайықты одақ болып қалған оқиғалары жоққа тән. Себебі, мұндай одақ бір ғана мемлекет арасында және бұл мемлекет одақ өзегі, ядросы болады. 6 Уақыт өте бұл мемлекет басқаларына өз еркімен шарттарын жүргізе бастайды. «Одан әрі мұндай конфедеративтік одақ федеративтік одаққа (өтеді) ауысады. Мысал іздеп алысқа барудың қажеті жоқ. КСРО құрылуы осындайдан басталып еді».
Біздің ойымызша, конфедеративтік құрылым нысанын федеративтік құрылымнан (кейбір ғылымдардың еңбектеріне қарай) мынандай ерекшеліктер негізінде айыруға болатын сияқты:
- Конфедерацияда оған мүше мемлекеттер егемендіктеріне ие болып қала береді. Федерацияда болса, оның мүше - мемлекеттері егемендіктерінен айырылады;
- Конфедерацияда адамдар тек қана мүше - мемлекеттердің азаматтары ғана болады. Федерацияда адамдар федеративтік мемлектттің де, сол сияқты федерация субъектісінің де азаматтары болып табылады. Яғни, федерация құрамындағы екі азаматтық көзге көрінеді;
- Конфедерацияда, конфедеративтік органдар өз өкілеттерін мүше мемлекеттерден алады. Федеративтік мемлекетте федеративтік органдар мен субъектілердің органдары өкілеттіктерін бір - бірінен алмайды. Олардың өкілеттіктерінің қайнар көзі болып ата заң табылады;
- Конфедерацияда ата заңды өзгерту мүше - мемлекеттердің дауыс беруімен жүзеге асады. Федеративтік мемлекетте болса, көпшілік дауыс жеткілікті;
- Конфедерацияда, әскери күштердің бақылауы мүше - мемлекеттердің қолында. Федерацияда болса, бұл сұрақтар федеративтік мемлекетте бұл сала федеративтік және оның субъектісі тарапынан жүзеге асады;
- Конфедерацияда, мүше - мемлекттердің одан шығу (айрылу) құқығы бар. Федеративтік мемлекетте болса, бұл құқық танылмаған. Әрине, Кеңес Одағы ата заңдарында федеративтік мемлекет құрылымынан оған мүше - мемлекеттер (республикалар) шығуға ерікті деп жазылған болса да, іс жүзінде олай болмағанын бәріміз де білеміз;
- Конфедерацияда, салық саласы толықтай мүше - мемлекеттердің құзіретінде болса, федеративтік мемлекетте бұл сала федеративтік және оның субъектісі тарапынан жүзеге асады;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz