Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы 1 тоқсандағы қорытындылары


Қазақстан Республикасы
экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2008 ЖЫЛҒЫ
1 ТОҚСАНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Астана қаласы
сәуір, 2008 жыл
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2008 жылғы бірінші тоқсандағы негізгі қорытындылары 3
2. Әлеуметтік сала 4
2. 1. Халықты әлеуметтік қорғау. 4
2. 2. Жұмыспен қамтамасыз ету және еңбек қатынастары 6
2. 3. Білім беру және ғылым 7
2. 4. Денсаулық сақтау. 9
2. 5. Мәдениет. 11
3. Нақты сектордың дамуы 12
3. 1. Өнеркәсіп. 12
3. 2. Индустриалды-инновациялық саясатты дамыту. 17
3. 3. Ауыл шаруашылығы. 18
3. 4. Инвестициялық саясат. 21
3. 5. Құрылыс. 22
3. 6. Көлік. 24
3. 7. Телекоммуникация, байланыс, ақпараттандыру. 25
3. 8. Туризм және спорт. 25
4. Шағын кәсіпкерлікті дамыту 26
5. Қаржы жүйесі 27
5. 1. Ақша қаржы саясаты. 27
5. 2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу 31
5. 3. Қаржы нарығының көрсеткіштері 32
5. 4. Бюджет және салық саясаты 34
6. Сауда және сыртқы экономикалық қызмет 35
6. 1. Ішкі сауда 36
6. 2 Сыртқы сауда. 36
6. 3 Халықаралық қарым-қатынастар. 36
7. Өңірлік даму 37
8. Мемлекеттік басқару 46
8. 1. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу 46
8. 2. Жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару. 47
8. 3. Бәсекелестіктің дамуы. 48
8. 4. Бақылау-тексеру жұмысы 49
8. 5. Дәрменсіз ұйымдарды банкроттау рәсімдері 49
8. 6. Кеден органдарының қызметі 50
8. 7. Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу. 50
8. 8. Жер ресурстарын басқару. 51
8. 9. Қоршаған ортаны және табиғатты пайдалануды қорғау. 51
8. 10. Төтенше жағдайларға дайындық. 52
8. 11. Заң жобалау қызметі. 54
1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2008 жылғы бірінші тоқсандағы негізгі қорытындылары
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2007 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2007 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 5, 3 %-ға ұлғайды. Экономиканың өсуіне өнеркәсіптің қосқан үлесі 1, 8 %-ды, қаржы қызметі - 0, 3 %-дан, құрылыс - 0, 2 %-ды құрады, колiмдегi машиналар, жабдыктар, колiк куралдар - 0, 8 %.
2008 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің өсу көлемі 2007 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3, 7 %-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі - 6, 8 %-ды, электр энергиясын, газ және су өндіру және бөлу - 1, 8 %-ды құрады.
2008 жылғы қаңтар-ақпанда жалпы ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өсімі 3, 7 %-ды құрады.
Байланыс қызметтері 2008 жылғы қаңтар-ақпанда 2007 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 28, 8 %-ға, көлік қызметтері 2, 6 %-ға ұлғайды.
2008 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2007 жылғы осындай кезеңге қарағанда 16, 0 %-ға ұлғайды.
Құрылыстың тұрақты өсуі байқалды, 2008 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының көлемі 2007 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда 8, 5 %-ға ұлғайды.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2008 жылғы қаңтар-акпанда 14, 9 млрд. АҚШ долл. құрады және 2007 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 41, 8 %-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт - 10, 3 млрд. АҚШ долл. (62, 0 %), импорт - 4, 6 млрд. АҚШ долл. (10, 9 %) .
Алдын ала деректер бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына кредиттік салымдары 2008 жылғы наурыздағы жағдай бойынша 7, 2 трлн. теңгені құрады және 2007 жылғы 1 наурыздағы деректермен салыстырғанда 44, 0 %-ға ұлғайды.
2008 жылғы наурызда республика экономикасында 7, 8 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 2007 жылғы наурызға қарағанда 3, 6 %-ға көп. Жұмыссыздардың саны 573, 8 мың адамды құрады және 2007 жылғы наурызбен салыстырғанда 50, 2 мың адамға қысқарды. 2008 жылғы наурызда жұмыссыздық деңгейі 6, 9 % (2007 жылғы наурызда - 7, 7 %) деңгейінде қалыптасты.
Халықтың нақты ақшалай табысы қаңтар-акпанда 2008 жылдың 55 806 тенгеқ бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда - 2, 8 %ға өсті.
Инфляцияның деңгейі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы қаңтар-наурызда инфляцияның деңгейі 2007 жылғы желтоқсанға қарағанда 2, 5 %-ды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда (2, 6 %) 0, 1 пайыздық тармаққа төмен.
ТБИ құрылымында өткен үш айдың қорытындылары бойынша азық-түлік бағасының өсуі көшбасында тұр, олар 2007 жылғы желтоқсанға (өткен жылдың осындай кезеңіндегі 3, 2 %-бен салыстырғанда) қарағанда 3, 7 %-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы 1, 6 %-ға (0, 9 %) өсті. 2008 жылғы қаңтар-наурызда ақылы қызметтер бағасының өсуі 2007 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда төмен болды (3, 3 %-бен салыстырғанда 1, 8 %) .
Азық-түлік тауарларының ішінде а. ж. қаңтар-наурызда үнның бағасы барынша -
3, 3 % ға, макарон өнімдер - 5, 8 %-ға, балық және теңіз өнімдеріне - 3, 7 %, сүт және сұт өнімдері - 6, 1 %-ға, жеміс-жидектер - 9, 7 %-ға, көкөніс - 17, 3 %-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлардың тобында бәрінен көп киім-кешектердің бағасы - 2, 5 %-ға, жуғыш заттар мен тазалағыш заттар - 3, 2 %-ға қымбаттады. Бензин үш айда 0, 5 %-ға арзандады.
Ақылы қызметтер құрамында тұрғын үйді ұстау - 6, 0 %-ға, тұрғын үйді жалдау - 3, 2 %-ға, қоқыс жинау - 9, 5 %-ға барынша өсті. Медициналық қызметтер 5, 6 %-ға, көлік қызметтері - 1, 9 %-ға, қонақ үй және мейрамхана қызметтер - 7, 1 %-ға барынша өсті. 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда суық сумен жабдықтау қызметтері (1, 0 %-ға), кәріз қызметтері (1, 0 %-ға), электр энергиясы бағасының (2, 2 %-ға) төмендеуі орын алды.
2008 жылғы қаңтар-наурызда инфляцияның деңгейіне 58, 4 % азық-түлік тауарларының қымбаттауы көп үлес қосты, оның ішінде нан өнімдері мен жарма өнімдерінің қымбаттауы - 8, 1 %, ет және ет өнімдері - 9, 7 %, сүт және сүт өнімдері - 7, 8 %, көкөніс пен жеміс-жидектер - 25, 2 %. Азық-түлік емес тауарларына бағаның өсуі инфляцияда 21, 6 %-ды қамтамасыз етті. Ақылы қызметтердің ішінде 2008 жылғы қаңтар-наурызда инфляция деңгейінің 3, 8 %-ын тұрғын үй қызметтерінің қымбаттауы қамтамасыз етті.
Орташа жылдық мәнде инфляцияның деңгейі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2008 жылғы қаңтар-наурызда 2007 жылғы қаңтар-наурыздағы 8, 1 %-бен салыстырғанда 18, 7 %-ды құрады.
2007-2008 жылдардағы инфляцияның орташа жылдық деңгейі,
өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен
2006 2007
2. Әлеуметтік сала
2. 1. Халықты әлеуметтік қорғау.
Үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауын іске асыру шеңберінде базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40, 0 % деңгейіне дейін жеткізілді және бұрынғымен салыстырғанда 3000 теңгеден 4210 теңгеге дейін ұлғайды.
Теңгермелiк үрдістерді жою және зейнетақының бұрынғы еңбек үлесіне тәуелділігін қамтамасыз ету мақсатында зейнетақыны есептеуге 15 АЕК-тан жоғары табысын ұсынған зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру жүзеге асырылды. Мұндай арттыру зейнетақысын есептеуге ұсынған табыстары 15 АЕк-тен асатын зейнеткерлерді және 01. 01. 2008 жылға дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді қамтыды. Осының есебінен 566 мың адамның немесе барлық зейнеткерлердің 35, 8 %-ының зейнетақы төлемдерінің мөлшері ұлғайды.
Зейнетақысын есептеуге ұсынған табысы 15 АЕК-тен аспайтын зейнеткерлерге зейнетақының мөлшерін 9, 0 %-ға басып оза индекстеу жүргізілді, бұл 1066, 9 мың адамды немесе 64, 2 % зейнеткерді қамтыды.
Осылайша, барлық зейнеткерлер зейнетақы төлемдерін арттырумен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, базалық зейнетақының ұлғаюын ескере отырып, ең төменгі артуы 18, 3 % және одан жоғары болды.
Зейнеткерлердің белгілі бір бөлігінің зейнетақылары 25 АЕК-ке дейін шектеу планкасын арттыруды ескере отырып, зейнеткерлік ісіндегі зейнетақы мөлшерін қайта қарауға мүмкіндік беретін қолында бар табысын негізге алып, ал қалған бөлігінде 9, 0 %-ға индекстеу жолымен арттырылылғанын ескеріп, мөлшерін ұлғайту барлығында бірдей болған жоқ.
Зейнетақының орташа мөлшерінің барынша ұлғаюы көмір өнеркәсібі, темір жол көлігі, түсті және қара металлургия және құрылыс салаларында байқалса, ең аз ұлғайғаны дәстүрлі түрде жалақысы төмен - ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау салаларында.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде базалық зейнетақы ескере отырып, ең төменгі зейнетақының мөлшері 12110 теңгені, ең жоғары - 26110 теңгені құрады. Жедел деректер бойынша базалық зейнетақыны ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері а. ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша 17952 теңгені құрады. Барлық зейнетақы алушылар - 1, 6 млн. адам.
Зейнетақы төлемдерін алушылардың құрылымы да өзгерді. Ең төменгі зейнетақы алушылардың саны азайды, бұл ретте, орташадан жоғары және ең жоғарғы деңгейде зейнетақы төлемдерін алатын зейнеткерлердің саны ұлғайды.
Бұрын жалақыс жоғары, көп еңбекті қажетсінетін салаларда, яғни қара металлуаргияда (84, 0 %), құрылыста (82, 0 %), мұнай өндіру өнеркәсібінде (64, 0 %), электр энергетикасында (63, 0 %) жұмыс істеген зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшері барынша өсті.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін № 2 тізім бойынша өз өтілін өткерген адамдар үшін 8 АЕК (9344 теңге) мөлшерінде мемлекеттік арнаулы жәрдемақы енгізілді.
А. ж. 1 қаңтардан бастап бала тууға байланысты жәрдемақының мөлшері ұлғайды. Мұндай құқықты 70 мың ана пайдаланды, оларға жалпы сомасы 2, 1 млрд. астам теңге жәрдемақы төленді.
Мұндай қарқын бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі жөніндегі жәрдемақы бойынша да байқалды. Үш айда ол 4 млрд. теңгеге жуық сомаға 140 мың алушыға төленді.
А. ж. 1 қаңтардан бастап бірінші рет Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі мен босану бойынша, сондай-ақ бала күтімі жөнінде орташа айлық жалақысының 40 пайызы мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленуде. А. ж. қаңтар-наурызда он тиісінше 444, 2 млн. теңге соманы 2, 7 мың әйел және 1, 6 млрд. теңге соманы 184, 5 мың әйел алды.
МӘСҚ деректері бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ға әлеуметтік аударымдардың сомасы республика бойынша тұтастай 2008 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 97, 8 млрд. теңгені құрайды.
Республиканың зейнетақы қызметтері нарығында 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді. 2008 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарттардың саны 9, 3 млн., зейнетақы жинақтары - 1249, 8 млрд. теңгені құрайды.
Таза инвестициялық кірістің жиынтық сомасы 348, 9 млрд. теңгені құрайды. Зейнетақы төлемдері мен сқтандыруұйымдарына айдарымдардың жалпы сомасы 69, 2 млрд. теңгеден асты.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі а. ж. бірінші тоқсанда 11539 теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 33, 7 %-ға жоғары.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 8861 теңгеден 10515 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі - МӘЖ) мөлшері арттырылды. Жедел деректер бойынша 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі байланысты МӘЖ-дің орташа мөлшері 11049 теңгені, асыраушысынан айырылуына байланысты - 9897 теңге, жасына байланысты - 5710 теңгені құрайды. Оларды барлығы 647, 1 мың адам алады, оның ішінде 411, 1 мың адам мүгедектігі байланысты, 222, 8 мың адам асыраушысынан айырылуына байланысты және 13, 3 мың адам жасына байланысты.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу мониторингін үнемі жүзеге асырып отырады.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша а. ж. 1 наурыздағы жағдай бойынша табысы кедейшілік деңгейінен төмен 146, 3 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, бұл 2007 жылдың осындай кезеңінің көрсеткішінен 5, 7 мың адамға (4, 5 %-ға) көп. Бұл АӘК беруге жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына алып келді және 2007 жылғы қаңтар-ақпандағы 427, 4 млн. теңгеге керісінде 520, 3 млн. теңгені (21, 7 %) құрады. осы соманың үштен екісі дерлігі (341, 5 млн. теңге) ауылдық жердің тұрғындарына көмек көрсетуге жіберілді.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейшілік деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40, 0 %-ы мөлшерінде белгіленді және бірінші тоқсанда республика бойынша ол 4299 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті көрсеткішінен (3371 теңге) 27, 5 %-ға артты.
2007 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың жалпы санындағы жұмыссыз азаматтардың үлесі 12, 6 %-дан (17, 7 мың адам) 9, 9 %-ға дейін (14, 4 мың адам) азаюы байқалып отыр. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан (14, 4 %), Павлодар (14, 0 %) және Шығыс Қазақстан (13, 0 %) облыстарында атаулы әлеуметтік көмек алатындардың арасында жұмыссыздардың үлесі көмек.
Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың арасында өзін жұмыспен қамтыған азаматтардың үлес салмағының өсуі байқалып отыр. А. ж. 1 наурыздағы жағдай бойынша олардың саны 12, 5 мың адамды құрады (8, 5 %) немесе 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті.
Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың арасында балалардың үлесі көп. Олардың азаюына қарамастан алушылардың саны есепті кезеңде 90, 8 мың адам болды, бұл 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4 мың адамға дерлік көп. А. ж. 1 наурыздағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін бұл жәрдемақы 1173, 0 млн. теңге сомаға 513, 8 мың балаға тағайындалды. Тиісінше өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30, 7 мың балаға және 168, 6 млн. теңге өсті.
Бұл ретте, жәрдемақы тағайындау үшін өлшем болатын азық-түлік себеті құнының өсуін айта кету керек. Бір жылда оның көлемі 27, 5 %-ға 5056 теңгеден 6448 теңгеге дейін өсті. Өсу қарқынының қалыптасқан серпіні аз қамтылған отбасының табыстарына тән емес, бұл өз кезегінде жәрдемақы алушылардың арасындағы олардың санының ұлғайын түсіндіріп отыр.
Ауылдық жерлерде тұратын балалардың үлесі тағайындау жүргізілген жалпы балалар санының 80, 2 %-ын (412, 1 мың адам) құрайды. Бұл санатың ең көп үлесі Оңтүстік Қазақстан (21, 0 %), Жамбыл (15, 9 %) және Қызылорда (10, 6 %) облыстарына тиесілі.
Ағымдағы жылдан бастап 23, 7 млн. теңге сомаға протез-ортопедиялық көмек көрсетілді, техникалық және өзге де оңалту құралдары - 20, 1 млн. теңге, жалпы сомасы 29, 0 млн. теңгеге жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері көрсетілді.
2. 2. Жұмыспен қамтамасыз ету және еңбек қатынастары
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы І тоқсанда экономикалық белсенді халықтың саны 8, 3 млн. адамды құрады, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 221, 8 мың адамға (2, 7 %-ға) көп. Республика экономикасында 7, 8 млн. адам жұмыспен қамтылған. 2007 жылдың осындай кезеңіне қарағанда олардың саны 271, 9 мың адамға (3, 6 %-ға) көбейді. Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында негізгі үлесті жалдамалы қызметкерлер - 66, 2 %, өзін жұмыспен қамтығандар - 33, 8 % құрайды.
2008 жылғы І тоқсанда жұмыссыздардың саны 573, 8 мың адамды құрады және 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 50, 2 мың адамға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 6, 9 %-да (2007 жылғы І тоқсанда - 7, 7 %) қалыптасты.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес а. ж. қаңтар-ақпанда 24, 9 мың жұмыс орны құралды, оның ішінде 22, 8 мың - тұрақты (91, 6 %) .
Жұмыспен қамту органдарына осы кезеңде жұмыс іздеп барлығы 41, 3 мың адам келген, оның ішінде 25, 8 мың адам жұмысқа орналастырылды (келгендердің 62, 5 %-ы), бұл 2007 жылдың осындай кезеңінен 0, 6 пайыз тармаққа жоғары. 2, 8 мың жұмыссыз кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді. Оның ішінде 861 адам оқуын аяқтады және 495 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 21, 9 мың жұмыссыз қатысты.
2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар санының өсуі Жамбыл (0, 8 пайыздық тармаққа), Батыс Қазақстан (4, 1 тармаққа), Маңғыстау (1, 1 тармаққа), Солтүстік Қазақстан (2 тармаққа), Оңтүстік Қазақстан (4 тармаққа) облыстарында және Астана қаласында (0, 2 тармаққа) байқалуда.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, барлық жерде «Ұжымдық шарт жасасыңдар» атты акция өткізу жөнінде кең түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл оның басталуынан бастап жұмыс берушілермен қосымша 3550 ұжымдық шарт жасасуға мүмкіндік берді.
2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барлық өңірлерде облыстық үшжақты келісімдер жасалды.
Эксперимент шеңберінде мұнай-газ секторының мүдделі бизнес-құрылымдарының қатысуымен кадрларды кәсіптік даярлауды қолдау және дамыту қорын құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жұмысы басталды.
Жедел деректер бойынша 2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары ұйымдар мен кәсіпорындарға 5, 6 мың тексеру мен зерттеулер жүргізді, оның барысында 31, 5 мыңнан астам бұзушылық анықталды.
Заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 51, 5 млн. теңгеге 2 563 айыппұл салды.
2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республика ұйымдарында зардап шеккендердің саны 580 адамды құрады, оның ішінде 123 кісі өлімімен аяқталған.
Еңбек және өндіріс тәртібін, көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу, жұмыс өндірісін қанағаттанарлықтай ұйымдастырмау бұрынғыдай кісі өліміне әкелетін жарақаттардың негізгі себептері болып табылады. Мәселен, «Абай» шахтасында болған апаттан қаза болғандардың саны 30 адам болды. Одан басқа 14 кенші ауыр жарақат алды.
2. 3. Білім беру және ғылым
Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беруді одан әрі реформалау жалғасуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасып отыр.
2007-2008 оқу жылы республикада 1617 балабақша жұмыс істеуде, оларда 246, 9 мың бала тәрбиеленуде және оқытылуда. 2006 жылмен салыстырғанда балабақшалардың саны 226 бірлікке, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны - 30, 9 мың адамға ұлғайды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарының балама желісі - шағын орталықтар дамуда. Облыстар әкімдерінің шешімімен «Балабақшаға барамыз» өңірлік бағдарламалар қабылданды.
Жалпы орта білім беру жүйесі. Ағымдағы оқу жылында республикада қазақ тілінде білім беретін 3788 мектеп жұмыс істеуде, оның ішінде қазақ тілінде білім беретін бастауыш мектептер - 765, негізгі - 632, орта - 2391. өткен жылмен салыстырғанда бұл мектептердің саны 41 бірлікке ұлғайды.
Тұтастай қазақ тілінде білім беру қазақ және аралас тілдерде оқытатын 5856 мектепте жүзеге асырылуда. Бұл республиканың барлық мектептерінің 75, 8 %-ын құрайды (1991 жылы - 4710 мектеп, 57, 2 %) .
Мемлекеттік тілде оқушылардың жалпы санының 59, 9 % бала білім алуда. 1991 жылдан бастап олардың саны 563 мың адамға көбейді.
2007-2008 оқу жылдары республикада үш тілде оқытатын 31 мектеп жұмыс істеуде, оларда 2241 оқушы, оның 1223-і қазақ тілінде білім беретін мектептердің оқушылары, 1018 орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары. Ағылшын тілінде: математика, физика, информатика, химия, биология, география, экономика оқытылады.
«Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысына үш тілде білім беретін мектептер үшін математика циклының пәндері бойынша ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер даярлауды қамтамасыз ету туралы толықтырулар енгізілді.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында барлығы жалпы сомасы 156, 1 млрд. теңгеге жобалау қуаты - 159, 9 мың оқшы орны бар 242 мектеп салу көзделген.
7405 мектепке телефон орнатылды, бұл республиканың жалпы білім беретін мектептерінің жалпы санының 95, 0 %-ын құрайды, оның ішінде ауылдық аудандарда - 5590 немесе 93, 5 %.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республика өңірлерінің мұғалім-новаторлары, сондай-ақ республикалық орталықтар әрбір бейсенбі сайын интерактивті сабақ өткізетін кестені бекітті.
Мәселен, 2008 жылғы қаңтардан бастап информатика, химия, геометрия, қазақ тілі, физика бойынша қазақ және орыс тілдерінде 10 сабақ өткізілді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 16 664 балаға арналған 101 арнаулы түзету ұйымдары, сондай-ақ жалпы білім беру мектептерінде 7582 балаға арналған арнайы сыныптар жұмыс істейді.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте анықтауды, диагностикалауды және есепке алудың психолгиялық-медициналық-педагог консультанттар (ПМПК) жүзеге асырады. Егер 2004 жылы олардың саны 16 ғана болса, бүгінде - 56.
Техникалық және кәсіптік білім беру . Экономика салаларын техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарымен қамтамасыз етумен қазіргі уақытта 848 оқы орны айналысуда (318 кәсіптік және 530 колледж), оларды 605, 2 мың адам оқытылуда.
Жоғары білім беру саласы . Қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі 140 жоғары оқу орны мен 18 филиалды қамтиды. Студенттердің жалпы саны 717 мың адамды құрайды, оның ішінде күндізгі оқу нысанында - 376 мың адамға жуық, сырттай - 339 мың адамға жуық. Оқу 137 бакалавриат, 138 - магистратура және 4 - жоғары арнайы білім беру мамандықтары бойынша жүргізіледі.
2008 жылғы І тоқсанда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестаттау саласында мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету жөнінде мынадай жұмыстар жүргізілді: диссертациялық және сараптау кеңестері желісінің қызметін ұйымдастыру, бақылау және қалыптастыру; ізденушілердің аттестациялық істерін сараптау және ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар беру жөнінде түпкілікті шешімдер қабылдау.
Халықаралық аттестаттау моделіне көші жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл модель ENQA сапаны қамтамасыз етудің халықаралық желісіне кіретін аккредиттеу агенттіктерінің, Еуропа елдерінің (Нидерланды, Венгрия, Австрия, Германия, Польша), АҚШ-тың, Ресейдің тәжірибесін ескере отырып жасалды.
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережесі бекітілді. Ережеде мемлекеттік аккредиттеуден қоғамдық-кәсіптікке өту, бұл рәсімді Болон процесіне қосылу аясында білім беру ұйымдарын халықаралық аккредиттеу моделімен үйлестіру көзделіп отыр.
АҚШ пен Еуропа елдерін қоса алғанда, шетелдердің жалпы танылған модельдерінің негізінде институционалды аккредиттеудің стандарттары мен өлшемдері жобалары бекітілді, соған сәйкес оқу орындарының Еуропалық агенттіктерді халықаралық аккредиттеу стандарттарына біріздендірілген стандарттарына сәйкестігі айқындалатын болады.
Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарына мамандандырылған және институционалды аккредиттеу жүргізуге 2008-2010 жылдарға 35, 8 млн. теңге бөлінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz