Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі


РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы «Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі».

Жұмыс көптеген ғылыми әдебиеттер мен статистикалық материалдарды пайдалану арқылы жазылды. Сонымен қатар, геоморфологиялық экономикалық карталарды түсіру тәсілдері қолданды.

Зерттеу объектісі - Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және өңделуі

Түйінді сөздер: фосфор, фосфорит, Р 2 О 5 , морфоқұрылым, кен орындары, өңдеу, өндіру жер бедерінің қалыптасуындағы факторлар.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Қаратау жотасы фосфорит бассейнінің геологиялық құрылысын зерттеу және олардың өңделуі сонымен қатар фосфорит кен орындарының халықшаруашылығындағы маңызын анықтау.

Талдау барысында орографиялық, экономикалық, геологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық карталар сонымен қатар бірнеше кестелер құрастырылды.

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және қолданылған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНДАҒЫ ФОСФОРИТ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨҢДЕЛУІ

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ

І. ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

1 . 1. Ауданның геологиялық зерттелу тарихы

1. 2. Фосфориттің халық шаруашылығындағы маңызы

1. 3. Қаратау фосфориттерінің қалыптасуының геологиялық жағдайы

ІІ. ЗЕРТТЕЛУ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАСЫ

  1. Физикалық-географиялық орны мен жер бедері
  1. Климат ерекшеліктері
  1. Жер беті мен жер асты сулары
  2. Топырақ және өсімдік жамылғысы
  3. Ауданның экономикалық сипаттамасы.

ІІІ. ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ТЕКТОНИКАСЫ

3. 1. Палеозойға дейінгі және палеозой жыныстары

  1. Мезозой жыныстары
  2. Кайназой жыныстары
  3. Бедердің тектоникалық құрылымы

IV. ФОСФОРИТ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨҢДЕЛУІ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

  1. Фосфорит кен орындарының өңделуі
  2. Фосфорит кен орындарына жалпы сипаттама
  3. Фосфорит кен орындарының қазіргі кездегі жағдайы және экономикалық бағалау

4. 4. Фосфорит кен орындарының қоршаған ортаға тигізетін әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

К І Р І С П Е

Қаратау жотасы қазақ жерінің оңтүстігіндегі таулы жота, яғни Тянь- Шань таулы жүйесінің батысындағы Талас Алатауының солтүстік беткейінен Шақпақ асуы арқылы бөлініп, солтүстік батысқа қарай 420 шақырымға созылып, Тұран ойпатына ішкері орналасқан.

Жұмыстың мақсаты : Қаратау жотасының фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуін анықтап, оның халықшаруашылығындағы маңызын түсіну.

Қаратау жотасында өткізілетін геологиялық-геоморфологиялық зерттеулердің негізгі ғылыми мақсаты- кен орындарын іздестірумен тығыз байланысты.

Қаратау жотасы қатарласа орналасқан екі жотадан тұрады: солтүстік - шығысы Кіші Қаратау, оңтүстік - батысы Үлкен Қаратау. Қаратау жотасына геологиялық қызығушылық осы аймақтағы фосфорит кен орындарының ашылуынан кейін басталды. Кіші Қаратауда фосфориттің бар екендігі алғаш рет 1936 жылы белгілі болды. Оны геолог И. И. Машкара тапты.

Қаратау фосфорит алабының ұзындығы 100-120 км, ені 25-30 км. 1937-46 жж П. Л. Безруков, Б. М. Гиммельфарб, А. С. Соколов және т. б. осы өңірдің әртүрлі 40-тан аса үлкенді-кішілі кен орындары мен кен білінімдерін анықтады.

Кен орны қорының жоғарғы сапалылығымен (24-26% Р 2 О 5 ) ерекшеленеді. Жаңатас, Көксу және Көкжон фосфорит кен орындары ерекше сапалы болып келеді.

Фосфорит органикалық өмірде өте маңызды. Фосфориттің негізгі тұтынушысы-ауыршаруашылығы яғни, олар дүниежүзілік өндірілген фосфориттің 95% алып отырады. Сондықтан фосфориттердің негізгі маңыздылығы- өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін фосфор тыңайтқыш ретінде халықшаруашылығында қолданылады.

Қазіргі уақытта Қаратау жотасында Қ. И. Сәтпаев атындағы геологиялық ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері геологияның платформалық қабаты мен геоморфологиялық мәліметтерін ескере отырып металдарды кешендік зерттеу жұмыстарын өткізуде.

Жұмыс көптеген кітапхана қорындағы ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, оған талдау барысында жазылды.

Зерттеу жұмыстары 2004-2006 жылдары жазылды. Осы жұмысты жазу барысында дұрыс ғылыми бағыт - бағдар берген «геоморфология және картография» және «әлеуметтік және экономикалық» география кафедраларының оқытушыларына алғысымды айтамын.

І. ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

  1. Ауданның геологиялық зерттелу тарихы

Қаратаудың геологиялық зерттелуі ғасырдан да ұзақ. 1864 жылы Н. А. Северцев Сырдария және Шу аңғарларын зерттей келе өзінің Қаратау жотасы туралы алғашқы геологиялық абрисін құрастырады. 1874-1881 жылдар аралығында Г. Д. Романовский және И. В. Мушкетов екеуі Түркістанның геологиялық картасын құрастыру үшін бұл аймаққа тоқтаусыз келіп отырды.

Кейінгі геологиялық зерттеулер В. Н. Вебердің атымен байланысты. Ол Қаратауды 1904-1925 жылдар аралығында егжей-тегжейлі зерттеп шықты. Ол жотаның стратиграфиялық негізі мен аймақтың тектоникалық картасын жасап шығарды. Сонымен қатар, 10 версиялық геологиялық картасын құрастырды. (Әулиеата беті) бұл жотаның оңтүстік-шығысын қамтиды.

Кейінірек Қаратауда Д. Н. Тарасов, В. В. Галицкий, В. Ф. Беспалов, М. С. Волкова, Н. Л. Бубличенко үлкен геологиялық зерттеулер жүргізді. Онда стратиграфия, тектоника, геоморфология, полиметалдық кен орындарының қалыптасуы төңірегінде жұмыстар болды.

Қаратау жотасына геологиялық қызығушылық осы аймақтағы фосфорит кен орындарының ашылуынан кейін болды. Қаратауды зерттеуде жаңа баспалдақ- осы керекті пайдалы қазбаға іздеу-барлау жұмыстарынан басталды.

Кіші Қаратауда фосфориттің бар екендігі алғаш рет 1936 жылы белгілі болды. Оны И. И. Машкара Қыршабақты өзені бассейнін зерттеу барысында сұр-күлгін әктастарды елестететін өздігінен қалыптасқан жыныстарды тауып алды. Сол арқылы Кіші Қаратауда фосфориттің бар екендігі анықталды. Келесі жылы-ақ фосфориттерді іздеу жұмысы П. Л. Безруковтың басшылығымен басталды. Нәтижесінде Көксу және Үшбас өзендері бассейндерінде фосфорит өндірістік кендері ашылды.

1938 жылы Көксу кен орнында Г. М. Гиммельфарбтың басшылығымен геологиялық барлау жұмыстары басталды. Ал бір жылдан соң фосфориттердің тағы бірқатар ірі кен орындары табылды. Олар өнеркәсіптік маңызы бар Шолақтау, Жаңатас, Ақсай кен орындары еді.

Кейінгі зерттеулер Кіші Қаратауда үлкен фосфорит алаңын құруға көмектесті. Ұзындығы 100 км-ге созылып жатқан 40 астам кен орны болды және фосфориттердің жаңа кен орындарының ашылуына мүмкіндік болды. Негізгі назар темір жолға жақын жатқан Шолақтау кен орнына ауды.

1941 жылы Шолақтау кен орнының фосфорит қоры туралы мәліметтер алынды және «Қаратау» тау-химия комбинатының құрылысы басталды.

1946 жылы комбинат алғаш рет фосфорит рудасын берді

1949 жылы жаңарған геологиялық зерттеулер әлі күнге жалғасын табуда. Енді олардың зерттеу объектісі- фосфорит кен орны бассейндерін жан- жақты зерттеу және олардың ресурстарын кешенді бағалау болып табылады. Осы уақытқа дейін «Орта Азия геохимиялық барлау» және Оңтүстік Қазақстан геологиялық басшылығында Шолақтау, Ақсай, Тесіктас, Жаңатас, Көкжон және Көксу кен орындарын зерттеп шықты.

1953-1962 жылдар аралығында Кіші Қаратау территориясында Оңтүстік Қазақстан геологиялық басшылығы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің қызметкерлерімен ұйымдасып Г. Ц. Медоев пен П. А. Ярмактың басшылығымен 1:50 000 масштабтағы кешенді геологиялық түсірілім жүргізді.

Осы зерттеулердің нәтижесінде бассейннің стратиграфиясы мен тектоникасының ерекшеліктерін анықтайтын жаңа материалдар алынды. Осыған орай, жоғарғы кембрий және ордовик шөгінділерін ярус бойынша бөліп көрсетті.

Кіші Қаратаудың құрылымын оның даму тарихы мен геологиялық ұстанымдарын түсіну үшін С. Г. Ангиновичтің Солтүстік Тянь-Шань геосинклинальді облысының көпжылдық зерттеулерінен алынған мәліметтер көмектесті.

Мемлекеттік тау-химиясы шикізаты институтының геологиялық лабораториясының Б. М. Гиммельфарб, А. М. Тушин және А. И. Смирновтардың жетекшілігімен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Шолақтау, Ақсай, Жаңатас, Көксу және Көкжон кен орны бассейндеріндегі фосфориттердің құрамы туралы түсінік берілді.

Үлкен ғылыми және практикалық қызығушылықтар 1957-1963 жылдары Қаратау кен орнының А. П. Гапеваның зерттеуі және К. Т. Табылдиевтің геологиялық құрылымы, оның қалыптасу жағдайы және фосфорит бассейндерінің геохимиялық зерттуімен болды.

В. Н. Холодовтың еңбектері ғылыми құндылығымен ерекшеленеді. Ол фосфориттердегі микроэлементтер геохимиясын, литологиялық-фациялық ерекшеліктерін, фосфорит шөгінділерінің эпигенетикалық өзгерістерін зерттеді.

Қаратау бассейнін әлі күнге дейін өте ірі мүмкіндігі бойынша пайдаланбай отыр. Фосфорит қорының көлемі өте үлкен болса да, жыл сайын небәрі шамамен жарты миллион тонна ғана руда өндіріліп тұрады. 1963 жылға дейін Шолақтау және Ақсай кен орындарынан 16 жыл ішінде небәрі 6 млн. тонна руда өндірілді.

Халық шаруашылығын химиялау программасында (1963 ж) Қаратау- ірі фосфат шикізат көзі болып танылды.

Осыдан бастап «Қаратау» тау- химиялық комбинатының дамуы өте қарқынды жүрді. Аз уақыттың ішінде байыту фабрикасының құрылысы бітіп, жер асты «Молодежный» руднигі жұмыс істеп тұрды, Ақсай кен орнын өндірістік карьерасының жобасын жасады, Жаңатас кен орны бассейнін игере бастады.

1968 жылы «Қаратау» комбинаты фосфор шикізатының жаңа техникалық жағдайын жасап шығарды.

Қаратауды ірі шикізат көзі етуде геологиялық-өндірістік баға беруде (А. М. Тушина, Ю. А. Киперман, М. А. Мұхтаров, Г. В. Страхов, Д. А. Айдымбеков және т. б) ядролық-геофизикалық әдістерді қолдануда (Б. К. Собачкин, И. П. Кошелев, О. Д. Халдеев), гидрология және өнеркәсіпті сумен жабдықтауда (Т. Айтұров, Ю. Л. Белобродский, М. Т. Жұмағұлов) көптеген ғалымдардың еңбектері бар.

Қазақстан аумағында физикалық-географиялық зерттеулер ертеден жүргізілгені белгілі. Соның ішінде орыс саяхатшыларының қосқан үлесі өте зор. Ал Қаратау өңірін алғаш зерттегендердің ішінде Иван Васильевич Мушкетовтың (1850-1902) орны бөлек. Ол алғашқы зерттеу жұмыстарын Тянь-Шаньның батысындағы ежелгі Қаратау жотасын, сонымен қатар, Боралдай, Арыс, Бадам өзендері мен Қазығұрт тауында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде ол 1886 жылы Қазақстан мен Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арнаған «Түркістан» атты еңбегін жарыққа шығарды.

Оңтүстік өңірдің және Аралдың табиғатын зерттеуді одан әрә Л. С. Берг жалғастырып, өзінің «Арал теңізі» (1902) деген көлемді еңбегінде барлық зерттеулерін қорытындылап жазды. Бұл еңбек бүгінгі күнге дейін Оңтүстік өңіріне ең бағалы және құнды ғылыми жұмыс болып саналады. Сондай-ақ Қаратаудың кен орындарының геологиясына, минералды қорларын зерттеуге, пайдалы қазбаларын болжап әсіресе ванадий кеншіштерін ашуда бұларды халқымыздың игілігіне жұмсауға ұлтымыздың бірегей тұлғасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қаратауды зерттеуге арналған жұмысын атап өту керек.

Мұндағы, мырыш және қорғасынмен минералдау үрдістері ерте герцинде, жоғарғы, орта карбонда өтті деп санап жүрген зерттеушілер А. Қ. Қайыпов, А. Е. Шлыгин Қаратау полиметалл белдеуінің кендерін Мырғалымсай, Ащысай, Түйетас сияқты формацияға бөлді.

Қаратаудың ландшафтын зерттеген келесі ғалымдар өздерінің ойларын тұжырымдағанда Докучаев В. В., Анучина Д. Н., Воейков А. И., Краснова А. И., Берг А. С., Борзова А. А., т. б. еңбектеріне сүйенеді. Л. С. Бергті ландшафт ғылымын жасаушылардың бірі деп атайды. Ол ланшафтты типологиялық және аймақтық тұрғыда түсіндіреді. Ланшафт туралы ұғымның екі негізгі бағыттарын анықтайды: типологиялық түсінікке байланысты, ланшафт бұл (жергілікті жер) физикалық-географиялық кешен сияқты типі, тип тармағы, түрі және т. б. Ол кешенді физикалық немесе ланшафтық географиялық топырақ, , геоморфологиядағы жер бедері сияқты. Ландшафтық карталауда типологиялық тәсіл бағытынан белгілі сипатты, олардың аумақтарын құрайтын аймақтық және жергілікті жер ландшафты бөлінеді. Ірі масштабда микроландшафт, орта және ұсақ масштабта түрден класқа дейінгі әртүрлі топта бөлінген фациялар ланшафттарын картаға түсірді. Сондай-ақ осы аймақтарды зерттеп өз еңбектерін жарыққа шығарған ғалымдар: Камелин Р. В. Сырдария Қаратауының флорасын, ал Повлов Н. В. Боралдай және Талас Алатаудың көксағыз (каучук) флорасын зерттеген.

Мұндағы Арал теңіз бассейндерін (Қаратаудың өзен жүйесі кіреді) И. Муравин, Г. Миллер тағы басқалары зерттеп, бірқатар қарапайым түсірілімдер жасады. Оның нәтижесінде, бір жағынан Қазақстанның жеке аудандарының, түңғыш ірі масштабты карталары жасалынса, екінші жағынан сол даудандар туралы ғылыми-географиялық мәліметтер де алынды. /12/

Арал және оңтүстік өңірдің «Ботаникалық және зоологиялық географиясын зерттеу» мақсатымен Россия Ғылым академиясы И. Г. Борщов пен Н. А. Северцовтың экспедициясын ұйымдастырды. Екі жылға созылған зерттеулердің нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлары кең көлемде анықталды. Олардың ішінде бұрын ғылымға белгісіз болып келген өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері кездесті.

Аймақтың табиғи элементтерінің ішінде, әсіресе, оның геологиялық құрылысы мен қазба байлықтары жан-жақты зерттелді.

Кеңес ғалымдары Американдық геологтар жүргізген 1987 жылғы зерттеулерінде орта кембрий мен ордовик кезеңінде Кіші Қаратау аумағында ірі теңіздік су астындағы карбонаты дәлелденген. Басқа көптеген зерттеушілердің (В. В. Галицкий, Н. Л. Буболиченко, В. В. Эз, Т. М. Дембо) пікірлері бойынша Қаратау женттастары тектоникалық процестердің әсерінде болды деген. Ал кейбір ғалымдар женттастардың бір бөлігі шөгінділердің шайылуынан болды деген. Ал қазба кен орындарына келсек, оларды да кең көлемде зерттеп, қазіргі таңда игілігімізге асырудамыз. Мысалы, Байжансай қорғасын кен орнын алғаш 1904 жылы орыс зерттеушісі В. Н. Вебер мен М. М. Баранниковтың мәліметтерінен белгілі болған. Олар осы аймақты зерттеп, геологиялық барлау жұмысын 1930 жылы бастаған. Байжансай қорғасын кенінің геологиялық құрылымына шөгінді тау жыныстары кіреді. Литология-петрографиялық құрылымына қызыл түсті құмтас, ұсақ малта тасты конгломерат алевро (түлкібас қабаты) және корбонат шөгінділер кездеседі. Негізгі кен денелері шоғырланған конгломерат, құмтас пен әктастан тұратын қабаттың қалыңдығы 200-250 м. Кен денесінің ұзындығы жоғарғы горизонттарда 340 м, тереңдеген сайын 150 метрге дейін азаяды, қалыңдығы 0, 5-3 м. Кей жерлер 11 метрге дейін жетеді деп бәрін айқындап кеткен. Байжансай қорғасын кені Шымкент қорғасын зауытының шикізат көзі болған.

Ал, Мырғалымсай қорғасын-мырыш-барит кенін алғаш 1928 жылы М. Қадылбеков ашқан. Кейін Н. Л. Бубличенко, Л. И. Балавинский, Д. Н. Малечник, Е. С. Зориндер зерттеген. Кен алаңы 8 тілімге (Орталық, Жайпақ, Оңтүстік Санкөл, Батыс, Солтүстік, Мұхамбет, Беріксай) бөлінеді. Тарамды-сеппелі, әр текті бірнеше шаршы шақырымға созылған негізгі кенді қабат буданың төменгі жартысын қамтиды. Оңтүстік-батыс құлау бұрышы 300 қорғасынды, қорғасынды-мырышты, қорғасынды-баритті кентастардың 3 басты иірімі бар. Олардың ұзындығы -6, 3-10, 9 км, қалыңдығы-7, 5-13, 6 м шамасында. Кеннің басты минералдары: барит, галенит, доламит, кальцит ал қосымша минералды сфалерит, пирит, гематит, аргентит. т. б. Кен орнындағы қорғасынның орташа мөлшері 1, 01%, мырыш 96%, барит 11, 6% және күміс 23 г/т. Тотығу белдемінің тереңдігі 30-40, кейде 150-200м. Барит пен қорғасынның қоры бойынша Мырғалымсай қорғасын-мырыш-барит кені ірі кен орындарының қатарына жататындығын анықтады.

Ащысай қорғасын-мырыш кенін алғаш 1866 жылы орыс табиғат зерттеушісі Н. А. Северцов сипаттаған, зерттеген. Қазіргі таңда Ащысай полиметалл комбинаты Қазақстан түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Ол Оңтүстік Қазақстандағы ертедегі Тұрлан (қазіргі Ащысай) қорғасын-мырыш кені негізіндеқұрылған. Бұл кен орны ХVI ғасырдан бастап белгілі болған, тек XIX ғасырдың 60 жылдарынан бастап пайдаланыла бастады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі 50 жыл ішінде мұнда небәрі 500 т қорғасын өндірілген. Кенді игеру төңкерістен кейін өрістей түсті. 1935 жылы Ащысай кеніші салынып, пайдалануға берілді. 1941 жылы Мырғалымсай кен орны игеріліп, Ұлы Отан Соғысында (1941-45) Одақ бойынша өндірілген қорғасынның жартысынан астамын берді. Комбинат негізінде Западная (1958), Скоповая (1963) шахталары кейінірек Кентау байыту фабрикасы, мырыш зауыты іске қосылды. Ащысай полиметалл комбинатының кеншілері көлденең кен қазбасынан шапшаң кен өндіру бойынша дүние жүзінің рекордын жасаған.

Геологиялық және геоморфологиялық іздену жұмыстарының нәтижесінде аймақ пайдалы қазбаларға бай екендігі анықталды. Қолданбалы мақсаттағы тапсырмаларды орындау үшін айтарлықтай нақты зерттеулер қажет болды.

1932 жылы Қаратаудың 1:200 000 масштабтағы геологиялық картасын құру үшін кең көлемдегі түсірілімдер жүргізіле бастады. Бұл жұмыстарды Қазгеолтрест мамандары орындады, сонымен қатар, тау жыныстарында кен орындарының таралуын анықтап, өте маңызды тақырыптық жұмыстар жүргізіле бастады. 1937 жылы Кіші Қаратауда қоры бойынша әлемдегі алғашқы орындарға ие болған орта кембридің жоғарғы сапалы, геосинклинальді типті фосфор кен орындары табылды. Арнайы геоморфологиялық зерттеулер жүргізілмегенімен геологиялық түсірілімдер үстіртін жүргізіліп отырды. Ауданның орографиясын анықтаумен қатар топырағына, өсімдік жамылғысына, әскери географиясына зерттеулер жүргізілді. Қаратаудың жер бедерінің зерттелу тарихы мен геоморфологиясына аздаған жеке мақалалар шыға бастады. 1949 жылы геологиялық зерттеулерді Оңтүстік Қазақстан экспедициясы Қазгеолбасқармасының он сегізінші экспедициясымен бірге жүргізді. Мезозой -кайнозой шөгінділерімен қатар геоморфологиясымен Т. А Мордвилка, А. Г. Черняховский, А. А. Рыжова және тағы басқалар ал, Е. И. Олли карстық үрдістерді зерттеумен айналысты. Ал жер бедерінің даму тарихы мен тектоникасын Н. И. Николаев зерттеді. 1956 жылдан бастап бірнеше жылдар ішінде Г. С. Медоевтың жетекшілігімен ҚазҰТУ-нің қызметкерлерімен бірге Оңтүстік Қазақстанның геологиялық басқармасы Кіші Қаратауда ірі масштабты түсірілімдер өткізді.

Қаратау жотасының рельефі мен жаңа тектоникалық қозғалыстарын ұзақ уақыт бойы В. В. Галицкий зерттеген. Ол Қаратау жотасының рельефінің элементтері әр түрлі жаста екенін, яғни ежелгі тегістелу беттер (жазықтар), эрозиялық рельефке байланысын көрсетеді деп тұжырымдады. Сонымен қатар, В. В. Галицкий қарқынды эрозиялық тілімденулерді соңғы төрттік тілімденулермен байланыстырып, жаңа тектоникалық қозғалыстардың араласуын үлгі түрінде көрсетіп, оған сипаттама бере отырып қалыптасу жағдайларын жазған. В. В. Галицкий көп мәліметтерді жинақтай келе 1: 1 000 000 масштабтағы Қаратау жотасының геоморфологиялық картасын құрастырды.

Қаратаудың стратиграфиялық төрттік шөгінділерін археолог Х. А. Алпысбаев Арыстанды өзенінің жайылма үстіндегі үшінші террассада орналасқан саздақтарда палеолитті ескерткіштердің сақталуына байланысты зерттеген.

1960-62 жылдар аралығында А. В. Вислогузова стратиграфиялық төрттік шөгінділерге тақырыптық зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде Кіші Қаратаудың төрттік шөгінділер картасын құрастырып, ауданның жер бедерінің даму тарихы мен аллювийлі шөгінділердің жасы туралы жаңа мәліметтер алды. А. В. Вислогузова далалы әктастар Қаратау маңында кең тараған және рельефтің тілімденуіне байланысты әртүрлі гипсометриялық деңгейге жиналған деп есептейді.

Геоэкологиялық және радиоэкологиялық зерттелуі. Соңғы жылдары осы аудандардағы геологиялық барлау жұмыстары 60-жылдардың аяғында басталды. Қанжуған, Мойынқұм, Төрқұдық, Уванас, Мыңқұдық, Інқай. Буденов кен орындарында 60-80 ж. ж. жүргізілген уранды барлау процесі барысында кен қорларының маңында жатқан жер асты суларының радиологиялық жағдайын зерттеу басталды. Сонымен қатар урандық радионуклидтерде үш қана элемент бар уран, радий және радон. Ал қышқылданған жыныстар зонасына жақын жатқан жерлер сонымен қатар жер асты суларының құрамында жоғарғы радиациялық және химиялық ластану туралы мәліметтер осы уақытқа дейін белгісіз болып отырды.

Қазіргі уақытта Қаратау жотасында Қ. И. Сәтпаев атындағы геологиялық ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері геологияның платформалық қабаты мен геоморфологиялық мәліметтерін ескере отырып металдарды кешендік зерттеу жұмыстарын өткізуде.

1. 2. Фосфориттердің халықшаруашылығындағы маңызы

Фосфор- (грек тілінде «фос»-жарық, «феро»-әкелемін), Р- Менделеевтің периодты системасының V тобындағы химиялық элемент.

Оның негізгі фосфатты минералдары- фосфорит пен апатит. Фосфорит Қазақстанда Қаратауда, аздап Ақтөбе маңында кездеседі. Фосфор жер қыртысында әжептеуір мөлшерде болады, бірақ өте тотыққыш болғандықтан дербес күйінде кездеспейді. Қосылыстарының маңыздысы фосфорит деген минерал, оның негізі фосфор қышқылының кальций тұзы Са 3 (Pо 4 ) 2 . Фосфорит әр жерлерде кен түрінде кездеседі. Фосфор өте маңызды элемент. Өйткені ол өсімдіктердің де, жануарлардың да белоктарының құрамына кіреді. Өсімдіктерде-дәнінің, жануарлардың-сүт, қан, ми және нерв ткані белоктарының құрамында болады. Сонымен қатар, сүйек және тістің құрамында кальций тұзы ретінде кездеседі.

Жер бетінің жоғарғы қабатында фосфордың көлемі, Кларк, Ферсман және т. б. пікірлері бойынша, 0, 10-0, 12% шамамен 0, 25% Р 2 О 5 құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Сәтбаев Қаныш (1899-1964)
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы
Сәтбаев Қаныш өмірбаяны
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті
Сәтбаев Қаныш
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір баяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz