Мектептің ата-аналармен жұмыс істеудегі рөлі



Мазмұны

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.4

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Отбасы — бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.10
2.2. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.15

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.17

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Кіріспе

Мектеп өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәні зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс әрекеті отбасымен, жұртшылық, әлеуметпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің орасан зор қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамамасыз етеді.
Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуына және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын ұйымдастырып, үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы — тәрбие түрлері: дүниетанымның, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар:
- ата-аналармен жұмыс;
- сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы;
- сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда, дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталық ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі — мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.
Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал, бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.
Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде "мектептік-отбасылық тәрбие" ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.
Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.
Ең бірінші талап — бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата-аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым. Оның орнына нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін ата-аналар жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.
Екінші талап — мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері секциясының жұмысы, "Отбасылық педагогика" немесе "Отбасы тәрбиесін жетілдіру" сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектсп тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау.
Үшінші талап — педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізді, әдепті, заңды болуы тиіс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.
Төртінші талап — ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Ж.Б.Қоянбаев. «Педагогика». Астана 1998 ж. /334-345/.
2. «Педагогика». Астана 2007. /257-265/.
3. С.Бабаев, Ж.Әбиев, А.Құдиярова. «Педагогика» Алматы 2004. /263-288/.
4. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003. /168-184/.
5. С.Тілеуов, Б.Әліпбек. Педагогика. Шымкент 2006. /64-66/.
6. Е.Сағындықұлы. Педагогика. Алматы 1999.
7. Н.И.Болдыров. Клаас жетекшісі. Алматы 1980.
8. Қ.Әтемова. «Ата-аналар жиналысының мәні». Қаз. мем. 1-1996.
9. С.Бабаев, Ж.Оңалбек. Педагогика. Алматы 2007.
10. Қ.Нарықбаев. «Қазақ тәлім тәрбиесі». Алматы 1995.
11. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы 1984. /227-228/.
12. М.Жұмабаева. Педагогика. Алматы 1992.
13. Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасы. Алматы 2000.
14. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 1993 ж. 9 сәуір.
15. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан, 1993.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ РӨЛІ

Мазмұны

І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-4
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Отбасы — бала тәрбиесінің алғашқы
ұжымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...5-10
2.2. Мектеп пен отбасының
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .11-15
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-17
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18

Кіріспе

Мектеп өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас
ұрпақты тәрбиелеудегі мәні зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге
жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық
мекеме болған емес. Сондықтан оның іс әрекеті отбасымен, жұртшылық,
әлеуметпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің орасан зор
қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру
рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, мөлтек
аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа
бағыттылығын қамамасыз етеді.
Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке
адамның дамуына және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын
ұйымдастырып, үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең
бастысы — тәрбие түрлері: дүниетанымның, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық
дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп.
Олар:
- ата-аналармен жұмыс;
- сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы;
- сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен,
ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін
қалыптастыруда адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда,
дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталық ретіндегі қызметінің ең маңызды
бағыттарының бірі — мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру.
Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі
болады.
Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды
бағыттарының бірі-мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру.
Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі
болады. Ол әрекеттің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты.
Олар педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу; қазіргі
жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының
ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар,
жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық
тұрғыдан дайын болуы.
Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы
тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас
ұрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалыптасып, дербестікті
дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді
анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бере бастады.
Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы
мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал, бұл
нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың
бірі.
Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде "мектептік-отбасылық
тәрбие" ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе
отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны
қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие
процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.
Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы
бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен
тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін
ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп
басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер
таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың
нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.
Ең бірінші талап — бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата-
аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым. Оның орнына нақты педагогикалық
проблемаларды шешу үшін ата-аналар жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға,
отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.
Екінші талап — мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық
мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: сынып
жетекшілері секциясының жұмысы, "Отбасылық педагогика" немесе "Отбасы
тәрбиесін жетілдіру" сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектсп
тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін
есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетімен
жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының
тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау
жасау.
Үшінші талап — педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің
ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл
талап негізді, әдепті, заңды болуы тиіс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық
ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.
Төртінші талап — ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.

2.1. Отбасы — бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді.
Сондықтан отбасылық өмір — жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы
ғасырлар бойы адамзат баласы тәрбиесінің құрамы болып келеді. Сондықтан ол
адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы — оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала
тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі — бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы
ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың
түрлері:
- балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру,
балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер
станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық
үйірмелерінің жұмысын кеңейту;
- ананы, балалық шақты қорғауға көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы
үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту;
- аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын
үйлестіру;
Отбасындағы басты мәселелердің бірі — баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру, баланың тәрбіті, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй
еңбегіне қатысуы, оқу әрекет, бос уақытын ұйымдастыру.
Бала өміріне және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі —
ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі — өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың
парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді
қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен
демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсететін И.П.Павловтың
іліміне негізделеді.
Күн тәртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа
үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс
ұйымдастырылған күн тәртібі белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке
айналады. Әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын,
мұғалімдер мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн
тәртібінің негізгі құрамды бөліктері — еңбек, демалыс, ойын, сабаққа
дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа
жағдайлар:
- отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір
балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
- тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасымүшелерінің білім дәрежесі,
еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты,
ауылдық және қалалық отбасы.
- отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн
ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка
аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік
мерекелер.
- ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы: отбасындағы көзқарастардың
бірлігі, айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
- қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық
институттарға қатысы.
- отбасылық тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-
аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды
тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат
ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы
мүшелерінің өзара және туған-туысқандармен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке
ұшырауының басты себебі — тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық
көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық,
әлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
- отбасыдағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз
күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш
жігерінің төмендеуі, сезімнің мұқалуы;
- баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың
дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
- отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты
пайдаланып, баланы екіжүзді және жағымсыз нәрсеге әсер етуі;
- ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық
танытып, баланың кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік
алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз — бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен
кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуаты берік логикаға негізделген ісі
мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу — отбасы
тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан — тіршілік қоршауы болса,
екінші тараптан — тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан
басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы — бұл мектеп те,
ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да,
отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагоггар нақты да дәл
тұжырымға келіп отыр: тұлганың қалыптасу нәтижелігі ең алдымен отбасыға
тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе,
тұлғаның тән-дене, руханн-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де
жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі
заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да
сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен
назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді
естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен
маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғыртгық, ерлі-
зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар — бәрі де отбасыдағы бала
тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын
десең, бесігіңді түзе" — деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда
адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және
әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл
шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас
ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-
қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық
және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске
қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті
отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу,
патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру жәнс мемлекет
заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін
жетілдіру;
- отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан. Нарықтық
экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір
себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы — әйел мойнына артылған екіталай — жұмыс орнында,
жанұяда — ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық себептердің салдарынан
болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең
алуы.
6. Күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру
бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?
Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес:
тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына
тәуелділігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңдылықтардың құрсауындамыз.
Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның
жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы
ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер
едік:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-
әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың
заманы өтті — алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл
мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек,
ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу
беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан
азат етері кәміл;
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен
мұсылмандық тәрбие ошағы — мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы
ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты
проблемасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес жұмыстары
Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі туралы ақпарат
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Жеткіншектердің тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің практика жүзінде шешілуі
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Пәндер