ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)



КІРІСПЕ
I ТАРАУ Тарихтың жаңа беттері
1.1 Қазақ диаспорасы ұғымының пайда болу тарихы
1.2 ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелері
ІІ Тарау Қазақстан Республикасының диаспоралық саясаты
2.1 ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы мәдени қатынастар мен олардың болашағы
2.2 Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен мемлекеттік мекемелері және олардың өзекті мәселелері
2.3 ҚР көші.қон мәселелері мен көші.қон саясаты
2.4 Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы мен мезгіл мәселелері
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж) тақырыбын зерттеуге арналған. Жұмыста қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесіндегі жаһандану, аймақтану, кірігу үрдістерінде - тәуелсіздікке қол жеткізген жас мемлекеттердің ішіндегі Қазақстанның тарихи жағдай тәлкегімен тағдырдың айдауымен жат жерлерге қоныс аударып кеткен алаштың мыңдаған ұрпақтарының тарихи отанымызда бас қосуы, атамекеніне қайта оралуы, қандастарымен кеңінен қарым-қатынас орната бастауы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Ғылыми жұмыста Қазақстан мен ТМД елдерінің арасындағы екі және көпжақты саяси, мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы, дамуы және болашағы жан-жақты қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдісінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпал жасауда. Алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бірі немесе 4,3 миллион адамды құрайды. Олардың көпшілік бөлігі Кеңестік кезеңдегі революцияның және азамат соғыстары, зорлап ұйымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін салдарынан өздерінің тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды.
Сонымен, тарихқа терең бойламай-ақ, адамзат тарихындағы алапат ғасыр ХХ ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі, өз жерінде отырып, қазақтай генезиз кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін қырғыны - 1932 жылғы ашаршылық 43 пайызынан айырса, 30-жылдардағы саяси нәубет - ұлт қаймағын сыпырды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан соңғы кеңестік саясат жемісінен болған жасанды ассимиляция. Осынша қасіретті бастан өткерсе де ұлт қуаты кеміген жоқ.
Қазақ кім десеңіз, тағдыр талайымен қайғы кешіп келген чешен мен неміске, ұйғыр мен кәріске өзі жарымай отырып, жеген нанының жартысын бөліп беріп, аман сақтап қалған дархан жұрт, кең пейіл ел. "Қазақ осындай болмаса, қырыларымыз анық еді" - деп қазаққа мәңгі алғыс айтатын сол қасіретті жұрттардың алғыс батасы шығар, бүгін етек жеңімізді жауып, үзенгілестен бас оздырдық.
Қазақ кім десеңіз - тізгіні қолына тиген шақта, бағы беймәлім болып аңырап тұрған кезде, тыңнан тесіп жол салып, "соқтықпалы соқпақсыз" сергелдең шақта жорғадай жосылып, жол тапқан ұлт, ағайын. Саясат сонарында аңшы дәуірімен атайыдай арбасып, парасат пен саясат жүргізіп ақсақалдың ақылына, елдің сабырына, жастың жалынына сүйеніп, сергелдең кешсе де, сертінде тұрып, сүйреп берген сүйенерге лайық ерің - сол қазақтың баласы.
КСРО тарағаннан кейін жақын шетелдердегі (ТМД) қазақтар диаспораға айналды. ТМД елдеріндегі диаспоралардың мәдени және әлеуметтік -
1. Казахская диаспора: проблемы этнического выживания.- Атамұра, 1997.- С.28.
2. Жатқамбаев Ә. Киелі Түркістан топырағында.-Алматы, 1995 ж.-Б.13.
3. Елбасының халыққа жолдауы және қазақ диаспорасы. //Алтын Бесік журналы.- №3/2005.-Б.5.
4. РФ Президенті В.В. Путиннің Қазақстандағы Ресей жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан.-2004.-12 қаңтар.
5. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации.-Алматы, 2000.-Б.235.
6. Иванов И. Новая российская дипломатия.Десять лет внешней политики страны.-Москва, 2002.-С.382.
7. Мансуров Т.А. Казахстанско-Российские отношения в эпоху перемен 1991-2001.-Москва: Реал-Пресс, 2001. –С.610.
8. Кошербаев К.Е. „Самое ценное наследство” //Моя Москва журналы http://www.kazembassy.ru/issue/?issueld=341
9. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан.-2006.-11 қаңтар.
10. Смағүлов С. Қазақ халқының тарихы.- Алматы: Олжас баспасы.-2005.-Б.83.
11. Тәтімов М. „Әлемде қанша қазақ бар?” //Алтын Бесік журналы.- №4/2005.-Б.22.
12. ҚР Статистикалық агенттіктің жылдық мәліметтері.- 2005 жыл.
13. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік қырылтайында сөйлеген сөзі. //Алтын Бесік журналы.- №5/2005.-Б.3-15.
14. Шетин Ә. „Ресейдегі қазақтар” //Достық- Дружба журналы.- №5/2005.-Б.35.
15. Алашқызы Б. „Шүй жеріндегі қазақтар” //Алтын Бесік журналы.- №4/2005.-Б.30.
16. Алашқызы Б. „Шүй жеріндегі қазақтар” //Алтын Бесік журналы.- №4/2005.-Б.33.
17. Көшербаев Қ. „Саратов қазақтары”.- ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. -Астана, 2003. (баяндама)
18. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы мәдени байланыстардың даму деңгейі.- ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі.-Астана, 2003. (баяндама)
19. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы мәдени байланыстардың даму деңгейі.- ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі.-Астана, 2003. (баяндама)
20. Балғабаев С. „Қырғызстандағы бауырлар” //Алтын Бесік журналы.- №4/2005.-Б.20.
21. Казахская диаспора в Таджикстане.- по материалам Информационной службы МИД РК КСНГ.- Астана, 2005.
22. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Үкіметтерінің „Қазақ мәдениетін қолдау туралы” мемлекетаралық келісімі.- Алматы, 1997.
23. Мендіғұлова Г. „Түрікменстандағы қазақтар” //Алтын Бесік журналы.- №3/2005.-Б.7.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы ТМД шеңберіндегі қазақ
диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж) тақырыбын
зерттеуге арналған. Жұмыста қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы
жүйесіндегі жаһандану, аймақтану, кірігу үрдістерінде - тәуелсіздікке қол
жеткізген жас мемлекеттердің ішіндегі Қазақстанның тарихи жағдай тәлкегімен
тағдырдың айдауымен жат жерлерге қоныс аударып кеткен алаштың мыңдаған
ұрпақтарының тарихи отанымызда бас қосуы, атамекеніне қайта оралуы,
қандастарымен кеңінен қарым-қатынас орната бастауы мәселелеріне ерекше
көңіл бөлінген. Ғылыми жұмыста Қазақстан мен ТМД елдерінің арасындағы екі
және көпжақты саяси, мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы, дамуы және
болашағы жан-жақты қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік мәдени
ынтымақтастық үрдісінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің
дамуына елеулі ықпал жасауда. Алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы
қазақ ұлтының үштен бірі немесе 4,3 миллион адамды құрайды. Олардың
көпшілік бөлігі Кеңестік кезеңдегі революцияның және азамат соғыстары,
зорлап ұйымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін салдарынан өздерінің
тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды.
Сонымен, тарихқа терең бойламай-ақ, адамзат тарихындағы алапат ғасыр
ХХ ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі, өз жерінде отырып, қазақтай
генезиз кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін қырғыны - 1932 жылғы
ашаршылық 43 пайызынан айырса, 30-жылдардағы саяси нәубет - ұлт қаймағын
сыпырды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан
соңғы кеңестік саясат жемісінен болған жасанды ассимиляция. Осынша
қасіретті бастан өткерсе де ұлт қуаты кеміген жоқ.
Қазақ кім десеңіз, тағдыр талайымен қайғы кешіп келген чешен мен
неміске, ұйғыр мен кәріске өзі жарымай отырып, жеген нанының жартысын бөліп
беріп, аман сақтап қалған дархан жұрт, кең пейіл ел. "Қазақ осындай
болмаса, қырыларымыз анық еді" - деп қазаққа мәңгі алғыс айтатын сол
қасіретті жұрттардың алғыс батасы шығар, бүгін етек жеңімізді жауып,
үзенгілестен бас оздырдық.
Қазақ кім десеңіз - тізгіні қолына тиген шақта, бағы беймәлім болып
аңырап тұрған кезде, тыңнан тесіп жол салып, "соқтықпалы соқпақсыз"
сергелдең шақта жорғадай жосылып, жол тапқан ұлт, ағайын. Саясат сонарында
аңшы дәуірімен атайыдай арбасып, парасат пен саясат жүргізіп ақсақалдың
ақылына, елдің сабырына, жастың жалынына сүйеніп, сергелдең кешсе де,
сертінде тұрып, сүйреп берген сүйенерге лайық ерің - сол қазақтың баласы.
КСРО тарағаннан кейін жақын шетелдердегі (ТМД) қазақтар диаспораға
айналды. ТМД елдеріндегі диаспоралардың мәдени және әлеуметтік -
экономикалық өркендеу деңгейі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Қазақ
диаспорасының мәселелерінің кешенді зерттеу және шешу, ғылыми зерттеулердің
тәжірибелік шаралармен бірлігі және өзара байланысына әлде болса жете мән
берілмей келеді.
Отаршылдық кезеңінде қазақ диаспорасының мәселелері Қазақстан
тарихының құпия беттерінің бірі болған -ды, соның нәтижесінде шетелдерде
тұратын қазақтар туралы деректер мен мағлұматтар, архивтер мен
кітапханалардың арнайы қорларында сақталған. Қазақ халқына, яғни
шетелдердегі қазақ диаспорасына деген Кеңес Үкіметінің қарым-қатынасы
(саясаты) осындай еді. Бұдан жалпы қазақ диаспорологиясының жағдайын да
көруге болады. Осы жағдай тек 1991жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстанның
"Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы" Заң
қабылдап егемендігін жариялағаннан кейін ғана өзгере бастады. 1992 жылы
азаттығымыздың алтын бесігі - Алматыда, 2002 жылы - дініміздің қала
төсіндегі діңгегі - қасиетті Түркістан төрінде, ал 2005 жылдың қыркүйегінде
мемлекетіміздің ел ордасы арман қала Астанада қазақтардың Дүниежүзілік
Құрылтайлары өткізілді. Ал 1995 жылдың 16-17 қарашасында Байырғы Түркістан
шахарында "Қазақ диаспорасының өткені мен бүгіні" атты халықаралық
симпозиум ұйымдастырылған болатын. Онда қазақ диаспорасының пайда болуы,
шетел қазақтарының қазіргі таңдағы экономикалық жағдайы, әлеуметтік-
экономикалық ортасы, ұлттық психологиясы, әлемге деген көзқарасы, әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлері сақтау, тіл, мәдениет, әдебиет және өнер
мәселелері[1], Көші-қон саясатының негізгі проблемалары талқыға салынып,
оралмандардың жағдайларына үлкен назар аудыралды.[2] Осы орайда Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы
(2005ж) жоғарыда айтылған мәселелерді қамтыған-ды.
Байырғы ұлтпен өздері тұрып жатқан мемлекеттен тыс жерде тарихи отаны
бар этникалық топтардың арасындағы мәселелерді (этнодемографилық,
этнопсихиологиялық, мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық) зерттеудің
теориялыцқ және тәжірибелік маңызы зор деп танылды. Қазіргі таңдағы барлық
үкіметтерді диаспора мәселесінің практикалық маңызы қызықтырады, сондықтан
да бұл сұрақтардың жауаптарын (шешілу жолдарын) жаңарту мақсатында білім
және тәжірибе алмасу ғалымдар үшін ғана емес, сондай-ақ көп этникалық
қоғамда бұндай мәселелермен жие кездесіп отыратын билік тармақтары мен
атқарушы органдар үшін де маңызы зор. Бұл саясат ұлтаралық қарым-қатынастар
мәселелеріне үлкен назар аударатын көпұлтты Қазақстанның Үкіметі мен
ғалымдарына да қатысты. "Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азияның алдыңғы
қатарлы мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көп ұлтты, әрі көп дінді
қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының ең үздік
қағидаттары бойынша тәуелсіздік орнаттық және ұлты мен діни нанымына
қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға
ерік беретін еркін, әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз.[3] Әу
бастан Қазақстан ұлтаралық татулық қағидасын басшылыққа алып, сырт жердегі
бауырларға қамқорлық қолын созды. Сол себепті ТМД шеңберіндегі қазақ
диаспорасының мәселелерімен Қазақстанның осы салада жүргізіп отырған
саясатын баяндап, талдау диплом жұмысының зерттеу нысаны болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты: ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының
мәселелерімен Қазақстанның осы салада жүргізіп отырған саясатына жан-жақты
талдау жасау. Диплом жұмысының алдына қойған мақсатына жету үшін
төмендегідей міндеттер қойылды:
1) Шетелдегі отандастармен (ТМД-дағы) жұмысты жан-жақты жетілдіріп, оны тек
ұдайы және мақсатты мемлекетті қолдау жағдайында ғана жүзеге асыру мүмкін
болатындығын естен шығармаған жөн.
2) Қазақ диаспорасының әлеуметтік -экономикалық, мәдени, білім алу
сұраныстарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, тарихи отанына
қайта оралғылары келетіндерге мүмкіндік туғызатын ойластырылған
шаралардың жүйесін жасау қажет.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері: 1991 -2006 жылдар аралығын
қамтиды. Қазақстан өз тәуелсізідін жариялағанға дейін КСРО құрамына кіре
отырып, одақтың көптеген "бөліктерінің " бір бөлшегі іспеттес болғаны тарих
беттерінен аян. Соның салдарынан тек 90-шы жылдардың басында ғана
егемендікке қол жеткізген Қазақстан бұрыннан бергі қалыптасқан мәселелерді
реттеу құдіреттілігіне ие болды (соның ішінде диаспора мәселесі де ),
алайда бұл сұрақтар қазіргі таңда да толық шешімін таппай, өзектілігін
жоғалтпауда, зерттеу жұмысының бүгінгі күндерге дейінгі жылдарды қамту
себебі де осында.
Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысының алдына қойған
мақсатын орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды 6
топқа бөлуге болады.
Деректердің бірінші тобына Қазақстан және ТМД елдеріне мемлекеттік
деңгейдегі заң актілері мен қаулылар жатады. Зерттеу жұмысына Қазақстан
Республикасының Конституциялық Заңы, "Халықтың Көші-қоны туралы " ҚР
Заңын, ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару
жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы " Жарлығы, ҚР білім
беруді дамытудың 2005-2010жж арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы,
ҚР Президентінің Халқына Жолдауы (2005ж), ҚР Үкіметінің қаулысымен
бекітілген ҚР Көші-қон саясатының 2001-2010 жж салалық бағдарламасы,
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы, Ресей
Федерациясының "Шетелдегі отандастарын қолдау туралы" Заңын, Ресей
Федерациясының Конституциясын, Өзбекстан Республикасының мәдениет туралы
Заңын кеңінен қарастырылуы, осы заңдар мемлекеттердің диаспораға байланысты
ұстанып отырған ресми саясаттарын анықтайды.
Деректердің екінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Қазақстан
Республикасы мен ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға
бағытталған екі жақты мәдени, экономикалық қарым-қатынастардың құқықтың
негізін құрайтын келісім шарттар, хаттамалар, конвенциялар, декларациялар
мен меморрандумдар жатады.
Деректердің үшінші тобына мұрағат материалдары жатады. Бірнеше
ғасырлық тарихы бар Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы
қарым-қатынастарға арналған құжаттар мен материалдардан құралады. Бұл
құжаттарға Қазақ КСР ғылым Академиясы жанындағы Ш.Ш.Уалиханов атындағы
тарих, архиология және этнография институты мен Қазақ КСР Орталық,
мемлекеттік мұрағаты бірлесіп құрастырған 2 томдық құжаттар мен материалдар
жинағы жатады. Құжаттар жинағы ХVІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс, қазақ-өзбек
қарым-қатынастарын қамтыған. Құжаттар жинағы қазіргі кездегі Орталық
мұрағат материалдары негізінде құралғандықтан, біз бұл құжаттар жинағын
деректердің осы тобына жатқызуды жөн көрдік.
Дипломатиялық мұрағат материалдарына келсек, бұл Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер Министрлігінің Ресей Федерациясысындағы
Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан
Республикасының, Қырғызстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының
елшіліктерінің, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің, Дүниежүзі қазақтары
Қауымдастығының ағымдағы мұрағат дерек көздерінен тұрады.
Деректердің төртінші тобына мемлекет және үкімет басшыларының,
мемлекет қайраткерлерінің және көрнекті дипломаттардың еңбектері, сөздері,
сұхбаттары жатады.
Егемендік алған Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының
бағыттарын анықтап, белгілеп беруге және қазақ дипломатиясының алғышқы
қадамдарының бет алысын айқындауға ел Президенті Н.Ә:Назарбаевтың еңбектері
өзінің құндылығымен ерекшке.
Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің екі мемлекет арасындағы
ынтымақтастықтың маңыздылығы және болашақтағы екі жақты ынтымақтастық
барысындағы сенімді достық, іскер әріптестік, жөніндегі мәліметтер де [4]
назардан тыс қалмады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы дипломатиялық
өкілдік басшыларының еліміздің сол мемлекеттерге қатысты ұстанып отырған
сыртқа саясатының мақсатттары және қарым-қатынастардағы туындап отырған
мәселелерге байланысты берген дәйекті болжам, бағалары. Мұндай
зерттеулердің қатарына мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің
басшыларының әр жылдары берген сұхбаттарын, мақалаларын жатқыздық.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзі елдерімен өзара достық қарым-
қатынасының қалыптасуы мен орнатуының алғашқы қадамдары, сонымен бірге
егеменді еліміздің сыртқы саясатының бағыттарының стратегиясының және оның
халықаралық қатынастар жүйесіндегі алатын орны мен атқарып отырған роліне
баға берген ҚР сыртқы істер министрі Қ.Қ.Тоқаевтың бірқатар еңбектер құнды
болып табылады.[5] Бұл еңбектердегі деректілік фактілер екі жақтық
байланыстардың барлық салалардың даму барысын және кедергілерін түсінуге,
талдауға мүмкіндік береді.
Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі И.С.Иванов өз еңбектерінде
Ресейдің қазіргі кездегі сыртқы саясатының және сыртқы саяси
басымдылығындағы ұлттық мүдделерінің қалыптасуын қарастырады. [6]
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тең құқықты
ынтымақтастықтың өркендеуіне ат салысқан, екі жақтық қарым-қатынастардағы
маңызы зор құжаттарды топтастырып, жинақтаған Қазақстан Республикасының
Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған Т.А.Мансуровтың
еңбектерінің де берері мол.[7] Қ.Е.Көшербаевтың газет, журналдарға берген
сұхбаттары екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосып отыр.
[8]
Диплом жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобына - зерттеу
тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар
жатады. Бұған Республикалық, еларалық газеттер мен журналдардың түрлі
жинақтары жатады.
Пайдаланылған деректердің алтыншы тобына статистикалық жинақтар мен
анықтамаларды жатқызуға болады.
Олар Қазақстанның шетелдердегі (соның ішінде ТМД елдеріндегі) қазақ
диаспорасы жөніндегі нақты сандық көрсетілімдер туралы мәліметтер береді.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диплом жұмысын жазу үшін
деректік негіз болды. Оларды зерттеу жұмысында қолдану - қойылған
мәселелерді жан-жақты сұрыптап, мақсаты мен міндетін ашуға мүмкіндік берді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Өткенді қаралап, жалған отаншылдық
танытып жатқан біз жоқ. Тек қана қазақ диаспорасы ғана емес шет елдегі
жалпы ұлттар шоғыры туралы тең көсіле әңгіме айтудың өзіне тиім салынған
ғасырды да артқа қалдырдық. Шетелдердегі қандастарымыздың тағдыры қақында
баяғы "советологтардың" бірталай еңбектері бар екенін қазір біліп жатырмыз,
олардың өздері шаң басқан архивтерде табылып отыр. Бұрын қоғамтану
ғылымында ауызға алынбайтын диаспоратану ұғымы бұл күнде тілімізге сіңіп
үлгерді. Кең түрде зерттеле басталды. 1991 жылдан бастап Философия
институтында "Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі" атты ғылыми бағдарлама
шеңберінде көңіл тоярлық игі шаралар жүзеге асырып келеді екен.
Диссертациялар қорғалған. Биыл Философия және саясаттану институты
диаспоратану саласында үлкен зерттеу жобасын аяқтап, көлемді еңбекті
баспаға әзірлеп те қойыпты.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да диаспора мәдениеті мен әдебиетін,
тарихын атамекенге танытуда елгезектік көрсетуде. Жоспарлы өткізіліп
жататын ғылыми - тәжірибелік мәслихат, кеңестерді айтпағанда, шаңырақ
белгісі бар осы қауымдастықтың кітапханасының сөресі де жыл сайын толығып
келеді.
Алайда Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы жанындағы "Атажұрт"
баспасының жалғыз өзі диаспораның сан-салалы мәдени құндылықтарымызды
оншақты жыл ішінде игеріп, ойсыратып тастай алмасы анық. Ол - тілегей
теңіз, мол мұра.
Бар қазаққа аса қажет - рухани байлық.
Қазақ диаспорасы жайлы шетелдік зерттеушілердің шығармаларын өзімізге
насихаттау - тарихымыз үшін тағылым. Швед ғалымдары Линза Бенсон мен Ингвар
Сванбергтің "Түркиядағы қазақ осқындары" және "Қытай қазақтары" атты
мақалалары жеке кітап болып 1997 жылы жарық көрді. Әлі де таржымалап,
насихаттауды күтіп жатқан қазақтар туралы дүниелер аз емес. Кешегі Гумилев,
Левшин және Янукевич еңбектері қазақ тарихын, этнографиясын зерттеуде ең
қастерлі үлгі болып жатқан жоқ па?
Өзіміздің қазақстандық ғалымдарымыздан диаспора мәселелерімен
айналысып, еңбектерін жарыққа шығарып жүргендер саусақпен санарлық, олар
Г.Меңдіғұлова, С.Балғабаев, Ғ.Саржанов сияқты азаматтарымыз.
Десек те, қазақ диаспорасының ТМД шеңберіндегі мәселелері әлі де
толық зерттелмей келе жатыр, сонымен қатар, жалпы диаспоратану ғылымының
тарих, археология, психология және әдебиет салаларында ашылмай жатқан
көмбелер көп. Диаспораларымыздың барлық сан-салалы қорларын терең үңгіп
зерттеу жергілікті қабілетті жастарды тәрбиелеу қажеттілігін туғызып отыр.
Сондықтан бұл ұлағатты іс мемлекеттік қамқорлықты, қомақты қаржыландыруды
талап етеді. Бұл іс алдағы бес жыл ішінде жедел қолға алынбаса, енді 10
жылдан соң тіпті кеш болады.
Қазақтар жасаған барлық құндылықтар - бүкіл елдің игілігіне айналуы
тиіс.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден,негізгі бөлімі
3 тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер
тізімі мен қосымшалар берілді. Диплом жұмысының көлемі бет.

I ТАРАУ Тарихтың жаңа беттері

1.1 Қазақ диаспорасы ұғымының пайда болу тарихы
Қазақ - қазақ болғалы "Әлемдік кеңістікке дәл осындай қанатты
серпінмен көтеріле алмаған шығар. Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық.
Тәуелсіздік мәселесі - айрықша маңызға ие мәселе. Тәуелсіздігімізді
жариялаған күннен бергі уақыт егемен мемлекет ретінде орнығу әлемдегі өз
орнымызды иелену, бүкіл халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатында
жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, атымыз барда желіп, жүріп жер
танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен " өтті. Мұның өзі сыртқы
саясатымыздың айқындығын аңғартса керек. Біздің сыртқы саясатымыз нарықтық
реформалардың негізінде елдің ырғақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге
бағытталған[9].
Ғаламдану жүйесінде интеграциясыз даму жоқ. Өркениетке жетем деген ел
интеграцияның тізгінінен мықтап ұстанғаны жөн. Ал бұрынғыдай "Мен үлкен
аға, сен кіші інісің" дегенге ендігі жерде біздің қазақ халқы көнбейді.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қазақ халқының тарихындағы ең үлкен бетбұрыс
кезеңі болды. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр аңсаған арманы орындалды. ҚР өз
алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Бүгінгі таңға бүкіл дүниежүзі
қазақ деген Ұлт бар екенін, қазақтың жері, Отаны - Қазақстан екенін біледі,
десе де, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық қатынас мәдениетін
азаматтық келісіммен ұштастыру негізінде алға басып, келесі даму биігінен
көріне беруіміз керек.
90 жылдар мен 2000-2005 жылдары қазақ халқының орташа жылдық табиғи
өсімі Қазақстан бойынша 120-125 мың, бұрынға Кеңес Одағы көлемінде (ТМД)
140-150мың, ал әлемдегі барлық жиынтық санымен 165-180 мың адамға өсті.
Статистикалық агенттіктің жүргізген санағы бойыншы 2002 жылдың ортасында
қазақ халқының барша саны яғни, әлемдегі исі қазақтың толық саны 13
миллион 500 мыңға жетті. Яғни әрбір жеті жылда қазақтар бір миллионға өсіп
отырады.

Қазір 15 миллионнан асты. Шетелдегі қазақ диаспорасы мен
ирреденттерінің жартысы өз елі Қазақстанға оралатын болса, онда қазақтар
саны республикада аттай 20 миллионға дейін өсіп, ал барлық тұрғындар
арасында олар 75-80% құрамақшы.
Қазақ халқының даму динамикасы әсіресе, өткен ХХ ғасырда өте күрделі болды.

Қазақ өз алдына шаңырақ көтерген соңғы бес ғасырда алты мәрте (1723
жылғы - ақтабан шұбырынды, 1750 жылғы - Керей көшкен, 1916 жылғы дүрбелең
кезіндегі көш, 1929-1932 жылдардағы аштық пен жұттан, 1932-1937 жылдардағы
саяси қуғын-сүргіннен бас сауғалаған көш) жат жерге үдере көшуді бастан
кешірген екен. Әрине, бұл қазақтың көшқұмарлығынан емес, әлем кеңістігінде
ел болып қалыптасу кезіндегі қазақ халқына тағдырдың салған
ауыртпашылығынан туған көш еді. Қазақтардың кейбір бөлігі қараптан-қарап өз
елі шекарасының сыртында қалып қоюы да кездесіп отырған. Бұндай жәйттер
қазақ мемлекетінің мемлекет есебінде әлсіз тұстарына сәйкес келеді. Мысалы,
1864жылы Қытай мен Ресей мемлекеттерінің қазақты ту сыртынан екіге бөліп
тастауынан өр Алтай қазақтары Қытайға, ал 1950-1960 жылдары Оңтүстік
Қазақстан облысының бірнеше аудандарында тұратын қандастарымыз кеңестік
саясаттың құрбаны болып өз еркінен тыс

Ресей мен Қытайдың жасаған келісім шартыныуң құрбандары
болған ата-бабаларымыздың ұрпақтары[10].
Алыс шетелдердегі қазақ бауырларымыздың сол елге тұрақтап қалғанша
бастан кешкен қиындықтары да әрқилы. Мысалы, Түркияның қол астына кірген
қазақтардың қиын-қыстау сапарлары былай болған көрінеді: ХХ ғасырдың 30
жылдарындағы Кеңес Үкіметіндегі саяси науқанға шыдамаған жүз мыңнан аса
отбасы алдымен Өзбекстаннан Тәжікстанға және одан әрі Тәркіменстаннан өтіп,
Ауғанстанның Андхой қаласына жинала бастайды. Оларға Ауған Үкіметі
шарасыздық танытып,қазақ көшпенділерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете
алмайды. Сол кездегі Үкімет басшысы Хашим хан олардың көпшілігін әскердің
күшімен Чахнасор аймағына жер аударып жібереді. Осы аймақта қазақ
көшпенділері 90 пайызынан айрылды. Тірі қалғандары ол аймақтан тезірек
кетуді ойлап, Кабулға қарай жол тартады. Онда ел ақсақалдары Ауған каролі
Закир шахқа жолығып, көрген қорлықтарын айтып шағынады. Ол қазақтарға
егістік жер, ақшалай жәрдем және тұруға рұқсат алып береді. Қазақтар егіс
егуден бас тартып, Ауғанстанның солтүстік жағына көшіп кетеді. Басқа бір
тобы Балх қаласына жиналды. Сол жерде тағы да оба,шешек ауруларына ұшырап,
жүздеген кісісінен тағы айрылады. Аман қалғандары Мазари-Шериф, Маймана,
Херат, Акча, Шұбырған, Құндыз, Фейзабат, Сарекул қалаларына топ-топ болып
тарайды.
1970 жылдан кейін жағдайы болғандары Түркияға (Стамбулға) кете
бастайды. 1979жылы Ауғанстанға Кеңес әскерлері кірген соң, қазақтардың
көбі Пәкістан, Иран және Түркия мемлекеттеріне барып бас сауғалайды. Сол
кездегі Түркия мемлекет басшысы Кенан Еврен 60 қазақ отбасын ұшақпен
Пәкістаннан алып келіп, жергілікті халыққа теңестіріп, Қайсери облысына
орналастырған. Кейіннен Иранға жүздеген Ауған қазақтары Түркия шекерасынан
өтіп 1981-1993 жылдары арасында Стамбулдағы жақын туыстарының жанына көшіп
келеді. Қазақстан Үкіметі 1993 жылы күзде Түркия, Ауғанстан, Ирандағы
қазақтарды арнайы ұшақпен туған еліне әкеліп қосты.
Соғыстан соңғы 60 жылда (1945-2005) санымыз Республика көлемінде 4
еседен артық өскен (2,1-8,7 млн). Ал енді осы кезде проценттік үлес
салмағымыз тың игерілген жылдардағы мен салыстырғанда (1955 жылы -27%)
бүгінде екі есеге қайта көтерілді.
Қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, әр түрлі тарихи
оқиғаларға байланысты оның аман қалған санының жан-жақтағы шоғыры мен
шашырағаны жайлы, яғни, Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақ диаспорасы туралы
айтпай кете алмаймыз. Қазіргі диаспораларымыздың қиын мәселелерін көтеру
тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүддеміз, халықтық бірлігіміз
тұрғысынан ғана қажет болып отырған жоқ. Ол - әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқын қорғау, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мәселелерді қамтиды. Соған орай
қазақтың шашыраңқы диаспорасы қанша, олар қалай қалыптасқан деген
сауалдарға жауап берейік. Бұл - біздің жас мемелекет ретінде дербес
демографиялық саясатымыздың басты мәселелерінің бірі.
Диаспора деген грек сөзі, шашыранды өсу деген мағынаны білдіреді.
Басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендерді немесе шоғыр болып отырғандарды
диаспора, ал өз атамекеніне оралғандарды репатрианттар дейді. Диаспораны
қазақша "шашыранды" немесе "шоғыр", ал репатрианттарды "ізгі тілекпен еліне
қайтқан майталман оралмандар" деп атаймыз. Ал екі халықтың ортасында
отырып, не онда жоқ, не мұнда жоқ, сөйтіп ұлтаралық өтпелі жағдайда қалған
дүбараларды – "маргиналдар" деп жүрміз. Екі ұлттың арасындағы аралас
некеден туған шаталарды – "метистер" дейміз. Олардың саны 1989 жылы 450
мыңға жетіп жығылды. Ал енді іргелес мемлекеттерде тұратын, бірақ өз
атақонысында отырғандарды - ирредент деп атаймыз. Өзбекстан, Ресей, Қытайда
тұрып жатқандар - міне, осы ирреденттеріміз [11].
Кеңес Одағы ыдырап, біз өз жас мемлекетімізді құрғанда, саны қалың көрші
елдердегі қандастарымыз мемлекеттік шекараның арғы бетінде қалып қойды да
біздер үшін ирреденттерге айналды.
Қазақстанмен іргелес болса да тыс жерлерде саны қалың шоғыр күйінде
қалған және шалғай жерлерге тарыдай шашырап кеткен барша қазақ
диаспорасының жалпы саны 6 млн 500 мың деп есептелінді. Олар барша саны 15
миллионнан асқан туған халқымыздың 40%-ын яғни, бестен екісіне жуыған
құрайды. Қазақ халқының сырт елдердегі осыншама мол шашырандысын
салыстыратын болсақ, туысқан қырғыз халқынан біршама көп, ал түркімендермен
бірдей, башқұрттардан үш еседей көп [12].
Бәрінің басын қоссақ, бір қауым халық екені белгілі.
Қазақтардың 2005 жылдың басындағы барлық саны: Қазақстанның өзінде 8
миллион 990 мыңға жетті, ал бұрынға Кеңестер Одағының құрамында болған
Республикаларда 3 миллион 840 мыңдай қазақ бар.
Ресейде ұлт болып қалу үшін қазақ тілінде оқыту және ұлттық тәрбие
беру мәселесі маңызды орынға ие болып отыр. Онда қазақ - орыс немесе қазақ-
татар "метис" дүбаралар жеткідлікті. Қазақстанға миграциялық ағым осы
Республика мен басқа елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде. Есептеулер
бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен
бірі, Түркіменстандағылардың жартысына жуыға, ал Тәжікстандағылардың үштен
екісі өздері шыққан атамекені

бойынша, алдағы он жылдықта Қазақстанға миллиондай қазақ қайтуы
ықтимал. Енді көші-қонның жаңа тобы Орта Азия жағынан, әсіресе,
Өзбекстаннан күшеюде.

1.2 ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелері
Ежелден қазақ халқы төрт түлік мал бағып, шаруашылықпен айналысып,
көшпелі ел болғалы, одан бері келе ХХ ғасырдың басындағы революция кезінде
бай құлақтарды қудалау заманында, аштық пен жоқшылық жылдарында ата-
бабаларымыз ат басын бұрған жаққа қарай көшіп, жер жүзіне тарап кеткені
бәрімізге аян. Бүгіндегі статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 5
миллион қазақ бауырларымыз - Қытай, Өзбекғстан, Ресей, Манғолия,
Түркіменстан, Қырғызстан және де өзге мемлекеттерге шоғырланған.
Сан ғасырдан бері қазақ жерімен қатар жатқан Өзбекстан өлкесінде
тұратын қазақ халқының саны осы күні миллионнан астам, дәлірек айтсақ, ҚР
статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша 2005жылдың алғашқы 6
айында 1 миллион 800 мың
Ал ұлтын сатып құжаттарын жаңалап алған бауырларымыз жайлы айта
алмаймын. Ең тығыз тұрақтанып отырықшы мекен болған аймақтар: Ташкент,
Бухара, Хорезм, Жызақ, Сырдария облыстары және Қарақалпақ Автономиялық
Республикасында. Кезінде ұлы жүздің ордасы болып, бабамыз Төле би билеген
Ташкент қаласының төңірегі қазаққа толы десем жаңылыспаспын. Ондағы 1955
жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының бір ауданы болған Бостандық
ауданы, төменгі Шыршық, Паркент, Қыбырай, Шыназ аудандары Алмалық, Ангрен
және Шыршық қалаларындағы бауырларымыз өз шаңырақтарын көтеріп түтінін
түтеп отыр. Ата салт-дәстүрді ардақ тұтып, өз тілін жоғалтпай, қаймағын
бұзбай келе жатқан ағайындарымыздың басым көпшілігі Науай облысында орнын
тапқан. Атап айтар болсақ Тамды, Кенимех, Үшқұдық аудандарында мекендейді.
Мұндағы біздің қандастарымыздың басым көпшілігі диқаншылық пен мал
шаруашылығымен шұғылданады. Сондай-ақ, Жызақ облысының Арнасай, Мырзашөл,
Достық, Фарыш аудандарындағы қазақтар да ана тілін жоғалтпай, жас ұрпағын
қазақша оқытып, ата салт-дәстүрін қастерлеп келе жатыр.
Өзбекстанда қазақ халқының өткен тарихына байланысты мұралар мен
жәдігерлер аз емес, оларға қамқорлық көрсету - игілікті іс. Ташкент
қаласының ортасында Төле би бабамыздың кесенесіне зиярат етушілер жыл сайын
көбеюде. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан
Президенті Ислам Абдиганиевич Каримов 1994 жылы кесене басында болған
кезінде Төле би кесенесі қазақтарға ecдар Әйтеке би бабамыздың Нұрата
ауданында қабірін анықтады.
Енді Нұрата қаласындағы Сейтқұл ата, Әйтеке би бабаларымыздың
қабірлеріне кесене орнату, оны халқымыздың тәу ететін орталығына айналдыру
үшін қаржылай көмек көрсету мәселесі күн тәртібінда тұр.
Сондай-ақ, Ташкенттің Батыс шекарасында Шымыр ата кесенесі бой
көтерді. Ташкент қаласында 20ға жуық көшеге қазақтың көрнекті тұлғаларының
есімі берілген. Қаланың ортасындағы көрнекті Науаи көшесімен қиылысып
жатқан, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған үлкен көше - Абай атамыздың
атында. Көшенің тоғысқан жерінде Науаидың және басқа көрнекті ақындардың
ескерткіштері бой көтеріп тұр. Енді осы жерге Абайдың да мүсінін
орналастыру қолға алынды. Ташкент қаласының оңтүстік бөлігінде ежелден отыз
ұл ойсыл немесе Сіргелі ұрпақтары жасап келеді. Бұл жер қазір Сіргелі
ауданы деп аталады. Бұл ауданның шығыс жағындағы жерде Абай ауылы Мұхтар
Әуезов атындағы көше бар. Өзбекстанда Қазақстанға қатысты мәдени жәдігерлер
өте көп және өзбек жерінде ата-бабаларымыздың өшпес іздері сайрап жатыр.
Қазақтың тарихын толық білу үшін ең алдымен Өзбекстандағы тарихымызды
көтеруіміз керек. Біздің Өзбекстанның Ташкентіндегі мәдени орталық осы
мәселелерді қолға алуда. Өйткені, қазақ халқының тарихының жартысынан көбі
осы жақта. Ең бастысы - Әйтеке бидің бабасы Жалантөс-Баһадүр-Дағбыт
мазарында жатыр. Ол кісі Бұхара, Самарқанның өмірі болған, екі үлкен
медресе салған және жоңғарларға қарсы соғысқан қатысқан. Сондай-ақ, ұлы
тұлғаларымыздың бірі - Сырым батыр да сол жақта жатыр. Ол кісінің мазары
Хорезм облысындағы Гурлен ауданында.
Ал Ташкент қаласындағы түрлі архивтерде Түркістан генерал
губернаторының дәуіріндегі (1865-1917) құжаттар, 1917-1925 жылдардағы
Түркістан АССРН-ның құжаттары, 60-қа жуық мемлекет, қоғам қайраткерлері,
қазақ зиялыларының еңбектері, Ресейдің отарлау саясатына байланысты, оған
қарсы азаттық күрестерінің материалдары өте көп.
Бес саусақ тең емес демекші, әрине, әр елдің өз заңы мен құқығы бар.
Кейбір мемлекеттер ерте дамып экономикалық хал жағдайы жақсарған болса,
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап өз егемендіктеріне ие болған ТМД мемлекеттері,
әсіресе Орта азиядағы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің
экономикасы дами қойған жоқ. Осыған орай бүгіндегі шетелдерде жасап жатқан
бауырлармыздың хал жағдайларын білеміз бе? деген сауалмен Өзбекстан
Республикасында тұрып жатқан қандастарымыз жайлы сыр шерткім келеді.
Әрине, ұлт болғасын "Ат тұяғын тай басар" демекші, өзінің ұрпақтан
ұрпаққа жалғасатын - тілі, діні, мәдениеті мен әдет-ғұрпы болады. Мұндай
ұлттық қасиеттерді сақтап, келешекке өз ізбасарларын жеткізу , қазақтың
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін ұмытып, өзбектеніп бара жатқанын көріп
қалайша ішің ашымасқа. Түсінемін, ол ауылда, қалаларда қазақ мектебі жоқ,
немесе мектепті бітіргесін жоғары оқу орнына түсе алмай қалады деп көп ата-
аналар балаларын өзбек мектептеріне береді. Үкімет тілі мен ұлтаралық
қатынас тілі де өзбек тілі болғасын оны білмесең тағы да болмайды.
Оның үстіне Өзбекстан балабақша, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына
дейін іс қағаз жұмыстарын толық латын алфавитіне аударды. Келешекте өзге
ұлт мектептеріне де осы мәселені талап етпеуіне кім кепілдік бере алады.
Егер бұл жағдай туындайтын болса, қазақ мектептері жабылатынына күмән жоқ.
Себебі латын тілінде сабақ беруге қазақ ұстаздары дайын емес. Қазірдің
өзінде қазақ тілі мен әдебиет пәні бұрынғыдан қысқартылып, қазақ тарихын
тіпті оқу бағдарламасынан алып тастаған. Тек өзбек тарихын қазақ тіліне
аударып, оқушылардың қолына ұстатқан. Осындай ахуалдан кейін өз тарихын
білмеген келешек ұрпақ - өз ұлтының кім екенін қайдан біледі?
Қазақстан баспаханаларынан шығатын мектеп оқулықтары ол жақтағы мектеп
бағдарламасына сай келмегесін қолдануға тыйым салынған. Бірақ Өзбекстандағы
Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Асқар Нұрғалиев мектептерге
оқулықтар таратып ата-аналар мен оқушы балалардың көңілін бір көтерді.
Кеңес Одағы кезінде жастар Қазақстанға келіп білім алып, жоғары маман
иелері болып оқушыларға үлгі-өнеге ретінде тәлім-тәрбие беретін. Жаңалықтар
айтып, көрген-білгенін үйретіп, құлаққағыс етіп отыратын. Ал қазір өзге
мемлекеттерде білім алған жастардың дипломы жарамсыз болып қалды, немесе
қайта аттестациядан өтіп дипломын жаңалауға тура келеді. Көп ата-аналардың
қаржылай мәселесі тосқауыл болып, перзенттерінің білімін орта білімнен ары
қарай жалғастыруға шамалары да келмей қалды. Бұл деген сөз жастардың барған
сайын сауатсызданып, білімге, өмірге деген құштарлығы сиреп бара жатқанының
белгісі секілді.
Көп азаматтар Қазақстанның баспасөздерімен таныс емес. Себебі тек шетел
қазақтарына арналған ел аралық "Қазақ Елі" газетімен С.Балғабаев бас
редакторлығындағы "Алтын бесік" журналының өзі де әр қазақтың қолына тие
бермейді. Ал өзге газет, журнал мен оқулықтардан халайық мүлде хабарсыз.
Телеэкраннан Қазақстанның каналдарын көп аймақтар көре алмайды. Әйтеуір
жалғыз Республикалық "Нұрлы жол" баспасы мен әр жексенбі күні 20 минут
аралығында берілетін "Дидар" атты телехабарларынан хабардар болғандарына
да халайық шүкіршілігін білдіріп жүр!
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дүниежүзі қазақтарының өткен
Құрылтайында дүниенің түпкір-түпкірінде тарыдай шашылып жүрген қазақтарды
тарихи Отанға қайтарып алу жөніндегі ыстық ықыласы[13] қазақ диаспорасын
үлкен үміт пен сенімге бөледі.
Өзбекстан қазақтары да 2005 жылғы Елбасының өз халқына жолдаған
дәстүрлі Жолдауын толық қуаттап отыр. Елбасы өз Жолдауында: "Мен Орталық
Азия елдері одағын құруын ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан
арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік
негіз бола алады. Мен өңіріміздегі басқа елдерді де естен шығарып отырғаным
жоқ," -деп айтқан болатын.
Президенттің көрегенділікпен бағдарлап отырған ұстанымы Қазақстанмен
шекаралас Республикаларда тұратын қазақтар үшін аса зор маңызы бар мәселе.
Өйткені мемлкетіміздің болашағына көз жіберіп отырған Елбасы аталған
елдердің экономикалық мүдделері де, мәдени-тарихи тамырлары да, тілі мен
діні де ортақ екендігін қадап айтып отыр. Әрине жоғарыда айтылған Одақ
құрылса, түбі бір түркі халықтары жан-жақты емін-еркін араласып, нарықтық
экономика тұсында түрткі болған көптеген мәселелерді шешуге қол жеткізеді.
Бірлігі мықты ел озады демекші, өзара ынтымақты одан әрі нығайтып,
экономикалық интеграцияға көшу халықаралық аренада онтайлы нәтиже береді.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Олардың
ішінде қазақтардың алатын орны ерекше. Өзбекстандағы қазақтардың мәдени-
рухани салада қол жеткен табыстары баршылық, ол туралы жоғарыда айтылып
өтті.
Орталық Азия елдеріндегі интеграциялық үрдістерді жүргізуге Қазақстан
мен Өзбекстан бірлесе отырып көшбасшы болуы мүмкін. Мысалы, Батыс
Еуропадағы Еуропалық Одақтың құрылуында Франция мен Германияның дәл осындай
роль атқарғандығын әлем танып отыр.
Орта Азиядағы қазақ-өзбек қатынастарын "паназияцентризм" үрдісінде
қарастыруға болады. Қазақ-өзбек қатынастарының тарихы тереңде жатыр.
Олардың ортақ тарихи тағдыры бар, себебі, Қазақ хандығы Өзбек хандығынан
бөлініп шығып, жеке отау тіккен; екі мемлекеттің тілі, діні, мәдениеті бар,
ортақ су кеңістігін пайдаланады. Географиялық орны жағынан бір аймақта
жатыр, ортақ қауіпсіздік мәселелерді шешуде екі мемлекеттің де үлесі зор,
интеграциялық үрдесті дамытса, басқа Орта Азия мемлекеттерін өзінің соңынан
ертіп алып дамытуға мүмкіндігі бар.
Осы үрдістер орын алған жағдайда, Орта Азия елдері біртұтас бір
аймақта орналасқан одаққа (конфедерацияға) айналуы мүмкін. Осы орайда
жоғарыда көрсетілгендей, халықтың емін-еркін жүру үрдісі оңайға түсер еді,
әсіресе бұл қазақ диаспорасының шешілмей отырған мәселелелерін реттеуге
ауыздық болар еді.
Бүгінгі таңда қазақтар ең көп тұратын елдердің бірі - Ресей. Жалпы
саны 1 миллионнан асатын Ресей қазақтары бұл елдің шығысындағы Алтай
өлкесінен бастап батысындағы Еділ бойындағы Астрахань облысы, одан әрі
Қалмақстанға дейінгі ұланғайыр жерді мекендейді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары тарихтың жаңа парағын ашып берді. Кеңес
Одағы күйреп, бұрынға одақтас Республикалар өздерінің тәуелсіздігін
жариялады. Сөйтіп туған топырағынан шеткері жүрген ұлт өкілдері туған
елінің, тарихтың жаңа сатысындағы бүкіл тыныс- тіршілігіне ерекше ынта-
ықылас аудару бастаған заман туды.
Тәуелсіз туын тіккен Қазақстан да қазақ елінен тыс жерлерде жүрген
қандастарын бауырына тартып, барыс-келіс байланыстарына кеңінен жол ашты.
Қандас ағайындарының ең алдымен өз ұлтына тән ерекшеліктерін сақтап қалуына
барынша қолқабыс етуді басты мақсат етіп қойды. Қазақ екенсің, ұлттыңның
қайталанбас талай ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақи дәстүрлерін
жоғалтпай, соңыңнан ерген ұрпағыңның бойына сіңіруін азаматтық парызың,
өйткені диаспора өзінің негізгі ұлттың ортасынан қол үзген. Сол себепті де
қазақтың ұлттық менталитеті, тілі, діні, ділі, салт-санаты, әдет-ғұрпы,
қайталанбайтын қол өнері кейінгі ұрпақтың игілігіне айналып, ұлттық
мәдениет, әдебиет, өнер-рухани қазынаның басқа да қайнар көздері бітеліп
қалмауы аса маңызды. Бұл жәйт Қазақстанмен қатар сыртта жүрген
бауырларымызға да тікелей қатысты.
Ресей қазақтарының саны жағынан да мәдени-рухани дамуы жөнінде де
алдыңғы орында тұрғандары - Астрахань облысындағы қандастарымыз Астрахань
облысында тұратын 140 мыңдай қандасымыз қазақы рух үшін өзге әріптестеріне
үлгі боларлық ірі істер атқарған. 1990 жылдың 22 маусымында алғашқы бас
қосуын өткізген облыстық қазақ мәдениетінің "Жолдастық" қоғамы содан бергі
жылдары көп істер тындырды.
"Жорлдастық" қоғамының ыждағатты еңбегінің арқасында 1991-1992 жылдар
аралығында Астрахань облысындағы 60 мектеп пен 20 мектепке дейінгі тәрбие
мекемесінде қазақ тілінде дәріс беру жолға қойылды. Қоғам басшылары
Алматыдағы мұғалімдердің мамандығын жетілдіру институтымен үнемі байланыста
болды. Осы оқу орнының қол созуымен облыстағы педучилищеден қазақ бөлімі
ашылды. Қазір қоғамның филиалдары Володар, Камызек сияқты аудандарда
ашылды [14].
1991жылы "Жолдастық" қоғамының көмегімен, "Ақ арна" газеті дүниеге
келді. Оның алғашқы редакторы Мәжіліс Өтежанов газетті айына екі рет
шығаруға мүмкіндік алды. Қазір "Ана тілі" атты апталық радио хабарының
тарап тұруына Мәжіліс Өтежановтың маңдай тері көп сіңді. "Атамекен" атты
телехабар да осындай талмай ізденістің жемісі. Астрахань облысының
губернаторы А.П.Гужвин Қазақстан Республикасы Президентінің "Бейбітшілік
және рухани келісім" сыйлығына ие болған тұңғыш ресейлік. Себебі, ол өз
облысындағы қазақтардың қазақтығын сақтауға ерекше назар аударып, үнемі қол
ұшын беріп келген басшы. Астрахань өңірі өзінің төл перзенттері ұлы
күйшілеріміз- Құрманғазының 175 жылдығы мен Динаның 130 жылдығын кеңінен
атап өтті. Алтынжар ауылында Құрманғазының мұражайы мен кесенесі
тұрғызылған[15] .
Ресейде қазақтар көп шоғырланған өңірдің бірі - Омбы облысы, мұндағы
"Мөлдір" мәдени орталығының құрылғанына 13 жылдың жүзі болады. Бұл -
Ресейдегі ең алғашқы қазақ мәдени орталықтарының бірі. Оның жетекшісі -
Қ.Рысқұлбеков атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері Алтынай Жүнісова. Қазір Омбы
қаласында 100 мыңдай қазақ өмір сүреді. Олардың 35-40 мыңға жуығы Омбы
қаласында тұрады. Тек қана қазақ отбасыларынан құралған қазақ ауылдарының
өзі елуге тарта.
Омбыдағы аз ұлттардың әрқайсысының жергілікті радио арқылы он бес
минуттық хабар беру мүмкіндігі бар. "Мөлдір" қоғамдық ұйымының
ұйымдастыруымен қазір "Шұғыла" атты радио бағдарлама айына екі рет эфирге
шығады. Қазақ тіліне сусаған қандастарымыз үшін аз да болса көңілге медеу.
Сонау 60-70 жылдары қазақтар мол шоғырланған Томар, Қоянбай, Сегізбай (бұл
ауылдардың атауы бүгінге дейін сақтаулы) сияқты ауылдарда қазақ мектептері
болған. Қазір олардың басым көпшілігі орысшаға ауысқан. 1989 жылға дейін
қазақ мектептеріне мамандар даярлап келген педучилище бар еді, ол кейін
жабылған болатын. Бірақ, биылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті қазақтар
мол шоғырланған ауылдарда (он жеті ауылда ғана ) факультативтік сабақ
ретінде жүргізіледі. Омбы қаласындағы Кадет корпусында ХХ ғасырдың
басындағы ұлт қайраткерлері Шоқан Уалиханов, Сәкен Сейфуллин,Мағжан
Жұмабаев сынды арыстарымыз білім алғанын ескерсе, оның қазақ тарихында алар
орны ерекше. Ал, мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин білім алған педучилище
Мағжан ақынымыздың атында. Бұл қазақтың ұлт болып қалыптасуы үшін аз тер
төкпеген арыстарымыздың еңбегінің атаусыз қалмағынының айғағы.
1998 жылы мәдени орталық жанынан құрылған фальклорлық ән-би өнер тобы
"Халық ансаблі" деген құрметті атақ алған. Содан бері "Ұрпақ әні" атты
фестиваль ұйымдастырылып тұрады.
Ресейдің Алтай Республикасының Қосағаш ауданында негізінен қазақ
тұрады. Бұл күнде Қосағаш қазақтарының Шүй жазығын мекендеуіне шамамен 130-
140 жылдың жүзі болды. Мұнда 1925жылы алғашқы мектеп дүниеге келген. онда
сабақ беретін 1960 жылға дейін сабақ қазақ тілінде жүргізілген. Осының
нәтижесінде ондағы қазақтар ана тілін біршама сақтаған. Бұрын Қазақстаннан
маман мұғалімдер арнайы жіберіліп, ұлттық баспасөздің жетілуіне мүмкіндік
жасалып келген болса, кейін мектептің жабылуына орай, мұғалімдер қатынасы
сиреп, ана тілінде ақпарат алу тыйылды.
Шүй қазақтарының бір ерекшелігі - мұсылман дінін сақтауға аса мән
береді. Қазір Қосағашта 5 мешіт бар. Діни білім алу үшін Түркияда,
Манғолияда, Қазақстанда оқытады.
2000 жылы дүниеге келген "Мирас" қазақ мәдени орталығының арқасында
Қазақстанмен байланыс біршама қалпына түсіп келеді. Оған қоса жастардың ән-
би ансаблі бар. Осы екі мәдени орталық Қосағаш қазақтарына қазақтығын
ұмыттырмауға күш салып бағуда.
Ал, қазақтардың бірінші астанасы болған Орынбор қаласында "Ақ Жайық"
атты қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді. Оның төрағасы Байдаулетов Азамат.
Астрахань мен Омбыдан кейін қазақтардың мәдени орталығының жанданып тұрған
жері осы - Орынбор облысы. Өйткені, мұнда 130 мыңға жуық қазақ өмір
сүреді. Бұнда "Айқап" газеті ай сайын шығады. Көптеген мектептерде қазақ
тілі пән ретінде жүргізілетін деңгейге жеткен. Көршілес Ақтөбе облысымен
мәдени экономикалық байланыс орнатып, "Наурыз" мерекесін бірігіп өткізу
дәстүрге айналған.
90 мыңға жуық қазақтар тұратын Саратов облысында Еділ бойындағы
қазақтар қауымдастығы жұмыс істейді. Оның төрағасы А.Ташбеков. Айына бір
рет шығып тұратын "Хабар" атты газеті бар. Бұлардан басқа Ресейдің Қорған,
Түмен, Екатеренбург, Самара облыстарында Мәскеу қаласында дақазақтар
мекендейді. Қорған облысында 15 мыңға жуық қазақ өмір сүреді. Олардың
"Шаңырақ" қазақ мәдени орталығы біраз жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Мұндағы қазақтар Солтүстік Қазақстан облысы мен шекаралас аудандарда
тұрады. Түмен облысында 14 мың, Екатеренбургте10 мың, Самара облысында 15
мың қазақ бар. Бұл жерлердің барлығында дерлік қазақ мәдени орталықтары
жұмыс істейді. Мәселен, Түмен облысындағы қазақ мәдени орталығын Ғабдуллин
Белгібай, Екатеренбургтегі орталықты Мұқатова Баян, Самара облысындағы
орталықты Төленов Мақат пен Дүйсенбаев Тоқтарбай басқарады.
Ресми емес деректерге қарағанда Якутияда (Саха) 3 мыңға жуық қазақ
тұрады екен. Кеңес Одағы кезінде кәсіп іздеп туған жерден жырақ кеткен
қазақтардың барғандарына 30 жылдың жүзі болған. Ресей алмазының 95%-ын
Якутия өндіретін болса, ондағы қазақтар негізінен шахтада жұмыс істейді
[16].
Ресей астанасы Мәскеуде 15-20 мыңға жуық қазақ тұрады екен. "Қазақ
тілі" қоғамы, "Мұрагер" қазақ мәдени орталығы бар.
Мәскеудегі қазақтармен байланыстың даорны ерекше. Таулы Алтайдағы
ағайындарымыз да қазақ халқының ұлттық өсіп-өркендеуіне өзінің ылайықты
үлестерін қосып келеді.
Қазақстанмен қоңсы қонған көршілердің бірі Ресейдің Саратов облысы. Ол
біздің Батыс Қазақстан облысы мен шектесіп, Ресей Қазақстан шекарасының
бүкіл ұзындығының үштен бірін алып жатыр. Қазір Саратов облысында 80 мыңдай
қандастарымыз өмір кешуде. Олар мұнда қашан, қалай келген?
Ондағылар өздерін Бөкейліктердің, император Павел-І-нің 1801 жылғы
наурыздың 11-індегі жарлығымен құрылған Бөкей (ішкі) Ордасын мекендеген
кіші жүздің Байұлы, Жетіру, Әлімұлы рулары бірлестігі қазақтарының тікелей
ұрпағымыз деп санайды. Олар Саратов (Сарытау) өңіріне ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысынан қоныстана бастаған.
Содан бері қандастарымыз осы өңірді мекендеген басқа да ұлттар мен
қатар тағдыр-талайы алға тартқан небір замандарды бірге өткізіп келеді.
Тәуелсіздіктің арқасында Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстар
жыл санап, қанат жайып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары екі елдің шекаралас
облыстары саяси, экономикалық - әлеуметтік, мәдени салаларда тығыз
ынтымақтаса бастады. Бұл ретте Батыс Қазақстан және Саратов облыстарының
Саратов пен Орал қалаларының екі облыстың шекаралас Тасқала және Озинки
аудандарының сан салалы байланыстары қарқын алып келеді. Бұған 2002 жылдың
сәуірінде шекаралас болыстардың Достық және серіктестік туралы қол қойылған
келісім шарттың игі ықпал еткені сөзсіз. Екі болысты әкімдері Дмитрий
Аяцков пен Қырымбек Көшербаев қол қойған келісімде көзделген 34 тармақтың
түгелге жуық орындалуы іскерлік байланыстардың пәрменділігіне дәлел бола
алады. Мәселен, Орал қаласында Жайық өзені арқылы салынған көпір құрылысына
қатысқан Саратовтың "Волгомост" акционерлік қоғамының бір өзі 7 млрд рубль
көлемінде қаржы игерген. Бірлесіп атқарып жатқан мұндай жұмыстар баршылық
[17].
Бүгінгі таңда Қырғыз елінда 90 мыңнан астам қазақ бар.
Қандастарымыздың атажұртынан бұл елге ауа көшуі Қазан төңкерісінен кейін
-ақ басталған. Бұл ағым Қазақстанда әсіресе, 1929 жылға ұжымдастыру
кезеңінде қатты белең алған-ды.
Қырғыз қазақтарының басым көпшілігі Шу өңірінде өмір сүруде. Мұнда
түгелге жуық қазақтар тұратын ауылдар жиі кездеседі. Қандастарымыз, сондай-
ақ атақты Ыстық көл жағалауында ауыл-ауыл болып қоныстанған. Олар сондай-ақ
Тараз қаласымен шектесіп жатқан Талас облысында көбірек кездеседі. Ал Ош,
Нарын және Жалалабад облыстарында сирек те болса, қандастарымыз бар.
Осылардың ішінде жатқан Шу өңірінде Жамбыл облысына жақын Талас бойындағы
қандастарымыз өзінің тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Рас, ауызекі сөйлеу
тілдерінде кейбір қарғыз сөздерін араластырып сөйлейді. Ал Ыстық көл, Ош,
Нарын және Жалалабад облыстарында тұратын қандастарымыз жөнінде бұлай деу
қиын. Жасы ұлғайған қарт адамдар болмаса, жастар жағы ана тілін мүлде
ұмытқан. әдет-ғұрып, салт-сана мүлдем қырғызшаланып кеткен. Орта осындай.
Ал, өздерін қазақтармыз дейді. Осыған да шүкіршілік етесің. Ана тілінде оқи
да, жаза да білмейді. Басқаны былай қойғанда, Шу өңіріндегі таза қазақ
ауылдарында ана тілінде бірде бір мектеп жоқ. Қазақ балалары көбінесе орыс
мектептерінде оқиды. Рас, бір қазақ мектебі өткен ғасырдың 40 жылдарында
Бішкек қаласында ашылған екен. Кейін әлдебір себептермен жабылып қалған.
Қазірдің өзінде астанада 15 мыңдай қазақ бар.
Осыдан 10 жыл бұрын Бішкек қаласындағы зиялы қазақ қауымы бас қосып,
өздерінің мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨШІ - ҚОН ҮРДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ҚР мен ТМД елдері қатынастарындағы қазақ диаспорасының мәселелері (ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басы)
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Германияның орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.)
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты: екі жақты және көп жақты ынтымақтастық
Қазақстан мен Армения арасындағы саяси дипломатиялық қатынастар
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
Пәндер