Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Елтану және әлеуметтік география кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері
Қорғауға жіберілді Ғылыми жетекші:
«___»2007 ж. г. ғ. к., доцент
Каф. меңгерушісі, доцент Сарқытқан Қ.
Каймулдинова К. Д.
Бақылаушы Орындаған: 2 курс магистрі «6А0116 - география»
Тұрғұмбекова Н. М. Дүйсенбеков Қ. Ш.
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАЛАЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасып дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері (б. з. VI-XVIII ғғ. ) . . . 5
1. 2 Ұлы Жібек Жолы бойындағы мәдениет пен сауданың даму тарихы . . . 21
1. 3 Қазіргі Оңтүстік Қазақстан аймағындағы басты тарихи қалалар . . . 32
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҚ ДАМУ ҰСТАНЫМДАРЫ . . . 47
2. 1 Оңтүстік Қазақстан аймағының экономикалық-географиялық сипаттамасы . . . 47
2. 2 Оңтүстік Қазақстан аймағындағы шаруашылықтың даму ерекшеліктері. 53
3 РЕСПУБЛИКА ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТАРИХИ ҚАЛАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ . . . 72
3. 1 Тарихи қалалардың экономиканы дамытудағы маңызы . . . 72
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың дамуы ең бірінші отырықшы қалалық мәдениеті дамыған Орта Азия қалалары мен солтүстігінде көшпелі далалық мәдениеттің аралығында қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы және бұл аймақта ежелден Батыс пен Шығысты байланыстыруда транзиттік рөл атқарған Ұлы Жібек жолының кесіп өтуі. Жерінің табиғи - климаттық жағдайы мен егіншіліктің дамуына Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің ықпалы. Ірі өзендер мен сауда керуен жолдарының бойында қалыптасқан қалалардың ірі саяси, экономикалық, діни орталықтар ретінде дамуы. Оңтүстік аймақтағы ірі қалалар Отырар (Фараб), Сайрам (Испиджаб), Сығанақ, Тараз, Түркістан (Яссы), Алматы, Талғар (Талхир), Суяб, Сауран, Созақ, Женд тағыда басқа қалалар ірі егіншілік пен қолөнер, сауда-саттықтың ғана емес, өнер мен ғылымның орталығы бола білді. Осы өлкеден шыққан Әбу-Насыр әл-Фараби Аристотельден кейінгі шығыстан шыққан екінші ұстаз атанды. Қожа Ахмет Яссауи, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни секілді ірі ғұламалар өз шығармаларын дүниеге әкелді. Ал Орта ғасырларда тұрғызылған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Қарахан, Арыстан баб, тағыда басқа кесенелері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келеді.
Осындай тарихи-мәдени потенциалы бар Оңтүстік Қазақстан аймағында туризмді инфрақұрылымын дамыту. Туристік өнімнің саны мен сапасына көңіл бөлу. Өйткені, әлемдік шаруашылықтың постиндустриялдық кезеңінде яғни экономикалық сала, қызмет көрсету сферасына туризм жатады. Әлемде машина жасау мен мұнай өндіруден кейінгі үшінші орында тұрған туризм саласы. Міне, тарихи қалалардағы мәдени-архитектуралық т. б ескерткіштерді туристік өнімге айналдыру арқылы, ел экономикасының дамуына ықпал ете аламыз. Мысалы Қытай өзінің ұлттық символы (Дракон) Айдаһар мүсінін жасап әлем туристерін өз елдеріне тартуы, Египет пирамидаларының макетін Францияның бір қаласына салынуы тектен-тек емес. Мәселен, 1907 жылы қалпына келтірілген Арыстан баб кесенесіне бүгінде жылына 3 турист келуі, жергілікті бюджетке қомақты қаржы түсетінін айытпаса да түсінікті. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылы 27 ақпандағы «Жібек жолы тарихи-орталықтарын жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдениетін сақтау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын құру» Қазақстан республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы және биылғы Елбасының халыққа жолдауында ел экономикасын дамытуда материалдық емес сфераға баса назар аударуы айтылудың бір айғағы. Бұл диссертациялық жұмыстың көкейкестілігі: Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың құндылығын бүгінгі нарықтық экономикалық жағдайда ұтымды пайдалануды ұсыну.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасуы, географиялық орны мен экономикалық дамуын ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Оңтүстік Қазақстан аймағында қалыптасып дамыған қалалардың (VІ-XVІІІ ғ. ғ. ) географиялық орналасуы, олардың шаруашылығының дамуына қолайлылығын анықтау;
- Оңтүстік Қазақстан аймағындағы, сол кезеңдерде қалыптасып өзгерістерге енген жер-су атауларының себептерін анықтау;
- Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында, осы қалалардың орнын және тағыда басқа тарихи-мәдени құдылықтарын пайдалану жолдарын қарастыру;
- Оңтүстік Қазақстан аймағының қазіргі таңдағы экономикалық даму болашағын ашып қөрсету;
Диссертациялық жұмыстың көлемі: 81 бет
Диссертациялық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, 6 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАЛАЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың қалыптасып дамуының экономикалық-географиялық ерекшеліктері (б. з. VI-XVIII ғғ. )
Қазақстанның кең байтақ жеріндегі отырықшы және қала мәдениеті дамуының ірі-ірі тарихи мәдени аймақтары ежелден ерекшеленеді. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан аймағы (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) болды. Бұл аймақты көптеген зерттеуші географтар, тарихшы-археологтар және этнографтар (Чупахин, Толстов, Андрианов, Ақышевтар) өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктеріне қарай үш ауданға бөлген:
- Оңтүстік Қазақстан (Сырдария аңғары) ;
- Оңтүстік-Батыс Жетісу (Талас, Шу өзендерінің аралығы) ;
- Солтүстік-Шығыс Жетісу (Іле алқабы) [1, 8] .
Ал, Оңтүстік Қазақстан (Сырдария аңғары) халқының саны ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында 150 мың - 160 мыңға жеткен. Бұл аудандағы астаналық қала мен ірі қалаларда 4000-нан 1-ға дейін адам тұрған. ХІ ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы Испиджаб қаласы болған, бұл Қазақстандағы халық ең көп шоғырланған қала (40 мың адам) болып есептелген. Отырарда 16000 адам, орташа қалаларда 1500-3000, шағын қалаларда 1500-ге жуық адам мекендеген. Ал Оңтүстік-Батыс Жетісуды (Шу мен Талас аңғарларында), шамамен, жүз мың адам мекендеген. Ірі қаласы Таразды он мың адам, Суябты 11685 адам, Навакетті 21250 адам, Баласағұнды 6000 мың адам, Нүзкет пен Текабкетті төрт-бес мың шамасында, кіші қалаларды 1500 дейін адам қоныс еткен. ХІ-ХІІІ ғасыр аралығында Солтүстік Шығыс Жетісуды (Іле аңғары) 35000 мың адам мекендеген [1, 160-161] .
Қазақстанның Оңтүстігінде 25 қала (ҮІ-ІХ ғ. ғ), Жетісудің Оңтүстік-Батысында 27 қала, Жетісудің Солтүстік-Шығысында 12 қала [2, 95] деп көрсетіледі. Ал Х ғасырда осы аймақта болған араб географтары Әл-Истахри мен Әл-Макдиси Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысында 20 қала, Жетісу аймағында 34 қала [3] болғанын жазады. Сонда бұл аймақта 52 қала болған. Араб географтары айтқан Сырдария аңғарында 20 қала, бүгінгі ғалымдардың есебі бойынша олардың саны отыз жетіге жетіп отыр. Ал Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» еңбегінде Солтүстік-Шығыс Жетісуда (ХІ ғ. ) 70 қала [4] болған деп көрсетеді. Яғни қалалар саны туралы пікірлер әр түрлі. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде аты белгісіз болып жатқан үлкенді-кішілі қалалардың саны 300-ден [5, 27] асады. Алайда, олардың барлығына талдау жасау мүмкін емес, ол біздің мақсатымызға да жатпайды. Ең бастысы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде қалалық дамып, қолөнердің жанданып, отырықшылық пен суармалы егін шаруашылығының өркендей бастағанын ғылыми тұрғыдан көрсету.
Қазақстан жерінде археологиялық зерттеулердің, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ұлы өзендер - Сырдария, Талас, Шу және Іле бойындағы қалалық мәдениеттің және көне ескерткіштерді зерттеудің 100 жылдан асқан тарихы бар. Алғашқы тарихи қазбалар мен археологиялық заттарды қорытындылау П. И. Лерх, Б. Б. Бартольд, т. б. ғалымдардың еңбегімен басталса, кейін көрнекті ғалымдар М. Е. Массон, С. П. Толстов, А. Н. Бернштан, М. П. Грязнов, Л. Р. Кызласов, А. Х. Марғұлан т. б. ғалымдар дамытты. Олар ірі экспедицияларды басқарып, көне дәуір, соның ішінде қалалық мәдениеттің дамуына ерекше көңіл бөлді [6] . Қазіргі таңда қалалық мәдениеттің дамуын зерттеуші орта буын К. А. Ақышев, Л. Б. Ерзакович, К. М. Байпаков, С. М. Ақынжанов, Б. Н. Нұрмұхамедов, М. Елеуов, С. Жолдасбайұлы, т. б. сияқты археологтардың еңбектерінен жаңа проблемаларды көреміз. Өйткені, қазіргі таңда қалалық мәдениеттің даму процесіне жаңа көзқарастың проблемасы туындауда археологиялық зерттеулердің өзіндік орны бар. Бұл археолог К. Ақышевтың еңбегінде орынды көрсетілгендей: «мәдени, сауда және саяси байланыс көшпенділердің қалалар дамуына, көшпенді тайпалардың мәдени және экономикалық дамуына - қалалар әсерін, Оңтүстік Қазақстан қалалық мәдениетінің дамуындағы көшпенділер мен отырықшы тайпалар мәдениеттерінің көрінісінің сақталуы, бүтін Оңтүстік Қазақатан және Дешті Қыпшақ даласының этникалық бірлестігін көрсететін аймақты зерттеу проблемасы қазақ археологиясының өзекті мәселелері екендігінен айқын көрінеді» [7] .
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы тарихи қалалардың көшпелі Дешті Қыпшақ пен Орта Азия (Хорезм, Шаш, Бұқара, Самарқанд) аралығында қолайлы географиялық орналасуы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етті. Қалалардың халық санының артуына байланысты өздерінің белгілі бір өнім түрін шығаруға маманданды. Мысалы, Әл-Макдиси жазуы бойынша: «Испиджаб базарына Шаштан сапалы ер тоқымдар, оқ салғыш қорамсаптар мен орамдар әкелінді. Тері түріктерден әкелініп иленді. Ал, Перғана мен Испиджабтан ақ мата мен қару-жарақтар, мыс пен темір бұйымдары сыртқа шығарылды. Тараздан мал терілері, Шелжіден күміс, Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен қашар әкелінді» [8, 82-83] . Қала тұрғындары көшпенділер мен қала маңындағы егіншілерден көп мөлшерде мал мен мал өнімдерін, дәнді дақылдар мен жеміс, көкөністер алынып, оларға қажетті қолөнер бұйымдарымен (керамика, шыны, зергерлік бұйымдар т. б. ) қамтамасыз етіп отырған [1, 178] .
ХІ ғасырдың өзінде аса көрнекті түрік ақыны Ж. Баласағұн: «Қолөнермен айналысатын шеберлер әлі де бар. Оларды өнері тамған саусақтары асырап отыр. Дүние сұлулығының тізгінін ұстап тұрған да солар. Әлемдегі ғажайып атаулының бәрі солардың шеберлігінің нәтижесі деп жазады» [4, 15] .
Тігін өндірісі Оңтүстік қалаларда дамығаны белгісіз. Бірақ, Әл-Макдиси Испиджабтан құлдармен бірге «ақ маталар» тасылғанын сипаттайды [1] . Яғни, тігін өндірісі Испиджабта өркендегені күдік келтірмейді.
Қол өнердің керамика өндірісі ХІ ғасырда Отырар, Талғар, Тараз қалаларында дамыды. Керамика өндірісінің одан әрі дамуы ХІІ ғасырда шыны өндірісінің Отырар, Тараз, Түркістан қалаларында дамуына алып келді. Сонымен қатар, қолөнердің басқа да салалары - қола, мыс, темір, зергерлік сүйекпен тас өңдеу бұл аймақта дамыған [1, 126-179] .
Сауда. Қалалар дамуындағы негізгі факторлардың бірі - ол сауда. Қалаларда сауданың үш түрі қалыптасты. Олар: 1) Халықаралық сауда; 2) Қала мен оның төңірегіндегі сауда; 3) Қала мен дала арасындағы сауда.
Қалаларда сауданың дамуына Батыс пен Шығысты байланыстырушы Ұлы Жібек Жолы үлкен рөл атқарды (б. з. д. ІІ ғ. - б. з. ХҮ ғ. ) . Ұлы жібек Жолының Солтүстік Түркі Жолы ІХ-ХІІ ғғ. ерекше жанданды. Бұл жол Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендері бойындағы қалалар арқылы өтті.
Жібек Жолының Қазақстандық бөлігі (Қазығұрт) Газгирдтен басталып Испиджаб-Тараз-Құлан-Навакет, Баласағұн және Бедель мен Ақсу асуы арқылы Шығыс Түркістанға өткен. Тараздан Бестас пен Құғарт асулары арқылы Ферғана аңғары арқылы өткен. Яғни, Испиджабтан шығысқа қарай Тянь-Шандық бағыт деп есептесек, Испиджабтан батысқа қарай Сырдариялық бағыт, қаладан шығып, Арыс өзенінің Орта ағысындағы Усбаникетке келеді. Одан әрмен Отырар - Түркістан -Сауран - Сығанақ-Янгикент арқылы Еуропаға шығады. Ұлы жібек Жолының тармақтары туралы кейінірек тереңірек тоқталамыз [1, 174-175] .
Оңтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтары - Испиджаб, Кедер, Отырар мен Янгикент қалалары; Оңтүстік Батыс Жетісуда - Тараз бен Баласағұн; Солтүстік Шығыс Жетісуда - Талғар мен Қойлық қалаларында дамыған [8, 80] .
Егіншілік пен мал шаруашылық географиясы. Отырар жазирасы ірі егіншілік орталығы болған. Халқының басым бөлігі егіншілікпен айналысқан. Қаланың суармалы жер өңдеумен айналысқандығын көрсететін, оның маңындағы ертеден белгілі арық-тоғандардың табылуы және олардың темір арық, алтын арық, саңғыл арық (ХІХ ғ. жататын) деп аттарының сақталуы қала тұрғындарының Арыс, Сырдария өзендерінен тоған- онан тартып суармалы жер шаруашылығымен айналысқанын дәлелдейді.
Отырар қаласының тарихи тұрғындары қаланың пайда бола бастаған алғашқы кезінен бастап, жер суландырудың төрт кезеңін басынан өткізген.
1) Су тасығанда өзен жағасынан сыртта қалған суды пайдалану (І-ҮІ ғғ. ) ;
2) Қалған судан тоған шығарып (саңғыл арық) жер суландыру (ҮІІ-ІХ ғғ. ) ;
3) Арыс өзенінен Оман шығарып суландыру (Х-ХҮ ғ. ғ. ) ; 4) Шығыр пайдаланып жер суландыру (ХҮІІІ ғ. ) - жер суландырудың бұл тәсілдері қала тұрғындарының ғасырлар бойындағы тәжірибесін көрсетеді, археологиялық қазба жұмысының барысында бидайдың, тары, жүзім, ал жеміс ағаштарының алма, өріктің қалдықтары табылған. Көк егістің түрлерінен қауын, қарбыз дәндері кездседі, мақта өсірумен де айналысады [9, 18-19] .
Отырар жазирасы ірі егіншілік орталығы болған, қала халқының басым бөлігі егіншілікпен айналысқан. Бірнеше вакуфтық Грамоталарда қала қазынасының қомақты бөлігін егіншілерден түскен жер салығы (харадж) құраған [10] .
Оңтүстік Қазақстан аймағы егіншілікпен қатар, мал шаруашылығымен айналысқан. Ежелден қазақтың кең даласында мал шаруашылығының үш түрі қалыптасты. Олар: Көшпелі; Жартылай көшпелі; Отырықшы. Малдың негізгі түлегі - қой, жылқы, түйе, ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Оңтүстік Қазақстан аймағында негізінен Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауында отырықшылық, ал Оңтүстік Шығыста (Жетісуда) жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болды.
Сонымен Орта ғасырлық қалалардың қалыптасып дамуы,
- ірі су алқаптарының бойында;
- ірі керуен жолдарының бойында;
- бай феодалдардың ордалары мен бекіністерінің жанында пайда болды.
Тарихи қалалардың атқаратын функциялары болып негізінен: әкімшілік басқару орталығы, қолөнер, сауда және ірі егіншілік орталығы болған. Сонымен қатар, дін мен ғылымның орталығы бола білді.
Отырар - Қазақстанның Орта ғасырлық қалаларының ішінде айрықша орын алады. Бұл қала Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында орналасқан. Көне Отырар қаласының жұрты Темір станциясынан батысқа қарай 10 км. Қашықтықта орналасқан. Солтүстік Шығысында Талапты ауылына жапсарланады.
Алматы бірнеше ғасырлардан бері қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық және сауда-саттықтың өркендеген орталығы саналады. Бұл қаланың географиялық орналасқан жері қандай тамаша! Іле Алатауының солтүстік етегінде, теңіз деңгейінен 700-900 метр биікте, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алқаптарын алып жатыр. Алматы - Сақ, Үйсін дәуірлерінде іргетасы қаланып, біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі қалалардың бірі де бірегейі. Өйткені ол осы сауда жолының Солтүстік желісінің үстінде орналасқан қала. Қытайдың Ланьжоу қаласынан Ұлы Жібек жолы басталып, Шығыс Түркістандағы Дунь-хуан қаласына келіп, ол Оңтүстік және Солтүстік болып екіге айырылған. Оның Солтүстік тармағы Қашқар, Жаркент қалалары арқылы Қойлық, Алматы, Қаскелең, Ұзынағаш, Қаракестек қаласы және асуы арқылы Шу, Талас өңірлеріндегі қалалардың үстімен Ташкент, Самарқанд, Бухара шаһарлары арқылы осы күнгі Түркменстандағы Мерв қаласына барып, Ұлы Жібек жолының екі желісі қосылып, бір тармақ болып Византияға жетіп жығылған. Б. з. ҮІІІ-Х ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең - орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған. Ал, 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер және ауыл шаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі табылған. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады - Алматы [11] ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай. Өмір сүруге, тіршілік етуге өте қолайлы жерлерге ертедегі түрік бабаларымыз тұрақты, елді мекендер мен қалалар салып, отырықшылықтың, өркениеттің негізін қалаған. Б. з. д. Х-ІХ ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. Б. з. д. ҮІІ ғ. - ІІІ ғасырларда сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Мәселен, Алматы шаһарының орналасқан аймағынан біздің археологтар қола мен темір дәуірлерінен қалған ескерткіштерді ашты. Қаланың осы күнгі «Горный гигант» деп аталатын жерінен біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда адамдардың тұрақтағаны анықталды [12] . Қаламен шектесіп жатқан ортағасырлық Талғар қаласы, Ыссық өзенінің бойынан Сақ дәуірінің Ыссық обасы, оның қасынан сол кездегі қоныстың орны табылды. Демек, Алматы қаласының орналасқан жері ежелден шаһар болғаны анық және темір дәуірлерінде өмір сүрген бабаларымыздың заттай және рухани естеліктерінің шоғырланған жерінің бірі болған. Олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының қорғандары, Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жуалы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы»- шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан [13] .
1854 жылы 4 ақпанда қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. Сол жылдары қалаға келген В. Д. Городецкийдің зерттеулері бойынша, «ол шағын қалашық, шахмат тақтасы тәрізді құрылған жобосында төрт бұрышты қоралары болған» деп жазады [14] . Тарихи деректерге қарағанда, бұл - қалаға ат басын тіреген үлкен керуендер тоқтайтын сарай болған. Оған шартараптан саудагерлер, елшілер келіп тұрған. Қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ғалым Ш. Уәлиханов та Алматыға бірнеше рет ат шалдырған. 1856 жылы Қашқарияға жасаған саяхаты кезінде бұл қалаға келген. Ш. Уәлиханов тайға таңба басқандай етіп жазған мынадай: Орыстар келгенге дейін ұлы жолдың үстіндегі дүниеге белгілі Алматы қаласының болғаны және бұл қалаға Италияның Генуя қаласынан Қытайға бара жатқан саудагерлерді және қыпшақ елшілерін кездестірген. Мұның өзі Алматының сол кезде-ақ белгілі сауда орталықтарының бірі екендігін дәлелдейді. 1855-1858 жылдары Ш. Уәлиханов Жетісу қалаларының ішінде Алматы, Қойлық, Алмалық қалалары мен Таңбалы тас ескерткіштерін зерттеп, суретке түсірген, бірқанша теңгелер тапқан. 1867 жылы 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталады. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп, қайтадан Верный қаласы аталады. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналады. Ал 1909 жылы «Россия Полное географическое описание нашего Отечества» атты жинағында Верный қаласы былай суреттеледі: Верныйда Жетісу ауданының барлық мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, донған, сарт, татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды. 1921 жылы Верный қаласы Алма-Ата деп өзгертілді [14] . 1929-1930 жылдары екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосатын Түркісіб теміржолы ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz