Қазақстан, Ұлыбритания және Канада елдерінде жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану пәнін оқыту ерекшеліктері (салыстырмалы сипатта)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

МАГИСТРАТУРА «6N0103 - Педагогика және психология»

даярлық бағыты

Қазақстан, Ұлыбритания және Канада елдерінде жалпы

білім беретін мектепте жаратылыстану пәнін оқыту ерекшеліктері

(салыстырмалы сипатта)

Педагогика магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

Магистрлік диссертация

Орындаған: Джаксынкаева Ж. Т.

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. д., проф. Құсайынов А. Қ.

Қорғауға жіберілсін:

Жалпы педагогика кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. д., проф. Құсайынов А. Қ.

Алматы 2007.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
КІРІСПЕ . . .: 1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Жалпы білім беретін негізгі мектептердегі физиканы оқытудың жағдайы . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Ұлыбритания және Канада елдерінің орта мектептегі физиканың дәстүрлі курсынмодернизациялау мәселелері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Физиканы оқытуға әзірлеу үшін оқушылардың қабілетін дамыту қажеттілігі . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Физиканың базалық курсын құрудың принциптері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Жоғары білім беретін мектептерде физика пәнін оқытудағы тәрбиелік-эксперимент нәтижелері . . .
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету - «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деген сөзінің білім беру жүйесіне де тікелей қатысы бар деп білеміз. Себебі, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық тәрбие мұрасы да ұлттық мәдениетіміздің ажырамас құрамды бөлігінің қатарынан саналады. Сол себепті қазақ халқының отбасындағы және мектепке дейінгі тәрбие үрдісін, бастауыш, жалпы орта және арнаулы орта білім беру жүйесіндегі тарихи тәжірибелерді жинақтап, оларды қорыту және солардың негізінде бүгінгі мектептеріміздегі оқу-тәрбие процестерін қайта зерделеу, қазақ мектебін бүгінгі өркениетті елдердегі мектептер қатарына жеткізу жолдарын қарастырудың қажеттілігі анық байқалады.

Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеттері қатарында жас ұрпақты азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасын сүюге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін т. б. қазіргі заман зерделеу, оқып үйрнеу қажеттіліктері атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы» атты жолдауына орай қоғамның білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіруге деген талап-тілектерінен туындайды [1] . Қазақ елінің Ата Заңында жалпы орнта білімнің баршаға міндеттілігі жүктелген. Осыған байланысты білім беру саласындағы мемлекет саясатын анықтайтын Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына» бірқатар өзгерістер енгізілуде [2] . Оның бірі - Республика мектептерінің міндетті білім беруге көшуі және мектептің жоғарғы сатысының көп бағдарлы болуы, сондай-ақ кәсіби училищелердің орта білім жүйесіне қосылуы [3] . Мысалы, физика пәні бағдарлы болып есептелмейтін мектептер мен сыныптарда базистік оқу жоспары бойынша бұл пәнге берілетін оқу жүктемесі біршама қысқарды. Ал олардың біразында 9 сыныптан кейін физика пәнін өте аз сағатпен оқыту нұсқалған. Келешекте физиканың жүйелі курсының тоғызыншы сыныппен аяқталу қажеттігі байқалды. Қазіргі кезде 7-8 сыныптарда пропедевтикалық физика, ал 9 сыныпта физиканың жүйелі курсының бір бөлімі-механика ғана оқытылады [4] . Малекулалық физика, электродинамика және кванттық физика негіздері бойынша тоғызыншы сынып бітірген оқушылар мағлұмат алмайды. Алайда, ғылымның қазіргі даму деңгейінде зат құрылысы жайындағы толық әрі түбегейлі мағлұматты кванттық физика ғана бере алады.

Сонымен бірге 7-9 сыныптардағы физика, химия пәндері оқу бағдарламаларының мазмұнына жүргізілген талдау ондағы қажетті пәнаралық байланыстардың толық пайдалынылмай қалып отырғандығын көрсетеді. Ал бұл дүниетанымның біртұтастық принциптерінің бұзылуына әкеп соғады.

Міндетті базалық білім, білік және дағдыны қалыптастыруға арналған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы да күрделі қиындық туғызады. Дарынды, білімді жастар ған егемен еліміздің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр.

Білім мазмұнын іріктеудің теориялық негіздерін жасау мен пәндік оқу бағдарламалық құрудың жолдарын анықтауда В. В. Давыдов, В. М. Монахов, В. В. Фирсов, М. Н. Скаткин сияқты ғалымдар еңбектерінің маңызы ерекше [5, 6, 7] .

Соңғы кезде жалпы орта білім мазмұнын негіздеуге бағытталған бірқатар зерттеулер жарық көрді (Л. Я. Зорина, В. В. Краевский, В. С. Леднев, И. Я. Лернер, И. И. Логвипов, А. М. Сохор және т. б. ) [8, 9, 10] . Бұл еңбектер білім мазмұнын әрі қарай жетілдіру мен дамытудың қажеттігі, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын жүзеге асыру және оқушының өзбетінше ойлау қабілетін дамыту (В. В. Краевский, И. Я. Лернер, Н. А. Менчинская), [11, 12, 13, 14, 15, 16] үздіксіз білім мазмұнының теориясын жасау (В. С. Леднев), мазмұнды негіздеу (Л. Я. Зорина, И. К. Журавлев және т. б. ), педагогикадағы жалпы білім тұжырымдамасының дамуы және мектептегі жалпы орта білім мазмұнын жетілдіру (М. Н. Скаткин, В. В. Краевский) сияқты күрделі проблемаларды шешуге бағытталды. Мектептің физика курсының мазмұнын жетілдіру проблемасы (Мирослава Журавска, Польша) қарастырылған докторлық диссертацияларды жатқызуға болады [17] .

Сондай-ақ бірқатар әдіскер ғалымдардың (В. А. Фабрикант, А. В. Перышкин, С. Е. Каменцкий, В. Г. Разумовский, Н. А. Родина, А. А. Пинский, С. Я. Шамаш, Э. Е. Эвенчик, Л. С. Хижнякова, Ю. И. Дик, А. Б. Мәженова, С. Ш. Қабаканова және т. б. / еңбектерінде жалпы білім беретін орта мектептің физика курсының мазмұнын жетілдірудің кейбір тенденциялары айқындалған [18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26] .

Соңғы уақытта физикалық білім мазмұнын жаңарту проблемасы бойынша еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдарды атауға болады: Балашов М. М., Гладышева Н. К., Мамбетакунов Э. М., Гуревич А. Е., Нурминский И. И., Тарасов Л. В., Фадеева А. А. және т. б. [27, 28, 29, 30] .

Қазір Қазақстанда салыстырмалы педагогика саласы пайда бола бастады. Салыстырмалы педагогиканың негізін салушылар: Марк Антуан Жюльен Парижский; Сорбон университетінің профессоры Виктор Кузен; неміс педагогтері Ц. А. Крузе, Ф. Тирш, Ф. Харкорт; америка педагоггері Г. Манн, Г. Бернард, К. Стоу, Ч. Турбер, А. Флекснер; ағылшын педагогі М. Сэдлер және т. б. Ғалымдардың көрсетуінше, салыстырмалы педагогиканың қажетгілігі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар кезінде ерекше күшті сезіледі.

Салыстырмалы педагогика ХХ ғасырдың ортасынан бастап тез қарқынмен дамыды: 1951 жылы Гамбургте салыстырмалы педагогиканың теориялық мәселелерін зерттеу мақсатымен Педагогика институты құрылды; 1956 жылы АҚШ-та Салыстырмалы педагогика қоғамы кұрылды; 1957 жылы Висбаденде (ФРГ) Педагогикалық орталық Ақпарат және кұжаттау орталығы болып өзгертілді; 1961 жылы Лондонда Салыстырмалы педагогиканың еуропалық қоғамы құрылды; Севредегі Халықаралық педагогикалық зерттеулер орталығы жанынан салыстырмалы педагогиканың франкотілді ассоциациясы құрылды. Салыстырмалы педагогиканың Еуропалық қоғамының бөлімшелері Германия Федеративтік Республикасында, Англия, Испанияд Бельгия, Канада, Австралия, Жапония жэне т. б. елдерде ұйымдастырылды. Германия Федеративтік Республикасында Майнадағы Франкфуртте педагогикалық зерттеулердің халықаралық институты ашылды; салыстырмалы педагогика институттары Зальцбургте (Австрия), Кюсю университетінде (Жапония), Токиодағы педагогикалық зерттеулердің мемлекеттік университетінде, Хиросима университетінде (Жапония) бар. 1962 жылдан бастап «Песталоццианум» (Цюрих) жэне «Ағарту қызметі» (Вашингтон) қызмет етеді.

Ресейдегі салыстырмалы педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы Н. Даденков, П. Г. Мижуева, А. Музыченко, М. А. Поспелов, Я. Янжул тәрізді ғалымдардың есімдерімен байланысты.

Соңғы кездері қазақстандық ғалымдар Қазақстандағы және шетелдердегі білім беру мәселелерін салыстырмалы педагогика тұрғысынан зерттей бастады. А. Құсайынов Германия және Қазақстандағы білім жүйелерінің түрлі аспектілерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан салыстыра отырып, дәйекті зерттеулер жүргізіп келеді. Б. Айсакова Жапониядағы колледждерде маман кадрлар әзірлеу мәселесіне назар аударады. Медициналық білім саласында салыстырмалы педагогика мәселелері бойынша Т. Муминов, Н. Сейтмұхамбетова, Л. Палькова, Ф. Оразаеваларды атап айтуға болады. Қ. Мусиннің еңбектері Англия, АҚШ, Ресей және Қазақстандағы педагогика ғылымдарына арналған [30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38] .

Қазақ халқының едәуір бөлігі Қытай, Түркия және ТМД елдерінде тұратындығы белгілі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап шетелдерде тұратын қазақ диспораларының рухани орталығына айналды. Ол 1991 жылдан бері бірнеше рет Дүниежүзілік қазақтар құрылтайын шақырып, Қазақстаннан тыс жерлердегі қандастарымыздың басын қосып, көптеген көкейтесті мәселелерді көтерді. Солардың қатарында шетелдердегі шетелдердегі қазақтар арасында білім беру, оларға оқулық, оқу құралдары арқылы жәрдемдесу мәселелері ескерілді. Қазақстандағы жоғары оқу орындарына шетелдердегі қазақ балаларын тарту, оларға арнайы квота бөлу тәрізді шаралар жүргізіліп келеді.

Біздің республикамызда физика пәнінің мазмұнын құру мәселесімен Р. Башаров, М. А. Құдайқұлов, А. Қалиев, Б. М. Бүйсембаев, Қ. Айдаров және т. б. ғалым-әдіскерлер айналысып, 5-6 түрлі физика бағдарламасының жобасын талқыға ұсынды [54, 55] . Салыстырмалы педагогика негізінде Нұрғалиева Қ., Құсайынов А. Қ., Мусин Қ. С. және т. б. ғалымдар еңбектерінде мазмұндалған. Сонымен Ұлыбритания, Канада және Қазақстан елдерінде жалпы білім беру мектептерін салыстыра зерттейтін арнаулы жұмыстың жоқ екенін дәлелдейді. Дамыған шет елдердің білім беру жүйесіндегі жағымды тәжірибелер мен оны Қазақстанда пайдалану дәрежесінің арасында туындап отыр. Оны жою үшін Қазақстандағы білім беру жүйесін тиімді түрде өзгертудің педагогикалық жағдайларын зерттеу қажет.

Жоғарыдағы мәселе бойынша Ұлыбритания, Канада елдеріндегі және Қазақстандағы орта мектептерде жаратылыстану пәндерін салыстыра зерттеп, ұтымды тәжірибелерді пайдалану жолдарын анықтау қажеттілігі бола тұрса да, ол бойынша бірде-бір зерттеу жұмысының жоқтығы мәселенің қайшылығын көрсетеді. Бұл қайшылықтың шешімін табу қажеттілігінен мәселенің көкейтестілігі көрінеді. Осы көкейтесті мәселені шешу мақсаты зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қазақстан, Ұлыбритания және Канада елдерінде жалпы білім беретін мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту ерекшеліктері» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысындағы физиканың жүйелі курсының мазмұнын құру және оны оқытудың әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері:

1. Физиканың негізгі ұғымдары мен іргелі заңдарына ғылыми-әдістемелік талдау жасау.

2. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесіндегі физиканың алатын орнын, мазмұнды жетілдірудегі пәнаралық байланыстардың ролін, мектептің физика курсының мазмұнын жетілдіру тенденцияларын айқындау.

3. Негізгі мектеп физикасының жүйелі курсындағы іргелі теориялар мен заңдарды оқыту әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.

Зерттеу нысаны - Қазақстан және шетел мектептеріндегі физиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні - негізгі мектептің физика курсының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер физика пәні білім беру стандарты талаптарынан асатын шетелдік оқыту үрдісінде оқытса, онда оқушылардың физикадан білімі тереңдейді және олар физикадан алған білімін басқа пәндерді меңгеруде де пайдалана алатындай деңгейге жетеді, өйткені физика пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы және логикалық ойлау қабілеті жетілдіріледі.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - Әлемнің ғылыми бейнесі жөніндегі және таным процесі жайлы философиялық көзқарастар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты жолдауы, Қазақстан Республикасының Заңы, алыс-жақыны шетелдердің алдыңғы қатарлы педагогтары мен әдіскер ғалымдарының зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері, білім тұжылымдамалары және білім беру саласына байланысты басқа да құжаттар.

Жетекші идеясы - негізгі мектептері физикалық білімнің мазмұнын таңдау ғылыми тұрғыда негізделсе, құрылымы оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай және пәнаралық байланыстар негізінде дұрыс түзілсе ғана жеткіншектердің ақыл-ой әрекеті дамып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артады, нәтижесінде олардың табиғат жайлы біртұтас ғылыми көзқарасы қалыптасады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы -

  • жалпы білім беретін мектептегі физикалық білім мазмұны құрылымының сызықтық болып түзілуі.
  • Физиканың іргелі теорияларын неғұрлым ертерек, яғни, негізгі мектеп көлемінде оқытудың қажеттігі мен мүмкіндіктерінің негізделуі.
  • пәнаралық, жалпы пәндік сипаттағы ұғымдарды жаратылыстану пәндерімен үйлестіре оқытудың тиімділігі мен мүмкіндігінің негізделуі.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы -

Негізгі мектепке арналған физиканың жүйелі курсының ұсынылып отырған мазмұнының жобасы мен оны оқыту әдістемесін жаппай мектеп тәжірибесіне жетілдіруде басшылыққа алынған идеялар, принциптер мен критерийлер жаратылыс ғылымы тобына жататын басқа да пәндер мазмұнын құруда пайдалану.

Орындалған жұмыстың сенімділігі мен зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын оның дидактиканың теориялық қағидаларына қайшы келмейтіндігі және зерттеуде қойылған міндеттерді шешудің мүмкіндігін растайтын тәжірибелік тексеру нәтижелері көрсетеді.

Зерттеу әдістері -

  1. мемлекеттік арнайы деректік құжаттарды, заңдарды зерделеу;
  2. психологиялық, педагогикалық, арнайы және әдістемелік әдебиеттерді теориялық, тарихи-генетикалық, жүйелілік-құрылымдық тұрғыдан;

3) құрылған мазмұнның тиімділігін тексеру мақсатында бағдарламаны тәжірибелік тексеруден өткізу және оның нәтижелерін білім элементтерін есепке алу арқылы өңдеу.

Қорғауға мыналар ұсынылады -

- физиканың іргелі теорияларын неғұрлым ертерек, яғни негізгі мектеп көлемінде оқытудың қажеттігі мен мүмкіндігінің негіздемесі,

- Қазақстан және шетелдердің негізгі мектептің физика курсының мазмұны және оны құрудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі,

- физиканың іргелі теориялары мен заңдарын негізгі мектепте оқыту әдістемесі.

Диссетация құрылымы.

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу мәселесінің көкейкестілігі мен маңызы негізделген, жұмыстың мақсаты, оъектісі, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері болжамы құрылған, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістері мен кезеңдері ашылып көрсетілген, қоршауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі баяндалған.

«Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқытудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерге, жалпы білім беретін мектептерде физика пәндерін оқытудың мазмұнына, әдістеріне, құралдарына сипаттама беріледі. Қазақстан, Ұлыбритания және Канада елдерінде физика пәнін оқытудың жүзеге асырылуына салыстыру өлшемдері мен көрсеткіштері, модельдері, ұқсастықтары, айырмашылықтары, ерекшеліктері көрсетілді.

«Жалпы білім беретін мектепте физика пәнін оқытудың әдістемесі» атты екінші тарауда физикалық білімнің ұсынылып отырған мазмұны, оны оқытудың әдістемесі, пән аралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемелік сипаттамасы берілген, бағдарламаны тәжірибелік тексеру кезінде орындалған жұмыс түрлері, алынған нәтижелер баяндалған. Оның нәтижелерін білім элементтерін есепке алу әдісі арқылы өңдеуде алынған қорытындылар берілген.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша алынған негізгі тұжырымдар келтірілген.

1 Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқытудың теориялық негіздері.

1. 1 Жалпы білім беретін негізгі мектептердегі физиканы оқытудың жағдайы

Білім мазмұнын жетілдірудің проблемасы педагогика ғылымының қалыптасу кезеңдерінің қайсысында да ең өзекті мәселенің бірі болады.

Физикалық білім берудегі елеулі қайта құрулар 60-70 жылдары басталды. Ол кезеңдегі жүргізілген білім мазмұнын қайта құру жалпыға бірдей білім беру мен мазмұнның ғылыми деңгейін көтеруді мақсатты етті [24] . 5 жыл өткен соң әдіскер ғалымдар мен мұғалімдер бұл жаңа бағдарламаның артықшылығымен бірге кемшіліктерін де айқындап, кезінде сәйкес ғылыми еңбектерді журнал беттерінде жариялап отырды. Ол пікірлер 78-80 жылдары дайындалған жетілдірілген бағдарламада ескерілді. 1981 жыл бұл бағдарлама орта мектептерге енгізілді. Ондағы басты жаңалық пәнаралық байланыстар мен оқушылардың білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптардың анықталуы және бағалау нормасының енгізілуі болды [62] . Сонымен қатар кейбір оқу материалының берілуі нақтыланды. Сол кезде физиканы оқытудың әдістемесінде жаңа тенденция пайда болды, ол білімді ілгері физикалық теориялар негізінде генерализациялау арқылы физика курсын жеңілдетуге бағытталды [24] .

80-90 жылдардағы кезең оқыту мақсатындағы негізгі акцентті пәндік білім мен біліктілікті қалыптастыру мен оқушылардың ақыл-ойын дамытуда қажетті мәліметтерді жинақтаған, өз бетімен ой тұжырымдай алатын, ғылыми мәселелерді әлеуметтік және жеке тұлғалық маңызы бар мәселелермен байланыстыра ұғынуға қабілетті азамат тәрбиелеуге бұрумен сипатталды.

Бірақ соңғы кезде мектептегі физикалық білімге қоғамның қоятын талаптары мен оқытудың қазіргі қолданылып жүрген әдістемелік жүйесінің (оқу-тәрбие процесінің мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдары мен ұйымдастыру формаларын қамтитын) арасындағы, яғни

- қоғамның мектеп бітірушілерге қойып отырған талаптары мен олардың әрқайсысының нақты физикалық білімі, дүниетанымы, мәдениеті, әлеуметтік белсенділігі арасындағы. ;

- жалпыға бірдей орта білім беру міндеті мен оқыту нәтижесінің сапасы жоғары болуын талап ету арасындағы;

- әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудың қажеттігі мен оқу пәндерінің алшақтығы арасындағы;

- әр жастағы оқушының психо-физиологиялық ерекшеліктері мен физика курсы мазмұнының көлемі, оқыту мерзімі, реті, күрделілік деңгейі арасындағы;

- білім беру жүйесінің бір орталыққа бағынушылығы мен осы мәселені шешудегі еркіндік пен ұлттық аймақтық құқықтың шектелу арасындағы қарама-қайшылықтардың арта түскендігін оқыту мен тәрбиелеудің қалыптасқан тәжірибесін талдаудан айқындалып отыр.

Біздің ойымызша, бұл қиындықтардың туындау себебі, жалпы 70-90 жылдар аралығында бұрынғы социолистік достастық елдерінің ешбірінде жаңа сападағы курс жасалмады [63] . Физикалық білімнің мазмұнын жетілдіру барлық жағдайда тек оған жаңа бір элементтер, талдаулар немесе бөлімдер қосу арқылы ғана жүргізілді. Білім мазмұнын қайта құрудағы мұндай жарым-жартылай іс-әрекеттер ондағы кемшіліктерді тереңдете түсті. Мәселен, осыдан 30 жыл бұрын И. К. Кикоин мен А. К. Кикоиннің механикаға арналған «Физика - 8» оқулығы шыққан кезде оның тілі оқушылардың түсінуіне қиындық келтіріп, көптеген педагогтардың назарлығын туғызды. Бірақ соған қарамастан, әлі күнге дейін дәстүрлі мектепте осы оқулық қолданылып келеді. Мінеки, оқулық көлемін осылайша механикалық жолмен ұлғайту оқу материалы жүктемесінің артып кетуіне, ал кей жағдайда тіпті физика курсы мазмұнының органикалық байланысы мен оның тақырыптарға дұрыс бөліну үлесінің бұзылуына әкеп соқты. Соның салдарынан, оқу бағдарламасы оқу мазмұны мен көлемі жағынан шамадан тыс көп материалды қамтиды да, бөлінген уақыт мөлшеріне сәйкес келмейді. әрі оны міндетті түрде меңгеруді барлық оқушылардан талап ету олардың кейбіреуінің оқу жүктемесін ауырлатып жіберіп, ал кейбіреуінің ынтасы мен жігерін дамытуға кедергі болып отыр. Жалпы 80-жылдардың басынан бастап ғылымның идеялық мазмұны мен оқу пәнінің арасында алшақтық пайда болды [63] . Релятивизм идеясы, кванттық көзқарастар жеткіліксіз дәрежеде қамтылды; іргелі теорияларды оқытуға көп көңіл бөлініп, эксперимент жүргізуге, есеп шығаруға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, біліктілік пен дағдыны бекітуге, ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға уақыт жетіспеді. Көп жағдайда пәнаралық байланыстар, оқу материалының мазмұнын саралау ойдағыдай шешілмеді.

Мінеки, бүгінгі күні осы аталған қиындықтарды жеңіп, мектепте физиканы оқыту мәселесін өміріміздің басқа да салалары сияқты түбегейлі өзгертудің мүмкіндігі айқындалып отыр. Оның мәнісі мынада.

Еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясы қазақстандықтар үшін ендігі уақытта жалпы орта білім алуды міндеттеп отыр. Оның үстіне қазіргі кезде пайдаланылып жүрген физика бағдарламасы мен оқулығы міндетті базалық деңгейінен біршама жоғары.

Білім мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің оқу жоспарындағы физиканың базалық деңгейі мына бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:

  • білім берудің негізгі бағдарламасы (7-9 сыныптар) ;
  • бағдарлы білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар) .

Мектептің негізгі сатысына (7-9 сыныптар) арналған БНБ жалпы білім беретін деңгейде анықталады.

Мектептің жоғары сатысына арналған БНБ-ның базалық мазмұны екі бағдар бойынша анықталады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі ең үздік білім беру жүйелері
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
STEM - БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ
STEM білім беруді жүзеге асырудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесі
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
12 жылдық білім беру
География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
STEM - білім берудің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz