Жалпы өндіріс теориясы


Жоспар:
І. Жалпы өндіріс теориясы
ІІ. Өндірістік функцияның жалпы қасиеттері
ІІІ. Жалпы, орташа және шекті өнімдер
IV. Изокванта. Өндіріс факторларының өзара алмасуы
V. Өндірістік атқарым. Өндірісті мамандандыру
Өндіріс теориясы
Өндіріс - ресурстарды адамзат қолымен өңдеп, белгілі бір технологияны пайдаланып дайын өнім шығару. Ал сол технология дегеніміз - әр түрлі ресурстардың комбинациясын пайдаланып белгілі бір әдіспен өңдеу. Бұл жердегі өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік) белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі:
- Шикізаттар мен материалдар
- Басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары
- Еңбек күші
- Капитал (құрал-жабдықтар, ғимараттар)
Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғандағы шығаратын өнім көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетеді деп айтады. Өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалынады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшін, өндіріс шығындары тек қана L- еңбек және К- капиталдан тұрады деп қарастырайық, осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:
Мұндағы , у - өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі.
Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін өндірістік функцияның бірнеше түрлері қолданылады. Олардың бәріне тән жалпы қасиеттері төмендегідей болады:
1. Фирмалар өндіріс факторларын барынша көп тиімділікпен қолдануы мүмкін, яғни қолданылып отырған фактордың санының көбеюі шығару көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Оны математикалық тілмен былай өрнектеуге болады:
2. Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бір фактордың санын көбейту арқылы өнім шығару көлемін ұлғайтқан уақытта оның жоғарылау шегі болады, яғни айнымалы фактордың өнімділігінің төмендеу заңы орын алады:
3. Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара алмастырады және толықтырады.
Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі төмендегідей 2 түрге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді кезең - бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;
2) ұзақ мерзімді кезең - бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін.
Жалпы өнім - басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Жалпы өнім кей кезде өндіріс нәтижесін көрсететін фактор деп те аталады, оны өндіріс функциясында У әрпімен белгілейді.
Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.
Айнымалы өндіріс факторының орташа өнімі жалпы өнім мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуының тиімділігін бейнелейді. Мысалы еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады:
Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауарлар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.
Капиталдың орташа өнімі келесідей есептелінеді:
Берілген көрсеткіш негізгі өндірістік қордың қолданылуының тиімділігін білдіреді және ол қор қайтымы деп аталады.
Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнімі былай есептелінеді:
Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғандай шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаюы заңын көрсетеді.
Орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштерінің арасында өзара белгілі байланыс болады. Егер еңбектің шекті өнімділігі еңбектің орташа өнімінен артса МР L >AP L , онда орташа өнім көбейеді. Егер шекті өнім орташа өнімнен аз болса, онда орташа өнім кемиді.
Барлық қарастырылған жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері абсолюттық көрсеткіштер болады, яғни бұлар экономикалық өлшемі бар көрсеткіштер. Дегенмен де, экономикалық талдау жүргізген кезде қатынас көрсеткіштерінің үлкен маңызы бар. Олардың бірі - факторлардың икемділік коэффиценті.
Өндіріс факторларының икемділік коэффиценті зерттеліп отырған фактордың шекті өнімділігінің орташа өнімділікке қатынасы түрінде анықталады және қолданып отырған фактордың саны 1%-ке өзгергенде өнім шығару көлемі неше %-ке өзгеретінін көрсетеді.
Факторлардың икемділігі былай есептелінеді:
- еңбек икемділігі;
- капитал икемділігі.
Өндірістік технология екі өндірістік факторларды: еңбекті және капиталды өзгертуге мүмкіндік береді деп қарастырайық. Балама технологияның болуы, көп жағдайда берілген өнім көлемін У 0 факторлардың әр түрлі құрылымын қолданылу арқылы өндіруге болатынын көрсетеді. Егер өндіріс функциясының мәнін тұрақты деп белгілесек, яғни
Y=f(K, L) =Y 0 =const,
онда бұл белгілі бір өнім көлемін өндірудегі осы факторлардың қатынастарын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл функцияның жазықтықтағы графигі изокванта деп аталады. Жазықтықта изокванталар бір-бірімен қиылыспайды. Бір графикте көрсетілген бірнеше изокванта, изокванталар картасын құрайды.
Өндіріс факторларының өзара алмасуын анықтау мақсатында кейінгі талдауларға технологиялық ауыстырудың шекті нормасы (MRTS) деген түсінік енгіземіз.
Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы еңбекті бір өлшемге көбейткенде капиталды қандай шамаға азайту керек екенін көрсетеді, және бұл уақытта өндіріс көлемі өзгеріссіз қалуы керек. Бұл көрсеткіш төмендегідей формула арқылы есептеледі:
Өндірістік функция біртектес функция болып табылады, сондықтан Y=f(K, L) =Y 0 =const болған жағдайда келесі теңдеу дұрыс болады:
Өндірістік факторларының кез келген жиынтығы мен факторлардың осы жиынтығынан өндірілетін өнімнің барынша мүмкін көлемінің арасындағы қатынас өндірістік атқарым арқылы сипатталады. Өндірістік атқарым осы технология үшін құрылады. Факторлардың кез келген комбинациясында өндірілетін өнімнің барынша мүмкін көлемін ұлғайтатын технологияны жетілдіру жаңа өндірістік атқарым арқылы сипатталады. Өндірістік атқарым тауардың кез келген белгілі көлемін өндіруге керекті шығындардың ең шағын көлемін анықтауға пайдаланылуы мүмкін.
Егер де өндіріс факторларын еңбек, материал және капитал шығындары деп есептесек, онда өндірістік атқарым:
Q=f(L, K, M)
мұндағы, Q - осы технология мен осы еңбек L, капитал K, керекті материал M қатынасында өндірілетін өнімнің барынша көлемі.
Өндірістік кесте - факторлардың әрбір тәсілінде жүзеге асырылуы мүмкін өндірілетін өнімнің барынша көлемін анықтау үшін өндірістік атқарымды сипаттайтын кесте.
Өндіріс «жеке» және «қоғамдық» деген 2 деңгейден тұрады.
Жеке өндіріс - негізгі өндірістік бірлік (кәсіпорын, фирма) көлеміндегі өндіріс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz