Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат
Кіріспе 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ МӘНІ
ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 5
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі 5
1.2. Қаржының функциялары, рөлі және қаржы тәуекелінің мәні 15
1.3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру негіздері 26
1.4. Кәсіпорындардың қаржы қорлары 33
1.5. Қаржы тұрақтылығын анықтау жолдары 36
2 . “ОБЛЖЫЛУКОММУНҚУАТ” ЖОМКК . НЫҢ
ҚАРЖЫ .ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 41
2.1. Кәсіпорынның 2005 . 2006 ж.ж. негізгі
технико . экономикалық көрсеткіштерін талдау 41
2.2. Активтердің қалыптасу көздерінің құрамы мен
құрылымын талдау 45
2.3. “Облжылукоммунқуат ” ЖОМКК.ның
қаржы . шаруашылық қызметін талдау 50
2.4. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарының
құрылымын талдау 55
2.5. Дебиторлық қарыздармен кредиторлық қарыздардың
айналымдығын талдау 57
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН САУЫҚТЫРУ ЖОЛДАРЫ 60
3.1. Кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздарды басқару
бойынша ұсыныстар 60
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржы – экономикалық қызметінің маңызда сипатамасы болып табылады. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы қаржы ресуртарының болуын, орындалуын және пайдалануын көрсетіп көрсеткіштермен сипатталады. Кәсіпорындардың жаппай төлемге қабілетсіздігі және олардың көптегеніне банкроттық процедурасын іс- жүзінде қолдану жағдайында олардың қаржы жағдайына обьективті және дәл баға беру алғашқы кезектегі мәселе болып табылады. Белгілі бір мерзімге қаржы тұрақтылығын анықтау кезінде кәсіпорынның кезең ағымында қаржы ресуртарын қаншалықты дұрыс басқарғандығына жауап алуға балады. Егер кәсіпорын қаржы жағынан тұрақты, төлемге қабілетті болса, онда оның басқа кәсіпорындар алдында инвестицияны тарату кезінде, несиелерді алуда, жабдықтаушыларды таңдау және маманданған кадрларды іріктеу кезінде артықшылығы бар. Сонымен бірге, ол мемлекетпен және қоғаммен дау-жанжалға түспейді. Өйткені, бюджетке салықты, әлеуметтік қорларға қаржыларды, жұмысшылар мен қызметкерлерге - еңбек ақыны, акционерлерге дивидентерді уақтылы төлейді, ал банктерге несие қайтарымы мен олар бойынща процеттердің төлеміне кепілдік береді.
Неғұрлым кәсіпорынның тұрақтылығы жоғары болса, соғұрлым ол нарық конъектурасының кездейсоқ өзгерісіне тәуелсіз және соғұрлым банкроттық щегігде даму тәуекелдігі төмен.
Қаржы тұрақтылығын талдаудың әртүрлі әдістемелері бар. Біздің елімізде экономикалық дамыған елдердің тәжірбиесі бойынша

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
2. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. Алматы, «Казахстан», 2000.
3. Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР. //Экономика и жизнь, 25 окт. 1990г.
4. Қазақстан Республикасының заңы «О местном государственном управлении в Республике Казахстан». //Казахстанская правда. 30.01.2001.
5. Қазақстан Республикасының заңы «О защите и поддержке частного предпринимательства» (04.7.1992г.)
6. Қазақстан Республикасының заңы «О государственной поддержке малого предпринимательства». (13.06.1997г.).
7. Концепция перехода Казахской ССР к регулируемой рыночной экономике. // Казахстанская правда от 18 августа 1990г.
8. Программа стабилизации экономики Казахской ССР и перехода к рынку. Алматы, «Казахстан», 1991г.
9. Государственная программа «Социально-экономическое развитие села на 2000-2005гг.» //Казахстанская правда от 19.08.2000г.
10. Программа инновационного развития республики. //Казахстанская правда от 20 мая 2001г.
11. Мамыров Н.К. «Менеджмент и рынок: казахстанская модель». Изд. «²àçຠýíöèêëîïåäèÿñû». Алматы, 1998-432с.
12. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления». Алматы. Казахстан, 1994г.
13. «Экономика Казахстана на пороге ХХI-века». Коллективная монография. –Алматы, изд. «Экономика», 1998.
14. Гамарник Г.Н. «Управление экономикой Казахстана: методология, подходы, пути реализации». Алматы, Экономика, 2002-281с.
15. Бердалиев К. «Основы управления экономикой Казахстана». Алматы, Экономика, 1998 – 148с.
16. Бердалиев К и др. «Менеджмент òåîðèÿñû ìåí ò¸æiðèáåñi. Íåãiçãi ì¸ñåëåëåð. -Алматы, ЮТА, 2002.
17. Сейтказиева А.М. «Инвестиционная деятельность предприятий Республики Казахстан». -Алматы, Экономика, 1999 – 160с.
18. Лукасевич Н.Я. Анализ финансовых операций. Методы, модели,
техника вычислений. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 2001. - 400с.
19. Маркорьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ. - М.:
ПРИОР,2000.-175с
20. Новикова М.В. Финансовая отчетность в условиях
гиперинфляции - Бухгалтерский учет. - 2000. - № 6. - С.54-60.
21. Пятов М.Л. Относительность оценки показателей бухгалтерской
отчетности - Бухгалтерский учет. - 2000. - № 6. - С. 39-48.
22. Лысакова Н. Управление каналами сбыта товаров промышленного
назначения // Маркетинг. 2000. № 2. С. 42 - 46
23. Гранберг А. «Основы региональной экономики: о структуре, методологии и содержании». -М.: ГУ ВШЭ, 2000г.
24. Шеремет. А.Д., Сайфулин Р.С, Негашев Е.В. Методика
финансового анализа. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М.
2001
25. Шеремет А.Д.,Сайфулин Р.С. Финансы предприятия. - М.:
ИНФРА-М, 1999
26. Экономика и статистика фирм. /Под ред. Ильенковой С.Д. - М.:
Финансы и статистика, 2002г.
27. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.3-е изд. перераб. и доп. - Минск: ИСЗ, 1998
28. Савушкин М. Анализ финансового состояния фирмы – один из этапов маркетинговой стратегии // Маркетинг.2000. № 1. С 54-56
29. Сафронов Н.А. Экономика предприятия. - М: «Юрист», 2000
30. Синягин А. Специфика и возможности финансового анализа
компании в российских условиях - Рынок ценных бумаг. - 1999. №16.-
31. Янчевский В. «О национальной управленческой концепции, качестве персонала и модели управления в начале ХХI-века. //Проблемы теории и практики управления. №2 2000г.
32. Исингарин Н.К. «Проблемы интеграции в СНГ». -Алматы, Àòàì½ðà, 1998-216с.
33. “Облжылукоммунқуат” ЖОМКК – ның жылдық статистикалық және қаржылық есеп беру үлгілері (есеп беру құжаттары үлгі №1, №2, №3, 1-МП).

Мазмұны
Бет
Кіріспе
3
1. КӘсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мӘні
жӘне маңызы
5
1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі
5
2. Қаржының функциялары, рөлі және қаржы тәуекелінің мәні
15
3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру негіздері
26
4. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
33
5. Қаржы тұрақтылығын анықтау жолдары
36
2 . “Облжылукоммунқуат” ЖОМКК – ның
қаржы -шаруашылық қызметін талдау
41
2.1. Кәсіпорынның 2005 – 2006 ж.ж. негізгі
технико - экономикалық көрсеткіштерін талдау
41
2.2. Активтердің қалыптасу көздерінің құрамы мен
құрылымын талдау
45
2.3. “Облжылукоммунқуат ” ЖОМКК-ның
қаржы – шаруашылық қызметін талдау
50
2.4. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарының
құрылымын талдау
55
2.5. Дебиторлық қарыздармен кредиторлық қарыздардың
айналымдығын талдау
57
3. КӘсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыру жолдары
60
3.1. Кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздарды басқару
бойынша ұсыныстар
60
Қорытынды
64
Қолданылған әдебиеттер тізімі
66
Кіріспе
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорынның қаржы – экономикалық қызметінің маңызда сипатамасы болып
табылады. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы қаржы ресуртарының болуын,
орындалуын және пайдалануын көрсетіп көрсеткіштермен сипатталады.
Кәсіпорындардың жаппай төлемге қабілетсіздігі және олардың көптегеніне
банкроттық процедурасын іс- жүзінде қолдану жағдайында олардың қаржы
жағдайына обьективті және дәл баға беру алғашқы кезектегі мәселе болып
табылады. Белгілі бір мерзімге қаржы тұрақтылығын анықтау кезінде
кәсіпорынның кезең ағымында қаржы ресуртарын қаншалықты дұрыс
басқарғандығына жауап алуға балады. Егер кәсіпорын қаржы жағынан тұрақты,
төлемге қабілетті болса, онда оның басқа кәсіпорындар алдында инвестицияны
тарату кезінде, несиелерді алуда, жабдықтаушыларды таңдау және маманданған
кадрларды іріктеу кезінде артықшылығы бар. Сонымен бірге, ол мемлекетпен
және қоғаммен дау-жанжалға түспейді. Өйткені, бюджетке салықты, әлеуметтік
қорларға қаржыларды, жұмысшылар мен қызметкерлерге - еңбек ақыны,
акционерлерге дивидентерді уақтылы төлейді, ал банктерге несие қайтарымы
мен олар бойынща процеттердің төлеміне кепілдік береді.
Неғұрлым кәсіпорынның тұрақтылығы жоғары болса, соғұрлым ол нарық
конъектурасының кездейсоқ өзгерісіне тәуелсіз және соғұрлым банкроттық
щегігде даму тәуекелдігі төмен.
Қаржы тұрақтылығын талдаудың әртүрлі әдістемелері бар. Біздің
елімізде экономикалық дамыған елдердің тәжірбиесі бойынша коэффициентер
жүйесін есептеу мен қолдануға негізделген әдістеме кезінен таралған.
Нарықтың экономикаға өту кәсіпорындардан ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерін, шаруашылықты жүргізу және өндірісті басқарудың тиімді
формулаларын енгізу негізінде өндірістік тиімділігін, өнім мен қызметтің
несиелік өабілеттілігін жоғарлатуды, кәсіпкерлікті бесендіруді талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асыруда шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін экономикалық талдау маңызды орын алады. Оның көмегімен
кәсіпорынның даму стратегиясы мен тактикасы өңделеді, жсопарлар мен басқару
шешімдері негізделеді, олардың орындауына бақылау жүгізіледі, өндіріс
тимімділігін арттыру резервтері айқындалады, кәсіпорынның, оның құрылымдық
бөлімшелері мен жұмысшыларының қызметі нәтижелері бағаланады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінінде таңдап алынған тақырыптың
өзектілігі ашылады. Осы орайда дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау мәселелерін ашып көрсету болып табылады.
Осы дипломдық жұмыста атқаратын міндеттерім келесі:
• қаржының мәнін, функцияларын және ролін анықтау;
• кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру негіздерін қарастыру;
• кәсіпорынның қаржы қорлары, кәсіпорындардың өндірістік қорлары мен
қаржы тұрақтылығының жолдарын анықтау;
• “Облжылукоммунқуат” Жамбыл облысы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынның 2005-2006 жылғы мәліметтері арқылы қаржы
тұрақтылығына баға беріледі.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй"
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет
"Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны
қалыптастыру кездерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни
пассивтер) сипатталады" деп жазған. Профессор Н.А Русак (3) бұл үғымды
былайша анықтайды: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау,
тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
кәсіпорының қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері
үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа
сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық
субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және
қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі
оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайы - бүл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни
төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады (7).
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы тек өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті
дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға
мүмкіндік беретін ұгымды түжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен
есептелетін бірыңғай керсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі,
қор қайтарымдылығы, өзіндік қүн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай
түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға
тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылыгын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады (6).
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы -қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыланды-ратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділікті мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты есіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы",
В.Г. Артеменко мен М.В, Беллендир бұл ұгымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық түрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылык барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады" (9). Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол
ең апдымен әрдайым табыстың шығындардан артуын қамтамасыз ететін ақша
ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және
оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұ-
мысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде
болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп
айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында
өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де
әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіңдей
дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың
кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы
ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" -деп
жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен B.C. Сейфуллин дәлірек
және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар
мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі -деп түсіндіреді.
Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста (10).
"Кәсіпорынның өз мікдеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" (4) немесе
"Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық түрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады" (9). Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен
бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі
сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық түрақтылық жағдайына көптеген факторлар
әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге
жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - түрақты және уақытша.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеушіі кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып
табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы
сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы
тиімділікті зерттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсу (кемуін) және
ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржы (Қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың fianc сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бір өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан
экономикалық категория ретінде көрінеді. Күн категорияларының жүйесінде
(ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және
өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі
кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін
қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар ақша айырбасы жағдайында пайда
болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан
нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциаланады және міндетті түрде
ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын.
Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап деген
жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері туралы)
алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы
оның афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен
есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Алайда, кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата
бермейді. өйткені ақша түрі құндық экономикалық категориялардың – бағаның,
еңбекке ақы төлеудің, қаржының, кредиттің көмегімен болатын қоғамдық
өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық
жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірісітің түрлі субъектілері арасындағы
бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді,
сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша
қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып
табылады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау
дұрыс болмас еді.
Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кем. Қаржы тек ақша
қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысы мен
байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары
қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы,
шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау,
өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляцияалау және
өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша
айналысын реттеу және басқалары кірмейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы –
жалпы ішкі өніммен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта
болады. Қаржы өндірістік қатынастардың белгілі бір сферасын білдіреді және
базистік категорияға жатады.
Қаржыны экономикалық катеогиялық қатарынан бөліп алу үшін қаржы
құбылысын қарастырудан оның мәнін – зат болмысының барлық әр алуан
нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді
(сызба 1). Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі
деуге болады, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.
Қаржы қатынастары
Салық бюджетМемлекІшкі Үй Сыртқ
еттік шаруашшаруашы
кредитылық ылығы эконо
микал
ық
Сазба 1. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, Жалпыдан –
жекеге қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады:
жалпықоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және
қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық
қатынастар және т.т.).
Ұдайы өндіріс процесі үздіксіз жалғасып жататын өндіру, бөлу,
айырбастау және тұтыну статияларының өз ара байланысты және өзара тәуелді
үйлесуі түрінде жүзеге асып жатады.
Ұдайы өндірістің бұл төрт стадиясы қоғамдық өндіріс процесінің
қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені
өндірілген өнімдер сатып алу – сатуға жататын тауарлар ретінде болады; өнім
оны бұрын айырбастау және бөлу стадияларын өтеді.
Өнімнің өндірістен тұтынуға өту тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу
және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық
қатынастар қаржының мәнін құрады.бұдан қаржыны ұдайы өндірістің объективті
қажетті категориясы деп атауға болады. Ақша қорларын қалыптастыру, оларды
тауар қатынастарына пайдалану қаржы көмегімен болып жатады.
Қаржы қатынастарының бұл сферасы өте әр түрлі болып келеді және
мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде – жалпы ұлттық, жергілікті
деңгейлерде аталған қорларды жасаумен де, сол сияқты аталған деңгейлерде,
салалық, ведомстоволық, аймақтық, әлеуметтік қағидаттар бойынша қайта
бөлумен және пайдаланумен де байланысты.
Бұдан басқа ақша қаражаттары мен қорларының қозғалысы мемлекеттік
ұзақ мерзімде мақсатты бағдарламаларды - өндіргіш күштерді дамыту,
әлеуметтік, экологиялық, ғылыми, аумақтық және басқа бағдарламаларды жүзеге
асырады.
Ақырында, ұдайы өндірістік процестің барлық стадияларынан өте отырып,
қоғамдық өнім қайта жаңғырылып, үш дербес қорда іске асады: орынды толтыру
қоры (өтеу қоры), тұтыну қоры және қорлану қоры (сызба 2).
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа ауыспалы айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әр қайсысы өндірілген өнімдегі
өзінің үлесін алуы тиіс.
Бөлу
Шығындар m
с v
Материалдық шығындарЕңбекке ақы төлеу Қосымша өнім
Ұлттық табыс
Қайта бөлу
Орынды толтыру қоры Тұтыну қоры Қолдану қоры
Сызба 2. Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу.
Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін
еме. Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы
буын.
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде
қаржымен қатар экономикалық категориялар да – ақша, табыс (пайда), өзіндік
құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын
(тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен
тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің
нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың
мәні мен маңызы көрінеді.
Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің
әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана
білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды
белгісі.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп,
ол ақшалай қаражаттардың дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір
бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып
табылады. Қаржының арасында экономикалық барлық құрылымдық бөліктерінде
(материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларды) және шаруашылық
жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан
процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның артық белгілері емес, өйткені
бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының түрі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның
маңызды ерекше белгісі балып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде,
қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын
былайша тұжырымдауға болады: қаржы – бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта
бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастар дың
жиынтығы, мұның нәтижессінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары
мен қорлары жасалып, пайдаланылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән – жайдан – тауар – ақша қатынас
тарының болуынан жеке қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына
жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизімі арқылы барлық жағдайға
ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік – экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларыны қамтамасыз
ете алмайды.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады. Олардың әр
қайсысы әр түрлі өнім жасайды.
1.2. Қаржының функциялары, рөлі және қаржы тәуекелінің мәні
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын
көрінеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық айналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның маңызды
бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы,
айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып
тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл
функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек
жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтасты ып, жүзеге асырады деп түсіну керек.
Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралды-заттық құрамын бөлу ақша
қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық
арасында ақша қорларын ( табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған
натуралды өнім де бөлінеді.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
• қаржылық-бюджеттік әдіс, Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде
қолданылады;
• кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурсатарын
жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және
қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономиалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу
категориясы ретіндегі қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық
қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты
болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы
натуралды заттық нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы
еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық
қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары
бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.
Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық
қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны
бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесінде
ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байлансты болса, қаржының бақылау
функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы өндірістік
процесіне де, сандай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған
қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді. Қаржының екі
функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға
бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда
көрінеді.
Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы
жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын
экономикалық процестерді бейнелейді.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорының,
фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау
материал,еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды
анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабелділігін арттыруды резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржылық бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы
жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министірліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді.
Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға
бағытталған:
- қаржылық – бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының
(пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай – ақ
кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін,
сондай – ақ бюджет қаражаттары бизнес – жоспардың немесе құрылыс қарқынының
орындалуына қарай берілуін бақылайды;
- кредиттік – банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды
несиелендіру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы
кредит берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді.
Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептеудің (өнім, жұмыс,
қызметтер көрсету үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
– қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың,
фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
– кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
– қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің
ара салмағын қамтамасыз етеді;
– қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу
тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
– қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және
шаруашылық жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын
қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және
әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара
теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық
ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі
қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай
жасайды.
Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай көрінісі. Ұлттық табыс
бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім
иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады.
Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күші өсті және бағаның
бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген
сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын
толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің
ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін
немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы
салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс,
зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір
шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға
мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің
сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты
тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық,
транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік,
саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу
мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер
бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Курстық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан қаржы
тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық,
инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы
процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің
есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге
тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық
тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция –
инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес
ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу
қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез
құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап
болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі
төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс
төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да
валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа
валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту
қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі
себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі
мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі бір шараларды (мысалы,
сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде
жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар
және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу
нәтижесінде туындауы мүмкін.
Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен
байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен
түсіндіріледі. Портфельдік термині итальян сөзінен Porte foglio шығып,
инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады:
пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып
кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің,
инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық
тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар,
сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық
мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі
жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық
құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға
қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша
шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын
бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін.
Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі
кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға
өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша
айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын
еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата
алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың
төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы
қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін.
Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын
еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез
өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге
жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар
қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе
қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.
Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі
болуы мүмкін.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық
тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік
тәуекел.
Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту
қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер
бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу
тәуекелі және т.б.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio – таңдау, сұрыптау)
–инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен
салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал
салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес
таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған
міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті
ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген
қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт
бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде
контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі
уақытқа байланысты, себебі ұлттық валютаға шетел валютасының бағамының
қатынасы өсуде 9,64б..
Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі
ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.
Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты
ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі
мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.
Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса,
онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды
орналастыруды анықтау қажет. Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында
байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде
келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.
Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың
тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты.
Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес.
Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының
деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет. Тәуекелдің мәні мен
түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан
табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы
қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі.
Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі бұл жобаның тәуекелі
төменірек сияқты дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда,
көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы
тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де
анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді
ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де
төмендете алады.
Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады.
Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады):
орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді
өзгермелілігімен (вариация).
Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын
нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен
ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен
бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық
нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:
σ²==(x-x²)n,
мұндағы σ² - дисперсия;
x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін
мәні;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;
n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).
Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін
сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті
көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:
v=σx·100,
мұндағы v – вариация коэффициенті;
σ – орташа квадраттық ауытқу;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.
Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация
коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация
коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға
дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа
тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.
Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені
алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл
ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық
тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.
Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып
статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс
қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану)
болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді
инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша,
бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал
диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер,
инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары
бойынша бағаланады.
Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері
кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық
коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады,
жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.
Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып,
рейтингтер анықталады.Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу
болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты
модельді дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап,
нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.
Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады.
Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар
тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу
ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде
көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр
кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы
ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.
Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын
кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау
болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен
тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және
оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму
динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен
қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни
пассивтер) назар аударылады.
Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл
модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:
Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,
мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;
З – запастар мен шығыстар;
Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар,
дебиторлық қарыздар және басқа активтер;
Ис – меншікті қаражаттар көздері;
Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық
қаражаттар;
К – қысқа мерзімді несиелер;
Р – кредиторлық қарыздыр.
Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын
сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде
негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі
көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары
арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы
перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын
бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық
тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.
Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын
анықтауға, болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.
Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері келсесілер: міндеттемелерді
орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі,
өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері:
өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың
қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі,
қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру
көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.
Кәсіпорынның тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы
мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау
көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша
белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде
есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың
талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды
рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы
жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау
төмендегілерді қарастырады:
- тәуекел факторларын анықтау;
- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;
- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.
Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет.
Тәуекел облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен
аспайтын мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы. Тәуекел көлеміне
(зона) салалар ерекшеліктері, халық шаруашылығының құрылымдық қайта құру
жағдайында сала жағдайының өзгерісі, өндірістің мерзімдік сипаты, капитал
айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі,
клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу
мүмкіндігі әсер етеді.
Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі
облыстары бар:
- тәуекелсіз зона;
- минималды тәуекел облысы;
- жоғары тәуекел облысы;
- критикалық тәуекел облысы;
- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.
1.3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру негіздері
Кәсіпорындар қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі .
Елдегі ақша қатынастарының маңызы саласын, атап айтқанда материалдық
өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі бастапқы
бөлігі болып табылады. Нақ санда жиынтық қоғамдық, ұлттық табыс және ұлттық
байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың
материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін
бәрден – бір көздер.
Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар қаржысы тауар - ақша қатынастарымен
құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар – ақша қатынастарын қоғамдық еңбек
бөлінісі меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің
еңбекбөлінісінің дәрежесі әртүрлі дербес кәсіпорындары, олардың құрылымдық
бөлімшелерін айқындайды. Жекелеген тауар өндірушілер өздерінің
еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметерін айырбастайды немесе таура
құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша
қатынастары болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің
негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес
іске асырылуына септігін тигізеді .Оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz