Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультетінің магистратурасы

Философия тарихы және мәдениеттану кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ЭПОСТАҒЫ ҚАЗАҚТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЭПОСЫНДАҒЫ)

Орындаушы Молдахмет Э. Н.

«___» 2007 ж.

Ғылыми жетекші филос. ғ. д., профессор Молдабеков Ж. Ж.

«___» 2007 ж.

Рецензент филос. ғ. д., профессор Сәбит М.

«___» 2007 ж.

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі филос. ғ. д., профессор Нұржанов Б. Ғ.

«___» 2007 ж.

Алматы 2007 ж.
РЕФЕРАТ

Магистрлік зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік зерттеу жұмысында қазақ мәдениетінің қалыптасуындағы қазақтанудың рөлі мен алатын орны қарастырылады.

Магистрлік зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтану жас ұрпақтың өзін тануына, ұлтының болмыс-бітімін, дүниетанымын, ұлттық сана-сезімін тануға септігін тигізеді.

Магистрлік тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған магистрлік жұмыс рухани мәдениеттің қалыптасуында қазақтанудың күрделі және құнды мәселе ретінде біршама ғылыми пәндердің объектісі болып табылады.

Магистрлік зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ эпосындағы, соның ішінде «Қобыланды батыр» эпосындағы ұлттық бояуды ашып көрсету; эпос жанрының көркемдік сипатын, эпостағы қазақтану мәселесін, «Қобыланды батыр» эпосындағы қазақтың салт-дәстүрінің көріністерін нақтылап, философиялық-дүниетанымдық негізде қазақтану ғылымына негіздеу.

Магистрлік зерттеудің жаңалығы. Эпостағы қазақтану мәселесінің сипатын ашып көрсету; эпос жанрының көркемдік сипатымен философиялық мәнін ашу.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттері тізімінен тұрады. Магистрлік диссертацияның жалпы көлемі -


МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І Эпостағы қазақтану мәселесінің негізгі сипаты . . .

1. 1. Эпос жанрының зерттелуі, қалыптасу үрдісі . . .

1. 2. Эпос жанрының көркемдік ерекшелігі . . .

ІІ. «Қобыланды батыр» жырының көркемдік сипаты . . .

2. 1. «Қобыланды батыр» жырындағы қазақтану мәселесі . . .

2. 2. Қазақ халқының салт-дәстүрінің «Қобыланды батыр» жырындағы көрінісі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік зерттеу жұмысында қазақ ұлттық мәдениетінің қалыптасуындағы қазақтанудың рөлі мен алатын орны қарастырылады. Осы тұрғыда ұлттық мәдениеттің тұтас көрінісі, ұлттық тарих пен философияның ортақ объектісі ретінде қарастырылып отырған қазақтану мәселесінің мәнділігі, оның эпос жанрындағы көрінісі сипатталады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің халықтық философиядан қазақтың кім екендігін, оның болмыс-бітімін талай терең ойлы толғамдарды табуға болады.

Мысалы:

Қобыланды қазақпын - батыр елмін,

Қозы-Баян қазақпын - тату елмін,

Қожанасыр қазақпын - аңқау елмін

Абай туған қазақпын - ақын елмін.

Иә, қазақтың шынайы табиғаты осы шумақтарда тұрғандай. Елін, халқын сүю - адам бойындағы ең жоғарғы қасиет. Оны қазақтану мәселесімен байланыстыра қараған орынды.

Ұлттық мәдениеттің тұтас та, жалпы көрінісіне, ұлттық тарих пен философияның ортақ объектісіне - қазақтану жатады. Қазақтану дегенде - қазақтың елдік, мемелекеттік, ұлттық және азаматтық ерекшеліктерін қалыптастыратын тарихи жағдай мен мәдени бағдарды бейнелейтін жүйені, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен өзіндік татулығын атаймыз. Дүниетанымдық-философиялық, әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми көзқарастың қортындысын ескереміз. Сонымен бірге, адам болу, азаматтық ену, перзенттік парызды өтеудің өрнектерімен тәжірибесін дәріптей отырып, әр азаматтың зердесіне, парызына, естілігі мен ерлігіне демеулік жасау.

Жалпы, қазақтанудың маңызы - табиғаттағы атамекенге деген тәнтілік пен кеңістік ұғымында, ел-жұрттағы адамға деген жарқындық пен жарастық үлгісінде, дәстүрге адал, ұрпаққа деген ұлағаттық пен ұластық үлгісінде. Ол кең де, көлемді мәселелерді талқылауға, ұлттық мәдениеттің жасампаздық қуатын іріктеп, ілгерілетуге көңіл аударады.

Қай халықтың болса да өз тарихының кінәратсыз, ақиқат баяндалуын көксейді. Оған, әрине, мықты дәйектемелер қажет. Қазақ үшін ол өз тарихын әдемілеп, көркемдеп баяндаған бай ауыз әдебиеті болып табылады. Біз одан қазақтың бар болмыс-бітімін, көркем әдептелген тәрбие тәжірибесін, терең баяндалған философиясын табамыз. Қазақ халқының әдебиетін, тілін танытатын, дәстүрін көрсететін тарихы мен мәдениетінің негізі сонда жатыр.

Ақын-жыраулар әр заманда өз ерлерін марапаттап, көпшілік алдында паш етті, ерлікті елдің туы етті. Ерлерсіз елдің, батырларсыз хандықтың болмайтынын құлаққа құйды, көңілге үйірді.

Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайында айтуға болады. Батырлар жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда туа бастаған.

Қазақ әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі - батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шабуылдарына қарсы аттанған, адам ел-жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық ауыз әдебиетінің әңгіме- жырына қосқан.

Қазақта батырлар жырының тууына зор әсер еткен екінші бір жағдай болды. Ол қазақтар мен қалмақтардың арасындағы қарым-қатынастар, көп заманға созылған күрестер еді.

Қалмақ басқыншыларына қарсы қазақ халқының жүргізген ерлік күресі ауыз әдебиетінен ерекше орын алды. Халық өзінің ауыз әдебиетінен ерекше орын алды. Халық өзінің ауыз әдебиетінен «Ақтабан шұбырынды» жылдарын ғана елестетіп қойған жоқ, ол басқыншыларға қарсы қазақ халқының ерлік күресін батырлық күшін, жеңісін суреттеп, жырына қосты. Осы негізде қазақ халқының батырлық тұлғасын, ерлік күресін өзіндік ерекшелігін сипаттайтын жырлар туды.

Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле алатын адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың халық әдебиеті тарихынан орны үлкен. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.

Батырлар жыры тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған емес. Ол жеке образдар арқылы бүкіл халықтың батырлық тұлғасын, ерлік ісін, сарқылмас күш-қуатын елестетеді, соларды бейнелеп көрсетеді. Батырлар жырының басты мәні де - осында.

Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы үлгісі деп таниды. Ендеше, батырлар жыры қазақтанудың бірден-бір дерегі. Айнымас болмыс-бітімі мен мінез-құлық нормаларының көрсеткіші.

Қазақтану - бір бағыт пен бір деңгейдің емес, бірнеше алдағы талдаудың жиынтығы. Оның үстіне қазақтану туралы тұтас философиялық түсінік те қалыптаса қойған жоқ. Қазақтанудың түп негізі мен бағдарын қатар анықтап, ауқымдамай, оның тарихи түбірі, мәдени өрісі, шығармашылық желісі туралы әр түрлі пікірлер айтылуда.

Қазақтану:

- қазақ этносының тағдыры мен ұлттық менталитетінің арқауы туралы философиялық дүниетанымының, көркемдік бейнелеудің, тарихи көзқарастың этнопсихологиялық талдаудың жиынтығы.

Халықтың бір ел, бір мемлекет ретінде тілі мен дінінің үйлесімді қалыптасуын тарихи-әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан талдау.

Халықтың болмыстық тұрақтылығын, тұтастығын, дербестігін тұлғалық деңгейін өзара салыстыра, бір-бірімен ұштастыра қарау және бағалау деңгейі.

Этникалық топтардың қалыптасуының негізі мен бағытын іздеу, көшпенділердің тәжірибесі мен тәсіліне ақыл-парасаттық сипат беріп, оның бағыт-бағдарын талдау мен таңдаудың сипаты.

Қазақтанудың объектісі мен субъектісін тарихи және дүниетанымдық өлшемде қалыптастыратын кең әдістемелік және мәдени негіздегі ізденістеріндегі нысананы ұстау. Түркі заманы мен рухына жетекші күштердің іс-әрекеті мен құндылығын әлеуметтік-этникалық және мәдени жағдайда саралап, олардың дүниетанымдық үйлесімділігімен сабақтастығына көңіл бөлу.

Белгілі ғалым зерттеуші қазақтану ғылымының негізін салушы ғалым Ж. Молдабеков «Қазақтану дегенде - ұлттық идея мен ұлттық ойлау жүйесін түйістірудің, тоғыстырудың түйінін, халықтың идеялық рухы мен елдіктің күре тамырын ұштастырудың тәсілдері мен міндеттерін ескереміз. Ол - заманды таныстырудың түрі. Сондықтан да қазақтануды тарихи зерденің бір арнасына жатқызамыз. Осы тарихи-әлеуметтік зердені таңдау мен талдау барысында, халықтық мұра мен ұлттық тәжірибені, адамдық қасиетпен, адамзаттық өркениетті белгілі бір әлеуметтік әлемде қарастырады», - деп атап көрсетеді.

Қазақтанудың тарихи зерде ретіндегі мақсаты - адам болмысының түп тамырына бойлап, тарихпен тілдесу арқылы әдіснамалық бағдарды жалғастыру, әлем кеңістігінің заңдылықтарын ескеріп, онымен беттесу.

Қазақтану - адамтанудың ұлттық өрнегі мен өрісі. Ол дегеніміз - адамдарға тура жол көрсету, тұтастыққа лайық тұлғаның өнері мен өнегесін сабақтау. Қазақтану ұлттық мұраның, ұлттық мәдениеттің, ұлттық тарихтың идеялық және методлогиялық дәнекері, ұлттық рух пен ұлттық болмыстың арқауы, ұлттық идея мен ұлттық тәжірибенің топтастырылған этномәдени жүйесі.

Ұлттық рух дегеніміз - өткенмен есептесу, өткенді ескерту, қайта қабылдау, бүгінді сақтап, сабақтастыру. Ұлттық рухтың маңызы, құндылығы - адам болмысының әлеуметтік белсенділігін үйлестіру, оны дұрыс ойлауға, дұрыс сөйлеуге және дұрыс әрекеттенуге баулу. Әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешу жолдарын жинақтау, қазақтың потратизмге көзайым болу, тәрбиелей өмірге енгізу, туа біткен рухтың мөлшерін, оянған рухтың межесін анықтау, олардың қаһармандық ықпалын марапаттау. Белгілі бір әлеуметтік-мәдени кеңістікпен уақыттағы адам мен этникалық топтар туралы, олардың өмір салттары туралы көзқарастар өз жинағы мен өрнегін табуына қазақтану өз септігін тигізеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған магистрлік жұмыс ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуында қазақтанудың күрделі және құнды мәселе ретінде біршама ғылыми пәндердің объектісі болып табылады.

Қазақтану мәселесінің шешімін таппаған, қазіргі тәуелсіз мемлекет жағдайындағы тілге тиек етер, ұлттық ғылым мен ұлттық тәлім-тәрбиеге үлесін қосар объективті зерттеу қажеттігін талап ететін жағдай - бұл ұлттық рухани-мәдени құндылықтарымыздың болмыс, тарихи-әлеуметтік мәдени қалыбын ашып көрсету. Осы тұрғыда халықтың ауыз әдебиеті мұрасы соның ішіндегі қазақ эпосының қазақи, халықтық, ұлттық сипатын ашып көрсету өте маңызды.

Соған орай біз «Эпостағы қазақтану мәселелері» деген тақырыпты алып оның философиялық, көркемдік бейнелеу, қазақи болмысын ғылыми түрде зерделеуді мақсат еттік.

Зерттеудің мақсаты - Қазақ эпосындағы, соның ішінде «Қобыланды батыр» эпосындағы ұлттық бояуды ашып көрсету; эпос жанрының көркемдік сипатын, эпостағы қазақтану мәселесін, «Қобыланды батыр» эпосындағы қазақтың салт-дәстүрінің көріністерін нақтылап, философиялық-дүниетанымдық негізде қазақтану ғылымына негіздеу.

Зерттеудің объектісі - Қазақтың эпостық жырлары. «Қобыланды батыр» эпосы.

Зерттеудің ғылыми болжамы - Егер біз эпос жанрындағы ұлттық болмыс, халықтық дүниетанымды, адами қасиет-тілектерді ғылыми түрде саралай отырып, ондағы қазақтану мәселелерінің негіздерін аша алсақ, қазақтану ғылымына қосқан үлесіміз мол болмақ. Сонымен қатар, бұл мәселе жас ұрпақтың өзін тануына, ұлтының болмыс-бітімін, дүниетанымын, ұлттық сана-сезімін тануға септігін тигізер еді.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері - Эпостағы қазақтану мәселелерін негізгі сипатының мәнін ашуда философиялық, мәдени, психологиялық ой-пікірлер, қазақ эпосы «Қобыланды батыр» еңбектері, қазақтанудың әдіснамалық-теориялық қағидалары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні - Эпостағы қазақтану мәселесінің сипатын ашып көрсету; эпос жанрының көркемдік сипатымен философиялық мәнін ашу. Қазақтану теориясын мәдениеттанулық деңгейде қарастырудың өзі жаңашыл талпыныс. Ұлттық бірегейлікті, ұлттық өзгешелікті, қлттың тұтастығын қалыптастыратын мәдениеттің бір формасы.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Магистрлік диссертацияның жалпы көлемі -

І. ЭПОСТАҒЫ ҚАЗАҚТАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ.

Еліміздің есею жолдары, халқымыздың өткен тарихи қазіргі таңдағы ұрпақтың зердесін ашып, болмыс-бітімін тұлғалық дәрежеге жеткізіп, дүниетанымын қалыптастыруға өз септігін тигізетіні хақ. Осы орайда, қазақтану мәселесін қарастыру және де сол қазақтанудың компаненттерін ұлттық мәдени рухани құндылықтарынан қарастыру өте тиімді, және де объективті қажеттілік деуге болады.

Қазақтың тұлғалық, ұрпақтық және ұлттық сипаттарын бірдей қалыптастыру, қарастыру мәселелері теориямен практикада дұрыс шешімін таппай келе жатқаны мәлім. Ғалымдарды ғана емес, еліміздің жалпы азаматтарын толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен талаптар аз емес. Сол өткір де өзекті мәселелердің санатына жататындардың бірі - қазақтанудың осы түрлі субъектілерінің ана тілді, ұлттық ділді, рухани байлықты жетілдірудегі орны мен мүмкіндігі, сол қауымдастықтың әулеттік бақылайтын және бақылаушы жүйе ретінде қамту, қалыптасқан жүйелерді жөнімен дұрыс пайдалану жолдарын қарастыру.

Осы міндеттер: біріншіден, осы күрделі де құрылымды объектілер табиғатына жүйелі түсінікті, дүниетанымдық бағдарды, мәдени құндылықтарды және олардың өлшемдерін қалыптастыру; екіншіден, қазақ болмысы мен санасына тән әлеуметтік гуманитарлық білімдер саласында тұтас гнесологиялық және методологиялық ұстанымдарды енгізу; үшіншіден, адам және қоғам болмысының ұрпақтық құндылықтарын жинақтау, оларды тұлғалық өмірдің тұтқасы болуына демеулік ету.

Ақыры қазақтану объектісінің, көрінісінің, қызметтерінің айқындылығы әрқалай болғандығына қарамастан оның тұтас бағдарламалық көзқарасы мен мемлекеттік саясатын қалыптастыруға белсенді араласу. Сонымен гносологиялық тұрғыдан алсақ, қазақтанудың міндеті - қазақтың санасын жеке нәрседен тұтас қоғамдық деңгейге көтеру, қоғамдық болмыстағы жалпы қозғалыстан оның құрамдас бөлшектерінің тәуелділігі мен тәуелсіздігін, яғни олардың орны мен әулеттік анықтау; ал мәдени тұрғысынан алсақ - адамның, ұрпақтың, ұлттың әлеуметтік мәдени мәселелерінен әлеуметтік деңгейге көтерілу, әлеуметтік, әлемдік өзгерістердің тұлғалық өлшемдерін анықтау, жинақтау. Сондай-ақ ұлттық қоғамдық деңгейде ортақ бағдарламалар серіктесті, рухани сабақтастықты жетілдіру. Танымдық тұрғыдан алғанда, қазақ тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, салалық білімдерді алғанда олардың ұстанымдары мен қозғаушы күштері жеке адамның, ұрпақтың, халықтың, ұлттың ортақ мақсат-мұраттарын бетке ұстаймыз ба, әлде, олардың нақты мүдделерін басшылыққа аламыз ба?

Қазақтану - ұлттық мұраның, ұлттық мәдениеттің, ұлттық тарихтың идеялық және методологиялық дәнекері, ұлттық рух пен ұлттық болмыстың арқауы, ұлттық идея мен ұлттық тәжірибенің топтастырылған этномәдени жүйесі. Мұны рух бастауы дейміз. Ұлттық рух - бұл қазақтанудың алғышарты деуге болады. Ол тұрғыдан ұлттық рух дегеніміз - өткенмен есептесу, өткенді ескеру, қайта қабылдау; бүгінді сақтау, сабақтастыру; болашақпен үндесу және үйлесу. Ұлттық рух төрт бірдей қасиет-қабілеттің, сезімталдықтың, пайымдаушылықтың, мойымаушылықтың, сезімділіктің жоғары бірлігі; үш бірдей бастаудың - ар-ұяттың, жігер-намыстың, даналықтың күш-қуатын қамтиды; үш қырлы белсенділікке жан-тәннің, күштіліктің, шыдамдылықтың тұтас көрінісіне қызмет етеді [15; 17б. ] .

Ұлттық рухтың төрт бірдей деңгейі мен астары бар. Олар - танымдық, идеялық, құндылық және әлеуметтік түрлері.

Ұлттық рухтың танымдық арқауы дегеніміз заман талабын саралау, өтпеліліктің қисынын көре білу;

Ұлттық рухтың идеялық арқауы - ұрпақ санасын, ұлттық сезімді ояту, саналылықпен санасу;

Білімсіздіктен, тәуелділіктен арылу жолдарын саралау, мақсатқа жету жолдарын айқындау, адамның өмірлік қабілетін көбейту.

Ұлттық рухтың құндылықтары: ел мен халықтың тәуелсіздігін ұштау; адамның мәдени, ал мәдениеттің тұлғалық бейнесін қалыптастыру, ұлағаттылықтың, сүйіспеншіліктің, ынтымақтықтың, өзін ұстай білудің қоғамдық ықпалын арттыру [15; 17б. ] .

Осы тұрғыда қазақтанудың түрлі объективті жағын қарастыра отырып жоғарыда атап өткен ұлттық рух мәселесін дәріптеуде оны қалыптастырудың көзі мәдени-рухани құндылықтарымыздың бірі халық ауыз әдебиетінің бір саласы қазақ эпосын негізгі фактор ретінде алып қарастыру өте тиімді.

Жалпы, эпос жанрындағы дүниетанымдық ой өте айқын, танымдық-тәлімдік үлгілері мол, отансүйгіштік, адалдық, мейірімділік, шыдамдылық, сүйіспеншілік т. б. сияқты қасиеттердің қайнар бұлағы іспеттес.

Эпостағы образдар әр қайсысы өзінше жеке бір қасиеттің, тұлғалықтың, адами қасиет, болмыс-бітімнің, көзқарастың көрінісі. Ал, басты қаһарман батыр арқылы берілетін көркемдік ерекшелік тұлғалық болмыстың жоғары сапасын, елін, жерін, ұлтын сүюшіліктің әсем сипатын, әділетсіздікпен, шындықтың, жақсылық пен надандықтың нақты дәлелі болып табылады. Сондықтан да қазақтану мәселесінде қазақ эпосының алатын орны ерекше деуге болады.

Эпостың мазмұнынан қазақтану мәселесін қарастыруда ең алдымен бас қаһарман батырдың болмысына үңілеміз. Батырлық болмыстан қазақы қасиеттер мен әдет-ғұрып, мінез-құлық нормаларын, қазақы тәрбиені, дүниетанымды көруге тырысамыз.

Осы орайда, жалпы, батырлық тұлғаға тоқтала кету маңызды.

«Батыр туралы сөз бастаудың, ой тастаудың өзінің басты шарты - қазақтану және қазақты таныту, сол түйінді екі міндеттің басты жолы мен өтімді тәсілдерін өзара үйлестіру», - деп атап көрсетеді ғалым, қазақтанушы Ж. Молдабеков [15; 319б. ] .

Халқымыздың басынан өткен сан ғасырлар бойындағы тартыстар мен соғыстарда халықтың мерейін көтеріп жеңіске жеткізген, елін, жерін жаудан сақтаған, қызғыштай қорып, оны қорғау мен қорған болуды өзінің парызы санап, сол жолда жан қиған батырлар қазақтың қазақтығын сақтауды, осы күнге жеткізді. Халқымыздың тарихында осындай ірі тұлғалардың болғанын білу, басқаларға білгізу - тарихи шындықты орнықтыру, жас ұрпақтың бойында ұлттық мақтаныш сезімін ояту. Расында, ыстық жүректі, өткір ойлы, батыр тұлғалы елдің туыстығын, қауымдастық, қоғамдық қатынастарда адамдық қасиеттерді қалыптастырды. Тұлғалық келбет, ерлер елдіктің өлшеміне ұлаты.

Тарихи қажеттілік батырлар мен ыстық жүректілерді өмірге келтірді, жайбарақат емес, сомдап қалыптастырды. Қарумен, күш қабілетімен келбеттенген тұлғаларға тәнтілік артты, көзқарас жинақталып, олардың тәуекелге бейім, сөзге берік, шешімінен қайтпайтын мінез-құлқы мен қимыл-әрекетін құптаушылық әлеуметтік ағымға айналды.

Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.

Батырлар жыры тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған емес. Ол жеке образдар арқылы бүкіл халықтың батырлық тұлға, ерлік ісін, сарқылмас күш-қуатын елестетеді, соларды бейнелеп көрсетеді. Батырлар жырының басты мәні де осында. Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы үлгілері деп таниды. Енді сол шығармалардың өзіне тоқталып ондағы қазақтану мәселелерін қарастырсақ.

Қазақ эпосының бірнеше түрлері бар. Зерттеуші ғалымдарымыз осы эпосты жанрлық мәселесіне байланысты түрлерге бөліп қарастырады. Соның бірі болып біз қарастырғалы отырған эпос түрі: қаһармандық, ұлыстық эпос болып табылады. Оған «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т. б. жатады. Дегенмен сол эпостардың ішінде аталып отырған екі эпос өте көркем, тарихи, этикалық, философиялық, дүниетанымдық жағынан өте толық, түрлі варианттары бар, ел арасына көп тараған белгілі эпос болып табылады. Мәселен «Алпамыс батыр» жырын алып қаралық: Жыр Алпамысты әрі батыр, әрі ақыл-айлалы, өнерлі, әрі түрлі әдісі бар адам бейнесінде суреттейді. Оның батырлық образын толықтыра түсу үшін халық ұғымындағы батырға тән кейбір қасиеттер де жырға қосылады. Сондай қасиеттің бірі ретінде Алпамыстың ақылдылығы, достықты жоғары бағалайтындығы алынады. Әлі сыр алыспаған, достығына толық көзі жеткен Қаражанға Байшұбарды беріп жіберуі, тұлпарының неліктен аңсап келгенін білмей жатып Қаражанды кінәлауы, оны өлтірмек болуы немесе мыстан кемпірдің тіліне еріп Байшұбарды шауып тастай жаздауы - Алпамыстың аңқаулығы деп, оны батырға тән қасиет деп сипаттайды.

Жырда Алпамыс өз кезінің үлгі еткен сүйкімді батыры, елдің ері болып суреттелген. Алпамыс образы арқылы ел бірлігін көздеген халықтың батыр жайындағы көзқарасы, арман еткен қиялы жинақталып берілген деуге болады, - дейді ғалым С. Садырбаев [10; 153б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қобыланды батыр
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
«Қазақ батырлық эпосының» ерекшеліктерін таныту үшін эпос жанрының көрнекті өкілі Р.Бердібаев еңбектерін салыстыра зерттеу
Эпостағы тұлпар образы
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz