Мемлекет функциялары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Мемлекет функцияларының түсінігі, белгілері.

2. Мемлекет функцияларының түрлері.

3. Мемлекет функциясын іске асыру нысандары мен тәсілдері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Осы тақырыпты таңдағаным да содан шығар, мемлекеттің түгелдей дерлік қызметі, механизмін біліп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.

Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жақсаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттер атқаруға назар аударайық.

Мемлекет жалпы дамуға талпынған болса, өз мемлекеттің ішіндегі көптеген қоғам саласындағы проблемаларды, сыртқы мемлекеттермен саяси, экономикалық т. б. байланыстарды өз мүдделері үшін жүзеге асыруы қажет. Өйткені мемлекеттің өзі жанұя деген негізден шыққан. Жанұяны асырау үшін қызмет істеп, үйге тамақ әкелумен, үйдегі тәртіпке көңіл бөліп, үй ішіндегі проблемаларды шешумен, үйді сырттан торалаған дұшпандардан сақтаумен түсіндіріледі.

Міне осы таңда мемлекетімізде 10 жыл тәуелсіз ел болғаннан бері көптеген жетістіктерге жеттік. Ол, яғни мемлекетіміздің өз қызметін дұрыс жолмен атқаруында.

Әлемдегі дамыған мемлекеттердің өзі сыртқы саяси байланыстар арқылы қазіргі қалпына келіп отыр. Капиталистік заман келгеннен бері бұрынғы СССР территориясындағы елдердің көбі өз экономикасын нарық талабына сай бұрып бүгінгі шақта дамыған елдердің қатарына қосылды. Мәселен, Жапония, Қытай, Германия, т. б. көптеген Еуропа елдері АҚШ-тың тікелей капитал енгізу, инвестицияларымен қандай әлеуметтік-экономикалық дәрежеге жетіп, еңсесі биік елге айналып отыр. Бұл даму мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік механизмдердің потенциалына байланысты.

Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 10- жылдық уақыт өтсе де үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, сол принциптерге негізделген конституциямыздың референдум арқылы қабылдануы, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді.

Осыларға толығырақ тоқтап түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрайды.

1. Мемлекет функциясының түсінігі, белгілері.

Мемлекеттің прогрессивті дамуына, жақсаруына, түрлі саяси, экономикалық саласында, әлеуметтік саласында нығаюына жұмыс жасайтын функциялар орындалады. Енді, бұл функциялардың қалай бірігіп, мемлекет функциясын құрайтынын білгеніміз жөн.

Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттары, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппараттарының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде падаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгертіп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократияның даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамдық таптың мазмүнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптар мен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.

Кеңестік дәуірде де, қазіргі кезде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл обьективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты, экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.

Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі функцияның көп өзгеруіне ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді:

жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми- техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар.

Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша орындау, қорғаныс функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.

Мемлекеттің функциясының орындалуын қапмтамасыз ететін - мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады.

Функцияны орындау кезең-сатылары: функция - орган - аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде-мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын толық білуге болады. Мемлекет қызметінің /функциясының/ негізгі белгілері:

- қызметінің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;

- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;

- Мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;

- Мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;

Мемлекет қызметінің орындалу әдістері:

Жеке түлғалар ерікті, еріксіз түрде орындайды; Мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзіретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса еріксіз түрде де орындау қамтамасыз етіледі.

Мемлекет функциясы орындаудың құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді:

1. Құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау;

2. Құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық /дотация, кредит, баға т. б. /;

3. Саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу;

Мемлекеттік билік толып жатқан субьектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.

Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:

1. Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;

2. Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.

Нақты нысаны өзі үшке бөлінеді:

1. Құқық шығармашылық;

2. құқықты орындаушылық;

3. құқықты қорғаушылық.

Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субьектісі мемлекеттік орган болады.

Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілердің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді:

- экономикалық;

- саяси;

- идеологиялық;

- ұйымдастырушылық;

- халықаралық;

- мемлекет аралық т. б.

Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шек-телмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.

Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;

- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;

- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндама-лар, іс қағаздарын дайындау, заңды, нормативтік актілерді басып шығару т. б. құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;

- әр түрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар жүргізу, өткізу;

- мемлекеттік органдардың тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;

- мемлекеттік органдардың жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру;

- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т. б. қызмет істері.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамындағы еңбектің ерекше түрі.

Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекетік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері:

(заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары) .

б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді:

- басшылвр;

- мамандар;

- техникалық персонал.

в) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді:

- Мемлекеттік билік өкілеттігі бар қызметкерлер;

- өкілеттігі жоқ қызметкерлер.

Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар үш топқа бөлінеді:

Категория ''а'' Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т. б. жоғары мемлекеттік аппараттың басшылары;

категория ''б'' бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары;

категория ''в'' екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкерші-лікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты -адамдардың әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Сонымен, мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыт-тары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде

өзгешелік кездеседі.

Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа. Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.

2. Мемлекет функциясының түрлері

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі.

Мемлекеттің ішкі функциялары:

1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуында негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономикалық дамуын реттеудің төрт тәсілі болады :

бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп, басқару;

екінші - экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту;

үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс) .

төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.

2. Әлеуметтік функция - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді:

бірінші бағыты - адамдардың қатынасындағы еңбегіне

қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту;

екінші бағыты - адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.

3. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп, басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысы) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті - мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.

4. Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т. б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.

5. Экологиялық функция - Бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамдарды, қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан бұл мәселе БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.

6. Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы - қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек, оны қалыптастыратын, реттеп, басқаратын мемлекет, оның органдары.

Сонымен бұл іске бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-тәсілі бар. біріншісі - заңдардың, нормативтік актілердің сапасын, әділеттілігін көтеру. екіншісі - құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету. Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бұзылса қатаң күрес жүргізу, жауапқа тарту.

7. Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы - бұл мемлекет органдарының қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.

8. Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы - қазір-гі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарқынды түрде дамуына толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру, өйткені бұл істі бір орталықтың басқаруы қажет.

Мемлекеттің сыртқы функциялары

1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынас қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, үйымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеу жүргізу т. б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекет ұтылмайды, ұтыстары молаяды.

2. Мемлекет аралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту.

Мәселен: бейбіт жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі:

парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы. Мәселен: Еуропалық одақты және ТМД-ні келтіруге болады.

3. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми-техникалық мәдени жетістіктерді пайда-лану, алмастыру т. б. жолдарын іздестіру. Бұл жұмыстарда мемлекеттік емес ұйымдар да қатысады. Мәселен: дүние жүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, кәсіпшілер, архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы, халықаралық ғылыми одақтардың кеңесі, БҰҰ-ның ЮНЕСКО комитеті т. б.

4. Дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, шешуге, әлемдегі барлық мемлекет қатысулары керек. Онсыз ешқандай нәтиже болмайды. Қазіргі замандағы глобалдық проблемалар: бейбітшілікті сақтау, экологияны жақсарту, адамның сауатсыздылығын жою, дүниежүзілік халықтың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту, цивилизациялық жетістіктерді қорғап, сақтау, дамыту.

5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу, қару-жарақты көбейту жағымды нәтиже бермейді. БҰҰ арқылы, соның шеңберінде реттеп шешуді қарастыру және әр мемлекеттің өзінің бейбітшілікке саясаты дамып, нығаю керек. Мемлекеттің функциясы диалектикалық даму процесі арқылы оның мазмұны, орындалу тәсілі де өз шеңберінде жақсарып жатады. Жер жүзіндегі мемлекеттердің функциясы сан жағынан әр-түрлі болады. Бірақ мемлекеттердің бәрінде мына функциялар міндетті түрде болады: Әлеуметтік, идеологиялық, экологиялық.

Мемлекеттің қызметінің функцияға бөлудің де жолдары әр-түрлі болады. Олар халықаралық құқыққа, мемлекетаралық шарттарға сәйкес дамып отырады. Функция ішкі және сыртқы болып күрделі екі топқа бөлініп зерттеледі.

Мемлекеттік функциямен мемлекеттік органның функциясы деген заңды ұғым бар. Олады жақсы ажырата білу керек. Мемлекеттік органның функциясы өздерінің көлемінде атқарылатын қызмет.

3. Мемлекеттің функциясын іске асыру нысандары мен тәсілдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекеттің функциясы
Мемлекеттің функциялары
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Құқық функциялары
Биліктің бөлінуі қағидасы
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz