Сезім мүшелері атауларының лексика-семантикалық өрісі және олардың орыс тіліне аударылу мәселелері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы
Барлыбаева Назым Серікболовна
Сезім мүшелері атауларының лексика-семантикалық өрісі және олардың орыс тіліне аударылу мәселелері
Мамандық: “6N0207”
Ғылыми жетекші - Сағындықұлы Б.
ф. ғ. д. профессор
Пікір сарапшы - Исмаилова Ж.
ф. ғ. к.
“Қорғауға жіберілді”
Кафедра меңгерушісі:
Ф. ғ. д. профессор Жақсылықов А. Ж.
“___” 2007 жыл.
Алматы
2007
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 2
1 Сезім мүшелері атаулары ұйытқы болған сөз тіркестері және олардың орыс тіліне аударылуы . . . 11
1. 1. Лексика-семантикалық байланыс түрлері . . . 17
1. 2. Сезім мүшелері атауларының дистрибуциясы және олардың орыс тіліне аударылуы . . . 23
2 Фразеологизмдерді аудару мәселесі және фразиологизмдердің құрамында ұшырайтын сезім мүшелері атаулары . . . 32
2. 1. Фразеологиялық сөз тіркестерінің зерттелуі және орыс тіліне аударылуы . . . 32
2. 2. Сезім мүше атаулары тірек болған фразеологизмдер . . . 41
Қорытынды . . . …… . . . 56
Қосымша . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …… . . . … . . . 63
Қосымша әдебиеттер тізімі . . . 66
КІРІСПЕ
Тілді жүйелердің жүйесі түрінде алып қарастыру-тіл білімінің негізгі тұжырымдарының бірі саналады. Тіл бір-біріне тәуелді бірнеше кіші жүйелердің байланысынан, тығыз қарым-қатынасынан тұратын біртұтас жүйені құрайды.
“Тілдік жүйе - табиғи тілдің ішкі заңына сәйкес, сөздік құраммен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы /50, 421/. Тілдің жүйелік сипатын айқындау тілдің ішкі заңдылықтарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген ғалымдар тілдің осы қасиетіне ерекше назар аударады. Тілдің біртұтас жүйе екендігі алғаш рет ХІХ ғасырда неміс тілшісі В. Фон Гумбольтің еңбектерінде сөз етілді. Ғалым: “тілде жеке дара ештеңе жоқ, оның әрбір элементі тек бүтіннің бөлшегі түрінде ғана көрініс береді”, - деп тілдің өзі бірнеше бөлшектердің жиынтығынан, олардың өзара байланысынан тұратын тұтас құбылыс екендігін айтты.
ХХ ғасырдан бастап лингвистикада тілдің жүйелілігі, тілдің құрылымы деген қағидалар тұрақты ғылыми теория ретінде орнығып, ғалымдар тарапынан кең қолданысқа ие бола бастады. Бұл кезеңдегі зерттеулердің теориялық негізін салушы ғалымдар қатарында Фердинант де Соссюр мен И. А. Бодуэн де Куртенэ болды. Швейцар ғалымы Ф. де Соссюр: “ . . . тіл - барлық элементтері бір бүтінді құрайтын жүйе, ал бір элементтің маңыздылығы тек өзгелермен қатар қолданылғында ғана айқындалады”, - деп тілдің жүйелілігіне баса назар аударды. Ғалымның тілді элементтері бір-бірімен тығыз байланыста болатын, өзінің тәртібіне бағынатын жүйе ретінде анықтауы қазіргі тіл білімі үшін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Өйткені, “ . . . тілді жүйелік қасиеті бар құбылыс, барлық элементтері бір-бірімен байланысты, өзара бағынышты (тәуелді) біртұтас құбылыс деп қарау тілдің табиғатын, бүтін мен оны құрастырушы бөлшектердің арақатысын, атап айтқанда, бүтіннің оны құрастырушы бөлшектерге (тілдік элементтерге) тәуелсізділік, керісінше, бөлшектердің бүтінге (тілдің бүтіндей жүйесіне) тәуелділігін айқындауға мүмкіндік береді. Тілдің жүйесін тілдік жеке құбылыстардың (тілдік элементтердің, единицалардың) өзара байланысы тұрғысынан зерттеу айрықша мәнге ие болады” /43, 496/.
Тілді өзіндік құрылымы бар бір-бірімен тығыз байланыста болатын жүйелерден тұратын құбылыс ретінде қарастырсақ, лексика аталған кіші жүйелердің бірі ретінде танылады. Бұл жөнінде ғалымдар Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлының пікірін келтіруімізге болады: “Лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді” / 7 . 256/. Демек, лексика да өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланысқан жүйе болып саналады.
Лексиканың жүйелілік сипатын айқындауда лингвист ғалымдардың алдарынан күрделі сауалдар туындап отырды. Мәселен, әр түрлі тілдердің лексика жүйесіне қатысты зерттеулер мен көптеген психолингвистикалық эксперименттер адам баласы миында өзіндік дыбысталуымен, айтылуымен, өзіне тән мағыналармен ерекшеленетін мыңдаған сөздерді қамтитын өзінің сөздік құрамынан керекті сөзді айту үшін ойлануға қалайша өте аз уақытын жұмысайды деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.
Осы туындаған сауалдарға көптеген ғалымдар өзіндік ой-тұжырымдарын білдірген еді. Ю. С. Степанов “Основы общего языкознания” деген еңбегінде лексиканың өз алдына бір жүйені құрайтындығын айта келіп, ойын былайша сабақтайды: “Лексиканың жүйелі болуы анық, өйткені олай болмаған жағдайда біз миымыздан керекті сөздерді тез әрі жеңіл таба алмаған болар едік. Себебі қазіргі таңдағы мәдениетті адамның сөздік қоры (актив және пассив сөздерді қосқанда) 70-80 мыңға дейін күнделікті тұрмыста, әдеби тілде қолданылатын сөздер мен терминдерді және төрт-бес мыңнан жиырма мыңға дейінгі фразеологиялық бірліктерді қамтиды”. Осы көзқарасты профессор З. А. Харитончик те білдіреді, ол лексиканың жүйелілік сипаты “сөйлеушінің өз ойында бір-біріне ұқсамайтын мыңдаған бірліктерді сақтауынан көрінеді” - дейді /15, 11/.
Аталған пікірлерден шығатын қорытынды -- лексикалық бірліктер адам миында белгілі бір тәртіппен, мағыналық байланыспен, жүйелі орналасады. Себебі, адам баласы шындық болмастағы заттар дүниесі мен түрлі құбылыстарды танығанда олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін назарға алып санасында белгілі бір тәртіппен, ретпен бейнелейді. Яғни, сөздер мағаналарының жуықтығына немесе қарама-қарсылығына, т. б. қасиеттеріне байланысты белгілі бір топтарға топтасады. Орыс тіл білімінде лексиканы жүйелік сипаты бар құбылыс ретінде алғашқылардың бірі болып таныған М. М. Покровский бұл туралы: “Сөздер және олардың мағаналары бір-бірінен еш уақытта тысқары өмір сүрмейді. Олар біздің санамыздан тыс мағаналарының ұқсастығыны не қарама-қарсылығына байланысты әртүрлі топтарға бірігеді”, - дейді /38, 382/. Академик Ә. Қайдар “тіл әлемін” “Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” деген үш үлкен салаға жіктеп, оларды іштей отыз үлкен макротопқа, ал оларды өз ретінде екі жүздей микротопқа бөліп қарастырады. /20, 19/. Төмендегі ғалымдар пікірлері де осы оймен сабақтасып жатыр. Б. Қ. Қалиев: “ . . . тіліміздің лексикалық жүйесі деп - бір-біріне жақын, ұқсас, біріне-бірі тәуелді байланысты, сондай-ақ бір-бірімен тығыз бірлікте тұтастықта болатын, бірінің құрамына бірі сатылап енетін біртектес бірнеше элементтердің тобын, жиынтығын айтамыз ”, - дейді. /21, 56/. Түркі танушы ғалым К. М. Мұсаев: “Нақты бір тілдің лексика тарихын зерттеуде оны тақырыптық топтар арқылы қарастыру өте тиімді әдіс болып саналады”, - деп ойын тұжырымдайды. /51, 12/. Тіл білімінде лексикадағы ортақ мағаналық белгілері негізінде айқындалатын семантикалық өріс, лексика-семантикалық топ, лексика-семантикалық парадигма, тақырыптық топ, т. б. терминдер қатар жұмысалады. Мәселен, Э. М. Медникова: “Сөздік құрамның жүйелілік ерекшелігі мағыналық жағынан біріккен сөздердің кейбір лексикалық топтарға- семантикалық парадигмаларға бөлінуінен көрінеді. Тілдегі әрбір сөз белгілі бір лексика-семантикалық парадигмаға енеді, әрі өзінің көп мағыналылығына орай біреуіне ғана қатысты болмайды . . . Айқын белгісіне байланысты парадигмаға дербес мағынасын ашуға мүмкіндік туады”, - деп атап көрсеткен. /28, 48/. Мүшелері бірдей грамматикалық сипатты иеленген және бірнеше семантикалық байланыстармен сипатталатын, бір мағына төңірегінде топтасқан сөздердің жиынтығын И. Г. Слесарева лексика- семантикалық топ /42, 52-53/ деп атаса, Н. Фабианова: “Бір сөз табына жататын, семантикалық және тұлғалық белгілері ортақ сөздердің жиынтығын лексика -семантикалық топ”, -деп көрсетеді /47, 6/.
Ф. П. Филин бір ұғымды білдіретін бір мазмұн төңірегіне топтасқан сөздер жиынтығын тақырыптық топтар деп қарастырады. Ғалым тақырыптық топтардың тек объективті болмыстағы заттармен құбылыстардың топтастырылуы негізінде айқындалатын, араларында анық тілдік байланыстар болмайтын сөздердің негізінде түзілетіндігін айтады. Ал, лексика-семантикалық топ деп Ф. П. Филин лексикалық мағыналарының негізінде біріккен екі немесе бірнеше сөздердің жиынтығын атайды және оны тілдің тарихи дамуының жемісі, тілдік құбылыс ретінде таниды. Автор: “Сөздердің тақырықтық топтары мен лексика-семантикалық топтарының арасындағы ортақтық олардың қай-қайсысының да шындық болмысты бейнелеуінен көрінеді”, -дейді. /49, 230-233/.
Ғалымдардың бұл пікірлерінен лексика жүйесіндегі тақырыптық топтардың экстролингвистикалық, ал лексика-семантикалық топтардың лингвистикалық факторлардың негізінде ұйымдасады деген қорытынды шығады.
Тақырыптық топтар экстолингвистикалық тұрғыдан анықталады деген көзқарасты ұстанатын А. А. Уфимцева: “Сөздердің мұндай топтарындағы бірліктер сигнификатифті жағынан емес, номинативті сипаты негізінде ұйымдасады. Сондықтан осындай топтарды зерттеу “Үй тұрмысындағы заттар”, “Дене мүшелері”, “Киім-кешек түрлері”, “Құрылыстар” т. б. инвентаризациялау түрінде ғана шектеледі. Тіпті, сөздердің арасындағы семантикалық байланыстың тілдің тұтастай мағыналық құрылымының ерекшеліктерін айқындауды көздемейді”, - дейді. /45, 133/. Алайда кейбір ғалымдар лексика жүйесіндегі сөздерді топтастырған кезде тілден тыс жатқан факторлар мен тілдің ішкі қасиеттерін жеке дара бөліп қарастырудың негізсіз екенін айтады. Мәселен, Р. С. Гинзбург экстолингвистикалық белгілеріне қарай айқындалатын әрбір лексикалық бірліктердің топтары өздеріне тән ортақ лингвистикалық белгілерге ие десе /10, 17/, Д. Н. Шмелев те семантикалық топтар ретінде танылмайтын “аяқ-киім атаулары”, “дене мүше атаулары”секілді т. б. тақырыптық топтардың бірліктері де ортақ лексикалық тіркесімділігімен және бірдей сөзжасамдық мүмкіндігімен сипаттала алатындығын көрсетеді. Сондықтан Д. Н. Шмелев заттық-логикалық ортақтығының негізінде айқындалатын сөздердің топтарын семантикалық талдаудан бас тартпау керектігін лексиканың осындай бөліктерінің де көптеген жағдайда тілдік белгілерді иеленетінін сөз ете келіп, тақырыптық топтарды лексика-семаникалық топ деп те қолдануға болатындығын айтады. / 52 , 104/. Демек, тақырыптық топтар мен лексика-семантикалық топтардың арасына нақты шек қойып тастауға болмайды. Өйткені лексикадағы кез-келген лингвистикалық белгілеріне байланысты топтасқан сөздердің негізінде объективті болмыстағы заттардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар жатыр.
Лексика жүйесіндегі лингвистикалық, экстолингвистикалық белгілер негізінде топтасатын сөздер тобы лексика-семантикалық өріс ретінде де қарастырылады. Мысалы, Ю. Д. Апресян: “Тілдің сөздік құрамы-ретсіз, үйіліп жатқан бірліктердің жиынтығы емес ол сөздердің мағыналық ортақтығына байланысты біріккен бірнеше өрістерден тұрады”, - десе /5, 52/, “Өрістік құрылым - тілдің лексика-семантикалық жүйесінің негізгі ұйымдасу принцепі”, - деп В. А. Маскович те атап көрсетеді. . /29, 37/. Осындай пікірді ғалым Э. В. Кузнецова да қуаттап, өз еңбегінде: “ Сөздік құрамды толықтай сипаттауда ең нәтижелі тәсіл- қазіргі таңдағы тіл білімінде кең таралған “өрістік” тәсіл болып табылады ”, - деп пайымдайды. /19, 133/. А. А. Уфимцева: “Тілдің әлемдік бейнесін лексикалық бірліктер арқылы айқындауда семантикалық өрістер деп аталатын сөздердің парадигмалық топтары негізгі болып табылады”, - деген пікір білдіреді /45, 137/.
Демек, лексика-семантикалық өріс лексикалық семантикадағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл ұғым лексикалық семантиканың басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алатын қағидаға негізделген. Себебі, өрісті және оның құрылымын анықтауға лексикалық бірліктер жекелеген күйінде емес, жүйеленген бір топ түрінде алынып қарастырылады.
Лексика-семантикалық өріс - анағұрлым кең ұғым. Мұнда лексикалогияның синонимия, антонимия, полисемия және сөз бен ұғымның арақатынасы секілді негізгі мәселелер ұштасып жатады. Лексикадағы семантикалық өріспен байлеанысты міндеттерді шешу санамаланған мәселелерді жаңаша түсіндіруге мүмкіндік береді. Өріс теориясы тіл біліміне көптеген көзқарастармен, әр түрлі анықтаулармен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан ене бастаған болатын. Өріс теориясы тілдегі сөздердің бір-бірімен мағыналық байланыстарын айқындауға негізделген ортақ идеяны жан-жақты қарастыратын көптеген көзқарастарды қамтиды.
Тіл білімінде өріс терминін ең алғаш рет Г. Ипсен қолданғанымен, лексиканы семантикалық өрістер арқылы зерттеудің теориялық негізін салған неміс ғалымы И. Трир болды. Ғалым еңбектерінде сөздік құрам белгілі бір ұғым аясына топтасқан сөздердің тобынан, яғни “ұғымдық өрістерден” тұратыны және сол өріс құрамындағы сөздердің мозаика тәріздес бір-бірімен жымдасып, өте тығыз байланыста болатыны айтылады. Сонымен қатар И. Трир сөздің жеке тұрып белгілі бір лексикалық мағынаға ие болатынын және тілдің негізгі лексикалық бірлігі болып саналатын жоққа шығаратын өзінің “кез-келген сөз жеке дара тұрғанда мағынасыз болып, оның мағынасы өріс құрамындағы басқа сөздермен байланысы арқылы анықталады” - деген қате тұжырымын ұсынды. И. Трирдің аталған ойлары ғалымдар тарапынан сындарға ұшырағанымен, оның лексика-семантикалық жүйені ұғымдық немесе мағаналық жуықтығына байланысты топтасқан сөздер, яғни өрістер арқылы қарастыруы және өріс теориясы туралы пайымдаулары осы бағыттағы ілгері қадамдамдар болды.
Өріс теориясы лингвистикада әр тұрғыда қарастырылады. Мысалы: лексика-грамматикалық [Г. Ипсен], лексика-семантикалық [К. Ройнинг, О. Духансек, Ю. Найда], лексика-синтаксистік [Г. Мюллер] және полисемантикалық сөздердің мағыналық көлемі [А. Рудсгокгер], т. б. Осыған орай Г. С. Щур “Теория поля в лингвистике” деген еңбегінде оның қазіргі тіл білімінде қолданылып жүрген алпыстан астам атауларын көрсетеді: функционалды-семантикалық өріс, семантикалық өріс, микро және макро өріс, компоративті өріс, сөйлемнің микро өрісі, грамаматика-лексикалық өріс, т. б. /51 , 256/.
Ғылыми әдебиеттермен танысу барысында осы күнге дейін тіл білімінде өрістің бір ауыздан қолданылып жүрген нақты ережесінің, анықтамасының қолданылу аясында бірізділік жоқ екені байқалады. Бұл атау сөздердің әр түрлі жиынтығына қатысты қолданыла береді. Мәселен, А. М. Кузнецов лингвистикалық энциклопедиялық сөздіктегі мақаласында: “өріс-мағына ортақтастағының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстың ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастықтарын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы”, - дейді /17, 380/.
З. Н. Вердиева өріс ретінде бір ұғымды білдіретін әр түрлі сөз таптарына қатысты сөздердің жиынтығын, ал Н. Ф. Хренова бір сөз табынан болған ортақ бір семаның негізінде біріккен сөздер тобын қарастырады.
Г. С. Щур ортақ қасиеттеріне қарай байланысқан бірліктерді “өріс” деп, ал функцияларының жиынтығына орай байланысқан бірліктерді функцияналдық топтар деп тануды ұсынады.
Өріс құбылысын В. Г. Гак былайша түсіндіреді: “Тіліміздегі сөздер бірыңғай емес, сондықтан олардың құрайтын жүйесін анықтау үшін, сөздерді белгілі бір топтарға бөліп қарастыру қажеттігі туындайды. Сөздер көп аспектілі болғандықтан сөздік құрамды және әр типтегі өрістерді бірнеше жолдармен сипаттау туындайды. Сөздер тұлға мен мағынаға ие. Олар тұлғасына байланысты сөзжасамдық және лексикалық өрістерге біріксе, ал мағанасына қарай семантикалық өрістер түзеді, оның құрамы сол сөздерге қатысты болатын ұғымдардың арасындағы логикалық қатынастар арқылы анықталады” /9, 107/.
Ғалымдардың өрісті айқындауға байланысты аталған пікіріндегі ортақтық, ол - семантикалық өрістің мағаналық құрамындағы ортақ бір семантикалық компоненттің негізінде біріккен қандай да бір тақырыпты қамтитын сөздердің жиынтығынан тұруы.
“Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері”деп аталатын еңбегінде М. Оразов лексикалық бірліктердің мағына жуықтығына қарай белгілі бір лексика-семантикалық топтарға бірігетінін айтып, осы топтарға бірігудің мынандай негізгі шарттарын көрсетеді:
1. Бір лексика-сематикалық топтыңқұрамына енетін сөздер өзара бір
мағыналық сыңар (семалар ) арқылы байланысып жатуы керек.
2. Бір лексика-семантикалық топтың компоненті болып саналатын сөздер өз дербестігін сақтауы керек.
3. Лексика-семантикалық топтың құрамындағы сөздер бірі екіншісін мағыналық жағынан толықтырып, ұштасып жатыуы керек.
4. Антонимдік, синонимдік сыңарлар да белгілі бір лексика-семантикалық топтың аясында болады.
5. Лексика-семантикалық топтар іштей семантикалық топтарға бөлініп, сатылай байланысып жатады.
6. Лексика-семантикалық топтың құрамындағы сөздер бір сөз табынан болуы керек. /36, 17-18/.
М. Оразовтың бұл еңбегі негізінде бір ғана қалып етістіктерінің қалыптасуын, мағыналарының даму жолын талдауға арналған. Оның лексика-семантикалық топтар жөнінде айтылған ойлары қазақ тіл біліміндегі алғашқы бастамалар ғана. Ғалым болашақта лексика-сенмантикалық топтардың құрылымын, әрбір сөздердің арасындағы байланыстарды, олардың лексико-граматикалық табиғатын жан-жақты ашу керектігін айтады.
М. Оразов лексика-семантикалық топ мүшелерінің арасындағы семантикалық байланыстардың үш түрін атайды: “Парадигмалық қатынас лексика-семантикалық топ мүшелерінің арасында болады да, олар біздің топшылауымызша, үш түрлі байланыста болады. Олар синонимдес, антонимдес және ұштас мәндес мағыналық қатынастар болып саналады. Бұл үш қатынастың үшеуі де бір лексика-семантикалық топтың құрамында кездесіп өзара байланысып та жатады. ” /37, 138-139/.
Қазақ және араб тілдеріндегі дене мүше атауларын лексика-семантикалық байланыс түрлері арқылы зерттеген Н. Ғ. Карменов лексика-семантикалық топтың гипер-гипонимиялық, меронимиялық, синонимиялық, антонимиялық байланыс түрлерін көрсеткен.
Лексика-семантикалық өріске өз пайымдаулары бойынша анықтама берген зерттеушілердің теорияларын қарастыра келе жұмыстың негізгім зерттеу нысаны болып саналатын лексика-семантикалық өрісті былай деп анықтаймыз: Лексика-семантикалық өріс-тілде шындық болмысты бейнелейтін, бірліктері әр түрлі, ортақ семантикалық компонент негізінде біріккен бір бүтін құрылымды құрайтын толып жатқан сөздер жиынтығы.
М. Оразов лексика-семантикалық топтардың құрамындағы лексикалық бірліктердің арасындағы семантикалық байланыстарды қарастырған “Қазақ тілінің семантикасы” атты еңбегінде сөз мағыналарын 1) денотаттық мағына; 2) сигнификаттық мағына және 3) эмоциялық мағына деп үшке топтастыра отырып: “Сөз мағанасын талдауда оның компоненттерінің ішінде ең негізгісі, мағананың ядросы болып саналатын объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесімен байланысып жататын бөлшегі”, - деп көрсеткен /37, 65/. Сөздің бұл мағаналары, әсіресе деноттық мағына таным теориясымен өте тығыз байланысты. Атап айтқанда, “адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызатын заттың қасиеттері ғана деноттық мағына жасай алады”.
Түйсік дегеніміз - қозғалушы материяның бейнесі. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да ештеңе біле алмаймыз. Түйсіктер - қозғалушы материяның бірдегі сезім мүшелеріне әсер етуінен туады.
Затты танып-білу үшін оны сөзсіз сезінуіміз керек. Заттардың түрлі формасы, түсі, дәмі, исі, т. б. адамның сезім мүшесіне ықпал жасай, жүйке тамырларын тітіркендіреді. Айталық, заттың түсі, формасы - көзге, дәмі - тілге, исі - мұрынға түйсік туғызады, тітіркендіреді. Осы түйсіктер дүниені танудағы алғашқы сигналдар болып табылады. Дүниені танудың басқа жолы жоқ. Таным теориясының бірінші қағидасы біздің біліміміздің бірден-бір қайнар көзі -түсініктер болып табылады. Бұның дұрыс екені даусыз. Оның дұрыстығын психологтар да дәлелдеген болатын.
Сезімдер - қабылдайтын сезім мүшелерінің түрлеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, көру, дәм сезу, иіс білу, т. б. сезімдер адамның көз, тіл, құлақ, мұрын сияқты дене мүшелерімен байланысты болады. Психологтар сезімдерді табиғатына қарай үш түрге бөледі: Бірінші топқа объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдайтын бес түрлі сезімді: көру, есту, иіскеу, дәм және теріге байланысты сезімдерді қосады. Ал, екінші топқа ішкі организмдермен [асқазан, өңеш, ішeк] сезінуі байланысты сезінуді қосады. Үшінші топқа ауруды білдіру мен болжалды сезімді [дәлдікті] қосады.
Мен өз еңбегімнің нысаны етіп аталған сезім мүшелерінің бірінші тобындағы сезім мүшелерінің атауларын, Яғни көз, құлақ, мұрын, тіл, теріні қарастырамын.
Қазақ тіл білімінде кешеуілдеп зерттеген салалардың бірі лексикалогияның негізгі саласы семасиология бүгінгі күнде кешенді ғылым саласына айналып отыр. Мағыналы таным дүниесімен зерттей келе, қазақ тіліндегі лексика-семантикалық өрістің құрылымдық сипатын, оны құрайтын компоненттердің табиғатын, сезім мүшелері атауларының лексика-семантикалық өрісін ашу, олардың контекстегі орнын, жалпы сезім мүшелері атауларының тіл біліміне қатысын анықтап, олардың дистрибуциясын мағыналық аясын қарау тақырып маңыздылығын белгілейді.
Зерттеудің мақсаты:
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты: сезім мүшелері атауларының лексика-семантикалық өрісінің сипатын, оның табиғатын, мағыналық реңктерін, олардың ара-қатынасын айқындау және
фразеологиялық тіркестерді ұлттық ерікшеліктерін психологиялық фактор ретінде тану және олардың аударылуы жайлы сөз ету.
Жұмыста алға қойған мақсатқа байланысты мынандай: міндеттер шешу қажеттілігі туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz