Мемлекет кірістері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Мемлекет кірістерінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы ... ... ... ... ... 11

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ...14
КІРІСПЕ

«Мемлекеттiк кiрiстер терминi» - әдебиеттерде және құқықтық актiлерде екi түрлi мағынада қолданылады. Бiржағынан, бұл терминмен экономикалық бөлу қатынастарының белгiлi бiр тобы анықталады, екiншi жағынан – мемлекеттiң қаржысы анықталады. Мысалы, Цыпкиннiң ойынша, мемлекеттiк кiрiстер ретiнде ұлттық кiрiстi бөлу процессiнде мемлекетке келiп түсетiн ақша ресурстары болып табылады. Бұл кiрiстердiң пайда болу көзi ұлттық табыс.
Барлық мемлекеттiк кiрiстердiң жүйесi орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кiрiстерден тұрады, яғни мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiнен және мемлекеттiк кәсiпорын, бiрлестiктердiң және ұйымдардың кiрiстерiн тұрады.
Мемлекеттiк кiрiстердiң бөлiктерiн орталықтандыру бюджеттiң мақсатымен - халық шаруашылығының бүкiл салаларын жоспарлы дамытуды қамтамасыз ету, халықтың материалдық қажеттiлiгiн көтеру, мәдени дамуын жоғарылату, мемлекеттiң органдарын қамтамасыз етумен шартталады.
Кiрiстердiң екiншi бөлiгi кәсiпорындардың шаруашылық ұйымдардың тiкелей өз қарауында қалдырылып, өндiрiстi кеңейтуге, мадақтау қорларын құруға және басқа да мақсатты – жоспарлы қажеттiлiктерге жұмсалады.
Сонымен, мемлекеттiк кiрiстердiң түсiнiгi кең түсiнiк болып табылады. Ақша ресурстарының кейбiр бөлiгi мемлекеттiң қарауына мемлекеттiк мүлiктiк және жеке сақтандыру, жинақтама кассаларындағы халықтың салымдары сияқты басқа да қаржылық институттардың көмегiмен түседi.
Химичеваның ойы бойынша, мемлекеттiк кiрiстер дегенiмiз мемлекеттiң ұлттық табысының мемлекеттiң меншiгiне келiп түсетiн әртүрлi ақша түсiмдерi арқылы бөлу және қайта бөлу процессiнде пайда болатын, мемлекеттiң алдындағы мiндеттер мн функциаларды шешу үшiн қажет қаржылық базаны құру үшiн жүзеге асырылатын ұлттық табыстың бөлiгi.
Қаржы теориясында критериилерге бөлiнетiн мемлекеттiк кiрiстердiң бiрнеше түрлерiн атауға болады, бiрiншiден, қайтарылатын, қайтарылмайтын кiрiстер. Қайтарылмайтын кiрiстерге салықтарды, ақша ұтыс лотореяларын жүргiзуден түскен кiрiстер, мемлекеттiң пайдасына берiлген ерiктi қайырымдылық қорлар жатады, ал қайтарылатындарға мемлекеттiк қарыз алуларды жатқызамыз. Екiншiден, ақылы және ақысыз кiрiстер деп бөлемiз. Ақысыз кiрiстерге – салықтарды және ерiктi қайырымдылық қорларға сыйға тартуларды жатқызамыз, ал ақылы кiрiстерге басқа салықтық емес мiндеттi төлемдердi жатқызамыз, оларды салыстырмалы ақылы төлемдер деп атайды. Бұл заңдық критерии эквиваленттiлiктiң экономикалық категориясын көрсетедi.
Кейде кiрiстердi орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөледi.
Бюджет аралық қатынастарда салықтарды – тұрақты бекiтiлген деп және реттеушi кiрiстер деп бөледi. Гуревичтiң ойы бойынша – тұрақты бекiтiлген кiрiстер белгiлi бiр бюджеттерге бекiтiлiнедi, олардың ролi негiзiнен бюджеттi тұрақты түрде кiрiстермен қамтамасыз етiп отыру. Тұрақты кiрiстердiң артықшылықтары – олар бюджеттiң жасалуын және орындалуын жеңiлдетедi, бiрақ кемшiлiктерi де бар, негiзiнен ереже бойынша олар ақша қорларындағы ақша қаражаттарының пай да болуы және бөлiнуiн бiрiңғай жасамайды.
Ал реттеушi кiрiстер республикалық және жергiлiктi бюджеттерге жалпы мемлекеттiк салықтардан және кiрiстерден түскен жалпы көздерден бөлiнедi. Мемлекеттiк кредиттiң мемлекеттiк бюджетке ақша қаражаттарын жинаудың негiзгi тәсiлдерiнiң бiрi болып табылатындығы белгiлi.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Нормативтi актiлер:
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995ж.;
2. ҚР «Салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы« 24.04.1995ж. заңы;
3. ҚР «Бюджет жүйесi туралы« 24.12.1996ж. заңы;
4. ҚР «Бюджет жүйесi туралы« 01.04.1999ж. заңы;
5. ҚР «Мемлекеттiк баж туралы« 31.12.1996ж. заңы;
6. ҚР «Алматы қаласының ерекше статусы туралы« 01.07.1998ж. заңы;
7. Алматы қаласының маслихатының «Алматы қаласының символикасын пайдалану туралы« 31.12.1997ж. шешiмi;


Арнайы әдебиеттер:
1. Аттапхан К.А. Фискальная система Государства: роль и вопросы совершенстования. Алматы, 1999ж.;
2. Найманбаев С.М. Салықтық құқық, Алматы – 1996ж.;
3. Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы – 1995ж.;
4. Худяков А.И. Налоговое право РК. Алматы – 1998ж.;
5. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. «Қаржы» Алматы - 2005

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мемлекеттің кірістері. Реферат.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...3

1. Мемлекет кірістерінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы ... ... ... ... ... 11

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ...14

КІРІСПЕ

Мемлекеттiк кiрiстер терминi - әдебиеттерде және құқықтық актiлерде
екi түрлi мағынада қолданылады. Бiржағынан, бұл терминмен экономикалық бөлу
қатынастарының белгiлi бiр тобы анықталады, екiншi жағынан – мемлекеттiң
қаржысы анықталады. Мысалы, Цыпкиннiң ойынша, мемлекеттiк кiрiстер ретiнде
ұлттық кiрiстi бөлу процессiнде мемлекетке келiп түсетiн ақша ресурстары
болып табылады. Бұл кiрiстердiң пайда болу көзi ұлттық табыс.
Барлық мемлекеттiк кiрiстердiң жүйесi орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған кiрiстерден тұрады, яғни мемлекеттiк бюджеттiң
кiрiстерiнен және мемлекеттiк кәсiпорын, бiрлестiктердiң және ұйымдардың
кiрiстерiн тұрады.
Мемлекеттiк кiрiстердiң бөлiктерiн орталықтандыру бюджеттiң мақсатымен
- халық шаруашылығының бүкiл салаларын жоспарлы дамытуды қамтамасыз ету,
халықтың материалдық қажеттiлiгiн көтеру, мәдени дамуын жоғарылату,
мемлекеттiң органдарын қамтамасыз етумен шартталады.
Кiрiстердiң екiншi бөлiгi кәсiпорындардың шаруашылық ұйымдардың
тiкелей өз қарауында қалдырылып, өндiрiстi кеңейтуге, мадақтау қорларын
құруға және басқа да мақсатты – жоспарлы қажеттiлiктерге жұмсалады.
Сонымен, мемлекеттiк кiрiстердiң түсiнiгi кең түсiнiк болып табылады.
Ақша ресурстарының кейбiр бөлiгi мемлекеттiң қарауына мемлекеттiк мүлiктiк
және жеке сақтандыру, жинақтама кассаларындағы халықтың салымдары сияқты
басқа да қаржылық институттардың көмегiмен түседi.[1]
Химичеваның ойы бойынша, мемлекеттiк кiрiстер дегенiмiз мемлекеттiң
ұлттық табысының мемлекеттiң меншiгiне келiп түсетiн әртүрлi ақша түсiмдерi
арқылы бөлу және қайта бөлу процессiнде пайда болатын, мемлекеттiң
алдындағы мiндеттер мн функциаларды шешу үшiн қажет қаржылық базаны құру
үшiн жүзеге асырылатын ұлттық табыстың бөлiгi.[2]
Қаржы теориясында критериилерге бөлiнетiн мемлекеттiк кiрiстердiң
бiрнеше түрлерiн атауға болады, бiрiншiден, қайтарылатын, қайтарылмайтын
кiрiстер. Қайтарылмайтын кiрiстерге салықтарды, ақша ұтыс лотореяларын
жүргiзуден түскен кiрiстер, мемлекеттiң пайдасына берiлген ерiктi
қайырымдылық қорлар жатады, ал қайтарылатындарға мемлекеттiк қарыз алуларды
жатқызамыз. Екiншiден, ақылы және ақысыз кiрiстер деп бөлемiз. Ақысыз
кiрiстерге – салықтарды және ерiктi қайырымдылық қорларға сыйға тартуларды
жатқызамыз, ал ақылы кiрiстерге басқа салықтық емес мiндеттi төлемдердi
жатқызамыз, оларды салыстырмалы ақылы төлемдер деп атайды. Бұл заңдық
критерии эквиваленттiлiктiң экономикалық категориясын көрсетедi.
Кейде кiрiстердi орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп
бөледi.
Бюджет аралық қатынастарда салықтарды – тұрақты бекiтiлген деп және
реттеушi кiрiстер деп бөледi. Гуревичтiң ойы бойынша – тұрақты бекiтiлген
кiрiстер белгiлi бiр бюджеттерге бекiтiлiнедi, олардың ролi негiзiнен
бюджеттi тұрақты түрде кiрiстермен қамтамасыз етiп отыру. Тұрақты
кiрiстердiң артықшылықтары – олар бюджеттiң жасалуын және орындалуын
жеңiлдетедi, бiрақ кемшiлiктерi де бар, негiзiнен ереже бойынша олар ақша
қорларындағы ақша қаражаттарының пай да болуы және бөлiнуiн бiрiңғай
жасамайды.
Ал реттеушi кiрiстер республикалық және жергiлiктi бюджеттерге жалпы
мемлекеттiк салықтардан және кiрiстерден түскен жалпы көздерден бөлiнедi.
Мемлекеттiк кредиттiң мемлекеттiк бюджетке ақша қаражаттарын жинаудың
негiзгi тәсiлдерiнiң бiрi болып табылатындығы белгiлi.

1. Мемлекет кірістерінің мәні

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы
ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне
пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің
кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады,
бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы
құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары
жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде
ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы
халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы)
болініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі
кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес
сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді.
Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.)
табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдык енімнің құнын шаруашылық
жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары
орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағында қалғандары орталықтандырыл-маған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы
экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен
қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің
ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамыңда басты орынды
бюджеттің кірістері алады, оның ссебінен қоғамды дамытудың экономикалық
және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге
орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге,
өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік
береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған
кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық
жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының
анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру
мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты
болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша
қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының
жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және
шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының
үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және
қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі
болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет
кірістерінің айтарлықтай козі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір
бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің
салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың
және халықтың табысының бір болігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі
бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және
т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.

Мемлексттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы),
қосылған құнға салынатын сапық, акциздер, кеден табыстары түріндсгі табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан,
жсрден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсстін қаражаттар);
3) мемлекетгік мекемелер мен ұйымдар көрсстетін ақылы қызметтерден
алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлем) мен
шаруашылық смес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының
алымы, тауар белгілері үшін өтінімалымы);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы
шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.
"Мемлекеттің кірістсрі" мен "Мсмлекеттің қаржы ресурстары" ұғымдарын
ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары — уақыттың бір мезетіндегі
мемлекеттің, кәсіпорындар немссе шаруашылық ұйымдардың меншігіндсгі ақша
қорларының жиынтығы.
"Қаржы ресурстары" ұғымы мазмұны жағынан "мемлекеттің кірістері"
ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына
кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін
қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына
келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы,
құыным мерзімі еткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен
шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген,
мүрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап стілмеген (коліктегі талап
етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық
жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдср. Бұл ақша қаражаттары (сондай-
ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни
қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып
табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер,
өсім (өсімпүл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін
түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін)
болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар — қарыз
қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың
қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік
кәсіпорындардың түрақты пассивтері осімінің сомалары ретіндегі
ішкішаруашылық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сойтіп,
мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа
көздер есебінсн құралады (11.1 сызба).
Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық, табыс болып табылады, ал қаржы
ресурстары жалпы қоғамдық барлық сомасын бөлу және қайта болу кезінде
жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының
жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
"Мемлекеттің кірістері" және "мемлекеттік бюджеттің кірістері"
ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда
қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені
мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің кірістері
Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні
Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы
Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі
Мемлекеттік кірістер
Мемлекет қаржысының кіріс көздері
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Құйылым пайдаларын түзету
Пәндер