Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы


Мазмұны

Кіріспе . . . 3-9

I Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы және осы стратегиядағы Қытайдың орыны . . . 9

1. 1 Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы . . . 9-23

1. 2 Қазақстанның сыртқы саясат стратегиясында Қытайдың орны . . . 23-25

1. 3 Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы және оны дамуытудағы негізгі принциптер . . . 25-32

II Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының қазіргі кезеңі . . . 32

2. 1 Қытай-Қазақстан экономикалық-сауда және энергетика қатынасы . . . 34-51

2. 2 Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық және «шаңхай форумы» шеңберіндегі интеграциялық үрдістер . . . 51-56

2. 3 Қытай-Қазақстан екі елінің қорғаныс жағдайы және принципі . . . 51-59

Қортынды . . . 60-62

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59-6

КІРІСПЕ

Кеңес Одағының ыдырауы XX ғасырдың соңғы мезгіліндегі ең ірі уақиғаның бірі болып , жалпы халықаралық саяси жағдайдың өзгеруіне әкеліп соқты. Бұрынғы Кеңес Одағының үлкен шаңырағынан бөлініп жаңа отау көтерген дербес елдердің бірнешеуі Қытаймен көршілес. Оның Қытай үшін ең маңызды көршісі болып отырғаны қазақ елі.

Қазақстан Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде болып, оның дербес болуы Еуроазия құрлығының геосаяси жағдайының өзгеруін туындатты. Егемен Қазақстанның сыртқы стратегиялық бағыты, Қытаймен қандай қатынас орнату жөніндегі көзқарасы Қытай үшін өте маңызды болып есептелді. Сонымен бірге Қытайдың да айтылмыш істерге болған көзқарасы Қазақстан үшін де маңызды. Қытай мен Қазақстан қатынасы екі жақ үшін ғана маңызды болып қалмай, осы аймақтағы тіпті бүкіл әлем қауымдастығына да тигізетін әсері өте зор болып отыр.

Қытай-Қазақстан екі ел халқының үзақ тарихи достық қатынасы бар. Әлемге әйгілі "жібек жолы" екі ел халқының қоян-қолтық қатынасын жалғап келді- Реформа жүргізіп экономиканы дамыту - Қытайдың қазіргі алға қойып отырған басты міндеті. Бұл міндетті орындау үшін бейбіт түрақты халықаралық орта қажет. Сол үшін Қазақстан мен бейбіт тепе-тең түру, бес принциптің негізінде қарым-қатынас дамыту Қытай сыртқы саясатының басты бір құрамы. Қытай Қазақстанмен қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, оны сыртқы қатынастарындағы ең басты орынның біріне қойып отыр. Қазақстан мен достық қатынасты жақсарту Қытайдың батыс солтүстік аймақтарындағы тыныштық пен осы аймақтың экономикасын дамытуға септігін тигізетіні белгілі.

Қытаймен ынтымақтастықты жақсарту Қазақстан үшін де маңызы зор. Қазақстан ашық теңізге төтелей шыға алмайтын құрлықтық ел болғандықтан, Қытай Қазақстанның әлемге шығуындағы үлкен бір есігі болып табылады. Сонымен бірге Қытай-Қазақстан мөмлекеттерінің өзара экономикалық, мәдени, информациялық ынтымақтастығының орнатудың екі жаққа да қомақты пайдасы бар.

Ежелгі "жібек жолын" қайталай жаңғыртып оны осы заман жобасына сай етіп қолдану Қытай-Қазақстан халықтарының болашағы мен осы аймақтағы бейбітпіілік пен тұрақтылық үшін қосатын үлесі зор болып қала бермек. Қытай елбасшылары Қазақстанмен қырым-қатынасына баса мән беріп келеді. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Цзян Цзэминь былай дейді: "Қытай мен Қазақстан басшылары екі елдің дәстүрлі достық қарым-қатынастарын дамытуға зор маңыз береді. Соңғы жылдары менің және Президент Н. Назарбаевтің арасында осы күнге дейін көп кездесулер болып өтті. Біздің арамызда қазірдің өзінде бірлескен саяси қүжаттарға өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым-қатынастарымыздың түрақты дамуы үшін берік саяси жаңа заңды іргетасы болып отырған, екіжақты қарым-қатынастардың және ірі халықаралық проблөмалардың үлкен тобы бойынша ортақ түсініктің бірқатарына қол жеткіздік"[1] .

Қытайдың бұрынғы Премьер министрі Ли Пэн Сыртқы істер министрі Цянь Цичэнь Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын дамытудың екі жақ үшін де аса маңызды екендігін көп рет қайталап көрсетеді. Қазіргі өкімет басына келген Жу Рунцзи да Қытай өкіметінің Қазақстанмен болған қарым-қатынасты дамыту жөніндегі көзқарасының өзгермейтіндігін жалғасты дами беретіндігін айтады [2] .

Сондықтан бұл мәселелерді талдау таңдап ал осыған зерттеу жүмысының өзектілігін арттырады.

Зерттелу пәні . XX ғасырдың 90-жылдарыныан бергі Қытай-Қазақстан екі ел қатынастарының дамуы және қарым - қатынастың қазіргі кезеңі, әсіресе оның саяси экономикалық саладағы ынтымақтастығы айырықша мән беріледі. Мемлекет қауіпсіздігі, шекара мәселесі, екі елдің экономикалық және саяси сыртқы саясаты ашылып түсіндіріліп, ондағы екі елдің алатын орнына ерекше көңіл бөлінді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары жөнінде Қытайдың саясаткерлерімен зерттеуші ғалымдары тікелей және жанамалай зерттеулер арнап келеді.

Қытайдың атақты ғалымы Джао Цанцин "Қазақстан сыртқы қатынастарына жалпы шолу" атты еңбегінде Қазақстанның сыртқы саясатына, оның Қытаймен байланысын ерекше тоқталған. Ол Қытай мен Қазақстанның тату көршілік қатынасын жақсарту - бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтауда аса зор маңызға ие деген көзқарасын жан-жақты нақтыпәкттер арқылы көрсетіп береді [3] .

Тарих ғылымының докторы Юй Хунцзжи "Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ТМД елдерінің дамуы" атты шығармасында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі дербес болған әрбір елдің жағдайына талдау жасайды. Соның ішінде Қазақстан жөнінде егжей-тегжейлі зерттеп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына талдау жасайды. Сондай-ақ Н. Назарбаевтің сыртқы саясат ойларына зерттеу жүргізіп, Қазақстанның сыртқы саясатының қол жеткізген табыстарының себебін көрсете біледі [4] .

Саясаттану ғылымының докторы Син Гуанчан "Қытай мен жаңадан дербестігін алған Орта Азия елдерінің қатынастары" атты кітабында Қытай мен жаңа дербес болған Орта Азия елдерінің қарым-қатынасын түңғыш рет көлемді егжей-тегжейлі зерттейді. Автор Орта Азия елдерінің дербестік алуы Еуропа Азия құрлығының геосаяси жағдайын өзгертті деген көзқарасын ортаға қойып, Қытай мен Орта Азия елдерінің "Жібек жолын" қайта өркендетудің жақсы мезгілге дәл келіп отырғандығын айтады. Қытайдың Орта Азия елдерімен қоян-қолтық қатынас орнату ұсынысын белдіреді. Сондай-ақ Қытайдың Орта Азия елдерімен қатынас жасауда ойластыратын мәселелер де ашалып көрсетілген. Ол Қытайдың Орта Азия елдерімен байланысты күшейтуді басты орынға қою - қазіргі жағдай үшін ғана тиімді болып қалмай келешектегі стратегиялық жоспар үшін де өте маңызды екендігін көкейге қонымды дәлелдер келтіре отырып түсіндіреді [5] .

Қазақстан-Қытай қатынасы Қазақстанда зерттеушілердің еңбектерінде ашық көрсетілген.

Қазақстан дипломаты К. С. Султанов мырза Казахстанско-китайские отношения на современном этапе {1991 -1997 гг) " деген еңбегінде Қытай мен Қазақстанның геосаяси жағдай қатынасындағы ерекшелігі мен оның екі ел қатынасындағы әсері тілге тиек етіп Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының тарихы қазіргі жағдайы және болашағы сарапталып көрсетілді. Сондай-ақ екі елдің реформасы салыстырыла зерттеліп, оның екі ел саясатындағы рөлі мен болашағы баяндалады [6] .

қазіргі кезде Қазақстанның халықаралық аренадағы басқа мемлекеттермен қатынастарының орнатуы мен дамуын ғылыми талдау негізінде сипаттап, өзекті мәселелері мен принциптерін анықтауға арналған зерттеулер көп. Оның ішіндегі ең көлемдісі 1998 жылы жарық көрген "Актуальные проблемы внешней политики Казахстана" атты мақалалары жинағы. Бұл жинақта Қазақстан өлшілерінің өздерін толғандырып жүрген сыртқы саясат меселесінің сан-алуан қырлары жөніндегі нақты пікірлері өзінің дәйектілігімен маңызды.

Бұл жинақта Қазақстанның Қытайдағы елші К. С. Султановтің "По пути добрососедства" атты мақаласында Қазақстан-Қытай қатынасының даму деңгейі сараланып, екі елдің саяси, экономикалық, мәдени қатынастар ашық көрсетілген. Ол Қазақстан-Қытай қатынастарының даму процессін егжей-тегжейлі таныстырды [7] .

Қазақстан ел басшылары мен зерттеуші ғалымдары саяси байымдауларында, зерттеген еңбектерінде Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары жайында да сөз еткен. Қазақстан Президенті Қытай-Қазақстан қатынасына ерекше назар аударып келеді. Ол былай деп өз ойын ашық білдіреді: "Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбінен көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз сыртқы саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осындай болашағы зор, экономикасын қарышты қадаммен дамытып жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие" [8] .

Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мырза да Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын жақсартудың өте маңызды екендігін талай рет атап көрсеткен еді. Ол "Под стягом независимости" деген еңбегінде Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарына көптеп тоқталады. Онда Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының бұрынғысы мен қазіргісін және келешегін егжей-тегжейлі таныстырып оның маңыздылығын, өте өміршеңдік күшке ие екенін баса айтады, сондай-ақ екі елдің халықаралық мәселелер жөніндегі кезқарасының ұқсастық жақтарын мақтаныш етеді, әрі ірі мәселелер жөніндегі ұсыныстарын құптайды [9] .

Қазақстанда тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корр. Мүшесі , порфессор Ж. К. Қасымбаев мырза өзінің "Казахстан Китай: караванная торговля в ХІХ-начале XX веков" атты еңбегінде Қытай-Қазақстан қатынасының ежелгі тарихы жағынан сөз қозғайды. Ол ХІХ-ғасырдан ХХ-ғасырдың басына дейінгі Қазақстан-Қытай арасындағы сауда қатынастарды егжей-тегжейлі таныстырды [10] .

Қытай-Қазақстан қатынастарының Қазақстанның сыртқы саясатында алатын рөлі мен маңыздылығы жалпы дамудың барысын түсінуде және негізінде Қазақстан президенті Н. Назарбаев пен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Қазақстанның сыртқы саясатының мәселелеріне арналған еңбектері ең негізгі арқау болды [11] .

Қазақстан ғалымдары мен саясаткерлері Қазақстан сыртқы саясатының теориялық және практикалық мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеп, негіздеуде өз үлестерін өлшеусіз қосып келеді [12] . Соның нәтижесінде Қазақстан сыртқы саясатының қазығы бекем қағылып, керегесі кең жайылып шаңырағы биіктеп, оның әр түрлі бағыттағы беталысын зерттеуге негіз қаланған. Бұл жалпы Қазақстан сыртқы саясаты жөніндегі зерттеулер болғанмен, әлі де жеткілікті емес. Соның ішінде әсіресе, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының сыр-сипаты әлі де толық ашылып кеткен жоқ. Десе де , бұл жөнінде де Қазақстан ғалымдары Хафизова К. Ш., Алдабекова Н. А. сияқты бір топ зерттеушілер аямай тер төгіп, Қазақстан мен Қытайдың тарихи байланыстарын зерттеу арқылы қазіргі беталысқа үлгі ұсынып келөді. Мысалы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хафизова К. Ш. өзінің "Китайская дипломатия в Центральной Азии(ХІУ-ХІХвв-) " атты еңбегініде екі елдің қатынастарын көрсеткен [13] .

Қытай-Қазақстан байланыстарының салаларын , сипатын, даму қарқыны мен перспективаларын саралау , зерттеу ісінде Қазақстанның әлемнің өзге елдерімен байланысы туралы жазған еңбектердің нұсқау болары заңды. Қазақстанның Еуропаның, Азиямен Америкамен әртүрлі елдерімен саяси, экономикалық, мәдени байланыс орнатуының негізгі аспектілері , мәселелері мен перспективаларына бірқатар зерттеулер, мәселелердің қарастырылу бағытына жол сілтеді. Сонымен бірге Қазақстанның өзге шетелдермен байланысы фонында Қазақстан-Қытай қатынасының орнын көрсетуге мүмкіндік берді.

Диплом жүмысының деректік негізіне шолу. Диплом жұмысының алға қойған мақсатын орындауда негіз болған деректерді қайнар көзіне қарай бірнеше топқа бөліп сөз етуге болады:

Заң актілөрі мен өкімет қаулылары. Тақырыпты зерттеу барысында Қытай-Қазақстан заңдары мен өкімет қаулылары негіз болып алынды.

Мемлекет қайраткерлерінің еңбектері мен сөздері. Бұл барыста Қытай басшысы Дэн Сяопиннің, Цзян Цзэминьнің, Ли Пэннің, Цянь Цичэньнің, Жу Рунцзидің бұл жөніндегі сөздері мен Қазақстан елбасы мен өкімөт қайраткерлері Н, Назарбаев, Қ. Тоқаев, Қ. Сұлтанов, Т. Сүлейменов және басқа басшылардың сөздерін дәлел еттік,

Екі елдің дипломатиялық құжаттары. Олар - Қытай мен Қазақстан арасында 1992-жылдың 3-ақпанында дипломатиялық қатынастар орнаған күннен бастап , екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық салаларында байланыстардың қалыптасуына жол ашқан, Қытай мен Қазақстан арасында ресми түрде қол қойылған деклорациялар, коммюникелер, келісімдер. Бұл құжаттар екі ел арасындағы қатынастардың барысы мен сипаты ерекшелеуде аса маңызды деректік негіз болды. Бұндай құжаттар 1997-жылы Бежінде басылып шыққан "Қазақстан Қытай" деп аталатын Қазақстаның Қытайдағы елшілігінің бастамасымен екі ел арасындағы қатынастардың орнауына 5 жыл толу құрметіне арналған құжаттар жинағында жинақталып, бір жүйеге түсті.

Диплом жүмысын жазуда пайдалынған деректердің келесі бір үлкен тобы. Қытай мен Қазақстанда шыққан газет-журналдар екі жақты қатынастардың барысы, ондағы оқиғалар туралы ақпарат. Қытайда шығатын «Рын Мынь Ры Бао», « Щинь Нуа Юей Бао » [14] . деп аталатын мерзімді басылымдар Қытай жағының Қазақстанға қатысты ресми көзқарасын, халық бұқарасының пікірі жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік жасады. Қазақстандық "Егемен Қазақстан" [15], "Казахстанская правда" [16] , "Панорама" [17] газеттер де тақырып бойынша мәнді дерек көзі ретінде пайдаланылды.

Статистикалық анықтамалар. Қазақстанда тұратын Қытайдың сауда экономикалық өкілділігінің архивінің материалдары. Бұл материалдар екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың көрсеткіштері, әсіресе Қытай Қазақстан байланыстарының көлемі, сипаты женінде нақты сандық көрсеткіштер, жалпы мәліметтер алуға жағдай жасады.

Қытайдың Қазақстанда тұратын Цинхуа агенттігінің мәліметтері тақырыпты зерттеуге негіз болды. Бұл агенттік Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының барысын қадағалап, саралаумен айналысады және соның негізінде жыл сайын екі ел арасындағы байланыстардың жағдайы, деңгейі туралы шолу жасап отырады. Сондықтан агенттіктен алынған материалдардың ғылым үшін құдылығы сөзсіз деп ойлаймын.

Диплом жүмысының зерттеу мақсаты . Қытай мен Қазақстанның сыртқы стратегиясымен екі жақтың қатынастарын дамытудағы принциптеріне талдау жасалынып, Қытай-Қазақстан қатынасының орнауы, даму беталысы және оның ерекшелігі жөнінде өз көзқарасын білдіру және Қытай-Қазақстан қарым-қатынасында сақталып отырған мәселелерді көрсетіп, оны шешудің жолдары қарастырылды. Осындай мақсаттай зерттеудің мынадай нақты міндеттері туындайды:

Қазақстан Республикасының сыртқы саясат стратегиясында Қытаймен қарым-қатынастың алатын орнын анықтау.

Қытай сыртқы саясатының түп қазығы , бағыттарын көрсете отырып, Қазақстанға қатысты жүргізіп отырған саясатының негізгі принциптерін зерделеу.

Қытай-Қазақстан экономикалық қатынастарының қалыптасу жағдайын, ерекшеліктерін, сипатын саралау.

Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстарда қауіпсіздік мәселенің алатын орнын ашып көрсету.

Диплом тақырыбын зерттеуде басшылыққа алған методологиялық принциптер мен тұжырымдар:

Бейбітшілікті сақтап дамуды тездету қазіргі әдемнің ең үлкен тақырыбы болу керек деген мәселе Қытай басшылары мен зерттеупгілерінің ортақ көзқарасы болып отыр. Бейбітшілік пен даму тікелей байланысты, бейбітшілік пен тұрақтылық бомаса, экономиканың дамуы да мүмкін емес. Сонымен бірге экономика дамымаса, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау да оңай болмайды. Халықаралық қауымдастық бұл мәселені шешу керек. Сондықтан бейбіт халықаралық ортаны сақтау ауыр міндетін әлемдегі барлық ел ортақ күш сала отырып арқалау керек.

Кеңес Одағының ыдырағаннан кейін, дүние жүзіндік соғыстың басталу қаупі азайып, кептеген елдер экономикасын дамытуға баса назар аударатын халықаралық жақсы орта қалыптаса бастады [18] .

Даму мәселесі де жалқы өмір сүрмейді. Әлемдік экономикалық ғылым-техникалық байланыстардың үшқан қүстай дамуына байланысты, дөңгелеген дүние кішірейіп бара жатқандай сезінеміз, әрқандай бір ел халықаралық қауымдастықтан оқшау өмір сүруі мүмкін болмай отыр. Содықтан бейбітшілік сақтап, экономиканы дамыту әр елдің ез міндеті болумен бірге бұкіл халықаралық қауымдастықтың да ортақ күш салатын шешетін үлкен мәселесі болып отыр [19] .

Қазіргі әлем әскери, саяси идеология дәуірінен экономиканы дамыту дәуіріне қарай бет алып отыр. Экономикалық саланың халықаралық қатынастарда алатын орны барған сайын жоғарлауда. Қырғи қабақ соғыс кезінде идеологиялық саясат, әскери күштер әр елдің сыртқы саясат стратегиясында басты орын алған еді, қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, әр ел экономикалық стратегиясын белгілеуге лапқойып, сыртқы экономикалық стратегияны әр елмен қатынас жасаудағы басты шарт етті. ХХ-ғасырдың соңғы мезгілідегі халықаралық қауымдастықтың басты ерекшелігі экономикалық интеграцияға қарай жақындап келеді. Аймақтық экономикалық интеграция негізінде, бүкіл әлемдік экономикалық интеграцияға қарай бет алуда [20] .

Қырғи қабақ соғыс аяқтағаннан кейін, халықаралық қауымдастық "екі асқан ірі елдің" әлемді екіге бөлунен өзгеріп, қазіргі әлем көп жақтылы өзі өзгеріске қарай өтуде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін дүниедегі екі үлкен бір-біріне қарсы топ та өзгерді [21] .

Диплом жүмысымда қолданылған зерттеу тәсілдерім:

- Зерттеу жүмысым орындауда жалпы ғылымда кеңінен
тараған салыстыру тәсілін қолдандым. Бүл тәсілдің өкі елдің даму
мәселелерін зерттеуде өте құнды екені белгілі.

- Сараптау тәсілі, әсіресе, Қазақстан мен Қытайдың сыртқы
саясат стратегияларын саралап , ғылыми негіздеуде өз көмегін
тигізді:

Қадағалау тәсілі - екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың даму барысын, сипатын зерттеудің ең қарапайым да, тиімді тәсілі болды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы . Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының XX ғасырдың 90-жылдарының басынын бастап қазірге дейінгі қарым-қатынаының қалыптасу, өрістеу және болашағы жөнінде тұңғыш ұмтылысы болып отырғандығында. Диплом жұмысындағы басым көп санды дерек Қытай деректерінен тікелей алынып отыр.

Қолданыстың маңыздылығы - көлемді деректік матөриалдардың негізінде Қытай-Қазақстан қатынасын зерттеу жүргізу олардың болашақта нығаюы мен өркендеуінің, екі жаққа да тиімді болып тұр.

Дипломни жұмыс: кіріспеден, екі тараудан және қортындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

I КАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЬІ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ОСЫ СТРАТЕГИЯДАҒЫ ҚЫТАЙДЫҢ ОРЫНЫ

1. 1 Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы

Қазақстан сыртқы саясат стратегиясы ол дербес ел болғаннан кейін біртіндеп қалыптаса бастады. Назарбаев "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген баяндамасында Қазақстан сыртқы саясат стратегиясын Қазақстан сыртқы қызметтеріне бағыт көрсетіп отыратын нұсқаушы күш екендігін айқындап көрсеткен. 1995-жылы ақпанда Қазақстанның сыртқы істеріне байланысты ашылған мәжілісте Н. Назарбаев баяндама жасап, Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясын толықтап көрсетіп береді.

Қазақстан сыртқы саясат стратегиясын белгілеуде әсер етіп отырған жағдайлар.

Қандай да бір ел болмасын өзінің сыртқы саясат стратегиясын белгілегенде ең бастысы өз елінің жағдайына сүйеніп негіздейді. Қазақстан да осындай. Олай болса Қазақстанның бұл тұрғыдан алрандағы жағдайы қандай?

1) Қазақстанның географиялық жағдайына көз жіберсек, Қазақстан - Европа мен Азияның түйіскен жеріне орналасқан, Қытай, Ресей және Мұсылман елдері айналасын қоршап жатқан құрлықтық ел, оларсыз ашық теңізге тікелей шығу мүмкін емес. Бұл жағдай "Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуын қиындатуда" [22] . Сондықтан Қазақстан үшін сыртқы стратегиясын белгілеп, ашық теңізге шығатын тиімді жол табу өте маңызды болды.

2) Экономикасының дамуы жағынан Қазақстанның экономикалық құрлымы жан-жақтылы емес, яғни шикізат көзі ғана болып отыр. Бұл жағдай Қазақстанды дамыған елдермен сыртқы қатынас орнатуға қарай итеріп отыр.

3) Діни саладан алатын болсақ , Қазақстан мұсылман дінін ұстаған қазақ ұлтын негіз еткен ел. Бұрынғы Көңес Одағының мұсылман дінін тұншықтыру үшін жүргізген саясаты бұл елдегі мұсылман халықтарының күшті нараздылығын қозғап келген еді. Қазақстан дербес мемлекет болғаннан кейін дінге сену еркіндігі арта түсті. Қазақстан өз елінің негізгі ұлтының қанағатын орындау мен мұсылман елдерінің қаржылай және техникалық көмектерін тарту үшін мұсылман жақындық ретінде мұсылман елдерімен қатынас жасау ұтымды бір сыртқы саясат болады.

4) Әскери саланы тілге тиек етсек, дербестіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ядролъгқ қаруы бар ел болғанмен оның жалпы әскери қарулы күші әлсіз болды. Бірнеше жылдан кейін ол ядролық қаруын жойған елге айналды. Бірақ экономикалық қиыншылықтар болғандықтан әскери күші жай көтерілді. Сондықтан Қазақстан сыртқы саясат пен мемлекеттік қауіпсіздік стратегиясын белгілегенде шет күшті қолданып өзін қорғау тұралы мәселені ойлау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан - 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Кәсіпқой мемлекет
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы саяси қатынас.
Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
ҚР сыртқы экономикалық саясаты
ҚР сыртқы экономикалық саясаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz