Түрлі ұлт өкілдеріндегі сыпайылық категориясының вербалды және бейварбалды қатынастар арқылы көрініс табуы (ағылшын, қазақ, орыс тілдері негізінде)
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.8
I.Тарау: Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара
байланыстылығы мен семантикалық сипатына шолу
1.1. Сыпайылық ұғымының зерттелу жәйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.14
1.2. Қаратпа сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.18
1.3. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара байланыстылығы мен
әлеуметтілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.21
1.4. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің семантикалығы ... ... ... ... ... 21.31
I . Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32.33
II.Тарау: Ағылшын, қазақ, орыс, тілдеріндегі сыпайылық
категориясының жалпы сипаттамасы
2.1. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.37
2.1.1. Тілдесім әрекетіндегі сыпайылық категориясы ... ... ... ... ... ... 38.60
2.2. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61.67
2.3. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылықтың бейвербалды
қатынастар арқылы көріні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68.79
2.4. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80.83
II. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...84.86
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87.93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .94.98

Адам есейген сайын оның айналасындағы орта ұлғайып, кеңейе береді.
Күнделікті өмір адамдар арасындағы сан-салалы байланыстар мен қарым-қатынасқа толы. Оны саралап ой елегінен өткізсеңіздер, олар адамдардың әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс тұрыс, сөлеу, киім кию тәртібіне, бір сөзбен айтқанда, әдеп, әсіресе сыпайылық ережелеріне келіп тіреледі.
Ал сыпайылықтың өзі – адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық, әдептілік, кішіпейілділік қасиет [35,65].
Сыпайылық тілде адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын және олардың өзара достық қарым-қатынас орнатуына ұйытқы болатын арнаулы қызмет. Сөйтіп, қоғамның, ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалының сау-саламат болуына , сөз жоқ, септігін тигізіп отырады [27,93].
Жалпы сыпайы адам, өзінің бақа адамды жек көретінін байқатпайды және шамадан тыс ұнатқан сезімін де білдірмейді. Мұның өзі айналадағыларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті [36,75].
Ал, отбасы мен қоғамда бұрқ ете түсетін үлкен-кішілі үрыс-керістер мен кикілжіңдердің түпкі себебі дөрекі, қапал айтылған түпкі сөз екеніне зер салып тексерген кісінің көзі айқын жетеді. Дөрекі де анайы ауыз сөз, дұт мінез бен тұрпайы қылық тәрбие көрмеген, тас бауыр, пәс адамдардан шығатыны әмбеге аян.”Бұлттан шыққан күн ащы, жаман адамның тілі ащы” т.с.с. мақалдар халық тәжірибесінен қорытылған шындық екені даусыз. Ондай сөздер қоғам ісіне ауыр зардап тигізіп, жеке адамның да көңілін қалдырып, жанын күйзелтеді [9,90].

1) Акишина А.А., Акишена Т.Е.Формановская Н.И. Спросите
попросите... М., 1989. – 109с.
2) Акишина А.А., Формановская Н.И. Русский речевой
этикет (пособие для иностранцев). – М., 1983. -200с.
3) Алпатов В.М. Категория вежливости в современном японцком
языке.- М.: Наука 1973.-213с.
4) Аманжолов С., Сауранбаев Н. – Қазақ тілінің грамматикасы
II синтаксис. – Алматы, 1939. – 113б.
5) Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі
грамматикасы. – Алматы, 1971. - 106б.
6) Ахметжанова З.К. Функционально-семантические поля
русского и казахского языков (опыт сопоставительного
исследования).- Алматы: АН Каз ССР, 1989.- 108с.
7) Ахметжанова З.К., Калиханова Р.Е. Сопоставительно
функциональное исследование лексико-фразеологических
систем казахского и русского языков. – Алматы, 1999 .-186с
8) Аракин В.Д. Сравнительная типология английского и
русского языков: Учебное пособие для пед институтов.-2-ое
издание.- М.: Просвещение, 1989.-256с.
9) Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану.- Алматы: Мектеп,
2002. –288б.
10) Әлімбаев М. Толқыннан толқын туады. – Алматы: Қазақ
университеті, 1992. – 248б.
11) Балақаев М.Б. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің кейбір
мәселелері. // Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабаршысы,
Алматы. 1952. - №6.
12) Баранов М.Т. и др. Русский язык. – М.: Просвещение,1989.
288с.
13) Бейсенова С.Б. Невербальные компоненты
коммуникации в казахском языке.- Алматы, 2002. –26с.
14) Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему
языкознанию. Т.1.- М.: Издательство АНСССР, 1963.-384с.
15) Brown P., Levіnson. Polіteness phenomena.- Cambrіdge,
1978. -323p.
16) Durr W. K., Windley V.O., Yates M. C. Keystone. – Boston:
Houghton Mifflin Company, 1976. – 576p.
17) Elaіne Wolker. Steve Elsworth. Grammar practіce.- (London)
England, 2001.-169p.
18) Eagles F. Cutting edge. – England, 2001. - 184p.
19) Гак В.Г. Сопоставительная лексикология (на материале
французского и русского языков).-М.: Международные
отношения, 1977.- 264с.
20) Гак В.Г. Сравнительная типология французского и
русского языков.- 3-е издание.- М.: Просвещение, 1989. - 288с.
21) Гак В.Г. О контрастивной лингвистике // Новое в зарубежной
лингвистике. Выпуск ХХV. Контрастивная лингвистика. – М.:
Пргресс, 1989.- 5-17С.
22) Еламанов Қ. Шаңырақ пен Пырақ.- Алматы: Жеті жарғы,
1999.-176б.
23) Ибрагимова Ж. Тіл табысуға қажетті комуникативтік
дағдылар. – Алматы: Кітап, 2002. №12 декабрь. – 232с.
24) Киселева Л.А. Вопросы теории речевого воздействия
речевого воздействия. – Л., 1978. – 45с.
25) Корнилов О.А. Языковые картины мира как производные
национальных менталитетов. – М.: МАЛП, 1999, - 341с..
26) Кузьменкова Ю.Б. «ABC»’s of Effective Communication.
(Азы вежливого общения): Учебное пособие. – Обнинск: Титул,
2001.- 112с.
27) Қабланова А. Қазақ сөз этикеті. - Алматы, 1993. –151б.
28) ҚТТС. Алматы, 1995, 8 том – 489б.
29) Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. – Алматы:
Жалын, 1989. – 280б.
30) Lacoff R. The logіc of polіteness.- Chіcago. 1973.-305p
31) Leech G. Prіncіples of progmatіcs: - London and New York,
1983.- 250p.
32) Miall A. Xenophobe’s guide to the English. – Ravette
Publishing, 1993. – 184p.
33) Mikes G. How to be an Alien. – Peguin books, 1986. – 280p.
34) Нұрмағамбетов Т. Таңдамалы. - Алматы: Жазушы, 1997.
– 496б.
35) Ожегов С.И. Словарь русского языка.- М.: Русский язык.
1983. – 816с.
36) Оразбаев К. Иман және инабат.- Алматы: Ана тілі, 1993.-152б.
37) Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. – Алматы: Өнер, 2000. - 314б.
38) Пиз А. Язык телодвижений.- М., 1992. –262с.
39) Peter Moor, Sarah Cunnіgham. Cuttіng edge.- London, 2001-110p.
40) Redston Chris. Cutting edge. – England: Pearson education
limited, 2002. – 191p.
41) Сейсенова А. Сыпайылық категориясы // Қазақ тілі мен
әдебиеті. - №12 - 1996.- С.8-10.
42) Сулейменова Э.Д. Казахский и русский язык: Основы
контрастивной лингвистики. – 2-ое издание. - Алматы: Демеу,
1996.-208с.
43) Сыздықова Р. XVIII – XIXғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –
Алматы, 1984. – 205б.
44) Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы. –
Алматы, 1957.
45) Cunningham S. Cutting edge. – England: Pearson education
limited, 2001. – 159p
46) Swan M. Practical english usage. – OUP, 1980. – 360p.
47) Телқозұлы С. Қазақ тілінің ресми және сыпайылық қаратпа
сөздері // Қазақ тілі мен әдебиеті, Алматы, 1991. №7. 14С.
48) Тер-Минасова С.Г. Введение в межкультурную
коммуникацию. – М., 2000.
49) Томаева Б.Ғ. Қазақ тілінің сый-құрмет мағыналы
сөздердің лексика-семантикалық тобы.- Алматы, 2000. –114б.
50) Тумаркин П.С. О невербальном аспекте устной
коммуникации русских и японцев.- М., 1999.-159с.
51) Тумаркин П.С. Русские и японцы: актуальные проблемы
межкультурной коммуникации // Вестник Московского
университета. Серия 13. М., 1997. №1. - 13-23С.
52) Тумаркин П.С. Жесты и мимика в общении японцев. Словарь
справочник.- М.: 2000.
53) Уалиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. 288б.
54) Формановская Н.И., Шевцова С.В. Речевой этикет.
Русско-английские соответствия.-М.: Высшая школа, 1990.-80с.
55) Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения.-
М.: Высшая школа, 1989. –159с.
56) Формановская Н.И. Вы сказали “Здравствуйте!”.-
М.: Знание, 1989.-160с.
57) Шакузадаұлы Н., Ерғалиева Ж. Әдептілік қағидалары. –
Алматы: Өнер, Katev, 2000. – 320бет.
58) Ысқақ Ә. Жүректегі жазулар. – Тараз: Сенім, 2002. – 200бет.
59) Ярцева В.Н. Контрастивная грамматика.- М.: Наука,1981.-101с.
60) Eysenck M.W. Happiness: Facts and Myths. – London: BPC
Wheatons Ltd, 1994. – 132p.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Алматы институты
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: Түрлі ұлт өкілдеріндегі сыпайылық категориясының
вербалды және бейварбалды қатынастар арқылы көрініс табуы
(ағылшын, қазақ, орыс тілдері негізінде)
Магистрант: Сайфутдинова Айгул Сайдисламовна
Ғылыми жетекші:
ф.ғ.к., доцент
Шайбакова Дамина
Дисенгалиевна
Магистрлік диссертация
Мемлекеттік Аттестациялық
Комиссияға қорғауға жіберілді
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң
Алматы институтының директоры
х. ғ. д., проф. Өтелбаев Б.Т.
____ _______________ 2005.
Алматы 2005
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-8
I–Тарау: Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара
байланыстылығы мен семантикалық сипатына шолу
1.1. Сыпайылық ұғымының зерттелу
жәйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-14
1.2. Қаратпа
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...15-18
1.3. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара байланыстылығы мен
әлеуметтілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19-21
1.4. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің семантикалығы ... ... ... ... ... 21 -31
I –
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...32-33
II–Тарау: Ағылшын, қазақ, орыс, тілдеріндегі сыпайылық
категориясының жалпы сипаттамасы
2.1. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...33-37
2.1.1. Тілдесім әрекетіндегі сыпайылық
категориясы ... ... ... ... ... ... 38-60
2.2. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .61-67
2.3. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылықтың бейвербалды
қатынастар арқылы көріні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68-
79
2.4. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80 -83
II-

... ... ... ... ... 84-86
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..87-93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 94-98
КІРІСПЕ
Адам есейген сайын оның айналасындағы орта ұлғайып, кеңейе береді.
Күнделікті өмір адамдар арасындағы сан-салалы байланыстар мен қарым-
қатынасқа толы. Оны саралап ой елегінен өткізсеңіздер, олар адамдардың әр
түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс тұрыс, сөлеу, киім
кию тәртібіне, бір сөзбен айтқанда, әдеп, әсіресе сыпайылық ережелеріне
келіп тіреледі.
Ал сыпайылықтың өзі – адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық,
әдептілік, кішіпейілділік қасиет [35,65].
Сыпайылық тілде адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын және
олардың өзара достық қарым-қатынас орнатуына ұйытқы болатын арнаулы қызмет.
Сөйтіп, қоғамның, ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалының сау-саламат
болуына , сөз жоқ, септігін тигізіп отырады [27,93].
Жалпы сыпайы адам, өзінің бақа адамды жек көретінін байқатпайды және
шамадан тыс ұнатқан сезімін де білдірмейді. Мұның өзі айналадағыларды
ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті [36,75].
Ал, отбасы мен қоғамда бұрқ ете түсетін үлкен-кішілі үрыс-керістер
мен кикілжіңдердің түпкі себебі дөрекі, қапал айтылған түпкі сөз екеніне
зер салып тексерген кісінің көзі айқын жетеді. Дөрекі де анайы ауыз сөз,
дұт мінез бен тұрпайы қылық тәрбие көрмеген, тас бауыр, пәс адамдардан
шығатыны әмбеге аян.”Бұлттан шыққан күн ащы, жаман адамның тілі ащы” т.с.с.
мақалдар халық тәжірибесінен қорытылған шындық екені даусыз. Ондай сөздер
қоғам ісіне ауыр зардап тигізіп, жеке адамның да көңілін қалдырып, жанын
күйзелтеді [9,90].
Төңіректегілерді ренжіту әдепсіздікпен, яғни дөрекілікпен шектелуі
мүмкін. Сондықтан, біз тілдік қатынас құралын(сөзді) дұрыс қолдану жолдары
мен сөйлеу мәдениетіне аса назар аударып, сөз етуді жөн көрдік.
Себебі, сөздің адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор екені
даусыз. қазақ халқының “жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады” деген тамаша
мақалы жылы да жағымды сөйлеудің қаншалықты керемет күшке ие екендігін
аңғартады[9,87].
Тек, өз ұлтымыздың сөйлеу мәдениетін зерттеумен шектеліп қана қоймай,
өзге ұлт өкілдерінің де сөйлеу мәдениетін, яғни ағылшын, орыс тілдерін
қазақ тілімен салыстырмалы түрде зерттеуді жөн көрдік. Себебі, ұлттық
мәдениеттің қалыптасуына этнос тілі үлкен рөл атқарады. Әр халық өзінің
әлемдік суретін ұлт тілі негізінде қалыптастырады. Осыған байланысты, кей
жағдайда адамдардың бірін-бірі түсінуі қиынға соғады. Сондықтан, сөйлеу
мәдениетінің құрамды бөліктерінің бірі болып саналатын ағылшын, қазақ, орыс
тілдерінің сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерін салыстырмалы түрде зерттеп,
олардың лексика-семантикалық тобын анықтауды жөн көрдік.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі: Алдымен, тілдегі сыпайылық пен
қаратпа сөздерді жан-жақты қарастыру, олардың қазіргі таңдағы өзекті
мәселелерімен ұштасып жатуынан көрінеді. Екішіден, гетерогенді тілдердің
сыпайылық мағыналы қаратпалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
салғастырмалы тұрғыда зерттеумен сипатталады. Жұмыста салғастырмалы тіл
білімінде арнайы зерттеу нысаны болмаған қазақ және ағылшын, орыс
тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясы
қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақ, ағылшын, орыс
тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясын,
олардың байланыс түрлерін және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салғастыра
отырып анықтау. Осыған байланысты, зерттеу жұмысында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделді.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- әр түрлі тілдердегі лексика-семантикалық, грамматикалық,
прагматикалық, фонетикалық т.б. зерттеулердің жетістіктеріне сүйене отырып,
зерттеуде басшылыққа алынатын теориялық ұстанымдарды негіздеу;
- қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа
сөздеріндегі сыпайылық категориясының құрамы мен құрылымын сипаттау;

сөздерінің сыпайылық категориясының байланыс түрлерін, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын айқындау;
Зерттеу жұмысының нысанына: қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі
сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясы алынды.
Зерттеу жұмысының пәні: қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі
сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясындағы лексика-
семантикалық, грамматикалық, прагматикалық, фонетикалық т.б. байланыстар.
Зерттеу жұмысының әдістері: жұмыста салғастырмалы, контрастивті,
компоненттік талдау, халықпен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, бақылау,
материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, сипаттау, сөздіктерді, әдеби
туындыларды, информанттардың (тыңдаушылардың) жауаптарын тыңдау т.б. әдіс-
тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық негіздемесі: тілдегі сыпайылық пен
сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерін зерттеуге (Сыздыкова Р.С; Формановская
Н.И; Уалиев Н; Қобланова А; Brown P., Levіnson S; Leech G; Lacoff R;
Сейсенова А; Телқозыұлы С т.б.), сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерін
салыстырмалы (салғастырмалы) түрде зерттеуге (Бодуэн де Куртенэ ; Аракин
В.Д; Ярцева В.И; Гак В.Г; Сұлейменова Э.Д; Ахметжанова З.К; Конилов т.б.),
сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясын
(грамматикалық, лексикалық, фонетикалық т.б. ерекшеліктерін) анықтауға
(Томаева Б.Ғ; Алпатов В.М, Кузьменкова Ю.Б. т.б.), ағылшын, қазақ және
орыс ұлттарындағы сыпайылықтың бейвербалды қатынастар арқылы көрініс табуын
анықтауға (Оразбаев К; Оразбаева Ф; Асылов Ұ; Ибрагимова Ж; Пиз А;
Бейсенова С.Б; Еламанов Қ; Тумаркин, П. С т.б.) авторлардың еңбектері негіз
болды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Алпатов В.И. Категории вежливости в
современном японском языке. М, 1973; Сейсенова А. Сыпайылық категориясы
Алматы, Қазақ тілші мен әдебиеті. №12. 1996; Қобланова А. Қазақ сөз
этикеті. Алматы, 1993; Телқозұлы С. Қазақ тілінің ресми және сыпайылық
қаратпа сөздері. Алматы, Қазақ тілі мен әдебиеті. №7 2001; Brown P,
Levіnson S. Polіteness phenomena. Cambrіdge, 1978 №8.; Leech G.
Prіncіples of pragmatіcs. London and New York, 1983; Lacoff R. The logіc
of polіteness. Chіcago,1973; Томаева Б.Ғ. Қазақ тілінің сый-құрмет мағыналы
сөздердің лексика-семантикалық тобы. Алматы, 2000; Формановская Н.И.,
Шевцова С.В. Речевой этикет. Русско-английские соответствия. М., 1990;
(Формановская Н.И. Вы сказали “Зравствуйте!”. М., 1987; Формановская Н.И.
Речевой этикет и культура общения. М., 1989 т.б.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: зерттеу барысында алынған
нәтижелер мен тұжырымдар қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сыпайылық
мағыналы қаратпа сөздеріндегі сыпайылық категориясының өзіндік
ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, оларды ғылыми тұрғыдан толығымен
түсінуге үлесін қосады. Бұл жұмыс әр түрлі тілдердегі сыпайылық
категориясын салғастырмалы бағытта қарастыратын кейінгі зерттеулерге
теориялық-әдістанымдық бола алады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Аталмыш зерттеудің нәтижелері
мен материалдары жоғары мектептерде қазақ, ағылшын, орыс әдебіне, сөз
әдебіне арналған арнаулы курс жұргізуде, гимназия, лицей оқушыларына білім
және тәлім-тәрбие беруде, дипломаттар дайындайтын оқу саласында, түрлі
анықтамалар жасауда (қазақ, ағылшын, орыс сөз әдебінің үш тілді, көп тілді
сөздіктерін құрастыруда) қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы : Жұмыста қазақ, ағылшын және орыс
тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің лексика-семантикалық,
прагматикалық, грамматикалық, фонетикалық байланыс түрлері алғаш рет
салғастырмалы тұрғыда қарастырылып, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтары анықталды.
Зерттеу жұмысының нәтижелері: Салғастырмалы тіл білімінде алғаш рет
зерттеліп отырған бұл мәселе осы зерттеуде арнайы ғылыми мақалалар, курстық
жұмыс, диссертация дәрежесінде шешімін тапты. Ғылыми зерттеуде сыпайылық
категориясына ғылыми-теориялық сипаттама берілді. Сыпайылық категориясының
тілдегі қолданылу белсенділігі, тілде атқаратын қызметі анықталды. Қазақ,
ағылшын, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының өзіндік ерекшеліктері
мен мағыналық құрамына ғылыми тұжырым жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Магистрлік жұмыстың көлемі- 98 бетті
қамтып, кіріспеден, Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара байланыстылығы
мен семантикалық сипатына шолу, Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық
категориясының жалпы сипаттамасы. атты екі тараудан (әр тарау төрт
бөлімнен), қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттердің
тізімі берілді.
I-Тарау: Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара

1. Сыпайылық ұғымының зерттелу жәйі
Әдетте, жұртшылықтың біразы сыпайылық дегенді коммуниканттың
мәдениетті сөйлеуі деп түсінеді. Шындығында, бұл түсінік – сыпайылықтың
тар мағынасы. Ал, сыпайылықты кеңірек мағынада былайша түсінуге болады:
Әдептілік мәні бар көптеген тілдік амал-тәсілдердің ішінен (қарым-қатынас
формулаларын, клишелерін). Әріптесінің әлеуметтік мәртебесінен, өзінің
әлеуметтік роліне, қарым-қатынас типіне, қарым-қатынас қолайына лайықтысын
талғай алуын, белгілі бір әлеуметтік жіктің, ортаның, топтың өкілі ретінде
соларға тән тілдік белгілерді қолдана білуін, өзінің тыңдаушы, я болмаса
сөйлеуші ретіндегі комммуникативтік ролін дұрыс атқара алуын, әрі
мәдениеттілік танытуын коммуниканттың сыпайылығы деп айтуға болады.
Коммуниканттың сыпайылықғы моральды-этикалық ұғыммен астасып жатады.
Жасы үлкен адамға төрден орын беру, жасы үлкен адамның алдына түсіп
сөйлемеу (Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без деген қағида), жасы үлкен
адамға алдымен барып сәлем беру, оның алдымен кесе-көлденең өтпей жол беру
т.б. вербалды және бейвербалды әрекеттерге қазақ қауымында қатаң көңіл
бөлінеді. Біз бұл жерде сыпайылық танытудың барлық жағдайларына емес, тез
зерттеу объектімізге қатысты болғандықтан, оның вербалды түріне, яғни
сыпайылық білдіруіміздің басты-басты тілдік төгершіктеріне ғана
тоқталмақпыз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сыпайылық деген сөзге:
1) Адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық, әдептілік,
кішіпейілділік.
2) Адамға тән қарапайымдылық, айла-шарғы, қулығы жоқ, кеңпейілділік.
деген анықтама берілген[28,489].
Адамға тән қарапайымдылық, айла-шарғы, қулығы жоқ
кеңпейілділікдеген екінші анықтаманың сыпайылық деген ұғымның мағынасын
ашуға қатысы жоқ. Өйткені айласы, қулығы жоқ, бірақ батырды сыпайы, қыз
мінезді деуге болмайды. Ал, сыпайылық деген сөздің мағынасын ізеттілік,
инабаттылық, әдептілік, кішіпейілділік деген синонимдермен ашу біршама
дұрыс сияқты. Бұл – бір жағынан сөздің күнделікті өмірде қолданылатын
мағынасы. Екінші жағынан, сыпайылық – этикалық ұғымды білдіреді, яғни
этикеттік термин. Оның терминдік мағынасын күнделікті өмірде қолданылатын
мағынасынан басқашалау болады. Біздіңше, бұл атаудың терминдік мағынасын
былайша көрсетуге болады: Сыпайылық – екінші жақтың (адресаттың) әлеуметтік
мәртебесін өзінің әлеуметтік мәртебесінен төмендетпеушілік. Кішіпейілділік
деген сөздің күнделікті тіл жұмсауымызда сыпайылық дегенмен синонимдік
қатарда қолдана береміз. Біздің байқауымызша, сыпайылық пен
кішіпейілділіктің терминдік мағынада айырма бар. Салыстырып көріңіз
кішіпейілділік – екінші жақтың (алресаттың)әлеуметтік мәртебесін өзінің
әлеуметтік мәртебесінен сәл де болса жоғары қоюшылық. Басқаша айтқанда,
сыпайылық танытқан адам, әлеуметтік мәртебесі жоғары болса да, оны әдейі
төмендетіп, өзін әріптесімен бір қатарда ұстауға тырысады, кішіпейілділік
танытқан адам өзінің әлеуметтік мәртебесін әріптесінен сәл де болса
төмендетіп көрсетуге тырысады.
Сыпайылық – философилық, этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір
ортадағы орныққан тәртіпке сәкес бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
ережелері. Адам – қоғамның жамісі. Ол белгілі бір қоғамда, әлеуметтік
ортада өмір сүреді. Адамдардың қоғамның өзге мүшелерімен, әлеуметтік
ортамен, ұжыммен қарым-қатынасы сыпайылық арқылы реттеліп отырады. Бұлайша
орныққан сыпайылықтың тілдік жағы да, тілдік емес жағы да бар. Мысалы, жасы
кішінің жасы үлкен адамға жол беруі, әскери адамдардың өзара сәлемдесуі,
тағзым етуі т.б. сыпайылықтың тілдік емес жағына жатады. Ал сыпайылықтың
тілдік құралдар, тілдік амал-тәсілдер арқылы жүзеге асатын да түрі бар.
Яғни, сыпайылық (тілдегі) деген ұғым тек мәдениетті сөйлеуайтуға ұят
мазмұны нашар, дөрекі сөздерді қолданбау т.б. деген мағынада емес, адамдар
арасында қарым-қатынасқа ұйытқы болып реттеп отырудың құралы ретінде
тұрақты түрде қолданылытын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары,
өзге де тілдік амал-тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.
Сыпайылық жалпы алғанда адамдар (коммуниканттар) арасындағы
байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер
ету үшін жұмсалады.
Міне бұларды, бір сөзбен айтқанда сыпайылықтың қызметі деп атауға да
болады.
Сыпайылық әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның
өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды.
Ал жалпы тілдің ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы болу және де
танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды
бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі.
Сыпайылық – негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі (микросистема)
ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады.
Зерттеу барысында сыпайылықтың мынадай негізгі қызметтері
айқындалады:
1) Макрожүйе ретінде тілдің де, микрожүйе ретіндегі сыпайылықтың
да байланысты қызметі (контактная функция) – ғылыми әдебиеттер
(Л.А.Киселева, Н.И.Формановская т.б.) барынша талданып, кейіннен сөз болған
мәселе Л.А.Киселева бұл орайда былай деп жазды:
Под термином контактная функция предлагается понимать
предназначенность языковых средств для установления и подддержания
социально-массового и индивидуального контакта, в известной мере
определяющего поведение адресата. Под контактом здесь понимается
установление, сохранение и укрепление поддержания связи и отношений
индивидуальных или слциально-массовых в малых и болших социальных,
многообразных, но сводимых в некоторые типы, среди которых наиболее
отчетливо выделяются такие полярные разновидности:
а) Установление, сохранение и укрепление дружеских
отношении.
б) Установление и поддержание официально-вежливых
отношении. [24,14].
2) Сыпайылықтың арнаулы функцияларының бірі – мәдениеттілікті білдіру
функциясы (конативная функция) бұл коллектив мүшелерінің адресат пен
адресанттың арасындағы сыпайылықты сақтау, сол арқылы қарым-қатынасты
жалғастыру міндетін атқарады. Қазақ сөз этикетінде сыпайылықты білдіру екі
ыңғайда көрініс табады:
а) Сөз этикетінде сіз, сен, ол кісі, біз(мен), өзіңіз т.б.
есімдіктердің қолданылу ерекшеліктері мен осылар арқылы білдіретін арнаулы
мағыналар;
б) Кешіріңіз, мүмкін болса, айыпетпесеңіз, қалауыңыз білсін т.б.
этикеттік оралымдардың орнымен қолданылуы. Бұлардың әрқайсысының нақты
жағдайға байланысты және кімдердің арасында қарым-қатынас жасалғанына орай
қолданылатын орны, жүесі бар.
3) Сыпайылықтың арнаулы функцияларының бірі – реттеуіш қызметі
(регулятивная функция). Адресат пен адресант аралығындағы қарым-қатынастың
типтерін (үлкен-кішілі, бастық-бағынышты, ресми-бейресми, т.б.) айқындайды.
Бұл орайда, қазақ тілі – ең бір қаратпа жүйесі дамыған, әр алуандығымен
көзге түсетін тілдердің бірі. Олар туыстық қарым-қатынасқа таныс-бейтанысқа
түрлі әлеуметтік жік пен ресми – бейресмилік жағдайда байланысты құбылып
отырады.
Әкем, ағай, көке т.б. туыстық қарапалар немесе Мәке, Сәке, Жәке
секілді қысқартулар не болмаса академик марғұлан, профессор Қ.Жұбанов,
полковник Б. Момышұлы секілді дәреже-лауазымдарды білдіру арқылы адресат
пен адресаттың арасындағы қарым-қатынас реттеліп отырады [53,69].
4) Тілдесу тонын айқындауға сезім-күйді білдіру қызметі басты роль
атқарады. Оны көргеніме қуаныштымын, жақсы келдің, іске сәт-секілді арнайы
формулалары мен түрлі тілекті білдіретін (Көгенің қазылы болсын!, Диқан
дарысын т.б.) арнаулы штамптары бар. Әсіресе кешірім сұрау, жұбату, көңіл
айту, өтініш тәрізді сыпайылық түрінде сезім күйді білдіру функциясы өте
айқын көрінеді.
Міне осы функциялардың жиынтығы. Яғни, олардың көріну түрлері мен
амал-тәсілдері сыпайылықты құрайды.
1.2. Қаратпа сөздер
Қаратпа сөздерге қатысты көптеген мәселердің ішінде ең негізгі оның
ережесі болу керек. Осы күнгі оқулық, жеке диссертациялық жұмыстардың
біразында, оқшау сөздерге анықтама береді де, оның жеке бөлімдеріне ондай
ереже бермей-ақ негізгі қасиеттерін берумен шектеледі. Ал қаратпа сөздер
туралы да бірнеше авторлар ереже берсе кейбір типті қаратпа жөнінде
диссертация жазған.
М. Бимағамбетов ол жағын ескермейді. Міне біз қаратпа сөздер туралы
ережелер жиынтығын бере келіп, қаратпа сөздер туралы қай жағы тиімді, кейде
ойланатын жайларына да назар аударуды жөн көрдік.
С.Аманжолов: Сөйлемдегі ой қаратылып, арналып айтылған сөзді қаратпа
дейміз [4,76].
Аманжолов С., Әбілқаев А: Айтайын деген сөзімізге бір ия бірнеше
адамның назарын аудару үшін қолданылатын сөзді қаратпа дейміз [5,66].
М. Балақаев: Айтылған ойдың кімге арналғанын бідіру үшін, оған
басқаның көңілін аудару үшін жұмсалатын оқшау сөздерді қаратпа дейді
[11,95].
Р.Сыздықова: Белгілі бір ойға қаратыла айтылған адамның (кейде жансыз
заттың)назарын аудару үшін арналған сөзді немесе сөз тіркесін қаратпа
дейміз [44,67].
Г.Әбуханов: Сөйлемдегі айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығын
білдіру үшін оған өзге адамдардың көңілін аудару үшін қолданылатын оқшау
ойынша мына мәселер қаратпаның ережесі үшін басшылыққа алынуы тиіс.
Біріншіден, қаратпа үшін ойдың, назардың біреуге қаралып айтылуы
керек. Осы жағынан келгенде ол үшін мынадай тіркестер пайдаланылады:
1. Сөйлемдегі ой қаратылып;
2. Айтайын деген сөзімізге назарын аудару;
3. Белгілі бір ойға қаратыла айтылған;
4. Айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығын;
5. Айтылған ойдың кімге арналғанын
сияқты бірнеше вариантпен берудің қайсысы қаратпа үшін ең негізгісі.
Сонда пайдаланып отырған сөздердің ішінен ойдың қарылуы немесе назарың
аударылуының негізгісі, біздіңше біреудің назарын аудару ой сөзіне
қарағанда мағынасы айқындау сияқты.
Екіншіден, кішінің назарын қайда қаратылуы жөнінде де ойлану керек
сияқты. Өйткені:
1. Айтайын деген сөзіміге;
2. Кімге арналғанын;
3. Бір ойға қаратыла айтылған;
4. Айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығы сияқты
әр түрлі айтылады. Мысалы: Ей Асан сен бері қарашы - дегенде
негізінен Асан және сен сөзі негізгі объекті болуы тиіс.
Үшіншіден, барлық ережелерде қанша адамның назарын аудару туралы сөз
болмайды да, тек С. Аманжолов, А.Әбілқаевтардың мектеп грамматикасында ғана
айтайын деген сөзімізге бір я бінеше адамның деп олардың сандық көлеміне
де назар аударылады.
Қаратпа сөздердің жасалуы көбіне дара сөздер арқылы өте мол. Ал
олардың сөз тікесі, сөйлемдік түрлері де бар болғанымен, олардың жеке сөз
түріндегі түрлеріне қарағанда аз. Сонда олардың сөз тіркесімен сөйлемдік
түрлеріне сандық құбылыс ойша сөз бола бермесе керек. Ал жеке сөздерді
қаратпалардың өзі дара, көптік жалғауы арқылы да келе бергенімен, олардан
бірнеше қасиеттерді айту қиындау. Ал қаратпалардың қолданылуында
Р.Сыздықова көрсеткеніндей Кәкітай, Дәрмен, Мағаш! Мұнда келіңдер -
сөйлеміндегі бірнеше адам айтылғаныме, оларда көптік мән болғанымен,
бірыңғай қолданылған ғой. Әрқайсысы жеке-жеке айтылуы тиіс. Бұлайша бірнеше
есімнің бір қаратпа ретінде келуі сирек те. Сондықтан да бір не бірнеше
адамның демей ақ басқаның назарын аудару үшін деп айту орынды болар еді.
Төртіншіден, қаратылатын сөз, сөз тіркесі деп қана айту жөн болар деп
білеміз. Өйткені, сөйлемдік деп айту қаратпаның ой түрінің әлі біріншіден,
толық қалыптаса қоймағандығын ондай қаратпаларда таза сөйлемдік қасиеттер
басшылыққа алыну керек. Екіншіден, ондай түрге қатысты әзірше көлем жағынан
да өте аз. Сондықтан сөзді, сөз тіркесі деп алу барынша орынды. Үшіншіден,
тек Р.Сыздықованың ережесінде ғана жанды, жансыз заттың деп арнайы
көрсетілсе, ал басқаларында олай нақтыланбайды. Бірақ, М. Балақаев,
Р.Әміров т.б. еңбектерінде жансыз (домбыра, Қаскелең) т.б. қаратпалар
айтылуы кездеседі. Оның үстіне кейде, оған қатысатын заттарды Кім? сұрау
мен Неге? сұрауы да қоса алынуы сол мәселелерді толық қамтиды ғой деп
білеміз. Осыған байланысты заттарды жанды, жансыз деп бөлмей-ақ, заттардың
деп беру де дұрыс демекпіз.
Осы сияқты бес ерекшелік қаратпалардың ережесінің негізгі мазмұнын
айқындау керек сияқты.
Ендеше, қаратпаның анықтамасы жоғарыдағы ерекшеліктердің негізінде
нақтылануы тиіс. Сондықтан., Қаратпа деп сөйлемдегі айтылған ой назарының
кімге, неге арналғындығын білдіру үшін қолданылатын сөз, сөз тіркесін,
сөйлемді айтамыз.
1.3. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара
байланыстылығы мен әлеуметтілігі
Қарым-қатынас ситуациясында амандасу, қоштасу сөздерінің байланыс
орнату мәні күшейе түседі. Сондай-ақ белгілі бір қуанышқа орай айтылатын
құттықтау сөздер адамның сезім-күйіне оң әсер етіп, шаттыққа бөлейді. Бірақ
ескертетін нәрсе – сыпайылықтың жоғарыда айтылған негізгі қызметтері бір-
бірімен тығыз байланыста болып, өзара астасып жатады. Мәселен амандасу
немесе қоштасу сөздер тек байланысты орнату үшін ғана қызмет етеді деп
түсіну дұрыстыққа жатпайды. Оған мынадай мысал келтіруге болады. Күнделікті
күнде амандасып жүрген адамның танысы сәлемдеспей кетсе, коммуниканттардың
арасында байланыс үзіліп қана, қоймай, әлгі кісі қолайсыз күй кешіп
(Пәленше менімен амандасқысы келмейді, мені ұнатпағаны ма? Менен қашқаны
ма? т.б.) көңіліне қаяу түседі. Сондай-ақ адресатты қуанышқа орай көңіл-
күйін көтеремін деп қаншама жақсы сөзбен, жылы жүрекпен құттықтағанымен,
адресант сыпайылық сақтамасы, коммуниканттар бір-бірінің әлеуметтік
мәртебесін ескеріп отырмаса, сөз этикетінің реттеуші қызметі бұзылып, қарым-
қатынасқа қаяу түседі. Сөйтіп, сыпайылықтың жоғарыда айтылған негізгі
қызметтерін өзара тығыз байланысты дейтініміз де сондықтан.
Адамдар арасында күнделікті қарым-қатынаста сан мың мәрте
қайталанатын амандасу, қоштасу, рахмет айту, тілек білдіру т.б. сыпайылық
таңбалардың өзіндік мазмұны болады. Амандасу – коммуниканттардың арасындағы
байланыстың үзілмейтінін, қоштасу – қарым-қатынастың жалғаса
беретінін,құттықтау, ризашылық білдіру – коммуниканттардың көңіл-күйіне оң
әсер ететін т.б. мәнді аңғартады. Мұндай сыпайылық таңбаларды қолдануды бір
жағынан рәсім (ритуал) деп те қарауға болады. Рәсім белгілі бір бейвербалды
стандартты іс-әрекет түрінде, немесе вербалды іс-әрекет (сөз – формула,
клище, стандарт) түрінде орындалуы мүмкін.
Мысалы, коммуниканттар бір-біріне сыпайылық таңбалар арқылы белгі
(сигнал), берді, амандасты (амандасу формулалары), назар аударды (қаратпа
сөздер), көңіл аудару (қал-жағдай сұрады), т.б. Сырт қарағанда
коммуниканттар арасындағы сыпайылық қатынас осы әрекеттермен аяқталды деп
түсінуге болады. Шындығында, олай емес. Бұл жерде, біздің ойымызша, қарым-
қатынастың бір этапы, яғни рәсімдік жағы ғана аяқталды, ал сыпайылық жағы
әрі қарай ұласа береді. әрине, сыпайылық формула, клише коммуниканттар
арасындағы байланыстың алғашқы этапындағыдай айқын көрінбеуі мүмкін.
Дегенмен қарым-қатынас барысында әріптестер арасындағы байланыстың
үзілмеуін, сапалы болуын қамтамасыз ететін сыпайылық мәні бар тілдік амал-
тәсілдердің болатындығын байқауға болады.
Коммуниканттардың арасындағы байланыстың ойдағыдай болуын қамтамасыз
етудің толып жатқан экстралингвитикалық шарттары бар. Мысалы, әріптестердің
бірі сөйлеуші ретінде, екіншісі тыңдаушы ретінде (немесе алма-кезек)
өздерінің коммуникативтік рольдерін дұрыс атқара білуге тиіс.
1.4. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің семантикалығы
Сыпайылықтың семантикасына қатысты негізінен басты-басты мынадай екі
мәселеге назар аударылады.
Бірінші – сыпайылық мағанасының актуалдануы (актуализация) мен
бейтараптануы (деактуализациялануы, деактуализация)семантикасындағы бұл
құбылыс алдымен сөз ситуациясына тәуелді. Ал сөз ситуациясы деген ұғымға
коммуниканттар (адресат пен адресанттың) және олардың тұрақты әлеуметтік
белгілері (жасы, жынысы, ауыл, қала тұрғыны екендігі, қоғамдағы орны т.б.
мен айнымалы әлеуметтік белгілері (жолаушы-жүргізуші, ауру-емшіемдеуші,
тұтынушы-сатушы, студент-оқытушы, оқушы-мұғалім, оқушы-кітапханашы т.б.)
коммуниканттардың арасындағы қатынастың түрін (таныс, бейтаныс, көз таныс,
көше таныс, жақын адамдар т.б.) – және сөз ситуациясының қандай жағдайда
өтетіні (ресми, бейресми, салтанатты, бейтарап) сөз тақырыбы (тұрмыстық,
саяси, ғылыми т.б.) сөздің қандай тілдік формада (әдеби, ауызша, жазбаша,
сөйлеу тілі, диалаект, жаргон, қарапайым тіл т.б.) көрінуі жатады [1,89].
Сөз мағынасындағы семалардың бірі актуалданып, бірі бейтраптанып
құбылып отыруы сөз ситуациясына тікелей байланысты.
Масылы: Сіз деген есімдік
1) жасы үлкен адамға;
2) бөгде адамға, жасы кіші болса да қаратыла айтылады.
Жасы үлкен адамның ресми адамға, жасы кіші адамға Сіз деп атауы,
біріншіден, коммуниканттар бейтаныс болғанда, ресми жағдайда болуы ықтимал.
Мұндай ситуацияда Сіз есімдігінде жасы үлкендікті білдіретін сема
бейтараптанады да, бөгде адам немесе ресми адам дегенді білдіретін сема
актуалданады. Қазақ дәстүрінде бала ата-анасына Сіз деп сөйлейді.
Мұндайда бұл есімдіктің мағынасында бөгде, ресми дегенді танытатын сема
бейтараптанып үлкен дегенді білдіретін сема актуалданады. Міне, бір ғана
Сіз есімдігінің мағынасындағы семалардың осылайша құбылып отыруы
коммуниканттардың әлеуметтік белгілеріне, қарым-қатынастың сипаты мен
дәрежесіне (таныс, бейтаны, туыс т.б.), сөз ситуациясының жағдайына
(ресми,бейресми) байланысты болып келеді.
Сыпайылықтың мағыналарындағы семалардың актуалдануы мен
бейтараптануын тап басып тани білу олардың ішкі мағыналық құрылымына
тереңірек барлау жасауға, табиғатын танып білуге мүмкіндік береді. Оқушылар
ата-анасына Сен деу керек пе?, әлде Сіз деу керек пе? Қайсыбіреулер
Сіз деу салқындық деп біліп, бөгде біреуге айтылады десе, енді біреулер
ата-анасына Сен деу әдепсіздік деп біледі. Міне, мұндай қайшылықты дұрыс
түсініп, мәселені оң шешу үшін сөз мағынасындағы семалардың қарым-қатынас
ситуациясына қарай актуалдану мен бейтараптану құбылысын танып білу керек.
Өйткені сөз актісінде тілдің белгілі бір единицасының мағынасы статикалық
күйде қалып қоймай, динамикалық сипатқа ие болды.
Сыпайылықтың семантикалық табиғатына барлау жасағанымызда байқалған
нәрсе – этикеттік қызметтегі сөздердің, грамматикалық тұлғалардың
имплицитті мағынада жұмсалу ерекшелігі деуге болады.
Әдетте нормативті грамматика (ма, ме, па,пе,ба,бе) сұрайлы шылауы
эксплицитті мағынада, яғни өзінің сұраулық мағынаны білдіретін қызметінде
жұмсалады да, сол сұрауға болымды не болымсыз мағынада жауап беріледі.
Мысалы: - Күн жауа ма?
- Жауады.
- Жаумайды.
Сөз ситуациясында сұраулық шылаудың өзінің дағдылы мағынасынан өзгеше
мәнде жұмсалуы жиі кездеседі, яғни сыпайылықтың бұл единицасы эсплицитті
мағынада жұсалады. Мысалы: Кіруге бола ма?, рұқсат па? деген сұрау
адресаттың назарын аудару үшін қойылады. Мұндай сұрауға этикет нормасын
жағ\қсы білетін адресат әдетте Болады, рұқсат деп жатпайды, Төрлетіңіз,
кіріңіз, кіріңіз-кіріңіз деп жауап реплика айтады. Төр - қазақ
этикетінде аса құрметті орын.
Сондай-ақ, Сізді бір минутқа бола ма? деген сауал да адресаттың
назарын аудару үшін қойылады. Мұндай сауалға екінші жақ Әрине, иә-иә деп
жауап реплика айтады.
Сыпайылық өзінің түрі жағынан (в плане выражения) сұраулы сөйлем
болғанымен, мазмұны жағынан (в плане содержания) басқаша мәнде болып,
имплицитті мағынада жұмсалып тұр. Кешірім сұрау арқылы да адресаттың
назарын аудару сыпайылықтың семантикалық табиғатындағы ерекшеліктердің
бірі:
- Кешіріңіз, сағат неше?
- Ғафу етіңіз, вокзалға қалай баруға болады! [29,24].
Бұл жерде де сыпайылықтың тілдік амал-тәсілдердің имплицитті мағынада
жұмсалып тұрғандығы байқалады. Адресанттың мұндай сауалына адресат
Кешіріңіз, ғафу еттім деп жауап бермейді. Кешірім сұрау шартты түрде
болады, яғни адресаттың назарын аударудан басқа мақсатта жұмсалмайды. Ал
басқа жағдайда бұл аталған сыпайылық эксплицитті мағынада жұмсалады.
Әсіресе оқушы жастар, студенттер арасында сыпайылықтың
семантикасындағы мұндай ерекшеліктерді аңғара бермейтіндер адресаттың
тарапынан айтылатын Амансыз ба?, есенсіз бе?, жақсы ма? деген амандасудың
түрлеріне Аман, есен, жақсы деп жауап реплика айтады. Адресат сұраудың
шартты түрде екеніне мән бере бермейді.
Осының салдарынан тіл мәдениеті тұрғысынан қарағанда сыпайылықты
дұрыс қолданбайды.
Қазақ сыпайылығының құрамында кездесетін Көп жасағыр, өркенің
өскір, мың болғыр, бағың ашылғыр, көзің ашылғыр, жолың болғыр, рақмет
жауғыр, тәңір жарылқағыр т.б. тұрақты сөз орамдары тілек мәнді білдіреді.
Бұл – тұрақты сөз орамдарының эксплицитті мағынада жұмсалуы (жолың болғыр,
пәленше; бағың ашылғыр, түгенше т,б,). Бұл жерде адресат жоқ. Сөз предметі
үшінші бір бөгде жоқ. Ал осы аталған сөз орамдары өтініш білдіру, бірдеме
жайында сұрау кезінде қаратпалық қызметке келіп, адресаттың назарын аудару
үшін жұмсалады:
Көп жасағыр
Өркенің өскір әпере салшы
Тәңір жарылқағыр бере
қойшы
Мың жасағыр субъект сала салшы
Мың болғыр тастай салшы
Бала-шағаңның
қызығын көргір
Рақмет жауғыр
Көсегең көгергір [58,52].
Осы аталған сөз орамдары қаратпа болып жұмсалғанда имплицитті
мағынаға ие болады да, әдеттегі қаратпадан (балам, жолдас, пәленше т.б.)
сөздің алғыс, тілек мәні бейтараптанады, эмоционалдық-эпрессивтік реңкі
әлдеқайда күшейе түседі. Бірақ мұндай қаратпалар әлеуметтік сипаты жағынан
шектеулі болып келеді. Адресаттың жасы үлкен (адресатқа қарағанда), ауыл
тұрғыны екенін білдіреді және бейресми жағдайда қолданылады.
Әдетте эксплицитті мағынада қолданылатын сөздер мен грамматикалық
тұлғалар коммуникативтік ситуацияда имплицитті мәнде жұмсалуы мүмкін.
Бір алуан сөздер өзінің тілдегі кәдімгі қызметінен тыс жүк арқалап ,
сөз саптауда қаратпаға көшеді. Мысалы: екінің бірі күнде қолданатын, Әке
сөзін алалық, ол біріншіден, балалы болған ер адам дегенді білдірсе,
екіншіден, баланың әкеге қарап айтатын қаратпасы. Ал, үшіншіден, әке сөйлеу
тілінде өзінен кіші адамға Қарағым, шырағым деген мағынада айтылатын
қаратпа:
- Ау мынасы несі, тағы да арабша ма? – деп, Дәуқара сұстия
түседі да, - латыншасы болмаса, арабшасына шорқақ ем, оқып
бересің бе, әкем? [10,104].
Сол секілді Ана , қарындас, аға,жеңге\й,нағашы, жиен т.б. деген
сөздер де, бір жағынан, туыстық атаулар болса, екінші жағынан, сөйлеу
тілінде де қаратпа сөз түрінде жұмсалады. Сондай-ақ бір алуан сөздер түбір
тұлғасында туыстық қатынасты білдірсе, ал тәуелдік жалғауының бірінші жағы
жалғанған сәтте қаратпа қызметке көшеді. Мәселен: Бауыр-бауырым, іні-інім,
қайны-қайным, бала-балам, қыз-қызым, келін-келінім т.с.с. тәуелдік
жалғауының үшінші жағы да тап осы тәрізді, өзі жалғанған сөзді қаратпаға
айналдырады: Көке-көкісі, әке-әкесі, аға-ағасы, әпке-әпкесі т.б.
Бұл жерде мынадай бір, қызықты тілдік құбылысты байқауға болады:
грамматикадағы тәуелдіктің III жағы логикалық II жақтық көрсеткішіне
айналды. Мұндай сөздерде тәуелдік мағына болмайды. Осыған қарағанда
тәуелдік жалғауының өзі жалғанған сөзді қаратпаға айналдыратын қызметі бар
деуге болады. Мұндай құбылыс тілдік құралдардың оралымдығын, икемділігін
көрсетеді. Сондай-ақ, қазақ тілінде қаратпа сөз жасайтын -шек, -қай, -й,
-тай тәрізді қосымшалар да баршылық. Мәселен: Іні-інішек, бала-балақай,
әке-әкем, аға-ағай, апа-апай, ата-атай, әпке-әпкей, тәте-тәтей, жеңге-
жеңгей, әке-әкетай, көке-көкетай т.с.с. Мұндай қосымшалар сөзге моральдық
реңк үстейді.
Қазақ тілінде -еке, -е тұлғалары арқылы қаратпа сөз жасау
аса бір өнімді жолдың бірі. Мысалы: Аға-ағаке, бай-байеке, батыр-батыреке,
би-биеке, хан-ханеке, молда-молдаеке, мырза-мырзеке т.б. осы -еке
тұлғасына тәуелдік жалғауының III жақтың жалғауы жалғанғанда қаратпа сөздің
моральдық реңкі тіптен күшейте түседі. Мысалы. Ханеке-ханекесі, биеке-
биекесі, молдеке-молдекесі, батыреке-батырекесі т.с.с.
Қазақ тілінің өзге жүйелі тілдерде бір өзгешелігі: кісі есімдерін
ерекше түрлендіріп айту тәсілінің молдығы. Солардың бірі – кісі есіміне -
еке немесе –аға қосымшаларының тіркеліп, кісі есімін қаратпа сөзге
айналдырудың тәсілі. Мысалы: Жамбыл-Жәке, Тайыр-Тәке, Бауыржан-Бәуке, Сәкен-
Сәке, Ілияс-Ілеке, Мұқтар-Мұқа, Бейімбет-Биаға, Сырбай-Сыраға, Нұржан-
Нұраға т.с.с. мұндай қаратпа жалқы есімдерге тәуелдік жалғауының II жағы -
ң жалғанады, бірақ бұл сөздер бірден қаратпа болудан қалады. Мысалы:
Биаға-Биағаң, Ғабит-Ғабең, Сәбе-Сәбең, Сыраға- Сырағаң т.б.
Мысалдардан көріп отырғанымыздай, тәуелдік жалғау жалғанғанымен,
сөзде II жаққа тиісті меншіктік мағына болмайды. Мұндағы -ң қосымшасы
сөйлеуші мен тыңдаушыдан бөгде үшінші бір жақтағы адамға ізет, құрмет
көрсетуді білдірудің тәсілі ретінде қолданылады. Сөйтіп грамматикадағы II
жақтың көрсеткіші логикалық III жаққа айналады.
Сонымен бірге қаратпалардың лексикалық мағыналары да құбылып отырады.
Мысалы: Әке, әкем сөздері қаратпа қызметінде жұмсалғанда тіпті
Айналайын, шырағым дегендердің синонимі болып келеді.
Мәселен: Сонымен азын-аулақ, бойда қалған есін жинап, Құнанбай
балаларына: Болыстықтан түсемін, мөріңді өз қолына беремін. Базаралыны ел
бүлігі деп жамандап беріп түсемін. Әке, тек жанымды аман қалдыр, - деп
шапты. [34,14].
Тәуелдік, көптік жалғауының қаратпа сөз жасаудағы қызметі: Біз
есімдігінің Мен деген жіктеу есімдігінің орнында жұмсалуы (Мысалы: Біз
бұл зерттеуімізде, біздің ойымызша т.б. жерлерде Мен -нің орнына Біз
есімдігі жұмсала береді.), лексикалық мағыналарының нақты жағдайға қарай
өзгеруі т.б.
Адамның өзін ұстауы жақын адамдардың арасындағы және бөтен ортада
бірдей емес. Бөтен ортада, алыс адамдар арасында этикетке қатты көңіл
бөлініп, оның ережелері берігірек ұсталады. Бұл формальды қарым-қатынасты
туғызады. өмірде формальды қарым-қатынастың түрі өте көп. Мысалы, дүкендегі
кассир үшін жұрттың бәрі – тұтынушы, ал вокзалдағы кассир үшін – бәрі
жолаушы, сол секілді кітапханы үшін залдағылардың бәрі – оқушылар, дәрігер
үшін- аурулар. Неғұрлым қарым-қатынас формальды, жақындығы алыс, бейтаныс
жандар арасында болған сайын сөздің Сіз , Сіздер тәрізді сыпайы бетарап
типі жиі қолданылады. Бұндай жағдайда қарым-қатынастан сыпайы салқындық
сезіліп тұрады. Бұдан Сіз сөзінің бір қырын, яғни салқындықты сеземіз.
Бұдан жақын адамдар арасында Сіз деп сөйлеспеу қажет, ұлттық этикет
дәстүрінде бұрын болмаған жағдай деген ұғым тумауы қажет. Қазақ
сыпайылығында қарым-қатынастың алыс-жақындығы, бөгде-таныстығы, ресми-
бейресмилігі берік сақталып отырған. Бірақ, қазіргі дәстүріміздегі,
салтымыздағы көптеген өзгерістердің болуына байланысты кейбір
түсінбеушіліктер де туып қалып жүр.
Мысалы, кейде қазақ семьясындағы екі баланың бірі ата-анасына Сіз
деп, ал екіншісі Сен деп сөйлеседі. Әдетте Сіз деп сөйлеушісі (Сіз
барасыз ба? Апа көйлегіңіз қайда? Өзіңіз айтыңыз т.б.) қазақ мектебінің
шәкірті болады да, ал Сен деп тіл қатушы (Сен барасың ба?, Мама көйлегің
қайда?, Өзің айттың) т.б. орыс мектебінде тәрбиеленуші болып келеді.
Олардың бұлайша этикеттік екі типті таңдаушының өзіндік себептері де бар.
Өйткені, Сен сөзі мен оның амал-тұлғалары өте жақындықты білдіреді, ал
Сіз формальды, ресми қарым-қатынаста жиі қолданылады. Бала үшін туған әке-
шешесіне Сіз деп қолдану; ара қашықты аластата түсетіндей көрінеді. Ал
қазақы тәрбие алып жүрген (қазақ мектебі; қазақы орта) бала үшін ата-
анасына Сіз деу – сыйластықтың, бір түрі. Әрине, бұлайша бір семьяда екі
түрлі қарым-қатынас түрінің жарыса қолданылуы келіссіз-ақ. Сондықтан ата-
аналар педагогтер мен тіл мамандарынан осындай қарым-қатынаста қолданылуға
тиісті ерекше ұлттық этикеттік құбылыстардың табиғатын ашып дұрыс
түсіндіріп беруді талап етіп жатады.
Егер біз қазақ сыпайылығының тарихына терең үңілсек, Сіз сөзінің
тек бөгде, жат адамға ғана айтылмайтындығын, сондай-ақ Сенің де үнемі
өрескел деп ұғынылмайтынын көреміз. Сондықтан да халқымыз: Сіз деген
сөздің сынығы, Сен деген сөздің анығы деген. Ал үй ішіндегі Сіз бен
Сен-ге келсек, қазақ сыпайылығында бұл типтердің қолданылуының қатаң
жүйесі бар. Әр адамның қоғамдағы өз орны (общественное положение) болатыны
секілді семья мүшелерінің де (ата, әже, шеше, бала, әке) өзіндік үй ішінде
өз орны бар. Бұл қарым қатынас ата-ананың семьядағы алатын орны жоғары,
баланың алатын орны төмен дегенге негізделген. Бұндай қатынаста Сіз бен
Сен сөздерінің қолданылуын айқынырақ түсіну үшін осы қаратпа есімдердің,
сыпайы, анайы тұлғалардың мағыналық құрылымын талдап көрген жөн. Сіз
сөзі:
1) бөгде әрі үлкен адамға ресми сыпайы қарым-қатынаста
айтылады.
Ал баланың ата-анасы айтатын Сіз-інде бұл қаратпа есімдіктің
семантикалық құрылымындағы алыс, бөгде адамды және ресми сыпайылықты
білдіретін мәні солғын тартады, яғни лингвитскалық термин айтсақ,
деактуализацияланады. Және бұған керісінше жасы үлкен адамға айтылатын мәні
актуализацияланып, күшейе түседі. Сондықтан да шын мәнінде бұлайша Сіз
деп сөйлегенімізде бөгделік, жаттық мән болмайды. Осы жайт қазақтың
сыпайылығына негіз болған, ұлттық үрдіс бойынша Сіз деп сөйлеу орынды деп
тануға тиіспіз.
Осы секілді қазақ этикетінен семьядағы басыңқы-бағыныңқылық қарым-
қатынастың ізі де үлкен кісілердің сөйлеу тілінен қазір де оның байқалып
отыр. Мысалы, бұрынғы қазақ әйелдері ерінің атын атамаған, көбінше
(пәленшенің) әкесі-ау, (түгеншенің) көкесі-ау деген қаратпаны қолданған.
Мысалы: Қадіртайдың әкісі-ау, соның бәрін түгел араладың ба? – деді
шалына ақтарыла қарап, күлкіден жасаураған көздерін сүртіп.. Ал қазіргі
таңда әйелдердің қоғамдық жұмысқа, қомдық пайдалы еңбекке белсене
араласуымен байланысты бұл басыңқы-бағыныңқылық әлсірей бастады. Әйел мен
еркектің қоғамдағы тең дәрежелігі олардың семьяда, үй ішінде де тең
праволығына айналды. Сондықтан да, бұл саладағы сыпайылықтың сөздер тобының
тұтас тобы (әкесі-ау, шалым, отағасы, т.с.с.) бүгінде тілімізден ығысып,
пассив қорға көше бастады.
Ал бала мен ата-ана арасында осы бағыныңқы-басыңқы қарым-қатынас
сақталып отырғандықтан қазақ мектебінде тәрбиеленуші оқушының ата-анасына
Сіз деп сөйлеу норма, әрі дұрыс, өйткені ол дәстүрлі қолданыс.
Қазақ ғұрпында үй ішілік қарым-қатынаста жасы үлкен адам жасы кішіге
тіл қатқанда Сен деп сөйлейді, бұл кезде грамматикалық тұлғалардың арнайы
түрі қолданылады деп жоғарыда айтып өттік. Бірақ, сыпайылықта бұл жағдайдың
да үнемі сақталмағанына, бұл дәстүрдің кей кезде өзгеріске ұшырайтынына
тілдік фактілер куә. Осындай бір қызықты құбылыс – атасының не әкесінің
баласына не немересіне Сіз деген қаратпаны қолданып, соған сәйкес
грамматикалық тұлғалардың сыпайы формаларын жұмсауды проф. Р.Сыздықова
былайша түсіндіреді:
Бір байқалған нәрсе – эпистолярлық жазбаларда етістіктің сыпайы түрі
жиірек кездеседі. Шығыс Шоқанмен көбінесе сыпайы түрде сөйлеседі:
жазыңыз, жіберіңіз, іздеңіз (ал Шоқанның әкесіне немесе Садуақас
Шормановтың Потанинге, Ладыженскийдің Шығысқа сыпайы сөйлеуі заңды) типті
Шоқанның өзі інісі Жақыпқа Сіз деп жазады (жауап беріңіз, қайтарыңыз,
кешікпеңіз). Құнанбай да баласына Сіз деп қояды (... сол жазудан хабардар
болыңыз ... жазып жіберіңіз) тіпті Абай да інісіне сыпайы түрде тіл
қатады (...Хамтритдин молдаға көптен-көп сәлем дегейсіз). Сірә, бұл да хат
жазу стилінің бір ерекшелігі (белгісі) болар: сыпайы аспект – ресмиліктің
көрінісі тәрізді, ал өткен ғасырда қазақша хат жазысу күнделікті сөйлеу
актісінен жоғары тұрған, біршама ресми реңкі бар құбылыс ретінде таңылуы
әбден мүмкін. [42,199].
Қорытынды
Сонымен жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде, сыпайылық – белгілі
бір заңдылыққа бағынған, ішкі құрылымы, нормасы бар біртұтас жүйе. Ал,
сыпайыықтың әлеуметтік, семантикалық табиғатына талдау жасап, ұлттық
сипатын көрсету, әрине, жалаң мақсат емес. Өйткені сыпайылықтың қызметін
жұртшылық дұрыс түсінгенде, әлеуметтік сипатын жақсы аңғарғанда,
семантикалық ерекшеліктерін тап басып тани білгенде, ұлттық ерекшеліктерді
терең сезіне алғанда ол жеке адамның, жалпы қоғамның мәдениетіне оң әсер
етіп, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің аса маңызды құрамдас
бөлігіне, ұлттық рухани байлыққа айналады.
Қорыта айтқанда, сыпайылық дегеніміз адамдардың өзара қарым-қатынасын
реттеп отыратын, олардың өзара байланыс орнатуына ұйытқы болатын арнаулы
қызмет болғандықтан және сыпайылық мағыналы қаратпа сөздер қоғамның,
ұжымның, жеке адамдардың, тіпті ұттардың өзара достық қарым-қатынас
орнатуына үлкен септігін тигізетіндіктен, Сыпайылық пен қаратпа сөздердің
өзара байланыстылығы мен семантикалық сипатына шолу атты I тарауда қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыратын сыпайылықты білдіру мақсатында адамның
назарын аудару үшін қаратпа сөздер қарастырылды. Сыпайылық пен қаратпа
сөздердің терминдік мағынасына талдау жасалынды. Сыпайылық пен қаратпа
сөздердің семантикалығы кеңінен сөз етілді.
ІI-Тарау: Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық
категориясының жалпы сипаттамасы
2.1.Қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сыпайылық
категориясының зерттелу тарихы
Тілдерді салыстырмалы типологиялық тұрғыда зерттеу әр түрлі қырынан
(семантикалық, прагматикалық, психологиялық т.б.) жүргізіліп, ауқымы
кеңеюде. Генетикалық және типологиялық жағынан сәкес келмейтін тілдер
фактілерін түрлі қырынан салыстыру белгілі бір тілде жеке алып зерттегенде
байқала бермейтін тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін жете түсінуге, тілдер
арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айыруға мүмкіндік береді:
“Біз тілдерді тарихи байланыстылығына, туыстығына қарамай салыстыра
зерттей аламыз. Зерттеу барысында географиялық және тарихи жағынан да
әрдайым бір-біріне сәйкес келмейтін тілдердің өзінен бірдей тарихи
процестер мен жаңғыруларды, бірдей өзгерістерді көреміз. Тілдерді осылайша
салыстыру олардың фонетикалық, морфологиялық, сонымен қатар семасиалогия
салаларында көлемді лингвистикалық талдауларға негіз болады.” [14,371].
Салғастырмалы тіл білшімінің теориялық және әдістемелік негіздерінің
дамуына үлес қосқан отандық және шетел тіл білімі ғалымдарының қатарында
В.Д.Аракин, В.Н.Ярцева, В.Г.Гак, Ә.Д.Сүлейменова, З.К.Ахметжанова т.б. бар.
Салғастырмалы талдау нәтижелері әр тілде сөйлейтін ұлттардың
дүниетанымымен, наным-сенімін, психологиясымен жақынырақ танысуға да
септігін тигізеді. Адам факторы мен тілдің осылайша ажырамас бірлікте
алынып қарастырылуы – лингвистика ғылымының соңғы жылдарындағы жетістігінің
бірден-бір көрінісі.
Тілдерді салыстырмалы зерттеу тұтас тілдік жүйені немесе тілдің
белгілі бір саласын ғана қамтуы мүмкін. “Тілдің кез-келген деңгейіндегі кез-
келген бірліктер, олардың құрылымдық-семантикалық, функционалдық,
этномәдени, әлеуметтік лингвистикалық, психологиялық және өзге де
ерекшеліктері контрастивті талдаудың нысаны бола алады.” [42,34].
Соның бір нақты бір көрінісі-қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі
сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің лексика-семантикалық тобы. Әлбетте,
лексика-семантикалық топ құрамын, оның құрылымын, элементтері арасындағы
семантикалық байланыс түрлерін анықтау қандай да бір тілдің лексикалық
ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. О.А.Карнилов орынды атап
өткендей, “Этностың өмір суретін табиғи ортасы мен тұрмыс тіршілігінің әр
түрлілігі екі немесе одан да көп ұлттық тілдерді кез-келген бір тақырыптағы
лексика-семантикалық топтарды салғастырмалы зерттеп, сипаттау барысында
айқын көрінеді [25,153].
Жалпы тіл білімінде сыпайылықты зерттеген еңбектердің көбі бұл
мәселені тек грамматикалық тұрғыдан ғана қарастырған. Жапон тілін зерттеуші
ғалым В.И.Алпатов “Категории вежливости в современном японском языке” атты
зерттеу еңбегінде жапон тіліндегі сыпайылық грамматикалық тәсілдер арқылы
берілу жолдарына талдау жасап, сыпайылықтың, адамды құрмет тұтудың
ерекшеліктерін таразылайды [3,92].
Қазақ тілін зерттеуші ғалым Алмагул Сейсенова да ”Сыпайылық
категория” деген мақаласында сыпайылықтың грамматикалық тұрғылары жөнінде
мәлімет береді [41,83].
Спандияр Телқозұлы химия ғылымының кандидаты өзінің “қазақ тілінің
ресми және сыпайылық қаратпа сөздері.” атты мақаласында қазақ тілінің
қаратпа сөздерінің ресми және сыпайылық қатынаста көрініс табуын
грамматикалық тұрғыда салыстырмалы түрде зерттеген [47,33].
Ғалымдар жалпы тілде сыпайылықтың берілуін зерттеуді қажет деп
таниды. Бұл жөнінде В.И.Алпатов ”Жалпы тіл білімінде сыпайылықтың берілу
жолдарын зерттеудің маңызы бар, өйткені, сыпайылықты лингвистикалық тұрғыда
зерттеу жөнінде нақты ғылыми еңбек жоқ.”- дейді. Сондықтан, лингвистикада
сыпайылық мағыналарының тілдегі түрліше ерекшеліктерін зерттеу әлі де
болса, арнайы зерттеуді қажет етеді. Түрлі ұлт өкілдерінде де сыпайылықтың
берілу жолдарын немесе оның лексика-семантикалық топтарын ғылыми негізде
саралау жүйелі түрде қолға алынған жоқ. Орыс тіл білімінде де ішінара болса
да, осы тақырыпты зерттеген еңбектің бірі-С.С.Кувалинаның “Становление
языковых стереотипов вежливости в эпистолярном жанре второй половины XVІІ-
первой четверти XVІІІвв.” Деген еңбегінде сыпайылықтың берілу жолдарына
талдау жасайды.
Қазақ тілін зерттеуші Томаева ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz