Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектілері туралы ақпарат


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектілері

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

1 - Тарау. Ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу тарихы.

1. 1. Ұжымдық қарым- қатынас туралы түсінік.

1. 2. Ұжымдық қарым- қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуі.

1. 3. Орыс тіл білімінде ұжымдық қарым-қатынастың зерттелу деңгейі.

2- Тарау. Ұжымдық қарым-қатынастың псхолингвистикалық аспектілері.

2. 1. Ұжымдық қарым- қатынас құралдары.

2. 2. Ұжымдық қарым-қатынас құралдарының негізгі бөлшегі -мәтін

және оның табиғаты.

2. 2. 1. Газет пен журнал беттеріндегі көңілді мәтіндердің психолингвистикалық аспектісі.

2. 2. 2. Газет пен журнал беттеріндегі көңілсіз мәтіндердің псхолингвистикалық аспектісі.

2. 2. 3. Радио және теледидардағы көңілді мәтіндердің псхолингвистикалық аспектісі.

2. 2. 4. Радио және теледидардағы көңілсіз мәтіндердің псхолингвистикалық аспектісі.

ІІІ. Қорытынды.

1. Жұмыстың өзектілігі. Тіл ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі тілдік жүйені, тілдің коммуникативті қызметі, тіл мен адам факторы арасындағы, тіл мен қоғам арасындағы байланыс аспектісінде зерттеуге айрықша назар аударылып отыр. Тілдік жүйені тілдің коммуникативті қызметіне негіздей зерттеу психолингвистика, когнитивті лингвистика, функционалдық лингвистика, прагматикалық лингвистика саласында қарастыратыны белгілі. Қазақ тіл білімінде осы бағытта зерттеуді қажет ететін саланың бірі-ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі.

Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісін тілдің коммуникативті функциясымен байланыстыра зерттеу тиімді бағыттың бірі. Ұжымдық қарым-қатынастың мәтіндік қырын қарастыру психолингвистикаға қатысты негізгі мәселелер мен бағыттарды анықтауға жол ашады, өйткені, ұжымдық қарым-қатынас қоғамдық өзгерістерге қарай, адамдардың қабылдау еркшелігіне қарай жаңарып, өзгеріп отырады.

Психолингвистика тілдік қарым - қатынас құралы ретінде адмдардың сана-сезіміне, іс -әрекетіне әсер ету мақсаты тұрғысынан қарастырады. 1946ж Америка ғалымы енгізген (Н. Пронко) термин (« Тіл және психолингвистика» деген мақаласында. ) .

Психолингвистиканың әр түрлі аспектісін Н. И. Жинкин, А. А. Леонтьев, Р. Мертон, Р. М. Фрумкина, К. Ховланд, А. Ламсдейн, Ф. Шеффильд, П. Лазарсфельд, Б. Берельсон, О. С. Ахманова, Д. Слобин, Д. Грин, А. А. Залевская т. б ғалымдар әр қырынан зерттеген.

Ал Ұ. Т. Қ-тың маңыздылығын зерттегендер А. И. Михайлов, Л. М. Землянова, М. С. Каган В. М. Березин, Н. Г. Ланге, Э. П. Щубин, Г. П. Бакулев т. б ғалымдардың еңбектерінен көреміз.

Бүгінгі қоғамдық дамуда демократияға шындап бет бұру мен жариялаудың еліміздің саяси өміріне, экономикалық қарым-қатынасына түбегейлі өзгеріс әкелген жаңа кезең болып отыр. Осы демократиялық өзгерудің барлығы ұжымдық қарым-қатынастың тілінен көрініс табуда. Соған байланысты Ұ. Т. Қ -ты бұрыннан айқын тұжырымдалған ұжымдық насихаттың, үгітшіліктің және ұйымшылдықтың, рөлі де жаңа бағытта өзгеріп тың сатыға көтірілуде. Қазіргі ұжымдық қарым-қатынастың ауқымы кеңейіп, көптеген шектеулер алынып, ой-пікірге еркіндік берілген. Ұжымдық қарым-қатынастың осындай жаңа сипатына сәйкес психолингвистикалық ерекшеліктер айрықша көзге түсіп отыр. Соадықтан қазақ тіл білімінде бұрын жеке зерттелмеген ұжымдық қарым-қатынас психолингвистикалық аспектісіне байланысты мәселелерді мәтін көлемінде зерттеу адамның психологиялық қабылдауына нақты талдау жасауға оның өзіндік ерекшелігін жаңа қырынан тануға жетелейді және жұмыстың өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіннің психолингвистикалық ерекшелігін, оның белгілерін, атқаратын қызметін анықтау. Осы мақсатқа сай диплом жұмысында төмендегі міндеттерді анықтау көзделді.

  • ұжымдық қарым-қатынас және оның зерттеу тарихына шолу жасау;
  • ұжымдық қарым-қатынас теориясына, оның шетел және орыс тіл білімінде зерттелуін шолу жасай отырып, зерттеу барысында сүйенген теориялық принциптерді негіздеу;
  • ұжымдық қарым-қатынас тілінің психолингвистикалық аспектісін айқындау;
  • ұжымдық қарым-қатынас құралдарының тіліндегі мәтіннің адам психологиясындағы алатын орнын, лингвистикалық тұрғыдан бейнелеуін айқындау;
  • газет-журнал беттеріндегі мәтіннің эмоциялық-экспрессивтік қырына байланысты талдау;
  • радио және теледидар тіліндегі мәтіннің психолинвистикалық аспектілерін айқындау.

Зерттеудің теориялық және практикалық тілі. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіні психолингвистикалық аспект тұрғысынан қарастырып, зерттеу жүйесі анықталады. Психолинвистикалық аспекті мәтін деңгейінде анықталып, ұжымдық қарым-қатынас тілінің ерекшеліктері тың, жаңа қырынан қарастырады. Мәтіннің эмоциялық-экспрессивтік мәні мен ерекшеліктерін ашуға ұмтылыс жасалды. Ұжыдық қарым-қатынас тілін одан әрі кешенді түрде зерттеуге кең жол ашып, болашақта ізденуге тбағыт береді, қазақ тіл білімінде ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық дамуына үлес қосады.

Ұжыдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері деген тақырыпта жоғары оқу орындарында курс жүргізуге негіз бола алады. Жинақтардан мматериалдарды жоғары оқу орындарында коммуникативтік лингвистика, прагматикалық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психология салалары бойынша қазақ тілін оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Қазақ тіл білімінде бұрын арнаулы зерттеу нысаны болмаған ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі мерзімді баспасөз материалдары негізінде, радио мен теледидар мәнінің негізінде қарастырады. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіні тілінің белгілі бір мақсат -мүддеге сай қолданылу ерекшелігі айқындалады. Коммуникативтік мақсат бар жерде психолингвистикалық аспекті асатындығы дәлелденді. Ұжымдық қарым-қатынастың мәтінінде психолингвистикалық аспекті атқаратын бағалаушы микроэлементтер (эмоциялық-экспресивтік мәні бар лексика, синтаксистік құрылымдар, графикалық құрылымдар ) теориялық тұрғысынан тұжырымдайды.

Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын негіздеуде сипаттама әдісі, контекстік талдау, жүйелеу, салыстырма әдістері қолданылды.

Зерттеу нысаны (обьектісі) . Ұжымдық қарым-қатынас тіліндегі материалдар бойынша психолингвистикалық аспектілері: ufptn6 : газет, журнал, радио, теледидар, тіліндегі эмоциялық-экспрессивтік мәні бар мәтіндер, психологиялық қызмет атқаратын тілдік құралдар; психолингвистикалық аспектілерге қатысты коммуникативтік стратегия мен коммуникативтік тактика.

Зерттеу жұмысының дерек көздеріндегі негізгі тілдік материалдар «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», «Қазақ елі», газеттерінен, «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық».

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.


1. 1. Ұжымдық қарым- қатынас туралы түсінік
.

Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын психолингвистика тұрғысынан зерделеу, тіл құбылыстары сөз, сөз тіркесі және сөйлемдерді адамның қабылдау, пайымдау, ойлауымен ұштастыру, дәстүрмен жаңашылдық үрдістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің болашағын айғақтауға, өркениетті мемлекеттің қоғамдық - әлеументтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек, бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де жол бастар соқпағы да айрықша.

Соңғы жылдары дамып, өркендей, қанат жайып келе жатқан антрополингвистикалық бағыттағы тіл салалары тілдің әр қырларын анықтап, оның басқа ғылымдармен байланысын бірлікте қарастыруға жол ашады .

Біз сөз еткелі отырған психолингвистика саласы да тіл мен психология ғылымының сабақтасқан, ұштасқан бірлігі. Оның қарастырмайтын, оның зерделемейтін саласы жоқ деуге де болады. Ол өзіне қостілділік теориясын, , криминимистиканы, инженерлік авиацианы, психологияны, ұжымдық қарым - қатынасты т. б . қамтиды.

Көптеген ғылым жарияланымдарда психолингвистиканың қалыптасуын ХХ ғасырдың орта шенінде заманның талабынан туындаған өзекті мәселелерге толықтай жауап беру мақсатынан туындаған бұрыннан келе жатқан дәстүрлі ғылым салаларын тоғыстыру үрдісінің ғылыми аренада пайда болуымен байланыстырады.

Психология мен лингвистиканың сабақтастығынан негізделген психолингвистиканың пайда болуының себебін қайсібір ғалымдар нақты практикалық міндеттерді теориялық тұрғыдан қайтадан сараптауда сөйлейтін адамды емес, көбіне мәтінді зерттеумен айналысатын таза лингвистикалық талдауларға сүйенүдің күткендей нәтижелерге жеткізе алмағандығымен ( А. А. Леоньтев) түсіндіреді. Ал кейбір ғалымдар, мәселен Р. М. Фрумкина (1968) психолингвистика ғылымы тіл мамандарының тілді психикалық ореномен ретінде сипаттаудан бас тартуларымен байланысты болып келген олқылықтардың, кемшіліктердің орны толықтыру мақсатында дүниеге келді деп біледі.

ХХ ғасырдың 50- жылдарынан бастап ғылыми мінбеден психолингвистика дербес ғылым саласы ретінде көріне бастағанымен, оның алғашқы қадамдары, бастамалары В . Гумбольдттың, В. Вундтың, орыс лингвистерінің, орыстың психолог, физиолог ғалымдарының (А. А . Потебня, И. А . Бодуэн де Куртене, А. А . Шахматов, И. М . Семенов, Н. А. Бернштейн, С. И . Бернштейн, А. С. Выготский, А. А. Леонтьев, Н. И . Жинкин т. б. ) ебектерімен тығыз байланысты. Психология мен лингвистика арасындағы одақтастыққа бір ғасырдай уақыт толады десе де болғандай .

Осы психолингвистиканың негізгі нысаны ретінде қарастырылатын ұжымдық қарым- қатынас мәселесі- бүгінгі күн талабынан туындаған, нағыз қажетті тақырып. Осыған орай, ең алдымен, ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу жайына тоқталамыз. Бұдан былай жұмысымызда «ұжымдық қарым- қатынас» терминін қысқартып ҰТҚ деп алуды жөн көрдік.

Ұжымдық тілдік қатынас туралы біздің елде зерттеу еңбектері жоққа тән. ресейде ұжымдық тілдік қатынас (ҰТҚ) ХХ ғасырдан бастап зерттеу нысанына айналған. Ал отандық ғалымдар бұл тақырыпқа әлі де атпасын бұратын түрі жоқ сияқты. Жалпы ҰТҚ туралы дерек көздерін біз Америка немесе Ресей т. б. елдердің ғалымдары жазған еңбектерден аламыз. Сондықтан осы ұғымның басын ашып алайық.

Ұжымдық тілдік қатынас сөзінің тура аудармасы ағылшын тілінде « mass communication», орыс тілінде «массовая коммуникация». Бұл ұғымды түсіндіруде, түсінуде алғашында шатасулар тұғызды. Ғалымдар біресе оның қурамындағы жеке сөздерді талқылады, біресе толық ұғымды алып анықтауға тырысты. Яғни « mass» үлкен көлемдегі, кең ауқымды деген мағынада десе, коммуникациялау тілде кеңесү, тілдесу. Бұдан шыққан қорытынды қарым - қатынастың, яғни тілдесімнің кең көлемде, үлкен аудиторияларды жүзеге асуы. Оны қазақ тіліне сыпайы ғана орнықтырып қоятын болсақ « ұжымдық қарым -қатынас» деген ұғым пайда болады. Ал шын мәнінде ол ұғымды осы анықтама толық ақтап шығады ма? деген сұраққа жауапты біз кейбір отандық және шетел ғалымдарының пікірімен санаса отырып анықтауға тырысамыз.

Коммуникация - терминінің алғашқы мағынасы (тілге, сөйлеуге қатысты ) «қарым- қатынас» тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кездерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация - тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация - қоғамдық байланыс қоғамдағы қарым- қатынас дегенді аңғартады.

Қарым- қатынас (коммуникация) туралы «психолингвистические проблемы массовой коммуникаций» (М. Наука 1974) [ 1; 8 ] еңбегінде былай дейді : « общение, или коммуникация, - одна из сторон взаимодействия людей в процессе их деятельности». Бұл пікір де басқа ғалымдардың анықтамаларымен ұқсас. Яғни адамдардың қарым- қатынас жасауы ( тіл арқылы) . Олай болса «коммуникация » терминін біз қарым- қатынас деп алып қарастырамыз.

«Коммуникативтік» термині жай тілдік қарым- қатынасты ғана емес, одан да гөрі терең мәні бар қоғамдық- әлеуметтік тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс қоғамда болмайды. Бірақ ол тіл жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу қуралы. Сондықтан тіл әрі қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.

Сонымен коммуникация қарым- қатынас, өзара байланыс дегенді білдіреді. Ал ұжымдық қарым- қатынас ғылымға қалай және кімнің еңбектері арқылы енді? Бұл термин туралы түсінікті зерттеушілердің пікірлері арқылы толықтырар болсақ оған былай анықтама берілген: « собственное значение термина « массовая коммуникация» даст лишь приблизительное представление о характере обозначаемого им понятия. В известной мере этот термин ложно ориентирующий. В самом деле, « массовая коммуникация» - это гораздо больше, чем « коммуникация для масс» или « в массовом масштабе», точно так же, например, как железная дорога не есть « дорога из железа» - дейді. Бұл сөздің мағынасының ауқымдылығын біз қалай білеміз? Жеке терминнің өзі өз мағынасынан да ауқымды ұғымды білдіретін болса, оның тағы да көптеген ерекшеліктері болуы керек қой! Бұл сұраққа « Речевое воздействие в сфере массовой коммуникаций» ( М, Наука 1990) еңбегінің 3-і бөлімінде былай жауап береді: « …. . если мы творим в массовом искусстве, массовой литературе, то тогда в центр нашего внимания попадают прежде всего вопросы современного бытования искусства в условиях существования средств массовой коммуникаций, массовой информаций. Само это бытование может быть рассмотрено с различных точек зрения. С одной стороны, это технические средства порождающие феномен массовой искусства- существование массовых тиражей книг , перилдических изданий прессы, телевидения, радио, кино - одним словом все то, что является техническими, производственными мощностями, продукцирующими массовой искусства неотъемлемая часть нашей современной жизни, от которой никуда нельзя уйти и которую необходимо принимать как данность, как условие самого нашего существования» [ 2 ; 32 ] . Осы пікірде ұжымдық қарым- қатынастың белгілері нақты айтылған. Атап айтқанда ұжымдық қарым- қатынас ақпарат тарату мүмкіндігіне ие. Ол техникалық құралдардың көмегімен іске асады, ( құралдары - радио, телевидение, газет - журнал ) және ол адамдардың күнделікті қажеттіліктері арқасында туындап отыр. Міне ұжымдық қарым- қатынастың негізгі шартты ұғымдары осындай.

Ғылымда ұжымдық тілдік қатынас осы күйінде алынып бірден зерттеуге түскен жоқ. Алдымен оның қатынас құралдары зерттелді. ХХ ғасырда газет ақпарат таратудың бірден- бір көзі бола бастады. Соғыс кезінде осындай қарым- қатынас құралдарының көбеюі, олардың қоғам тіршілігінде маңызды қызмет атқара бастауы, жаңа терминнің дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды.

Бұл термин туралы «Ұжымдық қарым- қатынастың психолингвистикалық аспектісі» ( М. Наука 1974 ) атты еңбекте оған былай анықтама береді:

1. массовая коммуникация есть процесс распространения информаций ( т. е. разновидность общения ) ;

2. этот процесс носит социальный, классовый характер, ибо распространяемые знания, духовные ценности, моральные и правовые нормы всегда отражают классовые интересы;

3. процесс массовой коммуникаций совершается при помощи технических средств( печати, радио, телевидения, киномотография), все другие виды общения, например публичная речь вовлекающая в конечном счете в процесс коммуникаций миллионы людей к массовой коммуникаций, строго говоря, не относится ;

4. для массовой коммуникаций характерен особый вид аудиторий: массовая, рассредоточенная аудитория т. е. очень большая по численности, но раздробленная на небольшие группы, по размеру обычны не превышающие семью. [1 ; 7 ]

Алайда бұл анықтаманың өзі де терминге толық түсінік бере алмайды. Бұл терминді жеке - дара талдап білудің маңызы іс - әрекеттің қалай өтетінін бақылауға тигізетін әсері мол. Яғни, әр нәрсенің жеке қасиетін анықтау үшін біз оның шындықпен, тарихпен байланысты жақтарын ескермей әрқайсысының өзінің жеке қасиеттерін, оның белгілі себептерін және ізденіс жолын қарастыруымыз керек. Шын мәнінде «ұжымдық қарым- қатынас» термині тек мағына айқындау жағынан жуық қана мәнді көрсетеді. Бұл терминді негізінде тек ұжыммен не қоғаммен, қарым- қатынас деген ұғыммен шектеу қате.

Көп жағдайда терминді анықтауда тек оның құрамындағы сөздердің тарихына талдау жасау аздық етеді. Керісінше, ол терминнің мағынасына назар аудару керек. Ұжымдық қарым - қатынасты біз қоғамдағы қозғалыстың мәні деп анықтаймыз. Бұл терминнің төңірегінде қаншалықты көп пікір айтылса да негізінде бәрінен шығатын қорытынды ой біреу. Ол - ұжымдық қарым - қатынастың қатынас жасаудың ауқымды түрі екендігі, оның дербес құралдарының болуы, ондағы іске асатын әрекеттің тілдік және психологиялық ерекшелігінен көрінетіндігі. Бұл қатынасқа түсуші субъекті үш мақсатты көздейді:

- біріншіден, бағалаушы қатынасшыдан өзі үшін мәні бар ақпарат алуды көздейді;

- екіншіден, қатынасшы бақылаушыға бірқатар мағыналы мәлімет береді;

- үшіншіден, қатынасшы да, бақылаушы да әйтеуір бір ой алмасуды көздейді. «Язык и массовая коммуникация» еңбегінде ( М. 1984 ) «массовая коммуникация- это деятельность по добыванию упорядоченного, обработки и передаче (сообщений) информаций» [3; 4 ] . Сонымен қатар осы аталған еңбекте « массовая коммуникация - это деятельность по добыванию ( открытию, изобретению) новых смыслов, приближающих человеку к постижению истинного и нравственного знания» [3 ; 18 ] деген анықтамалар бар . Бұл әрине жоғарыда біз айтқан тұжырыммен сәйкес келеді. Яғни, ақпарат таратуға ұжымдық қарым- қатынастың құралдары қызмет етсе, ондағы ақпаратты қабылдауда адам өзіндік қажеттіліктерін өтейді . Осыған орай неміс ғалымы К . Шеннон ұжымдық қарым-қатынастың үш түрін бөліп көрсетеді:

1. технический

2. семантический

3. эффективность.

Технические проблемы коммуникаций связывались им с точностью передачи информаций от отправителя к получателю.

Семантические проблемы с интерпретаций сообщения получателем в сопоставленным изначальным значением.

Проблема эффективности говорит о результатах изменения поведения в связи с переданным сообщениям [3 ; 24 ] .

Біз алдыңғы пікірлерде ұжымдық қарым- қатынастың негізгі белгілерін анықтасақ, К. Шенонның жіктеуінен бұл қатынастың іске асу ерекшелігін көрмізге болады;

Негіз- кодтау - хабар - декодтау- қабылдау

Источник- кодирование- сообшение - декодирование - получатель

Қорыта келгенде, ұжымдық қарым- қатынас терминін түсіндіру үшін мынандай алғышарттарды негізге аламыз:

- ұжымдық қарым- қатынас арқылы өте үлкен көлемде ақпарат таратуға, және ақпарат қабылдауға болады;

- ұжымдық қарым- қатынас техниканың көмегімен іске асады;

- бұл қатынасқа түсушілер белгілі бір мақсат көздейді;

- ұжымдық қарым- қатынастың тілдік және психологиялық ерекшеліктері болады;

-ұжымдық қарым- қатынастың өз құралдары, дербестігі болады.

Термин төңірегінде біраз ой айтылды. Оның қалай және қашан пайда болғандығынан мәлімет берілді. Ендігі ұжымдық қарым- қатынастың шетел және орыс тіл білімдерінде зерттелуіне тоқталу арқылы термин төңірегіндегі түсініктерді толықтыра жатамыз.

1. 2. Ұжымдық қарым- қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуі .

Тілдік қатынас болмаса қоғамда әрекет те, байланыс та, қарым-қатынас та болмас еді. сондықтан ұжымдық қарым-қатынаста тілдің атқаратын ролі зор. Ұжымдық қарым-қатынастағы тілдің маңызы-тіл арқылы ойды түсінікті етіп беруге және ақпаратты үйлестіру, соданоны басқаларға жеткізуде. Олай болса ұжымдық қарым-қатынастыңболуы, оның тіл арқылы жүзеге асуы. Ал ұжымдық қарым-қатынастың зерттелу жүйесі қандай болдыекен, енді осы сұраққа жауап іздесек.

Ұжымдық қарым- қатынастың амал тәсілдерін шетел тіл білімінің ғалымдары ХХ ғасырдың басынан бастап зерттеген. Одан кейін 30- жылдарда радионың көптеп тарала бастауымен сол арқылы қарым қатынас жүре бастады( насихат сөздер мен коммерциялық жарнамалар берілді ) . Екінші дүние жүзілік соғыста ұжымдық қарым-қатынастың түрлкріне қажеттілікті көптеп талап ете бастады, өйткені қатынастың бұл түрі қару-жарақпен бірдей маңызға ие болып, содан психологиялық соғыс деген термин пайда болды. Ұжымдық қарым-қатынастың анықталуына батыс ғалымдарыныңсіңірген еңбектері көп. Шындығында осы терминнің де сол кездерде негізі қаланғандығына ешкім дау айтпаса керек. Батыс ғалымдарының барлығының дерлік пікірі Американ ғалымы Х. Лассуэллдің айтқан пікірлеріменсәйкес келеді. Бұл ұғымның кең өріс алуына Х. Лассуэллдің қосқан үлесі зор. оны батыс еліндегі ұжымдық қарым -қатынас теориясының әкесі деп атуы жайдан-жай емес. оған батыстағы алғашқы ұжымдық қарым-қатынас туралы жазылған еңбек тиесілі. Негізінде Лассуэлл 1946 өзінде -ақ ұжымдық қарым-қатынастың үлгісін ұсынған. Ол үлгіні әлі күнге дейін батыс ғалымдары классикалық үлгі деп келеді. Ол былай құралған:»кто что сказал, через посредство какого канала(средства) коммуникациикому, с каким результатом. »Осы жүйені ғалым терминінің басты белгілерін айқындайды деп сендіреді. 1967жылы Лассуэлл бұл үлгіні аздап өзгертті. арада өткен 20жыл уақыт ішінде ол былай өзгерді:»участники коммуникации-лерспективы-ситуация-основные ценности-стратегии-реакции реципиентов-эффекты». Олай болса ұжымдық қарым-қатынастың негізін салған Американ ғалымы Х. Лассуэлл.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Сұхбаттық тілдесімді зерттеудің лингвистикалық және экстралингвистикалық ерекшеліктері
Ауызша сөз нормаларын оқытудың психолингвистикалық негізі
Когнитивтік лингвистика
Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
Гендерлік лингвистиканы зерттеудің теориялық аспектілері
Аударманың түсінігі мен түрлері
Табу және эвфемизм
Қостілділіктің ежелгі бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz