Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы



Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
а) Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы
б) Экономиканы мемлекеттік реттеу
в) Мемлекеттік кәсіпкерлік
г) Сыртқы экономикалық байланыстар
д) Әлеуметтік қорғау жүйесі
Кіріспе
Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлеуметтік ұйымның субъектісі-мемлекет, ал объектісі- халық. Осыдан туындайтын сұрақ ұлттың гүлденуін қамтамасыз етуді мемлекеттің рөлі қандай болмақ?
Өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде рынок басым рөл атқарады деген көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді. Қазіргі экономистерге мемлекеттің экономикалық рөлінің маңызын дәлелдеудің қажеті бола қоймас. Мәселе мынада болса керек: мемлекеттік араласудың оптималды шекарасын анықтау, мұның өзі рынок заңдарын толығымен және тиімді пайдалануға жол ашады. Осы жағдайда қоғам ұлттың дамуы мен гүлденуіне қажетті экономикалық базаға ие болады. Мемлекет пен экономиканың үйлесімді әрекеті шаруашылығы тиімді қоғам құру мүмкіндігн береді, сол кезде “мемлекет басқару еркіндігін сақтайды, әрі ұлғайтады, сонымен қатар үкіметтің халық күзетшісі болуын, оның қожайынына айналмауын қадағалайды”(М. Фридмен).
Әдебиеттер тізімі.
1. Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория ілімі»
2. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері»
3. Әубәкіров, Жүнісов «Экономикалық ілім негіздері»

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы
б) Экономиканы мемлекеттік реттеу
в) Мемлекеттік кәсіпкерлік
г) Сыртқы экономикалық байланыстар
д) Әлеуметтік қорғау жүйесі
Кіріспе
Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым
көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті
материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең
тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде
қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлеуметтік ұйымның субъектісі-
мемлекет, ал объектісі- халық. Осыдан туындайтын сұрақ ұлттың гүлденуін
қамтамасыз етуді мемлекеттің рөлі қандай болмақ?
Өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде рынок басым рөл атқарады деген
көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді. Қазіргі экономистерге мемлекеттің
экономикалық рөлінің маңызын дәлелдеудің қажеті бола қоймас. Мәселе мынада
болса керек: мемлекеттік араласудың оптималды шекарасын анықтау, мұның өзі
рынок заңдарын толығымен және тиімді пайдалануға жол ашады. Осы жағдайда
қоғам ұлттың дамуы мен гүлденуіне қажетті экономикалық базаға ие болады.
Мемлекет пен экономиканың үйлесімді әрекеті шаруашылығы тиімді қоғам құру
мүмкіндігн береді, сол кезде “мемлекет басқару еркіндігін сақтайды, әрі
ұлғайтады, сонымен қатар үкіметтің халық күзетшісі болуын, оның қожайынына
айналмауын қадағалайды”(М. Фридмен).

Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы

Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым
көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті
материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең
тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде
қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлеуметтік ұйымның субъектісі-
мемлекет, ал объектісі- халық. Осыдан туындайтын сұрақ ұлттың гүлденуін
қамтамасыз етуді мемлекеттің рөлі қандай болмақ?
Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де тұтынушылар да
рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы
қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай
келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттігі туындайды.
Мұндай үлгіні тұңғыш рет А. Смит “Халықтар байлығының табиғаты мен
себептерін зерттеу” деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын.
Автордың өзін-өзі реттеу позициясының жанашыры екені көрініп тұр. А. Смит
пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан түгелдей
босатылуы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар рыноктан өзіне не қажет,
соны сатып алады.
Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе,
экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай
шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рөл атқарады, мемлекеттік
араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы
керек. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның рөлі рынок жағдайында істейтін
жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Классикалық мектептің экономистері әр
түрлі тарифтер жасауда баға деңгейін тұрақтандырды, техникалық жаңалықтарды
енгізуді үкімет тарапынан реттеуге ұмтылыстардың бәріне қарсы. Сонымен
классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметтерді жақтай
отырып, мемлекеттің рыноктық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке
мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді. Алайда,
адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей, жеке мүдде тұтас алғанда
қоғамдық мүдделерге әрдайым сай келе бермейді. Мысалы, жекелеген
коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алуылар рынокта жоғары сұраныс
туғызатын наркотиктер, арақ-шарап, темекі, қару-жарақ т.б. ерекше тауарлар
мен қызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Әрине, әлеуметтік мораль мен адам
өмірін қорғау тұрғысынан бұл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды.
Сөз жоқ, мемлекет мұндай жағдайда рынокты қадағалап, реттеу жұмысына
араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап
айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандырумәселелерін реттеуге де мемлекет аралысуе
керек. Бұлардан басқа да рыноктық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға
жағымсыз сыртқы эффектілерді азайтуда да мемлекеттің рөлі зор.
Жаңа классикалық үлгі. Үстіміздегі ғасырдың соңғы 60-70-жылдары ішінде
қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет
рөліне байланысты көптеген жаңа сипаттар орын алды. Мұның өзі 30-жылдарды
АҚШ-та орын алған Ұлы тоқырау жылдарына байланысты. Оған дейін жаңа
классиктер экономикалық жүйені өздігінен реттелетін, дәлірек айтқанда өзіне-
өзі түзету енгізетін жүйе ретінде қарастырады. Әрине, шаруашылық жүргізу
процесінің уақытша бұзылуы мүмкін, алайда жүйенің негізгі тенденциясы қолда
бар қорларды және ерікті еңбек ететін қызметкерлерді дұрыс пайдаланып,
өндірістің қажетті көлемін қамтамасыз ету болды. Соның нәтижесінде түскен
табыс бүкіл жаңа жасалған құнды сатып алуға жұмсалды.
Ал жинақ мүмкіндіктеріне тоқталсақ оның өзі түптеп келгенде инвестиция
түрінде жұмсалады. Егер жинақ көп мөлшерде болса, ол процент ставкасын
төмендетеді де инвестициялық процестерді жандандырады. Сұраныстың азаюына
байланысты баға төмендейді, ал төлем қабілетібар сұраныстың жеткіліксіздігі
рыноктың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен жинақ пен инвестиция тепе-
теңдігі жаңа классикалық үлгідегі өздігінен реттелетін экономиканың басты
шарты. Өндіріс өздігінен қажетті дәрежеде сұраныс туғызады деген идея,
соңғы 100 жылдан бері экономикалық теорияда берік орын алып келеді. Оның
формалды көрінісіне Ж.Б. Сэйдің (1767-1832 ж.) өткізу теориясы жатады. Ж.Б.
Сэйдің артық өндіріс, артық рынокты қалыптастырады деген пікірі, сұраныс
пен ұсыныстың арақатынасын өте қарапайым түсінгендіктен туындаған. Өнім
әрдайым өнімге айырбастала бермейді, сондықтан ол сатылады, ал бұл айналыс
өте күрделі процесс. Барлық өндірушілер мен тұтынушылардың қажеттіліктері
Сэй ойлағандай өзара ұқсас емес, олай болатыны олардың мақсаттары,
мүдделері, ұмтылыстыры сәйкес келе бермейді. Шын мәнінде жұмысшы тауар
өндіреді, ал қатардағы сатып алушы ретінде оның жеке тұтынуына қажет
тауарларға ғана қатысы бар. Кәсіпкерлердің де кәсіпкер ретінде сатып
алғандары, олардың жеке тұтыну мақсаттары үшін сатып алғандарынан мүлдем
өзгеше.
Үстіміздегі жүз жылдықтың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында
Сэй идеясының негізсіздігі дәлелденді, сөйтіп өздігінен реттелетін
экономика дейтін сағым біржола жерленді. Дж. Кейнстың жұмысы жарық
көргеннен кейін, экономикада төлем қабілеті бар сұраныстың жеткіліксіздігі
тұрақты құбылысқа айналатындығы және номиналды жалақының да, процент
ставкасының да төмендеуі оны жоюға ешбір дәрменсіз екені мойындалды.
Жалақыны қысқарту төлем қабілеті бар сұранысты (тиімді сұранысты)
төмендетеді де жағдайды одан әрі қиындатады. Ұлы тоқырау тәжірибесі
көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі процент
ставкасының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды,
олай болса сұраныс та ұлғаймайды. Стагнация процесі жалғаса береді. Бұған
қарсы бірден бір қолданатын шара – мемлекеттің араласуы. Экономикалық
стагнация жағдайында мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы жағдайын
сақтаушы мен қорғаушы “түнгі күзетші” рөлінен алшақтауы қажет. Ол белсенді
түрде бюджет, қаржы-несие, әлеуметтік саясатты жүргізуге керек.
Сонымен өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде рынок басым рөл атқарады
деген көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді. Қазіргі экономистерге
мемлекеттің экономикалық рөлінің маңызын дәлелдеудің қажеті бола қоймас.
Мәселе мынада болса керек: мемлекеттік араласудың оптималды шекарасын
анықтау, мұның өзі рынок заңдарын толығымен және тиімді пайдалануға жол
ашады. Осы жағдайда қоғам ұлттың дамуы мен гүлденуіне қажетті экономикалық
базаға ие болады. Мемлекет пен экономиканың үйлесімді әрекеті шаруашылығы
тиімді қоғам құру мүмкіндігн береді, сол кезде “мемлекет басқару еркіндігін
сақтайды, әрі ұлғайтады, сонымен қатар үкіметтің халық күзетшісі болуын,
оның қожйынына айналмауын қадағалайды”(М. Фридмен).
Мемлекет пен рынок өз мәнінде экономиканың “екі қолы” іспеттес, осы
мағынада олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның сол қолы мен оң қолы
өздігінен, еркін бірігіп қызмет атқаратыны секілді, мемлекет пен рынок та
салыстырмалы бір бірінен тәуелсіз, бірақ ортақ мақсаттары үшін қызмет
етеді.
Тарихи тұрғыдан алғанда мемлекет қоғамның белгілі бір даму сатыысында
оның өнімі ретінде дүниеге келді. Қоғамда өздігінен шешілмейтін
қайшылықтардың пайда болуы және одан құтылу жолдары тар кезеңде мемлекет
орасан зор рөл атқарады. Шиеленіскен қайшылықтар қоғамда жойып жібермес
үшін, күресу жақтары ымыраға келтіріп, тәртіпке шақыру мақсатында қоғамның
жоғары деңгейінде бір үлкен күшке қажеттілік туындайды. Мемлекет жеке
кәсіпкелікті қорғап, оның жалпы дамуына жағдай туғыза отырып, қажет болған
сәттерде “капиталистер” табы өкілдерінің өздеріне де қатаң шаралар
қолданады. Мемлекет қоғамның өндіруші топтарын қолдап, олардың ауыр
индустрияны, әскери өнеркәсіпті, темір жол құрылысын және де басқа
капиталды көп қажет ететін салаларды жандандыру жұмыстары үшін қаражат
бөліп, көмектеседі. Тағы бір айтуға тұрарлық жай, халық пен меншікті қорғау
жүйесін жетілдіру саяси-құқылық және әлеуметтік жәрдем мәселелерінде батыс
мемлекеттерінің тәжірибесі белгілі дәрежеде тартымды болып отыр.
Мемлекет және рынок. Мемлекет пен рыноктың әрдайым тепе-теңдік жағдайда
болуы қоғам үшін тиімді. Алайда, рынок та, мемлекет те өзіндік ерекше
проблемалары бар жеке дара құрылымдар. Мемлекеттің мақсаты рынокты
тұншықтыру емес, керісінше оның барлық элементтерінің үйлесімді қызметін
қамтамасыз етуге мемлекет мүдделі. Ең алдымен мемлекет өндірістің
бәсекелігін қолдауы керек. Бәсеке дегеніміз – рыноктың тынысы. Бұрынғы
социалистік елдердің тәжірибелері дәлелдегендей, бәсекесіз толыққанды рынок
жасау мүмкін емес.
Мемлекеттің бәсекеге көзқарасының қайшылықтары да бар. Бір жағынан,
мемлекет саналы түрде монополистік құрылымдарды жасауға ұмтылады, ал
монополиялар болса бәсекені жоюға әрекет етеді. Осы жағдай көптеген
мәселелерді көтереді. Бәсеке сақталар ма еді, егер мемлекет оның жойылуына
кедергі жасамаса? Әлде мемлекеттік шектеулерге сүйенбей-ақ бәсеке өздігінен
сақтала ма? Қуатты, тиімді кәсіпорындар мен салалар әлсіздерді ығыстыруға
әрекет жасап отырғанда, бәсекені қолдау мүмкін бе? ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері
Экономиканы дамыған мемлекеттерде бюджеттік реттеудің қалыптасу ерекшеліктері
Экономикалық жүйелердің мінездемесі мен оның ерекшеліктері
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Нарық және нарықтық экономика
Бюджет шығысының өсуі
Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі базасында банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
Кәсіпорынның қаржы қатынасы
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
Пәндер