Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы



Кіріспе

1 Хандардың дипломатиялық хаттары . халықаралық қатынас мәселесін зерттеу құралы

1.1 Хаттар . халықаралық келісім негізі
1.2 Хандардың ресми хаттары . дерек ретінде

2 Қазақ хандарының Ресеймен халықаралық байланысы

2.1 Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар
2.2 Қазақ хандарының Ресейге жіберген хаттарына сипаттама, ішкі мазмұны
2.3 Ресейге жіберілген дипломатиялық хаттардың тарихи маңызы

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Иллюстрациялар мен суреттер
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тарихы мен мәдениетін баян ететін өткеннің жазба ескерткіштеріне мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жасалынып жатқан іс-шаралар, кеткенді қайтаруға деген ұмтылысқа көңіл бөлгендіктің нышаны болса, тарихтың ақтаңдақ беттерін ашуға кәсіби тарихшы мамандарымыздың қызығушылығын арттырып, тың зерттеулерге серпін берері сөзсіз. Өйткені, қазақ халқының тарихындағы кейбір мәселелер, атап айтар болсақ, «Қазақ елін Ресейдің жаулап алу» мәселесі әлі де терең зерттеп, зерделеуді қажет ететін, мұрағаттар қойнауына бойлауды талап ететін мәселенің бірі. Себебі, кез келген зерттеу жұмыстарында тілге тиек етіп, сүйенерлік ғылыми негіз болатын, кәсіби тарихшының басты құралы, ол әрине, деректер, деректік мәліметтер. Соның негізінен шыға отырып қана шынайы тарихты жазу мүмкіндігі туады. Дегенменде, белгілі бір саяси салдарға байланысты еліміздің кейбір тарихи тұстарына күйе жағылып, не бір тарихи кезеңге байланысты бұрмалаушылықтардан, ақиқаттың арнасына түсе алмай келгенбіз. Бірақ, дәл қазіргі таңда, ескілік шырмауынан сананы азат етіп, елдің шынайы тарихын жазуды қолға алатын кез туды.
Қазақ хандығының дипломатиялық тарихына байланысты біраз зерттеу мақалалары жарық көргенімен, әлі де болса бұл тақырып төңірегіне тереңірек үңілуімізді қажет етеді. Ресей, Қытай және де басқа да көршілес мемлекеттердің мұрағаттарында көптеген құнды деректер сақтаулы. Ресей мұрағаттарының ішінде «Қырғыз-қазақ істері» қорының 415-тей бірлігі бар, олар орыс патшалары мен қазақ хан-сұлтандарының хаттары мен екі ел арасындағы елшілік істер туралы мәліметтер. Сол сияқты, Қазақстанның ерте және ортағасырлық тарихына қатысты ғылыми мәліметі мол дүниелер Қытай елінің мұрағат қорларында көптеп сақталған.
Қазақ хандығы құрылғалы бері, өзінің көрші мемлекеттерімен саяси қарым-қатынас жасап, мейлінше дипломатиялық, тату байланысты негіз еткен. Екі жақ арасында елшілер тобы арқылы хан-сұлтандардан не билеушілерінен арнайы хат жіберіліп, оған «Хан сәлемдемесі» қоса беріліп, өзара тиімді не келісімді шарттарға қол жеткізуге тырысты. Демек, бұл жерден біз, хаттардың дипломатиялық байланыстың негізгі құралы қызметінде болғанын көреміз. Сондай-ақ, хаттардың түпнұсқасын оқи отырып, оқиға желісінен хабардар болып, хат мазмұнын білу арқылы тарихымыздың көлеңкелі тұстарын ашуға мүмкіндік туады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның тарих ғылымында хаттарға арнайы түрде әлі күнге дейін көңіл бөлінбегендіктен, хаттар ғылыми негізде зерттелінбеген. Олардың орыс және қытай тілдерінен аударылмағаны болмаса, түпнұсқасын арнайы академиялық негізде аударып, хаттарды тарихи кезеңмен байланыстырып, оған комментария жасаған ешбір зерттеуші-ғалымдарды атай алмаймыз.
Бүгінгі таңда, тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік аренада беделінің өсуіне орай, мұрағаттарымызда жібі сөгілмеген күйі жатқан деректерді ғылыми айналымға енгігізіп, көпшілікке танытып, дипломатиялық хаттарға
1 Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. Сборник
документов и материалов. Алма-Ата, 1961
2 Материалы по истории политического строя Казахстана.
Сборник. Том 1. Алма-Ата, 1960
3 Международные отношения в Центральной Азии.
XVII-XVIII в.в. Книга 1. Москва, 1989
4 Гуревич В.П. Международные отношения в Центральной Азии.
в XVII-I половина XIXв. Москва, 1979
5 История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. 1 том.
Посольские материалы Русского государства (XV-XVII в.в.). Алматы, 2005
6 История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. 2 том. Русские летописи и официальные материалы XVI – первой трети XVIII веков о народах Казахстана. Алматы, 2005
7 Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы
және оның «Жылнамалар жинағы». Алматы, 1991
8 В.В.Вильяминов-Зернов. Исследование о Касимовских
царях и царевичах. Санкт-Петербург, 1864. 2 бөлім
9 Қадырғали Жалайыр. Жылнамалар жинағы. Алматы, 1993
10 Исторические известия о киргиз-кайсаках и о сношениях
России с Средней Азией со времен кончины Абуль-Хайр хана»
(1748-1765 гг.). Автор В.В.Вильяминов-Зернов. Уфа, 1853
11 Исторические известия о киргиз-кайсаках и о сношениях
России с Средней Азией с 1764-1783 гг. Уфа, 1854
12 Продолжение древней Российской Вавлиофики. СПб.,1786. Ч. 2.
13 Ш.Уәлиханов. Собрание сочинений в 5 томах
14 Хафизова К.Ш. Ч.Валиханов о китайских грамотах.- // Валиханов и современность. Сборник статей. Алма-Ата, 1988. - 179-185 беттер
15 А.Исин. Документы Российского Государственнй архив древних актов о казахов и Казахском ханстве. - // Абай, 2002, № 1. - 23-25 беттер
16 А.Исин. Алғашқы елшілік. - // Білім және еңбек, 1986, № 8
17 Қуанышбек Қари. Иран шахының Тәуке ханға хаты.
- // Жұлдыз, 2006. № 3. - 180-182 беттер
18 Исин А. Әбілқайыр ханның хатын қалай дұрыс оқыған дұрыс.
- // Абай. – 2001. – № 2. - 42-44 бет
19 Өтениязов С., Қарабалаев Х. Қазақстан Ресейге қалай
бодан болды? - // Қазақ тарихы. – 2006. - № 3. - 34-39 бет
20 Өтениязов С. Дерек тілекке бағынбайды. - // Ана тілі. - 2006.
- № 7. - 10-12 беттер
21 Қазақ Совет Энциклопедиясы. I том. Алма-Ата, 1972
22 Кшибеков Д., Кшибеков Т. Речь и письменность: предпосылки
происхождения. Алматы, 2000
23 Құран Кәрім, 49:13
24 История дипломатии. 2-ое изд. -Т.1. Москва, 1959
25 Дипломатический словарь. 2-ое изд. –Т.1. Москва, 1971. – 479 бет
26 В.И.Попов. Современная дипломатия. Теория и практика.
Часть 1. Москва, 2000
27 История дипломатии. -Т.1. Москва, 1941
28 Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері:
Оқу құралы. - Алматы, Қазақ университеті, 2002
29 Каштанов С.М. Русская дипломатика: Учеб. Пособие для вузов
по спец. “История”. - Москва, Высшая школа, 1988
30 Пронштейн А.П., Данилевский И.Н. Вопросы теорий и методики
исторического исследования. Москва, Высшая школа. 1986
31 Источниковедение историй СССР. Под ред. И.Д.Ковальченко.
Москва, Высшая школа, 1973
32 Пронштейн А.П. Методика исторического источниковедение.
Изд. 2-е. Издательства Ростовского Университета, 1976. – 480 бет
33 Абдулпаттев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның
сыртқы саясаты. Алматы: Қарасай, 2006
34 Источниковедения. Теория. История. Метод. Источники
Российской истории. Москва, 2004. - 641 бет.
35 Е.С.Омаров. Краткая история Казахской Цивилизации.
Алматы, 2005. – 240 бет
36 Наш Мир. - №6. 23 март. 2007
37 Г.Ф.Благова. Тюркское склонение в ареально-историческом
освещении. - Москва, 1982
38 Г.Ф.Благова. Тюркск. Чагатаі – русск. Чагатай -/джагатай.
- // Тюркологический сборник.1971. – Москва, 1972
39 Вопросы языкознания. 1965, № 1
40 Алтай Аманжолов. «Шағатай» тіліне шалағай қарамайық.
- // Қазақ әдебиеті, 7-қаңтар, 1968
41 К. Жүнісбаев. Қазақстанның XVII-XVIII ғасырлардағы тарихына
байланысты қазақ тіліндегі кейбір тарихи деректер туралы. –
// Вопросы истории Казахстана и Восточного Туркестана.
- Труды института истории, археологии и этнографии
им. Ч.Ч.Валиханова АН КазССР. - Том 15
42 Басин А. Посольство В.Степанова 1595 года.-// Простор. Москва, 1965
43 Миллер Г.Ф. Международное положение Казахстана
во II-ой половине XVII века.-// Исторический журнал, 1942. № 8
44 Ч.Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003
45 А.И.Левшин. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких
орд и степей. Алматы, 1996
46 Қадырғали Жалайыр және оның «Жылнамалар жинағы» атты
еңбегі. Ред. Сыздықова А., Қойгелдиев М.Қ. Алматы, 1994
47 А.А.Арзықұлов. XVI ғасырдың аяғындағы қазақ-орыс
қатынастары.- // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2001. - № 2
48 Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв.
Алма-Ата, 1971
49 Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России 30-х годов
XVIII века. Алма-Ата, 1948
50 Қазақстан тарихы, 3 том. Алматы, 2002. – 768 бет
51 Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи. XVII-XVIII вв.
Алматы, 1991
52 Абылай хан: Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар-/Ред. Ж.Артықбаев. Петропавл, 2005.-№ 205
53 100 құжат (Қазақ хандығы мен Чиң империчсы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар). – Алматы, “Санат”, 1998
54 Өмірзақов Ә.Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? Алматы, 1999

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
КАЙНАР Университеті

УДК Қолжазба құқығында

Ұстағалиев Ернар Опағалиевич

Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының
тарихи маңызы

07.00.02 – Отан тарихы

Ғылыми жетекші:

Т.ғ.д., профессор Хафизова К.Ш.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007

Жоспар

Кіріспе

1 Хандардың дипломатиялық хаттары – халықаралық қатынас мәселесін
зерттеу құралы

1.1 Хаттар – халықаралық келісім негізі
1.2 Хандардың ресми хаттары - дерек ретінде

2 Қазақ хандарының Ресеймен халықаралық байланысы

2.1 Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар
2.2 Қазақ хандарының Ресейге жіберген хаттарына сипаттама, ішкі
мазмұны
2.3 Ресейге жіберілген дипломатиялық хаттардың тарихи маңызы

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Иллюстрациялар мен суреттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тарихы мен мәдениетін баян ететін
өткеннің жазба ескерткіштеріне мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы
аясында жасалынып жатқан іс-шаралар, кеткенді қайтаруға деген ұмтылысқа
көңіл бөлгендіктің нышаны болса, тарихтың ақтаңдақ беттерін ашуға кәсіби
тарихшы мамандарымыздың қызығушылығын арттырып, тың зерттеулерге серпін
берері сөзсіз. Өйткені, қазақ халқының тарихындағы кейбір мәселелер, атап
айтар болсақ, Қазақ елін Ресейдің жаулап алу мәселесі әлі де терең
зерттеп, зерделеуді қажет ететін, мұрағаттар қойнауына бойлауды талап
ететін мәселенің бірі. Себебі, кез келген зерттеу жұмыстарында тілге тиек
етіп, сүйенерлік ғылыми негіз болатын, кәсіби тарихшының басты құралы, ол
әрине, деректер, деректік мәліметтер. Соның негізінен шыға отырып қана
шынайы тарихты жазу мүмкіндігі туады. Дегенменде, белгілі бір саяси
салдарға байланысты еліміздің кейбір тарихи тұстарына күйе жағылып, не бір
тарихи кезеңге байланысты бұрмалаушылықтардан, ақиқаттың арнасына түсе
алмай келгенбіз. Бірақ, дәл қазіргі таңда, ескілік шырмауынан сананы азат
етіп, елдің шынайы тарихын жазуды қолға алатын кез туды.
Қазақ хандығының дипломатиялық тарихына байланысты біраз зерттеу
мақалалары жарық көргенімен, әлі де болса бұл тақырып төңірегіне тереңірек
үңілуімізді қажет етеді. Ресей, Қытай және де басқа да көршілес
мемлекеттердің мұрағаттарында көптеген құнды деректер сақтаулы. Ресей
мұрағаттарының ішінде Қырғыз-қазақ істері қорының 415-тей бірлігі бар,
олар орыс патшалары мен қазақ хан-сұлтандарының хаттары мен екі ел
арасындағы елшілік істер туралы мәліметтер. Сол сияқты, Қазақстанның ерте
және ортағасырлық тарихына қатысты ғылыми мәліметі мол дүниелер Қытай
елінің мұрағат қорларында көптеп сақталған.
Қазақ хандығы құрылғалы бері, өзінің көрші мемлекеттерімен саяси қарым-
қатынас жасап, мейлінше дипломатиялық, тату байланысты негіз еткен. Екі жақ
арасында елшілер тобы арқылы хан-сұлтандардан не билеушілерінен арнайы хат
жіберіліп, оған Хан сәлемдемесі қоса беріліп, өзара тиімді не келісімді
шарттарға қол жеткізуге тырысты. Демек, бұл жерден біз, хаттардың
дипломатиялық байланыстың негізгі құралы қызметінде болғанын көреміз.
Сондай-ақ, хаттардың түпнұсқасын оқи отырып, оқиға желісінен хабардар
болып, хат мазмұнын білу арқылы тарихымыздың көлеңкелі тұстарын ашуға
мүмкіндік туады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның тарих ғылымында
хаттарға арнайы түрде әлі күнге дейін көңіл бөлінбегендіктен, хаттар ғылыми
негізде зерттелінбеген. Олардың орыс және қытай тілдерінен аударылмағаны
болмаса, түпнұсқасын арнайы академиялық негізде аударып, хаттарды тарихи
кезеңмен байланыстырып, оған комментария жасаған ешбір зерттеуші-ғалымдарды
атай алмаймыз.
Бүгінгі таңда, тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік аренада беделінің
өсуіне орай, мұрағаттарымызда жібі сөгілмеген күйі жатқан деректерді ғылыми
айналымға енгігізіп, көпшілікке танытып, дипломатиялық хаттарға –
халықаралық қатынас мәселесін зерттеу құралы ретінде, оған ғылыми тұрғыдан
жіті көңіл бөліп, бұл тақырып шеңберінің айтарлықтай кең әрі өзекті мәселе
екендігін мойындауымыз керек. Әлем қауымдастығына Қазақстан жайында хабар
беру үшін алдымен төл тарихымыздың ақтаңдақтарын жан-жақты ашуымыз керек.
Қазақ хандығының шет елдермен қарым-қатынас мәселесін тереңірек зерттеуге
атсалысып, хаттардың мазмұны арқылы тарихилық принцип негізінде, оқиғаға
сол кезең тұрғысынан баға беруді талап етеді. Хат мазмұны арқылы
билеушілердің ой-пікірлеріне, сыртқы саясаттағы көздеген мақсаттарына
түсінік беру – хаттардың ғылыми маңыздылығын арттыра түседі.
Жоғарыда атап өткендей, қазақ хан-сұлтандарының халықаралық аренадағы
дипломатиялық келісімінің негізгі құралы болған хаттардың тарихымыздағы
өзекті мәселе және оның ғылыми маңыздылығын сөз қылудағы басты мақсатымыз,
ол мұрағатымызда шаң басқан күйі жатқан хан-сұлтандардың хаттарын тауып,
оларға жаңа ғылыми тұрғыдан баға беріп, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін
ашуға үлес қосу болып табылады. Мақсатымызды іске асыру үшін алдымызға
келесідей міндеттерді қоямыз:

- Мұрағат қойнауында жатқан халқымыздың төл тарихына қатысы бар
деректік мәліметі мол дипломатиялық хаттарды жинау;
- Жиналған хаттарды мазмұны мен хронологиялық шеңберіне қарай жүйелеп,
реттеу;
- Хаттарды Шағатай тілінен қазіргі қазақ тіліне аудару;
- Қазіргі таңда қолда бар хандардың ресми тарихи хаттарын сыннан
өткізе отырып, терең деректанулық талдаудан өткізу;

Әзірге қолымызда түпнұсқалық күйінде Әбілқайыр ханның және Абылай
хандардың Ресей патшалары мен үкіметіне жазған хаттары бар. Басы даулы
мәселеге айналған Әбілқайыр ханның 1730 жылғы тарихи хаты саяси тұрғыдан
терең мәнді әрі мазмұнды келеді. Тарих ғылымында әлі бір жақты шешімін
таппай келетін хандардың ресми хаттары қазіргі заман талабына сай жаңа
ұмтылысты қажет етіп отырған секілді. Тарихымызға тереңнен көз салсақ,
қазақ жерлерінің отарлану үрдісі тікелей осы тарихи хаттың юридикалық
негізінен туындап отырған сияқты. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды
дегенге дөп келіп, Ресей жағы болар іске сылтау іздеп, оны Әбілқайыр ханның
хатының төңірегінен табуды жөн көрсе керек.
... миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан, жан-тәнін
салуды, түптеп келгенде, бір парақ қағазбен-ақ Ресей империясының
қарамағында болуға міндеттелетін болсын деген I Петрдің жарлығы осы арам
пиғылдың алдын-ала болжаммен жасалғандығын айғақтар отыр. Ресей орталығына
жеткен хат еріккеннің ермегіне айналып, даналықпен ішкі мазмұны бұрмаланып,
жаңа бір кейіпте өзімізге қайтарылып қана қоймай, көзімізге нұқып тұрып,
елдігімізді шайқалтып, жерімізді біртіндеп ала бастады да, соңы не болғаны
тарихтан белгілі ғой.

4. Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі. XVIII ғасырдағы
қазақ-орыс елдерінің арасындағы қарым-қатынас тарихының мәселелері Қазан
төңкерісіне дейін де, Кеңес дәуірінде де, Тәуелсіздік алған кезде де
зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған.
Әр түрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихында
XVIII ғасыр ерекше кезеңдердің бірі болып табылады.
XVI-XVIII ғасырлар аралығындағы Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен,
соның ішінде іргелес орыс елімен жасаған қарым-қатынасын зерттеудің бүгінгі
таңда маңызы зор. Әрине, осы уақытқа дейін Қазақ хандығының көрші орыс
елімен қарым-қатынас тарихы көптеген ғылыми зерттеулерде қарастырылған
мәселелердің бірі болғанымен, тарихнамамызда объективті зерттеліп, бір
арнаға түсе алмай немесе Кеңес дәуірі тұсындағы тарихшылырдың еңбектерінде
маркстік-лениндік идеологияның үстемдік етуімен бір жақты, үстірт
қарастырылып келген тақырыптардың бірі болғанына көзіміз жетіп отыр.
Сондықтан да Қазақ хандығының орыс елімен қарым-қатынастарын зерттеген
кеңес дәуіріндегі тарихшылардың еңбектеріндегі пікірлер қайта қарауды және
объективті тұжырымдар жасауды қажет етіп отыр.
XVI-XVIII ғасырлар аралығында ұзақ та ауыр, күрделі де өзіндік
ерекшелікке толы дипломатиялық байланыстар қазақ-орыс елдері арасында
үздіксіз жалғасып отырды. Оның дәлелі Қазақ хандығы мен орыс елі арасындағы
байланыстардың негізгі дерегі – Қазақ ССР Ғылым Акакдемиясының басшылығымен
1961 жылы жарық көрген Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках.
Сборник документов и материалов деген құжаттар жинағы болып табылады. Бұл
құжаттар жинағында 266 мұрағат құжаттары мен іс-қағаздары бар. Бұл құжаттар
жинағында қазақ-орыс елі арасындағы саяси, әскери, сауда-экономикалық,
елшілік байланыстары туралы құнды мәліметтер сақталған[1].
Қазақстан тарихының XVIII-XIX ғасырларындағы оқиғаларының кең көлемді
мәліметтері жинақталған, алғашқы құжаттық материалдар жинағы 1960 жылы
Алматыда шыққан Материалы по истории политического строя Казахстана атты
еңбек. Бұл Материалы по истории политического строя Казахстана атты
жинақтың I томында Ресейдің Қазақстанды қосып алғанынан бастап, Қазан
төңкерісіне дейінгі кезеңдегі Қазақстанның саяси құрылымының тарихына
байланысты құжаттық материалдар жинақталған. Аталған жинаққа енгізілген
құжаттар Қазақ, Өзбек мемлекеттік тарихи мұрағаттарынан, Мәскеу және
Омскінің облыстық мұрағаттарынан көшіріліп алынған. Сондай-ақ, жинақта
Қазақстанның мемлекеттік құрылымына қатысты патшалық үкіметтің негізгі
жарлықтары жарық көріп отыр.
Жинақтың I томында Ресейдің қазақ жерлерін қосып алу процесін
сипаттайтын материалдар, және де қазақтарды мемлекеттік басқарудың негізгі
жағдайлары көрініс тапқан.
Жинақтағы біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты бөлімі - Ресейдің
Қазақстанды қосып алғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ хандары мен патшалық
үкіметтің қарым-қатынастары деп аталатын бірінші бөлімі. I бөлімнің 20
хаттамасы біздің тақырыбымызға тікелей қатысты. № 1-11 хаттамалар Әбілқайыр
ханға, ал № 12-20 хаттамалар қазақ билеушілері – Абылай, Әбілмәмбет, Нұралы
хандарға байланысты[2].
Международные отношения в Центральной Азии. XVII-XVIII в.в. атты
жинақтың бірінші кітабында, негізінен орыс, сонымен қатар, қытай, моңғол
және басқа мұрағат құжаттары мен материалдарынан құралып, XVII-XVIII
ғасырларда қазіргі Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы, Моңғол Халық
Республикасының батыс бөлігі, оңтүстік-шығыс және шығыс Қазақстан,
Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан және оңтүстік Сібірдің кең байтақ
жерлерін қоса, Орталық Азиядағы халықаралық қатынастың өзекті мәселелері
қаралады. Ресейдің, Цин империясының және Жоңғар хандығының жүргізген
саясаттары толық әрі объективті түрде қарастырылып, олардың өзара
қатынастары мен осы аймақтағы басқа да мемлекеттер мен халықтар арасындағы
байланыстары зерделенеді. Жинақта 1608 жылдан бастап, 1744 жылдар аралығын
қамтыған 130 құжат материалдары берілген[3].
В.П.Гуревичтің Международные отношения в Центральной Азии в XVII -
первая половина XIX в. атты[4] еңбегі де құжаттық негізде аса құнды.
Еңбекте зерттеудің басты бағыты Ресей, Цин империясының және Жоңғар
хандығының саяси ахуалы мен өзара қарым-қатынастарына арналған. Басты
назар, XVIII ғасырдың ортасында Цин империясының Жоңғар хандығын жойғаннан
кейінгі Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан мен Алтай халықтарына
жүргізген Ресей мен Қытайдың қарым-қатынастары мен саясатының сипатына
таодау жасауға бағытталады.
Орталық Азия аймағындағы Ресейдің саяси және экономикалық ықпалының
нығайып, кеңею процесі қарастырылады. Кітаптың хронологиялық шеңбері XVII
ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысын қамтиды.
Алматы қаласында 2005 жылы екі томдық құжаттар жинағы жарық көрді.
История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков атты жинақтың
бірінші томы Посольские материалы Русского государства (XV-XVII в.в.)[5]
деп аталып, А.Исиннің редакциясымен шықты. Бірінші жинақ мазмұнына біраз
тоқталып өтсек. Томда Ресей мемлекетінің XVI-XVII ғасырлардағы Қазақстанға
және қазақтарға қатысты жазылған, онша мәлім емес қолжазба құжаттарының
үзінділері Ресей Мемлекеттік ежелгі актілер мұрағатынан алынып жарияланған.
Бұлардың көпшілігі жеке құжаттар жинақтарында XVIII-XX ғасырларда
жарияланған болатын. Алайда олар белгілі бір этнонимдердің, топонимиялық
атаулардың және мұрағаттық түпнұсқалардың тұтас сөйлемдерінің мағынасын
айтарлықтай бұрмалайтын көптеген қателер болатын. Осы басылымда бұл
құжаттар бұрынырақта жарияланған мәтіндерді түпнұсқа қолжазба
материалдарымен салыстыру негізінде қажетті түзетулер енгізіліп жарияланып
отыр. Басқа бір топ құжаттар алғаш жариялануда.
Томға 1481 жылдан 1697 жылға дейінгі кезеңді қамтитын 268 тарихи құжат
енгізілген. Мәскеу мемлекетінің сол уақытта Ресейдің көрші елдермен қарым-
қатынасына басшылық жасаған Елшілік және Сібір приказдарының және Қазан
сарайының бірегей материалдарынан тұрады. Бұлардың ішінде – билеушілер
хаттары, елшілерге берілген нұсқаулар, көрші Шығыс елдеріне – Ноғай
Ордасына, Қырымға, Жоңғарияғы, Қалмақ тайшыларына, Орта Азия мен Қазақ
хандығына жіберілген орыс елшілерінің осы шетелдік мемлекеттерге барып-
қайтқан сапарларының нәтижелері туралы статьялық тізімдері немесе
қызметтік есептері, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларының екі жақ бетіндегі
әр түрлі әскери және саяси оқиғалар туралы воеводалардың мезгіл-мезгіл
беріп тұрған баянаттары және Қазақ даласы арқылы жүріп өткен ресейлік және
азиялық көпестердің берген мәліметтері бар. Бұл құжаттардың барлығында
Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы саяси, тарихи, қазақтардың
көршілермен қарым-қатынастары, көші-қондары, қырдың XVI-XVII ғасырлардағы
көптеген көрнекті өкілдерінің жеке өмірбаяндары мен қоғамдық-саяси
қызметінің нақты жағдайлары туралы егжей-тегжейлі ақпараттар бар.
Жинақтың екінші томы Русские летописи и официальные материалы XVI –
первой трети XVIII веков о народах Казахстана[6] деп аталады. Екінші
томның редакциясына И.В.Ерофеева басшылық жасады. Екінші томға XVI-XVII
ғасырлардағы орыс жылнамаларының Сібір тарихы жөніндегі Ресейдің осы
бөлігінің ертеректегі орыс тұрғандарының өкілдері жазған мәтіндерінң 1907
жылы Ресей басылымынан алынған көлемді фрагменттері, сондай-ақ Сыртқы істер
коллегиясы мен шекаралық (Қазан, Астрахан және Сібір) губерниялық
кеңселерінің XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі тікелей қазақ-орыс
қатынастарына арналған, бұрын жарияланбаған немесе онша мәлім емес
құжаттары негізілген. Томның құрамына неген деректердің енді бір тобы XVIII
ғасырдың бірінші үштен біріндегі әр алуан жанрлық сипаттағы 59
дипломатиялық құжаттардан тұрады.
Құжаттардың бәрінде Жоңғар хандығының XVIII ғасырдың бірінші
ширегіндегі Қазақстандағы басқыншылық саясаты туралы, қазақ-башқұрт, қазақ-
қалмақ және қазақ-ортаазиялық елдер қарым-қатынастарының дамуы туралы
бағалы ақпарат бар, сондай-ақ сол кезеңдегі қазақ билеуші элитасының
көптеген көрнекті өкілдері туралы өмірбаяндық сипаттағы бірегей мәліметтер
баяндалады.
XVI-XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының тарихынан құнды мәліметтерді
Қадырғали Жалайырдың Жылнамалар жинағы атты еңбегі береді. Бұл еңбек 1602
жылы Ресейде Қасым хандығының орталығы Хан-Кермен қаласында жазылған. 1600
жылы Қасым хандығының тағына Ораз Мұхаммедтің отыру құрметіне Қадырғали
өзінің кітабын жазады. Бұл еңбекте орыс елінде, нақтырақ айтсақ, Қасым
хандығында хан болған Ораз Мұхаммед туралы, оның ата-тегі жайлы мәліметтер
бар. Қадырғали Жалайыр Ораз Мұхаммедті жақсы білген адам болғандықтан, оның
дерегін жоғары бағалауға тұрады[7].
Ортағасырлардағы қазақ тарихын шығыс деректеріне сүйене отырып зерттеу
ең алдымен В.В.Вельяминов-Зерновтың есімімен тікелей байланысты. Ғалым
өзінің Исследование о Касимовских царях и царевичах
Деген еңбегінде қазақтар туралы мәліметтер кездесетін шығыс деректерді орыс
тіліне аударып, ғылыми көпшілікке таныстырды[8]. Әсіресе, Қадырғали
Қосымұлының Жылнамалар жинағы еңбегінен Ораз Мұхаммед сұлтанға қатысты
берген көптеген мәліметтерін талдап, соған байланысты оның әулеттік
шежіресін, қазақ хандарының XVI-XVII ғасырлардағы саяси өмірін ғылыми
тұрғыдан сипаттаған. Сондықтан В.В.Вильяминов-Зерновтың еңбегі де біз үшін
құнды болып келеді[9].
Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қорында Қазақстан
тарихына қатысты біраз деректер бар. Соның ішінде, В.В.Вильяминов-Зерновтың
1853 жылы Орынбор губерниялық ведомоствосы журналының беттерінде
жарияланған мақалалары. В.В.Вильяминов-Зерновтың еңбегі мұрағаттарда
сақталған материалдардың түпнұсқасынан көшіріліп, қазір жеке жинақ күйінде
сақтаулы. Мақалалар екі жинақ түрінде жарық көрген. Біріншісі -
Исторические известия о киргиз-кайсаках и о сношениях России с Средней
Азией со времен кончины Абуль-Хайр хана(1748-1765 гг.)[10]; екіншісі -
Исторические известия о киргиз-кайсаках и о сношениях России с Средней
Азией с 1764-1783 гг.[11] деп аталады.
Бірінші жинақ 1853 жылы Уфада жарық көрген Орынбор губерниялық
ведомоствосы журналының санына қарай бірнеше кітапшалардан тұрады. Қорда
тек 23 саны ғана бар. Мақалалар материалдары 1748-1765 жылдар аралығындағы
оқиғалар желісін хронологиялық негізде суреттеп өтеді. Екінші жинақ тек бір-
ақ кітапша ретінде сақталған. Ол да Орынбор губерниялық ведомоствосы
журналындағы 8 санының материалдарының мәліметтері ғана берілген.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын жазылған бұл еңбек деректік мәлімет
ретінде қазақ тарихына берері мол. 1748 жылдан 1783 жылдар аралығындағы
кезеңде болған оқиғалар туралы нақты деректік ақпарат алуға болады.
Тағы ды Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қорында
Қазақстан тарихына қатысы бар Продолжение древней Российской
Вавлиофики[12] деп аталатын жинақтар сақтаулы. Бірнеше кітаптан тұратын
бұл жинақта қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы кезеңнен бастап, XVIII
ғасырды қамтитын деректік мәліметтер сақталған. Бұл еңбек XVIII ғасырдың 80-
90 жылдары жазылған.
Қазақтың көрнекті ғалымы, білімді ұлдарының бірі, тікелей хан
ұрпағынан тараған Шоқан Уәлихановтың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
дүниеге келген 5 томдық Шығармалар жинағы атты көлемді еңбегі XVIII-XIX
ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихының көптеген ақтаңдақ беттерін
ашуға үлесін қосары сөзсіз. Еңбектің мазмұнды әрі ғылыми негізде жазылған.
Жинақтың бес томында да тақырып аясына қатысты мәліметтер таба
аламыз. Мысалы, жинақтың 4-ші томында Ресейдің халықаралық қатынасы туралы
айтылады. Ресейдің Қытай, Хиуа, Бұқара және Жоңғармен байланыстарын сөз
етеді. Сонымен қатар, жинақта Абылай хан туралы, қазақ батырлары туралы,
Ресейдің Қазақстанды қосып алуы жөнінде мәліметтер кездестіруге болады.
Жинақтың 3-ші томында автордың Черновой набросок о древних грамотах
деп аталатын мақаласында Қытай императоры мен Галдан Цереннің Абылай хан
мен оның ұлы Уәли сұлтанға жазған хаттарына тарихи және ғылыми түрде талдау
жасайды[13]. Шоқан Уәлихановтың сол мақаладағы келтірген 5 хатына
сипаттама беріп, оған комментария жасаған ғалым К.Хафизованың мақаласы
көңіл аудартады[14].
Қазақ-орыс қарым-қатынастарының құжаттар жинағына енбеген, жаңадан
ғылыми айналымға ене бастаған тарихшы А.Исиннің Мәскеу мұрағатынан алған
деректері біз қарастырып отырған мәселеге жаңаша тұжырымдар жасауға маңызы
зор. Мәскеу (Центральный Государственнй архив древних актов ССР немесе
РГАДА) мұрағатындағы елшілік кітаптарынан алынған тың мәліметтерді таризшы
А.Исин талдап, өзінің қазақ-ноғай қарым-қатынастарына арналған зерттеу
еңбегіне пайдаланған. Мұнда Мәскеу саясаткерлерінің елшілік қатынастары
туралы мәліметтері, мемлекет билеушілерінің бір-біріне жолдаған хат
мәтіндері, шетелге барып келген адамдардың әңгімелері, елшілік себептері
мен елшілерге берілген арнаулы нұақаулары тіркелген. Сонымен қатар, А.Исин
орыс мемлекетінің Ноғай ордасымен, Қырым, Түркиямен байланыс құжаттарын
қарастырып, қазақтар мен Қазақ хандығы туралы, оның сыртқы саясатының
кейбір белгісіз тұстарын ашып көрсетті. А.Исиннің пікірінше, қазақ-орыс
қарым-қатынастары сонау XVI ғасырдың басында-ақ бастау алған. Өйткені,
Қасым хан тұсында Қазақ күшті мемлекетке айналып, күллі Европа мен Ресейге
танымал болды. Сондықтан да Қазақ хандығы мен Ресей арасында елшілік
байланыстар болмауы мүмкін емес. Бұл екі ел арасындағы елшіліктер сол
кезеңдегі елшілік кітаптарында тіркелген және XVI ғасырдың соңына дейін
Мәскеуде сақталған еді. Бірақта, 1626 жылғы Мәскеудегі өрттен кейін ол
кітап аталмайды дейді А.Исин[15]. Сондай-ақ елшілік бұйрығының мұрағатында
сақталған деректерде Қазақтың ханы Қасым ханның қайтыс болған жылына
байланысты (1518, 1523-1524 жыл) түрлі пікірлеріне нақты жауап бола алады.
Осыдан кейін А.Исин Мәскеу мұрағатындағы аса маңызды деректердің бірі деп
Хақназар ханның 1571-1572 жылдары Мәскеуге елші жібергені туралы мәлімет
дейді. Бұл елшіліктің мақсаты - өзара тиімді саяси және экономикалық
байланыстарды құру дей келе А.Исин осы кезеңдегі Мәскеудің жағдайы( Қырым
ханы Дәулет-Керей 2 рет жорық жасап, Мәскеуді өртейді) аса қиын екенін
ескертеді[16]. А.Исиннің мұрағат материалдарының негізінде негізген жаңа
пікірлері негіссіз емес, келешекте қайта қарауды қажет етеді.
Жас кәсіби тарихшы Қуанышбек Қари Иран мұрағаттарындағы қазақ
тарихына қатысты деректерді талдай отырып, қазақ ханы – Тәукеге қатысты
Иран шахтарының хаттарын табады[17]. Әзірге Тәуке ханның Иран шахтарына
жазған хаттары табыла қойған жоқ. Дегенмен соны айғақтайтын деректер
баршылық. Соның негізгісі – Иран шахының Тәуке ханға жолдаған жауап-
хаттары. Ондай хаттар 1661-1662 жылдың желтоқсан-қаңтарында, 1689 жылдың 10-
желтоқсанында, 1692 жылдың 29-шілдесінде, 1693 жылдың шілде-тамызында
жазылған.
Осы деректер тіркелген сарай хаттамасының бірі – Иранның Мәжіліс
кітапханасында, ал оның микрофильмі Тегеран университеті орталық
кітапханасында сақтаулы тұр.
Автордың мақаласындағы Иран шахы Екінші Аббастың Тәукеге жолдаған
хатының мерзімі 1661-1662 жылдарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, хаттың
парсыша түпнұсқалық мәтіні мен қазақша аудармасы берілген.
Бұл тарихи хаттың қазақ тарихына деректік мәлімет тұрғысынан берері
зор және бұл сынды жұмыстардың ауқымын кеңейтуді қажет етеді.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның Ресейге қосылуына себепші болған
қазақтың Кіші жүзінің прогрессшіл ханы Әбілқайырдың патшалыққа жазған
өтініш хатын – Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің ресми юридикалық
негізгі құжаты деп қарағаны анық. Бірақ бұл дақпыртқа жақын аралықта
тосқауыл қойылды. Ол 2001 жылы Абай журналында автордың Әбілқайыр
ханның хатын қалай оқыған дұрыс деген атпен жарық көрген мақаласы еді.
Автор мақалада бұл тарихи хатқа жан-жаққа талдау жасап, шындықтың ақ-
қарасын ажыратады. Қазақ тарихында тұңғыш рет Әбілқайырдың сол хатын
шағатай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударды. Хаттың шынайы мазмұны
айқындалып, мәселенің бет-пердесі ашылды. Автор мақалада, Әбілқайыр ханның
хат жазу себептерін, сол кезеңдегі қазақ-орыс қатынасындағы саяси
байланыстардың, ондағы башқұрт факторын кеңінен сөз қылады.
Автор мақалада тарихи хатты тұпнұсқалық мәтінінен қазіргі тілге
аударып, ол аударманың орысша нұсқасын жасап, Алматыда 1960 жылы жарық
көрген Материалы по истории политического строя Казахстана атты жинақтың
I томындағы орысша мәтінімен салыстырып, бұрмаланған, орыс мемлекетінің
тарапынан арнайы қосылған жерлерін анықтап, патшалықтың сұмпайы пиғылдарын
әшкерелейді. Қазақ тарихында хандардың ресми хаттарын аудару ісіне алғаш
бастама салған Амантай Исиннің бұл мақаласы XVIII ғасырдың аталмыш кезеңіне
жаңа пайымдар мен өзгерістер енгізері сөзсіз[18].
С.Өтениязов пен Х.Қарабалаевтың Қазақ тарихы журналында жариялаған
мақаласы тікелей Қазақ хандығының XVIII ғасырдың
I жартысындағы Ресеймен қарым-қатынасына байланысты жазылған. Қазақстанның
Ресейге өз еркімен қосылмағандығын тарихи кезеңмен байланыстыра отырып
дәлелдеуге ұмтылыс жасайды. Әбілқайыр ханның жазған хатының шынайы мазмұнын
білмегендіктен, көптеген бұрмалаушылықтарға жол берілгендігіне баса көңіл
бөледі. Ол тарихи хатта бодандық туралы немесе Ресейге қосылу туралы ештеңе
де жоқ, ондай әңгіменің болуы да мүмкін емес екендігі айтылады. Себебі
1709 жылдан бастап Кіші жүз жұрты өз шекарасын қорғап, Ресеймен 150 жыл
бойы соғысқан еді. Сол соғыстың соңғы 30 жылын Әбілқайыр хан өзі
басқарды... Ол хат Ресей қол астындағы туысқан халық – башқұрттармен
бұрынғы достық жағдайды қалпына келтіру үшін ғана жазылған еді. Сол хатты
алып кету үшін башқұрт өкілі Алдарбай келмегенде, ондай хатты Әбілқайыр хан
ешқашан жазбаған болар еді [19,20] деген қорытындыға келеді. Сонымен
қатар, қазақ-башқұрт қатынасы және Әбілқайыр ханның казак-орыс әскерлеріне
қарсы жүргізген соғыстары сөз етіледі.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі. Зерттеу жұмысын
жазу барысында біз соңғы жылдары тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі
өзгерістерді негізге алдық. Осы кезге дейін хандар хаттарынмен кешенді
түрде зерттеулердің жасалмағанын айта кеткен жөн.
“Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес өткен тарихимызды қайта жаңғырту,
қалпына келтіру және жаңадан қайта жазу негізге алынды.
Тақырыптың зерттеу әдістеріне келсек, зерттеу жұмысының мақсатына орай
төмендегідей әдістер басшылыққа алынады:
- тақырыпқа байланысты материалдарды анықтау, оларды топтастыру және
жинақтау әдісі;
- тақырып бойынша жинақталған материалдарды іріктеу барысында жүйелеу
әдісі;
- тақырыпты зерттеуде салыстырмалы-тарихи және талдау әдістері;
- хронологиялық-тарихи және логикалық-тарихи әдістер.
Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ тарихының ақтаңдақ
беттеріне қарамастан, қазіргі таңда кешенді түрде ғылыми негізде жаңа
концептуалды көзқарастар мен ой-пайымдар пайда болуда. Тәуелсіз еліміздің
шынайы тарихын тек төл деректеріміз негізінде зерттейтінімізді ескерсек,
хандардың ресми хаттарын дерек ретінде қарауымыз заңды құбылыс. Хан
хаттарын іздеп-табу, жинау және сынау, оны ғылыми айналымға енгізу ісі
кенже қалып келеді, сол себептен де бұл жұмыста хаттар рөлін анықтап, оған
шынайы тарихи бағасын беріп, хаттарды академиялық негізде аударып, хандар
хаттарының мазмұнына талдау жасап, маңыздылығын анықтау арқылы мәселеге
деректік негіздегі ақиқат тұрғысынан қарау көзделді.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері XVI ғасыр мен XVIII ғасырдың 60-70
жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде қазақ билеушілерінің сыртқы саясаттағы
қадамдары мен жүргізген халықаралық қарым-қатынастары сипат алады. Ол
әсіресе, саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан көрші мемлекеттермен
байланысы айқындалады. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы
мемлекеттердің бірі – ұлы князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген
кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы мезгілден бастап қазақ-орыс қатынастары
үнемі жалғасып келді. XVIII ғасырдың басы мен орта тұсы қызу саяси
оқиғаларға толы болды. Ресей мемлекетімен тығыз байланыстар орнатылды,
соның ішінде дипломатиялық хаттардың орнын ерекше атап кету керек.
Хандардың дипломатиялық хаттары – халықаралық қатынас мәселесін зерттеу
құралы ретінде аса құнды, сонымен қатар, хаттар – халықаралық келісім
негізі. Хандардың ресми хаттарын дерек ретінде де жан-жақты қарастырып,
шынайылық деңгейін анықтап, ғылыми айналымға енгізудің маңызы зор.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс соңында
қосымшалар берілген.

1 Хандардың дипломатиялық хаттары – халықаралық
қатынас мәселесін зерттеу құралы

1.1 Хаттар – халықаралық келісім негізі

Мыңдаған жылдар бойы тіл мен жазу үнемі дамып, жетіліп отырды. Нақты
жағдайға байланысты жаңа тілдер пайда болып немесе сөздік құрамы,
фонетикасы, тілдік құрылымы өзгеріп отырды. Кейбір этностардың басқа бір
ірі этностардың құрамына еніп, тілдері не ұмытылып, не ассимиляцияға ұшырап
отырды.
Адамзат тарихында үнемі дерлік халықтардың мәдениеті, тілдері өзара
ықпалдасу үрдісінің барысында, салыстырмалы ұсақ этностардың тілдері
есебінен кейбір тілдер іріленіп, өздерінің сөздік қорларын байыта түседі.
Бұл үрдіс әрине, табиғи жолмен, әсте-әсте жүріп отырады. Тілтанушы-
ғалымдардың пікірінше, адамзат тарихында шамамен 6 мыңдай тілдер өмір
сүрген. Ал қазіргі таңда 2 мыңнан астам тіл, 160 мемлекет бар. Бұл
мемлекеттердің көбі қазір көпұлтты, сол себепті оларда диалектикалық
үрдістер орын алады, бір жағынан, ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы болса,
екіншіден, тілдердің ассимиляциялануы, ұлтаралық қатынас тілдерінің
позициялық күшеюі.
Кеңес үкіметінің билігі тұсында Орта Азия халықтарының төл араб жазуы
зорлықпен латын тіліне көшіріліп қана қоймай, латын тілінен кириллицаға
тағы көшіріледі де, халықтардың тарихи және мәдени төл мұрасын зерттеу
мүмкіндігі толығымен тоқтап қалады.
Ерте түркі жазуы ерте орта ғасырға, яғни V-VII ғасырларға жатады. Ол
Орхон-Енисей жазбалары. Біздерге бұл туралы XVI ғасырдың екінші жартысында
дат ғалымы В.Томсонның еңбектерінен белгілі болды. Ол алғаш бұл жазбаларды
тауып, оқып шықты. Кейін бұндай жазба ескерткіштер басқа да жерлерден
табылды. 1897 жылы орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Орхон өзенінің жағасынан
Күлтегін ескерткішін ашты. Басқа бір ғалым Д.Клеменц Селенга өзенінің
бойынан Тоныкөктің жазбаларын тапты.бұл жазбалардың барлығы тасқа қашап
жазылған. Бұл жазба ескерткіштерді алғаш оқылу кілтін тауып, орыс тіліне
аударған В.В.Радлов болды.
Бұл ескерткіштер тасқа қашалған белгілер емес, ру-тайпалық белгілердің
жаңаша нұсқаларының негізінен құралған толық жазбаша сөйлемдер еді.
Осы орайда айта кету керек, егер сөйлеу адамдардың қатынас
қажеттілігінен туса, жазу, сол сөздерді сақтау, бекіту қажеттілігінен
туындаған.
Қазақ Совет Энциклопедиясында, алғашқы альфавит б.з.д. II мыңжылдықтың
соңында финикиялықтарда пайда болып, олардан ежелгі гректерге өтті
делінген[21;310], дегенменде оған әлі нүкте қойылмаған.
Кейбір ғалымдар жазудың пайда болуын көшпелі өркениетпен
байланыстыруда. Ру-тайналық белгілер, әр түрлі ен-таңбалардың шығу тегі,
малға жеке меншікпен, ал жазудың шығуы – осы ру-тайпалық белгілерден бастау
алатынымен түсіндіріледі. Бұл жерден, бәрінің бастауы көшпелі мал
шаруашылық екендігін аңғартады.
Криллица, латын, сонымен қатар Орхон-Енисей жазбаларында, иероглифтерде
ру-тайпалық белгілердің нышандары анық көрінеді. Орхон-Енисей альфавиті 38
белгіден тұрады, оның 29 белгісі көшпелі түркі тайпаларының ежелгі рулық
белгілерінен құралған.
Тайпалардың өзара түсінісуінде иероглифтер кең қолданылған. Мыңдаған
жылдар бойы олар клинопись арқылы қатынас жүргізген. Клинопись, ру-тайпалық
белгілер мен альфавит, иероглифтердің ортаңғы жігі десек болады.
Орта ғасырларда Орта Азия, Түркістан тұрғындары ортақ бір тілде –
түркіше сөйлеп, шағатайша оқып, жазған. Шағатай тілінде дастандар, эпостар
айтылды. Кейінірек жеке тілдер шыға бастады. Қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз
тілдері өздерінің грамматикалық құрылымы мен фонетикасы мен морфологиясы
ерекшеліктерімен жеке дамып шықты[22;36-37].
Адам баласы жаратылғаннан бері өзара қатынаста болды. Оған дәлел
ретінде Қасиетті Құранда былай делінген: Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді
бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді
тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық[23]. Сол мезеттен бастан жер
бетін жайлаған адам баласы топ-топқа бөлініп, түрлі тілдерде сөйлейтін
халықтар мен мемлекеттерді құрды. Адамның табиғи мұқтаждығы болған өзара
қарым-қатынастар, байланыстар заман талабына сай үдей түседі. Халық
ретінде, мемлекетаралық байланыс нәтижесінде сауда, мәдениет және рухани
қарым-қатынастар кең тарайды. Әскери, саяси және экономикалық мүдделер
мемлекеттерді өзара байланыстырып, не жауластырып тұрды. Мұндай ахуалды
шешу құралы ретінде ерте кезеңнің өзінде дипломатия қолданылғаны белгілі.
Дипломатия дегеніміз не? Түсіндірме сөздіктерде Дипломатия -
мемлекеттің сыртқы халықаралық саясатын іске асыратын үкіметтің қызметі деп
көрсетіледі. Кейде Дипломатия сөзі сыртқы саясатта синоним іспетті
келеді. Жалпы Дипломатия сөзі көне грек сөзі Диплома деген ұғымнан
шықса керек, ол ресми құжаттар дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда елшілер,
келіссөздерге шығар кезде өздерінің өкілеттілігін куәландыратын грамоталар
мен инструкцияларды алған. Бұл құжаттар қалалық дипломатиялық істерімен
айналысатын лауазымды адамға көрсетілетін. Ол құжат жинақталған
дощечкалардан тұрды, оны диплома деп атаған. Бұл жерден Дипломатия
термині шығады[24;36]. Дегенмен, осы сөздің өзі біраз кейінірек қана нақты
істе тек XVII ғасырдың басында қолданыла бастады. Мысалы, Англияда
дипломатия ұғымының алғаш қолданылуы 1645 жылға жатады. 1693 жылы атақты
неміс философы, матеметигі және тілтанушысы Г.В.Лейбниц Дипломатиялық
құқық мәліметін жариялайды. Ол бұнда дипломатиялық(лат. diplomaticus)
сөзін қолданған. Содан бастап бұл халықаралық қатынасқа байланысты деген
ұғымды білдіре бастады.
Дипломатия сөзінің түрлі анықтамалары бар. Соның бірнеше түріне
тоқталып, анықтама беріп өтсек.
Дипломатия - ол сыртқы байланыс туралы ғылым, оның негізінде
дипломдар мен актілік жазбаларды зерттеу жатады;
Дипломатия – мемлекеттің сыртқы байланыстары мен шетелдік істер
туралы ғылым немесе халықтардың мүддесін бір ортаға топтастыру өнері, ал
анағұрлым нақты мағынада – келіссөздер ғылымы немесе өнері;
Дипломатия – мемлекеттер арасында істерді дұрыс жүргізудің қажетті
білімдері мен принциптерінің жиынтығы;
Дипломатия дегеніміз – мемлекет, үкімет басшылары мен сыртқы
байланыстың арнайы органдарының принципті қызметтері, мемлекеттің сыртқы
саясатының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру, сонымен қатар мемлекеттің
шекарадан тыс құқықтары мен мүдделерін қорғау[25;479].
Жоғарыдағы анықтамаларды қорыта келе, нақты бір ортақ ұғымға сай
анықтамасын беруге тырысайық. Дипломатия – халықаралық қатынас туралы
ғылым, мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы байланыс органдарының
келіссөздер жүргізу өнері, дипломаттардың елдің сыртқы саяси бағытын
анықтап, оны іске бейбіт түрде асыруды көздейді. Дипломатияның басты
мақстаы мен міндеті – мемлекеттің және оның азаматтарының мүддесін
қорғау[26;15-16 ].
Дипломатияның анықтамасын анықтағаннан кейін, енді оның қалай пайда
болғанын қарастырып көрейік. Дипломатияның алғашпайда болуы құдайлардың
қызметімен байланыстырылған. Ол Греция мен Римде солай болған, ал орта
ғасырларда, яғни XVI ғасырда алғашқы дипломаттардың қызметін періштелерден
көрген, олар аспан мен жер арасында келіссөздер жүргізген. Ал қазіргі ғылым
негізіне сүйенсек, алғашқы дипломатия алғашқы қауымдық қоғам тұсында,
бірінші тайпалық бірлестіктердің пайда болуымен, алғашқы азық-түлік, тауар
айырбастарының шығуымен, аңшылық, жер өңдеу және балық аулау
территорияларына байланысты мәселелердің туындауынан шықты. Адамдардың
алғашқы топтары пайда болған жерлерде өзара қарым-қатынастар мен дау-
жанжалдар туа бастады. Бұның соңы қарулы күшпен шешіліп отырды. Бірақ кейін
адамдар бұл қырқыстардың орнын келісіммен шешуге болатынын түсініп,
мәмілеге кеп отырған.
Бұл алғашқы, әлі жетілмеген дипломатия үлгісі болды, бірақ алғашқы
белгілері еді. Ал қазіргі қоғамдық санадағы дипломатия әлдеқайда кейін,
өндіргіш күштерінің дамуымен, адамзаттың ойлау жүйесінің күрделенуімен,
юридикалық нормалардың пайда болуымен байланысты. Өкінішке орай, ерте
кездегі дипломатиялық қызметтердің мән-жайы туралы аз хабардармыз және
мәліметтерде үзік-үзік келеді.
Ежелгі шығыс тарихынан бізге бірнеше көлемдегі құжаттар сақталынып
келді, олар – дипломатиялық хаттар, келісімдер және ежелгі шығыстық
патшалықтардың арасындағы байланыстарды куәландыратын басқа да халықаралық
актілер.
Ежелгі шығыстық дипломатияның көптеген ескерткіштерінің ішінде
анағұрлым кең көлемдісі әрі мазмұнының байлылығы жөнінен көңіл аудартатыны
– Телль-Амарн келісімі. Ол б.д.д. 1278 жылы Египет перғауыны II Рамсес пен
Хет патшасы III Хаттушил арасында болған Телль-Амарн келісімі. Египет
перғауыны хеттермен әскери одақ құрады. Ол бойынша, бір-біріне өзара көмек
көрсету және де ішкі жауға қарсы күресте көмек беру.
Бұл келісім үш жазбада сақталған – екеуі египеттік, Карнак пен
Рамессейде сақталған, біреуі, хеттік, Боғаз-Кееде сақталған. Түпнұсқалық
хаттың өзі де, оған бастау болған келіссөздің мазмұны да сақталған. Келісім
3 бөлімнен тұрады:
1) кіріспе; 2) келіссөз баптарының тексті, 3) қорытынды – құдайларға
мінажат қылып, ант етіп, серт қылып, бұл келісімді бұзған жаұұа қарғыс
айтылуымен бітеді[27;18-21].
Бұдан біз, Египеттік дипломатияның сол кезеңнің өзінде жоғарғы
деңгейге жеткенін көреміз. Бірақ, Азияда да, негізінен Үндістанда, 4000 жыл
бұрын дамыған дипломатиясы болған. Онда Ману заңына сәйкес, халықаралық
құқық пен дипломатияның алғашқы өнері болған. Сол себептен, Үндістан
дипломатиясында дипломаттың кәсіби біліктілігіне көп көңіл бөлінген,
өйткені шетелдегі миссияларының сәтті нәтижесіне олардың тікелей ықпалы
бар.
Ежелгі Қытай дипломатиясы да өзінің жоғарғы даму деңгейінде болды. Ол
өз негізіне даулы мәселелерді шешу туралы келісімдер жасау, бір-біріне
шабуылдамау туралы келісімдер жасау кірді. Бұндай келісім түрі тарихтағы
алғашқы дипломатиялық ілгерілеу болды.
Шығыс және Батыстың дипломатиялық мектептері әр түрлі жағдайда
қалыптасқан, өзіндік ерекшеліктері көп. Жоғарыда атап кеткен Шығыс
дипломатиясы батыстық үлгіден анағұрлым ерте қалыптасты. Батыстық
дипломатияның негізін қалаған Греция, Рим және Византия дипломатиясы өз
алдына бөлек мектеп. Қазіргі халықаралық қатынас сахнасындағы дипломатиялық
үрдістер сол мектептен еуропалық елдерге өтіп, біртұтас дипломатиялық
принцип Француз мектебінің негізінде қалыптасты[26;18-19].
Тарих ғылымы үшін ең басты мәселе ол деректің шыңайылығын анықтап,
яғни оқиғанын шыңайы түрде жазылуы және оның ғылыми айналымға енуі. Міне
осындай деректің шыңайылық дәрежесін анықтауда, тарих ғылымына деректану,
тарихи қосалқы пәндер көмекке келеді. Тарих ғылымы тек осы жағдайда бізге
шыңайы тарихты баяндауға бұйыртпақ. Енді осы мәселелер тарих ғылымында
қандай орын алады дейтін болсақ, жоғарыда келтірілген деректану мен тарихи
қосалқы пәндер сатылы түрде тарих ғылымында орын алады. Мәселен
Қ.Атабаевтың тұжырымы бойынша “Бұл пәндердің даму барысында олардың зерттеу
шеңбері де кеңіп отырады. Дегенмен қосалқы тарихи пәндердің қай-қайсысы
болмасын өзінің зерттеу объектісі жағынан да, тәсілі мен шеңбері жағынан да
деректанудан әлдеқайда тар”[28;22]. Алайда қосалқы тарихи пәндердің ішінде
біз дипломатиканы жеке қарастырғанымыз жөн. Дипломатика – ғылыми пән
ретінде құқықтық құжаттарды зерттейді[29;3]. Бұл дегеніміз әр мемлекеттің
құқықтық құжаттарын зерттеу арқылы көптеген тарихи маңызы бар мәселелерді
шешу деген сөз. Ал осындай құжаттарды зерттеу қажеттілігі адамзат тарихында
әсіресе XVIII ғасырда Европа елдерінде қалыптасты. Оған қандай жағдай себеп
болды десек, сонау XVI ғасырдан бастап XVIII ғасырға дейін әлемдік сипатқа
ие болған, Европадағы тарихи жағдайлар еді. Европадағы қалыптасқан бұл
жағдай адамзаттың өз қажеттіліктері тарапынан қалыптасқан еді. Неге осы
дипломатика тек XVIII ғасырдан кейін ғылым ретінде немесе қосалқы тарихи
пән ретінде есептелді дейтін болсақ, онда бұған адамдардың өздерінің
қолынан жасалған саяси жағдайларға түсінбеушілік пайда болып, және бұл
саяси жағдайларға қызығушылықтарының қалыптасуы еді.
Мемлекеттердің тарихын зерттеуде үлкен роль ойнайтын деректану, қосалқы
тарихи пәндер, оның ішінде дипломатика ғылымы өзіндік ерекше қасиеттерге
ие, осының негізінде оның зерттеу объектісі мен зерттеу методын анықтап алу
қажет. Осы негізде дипломатикада тек өзіне лайықты зерттеу методтары
қалыптасқан. Енді дипломатиканың зерттеу объектісінен бастайтын болсақ.
Дипломатика – кейінгі латын тілінде diplomatica дипломдарға қатысты болды.
Ал осы терминді ғылымға енгізген француз ғалымы, монах Жан Мобильон болды.
Ал енді дипломатиканың негізгі зерттеу объектісіне келетін болсақ,
дипломатика – қосалқы тарихи пән, оның зерттеу объектісі актілік құжаттар,
алғашында бұған белгілі бір кезеңнің актілік құжаттары жататын болған[30;52-
53], кейін оның зерттеу объектісі кеңейе түсті яғни актілер тарихы, олардың
формалары, мазмұны, қоғамдық қатынастардың актілердегі ролі т.б. кеңейіп
дами түсті.
Ал енді акт деген терминнің мағынасын ашсақ, латынның “actum” деген
сөзінен шыққан. Ежелгі Римдік және ортағасырлық Батыс Европалық құжаттарда
“actum est” “жасалды”, “берілді” деген мағынада, қолданыста негізінен
“acta” түсінігі мемлекеттік биліктін қаулылары мен және де басқа құжаттары
қамтылды[31;107]. Міне осылай анықтама берілген актілерді, грамоталарды
дипломатика ғылымы зерттейді, сол актілік құжаттардың мәнін ашады.
Актілер, грамоталар және басқа іс құжаттар 18 ғасырда тарихи танымды
кеңейтуге дерек көзі болып пайдалана бастады. Осы кезеңде яғни 19ғ бірінші
жартысына дейін олар тек иллюстративті құжат ретінде пайдаланылады. Бұл
жағдай тарихшылыр алдында құжаттың түпнұсқалылығын қалпына келтіру
проблемасын қойды. Бұл проблеманы шешу барысында дипломатиканың дамуы тұспа
тұс келді[32;312].
Актілер және грамоталар қоғамдық өмірде, әлеуметтік-құқықтық
қатынаста, мемлекеттік құрылымда, ішкі және сыртқы саясатта құнды дерек
көзі болып табылады. Сол актілерді қарау барысында біз дипломатиканы мақсат-
міндеттерін білеміз. Дипломатика актілік деректану. Ол дегеніміз яғни
дипломатика актілік материалда деректанудың барлық қызметін атқарады деген
сөз. Дипломатиканың мақсаты ең бірінші әр түрлі актілердің тобын анықтау
және қоғамдық қатынаста эволюцияның ролін анықтау, екіншіден актілік
деректерден фактілерді ала білу және оларды тарихи мақсаттарда қолдана
білу.
Енді дипломатиканың нақты зерттеу әдістерін айтатын болсақ, олар:
1. Актінің немесе грамотаның сыртқы формасын анықтау керек, оған ең
алдымен дипломның яғни деректі палеографиялық тұрғыда қараймыз, деректі
осылай қарау ең алғаш рет ортағасырларда батыс Европада басталған еді,
сонымен қатар жазылған жазуды қалай жазылғандығын және хронологиясын
анықтаймыз. Сондай-ақ грамотада мөр белгіленген болса онда оны
сфрагистикалық тұрғыдан да қарап зерттейміз;
2. Деректің яғни дипломатикалық деректін ішкі формасын анықтау. Бұл
құрылымдық жағынан қалыптасқан өзгешеліктерді және текстің стилистикалық
ерекшелігін зерттейді. Құжаттың құрылымы формуляр деп аталып ол ірі төрт
топқа бөлінеді яғни төрт жүйеге бөлінеді. 1. Құжаттын қалыптасуының
бірыңғай жүйесі. 2. Жекелеген құжаттардың қалыптасуының жүйесі. 3.
Ерекшеленген құжаттар ішіндегі шағын құжаттар тобының қалыптасуының жүйесі.
4. Жекелеген құжаттар ішіндегі бөлініп алынған текстің қалыптасу жүйесі.
Сондай-ақ әр мемлекеттің қоғамдық құрылысына, мемлекеттік құрылысына
сай дипломатикалық деректер ерекше топтарға бөлінеді. Мәселен: Қоғамдық-
құқықтық құжаттар, қоғамдық-жеке құжаттар, жеке құжаттар, өнеркәсіптік-
құжаттар, жеке хаттар болып бөлінеді. Жалпы дипломатика ғылымының қандай
мелекеттік құрылыста болмасын өзінің зерттеу объектісін таба алады. Сонымен
қатар дипломатиканың зерттеу әдістерін әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық
құрылысқа сала отырып зерттесек дипломатиканың зерттеу объектісі мен
әдістері соғұрлым кеңейе түседі. Ал бұл жағдай тарих ғылымының шексіз
дамуына өз үлесін қосып, дипломатиканың жеке ғылым ретінде оқытылуына
жағдай жасайды. Ал бұл ғылым қоғамдық қатынастарды реттеуде өз қызметін
атқарады.
“Қазақ дипломатикасы” деп, дипломатика ғылымының қазақ тарихына
қатысты деректерін анықтау және оларды дипломатикалық тұрғыда зерттеуді
атаймыз. Біз мәселені былай алсақ дұрыс болар еді, осы күнге дейін біз тек
“Қазақстан дипломатиясы”[33;37] деген сөзді естіген болармыз. Ал қазақ
дипломатикасы дегеніміз бізге не береді, ол қандай қызмет атқарады, оның
ғылымда алатын орны қаншалықты, ол біздің түсінігімізде немесе қазақ
дипламатикасына қатысты біздің тарихта деректер бар ма деген сан алуан
сұрақтарға жауап іздейміз. Біз ең алдымен Қазақстан Республикасының
дипломатиясын немесе қазақ дипломатиясы жайлы сөз қозғамастан бұрын, “қазақ
дипломатикасының” мәнін мен мазмұнын анықтап алуымыз керек. Тарихи
процестерге сай қазақ дипломатикасы бірінші айтылуы тиіс, яғни оны біз
ғылым ретінде қарауымыз қажет. Мәселен: француз дипломатикасы немесе
ағылшын, неміс, орыс дипломатикасы деген сияқты бізде дипломатика ғылымының
ішінен қазақ дипломатикасын жеке алып қарауымыз керек. Қазақ дипломатикасын
ғылыми тұрғыда зерттеу бізге қазірде тарихи деректердің даулы мәселелерін
шешіп береді және тарихшыларға да зерттеу мәселесінде көптеген қателіктерге
соқтықпауын қамтамассыз етеді. Алайда көп зерттеушілер ойлауы мүнкін, қазақ
тарихына дипломатиканың қандай қатысы бар деп, бірақ қоғамдық заңдылықтырға
сай қазіргі кезде біздің тарих ғылымында қалыптасып отырған жағдай былай
ойлауды түсінбеушілік деп бағалайды. Сонымен қазақ дипломатикасы да кәдімгі
дипломатика ғылымына сәйкес актілік құжаттарды, грамоталарды, дипломдарды,
жекелеген хаттарды зерттеуі қажет қой, ал сондай тарихи құжаттар көбіне
өркениетті ауыздан ауызға айтып дамытқан қазақ халқында бар ма? деген заңды
сұрақ туады. Оған біз ғылыми тұрғыда былай деп жауап берер едік, қазақ
тарихының кезеңдеуіне байланысты өзінің ерекшілігіне, мәселен, Қазақ
хандығы құрылғаннан бастап шет елдермен қарым қатынас жасай бастады. Соның
ішінде XVI ғасырдан бастап қазақ-орыс қатынастары қатты даму үстінде болды
деуге болады. Сол кездегі қазақ хандарының орыс мемлекетіне жазған хаттарын
біз дипломатикалық тұрғыдан зерттесек, бізге тарих ғылымы көне сырды әлде
қайда ашар еді. Сонымен қатар XVIII ғасырдағы Цин империясымен қазақ
хандарының өзара байланыстары қазіргі таңда Қазақстан тарихы ғылымында
күрделі мәселелерді туғызуда. Олар қандай мәселелерді қамтиды десек, олар:
1.Хаттардың бұрмалануы; 2. Жазылған хаттармен басқа деректердің көп
жағдайда сәйкес келмеуі; 3. Хаттардың дер кезінде қазақ тарихшылары
тарапынан дипломатикалық тұрғыда зерттелмеуі.
Қазақ дипломатикасының ең бір өзекті мәселерінің бірі ол Кіші жүз ханы
Әбілқайыр ханның 1730 жылы Ресей патшайымы Анна Ионовнаға жазған хаты.
Қолға тиген құжаттарға сәйкес барынша сол хатты дипломатикалық тұрғыда
көрсету. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздер түп нұсқада жоқ немесе мағынасы
өзгертіліп берілген. Міне осындай қазақ тарихында ең маңызды қамтитын
оқиғалардың тарихи деректері бұрмаланған, немесе әдейі өзгертілген. Осының
негізінде дипломатиканың қаншалықты қазақ тарихына қажет екенін байқаймыз.
Сонымен қатар осы мәтінді тікелей қайтадан аудараған А.Исаұлының
мақаласында Әбілқайыр хан жайлы былай айтылады: Хан сөздері ұстамды,
белгілі бір тұстарында асқақ. Кішіреюі де, өзге мемлекет иесімен тең
сезінуі де, құрмет көрсетуі, сыпайы сөз саптауы, мүдделі ісі де үйлесімді,
салмақты өлшеммен жеткізілген. Бұл хаттан артық жалбарыну, Ресей
патшалығына ашық мойынсұну, құлдана сөйлеу деген байқалмайды[18;42-44]
дейді. Шынымен де біздің көптеген деректеріміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР ДӘСТҮРІ
Қазақтың ұлы ханы Қасым хан Жәнібекұлы
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Қасым хан Жәнібекұлы
Қазақ тарихында әбілқайырдың алатын орны мен ролі
Қазақстанда отаршылдық дәуірдің басталуы
Тарихи деректерді жіктеу
Қазақ хандығының тарихнамасы
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Пәндер