Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
А. Х. ТЕМІРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
АҒЫЛШЫН ЕЛДЕРІНДЕ БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Орындаған:
Абдрахманова П. А.
Ғылыми жетекші:
Педагогика ғылымдарының
Докторы проф. Успанов К. С.
Қорғауға жіберген
кафедра меңгерушісі
п. ғ. д. проф. Успанов К. С.
Алматы, 2006
Магистрлік диссертацияның жоспары
Тақырыбы: Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері.
Кіріспе . . . 3
I бөлім. Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлаудың теориялық негіздері
- Ағылшын елдеріндегі болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау тарихына сипаттама . . . 9
- Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың қазіргі жай-күйі . . . 19
- Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлауға салыстырмалы сипаттама беру . . . 30
Тұжырым.
II бөлім. Ағылшын елдерінде әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың мазмұнына шолу.
2. 1 Ағылшын елдерінде әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың жүйесі мен құрылымы. … . . . 42
2. 2 Ағылшын елдерінде әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау үрдісінің мазмұнын ашу. . …. …54
2. 3 Ағылшын елдерінде әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудағы қолданатын қазіргі технологиялар. . …. 71
Қорытынды82
Библиография84
Қосымша.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі жағдайда Қазақстанда мыңдаған мұғалімдер әлеуметтік педагогикалық дайындықсыз жұмыс істеп жүр. Жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік педагогтарды дайындау процесі мен олардың мамандандырылуы осы мәселенің көкейкестілігін көрсетеді. Соңғы жылдары батыстың педагогтары әлеуметтік мәселелерге барған сайын жиі көңіл аударуда. Себебі, педагогика ғылымында - әлеуметтік факторлардың тәрбие мен білім беруге ықпалын және педагогикалық тәжірибенің қоғамның дамуына кері ықпалын талдайтын, «әлеуметтік педагогика» деп аталатын педагогиканың жаңа саласы қалыптасты.
Бүгінгі таңда сан алуан әлеуметтік құрылымдардың жұмысында әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік педагог та айналысатын негізгі бағыттары анықталды. Аталған мамандықтар КСРО-да 1991 жылдың наурыз-сәуір айларында ресми түрде тіркелген болатын, әрі сол жылы мамандар дайындау қолға алынды. Жоғары білім беру жүйесіне әлеуметтік педагогпен әлеуметтік қызметкер мамандықтарын енгізуге олардың жоғары біліктілігіне деген қажеттілік себепші болды. 1990 жылы әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау процесі басталды, әлеуметтік педагогтардың жұмыстарының мазмұны, түрлері және әдістері анықталды, оларға қойылатын кәсіби талаптар негізделді. [1, 9]
Ал бұл кездейсоқ емес, шығармашылық орталықтардың жанындағы өздері қызығатын бірлестіктерге кіруге мүмкіндігі жоқ балалар мен жас өспірімдердің ұйымдарынан шеттелген көптеген балалар әлеуметтік тұрғыдан қорғалмай, оң қарым-қатынастан шеттеліп қалды. Сонымен қатар, биліктің барлық деңгейлерінде пән мұғалімінің еңбегін қарқындандырудың келешектегі мүмкіндігі анықталды, ал нақты өмірмен білім беру мекемесі мектепте күн сайын тікелей оқу-тәрбие үрдісінің аясынан шығатын, бірақ соған қарамастан, оның нәтижелеріне және оқыту мен тәрбиенің сапасына, сондай-ақ әлеуметтегі өзара қарым-қатынастарға тікелей не жанама түрде ықпал ететін көптеген әлеуметтік педагогикалық мәселелерді шешуге тура келді. Мұғалім, бала және әлеуметтік орта байланыстыратын буын әлеуметте қарым-қатынас жасауда және жұмыс істеуде тәжірибесі бар маман, яғни «әлеуметтік педагог» болып табылады.
Әлеуметтік тәрбиенің идеяларын көрнекті орыс және кеңес педагогтары К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенина дамытты. [2, 38] Қазіргі уақытта әлеуметтік педагогика саласында Ресейдегі әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерді дайындау жүйесін құруға тікелей қатысып отырған М. А. Галагузова, В. Г. Бочарова, Б. З. Вульфов, М. П. Гурьянова, А. В. Мудрик, М. И. Рожков, В. А. Сластенин және т. б. ғалымдарды атап айтуға болады. Сонымен қатар, әрбір елдегі салыстырмалы педагогиканың өкілдері шетелдік тәжірибеге, ең алдымен отандық білім берудің мұқтаждығы тұрғысынан қарайды. [3, 56]
Соңғы жылдары Қазақстандық авторлар әлеуметтік педагогтардың әртүрлі мәселелерін қарастыра бастады. Мәселен, Р. И. Бурганова, әлеуметтік педагогтардың кәсіби дайындығының үрдісін зерттеді, болашақ әлеуметтік педагогтың студент жастармен жұмысқа дайындығын қалыптастырудың мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін әзірледі. Е. З. Батталханов оқушы жастардың гуманистік дүниетанымының қалыптасу мүмкіндіктері мен жағдайларын әлеуметтік педагогиканың мәселесі ретінде қарастырды.
Г. Ж. Менлібекова болашақ ұстаздарды әлеуметтік педагогикалық жұмысқа дайындаудың жүйесін құруды теориялық-методологиялық негіздерін қарастырды, болашақ ұстаздардың әлеуметтік педагогикалық жұмысқа дайындығын қалыптастырудың құрама бөліктері мен жағдайларын интеграцияланған жеке тұлғалық білім беру ретінде анықтады.
М. Т. Баймуканова болашақ әлеуметтік педагогтардың студенттік жастар мен отбасын құру бойынша жұмысқа деген кәсіби дайындығын қалыптастырудың әдістемесін әзірлеу мақсатында жоғары оқу орнындағы әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындаудың үрдісі оның зерттеуінің нысаны болады. [4, 105]
Дайындық жүйесін құру мен жетілдіруде Қазақстанның жоғары білім беру дәстүрінде қалыптасқан әлеуметтік жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ әлеуметтік мамандықтардың мамандарын дайындаудың шетелдік бай тәжірибесі пайдалынады. Батыс Европа, АҚШ елдерінде осы салада жүз жылдан артық тәжірибе бар. Әрине, шетел елдерінің тәжірибесін отандық педагогикаға толық енгізу мүмкін емес. Мамандарды дайындаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін ресейлік зерттеушілердің көзқарасы тұрғысынан талдау, сондай-ақ, АҚШ, Англия және Ұлыбритания сияқты елдердің әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлердің білім беру жүйелерін салыстыру, әрі әлеуметтік педагогтарды оқытуға ерекше көңіл бөлу маңызды болып табылады. Себебі, мамандарды дайындаудың жүз жылдан артық тәжірибесі әлеуметтік жұмыс саласындағы жаңадан қалыптаса бастаған білім беру жүйесі үшін белгілі бір маңызға ие болады.
Бүкіл әлемде ғылымның осы саласымен айналысатын мамандар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Қазақстанда салыстырмалы педагогикалық зерттеулер салыстырмалы педагогиканың әдіснамалық, теориялық негіздері (Г. Қ. Нұрғалиева, А. Қ. Құсайынов, Қ. С. Мусин), жеке меншік мектептердің даму тарихы (А. О. Ысқақова), әртүрлі елдердегі оқытушыларды кәсіби даярлау (Қ. С. Мусин), Америка педагогикасында тұлғаны әлеуметтендіру (З. У. Кенесарина), Ұлыбританиядағы жеке мектептерде элитаны тәрбиелеу (Ә. Б. Қалиева) мәселелерін қамтиды. [5, 6] Демек, еліміздегі әлеуметтік педагогтарды дайындау мәселесі жеткілікті зерттелмеуімен оған деген бүгінгі қоғамның қажеттілігі және теория мен практиканың арасындағы алшақтық бізге зерттеу тақырыбымызды «Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: ағылшын елдеріндегі болашақ әлеуметтік педагогтарды дайындаудың ғылыми теориялық негізгі ерекшеліктерін анықтап, салыстырмалы түрде талдау нәтижелерін Қазақстан Республикасында пайдалану мүмкіндігін негіздеу.
Зерттеу объектісі: ағылшын елдерінің жоғары оқу орындарында біртұтас педагогикалық процесте әлеуметтік педагогтардың кәсіби дайындау жүйесі.
Зерттеу пәні: ағылшын елдеріндегі болашақ әлеуметтік педагогтардың жоғары оқу орындарында кәсіби даярлау үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер: Қазақстанда АҚШ, Англияның жоғары оқу орындарындағы «әлеуметтік педагог» пен «әлеуметтік қызметкерлерінің» кәсіби дайындау тенденциялары анықталса, сондай-ақ осы аталған елдердің «әлеуметтік педагог» пен «әлеуметтік қызметкерлерді» дайындау жүйесінің салыстырмалы талдауы жүргізілсе және Қазақстанның жағдайында мүмкін болып табылатын алдыңғы қатарлы ағылшын тәжірибесі қолданыс тапса, онда Қазақстанда әлеуметтік педагогтардың кәсіби даярлық процесінің тиімділігі артады, өйткені бұл білім беру жүйесіне қойылып отырған қазіргі заман талаптары.
Зерттеудің міндеттері:
- Ағылшын елдеріндегі әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- ағылшын елдеріндегі әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау процесінің теориясын сараптау;
- ағылшын елдеріндегі болашақ әлеуметтік педагогтардың мазмұндық ерекшеліктерін айқындау;
- ағылшын елдерінің жоғары оқу орындарындағы оқытудың мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын талдаудың негізінде кәсіби дайындықтың негізгі тенденцияларын көрсету;
- әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау зерттеуінде салыстырмалы педагогикалық талдау критерийлерін анықтау;
Жетекші идея. Ағылшын елдеріндегі әлеуметтік педагогтарды даярлаудың ерекшеліктерін анықтау, оны еліміздегі білім беру жүйемізге әкеліп, тиымды пайдалана білу - қоғам сұранысына сай жан-жақты әлеуметтік педагогтарды дайындауға негіз болады.
Зерттеудің көздері: шетел және Қазақстандық ғалымдардың (философ, тарихшы, әлеуметтанушы, психолог, педагог) зерттеліп отырған жұмыс жайлы еңбектері; бүгінгі таңдағы әлеуметтік педагогика саласындағы көкейкесті проблемаларды зерттеп жүрген белгілі ғалымдардың еңбектері; ресми материалдар(Қазақстан Республикасының ресми құжаттары, заңдар, қаулылар, баяндамалар) ; Білім және Ғылым министрлігінің нормативті құжаттары; шетел зерттеушілірінің автореферат, диссертация, монографиялары ғылыми жұмысқа арқау болды.
Зерттеу әдістері: салыстырмалы педагогикалық ғылыми негізде педагогикалық зерттеулерді талдау; аналитикалық әдістер(талдау, синтез, жинақтау, қорыту) ; салыстырмалы түрде жинаған материалдарға, ресми құжаттарға талдау және алған нәтиженің тиімділігін тексеру.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
- Англия, АҚШ елдеріндегі «әлеуметтік педагог» мамандығының мәнін ашып, ғылыми теориялық негіздемесі анықталды.
- Ағылшын елдеріндегі «әлеуметтік педагог» қызметінің даярлау құрылымы мен жүйесі нақтыланды.
- Ағылшын елдеріндегі әлеуметтік педагог мамандығының кәсіби дайындау мазмұны мен ондағы қолданатын жаңа технологияларына талдау жүргізіліп еліміздің білім беру жүйесінде мүмкіндігінше пайдаланудың жолдары айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәні: теориялық талдаулар нәтижесінде жасалған тұжырымдар, қорытындылар, аталған арнайы курс бағдарламасы, әдістемелік құрал мен ұсыныстар жоғары оқу орындарында маман дайындауда, білім жетілдіру институттары мен осы саладан білім, білік дағдыларды жетілдіру мақсаттарында пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде (қыркүйек-желтоқсан 2004 ж. ) ғылыми жұмысқа тақырып таңдап, зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасалды. Болашақ зерттеу жұмысына ғылыми аппарат негізі салынды.
Екінші кезеңде (қаңтар-мамыр 2005 ж. ) зерттеу мәселесіне байланысты материалдарды жинақтау және топтау жүргізілді, яғни ағылшын елдеріндегі әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау үрдісінің ерекшеліктері салыстырмалы түрде анықталды.
Үшінші кезеңде (2005-2006 жж) жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылар шығарылып, оның тәжірибе жүзінде мүмкіндігінше қолданылу әдістері анықталды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі.
Зерттеу нәтижелерінің талапқа сай теориялық қағидалары мен зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолдануымен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестігімен, нәтижелердің жүйеленіп қорытындылануымен, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен және практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы анықталып, теориялық және практикалық мәні, ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
«Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлаудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда әлеуметтік педагог мамандығының мәні ашылып, оны даярлау тәжірибесі жан-жақты талданады, АҚШ, Ұлыбритания және Канада елдеріндегі дайындау жүйесінің дамуының негізгі тенденциялары айқындалады.
«Ағылшын елдерінде әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлаудың мазмұнына шолу» атты екінші тарауда жоғарыда аталған ағылшын елдеріндегі болашақ әлеуметтк педагогтардың кәсіби даярлайтын мекемелердің құрылымы мен мазмұнына және жаңа технологияларға сипаттама беріледі.
Қорытындыда зерттеу болжамын дәлелдейтін нәтижелер, тұжырымдар көрсетіледі.
Қосымшада оқу жоспарлары және оқудың мазмұны ұсынылады.
I - бөлім
Тақырыбы: Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлаудың теориялық негіздері
- Ағылшын елдеріндегі әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау тарихына сипаттама.
Әлеуметтік педагогика қызметінің ғылыми статусын негіздеу үшін оның тарихи, әлеуметтік, педагогикалық даму тенденцияларының алғы шарттарын айқындау керек. Адамның шығу тарихы жайлы ғылымдардың өзінде, әлеуметтік педагогиканың тарихи тамырлары терең және оның даму беталысын байқауға болады. Бұл ескі отандық және әлемдік педагогиканы қамти отырып, этно-мәдени салтты, діни оқулардың негізін құрайды. Демек, олар көптеген қозғалыстар мен бағдарламаларда көрініс тапқан мемлекеттік жүйе, мемелекеттік емес бірлестіктері, жеке адамдардың ынта, ықыласы арқылы мұқтаж тұлғаларға, халыққа көмек беруден көреміз. Содан адам және әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының құрылу мақсатында қайырымдылық пен мейірімділік негіздері қалыптасты. Осының бәрін бірге қосқанда әлеуметтік педагогиканың түйінін, мазмұнын құрады дейміз.
Алғаш рет «әлеуметтік педагогика» терминін ХIХ ғ. орта шеңінде ғылымға енгізген Ф. Дистервег. Оның қалыптасуына үлкен әсерін тигізіп, әлеуметтік педагогиканың мақсат-міндеттерін анықтаған Э. Дюргейм, В. Дильтей, Дж. Локк, П. Наторп, Э. Шпрангер, Б. Рассел сияқты ғалымдар. [6, 354]
Барлығына белгілі ең алғашқы ғылыми педагогикалық білімдер философия білімі мен тұжырымдарында пайда болады: философия табиғатының, қоғам мен сананың дамуы жайлы заңдылықтарды қарастыра отырып, жас ұрпақтың өздік іс-әрекеті жайлы мәселелерді қарастырмай өтпейді. Сондықтан, философиялық білім әлеуметтік-педагогикалық теория, жүйе және концепцияларының қалыптасуына қатысты келелі бір қайнар көзі. Ол оның методологиялық фундаментын, әлеуметтік-педагогикалық теория мен тәжірибесінде жалпы методологиялық қызметі орынды.
Оның өкілдері ең алдымен философтар, мәдениеттің теоретиктері мен тарихшылары өздерінің педагогикаға байланысты философиялық ойларын қосқан. Бұлардың барлығын біріктірген мәдени-философиялық идея, педагогика ғылымы мен тәжірибенің ең негізгі қайнар көздері болып әлеуметтік тарихи білім, әсіресе философия және білім саласын жатқызамыз.
Әлеуметтік педагогика педагогикамен бірге дамып оның ажырамас бөлігі болғандықтан педагогика ғылымымен салыстырғанда біршама жас ғылым деп есептелінеді. [7, 214]
Сондықтан әлеуметтік педагогиканың тарихымен айналысатын ғалымдар, оның бастамасы мен қайнар көздерін философия ғылымының ұлы данышпандарының еңбектерінде және барлық уақыттағы халықтың педагог-классиктерінің трактаттарынан табамыз.
Егерде әлеуметтік педагогиканы осылай қарастырсақ, онда оның даму жолын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
I кезең - бастапқы кезең, ежелгі уақыттан бастап ХYII ғасырға дейінгі уақытты қамтиды. Тәрбиелеу тәжірибесінің мәнін түсіну мен педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық ойдың қалыптасуымен байланысты. Қайта өрлеу дәуірі бала тәрбиесіндегі гуманистік ойлардың дамуымен қатысты. Бұл дәуірге итальяндық педагог-гуманист Витторино Да-Фельтре (1378-1446) еңбегінде алғаш рет «Қуаныш үйі» атты интернат тәріздес мектеп ашып, осы идеяны іске асырушылардың бірі.
II кезең - XYII-ХIХ ғғ. әлеуметтік педагогиканың алдыңғы идеяларының дамуы мен әлеуметтік педагогиканың ғылыми тұжырымдамаларының ғылым ретінде пайда болуы.
ХYIII - XIX ғғ. әлем мәдениетінің тарихы буржуазды-демократиялық төңкеріс кезеңі деп кірді. Көрнекті ғалымдар (педагогтар, философтар, социологтар, психологтар) қоғам және мемлекетпен ынтымақтастық жолында әлеуметтік педагогика проблемаларының шешу жолын іздеді. Сол заманның педагогтары өз ойларын ортаға салумен шектелмей, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асырды. Олар жетім және қараусыз қалған балаларға - жетім сәбилер баспанасын, балалар бақшаларын және кемтар балаларға мектептер мен әртүрлі мекемелер салды.
ХIХ ғасырдың басынан аяғына дейін әлеуметтік педагогиканың педагогикадан бөліну үрдісі жүреді. Сонымен бірге, оның дамуына философия және педагогикадан басқа психология, әлеуметтену, антропология (адамның шығу тегі мен дамуы жайлы ғылым), медицина және т. б. ғылымдар ықпалын тигізді. Әлеуметтік педагогиканың педагогикадан ажырау үрдісімен қатар, оның басқа ғылымдармен интеграциясы (бірігуі) жүрді. [8, 146]
ХIХ ғасырдың аяғында әлеуметтік педагогика педагогика ғылымының жеке саласы болып қалыптасады. Бұл жағдай, ең алдымен неміс ғалымдары Фридрих Дистервег пен Пауль Наторп есімдерімен байланысты.
Әлеуметтік педагогика термині 1844 жылы К. Магералмен тәрбие жайлы талқыға салынып, кейінірек Дистервег оны дамытты. Сол уақыттан бастап, неміс әдебиеттерінде осы заманымызға дейін екі түрлі түсіндірме пайда болды. Бірінші түсіндірмеге сай әлеуметтік педагогика әлеуметтік тәрбиемен бір деген (К. Магер) ; [9, 239]
Екінші түсіндірмеге байланысты ол белгілі бір жағдайларда педагогикалық көмек ретінде қабылдайды. (Ф. Дистервег)
Осы көзқарастардың жақындығына қарамастан, оның кейбір ерекшеліктері бар. Бірінші жағдайда тәрбиенің әлеуметтік аспектілері мен міндеттері жайлы айтылады.
Бірінші бағыттың өкілдері К. Магер, П. Наторп (20 жылдар), Е. Борнеманн, Ф. Шлипер, (60-шы жылдар), Д. Пегелер (80-ші жылдар) және басқалар. К. Магер заманынан бастап, әлеуметтік педагогиканың алғы шарттары, қоғамдағы адамды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, яғни қоғамды қоғам арқылы тануды қарастырады.
Екінші бағыт Ф. Дистервег (ХIХ 40-50 жылдар), Г. Ноль, Г. Боймер (20-30 жж), К. Молленгауэр (50-ші жылдар) және т. б. А. Дистервегтен бастап, осы бағыттың өкілдері әлеуметтік қорғаусыз жұмыс тобының, халықтың білімі, қараусыз қалған балалар және т. б. сол сияқты заманның әлеуметтік жағдайына жауап іздеді. [10, 96]
Герман Ноль (1879-1960) әлеуметтік педагогиканың негізгі міндеті деп егерде отбасы және мектеп өз қызметін қандай да болмасын себептермен жедел көмек қамтамасыз етілмей, балаға көмек көрсетпеген жағдайды айтады. Г. Нольдің ойын П. Наторппен салыстырғанда әлдеқайда нақтырақ және қолайлы еді. Оның ойлары 1922 ж. жастар қызметінің қайырымдылық жайлы заңында көрініс тапты. Бұл Германиядағы мектептен тыс уақыттағы жастардың тәрбиесін қадағалайтын ең алғашқы мемлекеттік құжат болған. [11, 465]
Сол уақыттан бастап, әлеуметтік педагогика отбасы және мектептегі жастарды тәрбиелеу жөніндегі кемшілікті жетілдіру қызметін енгізді.
Дж. Локк (1632-1704) англияда конституциялық монархия орын тепкен уақытта өмір сүрді. Феодалдық идеологияға қарсы, буржуазия және жаңа ақсүйектердің идеясын қолдады. Оның айтуынша: «балада туылғанынан идея пайда болмайды, нәресте туғанда тап-таза тақта тәріздес» - дейді. Сондай-ақ, адамгершілік қасиеттер мен білім туа пайда болмайды, ол өмір сүріп жатқан қоғамға байланысты қалыптасады. [12, 120]
Адам өмір сүруіне қажеттіліктің барлығын білім және тәрбие, өзінің іс-әрекеті нәтижесінде алады. Локк тәрбиені философиялық және әлеуметтік мәнінде жеке тұлғаның қоғаммен қарым-қатынасы, оның өзіндік өсуіне ықпал етеді деп атаған.
Тәрбие социализация үрдісінде мақсатқа бағытталған негізгі компоненты болып табылады. Коменский оның қажеттілігін айтқан болатын. Осы міндеттің теориялық негіздемесін ашты. Оның міндеті «джентельменді» тәрбиелеу. Демек, тәрбиелеушінің тек өз істерінен басқа, азаматтық жауапкершілікті, өз еліне және өз табына қажетті екенін сезіну керек. [12, 126]
Джентльмен өз қызметтерін орындау үшін діншіл, дені сау, ақыл-ойы бар, қайратты және еркіндікті сүйетін болуы тиіс.
Локк өзінің педагогикалық тұжырымдарын «Тәрбие жайлы ойлар» атты трактатында - капиталистік әлемде іскер адамды даярлау бағдарламасында білдірген. Ақсүйектік дәстүрді (феодалдық) новатырлік тәрбиені қосып - прагматикалық бағытты, яғни ол тұлғаның буржуа есебінде оның азаматтық, адамгершілік және іскерлік қасиеттерін дамытуды көздеді.
Педагогтің новаторлық идеяларының негізінде ол ең алғашқы тәрбиенің физиологиялық, адамгершілік және сананың дамуын бірлікте алып тәрбиенің ғылыми-психологиялық негізін дәлелдеді. Оның педагогикасының мәні - утилитаризм (тәрбие өмір сүруге үйретеді, яғни тәрбие болашақ джентльменді пайдалы біліммен білікті қамсыздандырады) .
Ол нақты білім беру бағдарламасын, дәстүрлік пәндерден басқа мемлекеттік тарих пен құқық, стенография, этика, бухгалтерлік есеп-шөт т. б. енгізді.
Тәрбиенің әдіс-тәсілдері балалардың жасына лайық болу керек.
Сонымен бірге, Локк тәрбиені буржуазия өкілдерінің социализация үрдісіндегі ең бір өзекті мәселесі ретінде қарастырады. Өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу міндеті бірінші жоспарда тұрды.
Социализация процесінің негізгі компоненты - отбасы деп қарастырады. Баланың іс-әрекеті тәрбиешілердің ықпалына қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ең бірінші тәрбиеші ата-анасы деп атаған. Бұл модельдің өзіндік пайдасы бар. Тәрбиешімен балалардың формалсыз қарым-қатынасы, қоршаған ортаның педагогизация үрдісі жүреді. Алайда, оның кемшіліктері байқалады. Баланың іс-әрекетіне байланысты қарым-қатынастың тарлығы, шынайы өмірдің тәрбиесінен алшақ болу. Локктың оқыту және тәрбиелеу ісі тұлғаның қоғамдық және адамгершілік қасиеттерінің әлеуметтік процесте қалыптасуы болып саналады.
Гертруда Боймер осы бағыттың өкілі, бірінші көзқарас қарсыластарынан айырмашылығы әлеуметтік педагогика негізін педагогиканың құрамдас бөлігі деп қарастырады. [13, 38]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz