Анд тау жүйесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1АНД ТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА . . . 4
1. 1Анд тау жүйесінің табиғат ерекшеліктері . . . 4
1. 2Анд тау жүйесінің геотектоникалық құрылысы . . . 5
1. 3 Анд тау жүйесінің орографиялық ерекшеліктері . . . 8
2АНД ТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ КЛИМАТЫ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕСІНЕ СИПАТТАМА . 13
1. 4 Анд тау жүйесінің климаттық аудандастырылуы . . . 13
1. 5 Анд тау жүйесінің органикалық дүниесі . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26
ҚОСЫМШАЛАР . . . 28
КІРІСПЕ
Бор дәуірінің аяғында және палеоген бойы Анд тауында қатпарлану, көтерілу және жанартау әрекеті жүріп жатты. Палеогеннің аяғына қарай геосинклинальдың орнына оңтүстікте Антарктида материгіне дейін баратын ал солтүстікте Антиль-Кариб аймағы жүйелерімен қосылып жатқан орасан зор тау жүйесі пайда болған.
Оңтүстікте Антарктика аймағында климаттың салқындауына және Антарктиданы жабынды мұз басудың басталуына байланысты антарктика флорасының элементтері ене бастады. Анд көтеріле түскен сайын тау табиғаты жағдайына бейімделген неотропиктік элементтерден, антарктикалық түрлерден және Андының өзінде түзілген эндемиктік тау түрлерінен тұратын оның ерекше органикалық дүниесі қалыптасты.
Анд тауды шығыс жағынан Атлант мұхиты алабының ірі өзендері бастауын алады. Амазонка өзені және оның көптеген ірі салалары, Ориноко, Парагвай, Парана өзендері және Магдалена мен Патагонияның өзендері басталады. Батыс бөлігінен Тынық мұхит алабының ұсақ өзендері басталады. Анд тауын ірі мұхит аралық су айырығы десекте болады.
Өзектілігі: Анд тауы Оңтүстік Америка құрлығындағы басты климаттық барьер болып есептелінеді. Шығыс бөлігін батысындағы тынық мұхиттың әсерінен, ал батыстан Атлант мұхитының әсерінен бөліп тұр. Тау 5 климаттық белдеуді кесіп өтеді. (Экваторлық, Субэкваторлық, Тропиктік, Субтропиктік және Қоңыржай белдеу) . Әсіресе орталық (желдің өсінде) пен шығысы ( ық жағы) бір бірінен ұзына бойы орналасқан ландшафтысында бір-бірінен алшақтық бар. Жер бедерінің сипатына және басқа да табиғи ерекшеліктеріне қарай үш аймаққа бөлінеді.
Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Анд. Анд тауы Оңтүстік Американың жеті мемлекеттінің аумағы арқылы өтеді. Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили және Аргентина.
Итальян тарихшысы Джовонни Анелло Оливаның (1631ж) . Деректері бойынша, жаулап алушы европалықтар Анд немесе Кордильера («Andes, o cordilleras») деп шығыс жотасын атаған, ал батыс бөлігін «cьerra» деп атаған.
Солтүстік Анд -Анд таулы жүйесінің ең солтүстік бөлігі. Кариб теңізі жағалауымен (4-5
о. е. дейін) шығысында Ориноко жазығының тау етегіне дейін жүрсе, оңтүстігі көлденең тектоникалық жарықтармен шектеледі. Шамамен осы жер арқылы тропиктік және экваторлық климттық белдеулер түйісіп таудың батыс беткейлерінде ылғалдылықта, биік белдеулерінде үлкен айырмашылық бар. Аймақ ішінде Венесуэла, Колумбия және Эквадор елдерінің батыс аймақтары орналасқан. Батыс беткейлердің төменгі етегімен, жағалық жазықтардың климаты ыстық ылғалды экваторлық типке жатады. Субэкваторлық белдеудің белгілі бір биіктіктерінде ылғалды орман Гилея өседі. Сондықтанда Солтүстік Анды тауларын кейде Экваторлық Анд деп те атай береді. Аймақ шеңберінде Анд терең тектоникалық ойыстармен бірнеше тау тізбектерінен бөлініп кетеді. Әсіресе Солтүстік беткейінің құрылымы күрделі.
Орталық Анд (28
о. е дейін жетеді) . Перу Андысы және Орталық Анд тауы деп бөлінеді. Перу Андысы соңғы кезде көтерілуіне және өзен суларының қатты ағысының әсерінен тілімденген (Амазонканың салалары Мараньон, Укаяли және Уальяги) .
Оңтүстігіне қарай Анд тауының ең енді жері-Орталық анд таулы қыраты орналасқан. (ені 750км) . Аридті геоморфологиялық процесс басым кездеседі. Таулы қыраттың басым бөлігін биіктігі 3, 7-4, 1мың метрге жететін таулы Үстірт Пуна алып жатыр.
Оңтүстік Анд тауы, 28
о, е оңтүстікке қарай созылып, Солтүстік (Чили-Аргентина немесе Субтропиктік Анд) және Оңтүстік (Патогония Андысы) Анд тауы деп екіге бөлінген. Чили-Аргентина Анд тауы оңтүстігі 39
4
о, е дейін созылған, оңтүстігі біртіндеп жіңішкеріп үшке бөлініп кетеді.
Анд таулы жүйесі Оңтүстік Американың 8 мемлекетінің аумағы арқылы өтеді. Аумағының үлкендігіне байланысты табиғат жағдайы бірнеше рет өзгереді. Сондықтанда Анд таулы облысында 20 астам Ұлттық-саябақтармен қорықтар бар. Солардың арасында ерекше қорғауға алынғандары: Венесуэладағы «Ранчо-Гранде » ұлттық саябағы, Колумбиядағы «Сьерра-де-ла-Макерена» Эквадордағы «Сангай» Перудегі «Уаскаран» және «Ману», Чилидегі «Лос-Парагуас».
Сондай-ақ, туризмнің әйгілі түрлері: тарихи экскурсия (Кито, Гуаякиль), тауларға және жанартаулар бойынша саяхат жасау, термальды көздерге демалу (Папальякта, Баньос), үнді елді мекендерін аралау, Галапагос аралдары және Амазонка бойымен саяхат жасау, Салинастағы жағажай демалысы, Амазонкадағы жабайы жануарлар мен құстарды бақылау, аралас туризм Эквадор-Чили, Перу, Венесуэла мемлекеттерінде жақсы дамыған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Анд тауының физикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтап, оның туристік-рекреациялық ресурстарға тигізетін әсерін теориялық негізде талдап қорыту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Анд тау жүйесінің геотектоникалық құрылысына, орографиялық ерекшеліктеріне, климаты мен органикалық дүниесіне сипттама беру;
- Анд тау жүйесінің туристік рекреациялық мүмкіндіктерін нақты түде анықтау;
- Анд тау жүйесін мектеп географиясында оқытудың әдістерін ұсыну.
Курстық жұмыс үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша берілген.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Курстық жұмысы кіріспеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1 Анд тау жүйесіне физикалық-географиялық сипаттама
- Анд тау жүйесінің табиғат ерекшеліктері
Анд тау жүйесі. Анд Кордилері. (исп. Andes`s Cordillera de Los Andes) (анта, Инк тілінде - мыс, мыстау деген мағынаны білдіреді) . Дүниежүзіндегі ең ұзын тау жүйесі (9000км) . Ең биік нүктесі Аконкагуа, 6960 м. Оңтүстік Америка құрлығының солтүстігімен батыс бөлігін түгел алып жатқан, Кордильера тауының оңтүстік жалғасы. Таудың ені кейбір жерлерінде 500км жетсе, орталық Андыда 18
пен 20
оңтүстік ендік аралығында 750км жетеді. Орташа биіктігі 4000м жуық(1-сурет) .
1-сурет. Анд тау жүйесініңфизикалық картасы
Анд тауын ірі мұхит аралық су айырығы десекте болады. Таудың батыс жағынан Атлант мұхиты алабының ірі өзендері бастауын алады. Амазонка өзені және оның көптеген ірі салалары, Ориноко, Парагвай, Парана өзендері және Магдалена мен Патагонияның өзендері басталады. Батыс бөлігінен тынық мұхит алабының ұсақ өзендері басталады .
Анд тауы Оңтүстік Америка құрлығындағы басты климаттық барьер болып есептелінеді. Шығыс бөлігін батысындағы тынық мұхиттың әсерінен, ал батыстан Атлант мұхитының әсерінен бөліп тұр. Тау 5 климаттық белдеуді кесіп өтеді. (Экваторлық, Субэкваторлық, Тропиктік, Субтропиктік және Қоңыржай белдеу) . Әсіресе орталық (желдің өшінде) пен шығысы (ық жағы) бір бірінен ұзына бойы орналасқан ландшафтысында бір-бірінен алшақтық бар.
Жер бедерінің сипатына және басқада табиғи ерекшеліктеріне қарай үш аймаққа бөлінеді. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Анд. Анд тауы Оңтүстік Американың жеті мемлекеттінің аумағы арқылы өтеді. Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили және Аргентина.
1. 2Анд тау жүйесінің геотектоникалық құрылысы
Анд тауы - Анд (Кордильера) қатпарлы геосинклиналь белдеуіндегі жаңадан көшерілген жаңарған тау. Анд жер бетіндегі палеозой және кейбір жерлері байкал қатпарлығы фундаментінің үстінде көшірілген альпі қатпарлығының тау жүйесі. Андының қалыптасуы юра дәуірінен басталады. Анд тау жүйесіне триаста қалыптасқан астау тәріздес ойыстар тән. Уақыт өте мұндай ойыстар шөгінді және жанартаулық жыныстармен көмкерілген. Негізгі Кордильера, Чили жағалауы және Перудің жағалық Кордильері бор дәуірінің гранитті интрузивті жыныстардан тұрады. Тау аралық және шеткі майысқан жерлер (Альтиплано, Маракайбо т. б) палеоген және неоген дәуірлерінде қалыптасқан. Сейсмикалық және жанартаулық белсенділігімен ерекшеленетін, тектоникалық қозғалыстар күні бүгінге дейін жүріп жатыр.
Оған себепші Солтүстік Американың тынық мұхит жағалауы бойымен ұзындық бойы субдукция зонасындағы орналасуда. Антрактида және Наска плиталары Оңтүстік Америка плитасының астына біртіндеп кіріп бара жатыр. Нәтижесінде тау түзілу процесі жүруде. Оңтүстік Американың қиыр оңтүстігіндегі Отты жер аралы кішігірім Скотия плитасынан трансформалық жырық арқылы бөлініп жатыр. Дрейк бұғазынан ары қарай Анд Антрактида түбегінің тауларымен жалғасып жатыр.
Анд тау кенді пайдалы қазбаларыменде ерекшеленеді. Ең негізгісі түсті металл. (ванадий, вольфрам, висмут, қалайы, қорғасын, молибден, мырыш, сурма, мышьяк) кен орындарының дені Андының Шығысындағы паллезой құрылымдарымен, ежелгі жанартаулардың көмейінде кездеседі. Мыстың ірі кендері Чили аумағында шоғырланған тау алды ойыстардың майысқан жерлерінде мұнай мен газ кездеседі. (Аргентина, Перу, Болвия, Венесуэла жеріндегі Анд тауының етегінде) . Үгілген тау жыныстарының жиналған жерінде боксит кездеседі. Бұлардан басқа темір (Боливия), натрий селитрасы (Чили) алтын, платина, Жақұт (Колумбия) кен орындары бар.
Анд тауы көбінесе меридиан бағытта, параллель жатқан жоталардан тұрады. Шығыс Кордильера және Орталық Кордильера, Батыс Кордильера және Жағалық Кордильера жоталарының аралығында таулы үстірт және үстірт(Пуна, Альтиплано-Боливия және Перу жерінде) немесе тау аралық ойыстар кездеседі. Тау жүйесінің орташа ені 200-300км.
Көтерілу платформаның едәуір бөлігінің теңіз деңгейінен төмен батуымен және перикратондық майысу синклизалардың алабында және Атлант мұхиты жағалауында шөгінді жыныстардың қалың қабаттарының түзілуімен бір кезде болған. Неогенде ішінара шөгу әсіресе қалқандар аймағы мен Анд зонасында көтерілулерге ауысқан.
Көтерілулерге байланысты өзендер арнасын тіліп тереңдеген және сарқырамалар пайда болған Атлант және Кариб жағалаулары ғана төмен түскен, ол жерде эстуарийлер мен лагуналар түзілген. Анд тау жүйесінің жалпы көтерілуіне платформаның көршілес алаптары да қамтылған, соның нәтижесінде Андымен орография жағынан байланысты Кордильера алды, Пампа Сьерралары және кейбір жоталар көтерілген.
Тау түзілу процестерімен бірге күшейе түскен жанартау әрекеті орын алған. Жанартау әрекеті әр кезде тау жүйесінің әртүрлі бөліктерінде және Патагония плитасы алабында кездесіп отырған. Көтерілу мен жанартау әрекеті бүкіл плиоценде антропогеннің басында жалғасып отырады және қазіргі кезге дейін тоқтаған жоқ.
Анд тау жүйесінің көтерілуімен бір кезде күшті өзгеріс жүріп, жұмсақ материял жинақталып, жер беті тегістелді. Анд тауының көтерілуіне байланысты оның батыс зонасында тереңдікте жарылу болды және оның шеткі аймақтары Тынық мұхит суының астына батып кетті. Плиоцен дәуірінде сәл үзілістен кейін Оңтүстік Америка Солтүстік Америкамен жалғасты. Бұл жалғасу материктердің жануарлары мен өсімдіктері түрлерінің алмасуына жағдай туғызды.
Оңтүстікте Антарктика аймағында климаттың салқындауына және Антарктиданы жабынды мұз басудың басталуына байланысты флорасының элементтері ене бастады. Анд тауы көтеріле түскен сайын тау табиғаты жағдайына бейімделген неотропиктік элементтерден, Антарктикалық түрлерден және Андының өзінде түзілген эндемиктік тау түрлерінен тұратын органикалық дүниесі қалыптасты.
Анд тауының күшті көтерілуінің тағы бір салдары таулық мұз басу болды, ол қазіргіге қарағанда анағұрлым қалың болғанымен қиыр оңтүстіктен басқа еш жерде дерлік тау жүйесінен шеткері шыққан жоқ. Материктің оңтүстік батысында төмен түсуінен мұз әрекеті әсерінен Чилидің фьордтық жағалауы түзілді.
Антропогеннің екінші жартысында Оңтүстік Америкада адам қоныстанды. Адамдардың мұнда шеттен келуі мүмкін. Өйткені неотропиктік аймақтың қазынды және қазіргі фаунасының құрамында тар танаулы маймылдар жоқ.
Адамның Оңтүстік Америкаға өтуінің ең қолайлы жолы - Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауы, ал уақыт жағынан алғанда ол бұдан 30-15 мың жыл бұрын болған.
Анд қатпарлы белдеуі бүкіл өн бойына дерлік антиклинорийлерге сәйкес келетін параллель немесе параллельге жақын жоталар жүйесінен және синклинорийлер мен опырықтарға сәйкес келетін аңғарлардан тұрады.
Андының қазіргі қатпарлы құрамына кейініректегі орогендік процестермен қайта құрылған құрылымдары кіреді. Оларға тау жүйесінің орта және щығыс бөліктері жатады.
Дамуындағы және құрылымындағы өзгешеліктеріне сәйкес Анд тауын мынадай ұзына бойғы құрылымдық-геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады. Батыс Кордильера-Альпі циклінің орта кезінде немесе аймағында түзілген биік және орта биіктіктегі қатпарлы-жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңірі өтеді. Ол өз кезегінде Тынық мұхиттан барлық жеріне дерлік кайназойдың қатпарлы шөгінділерінен тұратын Жағалық Кордильерадің үзік-үзік зонасымен бөлінген.
Келесі зона - палеозойдың қатпарлы құрылымдары негізін кайназойдың аяғындағы жақпарлы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген Шығыс Кордильера. Андының орталық бөлігінде, Батыс және Шығыс Кордильерадің Боливия таулы қыратының Пуналары жатыр. Олар Альпі орогенезі процесінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған палеозой жақпарлы болып табылады.
26º және 37º о. е. аралығында ПреКордильерамен мен Пампа сьерраларының орташа биіктегі және биік жақпарлы массивтері мен жоталарының жүйесі көтеріліп жатады. Бұл тау ғимараттары платформасының мезозой, ал одан кайнозой тау түзілуіне іліккен шеткі бөлігі болып табылады. Олар кәдімгі Андыдан және бір-бірімен тектоникалық ойпаңдармен бөлінген, сонымен бірге оларды платформа менАндының аралығындағы өтпелі аймақ деп қарауға болады.
1. 3 Анд тау жүйесінің орографиялық ерекшеліктері
Венесуэладағы Боливер шыңы - Анд таулы жүйесі меридиан бағыттағы параллель жоталардан тұрады (2-сурет) .
2-сурет. Боливар шыңы
Жоталар өзара таулы үстірттер немесе ойыстар арқылы бөлінген. Тек қана Венесуэла аумағында орналасқан Кариб Андысы (Солтүстік Анд құрамына жатады) . Кариб теңізі жағалауы бойымен ендік бағытта орналасқан. Солтүстік Анд құрамына Эквадор жеріндегі Эквадор Андысы, Венесуэла мен Колумбияның батысындағы Солтүстік батыс Анд тауларыда кіреді. Солтүстік Анд тауларының ең биік жоталарындағы жанартаулық ойыстарда мәңгі қарлардың есебінен қалыптасқан кішігірім мұздықтар кездеседі. Кариб теңізіндегі Аруба, Бонайре, Кюрасао аралдары су ішінде орналасқан [4] .
Солтүстік-Батыс Андысы 12
с. есолтүстікке қарай желпуіш тәрізді тарамдалған үш негізгі Кордильерге бөлінеді- Шығыс, Орталық және Батыс. Үшеуі де биік, қыс беткейлі жақпарлы-қатпарлы болып келген. Негізгі Кордильера Магдалена және Каука өзендерінің аңғарындағы Патти ойысымен бөлінген.
Шығыс Кордильердің ең биік жері Солтүстік Шығыс бөлігіндегі Ритакува тауы, 5493м.
Шығыс ежелгі көл орнындағы Үстірт кездеседі. (биіктігі 2500-2700 м) . Жалпы алғанда Шығыс Кордильера төбесі тегістелген тауға жатады. Биік жерлерінде мұздықтар кездеседі. Шығыс Кордильерді Солтүстігінде Кордильера-де-Меридя жотасы жалғастырады. Биік нүктелері Боливар тауы 5007м және Сьерру-де Периха тауы 3540м. Бұл жоталардың аралығында кең көлемді жерді алып жатқан ойпатты ойыста Маракайбо көлі орналасқан. Қиыр Солтүстігі оқшау таулы массив Сьерра-Невада-де Санта-Марта тауымен жалғасады, оның биік нүктесі Кристобаль-Калон 5800м.
Шығыс және ОрталықКордильерді жіңішке және биік Магдалена өзенінің аңғары бөліп жатыр. Орталық Кордильерде (әсіресе оңтүстік бөлігінде) жанартаулар көп шоғырланған, (Уила, 5750м; Руис, 5400м т. б. ) олардың ішіндегі Кумбаль сөнбеген жанартауы(4890м) айрықша көрінеді.
Орталық Кордильера солтүстікке қарай біртіндеп төмендеп, өзен аңғарларымен тілімделген Антьокии массивін қалыптастырған. Батыс Кордильера, Орталық Кордильерден Каука өзенінің аңғары арқылы бөлінген. Орталық Кордильерге қарағанда біршама аласа, биіктігі 4200м, оңтүстігінде жанартаулар бар. Батысында биіктігі 1810м жететін Серранщо-де-Баудо жотасы орналасып, оның өзі Солтүстігінде Панама тауларымен жалғасып кетеді.
Солтүстік-Батыс Анд тауының солтүстігімен, батысында-Кариб маңы және Тынық мұхиттың аллювиальды жазығы кездеседі.
Солтүстігі 4
о. е дейін жететін Экваторлық Анд(Эквадор) -биіктігі 2500-2700м жететін Батыс және Шығыс Кордильера деп ойыстар арқылы екіге бөлінеді. Бұл ойыстардың шетіндегі жарықтарда, дүниежүзіндегі ірі жанартаулар тізбегі орналасқан. Олардың ең биіктері-Чимборасо 6267м, Котопахи 5897м. Бұл жанартаулармен бірге, Колумбияның жанартаулары Андының алғашқы жанартаулы облысын қалыптастырды.
Солтүстік Анд -Анд таулы жүйесінің ең солтүстік бөлігі. Кариб теңізі жағалауымен (4-5
о. е. дейін) шығысында Ориноко жазығының тау етегіне дейін жетсе, оңтүстігі көлденең тектоникалық жарықтармен шектеледі. Шамамен осы жер арқылы тропиктік және экваторлық климттық белдеулер түйісіп, таудың батыс беткейлерінде ылғалдылықта, биік белдеулерінде үлкен айырмашылық бар.
Солтүстік Анд тауында Венесуэла, Колумбия және Эквадор елдерінің батыс аймақтары орналасқан. Батыс беткейлердің төменгі етегі мен жағалық жазықтардың климаты ыстық ылғалды экваторлық типке жатады. Субэкваторлық белдеудің белгілі бір биіктіктерінде ылғалды орман - гилея өседі.
Сондықтанда Солтүстік Анды тауларын кейде Экваторлық Анд депте атайды. Аймақ шеңберінде Анд терең тектоникалық ойыстармен бірнеше тау тізбектеріне бөлініп кетеді. Әсіресе солтүстік беткейінің құрылымы күрделі[5] .
Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке, аласа, күшті тілімделген Жағалық Кордильера көршілес зонадан (Батыс Кордильера) Атрато өзенінің тектоникалық аңғары арқылы бөлініп жатыр. Батыс Кордильера Дарень шығанағынан басталып аймақтың шекарасына дейін созылып жатыр. Шығыс Кордильера Солтүстік Анд ішінде тармақталып, шамамен 3
с. е маңында Орталық (Сьерра-Невада-де-Санта-Марта массивінен тұрады, биіктігі 5800м жетеді), Солтүстігінде Шығыс (Сьерра-Периха және Кордильера-де-Мерида) деп бөлініп кең көлемді жер мен бірге төмен түскен Маракайбо лагунасын алып жатыр.
Батыс және Орталық Кордильердің аралығындағы опырылған аңғар арқылы Каука өзені ағып жатыр, ал Орталық пен Шығыс Кордильердің арасында Магделена өзені ағып жатыр. Таулы аймақтың ені 100-450км 3
с. е оңтүстікке қарай Батыс және Шығыс Кордильера біртіндеп бір-біріне жақындай түсіп, Эквадор жерінде 100км дейін жіңішкереді. Тау тізбектерінің аралығында өте қалың терең жарықтар бар. Жоталардың ең биік нүктелері сөнген және сөнбеген жанартаулардың (Котопахи, Чимборосо, Сангай және т. б. ) төбелерінде мәңгі қармен, мұздықтар кездеседі. Сонымен бірге бұл аймақ сейсмикалық зонаға жатады. Жер сілкінудің эпицентрі әдеттегідей тау аралық депрессияларға тән[ 2, 10- 15 б. ] .
Кариб Андысы-Анд тау жүйесінің ең солтүстіктегі бөлігі және ендік бағытта созылған жоталары бар жалғыз тауы. Бұл аймақ Кариб теңізі жағалауымен ұзындығы 800 км, Ориноко өзенінің сағасынан Марокайбо ойпатына дейінсозылып жатыр. Аймақтың оңтүстік шекарасы Ориноко жазығымен, батысы Шығыс Анд тауының Кордилера-де Мерида жотасындағы Апура өзені ағып жатқан тектоникалық аңғармен бөлінеді.
Анд тауының басқа аймақтарына қарағанда Кариб Андысы Кариб-Антиль қатпарлы облысында көтерілген. Тау ежелгі Тетис теңізінің батыс бөлігі болып есептелініп, солтүстік Атлант ойысының екіге ажырап, осында жылжып келуінен пайда болған деген жорамал бар. Аймақ солтүстік-пассат желдерінің әсер ететін ауданындағы тропиктік және субэкваторлық климаттық белдеулерінің шекарасында орналасқан.
Андының табиғат жағдайы басқа аймақтарынан елеулі айырмашылық жасайды. Аймақ Венесуэла елінің аумағында орналасқан. Жер бедері қалған аймақтарға қарағанда біршама қарапайым. Негізінен екі параллель антиклинальды жотадан тұратын жас қатпарлы тау. (Кордильераа-де-Коста-Жағалық жота және Сьеррания-дель-Интериор-ішкі жота) . Бұл параллель жоталар синклинальды беткейлі ойыстар арқылы бөлінген. Бұл ойыста тұйық Валепсия көлі орналасқан.
Қатпарлы құрылымы беткейлік және көлденең жарықтар арқылы ажыраған. Соған орай тау тектоникалық және эрозиялы - аңғарлы блоктарға бөлінген. Тау түзілуінің қазіргі күнге дейін жалғасып жатқандығын жер сілкінудің жиі болуынан байқауға болады, бірақ атқылап жатқан жанартаулар жоқ. Кариб Андысының биіктігі 3000м жетпейді. Биік нүктесі Венесуэланың астанасы Каракастың маңындағы Жағалық Кордильерде(2765м) .
Батыс Анд-Бұл субконтинент материктің бүкіл батыс бөлігін алып жатыр. Тау жүйесі тынық мұхит жағалауымен солтүстіктен оңтүстікке мозылып солтүстігінде Кариб теңізімен шектесіп жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz