Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрымлымдық, басқарушылық саласындағы объективті даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.

Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі объективтік заңдардың - қосьшша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек белінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнете турлері бар:

1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншік-тің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:

- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

- барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады. Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді (Қытай, Иран т. б. ) .

2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемле-кеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.

Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі. Ол әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? -деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория - осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдык теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы -монарх.

Психологиялық теория - адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туысқандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі "әдет" заңына бағынып келген.

1465 жылы тарихта түңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан қазақтың құкықтық әдеттерін жүйелеп "Қасым салған қасқа жолды" тұжырымдап берді. Ол бес тараудан тұратын:

  1. Мүлік заңдары(мал, мүлік, жер дауы мәселелері) .
  1. Қылмыс заңдары(кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық мәселелері) .
  1. Әскери заңдар(қосын, аламан, әскериміндет, тулпар ат, қара қазан мәселелері) .
  2. Елшілік жоралары(майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік) .

5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. б) .

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 жж. ) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді.

Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж. ) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар "Тәуке ханның жеті жарғысы" деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.

Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.

Мемлекеттің негізгі түсініктері

Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып

- мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т. б. жатқызуға болады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болған. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекуеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттік жол мен дамуын армандады. Аристотель: заң үстемдігі болмаса, демократия жоқ - деді. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.

Қуқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары:

  1. Заңның үстемдік етуі.
  2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
  3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
  4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың қүқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
  5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
  6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптеріне сәйкес келуі. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:

Заң - мемлекеттің ақылы.

Сот - мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет - мемлекеттің тәртәбі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Қауымдық-рулық құрылыс
Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы
Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі
Құқықтық жүйе ұғымы
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz