Ақыт қажының «Жиһаншаһ» дастанындағы Шаһзада бейнесі



АҚЫТ ҚАЖЫНЫҢ «ЖИҺАНШАҺ» ДАСТАНЫНДАҒЫ
ШАҺЗАДА БЕЙНЕСІ
Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, олар мифтен, эпикалық туындыларға, одан халық ақындары шығармаларына сатылай отырып өткен. Ғалым Ш.Ыбыраев былай дейді: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне – мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын-ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі. Тегінде айдаһар мен жалмауыз кемпір бейнесі ежелгі замандарда мифтік негізі бар ұғымдармен байланысты болуы әбден ықтимал. Міне, мұндай бейнелер ақындар шығармаларында да өздерінің негізгі қызметтерін өзгертпейді.
Көрнекті халық ақыны Ақытқажының бізге «Жиһаншаһ», «Ғали мен Дариға», «Мәликенің жүз жұмбағы», «Кесік қол келіншек» деген төрт дастаны белгілі болып отыр. Бір назар аударарлық жай осы дастандардың оқиға желісі шығыстан келген аңыздардың негізінде шығарылған. Осының өзі Ақыттың шығыс әдебиетімен жете таныс болғандығын аңғартады. Ақынның «Жиһаншаһ» дастаны, әлем әдебиетінің алтын туындыларының бірі «Мың бір түн» аңыздарындағы «Жиһаншаның өмірі туралы әңгіме» тарауының негізінде шығарылған. Оқиға желісінде өзгеріс жоқ. Ал, көркемдігі мен образдау жүйесінде ұлттық фольклорға тән бейнелі сөздер мен суреттеулер мол қолданылған. Мәселен, аңызда патшаның баласының жоқ екендігі: «Қазынасында қисап жоқ еді. Бірақ, сондай ұлы патшада бала болмады. Оны орта жасқа келгенде қайғы басты» деп қарапайым тұрғыда баяндау үлгісінде берілсе, дастанда:
Тамузға бала дерті болды түйін,
Баласыз қайғы деген қандай қиын.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Таңғажайып Рымхан
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің аспиранты

АҚЫТ ҚАЖЫНЫҢ ЖИҺАНШАҺ ДАСТАНЫНДАҒЫ
ШАҺЗАДА БЕЙНЕСІ

Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз
еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы
кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр,
Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы
көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс
тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық
ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына
арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні
періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік
себебі бар. Өйткені, олар мифтен, эпикалық туындыларға, одан халық ақындары
шығармаларына сатылай отырып өткен. Ғалым Ш.Ыбыраев былай дейді: Мифтік
ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы,
көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне – мыстан
кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын,
сөйтіп, батырдың жолына алдын-ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде
суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде
суреттеледі. Тегінде айдаһар мен жалмауыз кемпір бейнесі ежелгі замандарда
мифтік негізі бар ұғымдармен байланысты болуы әбден ықтимал. Міне, мұндай
бейнелер ақындар шығармаларында да өздерінің негізгі қызметтерін
өзгертпейді.
Көрнекті халық ақыны Ақытқажының бізге Жиһаншаһ, Ғали мен Дариға,
Мәликенің жүз жұмбағы, Кесік қол келіншек деген төрт дастаны белгілі
болып отыр. Бір назар аударарлық жай осы дастандардың оқиға желісі шығыстан
келген аңыздардың негізінде шығарылған. Осының өзі Ақыттың шығыс
әдебиетімен жете таныс болғандығын аңғартады. Ақынның Жиһаншаһ дастаны,
әлем әдебиетінің алтын туындыларының бірі Мың бір түн аңыздарындағы
Жиһаншаның өмірі туралы әңгіме тарауының негізінде шығарылған. Оқиға
желісінде өзгеріс жоқ. Ал, көркемдігі мен образдау жүйесінде ұлттық
фольклорға тән бейнелі сөздер мен суреттеулер мол қолданылған. Мәселен,
аңызда патшаның баласының жоқ екендігі: Қазынасында қисап жоқ еді. Бірақ,
сондай ұлы патшада бала болмады. Оны орта жасқа келгенде қайғы басты деп
қарапайым тұрғыда баяндау үлгісінде берілсе, дастанда:
Тамузға бала дерті болды түйін,
Баласыз қайғы деген қандай қиын.
Көрмедім бір баланы сүйе алмадым,
Не керек сансыз түймен мал мен бұйым,-
деп басталып, бірнеше шумақтың бойына патшаның ішкі жай-күйін шебер
бейнелеген. Әдемі суреттерді баланың өмірге келуін баяндаған тұстарынан да
көреміз. Мың бір түн бұл иірім басты кейіпкердің өз атынан айтылады да,
бір ғана сөйлеммен беріледі. Ал дастанда басты кейіпкер үшінші жақта
қолданылған. Баяндаушы – автор.
Оған берген тәңірі артық бақты,
Мінгізген тәңір қалап алтын тақты.
Ханшаның медет кәмәлі тамам болып,
Жетті де ай мен күндей бір ұл тапты.
Әдемілікті, сұлулықты бейнелеу барысында аспан әлемін қолдану, яғни, айға,
күнге, жұлдызға теңеу қазақ фольклорында көне дәуірде қалыптасып, дәстүрге
айналған құбылыс. Дастандағы басты бейне – Жиһаншаһтың өмірге келуі
осылайша сипатталады.
Басты кейіпкердің туындылардағы аты біртектес болғанымен, дыбыстық
жүйесінде аз да болса, айырма бар. Мың бір түндегі Жиһаншаһ, ел аузындағы
аңыздарда Жиһанша, ал Ақытқажының дастанында Жиһаншаһ. Бұл, әрине елеулі
құбылыс емес, дегенмен, басты бейненің халықтық тұлғаға жататынын аңғартқан
шығармасына арқау болуы, дәстүрге айналған қолданыс десек артық айтқандық
емес. Өйткені Әзірет Әлі, Дариға, Мәлике аты аңызға айналған халықтық
бейнелер болып табылады. Дастанда патшаларға тән білім алған Жиһаншаһ он
бес жасында таққа отырады.
Жиһаншаның Тамуз патша халін білді,
Неше хан, би мен төре танып жүрді.
Жиһан шаһ он бес жасқа жеткеннен соң,
Әкесі баласына тағын берді.
Ал, аңызда басты бейненің таққа отырғандығы айтылмайды, соңына дейін
патшаның баласы ретінде суреттеледі. Яғни, Жиһаншаһты таққа отырғызушы –
Ақыт қажы. Біздің ойымызша мұндай өзгерісті автор басты кейіпкерді
тұлғаландыра түсу үшін жасаған тәрізді. Себебі Жиһаншаһтың әкесі Тамуз
патша аңызда да, дастанда да негізгі кейіпкер ретінде суреттеледі. Барлық
оқиға желісі Жиһаншаһтың төңірегінде өрбиді. Сондықтан ақын басты бейнені
жан-жақты кемеліне келтіріп, толықтырып, дараландырып алуды алдына мақсат
етіп қойған тәрізді. Мұнымен қоса, ол ел басқарып бір жыл патша болады,
яғни әкімшілік жүйеден тәжірибе жинақтап, жетіле түседі.
Жиһаншаһ патша болып мінді таққа,
Сый қылды әр не, неше жамағатқа.
Патша болып бір жыл таққа отырды,
Жасағаны бақ берер адамзатқа.
Оқиға желісі осы тұстан бастап ерекше қырқынмен дамиды да, басты кейіпкер
неше түрлі қиыншылықтар мен ауыртпалықты басынан өткеріп, өмірдің, сан
алуан талқысына түседі. Әрине, адамды ширататын – өмір өткелдері, оны автор
жақсы біледі. Олай болса, Жиһаншаһтың кемемен дауылға тап болуы, аралға
шығып қалуы, маймылдарға патша болуы, Сүлеймен патшаның хатын оқып ойға
түсуі т.т. осылардың барлығы қажеттіліктен туындаған, бір-бірімен
сабақтасып жатқан иірімдер. Ақын басты бейнені сомдау барысында, аңыздағы
тұлғасына тән сипаттауларды сақтай отырып, бірте-бірте шыңдайды,
шынықтырады. Іс көрмеген, тәжірибесіз Жиһаншаһтың алғашқы алдануы табыс
жасаймын деп, ажал тауының басында қалуы.
Ойлады шаһзада барайын деп,
Мың алтынды қойныма салайын деп.
Қандай қиын болса да жалғыз сағат,
Қызмет қып, сол алтынын алайын деп.
Дастанның соңында осы жұмысқа басты кейіпкер өз еркімен қайта келеді.
Бірақ, бұл келістің мазмұны да мақсаты да өзгеше. Мазмұны – алдаушылардың
өзін алдап кегін қайтарса, мақсаты-ғашығын іздеу. Яғни, Жиһаншаһ алды-артын
аңдамайтын аңқау бала емес, өмірдің біршама өткелінен өткен жігіт.
Сөйлейді өз қылғанын әуел бастан,
Отырады лақтырмай гауһар тастан.
Қожа Хорзын жалынды жерде тұрып,
Жөнелді шаһзада қарамастан.
Сүйгенін іздеп, ұзақ сапарға аттану, жолдағы кездескен керемет
қиыншылықтарды бұзып-жарып өту, сөйтіп ғашығына жолығыу халық ауыз
әдебиетінде, атап айтқанда, ертегілерде, батырлар жырында, ғашықтық
дастандарда жиі кезігетін желі. Осындай дәстүрлі тәсіл Жиһаншаһ
дастанында да өз орайын тапқан.
Басты бейнеге тән сипаттардың бірі – туған жерін, елін ерекше
құрметтеу, бір сәтке есінен шығармай жүрегінде ұстауы. Бұл көрініс Мың бір
түндегі аңызда айрықша айқындалып көрсетіле қоймайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб-қазақ поэзияларындағы ғазал жанры
АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ - НАҚШБАНДИ ТАРИҚАТЫНЫҢ БИІК ӨКІЛІ
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі
XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы «Мың бір түн»желілері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Шәкәрім Құдайбердіүлы
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрі
Қазақ эпосындағы батырдың түс көру арқылы жар іздеу мотиві
Пәндер